КОНГРЕСКЕ АРНАУ
  главная                                        вернуться  

VII - КОНГРЕСС

З. Қожалымов - мәдениеттанушы


Жеті саны ежелден қасиетті саналады. Осындай жетілікте халық емшілері өзінің жетінші Халықаралық конгресін жас қала және әсем Астанамызда өткізуінде жақсылықтың нышаны деуге болады. Себебі: «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты конгресте бұдан бұрынғы Алматы (2004-2006), Шымкент (2007), Түркістан(2008) және Тараз(2009) қалаларында әртүрлі тақырыпта өткізілген конгрестер мен форумдарға қарағанда әлдеқайда ерекшелігімен қатар, әсерлі де болғаның атап өткен жөн. Бүгінде әлемді таңқалдырған қазақтың Астанасында өзінің үлкен Халықаралық жиналысын өткізген жалғыз ғана осы қауымдастық десек артық болмайды. Көптеген қоғамдық ұйымдар халық емшілігі саласында қызметтерін жалғастырғанмен, олардың халық пен мемлекет алдыңда бірде-бір рет көрінбеуі қынжынарлық нәрсе. Осындай халықтық шипагерлігі саласындағы жетістіктерімізге шет елмен еліміздегі басқа ұлттардың ғалымдары мен өнер адамдары тілектес болып өз үлестерін қосып жатқанда, қазақ тілді белді газеттер мен телерадио саласының мамандарының арнайы шақырылған ұсыныстарымызға немқұрайды қарауы, ұлттық шипагерліктің өркендеуіне комунистік идеологияның заманындағы көзқарастанда кем емес екендігін көрсетеді. Күндестер мен көреалмастарға және кейбір мемлекеттің «Мәдени мұра» бағдарламасына қарсы қандастарға айтарымыз, қауымдастық ісі алға басуда, сендерсізде бізді әлем біледі.VII-конгресс өзінің жетістігімен ғана бағаланып қалмастан, ұлттық мәдени мұраның бір саласы халықтық шипагерлікті  дамытуда тарихта өз орнын алатыны анық.

 

 

pic                       pic

                Термеші Үсенов Алтай                                                 З. Қожалымов.  Арнаудың авторы, ақын.

 

Самалы Сарыарқаның сағымданды,

Талайдың осы жерде бағы жанды.

Елімнің  ұрпағының басын қосып,

Қазақтың ұлылары  туын тікті!

 

Топырағы қасиетті  менің далам,       

Аты өзгерген Астана асыл қалам.

Бұлдағы белгісі ғой  елдігімнің, 

Қауымға Астаналық берем сәлем!

 

Бүгінде баянды ұлтқа  айналдық,   

Қасиетті, киелі жерге  айналдық.    

Әлемдегі діндерді   біріктірген,   

Құдайдың  сүйікті құлы атандық.      

 

Еуроодағы  қауіпсіздігі мен ынтымағын, 

Төріндегі басқаратын елі   болдық.

Нұрекеңнің еңбегін әлем танып,     

Нұрланған күн сәулелі елге айналдық. 

                                             

Әлемде сұлулығы кескіндеген,

Астана мақтанады көркіменен.

Он жылдық тарихын атап өткен,

Бас қалам Астанама қош келдіңдер!  

 

Қауымын Зиядан қажы бастап келді, 

Үмітін еліміздің ақтап берді.  

Тылсымын бабалардың  сырын ашып,      

Халқымның құдіретін  әлем білді. 

 

Әрленіп гүлге оранды біздің дала, 

Астанам әлем білген әсем қала. 

Он тоғыз жыл өмірлі қауымдастық, 

Көрінген ғаламтордан  жеке  дара.    

 

Елемеді елімнің өнерлі үміттерін,  

Ұқпады өсиеттің біліп тегін.

Киесіз, қасиетсіз  ұлт десе де,   

Мықтының бұзып өттік бөгеттерін.

 

Тәуелсіз дәстүрлі ел, сырын жиды,    

Өскен соң адами рух болып құнды. 

Өнері, ата-баба емшілікке, 

Заманның өркендетер күні туды. 

 

Шашуын жақсылықтың ақтарамыз.

Басшыңыз Зядан қажыны жақтағансыз. 

Емшілер ұжымынан бірінші боп,     

Елбасы «Алғыс хатын» біз алғанбыз.  

 

Конгресс Алматы да бастау алды,  

Киелі рух шаңырағы аспандады.

Қуанышпен бас қосып жетінші рет,

Шаттықпен Астанада басталғаны.   

 

Интернетте үш тілде тарихы тұр,  

«Шипагерлік газеті» олдағы нұр.  

Жоғалған өнерде гүлденді ғой,

Астананы бөлесін шапағат нұр!    

 

Қазақта Өтейбойдақ дертті қуған,

Ибн Сина іліміндей сертті болған.

Ванга мен Нострадамустай даламызда,

 

Майқы би, пір Бекеттей ұлы болған.

Көріпкел мен болжампаздық қасиетін,

Мәшһүр Жүсіп,  Шәкәрім дәлелдеген.  

Қорқыт пен Қойлыбайдай бақсыларды,    

Әлемде мұсылманның  көбі білген.   

 

Ежелден құпияны тектен білдік,   

Тылсымның сырларына жаңа үңілдік. 

Шайтанның жолдарынан сақтандырып,  

Емшіні адалдыққа серттендірдік.

 

Осындай білім негіз үлгі етілген,  

Бұдан бұрын алты рет жиын өткен.   

Рухани, музыкалық  шипагерлік,

Тақырып, конгрестің  бекітілген.

                  

Алланың  орындалып аманаты, 

Талқандалды талайдың қамалдары.

Қауымға  қарсыласта аз болған жоқ,  

Шықпады  ұжымның да  жаман аты. 

 

Өтседе қанша ғасыр қырғын сүргін, 

Халқымның тарихына мойын бұрғын.  

Ежелден қазақ жері киелі аймақ,    

Дәстүрін ата-баба  сақтап келген.   

 

Ғарышқа ғылым жетіп теңелгенде,

Тәңірдің ауыр жүгін  көтергенде, 

Он сегіз кітап жазған Зиядан басшы,

Жасаған жоқтан барды көрегенге. 

 

Қауымда, көп еңбекпен тер төккелі,

Ағымға қарсы жүзді, селт етпеді.

Ақ жүрек адал ниет емшілердің,

Тарихта жарқырасын еңбектері.

 

Тізіліп жыр маржаны төгілгелі,     

Халықтың өркендеді емшілігі.

Көрмесін көреалмаса табысымды,

Күңкілді «күндестердің» күндестігі.

            

Емшіге бата жауған заман болсын,  

Бір Алла төбемізден пана болсын.

Тағыда амандықпен бас қосайық,

Барлығы тілектестің  аман болсын.  

  

Әлемнің түкпірінен келді  мейман,  

Емшілер  Астаналық  құшақ жайған.   

Қабылкарым, Күлай қажы, Шарбан қызға, 

Нұр жаусын, шапағатты  бір Алладан!

 

Несібе, ризығы бір Алладан,  

Арнаудың Зядан ақын жырын жазған.

Көпшілік азда болса көптей көргін,

Алтайың  ән әуезді  жыр толғаған.   

 

Жаратқан сақтағайсың жамандықтан, 

Өткенді жинақтайық аманаттан.

Келер жыл жүздесейік амандықта, 

Еліңе сәлем айт, жамағаттан!  

              

Қонақпыз, пендесіміз бұл жалғанның,

Оңынан жазылғандай парақтарың. 

Осыған қанағатпен риза дейік,  

Нұр жаусын еліме Жаратқанның!

 Шипагерлік баян №8  Тамыз 2010 ж.

 

                                                                                                                               

pic