ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

Страница 2

На главную              Библиотека               Предыдущая                 Следующая

 

 

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Халықтық шипа-герліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» (Шипагерлік дәстүрі және философиясы) атты ғылыми еңбегіне

  

ПІКІР

 

    Зерттеуші ғалым З. Қожалымовтың «Шипагерліктің мәдени бастаулары және  емдік дәстүрлері» атты еңбегі әлемдік және отандық мәдениеттің бір саласы шипагерлік мәдениетін түсінудің, бағалаудың,  реттеудің, зерттеудің  өзекті мәсе-лесіне арналған. Көне заманнан бүгінге дейін жеткен   дәстүрлі шипагерлік өнері - көшпенді халқымыздың рухани өмірінің жетістігі мен мәдени ортасына айналды. Қазақтың мәдени мұрасы мен тарихын толықтырды. Бұл зерттеу  өте  күрделі, әлі ғылыми атауы мен танымдық дәрежесіне толық баға берілмеген халықтық шипагерлік дәстүрідің пробле-малары туралы тың философиялық талғамдық ойлар айтылып, тұжырымдар жасалынып, жаңа ғылыми нәтиже-лерге қол жеткізген.

       Халықтық шипагерлік ұлт мәдениетінің жетістігінің бір түрі және адам денсаулығын сақтау мен қорғаудың  сақшысы ретінде ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп, тамырын тереңдетіп, шипалық қанатын жайып келеді.  Зерттеуші осы жетістіктерді ғылымға қосуда анық  жинақтауға, шипагерлік мәдениетінің тарихын көне заманнан бастауға, болашақ ұрпаққа ұлттық этникалық мәнін бұзбай жеткізуге түсінікті ғылыми талдау жүргізген. 

       Ұлттың шипагерлік мәдениетінің шындығын бұрмалауға болмайды. Халықтық шипагерліктің ерекшеліктері зерделе-ніп оның көршілес Шығыс пен Орта Азия елдерінің шипагерлік дәстүрімен сабақтастығы, үйлесімділігі туралы зерттеуші шынайы шындықты нақты дәлелдемелер бойынша  ғылыми тілде ұлттық философиялық танымдық ой желісімен баяндап  тұжырым жасаған. Осы тұжырым шипагерлік өнер халықтың тектік қасиетінің жалғастық мәдени мұрасы екенін айқындай түседі. 

       Зерттеу де   өзінің әліппесі жоқ, сауатсыз деп келген  көшпенді қазақтың осыдан бес ғасырдан аса уақыттың өзінде, өзінің  медициналық ғылыми негізін қалаған ғұлама шипаге-рі болғанын баяндау да өте нақтылы дәлелдемелер келтірілген. Бұл халқымыздың әлемдегі білімді халық санатында болғанын  айқындай түседі. Осы жетістік бұдан былай шипагерлік мәдениетін тереңдете зерттеуге және жаңалықтар ашуға негіз бола алады. Зерттеуші он жылдан аса уақыт осы тақырыпта зерттеулер мен күрделі монографиялық еңбектер жазып, өзі ұйымдастырып әрі басқарып бес рет халық медицинасының Халықаралық конгрестерін өткізу арқылы көптеген шет елдердің ғалымдарымен пікірлесіп, қазақтың халықтық шипагерлік дәстүрін үгіттеуге, таныс-тыруға және бірлесіп зерттеу жүргізуге  әрекет етуі де осы саланың үлкен жетісті деуге болады. Мәселен, зерттеуші З. Қожалымов б.д.д. және ХV ғасырдағы ғалым шипагері  Ө. Тілеуқабылұлы еңбегін және одан кейінгі еңбектерді зерттеп, халық шипагерлігі туралы 105 (жүз бес) баспа табақтан асатын  бес монографиялық еңбек пен 100 (жүз) ден аса ғылыми танымдық, діни-тәрбиелік, рухани-емдік мақала-лардың және бес рет өткізілген халық медицинасының халықаралық конгрестері мен форумдарының ғылыми-тәжірибелік жинақтарының да жауапты авторы атануы, зерттеушінің бекітілген тақырыпқа үлкен дайындықпен, жеке өмірлік кәсіби  тәжірибесімен келгендігін аңғартады.

       Бұл тақырыптың тартымдылығы баяндаулар мен сөз шеңбері желісінен толық байқалады. Зерттеудің тақырыптық реттілікті сақтауы  ғылыми талдамалар ережесіне сай келеді. Зерттеуші халықтық шипагерлік мәдениетінің бастаулары мен емдік дәстүрлерінің тарихи жолдарына өзінің білімділігін айқындай отырып, жоғары жауапкершілікті сақтап зерттеулер  жүргізген. Бұл тақырыптық зерттеудің өзара байланыс-тылығын айқындап береді.

       Кейбір кемшіліктеріне қарамастан зерттеу жұмысы ерекше құнды болып саналады. Қазақтың халықтық шипа-герлік өнеріне алғаш рет мән беріліп, зерттеу жүргізуге  назар беріле бастады, бұл ұлттық мәдениеттік ілімдерге тікелей қатысты. Зерттеу өте қажетті, осы заманғы ғылымның талабына сай орындалған, ғылыми талдаулар бойынша баяндалған  тақырыптық құндылығымен сипат береді.  Осы жағынан қарағанда, зерттеуші  З. Қожалымовтың «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» атты ғылыми монографиялық еңбегі ғылыми зерттеудің талаптарына сай орындалған және пайдалануға ұсынуға толық  болады деп есептеймін.  

 

Философия ғылымдарының докторы,

ҚазҰУ философия тарихы және мәдениеттану

кафедрасының профессоры                                                         Б. И. Абирова

 

 

 

 

КІРІСПЕ

       

       Зерттеуде  қазақтың халықтық   шипагерліктің мәдениеті мен тарихы, емдік дәстүрлері және  ХV ғасырдағы ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі алғаш рет философиялық мәдени танымдық тұрғыдан ғылыми зерттеуге енгізілді. Халықтық шипагерліктің Шығыс шипагерлігімен өзара ұқсастығы, сабақтастығы ғылыми тұрғыда зерттелінді.

        Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстанда қабыл-данған мемлекеттік «Мәдени мұраны» дамыту бағдарла-масымен тығыз байланысты. Ұлт мәдениетінің дәстүрлік саласына  жататын халықтық шипагерлікке де жаңадан арнайы ғылыми зерттеулер алғаш рет жүргізілуде. Еліміздегі  азаматтардың денсаулығын сақтау проблемасы Президенті-міз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының жеті басты бағытының біріне айналды. Ұлтымыздың өткен тарихи және мәдени құнды-лықтарын жинақтап зерделеп - зерттеп қалпына келтіру мен  ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға ықпал ету - бүгінгі зерттеуші зиялылардың басты міндеті. Емшілік дәстүр халқымыздың тарихымен тамырлас, тағдырымен түптес ұлттық дәстүрлі өнерінің бір саласы. Қазақтың емдік шипагерлік тәсілі шығыстық  шипагерлікпен үндес, ұқсас келуі ол ертеден жалғасын тапты. Адамның ауруын өсімдік пен жан-жануарлардың нәрімен емдеу тәсілі тарихтың терең тұйы-ғынан басталады. Бұл шындық еліміздің тәуелсіздігіне дейін кейбіреулердің «Қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» деген сыңаржақ пиғылдарын, бүгінде жоққа шығарды.

         Денсаулық – зор байлық,  бірінші  байлық.  Адамның  бірінші  байлығының қайнар көзі, біріншіден, шипалы емде, екіншіден, саулық мәдениетінде, үшіншіден, саулық пен емдік мәдениетін демейтін қоғамдық қолдауда.  Шипалық адамның өзін, жақынын емдеуден басталады және нәр алады. Содан ол ұрпақтардың, ұлттық қазынасына айналады. Шипалық-рухани тазалық, тән мен жан жарастығы, таби-ғатпен тілдесе, ұрпақ үлгісімен үндесе білудің  негізі.

Шығыстық дәрітану қалайша халықтық шипагерлікке айналды? Бұл әлі зерттелмеген мәселе. Шығыстық дәрітану мен ұлттық шипагерлік мәселесі арнайы философиялық-мәдени талдаудан тыс қалып қоюда. Денсаулыққа қатысты дәстүрді, шипагерлік емінің эволюциясын, мәнін және әлеуметтік қолдауын талдау – философиялық та,  қоғамдық та маңызы зор мәселе. Билеуші идеология мен  ғылымдағы біржақты түсініктердің кесірінен халықтық емдеудің шипа-герлік дәстүр өнері саласына арнайы зерттеулер жүргізілмеді.          

Ел өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана тұңғыш рет ғылыми зерттеу саласының іс жоспарына ене бастады. Емдік - адам өмірін ұзартудың, адам мен табиғаттың, адам мен әлемнің арасындағы байланысты дүниетанырлық деңгейде көтермелеудің,  адамдық деңгейде қарастырудың тәсілдік түрі.

Адамдар жан мен тән саулығын, яғни адам денсаулығын жақсартуда, оны қалпында келтіруде ел ішіндегі тәуіп, бақсы – балгерлерден көмек сұрады, олар өз тәжірибелерін пайдаланды. Емшілік өніп-өсудің құралына жараған сайын, оған деген мұқтаждық күшейді. Бертін келе, халықтың емдік әдіс-тәсілдерін біртіндеп насихаттайтын, оның бай мұра-ларын қалыптастыратын халықтық дәстүрге  ұйытқы  болды.

Халық барлық мұқтажын табиғаттан іздеді, жан жануар-лардың әр түрлі жарақаттарынан, сынықтарынан табиғаттағы минералды сулар мен балшықтардан, мумия т.б. заттардан  қалай ем алып жазылатынын бақылады.  Бұл әдісті өздеріне пайдаланды. Дами келе өзіндік халықтық емдеу жүйесінің негізі қалануына ықпал етті. Олардың мұндай әрекеттері болашақ ұрпаққа мұра болып жетуіне негіз болды. Мұндай ғылыми халықтық емдіктің дәстүрлі шипагерлік жүйесінің қалыптасуына ХV ғасырда өмір сүрген, ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының білгірлігі мен біліктілігі үлкен қозғау салды. Орта Азия мен қазақ жерінен орта ғасырдан бұрын шыққан ғұлама ғалымдар,   есімдері бүгінде әлемге белгілі Әл-Хорезми, әл-Бируни, әл -Разани,  Әбунасыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағүн, Әбу Әли Ибн Сина тағы басқалары Гиппократтың этикалық медициналық білімін жалғастырды, байытты, оны шипагерлік емнің тәжірибесімен толықтырды. Шипагерлік ем халықтық тәжірибесімен құнды. Орта Азиялық ғұламалар медициналық білімді шипагерліктің халықтық және шығыстық сипатымен дамытты. Ғұла-малардың  емді  ғылыми ілімге және халықтық тәжірибеге жақындатуының негізінде, шығыстық шипагерлік батыстық шипагерліктен де бұрын,  әлемге белгілі болды.

Әсіресе, әлемдік ғылымның  «екінші» Аристотелі  атанған  Отырардың түлегі,  ғұлама  ғалым әл-Фарабидің (870-950)  аттары аталған еңбектері   ғұлама ғалым әрі  дәрігер  Әбу Әли Ибн Синаның (980 – 1037)  медицинаға арнаған он алты кітабы, Ж. Баласағұнның «Құтты білігі» Шығыс пен Орта Азия елдерінің  халықтық медициясының өркендеуінің басты ғылыми оқулығы,  іліми құралы болды. Ғұлама Гиппократтың «төрт шырынның төрт құбылысы» туралы  пайымын ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жаңа жағдайдың талабымен толықтырды, өз халқының емдеу дәстүрімен үйлестірді. Ұлттық медициналық энциклопедиялық еңбектің негізін жазды. Қараүзген шипагер  адам бойындағы қанды:  «арам қан», «адал  қан»,  «құтырған қан»,  «қанды ірің» - деп  төрт топқа бөлуімен,  оның «Сау  денелі адам  - ыстық,  суық, кебір – сұйқыл,  қатаң – босаң, сіңірім – шығарым,  ояу – тыншу сынды он  жаралыстық түрден құралып:  кеңістік, тұрақ, жарық, қараңғы, ыстық, суық, алты тұғырға тұрақтанады», - деп тұжырымдауы [1,160-161 бб.],  бұл жетістік қазақтың шипагерлігінің  ілімдік деңгейін, ғылыми даму дәрежесін  айқындайды. Адамзат дүниесі пайда болғалы ешқандай жойылмаған дәстүрлі халық шипагерлігін зерт-теумен,  оның ғылыми негізін қалау  өте қажетті құндылыққа жатады. Қазақ халқының тарихында шипагерлік туралы артына рухани мол мұра қалдырған аттары белгілі және енді белгілі бола бастаған көптеген дала ғұламалары мен ғалымдар, бақсы-жыраулар мен би-шешендер ғұмыр кешкені белгілі болуда. Халықтың шипагерлік өнерінің өткеніне, бүгініне және болашағына философиялық көзқараспен сара-лап, мәдениеттану тұрғысынан зерделеу қажеттілігі – осы зерттеу тақырыбының көкейтестілігін, оның мәнділігін білдіреді.

XVII-XVIII ғасырларда орыс офицері географ Н.П. Рыч-ков, дәрігер С. Большой, XIX – ғасырда генерал майор
В.Б. Броневский, саяхатшы А.И. Левшин, штаб лекері
С.А. Яроцкий, әскери дәрігер А. Ягмин және қазақтың  ғалымы Ш. Уәлиханов тағы басқа да саяхатшылардың  халық шипагерліктерінің ұлттық ерекшеліктері туралы жазған қолжазбалары, шипагерлік өнерінің тарихына септігін тигізді. Халқымыздың емшілік дәстүрінің тарихы тереңде, бастауы біртекті емес. Ұлттың өмірлілігі оның көп салалы өнеріменде ерекшелінеді. Емдік дәстүрдің өркендеуі ұлттық таза ұрпақтың негізін қалауға ықпал етті. Осындай игі бастамалар  өз жемісін берді, онымен таныстық, енді зерттеуге де кірістік. Дәстүрлі халықтық шипагерлік емінің іліми негізін осыдан бес жарым ғасыр бұрын, қараүзген шипагер  Өтейбойдақ   Тілеуқабылұлының (1388-1485) іс-тәжірибесімен іске асыр-ғанын ғалымдар енді ғана біле бастады. Шипагердің  «Шипагерлік баян» атты еңбегі қазақтың Әз Жәнібек  ханының Жарлығымен 1466–1473 жылдары аралығында Шудың Қозыбасы аймағындағы ханның әл-Ақорда сарай-ында жазылады. Хан қолжазбаны көре алмады. Ал, қилы – қиын заманда  қараүзген шипагердің  мұрагерлері бес мың беттік қолжазбаны алып көрші қытай еліне апарғанда, бұл қолжазба ақырғы алтыншы мұрагерден қытайдың  мәдени революциясы бандиттерінің қолына кездейсоқ ілініп  өртеледі / 1968 ж./. Оның тек төрттен бір тарамдалған бөлігін ғана аман алып қалуға мүмкіндік болды. 

1994  жылы Үрімжі   қаласында  араб әрпінде  бір кітап етіп  шығарса,  ал 1996 жылы  Алматыда  «Жалын»  баспасы  баспадан  шығарды. Баба еңбегінің баспадан шығуына, қытай мемлекеттік сыйлығын алуына және зерттелуіне де  сондағы қазақ ғалымдары: Ә.Тышанұлы, Жәнәбіл, Қ. Жәнәбілұлы, Қ. Ыбырайұлы, Х. Әкімжанұлы, Т. Ыбырайұлы, М. Сүлей-менұлы,  Д. Құрмашұлы,  Ж. Мұсағұлұлы, Қ. Мұқанұлы, Ж. Мырзақанұлы, О. Асылұлы, Т. Қабаев, Ә. Қалиұлы т.б. болды.  Өлгені тірілді, өшкен оты жанды деген ұлы даналық сөздің шындығы бұл. Шипагер кітабы, біріншіден, энцик-лопедиялық медициналық әрі көп салалы гуманитарлық ғылымдардың басын біріктіретін еңбек, екіншіден, филосо-фиялық көзқарас пен этнотанымы негізінде жазылған. Оның тарихи ғылыми мазмұны қазақ және шет елдердің ғалымдары тарапынан жоғары баға алуда. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзіде-өзінен бұрынғы  ғұламалар еңбегіне құрметпен қараған, оның ілімін мойындаған, өзімен үміттес, сырлас ретінде баға бере білгені оның «Шипагерлік баянында»  сипатталады.

Мәселен, «Мейлі Әбунәсір болсын, Жүсіп Баласағұн болсын мейлі мен  болайын, біріз, бір тілектіктерміз. Ол екеуінің менен артығы  жырлауыл, сөйлеуіл  шижалама да /  қалам – З. Қ  /  ғана.  Сонымен қоса үшеуміздің орта теңдік «Шопан үсті бозторғай ұяламдықтап жұмыртқалам-дықты» таппақ.  Әбунасыр жеті тіл сөйлемелігі айқын ұғыныс», - деп  [1, 379 б]  өзінің де, өзгенің де білімділігіне артық та  әрі кем де емес, әділ бағасын бере білген. Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  білімділігі мен іс тәжірибесі  арқылы медицина ғылымдары бойынша оннан аса ұлттық және әлемдік ғылымдар негізінде жаңалықтар ашқаны, оны іске  асырғаны туралы оның еңбегінде бары туралы зерттеушілер мен ғалымдар анықтай бастады. Мәселен, тіршіліктің материалдық ұғымының диалектикалық заңына, шешекке вакцина егудің емдік тәсіліне, ми мен қан айналымы қызметіне, суық су мен аязда емдеу т.б. әдіс - тәсілдерін ғылымда  Ф. Энгельс, Э. Женнер,  Де Винчи және П. Иванов ашқан деген ғылыми жаңалықтарды олардан бұрын ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегінде жазылып іске асырылғаны айтылады. Бұл қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өзінен бұрынғы Шығыс және Орта Азиялық ұлы ғұламалардың ғылымдарын дамытушы, өзінің жеке тұжырымдық ғылымын жаратушы, әрі терең философиялық идеясы болғанын айқындайды. Бұл ұлттық шипагерліктің  өркендей бастауының  ғылыми негізі мен білімділігінің биіктігін білдіреді. Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіне арнайы зерттеу жүргізіп ғылыми  анықтама берген медицина ғылымдарының докторы, профессор Ә. Нұрмұхамбетұлы: «Өтейбойдақ бабамыз қазақ жерінде медицина ғылымына, практикалық денсаулық сақтау істеріне, ережелеріне, қағидаларына алғаш рет негіз салған үлкен ғалым, дәрі-гер...»,- деп оның еңбегінің құндылығына нақтылы тоқтам жасауы да терең ойландырады [2, 4 б.].                        

   Зерттеу аясы кеңейген сайын біртіндеп шипагерлік мәдениеттің өркендеуіне ғылыми теориялық-тәжірибелік және жеке тұжырымдамалар жасалынуда. Жиырмасыншы ғасырдың ақырында қараүзген шипагер Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік  баяны»  халқымен қайта қауышуы,  қазақ ғылы-мында шипагерлік саласының ғылымының орны айқын-далуына жол ашты. Қазақ халқының  шипагерлік өнерін бүгінде әлемге айқындап тұрған  «Шипагерлік баянның»  ерекшелігі  бір ғана медицина  ғылымына  арналған емес. Ол  тіл,  әдебиет, тарих, этнография, философия, психология, астрономия, этика, эстетика, заң,  фармокология,  метрология,  математика және тағы басқа да ғылымдар саласына да ықпалын тигізіп, мәдениеттану саласына қызмет ете алады.

Халық  шипагерлігі  ол әлі  өзінің ғылыми  анықталық әдіс-тәсілдерін  толықтай дәлелдей алған  жоқ. Осы тарихи  шындықты мойындап қана қоймай, халықтық шипагерлік пен медициналық ғылымды өзара ұштастырудың тиімділігін өз  тәжірибесінде дәлелдеп келе жатқан медик – ғалымдар, шүкір, баршылық.        

Қазақ халқының шипагерлік өнерінің жойылмай сақта-луына, өркендеуіне Кеңес заманында үлестерін қосқан профессорлар, медицина ғылымдарының докторлары Е. Оразақов, С. Қарынбаев, С. Суханбердин, дәрігер - ғалымдар М. Қожабеков, Ә. Айбақын, З. Шашкин және тағы басқалар есімдері халық емшілігінің тарихында құрметпен орнын алады. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін есімдері елге танымал ғұламалар еңбектерін кеңірек зерттеуге, емшілік мәдениетінің құпия сырларына ғылыми талдау жасауға мүмкіндік туды. Бүгінгі ғалымдар - профессорлар, медицина ғылым-дарының докторлары  - А. Алдашев, Ж. Әлімханов, А. Ра-қышев, Ш. Абдуллаев, Ә. Есенқұлов, А. Жақанов, Ә. Нұр-мұхамбетұлы, Т. Шорманов,  Т. Момынов,  Қ. Рахимов, Е. Әбілқасымов,   Керімбектің  Ермаханы,   доценттер, медицина ғылымдарының кандидаттары - Т. Бекенов, Т. Төлендиев, Т. Төреқұлов, Ә. Өмешұлы, сондай-ақ бір неше кітаптардың авторлары, зерттеуші – ғалымдар  З. Қожалымов,  Ө. Әбді-раман т.б. ғалымдар халық шипагерлігінің болашағына сеніммен қарап, оның тарихының таза әрі ғылыми негізін қалыптастыру  жолында еңбектенуде. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданындағы қандас ғалымдар - Әзімхан Тышанұлы, Жәнәбіл, Қадыс Жәнәбілұлы, Төлеуқан Ыбырайұлы, Хакім Әкімжанұлы, Мағаз Сүлейменұлы, Дияр Құрмашұлы, Жанабыл Смағұлұлы, Қаһарман Мұқанұлы, Жақып Мырзақанұлы, Омарқан Асылұлы, Тәліпбай Қабаев, Әуелқан Қалиұлы және Қазақ-стандық ғалымдар  философ  Ж. Молдабеков, педагог - филологтар - М. Жолдасбеков, Д. Мәсімханов; психолог – педагогтар - Қ. Жарықбаев, Т. Әлсатов, C. Құрбанқожа   және тағы басқа да ғалымдар мен зерттеушілер өз ой-пікірлерін жан-жақты білдіруде.    Халықтың шипагерлік өнерін зерттеуде қиындықтар жоқ емес, бірақ  зерттеуге деген қажеттілік азаймауда. Профессор  М. Жолдасбеков: «V11 ғасырда  тасқа қашалып жазылған Орхон ескерткіштері болмаса, қазақ тарихына мәдениетіне қатысты материал-дардың ешқайсысы көрінген деректердің басы қосылма-ғандықтан да, күні бүгінге дейін қазақ тарихын, әсіресе осы уақытқа дейін ашылмаған кезеңді, оның оқиғаларын білмедік.   Әсіресе сол уақыттың тарихи қайраткерлерін жазып қалдырған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектерінің құны  өте зор», - деп тұжырым жасайды [3,71-72 бб.]. Осындай  ғылыми қорытындыдан соң, ғұлама,  шипагер  Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің «Шипагерлік баянын»  жазбағанда, қазақтың халық шипагерлігінің тарихы да  еліміздің ғылыми саласынан орын алмас еді деген қорытынды  жасауға болады. Бұл тоқтамды халық шипагерлігін ұзақ жылдар бойы зерттеп, ғылыми монографиялық еңбектер жазған медицина  ғылымдарының докторы,  профессор  Е. Оразақов  былай  айқындай түседі: «Ертеден келе жатқан  мәдени мұралардың талайы Ұлы Октябрь  революциясынан кейін ғана  жан - жақты  зерттеліп, кейінгі ұрпақтардың рухани мүддесін өтеп келеді. Ал Қазақ халық медицинасы туралы мұны айта алмаймыз. Өйткені бұрын да және Совет өкіметі жылдарында да бұл тақырыпқа арналған ғылыми зерттеулер көпке дейін болмады...» [4, 10 б.].     Билеуші ұлт тарабынан қазақтың тарихымен бірге, оның шипагерлік емін дамытушыларын да түқым-тұяғымен толық қалдырмай жоюға дейін әрекет етті. Осы шындықты медик-ғалым Т. Бекен: «Халық емінің өрлеу кезеңдері жазба деректердің жоқты-ғынан әлі зерттеліп біткен жоқ.  Қазақтың халық емінің де тамыры  көне дәуірден ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан  халық мұрасы. Халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейінгі өмірі де,  болашағы да болмас еді. Қазіргі медицинаның  негізі  мен ірге  тасын қалағанда сол халық емі, яғни халықтық медицина екенін кім жоққа шығара алады», - дейді [5, 39 б.]. 

Ғалымдардың осындай негізгі ой-тоқтамдарынан халық шипагерлігіне  ғылыми зерттеудің қажеттілігі кезек күттірмей тұрғандығын  аңғартады. Халық  шипагерлігі өзінің  ішкі құпиясын сандаған ғасырлар бойы ашпады, ол жұмбақ  күйінде   әлі қанша уақыт қала берерін  ғылымда дәл айта алмасы айқын. Бұл зерттеу  кең көлемді, көп ғылымдар саласы бойынша зерттеуді қажет етеріне жол ашудың алғашқы  қадамы болмақ. Ғұлама шипагер Өтейбойдақ  халық шипагерлерлерін қабілеттеріне, білімі мен емдеу әдіс – тәсілдерінің  нәтижелеріне қарай екі топқа: Болжамалы және Дарымдаулық  шипагер деп бөліп,  шипагерлердің 24 түрін жүйелеп жеке – жеке анықтама  береді. Ғалым шипагер: «Шипагерлік те өнердің бір түрі. Шипагер -  өнерпаз екені айқын ұғыныс. Шипагер міндеті ауруды ажал аузынан алып қалу,  арты науқасты сырқаттық бейнеттен айықтыру борышын өтеу керек.  Шипагерлердің де  ұмтылыс өресі мен игеру шамасына сай білімі жоғары – төмен болмақ», - дейді [1, 80 б.]. Ғұламаның бұл даналық тұжырымынан  шипагерлердің  мәдениеті,  мінезі, тазалығы, білімділігі, жауапкершілігі туралы нақтылай айтылған философиялық ой-талғамының,  бүгінгі медицинаның өз мамандарына қоятын талаптарына ұқсас, сабақтас екендігін толық айқындайды. Дегенмен, қазақтың халық шипагерлігі тек қана емшілер мен  қараүзген шипагер Өтейбойдақ  арқылы  толық дамыды деуге болмайды. Терең  зерттеулер қажет. Ол үшін ынталы ілімді,  ірі тұлғалы ғалымдар  ұдайы білімін,  тәжірибесін байытып  дамыту үшін, тұрақты ізденісте, сабақтастықта және басқалар іліміне оң көзбен сыйластықта қарайтын жағдайда ғана дамиды, өркендейді. Бүгінде  білімді, философиялық ой толғамы мол дала ғүламалары қатарындағы қазақтың төл перзенті, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының сауатты жазылған іліми еңбегі,  ұлтының  ұрпақтарының танымы мен талғамдары халқының сауатты ілімді-ғылымды ел  болғанын  айқындап бере алады.

Халықтың шипагерлік мұрасын және емдеу мәдениетін дамытудағы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінің философиялық-дүниетанымдық көзқарас-тарының маңызын, олардың ұлттық философия мен мәдениетте алатын орнын айқындап беру бүгінде ғылымның басты міндеті.

Сондықтан да тақырыпты зерттеу мақсатынан туын-дайтын міндеттерде баршылық. Олар: емдіктің халықтық сипаты мен түрлерін ашып, олардың эволюциялық кезеңдері мен бағыттарын саралау; Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шығыс шипагерлік дәстүрдің ғылыми негізін қалаушылардың бірегейі екендігін, оның емдік әдіс-амалдарының арқауын айғақтау; емдік мәдениеттің танымдық-тәрбиелік маңызын, адам биоөрісі қуаттарын ашып беру; рухани, медитациялық, музыкалық ем денсаулықты және тазару мәдениетін жақсартудың жолы екендігін дәйектеу және қазіргі жаһандану үрдісіндегі Қазақстан Республикасы мәдениетінде иннова-цияларды дәстүрлі мәдени мұралармен үйлестіру мақсатында «Халықтық шипагерлік» сияқты шипалық дәстүрінің мәдени және тарихи формаларын жан-жақты талдау кезекті мәселелердің бірегейі десек артық болмайды.

Халықтың шипагерлік дәстүрін зерттеуде, әсіресе Өтей-бойдақ Тілеуқабылұлы шығармашылығын түсіндіруде Әл-Фараби, Ибн Сина, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи тұжырымдары зор танымдық қызмет атқарды. Халықтың емдеу мәдениетін тұжырымдауда философиялық, психологиялық, медициналық, әлеуметтік-мәдени, этикалық, эстетикалық, діни-рухани және т.б. білімдердің жетістігі, олардың адам санасын және емделу қабілетін дамыту жөніндегі кеңестері мен үрдістері аса маңызды рөл атқарды.

Қоғамдық түрлі медициналық мәліметтерге, гумани-тарлық деректер мен тәжірибелерге сүйене отырып, зерт-теулік жұмыста тарихи, әлеуметтік, компоративистикалық, герменевтикалық және логикалық тәсілдер рет-ретімен пайдаланылды, өзара ұштастырылып берілді.

Халықтық шипагерлік емі мәселесі мен тәжірибесі философиялық-мәдени тұрғыдан тұңғыш рет арнайы кеңірек зерттеліп отыр. Қазақтың ұлттық философиясын зерттеуде халықтың емшілік мәдениетіне, шипагерлік дәстүріне арнайы мән берілмеді, ғылыми түрғыдан зерттелу жұмыстары кенже қалды. Мәселе халықтық тәжірибенің жоқтығында емес, шипагерлік дәстүрлер туралы мәліметтердің жинақтал-мағанында, тіпті  ғалымдардың терең және жүйелі бара бермегендігінде.  Зерттеудің негізгі  жаңалықтарына келсек мынандай шешімді ұсынуға болады. Олар: шипагерлік дәстүр тарихи, медициналық, көркем мәдени тұрғыдағы әдіснамалық негіздерде зерттелді және сол арқылы қазақ мәдениетінің дәстүрлі шипагерлік саласының тарихи формалары нақтыланды;

Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты бойынша «Халықтық шипагерліктегі» мәдени логикалық тәсілдер рет-ретімен пайдалнылды, талдау берілді, қазақтың сөздік қоры мен тіл мәдениетін жетілдіретін медициналық сөздік қоры жасалынды, қазақ мәдениетінің шипагерлігі  тарихына арналған еңбектерге философиялық түсіндірмелер берілді; қазақ шипагерлігі мен көрші Шығыс және Орта  Азия елдерінің дәстүрлі шипагерлік өнерлерімен өзара байланысы, байымдылықтары жіктеліп, философиялық ой-толғамынан өткізіліп көрсетілді; емдіктің қараүзген шипагер Ө. Тілеу-қабылұлының философиялық ойының талғамы бойынша іске асырылған, құндылығын жоймаған, өте қажетті медициналық көзқарастары мен емдік әдіс-амалдарын осы заманғы  ғылыми медицинаның талаптарына сай қолданысқа енгізу қажеттігі шешімін табатыны сипатталынды.  

Зерттеу жұмысында қазіргі қазақ еліндегі мәдениеттану және тарихты жаңғырту мақсатындағы дәстүрлі мәдени мұралардың бірі «Халықтық шипагерліктің» орны анықталып беріледі. Зерттеу бойынша ұсынылған негізгі ғылыми тұжырым-дарға келсек: қазіргі мәдениеттанудың өзекті мәселеcі – халықтық шипагерлігі тарихы алғаш рет  қазақ мәдениеті контекстінде қарастырылады; «халықтық шипагерлікті» талдауда арнайы мәдениеттанулық зерттеу ұстанымдары қазақы дүниетаным үрдістерінде тек шипалық үлгі ретінде қолданылмай, одан этномәдени қисын іздестірілді; емдеудің жоғарғы өнері – шипагерлік туралы түсінікті, оның ұлттық емшілік негізін тиянақтай түседі; халықтық емдіктің қалыптасу кезеңдері мен түрлерін (емші, бақсы, балгер, болжаушы, жауырыншы, жұлдызшы, құмалақшы, көріп-келдік, телепатия, тамыршы, сынықшы т.б.) талдап беріледі; Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіне алғаш жан-жақты талдау жасалынады, оның «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдалғы» бөлімдерінің танымдық және практикалық маңызы көрсетіледі; Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еңбегіндегі емдік әдіс-амалдар жинақталып сараланады; қазақ шипагерлігінің Орта Азия және Шығыс шипагерлігімен тұтастығы мен ұқсас жақтары және философиялық дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. Емдеу мәде-ниетінің үйлестігін талдап, оны жетілдіру және қолдану жолдары ұсынылады. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік  маңызының қажеттілігі өте құнды.

     Себебі: ем сөзден, шипагерлік сөзден басталады, халықтың шипагерлік өнері және ұлттық дәстүрімен жалғасады, медициналық біліммен және тәжірибемен жаңа сатыға көтеріледі. Зерттеуде сөздік мәдениеттің, ұлттық философия мен әдептіліктің, этнопедагогика мен этнопсихологияның емдік қасиеттері тілге тиек болды, нақты талдау тапты. Жас ұрпақтың денсаулығы мен өзін-өзі тәрбиелеу мақсатында “Халықтың шипагерлік дәстүрлері және емшілік мәдениеті” атты арнайы курс мектепте, арнайы және жоғары оқу орындарында оқылса, одан ұтарымыз мол.  Мұндай ізгі бастамалар денсаулықты жақсарту, емді сауықтыру, халық емшілерінің білімдерін көтеру жұмыстарын жандандыратыны даусыз. Осы бағыттағы ізденістер мен үрдістерді мәдениеттану, қазақ философиясы, этнопедагогика мен этнопсихология, экология, валеология, этика мен эстетика, өзін-өзі тану сияқты пәндерде пайдаланудың танымдық-тағылымдық маңызы анағұрлым зор. Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының кезеңінен бұрынғы және бүгінге дейінгі  халықтық  шипагерліктің дәстүрлері мен мәдениетін  зерттеу  және  Орта Азия мен қазақ жерінің ғұламаларының шипагерлік саласындағы еңбектеріндегі ой-толғамдарына тұңғыш рет философиялық көзқараспен   ғылыми талдау жасау, халықтың рухани мұрасын оқып үйренуге  бағдарлама  жасаудың теориялық маңызы мол және құнды. Ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіне арналған ғылыми конфе-ренциялар мен отырыстар және 2004-2008 жылдары аралығында осы зерттеуші басқарып бес рет өткізген қазақтың халық медицинасына арналған, Халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конгрестер мен форумдардың  елімізде өткізілуі, бұл шаралар қазақ халықының шипагерлігінің өз еліне ғана емес, әлемдік дәрежеде танылуына, үгіттелуіне және ғылыми жүйеге зерттеуге енуіне  ықпалы маңызды және зор болды. Осы зерттеуші  З. Қожалымов  жүз баспа табақтан артық бес жеке монографиялық еңбектердің, рухани-танымдық, ғылыми анықтамалық және талдамалық тұрғыда жазылған жүзден аса мақалалардың авторы атануы, бұдан былай шипагерлік дәстүр жөнінде ғылыми зерттеулерге теориялық және тәжірибелік  жағынан зерттеушілерге қажетті пайдалану құралы болары анық. 1998 жылдан бері зерттеушінің бағдарламасы бойынша халық шипагерлігі тарихы мен ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» медициналық  еңбегіндегі емдік және әдіс-амалдарының үйлестігі мен мәдениеттілігіне арналған сегіз түрлі тақырыпта,  отыз сағаттық  теориялық және тәжірибелік сабақтарын зерттеуші халық емшілерінің білім жетілдіру курсында емшілерге тұрақты түрде оқытып келеді. Зерттеушінің осы зерттеу тақырыбы бойынша Білім және ғылым министрлігінің арнайы ғылыми басылымдарында жеті мақаласы және басқа басылымдардағы бес ғылыми монографиялық еңбектері мен мақалалары жарияланды. Шипагерлік дәстүрдің тарихының ұзақтығын ескерсек, дәстүрді дамытушы ғалымдар мен зерттеушілер шипагерлердің философиялық танымдық ой-толғамдарын ғылыми кеңістікте зерттеп оны ғылым саласына енгізіп және пайдалану қажеттігін ұсынуы, ұлттық мәдени мұраның қайтадан гүлденуіне жол аша алады.

 

 

                               Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая