ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

Страница 1

На главную              Библиотека               Назад                 Следующая

 

 

Қожалымов Зядан

 

Шипагерлік дәстүрі

және

философиясы

 

Алматы  2009

 

 

УДК   615.89

ББК   53.59

Қ  56

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының ғылыми жиналысының шешімімен ұсынылған. 

 

 

Пікір жазғандар:        Ж. Ж. Молдабеков – философ. ғ.д., профессор

                                     А. Т. Құлсариева  - философ. ғ.д., профессор

                                     Г. Ә. Сәрсенбекова – философ. ғ.к., доцент

                                     Б. И. Абирова – философ. ғ.д., профессор

 

                  

                   Қожалымов З.

Қ  56 Шипагерлік дәстүрі және философиясы. Монография.-

                   Алматы; «Шалкөде», 2009.  - 225 б.

 

ISBN 9965-15-678-6

 

Монографияда қазақ халқының халық шипагерлігінің тарихы және Шығыс медицинасымен үйлестігі мен ғұламаларының еңбектері жөнінде, сондай-ақ емдіктің халықтық сипаты мен түрлері, XV ғасырдың ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі шипагерлік ілімінің негізін қалаудағы оның іліми және емдік әдіс-амалдары, адам биоөрісінің қуаттары мен мәдениетінің үйлестігі, рухани, медитациялық және музыкалық емнің шипасы және денсаулықты жақсарту жолы мен тазару мәдениеті жөнінде ұлттық философиялық танымдық тұрғыда ғылыми зерттеулік анықтамалар беріледі.

            Кітап халық шипагерлігін зерттеуші ғалымдарға, осы саланың қоғамдық ұйымдарының өкілдеріне, жоғарғы және арнайы оқу орындарының студенттеріне, халық емшілеріне және жалпы оқырманға арналған.

 

Жалпы ғылыми  редакциясын басқарған:

Философия ғылымдарының докторы, профессор             Ж. Ж. Молдабеков

 

Қ   4108020000                                                                                      

      00(05) - 09

                                                                                                                               УДК  615.89

                                                                                                                     ББК   53.59

 

ISBN  9965-15-678-6                                                  © Қожалымов З., 2009.

                                                                                  ©    Шалкөде, 2009.

 

 

                                              МАЗМҰНЫ

 

 Кіріспе …………………………………………………….…..…......….........15

Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары

және емдік дәстүрлері

(Шипагерлік дәстүрі және философиясы)

1  Тарау.  Шығыс және қазақ емшілігінің мәдени  үйлестігі

1.1   Емдіктің халықтық сипаты және  түрлері………………………..........29                       

1.2   Ө. Тілеуқабылұлы шипагерліктің негізін қалаушы……...….…..........67      

1.3   Ө. Тілеуқабылұлы еңбегіндегі емдік әдіс-амалдары.…………............97

1 Тарау қорытындысы. ……………………………………………............121              

2    Тарау. Емдік мәдениеттің танымдық-тәрбиелік маңызы

 

2.1 Адам биоөрісінің қуаттары мен емдеу мәдениетінің үйлестігі.............127       

2.2 Рухани, медитациялық және музыкалық емнің шипасы………...........143

2.3 Денсаулықты жақсарту жолы және тазару мәдениеті…………............170       

2 Тарау қорытындысы……………………………………………................179

 

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................184

Зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген еңбектер тізімі……........193                     

 ҚОСЫМШАЛАР:

 1.   Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлының анықтамалық емдік және

әдіс-тәсілдері бойынша бейнелік нұсқасының  кестесі…….......................196

2. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының халықтық шипагерліктегі

анықтамалары...........................................................................................203

3.   Ө. Тілеуқабылұлының қолданған емдік және

әдіс-тәсілдеріндегі шипагерлік терминдері сөздіктері тізімі .......................206

4.  Халық шипагерлігі мен Ө. Тілеуқабылұлының емдік және

әдіс-тәсілдерінің үйлестігі мен мәдениеттілігіне

арналған оқу үйрену курсының бағдарламасы.........................................210

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………...................216     

 

 

 

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» (Шипагерлік дәстүрі және философиясы) атты ғылыми еңбегіне

 

ПІКІР

 

Қожалымов Зядан бұл ғылыми зерттеулік тақырыпты қолға алардан бұрын ұзақ жылдар бойы өзі тікелей халық шипагерлігімен айналысқан, Қазақстандағы халық емшілерінің қауымдастығын құрып, оларға басшылық жасап келген, оның үстіне Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) мұрасын жан-жақты зерттеп келе жатқан өмірлік-кәсіби  дайындығы бар зерттеуші екенін арнайы атап өткім келеді. Ойымыздың дәлелі ретінде, зерттеуші бірнеше кітаптың авторы, «Қазақстан халық емшілері  қауымдастығының» президенті лауазымында бірнеше халықаралық конгресті ұйымдастырушы екенін еске салсақ, онымыз орынды болар.

        Еліміздегі денсаулық мәдениетінің қалыптасуына Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының емшілік сауаттылығы мен шеберлігі үлкен орын алғанын біз философтар соңғы кезде ғана, онда да шағын ортада біліп жатырмыз. Бірақ осы ғұлама ғалымның және емшінің еңбегі ғылыми тұрғыдан, мәдениет  философиясының деңгейінде талданбай келді. Оның басты себебі ғұламаның «Шипагерлік баян» еңбегі энциклопе-диялық жанрда, арнайы ұғымдық  деңгейде, түрлі ғылым тоғысында, көне ұмытылған тіл желісінде жазылған. Сондықтан медиктер, тіл мамандары, педагог-психологтар, философтар осы еңбектің  кейбір тарауларымен және қағидаларымен шектелуде. Бұрынғы ізденулер мемлекеттік немесе методологиялық жалпы талдау деңгейінен асып кете алмады.

    Бұл зерттеу халықтың шипагерлік мәдениетін және Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянын» бір-лестіре зерттеп отырған алғашқы философиялық зерттеу жұмысына жатады. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емдеу мәдениетіндегі энциклопедист-ғалым, шығыс  медицина-сының ғылыми-ұлттық жүйесін қалыптастырушының біре-гейі. Тұлғаны шығыс медицинасы мен емшілік дәстүріндегі «екінші Ибн Сина» деуге тұрарлық. Осы бағытта насихат және ғылыми жұмыстар тіптен мардымсыз жүргізілуде. Зерттеуде бірінші тарауы «Шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі» деп аталынады. Онда емдіктің халықтық сипаты мен түрлері, шипагерліктің негізі мен емдік әдіс-амалдары қарастырылады.

        «Емдік мәдениетінің танымдық-тәрбиелік маңызы» деген екінші тарауда адам биоөрісінің қуаттары, рухани, медитациялық емнің шипасы, денсаулықты жақсарту жол-дары арнайы талданылады.

        Зерттеудің идеялық-теориялық және қолданбалы бастау-лары мыналар: шығыс-тибет медицина жаңалықтары, әл-Фараби, Ибн Сина және т.б. Орта Азия ойшылдарының тақырыпқа қатысты қағидалары, Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлының мұрасы, халық емшілерінің түрлері мен тәжірибелері, қазіргі медик ғалымдардың тақырыпқа қатысты ой-тұжырымдары. Осы бағыттар мен деңгейлердің өзі зерт-теушінің көп мәселені қамтығанын, шипагерлік мәдениетінің өзекті, тың мәселелерін көтергенін аңғартады.

        Адамның тазару мәдениетін қалыптастыру немесе соған ықпал ету мақсатында зерттеуші төрт қосымша кестені - Ө. Тілеуқабылұлының бейнелік нұсқасы, халықтық шипагер-ліктегі анықтамалар, шипагерлік терминдер сөздіктері тізімі және шипагерлікті оқыту бағдарламасы беріледі. Әр кесте ғылыми танымның өзіндік объектісі ретінде талдауға тұрар-лық, тың мәселелер.

        Зерттеу тақырыбының түйінді мәселелері өзіндік танымдық-әдістемелік шешуін тапқан. Зерттеуші қойылған мақсат-міндеттері бойынша өз ойларын тиянақты жинақтай және жүйелі жеткізген деуге болады.

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Халықтық шипагер-ліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» атты зерттеуі өзінің құрылымы жағынан сабақтас, философиялық деңгейі жағынан ұғымды, тартымды және мазмұнды тың жұмыс. Бұл зерттеудің ізденісі де философиялық ой жүйесі бойынша  қарастырылғандықтан да, еңбекті лайықты іргелі жұмыс деп есептеймін.

 

 

 

Ғылыми жетекшісі,

философия ғылымдарының докторы,

ҚазҰУ философия тарихы және мәдениеттану

кафедрасының профессоры                                                                Молдабеков Ж.Ж.

 

 

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» (Шипагерлік дәстүрі және философиясы) атты ғылыми еңбегіне философия ғылымдарының докторы, профессор Ақтолқын Құлсариеваның

 

ПІКІРІ

 

Жұмыстың тақырыбының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өзектілігі еш күмән келтірмейді, өйткені өткен мәдени тарихының тыныс-тіршілігін енді саралауға, онда да болса там-тұмдап азды-көпті жинақталған аз ғана деректерге сүйене отырып қайта қалпына келтіруге тырысу – нағыз ғылымның да, нағыз елжанды азаматтың  да міндеті. Оның үстіне, қазақ мәдениетінің шығыстық мәдениет арнасындағы бастапқы тарихы да өзіндік индентификация іздеген қазіргі таңдағы қазақтарға түп тамырға жол көрсеткендей. Зерттеу Ө. Тілеуқабылұлының жарық көрген еңбегі негізінде, оның жалаң шипагерлік шығармашылық емес, дүниетанымдық, мәдениеттанымдық, адамгершілік-иманды-лық әлеуетінің барлығын көрсету  әрі қазақ шипагерлігінің мәдени бастауын анықтайтын жан-жақты шығарма екендігін дәлелдеу тұрғысынан жазылған.

Меніңше, зерттеуші қазақ шипагерлігінің мәдени бастауларын шығыстық дәрітанумен байланыстыра білген. Дегенмен, мәселені тереңнен қазбаласа артық етпейді. Сонымен бірге емшілік баян түп тамырымен мифологиялық сана аясында қалыптасқан дүние. Ал жұмыстың тарихи-ғылыми маңызы зор «Шипагерлік баян» деген Ө. Тілеу-қабылұлының шығармасына герменевтикалық талдау бере отырып, оның қолданған ұғымдарының «алты өзегі тұғыр», «түп негізі тиянағы», «кеңістік», «тұрақ» және т.б. сынды ұғымдарын философиялық категориялар деңгейінде ашып көрсетсе зерттеу одан әрі өзінің ғылыми тұғырына шығары анық болады.

Сайып келгенде, ешкімнің бұл жұмыстың шипагерлік саласындағы философиялық-мәдениеттанымдық алғашқы жұмыс екендігіне күмән келтіруге болмайды. Жалпы зерттеу жұмысының сұлбасы белгіленіп тұр, сондықтан да бұл еңбек ғылымдағы өз орнын табады деп білемін.                                                                                                                    

                                                                                                                                          

Философия ғылымдарының докторы,

ҚазҰУ профессоры                                                             Құлсариева А.Т.

 

 

 

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» (Шипагерлік дәстүрі және философиясы) атты ғылыми еңбегіне

ПІКІР

Қожалымов Зяданның «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» атты зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеуші зерттеуде қазақ халқының шипагерлік мәдениеті, тарихы, емдік дәстүрлерінің шығыс шипагерлігімен ұқсастығы мен сабақтастығын ғылыми тұрғыдан саралауды мақсат етіп қойған. Осы жолда XV ғасырдағы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектерін философиялық мәдени танымдық тұрғыдан қарастыруға тырысқан.

Тақырыптың мәнділігі қазақ халқының шипагерлік өнерінің өткені, бүгіні мен болашағына философиялық көзқараспен келуді мақсат етіп қойылғандығынан көрінеді. Зерттеуші халық шипагерлігін ғылыми тұрғыдан қарастырып, зерттеу объектісіне айналдыруда медик ғалымдар
Е. Оразақов, С. Қарынбаев, С. Суханбердин, М. Қожабеков, Ә. Айбақын, З. Шашкин есімдерімен байланыстырады.

         Қожалымов Зядан зерттеу міндеттері етіп емдіктің халықтық сипаты мен түрлерін ашып, олардың эволюциялық кезеңдері мен бағыттарын саралауды; Өтейбойдақ Тілеу-қабылұлы шығыс шипагерлік дәстүрдің ғылыми негізін қалаушылардың бірегейі екендігін, оның емдік әдіс-амалдарының арқауын айғақтауды; емдік мәдениеттің танымдық-тәрбиелік маңызын, адам биоөрісі қуаттарын ашып беруді; рухани, медитациялық музыкалық ем, денсаулықты және тазару мәдениетін жақсартудың жолын дәйектеуді; қазіргі жаһандану үрдісіндегі Қазақстан Республикасы мәдениетінде инновациялық дәстүрлі мәдени мұралармен үйлестіру мақсатында «Халықтық шипагерлік» сияқты шипалық дәстүрінің мәдени және тарихи формаларын жан-жақты талдауды қойған.

         Халықтық шипагерлік тәжірибесінің ұлттық дәстүрмен, медициналық біліммен байланысын еске ала отырып, жас ұрпақтың денсаулығы мен өзін-өзі тәрбиелеу мақсатында алатын орны бар екендігі аян.

         Адамның ең басты байлығы – денінің  саулығы екендігі белгілі. Ата-бабаларымыз ертеден-ақ денсаулықты сақтауды, аурудың алдын-алуды, емделу жолдарын іздестіріп тауып, байытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Шипагерлік – дәстүрлі өнер түріне жатқызар болсақ, онда шипагерлік тарихы, дамуы зерттеліп, бір жүйеге түсірілмеген ұлттық дүниетанымның, ақыл-ой даналығының, денаулықты қорғау мен емдеудің және мәдени дәстүрлік өнерінің негізгі тірегі деп болжауға алып келетін мәдениеттанулық тұрғыдан қаралған зерттеулік ізденісте талпыныс байқалады.

         Қожалымов Зяданның «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» атты зерттеуі бұрын зерттелмеген, кең ашылып, толық бір арнаға түспеген тың тақырыптардың қатарына жататындығын ескерсек, зерттеушінің алдында көтерген тақырыпты мәдени-философиялық тұрғыдан жан-жақты саралап, ғылыми негіздерінің көздерін аша отырып, толықтыра түседі. Зерттеуші алдына қойған мақсатына толыққанды жетеді деген ойдамын.

 

 

Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің

доценті, философ.ғ.к.                                                  Г.Ә. Сәрсенбекова

 

                               Главная                Библиотека                Назад               Следующая