АҚПАРАТТАР АҒЫНЫ | ||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов - мәдениеттанушы. Астанада халықаралық конгресс өтті Жақында Астана қаласындағы «Мемлекеттік «НАЗ» би театрында» (24-25.07.2010) республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» және Халықаралық халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығы мен Халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының ұйымдастырыуымен «Рухани және музыкалық шипагерлік » атты Халықаралық VII-конгресі өтіп, өзінің жұмысын табысты аяқтады. Конгресс жиналысын ұйымдастыру комитетінің төрағасы және жоғарыдағы аталған үш ұйымның президенті, Академик З.Қожалымов ашып жиналысты аяқталғанға дейін басқарды. Конгресте қалалық әкімшілік пен жауапты мекемелердің өкілдері мен Ресей (А.Затеев), Қытай(Чу Джун Хуа), Өзбекстан(Г.Таджибаева, Е.Тұтқабаев), Қырғызстаннан(А.Аттакуров) т.б. шетел өкілдері мен қатар Қазақстаннан ғалым профессорлар (Е.Керімбек, С.Құрбанқожа, Т.Бекен, Т.Өмірзақов, О.Қауғабай, А.Иманбаева, К.Төлеушов) т.б. ғалымдар мен емшілер сөз сөйлеп құттықтауларын жеткізді. Қауымдастықтың құрметті мүшесі, ақын-сазгео термеші Үсенов Алтай мырза конгреске арналған арнауды (сөзі: З.Қожалымовтікі) ерекше сезіммен тамылжыта орындады. Қазақстан мен шетелдердің байқауларының жүлдегері Диана Шик З.Қожалымовтың «Сағындай болып», «Өмірім» және «Шипагер баба» әндерін өзіндік мәнерін түрлендіріп, ерекше сезіммен орындады. Әнші жақында Европаның біраз елдерімен қатар Жапонияда болып осы үш әнді орындағанда халықтың ықыласына бөленгендігін және арнайы марапаттарғада ие болғандығын арнайы атап өтті. Қазақстанға белгілі әншілер алматылық Иманбаева Алтын, Әлдекенов Сағат, Алмешова Шарбану, Үсенов Алтай, Сейтенова Ажар, астаналық жас әнші Бегасылыв Рахат және астаналық кәсіби домбрашы Жүсіпов Асқар мен қобызшы Жүсіпова Жанар және Раисов Ақадил конгрестің бағдарламасына сәйкес тамаша әндер мен күйлерді орындап, конгреске қатысушылардың алғысына бөленді. Арнайы дипломдармен және конгрестің медалдарымен марапатталды. Негізгі баяндаманы З.Қожалымов мырза жасады. Қосымша баяндамалар ғалымдар мен емшілер тарапынан қолдау тапты. Конгрестің бағдарламасына сәйкес меймандар мен емшілер емдік шеберлік класын көрсетті. Әсіресе, дәрігер емші Зейнолла Нұрғалиұлының «Қара жорға» әні бойынша билеген биі қатысушыларды ерекше сезімге бөледі. Шеберлік кластарына қатысқандардың барлығына ұйымдастыру комитеті атынан арнайы дайындалған дипломдар берілді. Сонымен қатар, ғалым зерттеуші З.Қожалымовтың «Ғаламның жұмбақ сырлары» мен «Целительская традиция и философия» ғылыми монографиялық еңбегінің тұсаукесерін жазушы- құрметті профессор О.Қауғабай мен Академик А.Бодров ашып, оқырменға таныстырып өз тілектерін білдірді. Жоғарыдағы ғалымдар мен қатар қатысушылар арасынан шығып сөйлегендер қос еңбекке оң бағаларын беріп, кітап авторының шығармашылығына табыстарын тіледі. Конгресс кезінде емшілердің арнайы биоөрісін тексеретін аппаратпен алматылық Жаксимбаевтар Амангелді мен Ғайни тексерсе ал, Шумаев Александр мен З.Жұмахметқызы биоэнергетикалық өрісінің қалыпты жағдайын тексерді. Екі түрлі тексерілгендерге қауымдастықтың арнайы сертификаттары тапсырылды. Конгрестің алғашқы күні «Меруерт» мейрамханасында конгреске қатысушыларға арналған дастархан жайылып, думанды кеш өткізілді. Бұл конгрестің алғашқы өткізілген конгрестерге қарағанда қатысушылардың көңіл күйлеріне ерекше әсер еткендігі байқалып тұрды. Конгрестің жұмысына қанағатанарлық баға берілді. Қатысушылар тамаша көңіл күймен әсем Астананы қыймай, бір-біріне деген ілтипатты ықылас сезімдерін білдіріп, жол сапарларына сәттілік тілеп мекен жайларына аттанып жатты.
Әсем Астанадағы мәдени шаралар Халықаралық VII-конгресс өтерден бір күн бұрын (23.07.2010) бүгінде әлем елін әсемділігімен және көріктілігімен таңқалдырған, әлемнің «Жемчужинасы» атанған Астана қаласының көркем жерлерімен, әсем ғимараттарымен конгреске қатысушылар танысу бақытына бөленді. Қаланы аралау сәулетті де сәнді «Бәйтерек»-тен басталып, «Ханшатырынның» сұлу сымбатымен танысып, қазақтың соңғы ханы Кенесарының Есіл бойындағы ескерткішінде болып сурет пен бейнетаспаға түсті. Одан кейін қатысушыларға арнайы келісілген параходпен Есіл өзенінің салқын ауасында дем алып, тағы да әсем қаламен өзен арқылы танысуға мүмкіндік туғызылды. Ерекше сезімге бөленген емшілер сергек сезіммен және көтеріңкі көңілмен конгрестерін келесі күні бастап кетті.
Қауымдастықтың кезектен тыс XIV-Құрылтайы Қазақстан халық емшілер қауымдастығының Жарғылық баптарына сәйкес Астана қаласында кезектен тыс XIV-Құрылтайы өтті. Құрылтайдың күн тәртібіне сәйкес Қауымдастықтың Қызылорда қаласында тіркелген «Салауат» филиалының (филиал директоры Әбсаттар Шалапов) қызметін жабу мен тоқтату жөніндегі және қауымдастық Жарғысының талаптарын орындамайтын, жеке бас пайдалары үшін қызмет ететін және мемлекетке салық төлемейтін отыз үш (33) қауымдастықтың мүше-емшілері құрамнан шығару жөніндегі бұдан бұрынғы қауымдастық Төралқасының (№3.25.5.10) қаулысын өзгеріссіз бекітті. Сонымен бірге Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 20(жиырма) жылдығының торқалы мерей тойын өткізу жөніндегі қауымдастықтың кезекті XV-құрылтайын 2011 жылдың қараша айында Алматы қаласында өткізу туралы Құрылтай делегаттары өз шешімін қабылдады. Құрылтай жиналысын ашу мен жабуды оның президенті, Академик З.Қожалымов мырза басқарып, аяқтады.
Шипагерлік баян № 8 Тамыз 2010 ж.
|
||