ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

 

 

 

 

На главную          Назад         

   
pic  pic

 

ЖАҢА ҒЫЛЫМИ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

   Жақында ҚХЕҚ-ның «Шалкөде» баспасынан зерттеуші ғалым философ З. Қожалымов мырзаның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми монографиялық еңбегі жарық көрді. Монографияда қазақ халқының халық шипагерлігінің тарихы және Шығыс медицинасымен үйлестігі мен ғұламаларының еңбектері жөнінде, сондай-ақ емдіктің халықтық сипаты мен түрлері, XV ғасырдың ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі шипагерлік ілімінің негізін қалаудағы оның іліми және емдік әдіс-амалдары, адам биоөрісінің қуаттары мен мәдениетінің үйлестігі, рухани, медитациялық және музыкалық емнің шипасы және денсаулықты жақсарту жолы мен тазару мәдениеті жөнінде ұлттық философиялық танымдық тұрғыда ғылыми зерттеулік анықтамалар беріледі.

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

      Ғылыми монография баспаға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының ғылыми жиналысының шешімімен ұсынылған. Монографиялық еңбектің ғылыми жетекшісі және жалпы ғылыми редакциясын басқарған философия ғылымдарының докторы, профессор Ж. Молдабеков. Пікір жазғандар ҚазҰУ-нің профессорлары, философия ғылымдарының докторлары Ж. Молдабеков, А. Құлсариева, Б. Абирова Г. Сәрсенбекова. Кітап халық шипагерлігін зерттеуші ғалымдарға, осы саланың қоғамдық ұйымдарының өкілдеріне, жоғарғы және арнайы оқу орындарының студенттеріне, халық емшілеріне және жалпы оқырманға арналған.

 

 

 

 

Скачать казахский шрифт  Kazakh fonts

 

    стр1          стр2          стр3          стр4          стр5          стр6          стр7          стр8          стр9          стр10        стр11        

 стр12      стр13         стр14        стр15        стр16        стр17