ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

Страница 10

На главную              Библиотека               Предыдущая                 Следующая

 

 

Бұл пенденің төтемеліктік қуатының ерекше қасиеті, туылма қуат қайсарлығы, қайтпас және қажымас қуаттардың  төзімдік  жиынтығы  деген  танымдық  ойды ұсынып, тұжырым жасауға болатындай әсерді ұғындырады.  Дәрігер В. Тишенко өзінің ДЖунаның биоқуаттық әсері туралы: «Адамның бойындағы тылсым қасиеттің шексіздігінің құпиясы әлі ашыла қойған жоқ. Мен дәрігермін. Алғаш ДЖунаның аралықтан әсер етуіне әншейін қарадым, бір-ақ мен оның осы әдісін кейін үйрендім, пайдаландым,  нәтижесі өте жоғары.  Мен көп ауруды емдей бастадым,  әсері жаман емес, сондықтан бұл әдісті мойындаймын. Адамның биоқуатының құпиясы деген осы екен ғой»,- деп тұжырымын жасайды [65, 95 б. ]. Осындай ой талғамдарын  ресейлік ғалымдар Д. Анисимов [66, 6 б.] пен О. Глотова  да [67, 3 б.] білдіріп, биоқуаттың өте маңызды рөліне тоқталады. 

Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы адам бойындағы қуаттардың түрлеріне өзінің философиялық ұғымы бойынша, анықтамалғын береді. Шипагер адам бойында қаһарлы төтемеліктік қуатта болады дейді.  Мәселен, 1062 – жылы  әжриада оба, шешек, қызылша, көкжөтел, күл, сүзек  аурулары  Торғайға да тарады.  «Торғай қаққан тарыдай»[1, 139 б.] ел тұтастай қырылғанда, тек қана менің құрдасым Қабанбай алғаш ауру белгісі болғанымен  аман қалды. Оны «Қасиетті, әулие ата» деді. Бұл жағдайды Алланың құдіретіне, жеке құлына сыйы деген  философиялық таныммен шипагер баба қорытады. Түпкілікті түйіні: әр-қандай адам пендесінде қимыл қуаты, сезім қуаты, тежелім және қосалқы қуаты болатынына, әрбір жеке қуаттардың пайдалы жағын білу парыз екендігіне және пенделік тұлғаның дұрыс қалыптасуына  өзінің жақсы жағдай жасай алатынын  аңғартады.

Ғұлама шипагер бабаның қуаттар туралы тұжырым-дамалары  бойынша әрбір пенденің өзіндік қуаты, күші, қимылы болатынын,  адамдардың  бұндай көрсеткіштері  бір – біріне ұқсамайтынының негізгі тетігінің себептеріне жеке танымдық философиялық ой толғамын қабылдауға бола-тындығын аңғаруға болады. Даланың ойшыл шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы  адамның қуатына  қанның да әсері бар екеніне философиялық болжамын айтады. Шипагер: «Қан сөлі -  жан сөлі» -  деуі арқылы, өз ойын қан қоюлығы мен сұйықтығы және түр – түсі  әсерінен  адам ағзаларының әр түрлі ерекшеліктері  болатынынан хабардар етуі, бүгінгі  ғылыми медицинаның  қан құрамы туралы анықтамаларына ұқсатығын  білдіреді. 

Ұлы  шипагер адам бойындағы әрбір жеке қуаттардың да басталуы, шектеуі мен аяқталуы болатынын,  ол қуаттар бір – біріне алмасымдық  түрде  орын беретіндігін, бір – бірін толықтырып,  жанамалай да  әсерде  болатынына  ғылыми  танымдық түсініктеме  беруі де,  ұлттық танымдық  идеясын  ең басты  мақсат етіп алғаны, шипагер  еңбегінің  құндылығы мен мәңгілігін айқындай алады. Ғұлама баба ой толғау-ларынан адамның денелік қуаттарының  жарасымдығы мен тұлғалық жарастығы кейде өскен ортаға, әлеуметтік – экономикалық  жағдайларға, қоғам дамуына тәуелді болады  деген  танымдық тұжырымды да аңғаруға  болады.

Мәселен, дәрігер У. Жарқынбай: «Табиғат заңдылығын бұлжытпай орындасаң ғана денің сау, ой-өрісің кең, сергек боласың, ұзақ өмір сүресің. Бұл адамның тәнінің қуатының шексіздігі мен өміршеңдігін білдіреді»,- деп ойын тұжырымдауы да биоқуаттың атқаратын қызметін айқын-дайды  [68,  221 б. ].

Адамның  тәндік ағзаларының  қуатының  бірқалыпты  болуы, оның ой қабілетінің өсіп дамуына, мінсіз бітістік тұлға қалыптасуына, қан қуаты мен әл қуатының үйлесімділігін жақсартуға септігін тигізеді. Ал биоқуат, мінез - құлықтың инабаттылығына, ойлау, сөйлеу, талдау, бағалау, абайлау, іскерлікті арттыру, дарындылық пен тапқырлықты дамы-тудың негізіне, имандылық пен адамгершіліктің   жетілуінің негізгі  қағидаларының  басты  тірегіне жарайды.

 Адамның тұлғалық қалыптасуында оның тәндік қуаты он түрлі табиғи және субьективті белгілерге: ыстықтық, суықтық, келбеттік, сұйқылдық, қатайымдылық, босандық, денеге сіңірімдік, шығарымдылық, ояулық, дене тыншуына  тәуелді болатыны жөніндегі ғұлама шипагер бабаның танымдық көзқарасы, бүгінгі ғылыми медициналық тұжы-рымдармен үндестігі, жалғастығы барлығын аңғартады. Қытай медицинасының ғылыми дәлелдері бойынша адамның биоөрісінің  деңгейі, адам денесіндегі он төрт  мередиан / канал -  З.Қ./ бойынша  басқарылмақ. Адам денесі арқылы өтетін 14 каналдың 12 – сі  тақ, ал екеуі  жұп  болып келеді. Каналдар бір мен бірі байланысып тұратындықтан, яғни бұларды «Өмір жолы» - деп атайды. Әрбір каналдың өзіндік орналасу және байланысу жолдары арқылы, өзара қуат алмасу мен тасымалдау  әрекеттері жүзеге асырылып жатады.

Каналдар адам денесіне ішкі және сыртқы ағзалар арқылы  өтеді. Ішкі ағзалар арқылы өтетін 10  канал: өкпе, тоқ ішек, асқазан, талақ, ұйқы безі, жүрек, ащы ішек, зәр жолы, бүйрек, өт қабы және бауырмен тікелей байланыста болып, осы ағзалардың биоқуатын реттеп отырады. Қытай медицина-сының тұжырымынан адамның ішкі ағзаларының биоқуа-тының өзгерісі, оның ішкі ағзаларды қоректендіретін он канал қызметіне тәуелділігін  білдіреді. Қытай  медицинасындағы екі жұп канал  ол адамның ішкі және сыртқы  ағзаларымен тікелей тербелістік / импульстік – З.Қ. / тұрақты қатынаста  бола отырып, жүйке - жұлын ағзаларын қоректендіріп ішкі ағзалардан сыртқа, ал сыртқы ағзалардан ішке немесе импулсті беріліспен  төменнен – жоғарыға, жоғарыдан – төменге өмір бойы әсер етумен  болады. Бұл жүйелік қайталамаларды – «Өмір қуаты» [50, 61 б.] деп атайды. Бұл екіге бөлінеді: физикалық қуат -  Ин және  жүйке -  жұлын қуаты – Ян. Тіршіліктің негізі осы екі өмір қуатының  бір – бірімен қатынас жасауынан, Ин плюсынан  Ян плюсына жүйке импульсі өтеді, содан денсаулық  тұрақтылықты сақтайды. Егер, импулстің  дене ағзаларына өту заңдылығы бұзылса, онда адам ағзаларында әр түрлі  аурулар пайда болатындығы да  түсіндіріледі.

Адам биоөрісінің қуаттарының тұрақтылығы әрбір  адамның жеке мінез – құлқының  психологиялық  бірқалыпты  тұрақтылығына, байсалдылығына, адал жүректі мейірман-дылығына, аралық сүйіспеншілігіне, ізеттілігіне, төзімділігі мен қайсарлығына, өзіне-өзі сенімділігіне тікелей байланыс-тылығын  байқатады. Күдік, сенімсіз ойлар мен төзімсіздік, қаталдық, қызбалық, аңғарымсыздық, өтірікшілік пен алдам-паздық адам биоөрісін азайтады, ауыруға ұшыратады және өз өміріне қатерлі қауіп төндіретінін де білген дұрыс екендігін ескерген жөн. Адамның биоөрісінің қуаттары - ол адамның өмірінің  қалыптылығы мен ұзақтығының  қайнар қөзі әрі сусынданар бұлағы екендігіне сеніммен қарау,  денсаулықтың қалыпты кепілі  боларын айқындайды.

Б. Емдеу мәдениетінің үйлестігі.  Емдеу мәдениетінің жоғары  дәрежедегі  үйлестігі мен ұтымдылығы халықтық шипагерлік дәстүрдің жетістігінің көрсеткіші болып есептеледі. Қазақ шипагерлері ертеден-ақ, санитарлық  -  гигиеналық дәстүрлерді ерекше сақтай білген. Бұл гигиеналық дәстүрді сақтамаудан әр түрлі аурулардың пайда болатыны,  халықтың арасында оның тез тарап кету қаупі  болатыны туралы олар қатал ескертіп отырған. Сондықтан да, ертеден  әр бір жеке адам өзінің жеке басының, үйі мен мекен – жайының  және ауласының тазалығына айрықша мән берген. Қазақтардың тазалық сақтау жөніндегі  іс - қарекетін өз көзімен көрген орыс зерттеушісі А.Н. Краснов (1887)   былай дейді: «Ең болмаса дұрыс үйлерде тұрмаса да, жұмасына бір рет шайынып, шомылу, киім – кешектерін жуу оларға тән» [7, 11 б.].    

        Қазақ шипагерлері емдіктің қай саласында болсын өз ісіне жауапкершілікпен әрі сеніммен қарай білді. Шипагер емдеу ережелерінің мәдени тұрғыдағы қызмет көрсетуін басты міндеті санады. Шипагерлер  адамның сырқатының түрін анықтауда, пайда болу себептерін іздеп білуде және сырқатқа қарсы ем жасауда, өзіндік ережелердің қағидаларын сақтай білді. Сырқатқа емнің қонымдық уақыты кестесін анықтауда  көп қателіктер жібермегені жөнінде сынықшылар туралы былай баяндалады: «Білек, қол, саусақтардың бітуі  -  15 – 25  күн.   Иық білегінің бітуі – 25 – 30  күн.  Жіліншік сынығының бітуі – 30 -  45  күн.  Жамбас  сүйегінің  бітуі  -  60 – 70 күн».  Англиялық зерттеуші Тэд Эндрюс шипагерлік қағида мен мәдениеті жөнінде мынандай тұжырымнамасын ұсынады: «Шипагердің басты жауапкершілігі  сырқат адамға көмек көрсетумен  оған ыңғайлы жағдай жасау.  Шипагер болу – бір уақытта тәрбиеші ұстаз болу және емдеу мәдениетін дамыту, сырқатқа мейірмандыпен қарау»- деген қағидасын ұсынады [69, 30 б.]. Қазақ  халқында  емдіктің  қарапайым қағидалары бойынша әйелді екі қабат болған уақыттан бастап  босанғанға дейін арнайы бақылаулық күтімде ұстаған.  Ал, жас нәресте дүниеге келгеннен бастап қырық күн бойы күнделікті арнайы ем - домдық күтім, ал одан кейін  бақылаулық күтім ережелерін қатаң сақтай білді.

 Әсіресе жас сәбилер үшін өте қауіпті  көз бен тіл тиюден қорғаныс жолдарын таба біліп қалмастан, одан сақаюдың емдік жолдарында меңгере білуі де емдеу мәдениетінің өзара үйлестігін білдіреді. Халықтың  санитарлық  -  гигиеналық  ұғымдары  адамның  әлем, өмір, табиғат,  жан – жануар  т.б. мәселелер жөнінде көзқарастарының өзгеріп артуына байланысты жаңарып, мәдени – тұрмыстық қызметі жақсара түсті. Кейінгі кезде «Шипагерлік баян» атты энцикло-педиялық медициналық еңбегі арқылы, медицина ғылымы саласына қосқан зор үлесімен ғылым салаларын мойындатқан  дала ойшылы, ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерлік емінің мәдени үлгісінің негізін ашқандығы, оның бұл жаңалықтары осы заманғы медицина ғылымының  талаптарына ұқсас, сайкес әрі сабақтастығы барын аңғар-тады. 

Бұл қазақтың медицина ғылымының  емдеу мәдениетінің  үлгісі осыдан бес жарым ғасыр бұрын  қаланғандығын  айқындай алады. Ғұламаның өзіндік жеке тұжырымдама-ларындағы философиялық, психологиялық, медициналық  ой талғамдарынан  шипагерліктің ем жұйесінің мәдениеттілік  стилдерін көптеп аңғаруға болады.  Ғалым  шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы  емдіктің мәдениетін көтеру тікелей  шипагерге тәуелділігіне үлкен талап қоя білгендігін оның: «Шипагер сезімтал, көреген,  адам мінезін жетік білетін тәлімгер – тәрбиеші болу керек» - деген [1, 226 б.] ой толғамынан аңғаруға болады. Өтейбойдақ бабаның шипа-герлер тобын  дарымдаулық  және болжампаздық шипагерлер деп екі топқа бөліп, олардың емінің дарымы мен болжамдылығы бойынша  жиырмадан асық шипагердің түрін атауы, оның емдеу мәдениетіне қатал әрі жауапты қарап бағалағандығын көрсетеді. Шипагер ұлағатты мәтелдер мен мақалдарды да  шипагерлік  мәдениетін  дамыуда: «Сынық-тан басқаның бәрі жұғады» [1, 64 б.] және «Біреуді табалама «шоқ, шоқ» [1, 47 б.] деп, басыңа келеді деп, шипагерлерге қана емес, жалпы адамға мәдениетті түрде түсіндіреді.

Бұл  шипагер  Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерлік өнерін ұлттық стилдік мәдениетінің негізіне толық ғылыми талаптарға сай бағыт берген философиялық ой иесі және дара тұлға екенін аңғартады. Шипагер Өтейбойдақ баба адамдарды  жақсы сөйлеуге, бос сөз айтпауға, батыл мен  елпек болуға, корқақ болмай жүректі болуға бағыт беріп, сілтеме жасайды. Шипагердің жақсылық соңында өнер шыңына шығаратынына сеніммен қарау,  мәдениеттілікті сақтауға берген нұсқауы  деуге болады [1, 220 б. ].   Шипагерлік саласындағы ең басты жауапкершілік  шипагердің сөздік, ілімдік және мәдени байлығына байланысты, оның  шипасы да  емделушісіне қонымды болмақ.  Шипалық емдеу әдіс – тәсілдерінің қай түрі болса да, емделушінің психологиялық мінез – құлқына, сырқатының түріне, сеніміне, шипагер тапсырмасын орындауына тікелей тәуелді екендігі ғылыми негізде дәлелденген. Адамның биоөрісінің  өзгеріске ұшырауы оның дене мүшелерінің қуаттарының  әлсіреп, сырқатқа тушар болуымен аяқталады. Емдеу мәдениетінің басты көрсеткіші білімділік, сезімталдық, ұйымдастыру мен жауапкершілікке байланысты. Осыны жүрегімен сезген ғалым–шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының адам өмірінің тірегі мен қайнар бұлағы болатын денелік қуаттарды  Жаншылық,  Жаршылық, Ғаршылық, Таршылық /  қимыл, сезім, тежелімдік /  және Баршылық   қуаттар  деп жеке – жеке  талдаулар жасауы, бүгінгі ғылымның философиялық және психологиялық медициналық көзқарастарымен ұштасып, үйлесімділігінің мәдени түрін айқындайды. Шипагер  бабаның: «Білім тікеуікпен құдима қазғанмен бірдей» / білім алу инемен құдық қазғандай – З. Қ / - деп,  ғылымнамасының құндылығына үлкен  жауапкершілікпен қарағанын  білдіреді.  Бұл да шипагерлік мәдениетінің емдеу жүйесіне ұсынған  емдіктің мәдени жүйесін қалыптастырудағы  ескеретін басты нәрсе екенін көрсетеді.

Әрине адамның тіршілігінің қайнар бұлағы да, көзі де оның  қуаттарының тепе – теңдікте болуы, денсаулықтың қалыптылығын қорғай алады. Шипагердің сапалы қызметі оның емдеу мәдениетінің үйлестігіне, емдеу әдіс – тәсілдеріне және ем алушының  сеніміне тікелей байланысты екені де түсінікті.

Баба адам денінің саулығы, тұлғалық келбеті мен адамгершілігінің жетістігінің өлшемі оның тәндік биоқуат-тарының тұрақты немесе тұрақсыздығына тікелей байла-нысты болады, білді сонымен қатар аурудың көбінесе ыстықтық пен суықтықтан  пайда болатынына ерекше мән берді.   Ертеде бүгінгі ғылымның анықтамасындай   нұр  /  чакра /  көздері  теориясы болмаса да,  адамның   биоқуатын теңшеу үшін,  сырқаттың кейбіріне  суық сумен емдеу тәсілін  пайдаланудың тәсілін алғаш қараүзген шипагер баба  Өтейбойдақ ұсынды, тәжірибеден өткізді,  жеке тұжырымын жасады.

Осының нәтижесінде Шипагер адамның өмірлік қуаты алғашқы ана құрсағында жатқанынан бастап, өмірі аяқталғанға дейін жалғасады деген тұжырымы да мәдениетті талдау мен түсіндіру жүйесіне сәйкес келеді. Бұл идеясының  бүгінгі ғылыми медициналық тұжырыдардан алшақтығы жоқтығын   айқындайды. Бұл қуаттардың бір қалыптылығы мен ауытқуы адамның биоөрісін құратын оң және теріс зарядтардың немесе  қытайша  анықталғандай  «Өмір қуатын» құрайтын  физикалық қуат -  Ин  мен жүйке -  жұлын  қуаты  -  Ян  зарядтық жүйесінің  өлшемдік қызметіне  тәуелділігін  аңғартады.

Адамның психологиялық мінез-құлқының өзгерісі оның биоқуатына тұрақсыздық тудырса, ал салмақтылық био-қуаттың қалыптылығын сақтап, тәннің саулығына көмек-теседі. Бұл адам өмірінің белсенділігі оның биоөрісінің қуаттарына тікелей тәуелді әрі байланыстылығын  білдіреді.   

Қазақ шипагерлігіне жауапкершілікпен  қараған дала ойшылы,  шипагер Өтейбойдақ баба:  «Емшілік – қақалақтың / ешкінің – З. Қ /  өзін көрмей,  мүйізін ғана көргендік.   Шипагерлік атауы дұрыс.  Өйткені шипа жазады, қонады,  дариды, дару  болады» - дегені [1, 80 б.], оның  ұлттық шипагерлердің білімділігіне, мәдениетіне,  қабілетіне  арнайы қарағанда ғана емдеу мәдениетін дамытуға болатынын  аңғартады. Емдеу дәріден, дәріні қабылдау тәртібінен басталады. Шипагерлер дәрілік өсімдіктердің   химиялық  және биологиялық қасиеттерін   анық білмесе де,  жан – жануарлардың  мүшелері  мен  металл – металлоидтардан да  емдік дәрі - дәрмектерін  жобалай  қоспа түрінде жасады. Өлшем бірлігі де жобалық тұрпайы болды. Сырқатты адамға  ауруын анықтаған соң шипалық емін жасаған қазақ шипагерлерінің әдіс – тәсілдерін,  ХV ғасырда ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы  нағыз ғылыми жүйеге қосты. Бұл жетістікті кейінгі ұрпақ бес ғасырдан аса  білмеді, көрмеді, естімеді. 

Шипагерлік қызметте шипагер мен науқас арасындағы  екі жақты сенімділік пен түсіністік ғана емнің шипасының тез қонуын тездетеді. Бұл шипагерлік мәдениетінің үйлестігінің жетістігін білдіреді.        

 

 

 

2. 2  Рухани,  медитациялық   және   музыкалық  емінің   шипасы

А. Рухани шипагерлік. Бүгінде адамның рухани танымы мен сезімін  оятуда,  Жаратушыға деген  иман келтіруін  тұрақтандыру мен  дене сырқатына шипалық ем жасауда рухани – дұғалық шипаның маңызы арта бастады. Атеистік сенімнің  жойылуы  әр түрлі діндегі адамдардың  Құдайға сенімін арттырып, олардың сырқаттарын жоюға арналған діни дұғалық емге деген талаптары да артуына байланысты,   рухани дұғалық шипа саласы қызметі де дамуда. Пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінде сырқатқа шипа сенім арқылы Алладан болатынын айтқан. Бұл рухани шипагерліктің таза  сенім,  өзін -  өзі иландыру арқылы жүзеге асатын  шипалық ем екенін  айқындайды.   

Адамның сенімі мен танымының жақсы нәтижелері  оның санасына ғана әсер етіп қалмастан, ішкі рухани сезімінде де зор өзгерісті  тудыра  алады.  Рухани шипагерліктің негізі де осы тану мен сену және сезу мен қабылдау жүйесі бойынша орындалатын,  өзіңді - өзіңе иландыру арқылы ойша іске асырылатын, сананы дамыта отырып, денсаулықты жақсар-тудың шипалық жолы. Рухани шипагерлік жүйесіне Құран дұғаларымен емдеу, медитациялық әдіс-тәсілді пайдалану,  өзін - өзі иландыру және жоғарғы Жаратушыдан көмек сұрау байланысы арқылы т.б. әдіс – тәсілдерін атауға болады. Маскеуде шыққан Халық медицинасының толық энцикло-педиясында: «Дұғаның маңызы зор. Ол адамның рухын өмірдің ең биік қайнар көзімен байланыс жасауға әсер етеді. Дұғаның ең қажеттілігі сол, ол Жоғарғы жаратушымен оның арасын жақындатады. Дұға жолы өте жауапты да...», - деген анықтама беріледі [70, 778 б.].  Бұл анықтама да сенім мен сендірудің немесе шипагер мен емделушінің ара қатынасындағы сенімділік ғана рухани емнің нәтижелілігін  айқындап береді. 

Рухани шипагерлер өз өмірінде ойының шешімімен  емдік жүйесін діни сенімді басшылыққа ала отырып, бір Жаратушыдан шипа сұрап, әрі сырқат адамды емге иландырумен, сырқаттың ішкі организміне қозғалыстық өзгеріс тудырады. Д.Шэйноу: «Әр адам өзіне көп сену керек. Бұл сенім оның сана, тән және рухының тазалығының жоғарылығына байланысты. Бұл ішкі дыбыс, сезім және ойға тәуелді. Сенім – ол жетістік», - деген пікірін ұсынады [71, 179 б. ] және  [72, 3 б. ] әдебиетте  де осы идеяға жақын пікірлер айтылады. Бұл да дұрыс идея сияқты. Қасиетті Құран дұғаларын оқып сырқат адамның денесіне дем салғанда немесе белгілі заттарды дұға күшімен магниттеп пайдалануда  оң әсерлер байқалғаны сезіліп, дұғаның оң қуаттық әсерлік күшінің барлығы сезіледі де, дененің сырқат мүшесінің оңалуға  қарай көрініс беретіндігі  бүгінде   халықтық және ғылыми шипагерлік саласында   нақты нәтижесін беруде.  Құран дұғаларын оқығанда  оның үндік ырғағына,  естілуінің жіңішке, жоғары немесе бір қалыптылығына  қарай  пайда болатын   оң қуаттық өрістің аумақтық әсерлік күші де әр түрлі болады. Құран дұғаларын ритм ырғағымен дауыстап оқығанда  дыбыс үнінің жоғары тондылығы мен  жүйкеге жақсы жұғымды әсерінен, жүйке де тебіреністі ырғақты жүйкелік ауытқуларда  қозғалыстық өзгерістер  болатыны,  денеде сергектік  сезіліп,  сырқаттың көңіл – күйі көтеріліп, ұйқысы жақсарып, асқа деген тәбеті артатыны анықталып, тұжырымдамалар жасалуда. Шипагерлердің  биоқуаттық өрісінің өлшемдері де әр түрлі болады.

Шипагерлердің діни сенімдік сауаттылықтары мен шипалық емдік стилдерінің білімділігіне қарай, жеке шипагерлер емдерінің емдік әсері қысқа, орташа немесе ұзақтау болып  сырқатқа әсер етеді. Діни жолмен дұғалық шипалықты тәжірибеден өткізген нәтижелерге  сүйенсек,  биоқуаттық өрісі өте күшті шипагерлердің алғашқы сеансында сырқаттың кері қайтуына  әсері  белгілі болды.

Ал, көптеген  шипагерлер емінің нәрсіз немесе ұзаққа созылуы олардың биоқуаттары өрісінің аумақтық әсерлері өте төмен  және діни сауаттылығы мен емдеу мәдениеттілігінің нашар болғандығынан  дерлік.  Дұғаның емдік қасиетін алғаш пайғамбарымыз Мұхаммед  /с.ғ.с/  періштелердің берген аяны арқылы дұғаларды оқып дем салумен сырқаттанған адамға және өзіне де көмек жасағаны  діни еңбектерде  айтылады. 

Дегенмен, пайғамбарымыз бастаған ұлы істі оның сахабалары мен діни оқымыстылар  Құранның әр бір аяттық дұғаларының жеке - жеке қасиеттерін ұзақ жылдар бойы зерттеп, оның неше алуан құпияларын ашып бере алды. Құранның «Килшені саадат» дұғасының қасиеттері жөнінде дұғаны жазушы әрі зерттеуші  Әбу Үһайра р. Әнһу  былай дейді: Әзіреті Жәбірейіл Алланың әмірімен Әзіреті Расулге келіп: Алла сізге сәлем айтты, періштелер көп-көп салауат айтты. Сосын Алла сізге былай деді: «Расул мен үмбеттері үшін сыйлық жібердім, бұл өзге пайғамбарлар алмаған сыйлық. Я, Мұхаммед, бұл дұға тілектің атын «Килшені саадат» деп атайды [73,  11 б. ].          

Бұл дұға да елу түрлі қасиет бар. Ал оған сенбеген адам кәпір болады»,- деді. Осы Килшенін саадат дұғасы елу бөлек болғанымен бәрі де «Аллаһуммадан» басталып, «иа рабби» мен аяқталады. Бұл Алланың құдіретімен осы дұғаға  енген  құпиялы қасиет екенін  білдіреді.  Мәселен, Бұл дұғаның бірінші қасиеті:  Біреудің басына қиын іс түссе, жұма күні түс ауа тұрып  ғұсыл жасап, жуынсын.  Дәрет алсын. Екі ракат намаз оқып, жүз бес рет төмендегі килшенін саадаттың бірінші бөлігін оқысын. Алланың әмірімен іс оңалады. Егер іс «оңғарылмаса»,- дейді Әзіреті Асан Басырй р. Әнһу ол кісі қиямет күні менен дауласын»,- депті. Дұға: «Аллаһумма антар раббу уа анал абду фаман надыуул абда иллар рәббу иа рабби».

Екінші қасиеті жөнінде:  ислам ілімін білу жөніндегі оқылатын дұғалықты Әзіреті Баязит Бастами р. әлейһі, Үшінші  қасиеті туралы: дұшпанның қауіп – қатерінен сақтану дұғасын  Әзіреті Қожа Ахмет сұлтан Арыфин,  ал басқа да қасиеттері  жөнінде  Әзіреті  Ысқақ Әбу Қадыри, Әзіреті Шайық Занжани р. әләиһ, Әзіреті Әбу Ханифа Имам Ағзам, Машайықтар  Сұлтан Ғалижу, Бибі Раби ан Басри, Сұлтаны Шайх Бахауддин Құддиса  тағы басқа ғұламлар да  егер біздің айтқандарымыз бойынша тілек тілеген адамның тілегі орындалмаса: «Ол кісі  қиямет күні маған даугер болсын»,- деп [74, 14 б.]  ант етеді. Қасиетті  Құранның дұғаларының көмегі арқылы шипагер рухани шипагерлікті жүзеге асыруда,  шипа алушының бір құдіретті күш барына сенімі оның сенімсіздік ойын ығыстырып денсаулығының жақсаруына және жаңа қуатқа ие болуына  әсер етеді.  Ауру адамның алдымен өзінің жеке шешімін нақтылап алуы  оның дертінен арылудың уақытын қысқартып, тез арада  жазы-луына ықпалы зор болады.  Бұнда сырқат адам өз ойы арқылы  жазыламын деп ойлайды,  қабылдайды, ішкі және сыртқы сенімін арттырады. Өзін-өзі иландыру  жүйесіне көшеді. 

Осыған байланысты рухани шипагерліктің де  жеке құпиясы да  шипалық емге деген емделушінің таза ойы, сенімі, қабілеті мен жүйкесінің  мықтылығына байланысты екені шипагерлердің шипалық емдік тәжірибелерінде  анықталуда. Нақты сеніммен келген ауру адам тез оңалатыны, ал күмәнмен немесе байлығы мен мәнсабын міндетсіп келгедердің емі баяу  немесе емі жүрмейтіні байқалуда.  Әр адамның  ойында сенім мен күмән ұдайы қатарласа өмір сүреді. Күмән қаншалықты күшті болса, ми жасушалары  солғұрлым  тезірек өзгеріске ұшырап, оның қызметі нашарлай бастағандықтан, адамның жалпы  өміріне  әсер етеді. Ал сенім әр қашанда  күмән мен адасудан арылтады. Адам өзін - өзі еркін тәуелсіз басқару мен бақылау қабілетіне  ие болады.       Діни ғұлама Кхвадже Шамсуддин Азими  рухани шипагерлік туралы: «Сенімділік -  сенімсіздік сияқты адам  тәрбиесінің негізгі бір бөлігі болып  қызмет ететіні жәйлі  ұмытпағанымыз жөн.  Дін  тілінде ол – күман мен сенім деп аталады. Алла сенімсіздікті жақтырмайды, керісінше мықты және орнықты сенімге ие болуға шақырады. Қасиетті Құранда «Шыныменен осы кітап Жаратушының бар екендігіне» сенетіндерге нұсқаушы да» - деп тұжырымдайды [75, 7 б.].   Құран дұғасын біліп және оқи алатын барлық шипагерлердің шипалық емі бірдей  болмайды. Кейбіреулерінің емі қонбай емдеу уақытын  ұзарта береді. Ауруды зарықтырады.

Мәселе, дұғаны оқығанда емес, оның емдік кілтінің пайдалану негізін білуде. Құран дұғаларының емдік шипалық қасиетін арнайы сандық құпиясы бойынша пайдаланатын рухани шипагерлік жүйесі де іске аса бастады. Барлық әліпбидің әріптері белгілі бір қуатты бойына жинақтаған.  Бұл өте күрделі әрі жауапты емдік рухани шипалыққа жатады. Сандардың жұмбақ мағынасы  да бір Аллаға ғана белгілі.

Бұл жүйені «АБЖАД»  немесе барлық ілім кілті жүйесі дейді. Қазақ елінде алғаш «Абжад» ілімін зерттеп арнайы «Абай және әл-Фараби» кітабын жазған шығыстанушы ғалым, профессор Ақжан Машанов  болатын  [35, 10 б.]. А. Машанов өз уағында «Абжад» ілімін меңгерген діни маман жоқтығын да айтқанды.  

Ғалымның шәкірті тараздык Әл-Бестереки Есенбайұлы Әмірбек қажы ұстазының ілімін ары қарай жалғастырып, адамның сырқатын емдеу саласында пайдалануға ұсынып, «АБЖАД – барлық ілім кілті» - деген жүз беттік кітабын 2002-жылы баспадан шығарды [76] . Діни ілімді зерттеуші Ә. Есенбайұлы әр бір Құран сүресінің емдік, қорғаныстық  қасиетіне, бір сөзіне,  жеке әрпіне сауатты ілімділік болмай, оның құпиясын шешу мен пайдаланудың да қиын екенін ескертеді. Құран аяттарының сандық «Абжадтық» белгісі оны құрайтын жеке әріптердің сандық бірліктерінің қосындысынан тұрады. Мәселен, А-1, б-2, д-4, х-8, н-30, ш-300  тағы осы сияқты жеке әріптердің сандық мәні болады. Дінтанушы Ә. Есенбайұлы бұл ілім жөнінде жеке анық-тамасын: ««Абжад» бүкіл Құран, Мұхтасар сияқты кітаптардың, Шариғат, Тариғат, Мағрифат ілімдерінің ақиқаты болатын ілімдерді құлыптап аша алатын, бекіте алатынын білген адам үшін үлкен бір кілт. Оны кілттеген адам аша алатын дәрежеге жетуі керек»,- деп түсіндіреді  [76, 11 б.].

 «Абжад» ілімі жаңадан ене бастаған рухани ем жүйесі. Оның көмегімен сырқат түрін анықтауға, емдеуге және адамға қорғаныс қоюға болатынын рухани шипагерлерден емделген жандар анықтамаларын беруде. «Абжад» тәсілімен адамның ауруын анықтау үшін, егер ер адам болса-шешесінің, ал әйел болса-әкесінің атын өз атына қосып әріпке бекітілген сандармен есептеліп шығарылады да, оның қосындысын жетіге бөледі. Осы бөліндіден қалған қалдық саны оның туған күні болады.  «Абжад» шешімі бойынша оның ауруы мен сәттілігіде сол күні пайда болған деген шешім қабылданады. Одан кейін дұғалық «Абжад» жүйесі емі жасалып, сырқат бақылауға алынады.

Осы «Абжад» тәсілімен сиқырланған, дуаланған сияқты дейтін, сыры әлі ғылымда ашылмаған құпия аурулардың да шешімін табуға болатындығы туралы  діни кітаптарда айтылады. Әрине «Абжад» ілімі өте күрделі, қиын және таза ілімділікті қажет еткенімен, бәрібір келешекте рухани сауықтыру саласының ең басты тәсілдеріне айналарына күман келтіруге болмайды.   

Шипагердің ары, тәні мен жан тазалығы оның шипалық емінің нақты көрсеткішін арттырады. Барлық діндерде өзіндік емдік шипалық дұғалары  бар болғандықтан, рухани /діни /  шипагерліктің жалпы  дін саласына ортақ қатынасы бірдей  екеніне күмән келтіруге болмайды. Барлық діндерге сенім білдіретін адамдардың бір Құдайға деген сенімдері де ортақ болғандықтан да, олардың ішіндегі ауру адамдардың сырқаттарын емдеуде немесе емделуінде  олардың шипалық дұғаларын  діни сеніміне қарай  қасиетті  кітаптарда  бөліп көрсетілмеген. Әрбір сырқатты адам  сенімді түрде өз еркімен  әр түрлі діндегі шипагерден  дұғалық рухани шипа алуына  шектеу қойылмаған. Қысқасы шипаның қонуы - емделушінің жеке сенімі мен  берік шешіміне тікелей байланысты   болмақ.

Пайғамбарымыз Мұхаммед / с. ғ. с /: «Дұға – ғибадаттың ең маңызды бөлігі»  деген. Өйткені дұға қысылғанда – қуат, қиналғанда–демеу, сырқаттанғанда -  тілеу мен шипа болатын, өміріңді нұрландыратын  құдіретті күш иесі сияқты қасиеттерге ие екенін діни сенімі мол адамдар сезіп мойындаса, ал ертедегі ғұлама діншілдер де Құранның әр бір дұғасының бірнеше ондаған қасиеттерін ашқан әсіресе, оның емдік ерекшеліктеріне арнайы тоқталған.

Дінтанушы Түркістандық ғалым Құрбанқожа Сансызбай өз танымын былай тұжырымдайды: «Дұға сөзіде  арабша болып «тілек» деген мағынаны білдіреді, яғни, бір кісі  дұға оқу арқылы  Алла тағаладан өзі немесе басқалар үшін тілек тілейді» - деп түйіндейді [77, 36 б.]. Сырқатқа дауа дұғаларды алғаш халыққа таныстырған ғалым Н. Өсерұлы «Дұғалар», дінтанушы-ғалым Құрбанқожа Сансызбай, дінтанушы Мұзапар Құттықожаұлы Қарашайық  /«Шығыстың құпия ғылымы», «Нұрнама», «Дертке дауа дұғалар», «Исми Ағзами», Н. Айтжанов / «Дұғалар қасиеті» / және Алматылық зерттеуші  ғалым  З. Қожалымовтің «Рухани емшілік ғаламаттары» /А: Шалкөде, 2006. - 189 б./ тағы басқа да авторлар еңбегінде шипалық дұғалардың ерекше емдік қасиеттерін таныстыра отырып, рухани шипагерліктің өркендеуіне үлестерін қосуда.  Ең алғаш Құран дұғаларының ерекше  шипалық қасиеттерін  пайғамбарымыз Мұхаммед / с.ғ.с / өзі науқастанғанда немесе жын – пері мен дұшпандарынан сақтануда  Құран аяттарының дұғаларын оқитыны жөнінде Әзіреті Айша ана: «Пайғамбар әзіретіміз әр күні жатар алдында «Ықылас», «Фалақ», «Нас»  сүрелерін оқып, екі қолына дем салып, кейін  сол мұбарак қолдарымен үш рет мәсих тартып, басына бет – жүзіне тартар еді» десе, ал Имам әл – Бухариден: «Пайғамбарымыз бұйырыпты, жатар алдында «Аятіл Күрсіні» оқы. Сонда сені ұйқыдан тұрғаныңша Алла тағала баяндайды [барша бәле жаладан, шайтаннан өзінің панасында сақтайды» -деп  [78, 4 б.].

 

 

Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая