Зомбилаудың қауіптілігі |
||
главная вернуться | ||
Зомбилаудың қауіптілігі
Зядан ҚОЖАЛЫМОВ
–
Тылсым құпияны зерттеуші – ғалым
Бүгінде зомбилау атауының халық арасында тарала бастағанына біраз жылдар
өтсе де, нақты оның зияндылығы жөнінде толық анықтамалар өте аз.
Негізінде омбилықтың ғылыми бағыты 30-жылдардан бері қарай келе жатыр
деп негіздеуге болады. АҚШ, Франция, Израиль, Жапония, Қытай және Ресей
елдерінде жеке адамдарды да, тұтас ұжымдарды да зомбилау жұмыстары
жүргізілгені туралы тікелей және жанама деректер баршылық. Егер
бұрындары қатал программалау нәтижесінде биороботтар пайда болса, қазір
зомбиді тек маман ғана анықтай алады, өйткені олардың әрекеттері
ешқандай күдік тудырмайды. Адамның ойлау жүйесін жаулап алып, оны өзінің
мақсаттарына пайдаланушылар көріне бастады. Жасанды әдістермен
электромагниттік, магнитті акустикалық, плазмалық және психотропты
генераторлардың көмегімен түрлері ерекше құрылған өрістерді жасап
шығарады, олар ми мен жүйке жүйесінің жұмыс істеу процестерін өзгертіп
кері қайшылыққа ұшыратады. Бұл өрістерді «тәжірибе жүргізілетін»
нысандарға бағыттай отырып, оператор олардың санасына арнайы қызметтерге
қажетті ақпаратты жіберіп, қандай да бір тапсырмаларды орындауға дайын
тұратындай етіп қалыптастыра алады.
Сонымен зомбилық дегеніміз – осы заманғы арнайы препараттар мен ерекше
техникалық құрылғылардың (соның ішінде аса жоғары жиіліктегі
генераторлар) көмегімен адамды қатал программалау, сондай-ақ адам
психикасын басқару шарасы болып табылады. Зерттеушілер Игорь Винокуров
пен Георгий Гуртовой өздерінің «Психотропная война.
От мифов – к реалиям» атты кітаптарын осы мәселені түсіндіруге арнаған.
Осы кітаптың «Зомби выходит на связь» деген тарауында: «Күн тәртібінде
үшінші ұрпақ зомбиін жасау мәселесі тұрды. Бұл жерде құпия, тылсым
немесе эзотериялық білімді мамандардың қатысуынсыз болмағаны белгілі.
Экстрасенсорлық әсер етудің ықтимал мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Сонымен бірге осындай әсерлерді техникалық құралдардың әсерімен күшейту
әдістерін іздей бастады. Бұндай әсер адамның санасы мен психикасына
енген кезде, адам оны өз санасынан тыс нәрсе деп емес, қайта өзінікі,
өзінің ішінен, болмысынан туған нәрсе деп қабылдайды. Осылайша сырттан
еріксіз таңылған осындай қылмыстық немесе басқа да күштің әсерінен адам
қылмыс немесе қоғамдық адамгершілік қағидасына қайшы келетін
іс-әрекеттер жасағанда, ол адам бұған тек өзін ғана кінәлайтын болады.
Тіпті ол өзін қылмысқа итерген күштің сырттан келгенін сезсе де, оған
ешкім сене қоймайды, керісінше оны есі ауысқан деп таниды» деп жазып
түсініктемелер береді. Біздің қоғамда мүндай әрекеттің өріс алуын да
білу, ол әр адамның жеке басының амандығын қорғау болып есептеледі.
Сондықтан осы заманғы ғылыми техниканың даму жүйесінің де неше алуан
әрекеттерді жасауда оның зомбилық бағдарламалары адам өміріне өте
қауіпті болмақ.
Белгілі топтар әр түрлі жастағы азаматтар мен азаматшаларды тек қана өз
мақсаттары үшін мақұлық ретінде пайдаланатынын ескерсек, бұл да дуалау
мен сиқырлаудан кем түспейтін өте қауіпті бағдарлама екенін білген
артықтық етпейді.
Шипагерлік баян № 9 Қыркүйек 2011 ж.
|
||