"Халық емшілерінің рухани білімін дамыту мен емдік тәсілдерін жетілдіру"

атты Республикалық конференциясы

Республиканская конференция "Развитие духовных знаний и методы лечения народных целителей"

(г. Туркестан, 20-22.07.2018 г.)

 

 главная                                        вернуться 

 

"Халық емшілерінің рухани білімін дамыту мен емдік тәсілдерін жетілдіру"атты республикалық конференциясындағы қауымдастықтың президенті, Академик, профессор Зядан Қожалымовтың БАЯНДАМАСЫ (Түркістан қаласы, 21 шілде 2018 жыл)

ХАЛЫҚ ЕМШІЛІГІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

 

doklad

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Қадірменді меймандар!

 

Халық шипагерлігі адамзаттың жаратылысынан бері пайда болып, өзінің мәдени емдік жүйесі мен бағытын дамытып келе жатқан ұлттық өнердің емдік саласының бірегейі. Еліміздің тәуелсіздігіне дейін тарихи еңбектер мен анықтамалықтарға енбеген, зерттелмеген, бір ортаға жинақталмаған халықтың шипагерлік өнері де тәуелсіздіктен кейін қайтадан бір қалыпқа түсіп өркендей бастады.

ХV ғасырдың дала ғұламасы, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі қазақ халқы мен басқа да ұлттардың халық емшілігінің жаңғыруына кең жол ашып, оның өркендеуіне зор ықпал етуде. Ал, бүгінде елімізде халық емшілеріне өз еріктерімен еркін және демократиялық жолмен ашық түрде өз бойларындағы құпиялы шипалық қасиеттерін ашуға толық мүмкіндік берілді. Көзі жабулы бұлақтардың көзі ашылды. Шипагерлік өнері жеке емдік жүйесінің бағыттарын дамытып, сырқат жандарға емдік шапағатын тигізіп, алғыстарына бөленуде.

Қауымдастықтың емшілерінде шипагерліктің емдік мәдениеті мен нәтижелі емдеу әдіс-тәсілдері қалыптасқан. Емдік жүйенің ең қажеттісі мен қарапайым әдіс-тәсілдері шипагер Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» еңбегінде жүйелі түрде көрсетілген. Бұл еңбек әрбір емшінің қолында болуы қажет. Олардың білімін көтеріп, шипалық емін дауалы етері анық. Ұлы баба 1108 дәрі-дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік (шөп) пен 318 түрлі жан-жануарлардың мүшелері және 60-тан аса металл-металлоидтардың қоспасынан жасағаны мәлім.

Шипагер емдік өсімдіктер туралы – Гүл шипа, Толықтама шипа деп бөлген. Гүлдері толық гүлдегенде бұл шөптердің сабағы, жапырағы және тамыры толық жетіледі. Бұдан кейін қана дәрілік өсімдікті қазып алып тазалап және кептіріп алып одан кейін дәрі жасау керек деген фармокологиялық технологиясын ұсынады.

Немесе шипагер бабаның:

Гүлдері толық ашылғанда атқа мін,

Күн шыққанша ала білу – саған сын.

Күлте болып, күн көрмесе дарымы,

Ұрық пісіп, алтын – ділдә болмақ күн, – дегенінен-ақ анық аңғаруға болады. Сонымен қатар шипагер баба уқалаудың он бір түрін, бұлаудың алты түрін (борсыма бұлау, бу бұлау, су бұлау, құрғақ бұлау, түйіндеп бұлау және құм бұлау), қан алудың төрт түрін (таза қан, сарысу қан, құтырған қан, іріңді қан) түсіндіре келе қалай қан алуды және емге емдік қоспаны қалай дайындауды да түсіндірген. Терлетудің он түрін (шыпылдап шығатын тер, қарақшы тер, қалтыратпалы тер, шып-шып шығатын тер, бастан ғана шығатын тер, ауыспалы тер, алақан мен табаннан шығатын тер және болмашы немесе жылмышы тер) нақ түсіндірген. Тағамдық емдер мен ніл сорпа, түйе мен биеннің сүті, жан-жануарлар мен жәндіктердің мүшелері мен металл-металлоидтардың да емдік сипаттары туралы шипагер ғұлама Өтейбойдақ еңбегінде толық кездеседі.

Жоғарыда баяндалған және де басқа емдік әдіс-тәсілдерді жеке еміне пайдалануда шипалық емдері жақсы нәтижелерге жетіп, емделушілердің алғысына бөленген қауымдастықтың емшілерін мақтанышпен айта аламыз.

Мысалы, Чу Джун Хуа, Қуанышова Патигүл, Шеру Галия, Әлібеков Тастан, Әукен Сағира, Дәуен Бигулсін, Абдешқызы Айгүл, Құрманалиев Медерхан, Мадыгалиев Ерхан, Жүніс Қабылбек (бәрі Алматы қаласынан).

Маханов Өтеміс, Жүніс Жұмақан, Құсайын Сейтбаттал, Бөкен Қайрбек, Парманов Халтурсын, Мәсірән Сыдық, Серік Зекейұлы, Туреев Ерлан, Қайынбек Галбият, Көпес Шапық, Әметхан Медетхан, Нұрақын Еркінбек, Төлеуқазы Болат, Зейнолла Қайрат, Сағи Уатхан, Мәнкей Дүйсен, Мұрат Тұрғынбай, Жанымқан Телеуқан, Айтнаби Қалқа, Қапай Шәкім, Сәметай Базарбек, Ақтан Бақытнұр, Сейтқазы Самалқан, Ахметхан Меруерт, Бабай Нығымет, Өміржан Ержұма, Мәмтімынбай Нұрлыбай, Құмар Сұлтан, Жабықбай Жанғабыл (бәрі Алматы облысынан).

Камасия Бақыт, Нұрсланбай Кадырхан, Куляй Мустапақызы, Диханбаева Айсулу, Ахметжанова Багиля, Мұздыбаева Айсара, Қазбеков Нуркан (бәрі Астана қаласы), Альмуратов Нұрболат, Нуриманов Қамбар, Спанов Әділбек, Тәжіғұл Рахметқали, Тұрақын Тұрсынғазы (бәрі Ақтөбе).

Бесембаев Құмарбек, Исмуханова Лаззат, Серікбаев Қоныс пен Тойшиева Қарлығаш (бәрі Атыраудан), Джулдыбаев Абай, Динишев Жумагерей, Ермуханова Гулпара, Токсанова Камила, Кадыргалиев Бекболат (бәрі Оралдан), Өсербаева Әлия, Урбисинова Гульнара, Турсынбаева Ушуға, Юсипова Зибира (бәрі Жаңаөзеннен), Сәбихан Қалымжан (Сәтпаев қаласы), Ахметова Назиға, Жақанова Жамила, Ищенко Оксана (бәрі Қостанай обл.), Қабидолла Қанибат, Самалқан Бердіқан (бәрі ШҚО) және Байдабекова Гулжан, Кузенбекова Зубайда, Жұмаділов Бексултан, Маскеева Унсун, Өміров Ербол, Янгибаев Хамит және арамен емдеуші Қожахметов Амиралы (ОҚО) т.б. өзіндік емдеу әдістері күрделі емшілер санатына жатады.

Бүгінде емшілер арасында кең тараған емдік әдіс-тәсілдер қатарына жалпы халық емшілігінің түрлері: Құран дұғаларымен емдеу, дәрілік шөптермен емдеу, биоқуатпен емдеу тәсілдері, үзу, нүктелі ем түрі, бұлау, сүлік салу мен қан алу, сынықты салу, емдік тағамдар мен үй жануарларының өнімдерін пайдалану, терлету (қой терісіне, моншаға, минералды қоспаны ыстық суға салып ваннада, қой жынына, мал сорпасына т.б), денені майлау, бал арасының өнімдерін пайдалану, суық судың емдік қасиетін ұсыну, сөз терапиясын пайдалану, ұшықтау, тітіркендіру, шошыту, аластау, иландыру тәсілдерімен емдеу, медитациялық ем, аудиотерапия әдісі, минаралды сулар мен минералды балшықтар көмегімен, ашығудың көмегімен емдеу, медициналық физиотерапиялық құралдар көмегімен, өзін-өзі емдеудің биоқуаттық әдіс-тәсілдері, қимылдық гимнастика мен жаяу жүру тәсілі және орман тоғайлар мен су жағаларында демалуды ұсыну т.б. емдік әдіс-тәсілдерді пайдаланатын қауымдастықтың білімді, мәдениетті, емдері қонымды, нәтижелері жоғары, қайырымды және емдік шипалық көрсеткіштері жоғары қауымдастықтың емшілерінің қатары көбеюде. Емшілер білімдерін жетілдірудің қысқа мерзімді оқыту курстары өтуде. Өткен жыл мен биылғы жылы республиканың он төрт облысы мен Астана және Алматы қаласында тұратын үш жүздей емшілер қауымдастық тарихы, емшілік тарихы мен ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық еңбегі туралы дәріс алып, жеке білімдерін жетілдірді. Алдағы уақытта емшілердің білімін көтеру мен жетілдіру үшін жеке емдік мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту жүйесі үздіксіз жалғаса бермек.

 

Құрметті конференцияға қатысушы мырзалар мен ханымдар!

Бірлігі мен мәдениеті және ғылымы дамыған елдің халық емшілерінің сырқат жандарға көрсететін емдік қызметін және олардың денсаулығын жақсарту мен тазару мәдениетін дамытып, емдеу мәдениетінде жоғары нәтижелерге жетуіне қауымдастықтың Төралқасы зор сенімін білдіреді. Емдерің шипалы, абыройларың мәртебелі, алғандарың алғыс болсын қадірменді халық емшілері!

Тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

 

 

 

 

 
 
В начало