ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

Страница 16

На главную              Библиотека               Предыдущая                 Следующая

 

pic

 

pic

pic

pic

1- тақырып.   Арнаулы дәрістің негізгі идеясы мен мақсаттары және оның тарихи маңызы.

 Арнаулы халықтық  шипагерлік дәстүрлері мен  мәдениетінің рухани өркендеу жолдарының тарихи кезеңдеріне  жеке – жеке талдап тоқталу.  Ел тарихындағы есімдері белгілі болған ғұламалар мен ғалымдар еңбектерін саралау. Оның адам денсаулығына тигізер пайдасына,  халықтық  шипагерлік мұрасын дамытудағы  ұлттық философиялық  таным мен  ғұлама ғалымдардың философиялық  көзқарастарына  талдау жасау т.б.      

11 – тақырып.  Қазақ ұлтының халықтық шипагерлігінің  «өткені, бүгіні, болашағы»  және сипаты мен түрлері туралы арнайы  талдау жасау.

        Ө. Тілеуқабылұлының кезеңінен бұрынғы және бүгінге дейінгі халықтық шипагерліктің дәстүрлері мен мәдениетінің өркендеуі және болашағы туралы  ғылыми анықтама жасау.

       Қазақтың халық шипагерлігінің Орта Азия мен Шығыс шипагерлік  өнерлерімен өзара байланыстық ұқсастығы. Ғұламалар  әл – Фараби, Жүсіп Баласағұни,  Ибн  Сина  т.б. еңбектерінің халық шипагерлігін өркендетудегі ролі мен маңыздылығы  және Ө. Тілеуқабылұлы еңбегімен өзара  байланыстық  ұқсастығы мен жақындығы.

        Бүгінгі қазақ ғалымдарының халық шипагерлігі туралы жазылған еңбектерін таныстыру, талдау жасау және олардың жекелей ой толғауларын да баяндап өту. Халық шипагерлері саналатын емдері дарымды әрі болжамалы  емші, бақсы, балгер, болжаушы, жауырыншы, жұлдызшы, көріпкел, құмалақшы, оташы, тамыршы, дәрі – дәрмек жасаушы т.б.  тәуіптік атауларға жеке – жеке  анықтамалық талдап түсіндіру мен шипагерліктің емдік әдіс – тәсілдерімен таныстыру.

 

 

111 –  тақырыпӨ. Тілеуқабылұлы халықтық шипагерліктің негізін  қалаушы

          Ө. Тілеуқабылұлының өмірбаяны мен  ғұламаның «Шипагерлік баян»  еңбегінің жазылу тарихы.  Сол  кездегі қоғамдық жағдай.  Ө.Тілеуқабылұлының шипагерлік салада ірі ғалымдық тұлғаға  айналуының ең басты  жетістіктері.

       Ө. Тілеуқабылұлының ғұламалық дәрежеге жеуіне басқа ұлттар мен ұлыстардың  шипагерлік өнері мен Орта Азия мен Шығыс ғұламалары еңбектерінің әсері.  Шипагердің басқа ғұламалар еңбегіне жеке көзқарасы. Шипагердің Фармокология ғылымына  қосқан үлесіндегі оның  дәрілік өсімдіктерден, жан – жануарлар мүшелері мен металл-металлоидтар жинап олардың қоспасынан емдік дәрі – дәрмек жасаудағы, пайдаланудағы және сақтаудағы білімділігі.  Рецевтік тізбелері.

       Шипагердің  ауруды анытау мен  шипалық ем – домының әдіс – тәсілінің молдығы мен сапалылығы және жеке жауапкершілігінің шеберлігі. Адамдардың арасында үсіген, үсіп немесе күйіп өлдіге есептегендерді құтқарудағы  емдік тәсілдері «Малма», «Тұншықтырма» әдістері.

    Ө.Тілеуқабылұлының емшілікке берген бағасы мен шипа-герлерді  емі дарымды және болжамалы  деп бөлуінің  ғылыми ерекшелігі. Сырқаттың пайда болуының он екі себепкері, арқау мен қуаттардың ауытқуы, «Шипагерлік баянның» тәлім – тәрбиелік маңызы: 7 ге тиіспеу, 41 ге жұғыспау, 12 ден айырылмау, 7 әулие, 41 ырыс жөнінде.   Сырқатты анықтаудағы тәжірибелер.

1V – тақырып.   Ө.Тілеуқабылұлы еңбегіндегі  емдік  әдіс – амалдары   және  шипагерліктің үш шыңы

        Ө. Тілеуқабылұлының еңбегіндегі емдік  әдіс – тәслдердің  түрлерінің қарапайым және ғылыми ерекшеліктері.  Шипа-герліктегі емдік тер шығару, ұқалау, бұлау және сырқатты анықтау жолдары туралы. Шипагерліктің үш шыңы (Қанықталғы,  «Нарықталғы», «Дарымдылғы») және алты белесі.   Сырқаттың пайда болуына он екі түрлі себепкерлік  әсерін  білу (райлық, алмасымдық, ұшықтық, жұлдыздық,  сөлдік, қуаттықтық, ыстықтық, суықтық, жазымдық, қаһарлы, заһарлы. Қаһарсыз т.б). Ғұламаның өсиетнама-ларын емдік жүйеге пайдалану тәсілі. Тұқым тазалығының денсаулыққа  пайдасы.  Хан жарғысы.  Ө. Тілеуқабылұлының сырқатты  анықтауы мен емдеп жазуының ғылыми ерекшелігі.   Және оны тәжірибелік түрде іске асыру.    Көз бен тіл сұғының зияны және одан емдеу жолдары.  Сырқатты анықтаудағы үш себепкері:  «буылма себепкерлер» -  жұқпалы аурулар,  «туылма себепкерлер» - іштен кемтар туу, «қуылма себепкерлер» -  тұқым қуалайтын ауру   түрлеріне анықтама беру.  Жүрек, ми, тіл, сөл, құрт(микроб) атауларына талдамалар. 

        Сырқатты анықтаудың әр түрлі жолдары және диагноз  қою тәсілдері.  Тағамдық емдік рецептер.  Емдік дарымдаудың сандық шипалық ұйқаштары.   Емдік  дәрілер мен рецевтер тізбесі. Ө.Тілеуқабылұлының емдік әдіс – тәсілдерін  тәжірибе жүзінде пайдаға асыру жолдары.

V – тақырыпӨ.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянның» әлемдік ғылымда  алатын орны

        Ғалым – шипагер Ө. Тілеуқабылұлының  энциклопе-диялық медициналық еңбегі «Шипагерлік баянның»  әлемдік және қазақ елінің ғылымына қосқан он бестен аса жаңа-лықтары мен  философиялық тұжырымдарын  жеке –  жеке  талдап  әрі салыстырмалы  анықтамалар арқылы нақтылай ғылыми сілтемелер жасау. Ф.Энгельстің тіршіліктегі мате-риалды алмасуы мен дамуы көзқарасы мен ағылшын шипагері Эдвард Женнердің  шешекке қарсы вакцина егу жаңалығы және Да Винчи, В. Гарвери, Галилейдің ми мен жүрек қызмеіндегі қан айналу қызметіне байланысты тұжырым-дамалары  мен  П.Ивановтің сумен емдеу  әдісі, сондай- ақ, т.б. ғылыми жаңалықтардан бір және үш ғасыр бұрын осы тұжырымдамаларды шипагер Ө. Тілеуқабылұлының ашқаны туралы ғылыми  тұжырымдама жасау мен түсіндіру.

     Ө. Тілеуқабылұлының астрономия жөніндегі, жылдық төрт мезгілі мен тәуліктік  өзгерім туралы, жыл, ай, апта және күн аттарына сипаттамасы туралы,  шипагерлік сандық құпия мен мүшелі жастың ерекшелігі және адамгершілікке, иманды-лыққа, қайырымдылыққа, әдептілікке, отан сүйгіштікке жол сілтейтін 91 – ді жеуден тиым, 85- ді теуден(ішуден – З. Қ) тиым, 7 -ге тиіспеу, 41 -ге жұғыспау және 12 -ден айырылмау, 7 әулие және 41 ырыс туралы тәрбиелік  тұжырымдамаларына анықтама беру. 

V1 – тақырып. Адам биоөрісінің қуаттары мен емдеу мәдениетінің үйлестігі

Адам биоөрісінің қуаттарының ролі мен түрлерінің ерекшеліктері.

Нұр көздері (Чакра) туралы түсінікте беру. Тұлғалық қалыптасу. 

       Қытай медицинасындағы «Өмір қуаты»  есептелетін  Ин(физикалық қуат) және  Ян(жүйке – жұлын қуаты) қуаттарына анықтама.   Шипагерліктегі емдеу мәдениетінің ролі.

       Шипагерлік  тұлғаның  білімділігі мен мәдениеті.  Ұлттық шипагерлік өсиетнама туралы. Шипагердің өз қызметіне жауапкершілігі. 

 

 

 

Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая