ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Шипагер сезімтал, адам мінезін жетік білетін маман болу мен қатар тәлімгер - тәрбиеші болу керектігі де, халық шипагерлігінің негізгі философиялық қағидасына айналды. Емдеу мәдениетін көтерудегі халық шипагерлігінің басты әрі жауапты талабы да, осы заманғы медицинаның ұсынысы мен қағидаларынан өзгешелігі жоқтығы аңғарылады. Емшілік мәдениеті оның іс-әрекетінің нәтижелі болуының негізі тірегі екендігін ертеде де білді, шарттарын қатал сақтады. Бұл қағидалардың осы заманғы медицинаның емдік мәдениеті шарттарынан ұқсастығы мен талаптарының алшақтығы жоқтығын көрсетеді.
Сондықтан да, шипагер мен ауру адам арасындағы жылы қатынас пен түсіністік шипаның қонуын тездетеді, емдеу мәдениетінің артуына көмектеседі деген тұжырымға тоқталуға болатынын аңғартады. Адамның денсаулығын жақсартуда емдік шипалық әдіс-тәсілдер түрі сырқатынан емделуші мен емдеуші шипагер арасындағы екі жақты сенімдік келісім болғанда қана нәтижелі болады. Бұл ерікті түрдегі тікелей сенімділік пен сенімсіздіктің аралығындағы үйлесімділікке байланысты екенін көрсетеді.
Бүгінде әлемдік және туысқандық елдер мен қазақ елінде емдік қонымы мол әрі қарапайым шипалық тәсілдердің ішінде рухани - дұғалық, медитациялық, музыкалық – дыбыстық емдеу жолдары мен табиғаттың табиғи минералды суының, балшығының, ауасы мен орман – суларының, таулы – құмды жерлерінің және дәрілік өсімдіктері мен минералды заттардың ерекшеліктеріне мән беріліп, шипалық көрсеткіштері жағынан оң бағаланып пайдаланылуда. Адамның көңіл-күйін көтеруде нәзік музыканың әсері оның жан–дүниесін тәтті бір ұйыған, тыныштықта болуына ықпал етеді. Музыка құдіретімен адамның ауытқыған биоөрісі қуаттарын бір қалыпқа келтіруге болатыны да анықталуда. Жұтаң өмірдің арам жолын кесіп, тазалап бұрынғы қалыпты деңгейіне келтіруде, музыканың зиянсыздығы жоғары бағалануда. Емдік шипаның көмегімен рухты денеден босатып тыныштықпен ғарышқа байланысқа шығаратын, қабылдайтын және ғарыштық жүйенің құпиялық әсерлері де байқала бастады. Өте нәзік толқынды қуатты медитациялық емдік шипа әдісі-тәсілі де әлемде кең құлашын жаюда.
Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау–тастағы жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесіне өз бағаларын берді. Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің саулығы болу үшін, ұлттық шипагерліктің бай тәжірибесі жинақталды.
Ата-бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс – тәсілдерін меңгерген нағыз ұстасы және нағыз білгірі болды. Қазақтың халық шипагерлігінің ХV ғасырда-ақ, іліми-ғылыми негізі қаланғанын қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі айқындап берді. Қазақ шипагерлігінің әлемдік деңгейін анықтауға жол ашты. Адамның денсаулығын қорғау мен жақсарту егіз нәрсе болғандықтан, әр халықтың өзінің халқы мен ұрпағын аман сақтауда, ұлттық этникалық салт – дәстүрді сақтаған денсаулық туралы заңнамалары, сол халықтың тазару мәдениетін ілгері дамытуға ықпал етті.
Оның дәлелі ХV ғасырда-ақ, қазақтың Әз Жәнібек ханына ұрпақ тазалығы мен денінің саулығы жөнінде, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жеті атаға толмай үйленбеу, сүйіспеу, аула тазалығын сақтау туралы ұсынысы хан Жарғысының шығуына ықпал етті. Тұқымының таза болуына, денінің сау, қайсар, бауырмашыл, асқан ойшыл және ірі тұлғалы болып жетілуіне бұл жарғының пайдасы, бүгінге дейін жалғасуда. Қазақтың жерінің кең, дастар-қанының мол, жатты бауыр санайтын ұлы қасиеті, оның тұқымының тазалығы мен рухының биіктігін айқындайды.
Осы тұрғыдан қарағанда, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы заң ғылымына ғана үлес қосып қалмастан, ұлттық заңнамалардың пайда болуына алғаш рет үлесін қосқандығын көрсетеді. Бұл да ғалым шипагердің фило-софиялық талғамдарының ауқымы кең, мәні терең екенін аңғартады.
Қорыта келгенде, адамның денсаулығының жақсаруына, сырқатын емдеуге арналған әр түрлі емдік шипалық әдіс – тәсілдердің пайдасынан басқа, ешқандай зияны жоқтығын, ол емдеу жүйелері өлім мен кәріліктен басқаның барлығына шипалы екенін дұрыс қабылдау қажеттігі туындайды. Тектік қасиет - ұрпақтар жалғасын жалғастыратын аталық код болғандықтан қазақ дүние жүзіндегі ұрпағы таза халық санатына жатады.
Сабырлығы, тәубесі мен мейманқостық имандылығы арқылы, басқаға көзін алартпай, қорқытпай, қайта олардың денсаулық саласындағы білімдерін үйренді, шипагері мен ғалымын құрметтеді. Бүгінде жоғалып қайтадан орнын тапқан қазақтың шипагерлік емінің қысқа уақытта, алдыңғы қатардағы елдердің шипагерлігімен терезесі тең дәрежеге жеткені де, ел тәуелсіздігінің жеңісінен кейін болды. Ел егемендігін алғалы халық емшілерінің ғылыми негізін қалыптастыру, емдеу мәдениетін көтермелеу қазақ емшілерінің ортақ, өзекті, тәжірибелік маңызы жоғары мәселесіне айналуда. Осы мақсатта «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлес-тігінің ұйымдастыруымен тұрақты түрде 2004 жылдан бастап халықаралық конгрестер, симпозиум, конференция, түрлі форумдар жиі өткізілуде. Оған көрші елдердің озық, әйгілі ғалымдары мен ысылған тәжірибелі емшілері және еліміздің ғалымдары шақырылып қатысуда.
Бұл бас қосуларда әр салалы ғалымдар мен шипагерлердің теориялық ойлары тыңдалып, емшілердің тәжірибелік мамандық шеберліктері көрсетілуі және ғалымдармен бірлесе ортақ мәселелерді талқылауы, емшіліктің халықтық өнерін жетілдіре береді. Шипагерліктің ғылыми-мәдени негізін тереңдету емшілердің озық ғылыми көзқарастарын қалып-тастырады.
Емдеу мәдениет мен іскерлігін арттырады. Емшілердің жаңа ізденіске түрткі боларына ықпал етеді. Шипагерлік саласында оң өзгерістердің тууына жол ашылады. Халықтық мәдениеттің шипагерлік дәстүріне ғылыми көзқарастағы зерттеуді, бастауды жалғастыру қажеттілігі, бүгінгі күннің талабына сай келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» бағдарламасында еліміздегі азаматтардың денсаулығын сақтау проблемасы, осы бағдарламаның жеті басты бағы-тының біріне айналғаны мәлім. Бұл Қазақстан Респуб-ликасында қабылданған «Мәдени мұраны» дамыту бағдар-ламасының шараларымен сәйкес келеді. Халықтық шипагерлік дәстүрі ұлттық мәдениеттанудың бір саласына жатады деуге толық негіз бар. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін тұрақты ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты философия мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылды. Өткен тарихымыздың құндылықтарын жинап, зерттеуге, қалпына келтірумен оны сақтауға, қорғауға, толықтыруға мән беріле бастады. Тарихи және мәдени мұраларды зерделеп жазып ұрпаққа жеткізу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға ықпал ету бүгінгі зиялылардың басты міндеті. Шипагерлер емнің негізін қалаушы, адамның тәні мен жанының бақылаушысы, халықтық мәдениеттің, дәстүрлі шипалы өнердің, этика мен эстетиканың қалыптасуына ықпал етушілердің бірегейі.
Халық шипагерлігі де өзінің жеке тарихы бар халықтың ұлт мәдениетінің дәстүрлі өнері екенін ХV ғасырда ғалым щипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да анықтама берген. Шипагерліктің өзіндік емдік мәдениеті мен емдеу әдіс-амалдары қалыптасқан. Халық шипагерлігі тарихы б.д.д. басталып, адамзаттың өмірімен бірге жалғаса, қатарласа өзінің шипалық қасиетімен ерекшеленіп келеді. Кез-келген нәрсенің тарихы себеп-салдарсыз тумайды. Әлі күнге дейін тарихы жазылмаған, зерттелмеген, бір жүйеге түсірілмеген ұлттық мәдениеттің дәстүрлік өнеріне халықтық шипа-герлікте жатады.
Шипагерлік – ол халықтық дүниетанымның, ақыл-ой даналығының, денсаулықты қорғау мен емдеудің және мәдени дәстүрлік өнерінің негізгі басты тірегі. Ол рухани тәрбиенің, шипалы емнің, адамдар арасындағы өзара дұрыс қатынастың, терең танымдық білімнің, адамгершіліктің, қайырымдылықтың қалыптасуына ұйтқы болатын кеңесуші, денсаулықты сақтауға, қорғауға бағыт беретін мәдени ортасы.
Емдік халық денінің саулығына, ұрпағының тазалығына адал қызмет етті. Халық шипагерлігі көршілес Шығыс пен Орта Азия елдерінің шипагерлік өнерімен сабақтас, үндес болды. Олардың озық жетістіктері қазақтың халық шипагерлігінің өркендеуіне зор ықпал етті. Бұл жетістікті ХV ғасырда жазылған ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегінен табамыз. Халқымыздың ұрпақ-тарын осы заманғы медицина дамығанға дейін, бірнеше ғасырлар бойы аман өсіп-өркендеуіне халық шипагерлігінің ықпалы нәтижелі болды. Елімізде халық шипагерлігінің мәдени бастаулары мен емдік әдіс-тәсілдері туралы, азғантай ғана авторлардың мақалалары мен бірді-екілі кітаптары жазылып баспадан шыққанымен, оның тарихы мен болашағына толық ғылыми талдаулар жасалынбады. Ел тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары аталмаған ғұламалар мен шипагерлердің ұлы қасиетін ашуға, еркін көрсетуге, насихаттауға, зерттеулер мен ғылыми талдаулар жасауға және олар туралы сүбелі еңбектер жазуға жол ашылды. Олар ұлт тарихы беттерінен көріне бастады. Кез-келген ұлттың өзінің мәдени, тарихи негіздеріне қайта оралуы өте ұтымды оң бағыт болды. Қазақ шипагерлігінің тарихы енді ғана зерттеле бастады. Ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» несімен құнды деген сұрақ заңды да. Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» еңбегі ұлттық этникалық философиялық танымдық қағиданы сақтай отырып жазылған, тұңғыш медициналық энциклопедиялық ұлттық еңбек. Шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы халық шипагер-лігінің мәдени, рухани жақтарын ғылыми тұрғыдан бағалады, оған қатал талапта қоя білді, өзінің жеке іліміне жауапкершілікпен қарады. Оның айғағы ғұлама шипагерлерді емдеу тәсіліне, емінің қонымына, болжамалығына қарай екі топқа: Дарымдалық және болжамалы деп бөліп, біліміне, еміне, мәдениетіне қарай шипагерлерді 24 түрге жіктеді. Бұл жіктемелік жүйесіне көп жылдан бері осы ізденуші талдау мақалаларын және монографиялық еңбектерін жазып зерттеуін жалғастыруда..
Шипагердің «Шипагерлік баяны»: «Қанықталығы» - шипагерлік жөнінде анықтама, «Нарықталығы» - адамның сырқатын анықтаудың жолдары және «Дарымдалғы» - сырқатты емдеп жазудың әдіс- тәсілдері туралы үш үлкен тараудан жазылған медицинаның үш шыңына айналды. Қараүзген шипагердің «Шипагерлік баяны», ұлттық этникалық философиялық стилін толық көрсете білген ғылыми - тарихи медициналық энциклопедия екенін көрші қытай мен қазақ елі ғалымдары оң бағаларын беруде. Ғұламаның тоқтам-түйсіктерін әдейі талдаусыз беріп отырмыз. Кейбір ерекше тылсым күшке ие адамдардың бойындағы неше алуан жұмбақ құпияларын анықтаудың әлемдік тәжірибесі әлі шешімін тапқан жоқ. Ғасырлар бойы қордаланған сезімтал киелі қасиеттер емшілік, бақсылық, балгерлік, болжаушылық, жауырыншылық жұлдызшылық, құмалақшылық, көріпкелдік пен телепатия, оташылық, тамыршылық, Құран кітабына және алақанға қарап болжаушылық тағы басқаларының құпия сырын анықтауда әлем елдеріндегі және қазақ еліндегі зерттеушілері мен ғалымдары нақтылы ғылыми тұжырымдық анықтамаға қол жеткізе алмауда.
Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінен бұрынғы ғұламалар мен ізгі мақсаттары мен ниеттері бір екендігін ұлттық философиялық танымда мәдениетті, сауатты түрде баяндайды. Бұл сыйластық пен мойындауы бар шындыққа ұласады. Шипагер Өтейбойдақтың «Шипагерлік баянын» әлемдік ғалымдардың медициналық жаңалық-тарынан да бұрын жазылғанын аңғаруға болады. Мәселен, әлемдік тіршіліктегі материалды алмасу мен дамуын Ф. Энгельстің «Анти - Дюрингте» /1870/ жазылды деп келсе, қазақ шипагері Өтейбойдақ сау адам өзінің денесіндегі он түрлі ыстық – суық, кебір - суық, сіңірім – шығарым, қатаң - босаң, ояу - тынығу сияқты он түрлі материалдық қозғалыстың бірлігі нәтижесінде құрылып: кеңістік, тұрақ, жарық, қараңғы, ыстық, суық алты тұғырға тұрақтанады. Олар іркіліссіз, толассыз, шашаусыз кезектесіп бір-біріне орын беріп, бірін-бірі айналып отырады деуі оның тіршіліктің материалдық ұғымына Ф. Энгельстен 400 жылдай бұрын өз ұғымымен тұжырым жасағанын білдіреді [1, 54-
62 б]. Сондай-ақ, шипагер Өтейбойдақ «шешекке» вакцина егуді ағылшын шипагері Эдуард Женнерден / 1796 / 360 жылдай бұрын қолданғаны және дүние жүзілік ғылымда адамның қан айналымы, жүрек пен ми қызметтеріне тұжырымдамаларды Да Винчи, В. Гарвей, Галилей ашты деп келсе, ал қазақ шипагері олардан бір ғасырға жуық бұрын далалық зертханасынан тәжірибеден өткізгені шипагердің еңбегінде баяндалады. Адамның биоқуатының ауытқуын теңшеу үшін, кейбір сырқат жандарды суық суға жатқызып емдеу тәсілін Ө. Тілеуқабылұлы, бүгінде кең өріс алған П. Иванов әдісінен бес ғасырдан аса бұрын емдік жүйеге енгізгені шипагердің еңбегінде жазылған. Ғұлама шипагердің бұл жетістігінен қазақтың шипагерлік мәдениетімен оның тарихының ұзақтығы мен ғылыми даму жолының өркендеуін аңғаруға толық негіз барын айқындайды.
Қазақтың жоғары да аттары аталған белгілі ғалымдарының пікірлеріне жүгінсек, Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлының «Шипагерлік баян» кітабы - Шығыс медицинасының үлгісімен, бірнеше ғылымдардың басын біріктіріп медицина іліміне қызмет етуге арналған, адам баласының ең басты байлығы денсаулықты сақтауға, сырқаттарды емдеуге бейімделген терең де тарихи ғылымнама. Сондықтан бұл кітаптың бір сөзін қалдырмай жан–жақты талдап, қазіргі медицина жетістіктерімен толықтырып, ұлттық медицина-мыздың негізгі өзегіне айналдырған жөн деп ғылыми баға беру, халық шипагерлігінің жетістігінің биіктігін білдіреді. Адам биоөрісі қуаттарының маңызы, рухани, медитациялық және музыкалық емнің ерекшеліктері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты қорғау мен күту және тазалықты сақтаудың да қажеттілігі, осы зерттеуде толық айқындалды. Бұл халықтық шипагерліктің диалектикалық философиялық этнокөзқарас арқылы дүниеге келген ілімдік жүйе екеніне толық негіз барын көрсетеді.
Зерттеу тақырыбын өзінің құндылығына қарай одан ары терең талдап, зерделеп зерттеу қажеттілігі туындайды. Қазақ ұлты мәдениетінің дәстүрлі саласы «Халықтық шипагерлікті» мәдениеттану және тарихы тұрғысынан талдау өте құнды. Халқымыздың шипагерлік дәстүрінің қалыптасқан жүйелері мен тарихында алатын орны мен атқаратын құнды рөлі айқындалуды қажет етеді.
Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми жаңалығы - қазақ мәдениетіндегі шипагерлік дәстүрінің негізіне, оның Шығыс шипагерлігімен сабақтастығына және ХV ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегіне шипалық-түсіндірмелік талдау жасалынды. Зерттеуде негізгі міндеттердің толықтығына да растама беріледі. Сол арқылы қазіргі мәдениеттанудың өзекті мәселесі – халықтық шипа-герлік тарихы алғашқы рет қазақ мәдениеті контекстінде қарастырылды; «Халықтық шипагерлікті» талдауда арнайы мәдениеттанулық зерттеу ұстанымдары қазақ дүниетаным үрдістерінде тек шипалық үлгі ретінде қолданылмай, одан этномәдени қисын іздестірілді; емдеудің жоғарғы өнері – шипагерлік туралы түсінікті, оның ұлттық негізін тиянақтайды; халықтық емдіктің қалыптасу кезеңдері мен түрлері (емші, бақсы, балгер, болжаушы, жауырыншы, жұлдызшы, құмалақшы, тамыршы, сынықшы т.б.) талдап беріледі; Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еңбегіндегі емдік әдіс-амалдар жинақталып сараланды; шипагердің «Шипагерлік баян» еңбегіне алғаш жан-жақты талдау жасалынады; қазақ шипагерлігінің Орта Азия мен Шығыс шипагерлігімен тұтастығы мен ұқсас жақтары және дүниетанымның ерекшеліктері айқындалады және емдеу мәдениетінің үйлес-тігін талдап, оны жетілдіру және қолдану жолдары ұсы-нылады.
Қазіргі жаһандану үрдісіндегі Қазақстан Республикасы мәдениетінде инновацияларды дәстүрлі мәдени мұралармен үйлестіру мақсатында, «Халықтық шипагерлік» сияқты шипалық дәстүрінің мәдениеттану және тарихы форма-ларына, маңызды құндылығына жан-жақты зерттеу тұжы-рымы жасалынды, орны анықталады.
Зерттеудің теориялық мазмұны ұлттық мәдениеттану және тарихы үшін әдістемелік негіз бола алады.
Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының кезеңінен бұрынғы және бүгінге дейінгі халықтық дәстүрлері мен мәдениетін зерттеу және Орта Азия мен қазақ жерінің ғұламаларының шипагерлік саласындағы еңбектеріндегі ой-толғауларына тұңғыш рет талдау жасау, сондай-ақ халықтың рухани мұрасын оқып үйренуге бағдарлама жасау зерттеудің басты міндеті болып есептелінеді. Зерттеуде сөздік мәде-ниеттің, ұлттық философия мен әдептіліктің, этнопе-дагогика мен этнопсихологияның, этика мен эстетиканың емдік шипалы қасиеттері тілге тиек болды, нақты талдау тапты. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі елімізде қалып-тасып келе жатқан мәдениеттану ілімі мен пәнін ұлттық болмыс талаптарына сай дамытумен тікелей әсері бола алады.
Зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсыныстары, гума-нитарлық және медициналық шипагерлік білім беру тұжырымдамасын жасаудағы ғылыми теориялық маңызы өте құнды. Ұлттық шипагерлік жүйесінің, дүниетанулық қалыптасу заңдарын, ерекшеліктерін анықтауда, оларды түсіндіруде көтерілген мәселелердің өзіндік қосар үлесі мол. Зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар осы тың тақырыпқа қатысты болашақ зерт-теулер үшін әдістемелік негіз бола алады. Сондай-ақ оларды философия тарихы мен мәдениеттануға қатысты оқу орындарында қосымша және арнаулы оқу орындары мен емшілердің білімін көтеру мен жетілдіру курстарда негізгі оқу құралы ретінде пайдалануға болады.
Егер Осы салада қол жеткізген жетістіктермен салыс-тырғанда, зерттеу жұмысының ғылыми деңгейінің алғаш ғылыми талдауға түскеніне қарамастан, оның құндылық бағасы зор екендігі байқалады. Зерттеу тақырыбы Қазақ-станда қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарла-маларына сәйкес келеді. Бұл зерттеу еліміздің тәуелсіздік жолындағы қазіргі кезеңдегі халықтық шипагерліктің, соның ішінде, емдіктің халықтық сипаты мен танымдық - тәрбиелік маңызын және ХV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының шипагерліктің негізін қалаушы екенін және шипагердің емдік әдіс-амалдарының негізі айқындалуына, бүгінгі күн талабына сай қалыптастыра білу әрекеттерімен байланыстырылды. Халықтық шипагерліктің әдемі құндылықтарын сырттан іздемей, оны өзіміздің ұлттық асыл мұраларымыздан іздеуге, ХV ғасырдағы ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасын зерттеп оны жандандыруға, қолдануға және мәдениеттану деңгейіне көтерудегі, зерттеудің көкейтесті өзекті, маңызды құнды мәселелері толық айқындалынды.
Зерттелген тақырып өзінің өзектілігімен қатар одан ары терең зерттеуді қажет етеді. Бұл тұрғыдан алғанда зерттеуші қазақ ұлты мәдениетінің бір саласы – «Халықтық шипагерлікті» тарихы және мәдениеттану да қалыптасқан жүйелері мен тарихында алатын орны мен атқаратын рөлін айқындады. Зерттеудің жоспары мен мазмұны сәйкестік танытады, ізденістегі барлық ғылыми нәтижелер мен дәрежелер және тұжырымдар айқындалып, дәлелденіп және қисынға келтіріліп талданды, жазылды.
Қазақ елінде ұлттық тілді, мәдениетті, тарихты, дәстүрлі өнерлерді дамытуға, тарихын қалпына келтіруге барынша қолдау жасалуда. Әр халықтың өзіндік ерекшелігіне сай, қазақ халқының да өзіндік мәдениеті, тәрбиелік ортасы, әділ қазылық заңы, дамып отырған өнері, тарихы, әдебиеті, ілімі, ой-пікірі, философиялық талғамдағы шешімі, халықтың денсаулығын қорғау мен жақсартудың шипагерлік емдік дәстүрі болды. Осы мұралардың көбінің тарихына анықтамалар беруге, зерттеуге қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» алда келеді. Шипагер баба жалғаннан пайда болған жасанды ғұлама шипагер емес. Шипагер өмірде болған, өзі жазып қалдырғандай ұлты, жүзі, руы және ата-баба мекені көрсетілген, оның елі мен жері мыңдаған жылдардан бері тарихи және жағырапиялық атауға ие. Бүгінде кешегі күні қайнар бұлағының көзі жабылған тарихы және мәдениет-тануы бар дәстүріміздің қыры мен сырының құндылықтарын тану мен білу және бір жүйеге келтіру басты міндет. Осы тұрғыдан зерделесек, халық шипагерлігі мен қараүзген шипагер Ө. Тілеуқабылұлының еңбегіне зерттеудің енді ғана басталғанын ескерсек, оның берері әлі алда. Бұл сөзімізді тиянақтауда ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының: «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ. Бұл – соңғылықтар қадірін біліп, ұстана білсе, қанғысыз бұлақ, қадірін білмесе, отбасы аяқпен тозатын тулақ», - деген ізгі арманның орындала бастауы куә. Шипагер еңбегінің Қытай мемлекеттік сыйлығын алуы да үлкен мәртебе. Шипагерлік рухани байлық, тәрбие мектебі, денсаулықты жақсарту мен сауықтыру мекені. Ата-бабамыздың құпиялы киелі қасиеттері оянып, мәдениеттанудың халықтық шипагерлік дәстүрі өнерінің - өшкен оты жанды, жоғалған мұрасы орнына келе бастады. Енді ғана ұлт тарихынан өз орнын тапқан, біз үшін «екінші Ибн Сина» бола алатын, ХV ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының халықтық шипагерліктің дәстүрінің оның философиялық тұжырым-дамалары негізін қалаушы екеніне күмандануға болмайды. Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы халқынан оқыған, білімдінің білімін көңіліне тоқыған, ұстазсыз ұстаз болған дана тұлға. Бабаның еңбегінде басы артық сөзде, шашыранды ойда жоқ, айтайын деген ой талғамын кесіп баян ететін, шындықтың шынжырын ұстаған ғұлама. Өткеннің тәжірибесін құпиялы түрде тал бойына дарытқан, озық өнегелі халықтық шипагерлік дәстүрімізді, тарихи болмысты ұрпақтардың сабақтастығынсыз елестету мүмкін емес. Енді осы дәстүрдің құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығы мен бірлігін жалғастыру, оған дәнекер және адал болу зерттеушілердің борышы және парызы. Жұмыстың екі мағынасы айқын: бірі олар кешенді ізденістің басты бағытына айналуда, екіншісі, ұлттық дәстүрлік шипагерлік өнерге жаңа ғылыми бағыт ашуда. Бұл Қазақтанудағы алғашқы зерттеулік ізденіс еңбегі болғандықтан, осы ғылыми мәдени бағыттың қажеттілігін ашуға демеулік етер деген тұжырым жасаудамыз. Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары мен емдік дәстүрлеріне (тұңғыш рет) зерттеу міндетке айналғаны, ұлт мәдениетінің дәстүрлі халықтық шипагерлік өнеріне жаңа ғылыми бағытта этникалық философиялық танымда тұжырым жасауға негіз бола алады. Сол үшінде бұл еңбек өзінің құндылығымен ерекшелінеді.
ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Шипагерлік // Ақиқат. – 2007. - № 12. - 50-53 бб.
2 Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі // Халық медицинасы: Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдары. - Шымкент, 2007. – 22 - 24 бб.
3 Наследие великого целителя О. Тлеукабылулы // Халық медицинасы: Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдар. –Шымкент, 2007. - с 25-41.
4 «Шипагерлік баянның» ғылыми ерекшеліктері // Ізденіс - Поиск. - 2008. - № 1. -96 – 101 бб.
5 Халықтық шипагерліктің болашағы // Қазақстан жоғарғы мектебі. - 2008. - №1. - 205 – 210 бб.
6 Шипагерлік емдіктің халықтық сипаты // Ізденіс - Поиск. - 2008. - №1 (1). - 135 – 140 бб.
7 Қазақ шипагерлігінің негізін қалаушы // ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. - №1(30). - 160 – 164 бб.
8 Көріпкелдік пен болжампаздықтың сыры // Дарынды бабалар құпиялары: Республикалық ғылыми-тәжірибелік форум материалдары. – Түркістан, 2008. - 21 – 25 бб.
9 Қазақтың болжампазы Мөңке би // Дарынды бабалар құпиялары: Республикалық ғылыми-тәжірибелік форум материалдары. – Түркістан, 2008. - 25 – 27 бб.
10 Адам биоөрісінің қуаттарының маңызы // ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. - №2(31). - 58 - 61 бб.
11 Рухани шипагерліктің емінің сипаты // ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. -№2(31). – 67 - 70 бб.
12 Бақсылық өнері // Халық медицинасындағы бақсылық өнері: Халықаралық форумның теориялық - тәжірибелік материалдары. – Алматы, 2006. - 21-22 бб.
13 Баксы (Шаман) // Халық медицинасындағы бақсылық өнері: Халықаралық форумның теориялық - тәжірибелік материалдары. – Алматы, 2006. - 22 - 42 бб.
1 Дәстүрлі емес халық медицинасының болашағы // Халық медицинасы: Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдары. - Алматы, 2005. -19-21 бб.
2 Қазақтың халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы // Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдары. –Алматы, 2004. - 3-5 бб.
3 Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1483) жан қуаттары туралы // Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдары. –Алматы, 2004.-13-15 бб.
4 Киелі шаңырақ (Светой шанырак - Шипагерліктің мәдениеті мен емдік сипаттары). - Алматы: Шалкөде, 2006. - 410 б.
5 Тылсым дүниенің құпия емдері. - Алматы: Шалкөде, 2006. - 208 б.
6 Рухани емшілік ғаламаттары. - Алматы: Шалкөде, 2006. - 189 б.
7 Шапағатты Рух ордасы (Шипагерлік тарихы). - Алматы: Сөздік -Словарь, 2001. - 318 б.
8 Мәңгілік құпия шежіресі (Шипагерлік салалары мен тылсым дүние). -Алматы: Сөздік- Словарь, 2001. - 446 б.
22 Халық емі - халық үшін // Шипагер. - 1994. - 22 сәуір.
23 Емшілер - ел кетігінде // Денсаулық. - 1994. - №3-4. – 20 - 21 бб.
24 «Шипагерлік баян» шерткен сыр // Шалқар. - 1996. - 15 қараша.
25 Шипагер ғұламаның ғибратты мұрасы // Алматы Ақшамы. - 1996. - 20 мамыр.
26 Қасиетті Құран аяттарының құпиясы // Алматы Ақшамы. - 1998. - 25 наурыз.
27 Шапағатын әлемге шашқан шипагер // Жетісу. - 1997. - 23 шілде.
28 «Шипагерлік баян» құпиясы енді ашылмақ // Жетісу. - 1998. - 22 желтоқсан.
29 «Шипагерлік баян» // Семей таңы. -1996. - 30 шілде.
30 Бес ғасыр өткен соң // Сары Арқа. - 1998. - 12 наурыз.
31 Шипалық қасиеті бар ән // Шымкент келбеті. - 1996. - 21 маусым.
32 Құпия кітап сыры // Жас Алаш. - 1996. - 28 желтоқсан.
33 Жұлдызы қайта жанған «Шипагерлік баян» // Заң. - 1998. - 28 қазан.
34 Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баянның» әлемдік ғылымда алатын орны // ТМД елдеріндегі этнопедагогика мен этнопсихологияның қазіргі жай жоспары: Халықаралық конференциясының материалдары. - Алматы: ТОО «Эвро», 1998. - 159 - 164 бб.
35 Ө. Тілеуқабылұлы - жан қуаттары туралы //Т.Тәжібаев оқулықтарының материалдары. - Алматы: ТОО «Эвро», 2001. -Т1. - 33-35 бб.
36 Ө. Тілеуқабылұлы және медициналық мәселелері //Медицина білімі - мемлекеттік тіл аясында. - Алматы: ҚазММУ, 2000. - 112 - 116 бб.