ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ғұламаның осы тұжырымдамасы туралы медицина ғылымдарының докторы, ҚазҰМУ профессоры А. Рақышев өзінің «Жүрек – тамыр жүйесіндегі атауларды қалып-тастырудағы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еңбектерінің маңызы» атты ғылыми мақаласында: «Осыдан бес ғасыр бұрын жазылған еңбектің көшіріліп, қолдан қолға өтіп, үлкен бір бөлігі жоғалып кетсе де, медициналық ежелгі сөздер мен атауларды сүзу тұрғысынан келгенде «Шипагерлік баянның» алар тағылымы мол»- деген [48, 10 б.] ғылыми анықтамалық пікірін білдіреді. Шипагер сырқаттық пендені науқастандыратын әрі сырқатын қоздыратын себепкерлері: «Ырайлық, Алмасымдық, Ұшықтық, Жұлдыз-дық, Сөлдік, Қуаттықтық, Ыстықтық, Суықтық, Жазым-дық, Қаһарлы, Зәһарлы, Қаһарсыз себепкерлер болып жіктеліс таппақ»-деп [1, 143 б.] іліми негізде тұжырымдайды. Дерттің тууына, асқынуына себепкерлерге жеке-жеке анықтама беріледі. Мәселен, Жазымды: Көзелік, Болжамдық, Болжаусыз, Пәлелік жазым деп бөлуі де шипагердің әдіс-амалдарының іліми негізді басшылыққа алғанын аңғартады.
Ғалым-медик Ә. Нұрмұхамбетұлы ««Шипагерлік баян» - ел мұрасы» атты ғылыми мақаласында былай пікірін білдіреді: «Табиғи құбылыстар адамдарға әр түрлі әсер ететіндігін, созылмалы науқастардың сырқатын қозғап, қоздыратынына Өтекең назар аударған. Тымық да бұлыңғыр да қыздырма ыстық қанды пенделер үшін, көктем және күз қатер болмақ - деп есептейді. Ал күннің шуағы адам жанын рахатқа бөлейтінін, кейбір ауруларға пайдалы екенін айтады. Осы жерде табиғат өзгерісі науқас адамдарға көп әсер ететіндігін байқаймыз» - деген [49, 145 б.] көзқарасы мен Өтейбойдақ бабаның ой болжамымен сабақтастығын аңғартады. Адамның сырқатының да пайда болуының себеп-салдары болады. Бұл өмір заңдылығы.
Ғұлама шипагер Ө. Тілеуқабылұлы: «Адамның денесіне сырқаттың, зақымдық науқас қондырым, құзғындатым, тудырым болатын құрттар» [1, 102 б.] - деп, дерттің пайда болуын денеге құрттардың енуімен түсіндіреді. Шипагер дерттің себепкерлері құрттарды екіге ажыратқан: көзге көрінетін және көзге көрінбейтін. Кез келген сырқатты тудыратын көзге көрінбейтін құрт - түріне байланысты әр түрлі болады. Себебі әр кеселдің белгісі әр түрлі. Құрт біреу болса ауру түріде біреу болып, емдеу әдісі де біреу болар еді, дейді шипагер. Сол кезде көзге көрінбейтін денелердің бар екенін көзбен көрмесе де сезіп білген. Шипагер өз тұжырымын тәжірибелік ем-домына сүйене айтқаны оның «Соңында сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген талғамдық танымынан байқалады.
Бабаның бұл жаңалығы жөнінде медицина ғылым-дарының кандидаты, республикдағы туберкулез ауруы жөніндегі ірі маманы, ғалым Бекен Тұрсын ғылыми анықтамаларға сүйеніп былай дейді: «Шипагер болжа-мындағы бүгінде микроскоптің көмегімен қана көре алатын микроптар екенін қалай аңғарғаны таңғалдырады. Еуропа ғалымдары Р. Кох, Менделштами тағы басқалар бұл жаңалықты үш ғасырдан кейін жариялаған» [50, 55 б.].
Адамның ауруын дұрыс анықтап, емін дұрыс жасамаса жазылмас бейнет. дұрыс анықтамай, ем қонбаса соңы ажалмен аяқталмақ деген Шипагер баба дұрыс болжам жасап, көрегендікпен айта білген. Қарапайым далалық зертха-насында осындай жетістікке жеткен далалық ғалым шипагер Ө. Тілеуқабылұлының ашқан ғылыми жаңалықтары мен философиялық толғамы, бүгінде қанатын қағабастаған халық шипагерлігінің өркендеуіне құралдық күші мен қуатына айналуда.
Шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жеті рет ойланып барып, бір рет шешімін қабылдаған, өз ісіне қатал жауапкершілікпен қарайтын, адам денсаулыығының ақауын қалпына келтіруде ақыл – ой парасатын шипагерлік жолына арнаған, өзіндік шешімі, ойы, сезімі мен талғамы бар ғалым шипагер. Ол ең бастысы қазақи емдік стилді байыта отырып жеке армандарының мақсатына жеткендігін өз сөзімен дәлелдеп бере алды. Ғалымның болжамы бойынша, денеге енген құрттар жайласып алған соң адамды дертке шалдықтырады деген болжамы, осы заманғы медицина ғылымы дәлелдеген ғылымнамалық тұжырымдардан ешқан-дай айырмасы жоқтығын, ұқсастығын, идеяларының бірлігі бірегейлігін білдіреді.
Шипагер мінсіз тіршіліктің жалғасы суды көп ішу, қанның қызметін жақсартады, ал шәй ішсе ол денені босатады, терлетеді, сергітеді және қанның жүруіне пайдалы екенін саралайды. Шипагер өз ойын еркін айтуға, нақты дәлдеме беруге бағыттайды.
Дерттің белгісіз түрлерінің кейбіреуі / көбінесе жас балалар да / тіл сұғы мен көз сұғынан болатынын сол кезде – ақ, шипагер баба өз болжамын айта білді. Шипагер былай дейді: «Көз сұғы бар адамның көзі ішінде не көзі маңайында қара қал не меңдіме көз көрігі болмақ. Оның көз қаршығы жалынды, қарауы сұқты, өткір. Жанары қара болмақ». Ал, « тіл сұғы барлардың аузы айналасы, ерін, ұрт маңында меңдіме не қалы болмақ. Тілінде өте – мөте өзектік тілінде теңбіл не қалсүрей болмақ»- деп болжайды [1, 146 б.].
Осындай көзі мен тілінде сұғы бар адамдардан ірі мөлшердегі кері әсерлі қуаттар бөлініп шығып, сұқтанған адамының не жас баланың денесіне енгенде оның ағзаларына кері өзгеріс жасап, өте қауіпті дерттер пайда болатынын қараүзген шипагер нақ көзімен көргендей анықтама мен тұжырымдамасын жасайды. Жас баланың денесінің қарсы әсерлі күшке кері қайтару күші өте аз болады. Қарсы күштер жас баланың денесінің белсенді нүктелерінің қызметін нашарлатады, қабілетсіз жағдайға да әкеледі. Бұл көз бен тіл сұғының өте қауыпты екенін білдіреді. Ғалым шипагер дертті қайтарудің емдік жолын да айтып, ал дерт қайтса оны тудырған сұқты адамда қырық күнге дейін оңала алмай, «Жынын алдырған бақсыдай» [1, 146 б.] болып сүміреймегі шарт - деген болжамын жасайды.
Шипагер аурудың негізгі түп себептерін «буылма себепкерлер» [1, 142 б.] - жұқпалы аурулар, «туылма себепкерлер» - іштегі баланың кемтар тууы, «қуылма себепкерлер» - аурудың тұқым қуалауы деп бөліп анытамасын береді. Әз Жәнібек ханның алдында шипагер Ө. Тілеуқабылұлы ханның сауалына былай жауап қайырады: «Дат Тақсыр! Төрт атадан аспаған рулар арасынан қыз алысқандардың қаны азғанды көзім көрді. Сондықтан жеті атадан ары қыз алыспақ шарт. Отыз - қырық ата араласса ұрпақ ақылды болмақ. Сырт елден қыз алысса ұрпағы зейінді, өнерпаз, аңғарлы болмақ. Дәт Тақсыр! «Алла сақтансаң сақтаймын » деген, жат төсектік, жеті атаға толмай қыз алысу, беттен сүю ұрпақ тазалығын сақтамайды. Неше түрлі жазылмас ауруды туғызады. Тұқым тазалығы болмайды» - деген ұсынысын айтады [1, 142 б.].
Ғұлама шипагердің бұндай ұрпақ тазалығы жөніндегі танымдық ғылыми ойы, хан тарбынан қолдау тауып, ханның: «жат төсектік, жеті атадан ілгері қыз алыспау, беттен сүіспеу, тазалық тағы басқалар жөніндегі» - Жарлығын шығартуы [1, 143 б.], ханнан «Қараүзген шипагер» атағын алуы, қазақ халқының таза тұқымдығын әлемдегі жағыз ғана таза қанды халыққа айналдыруы, бабаның дана көреген ғалым шипагер екенін және заң ғылымына арнап алғаш «Жеті жарғы» негізін жазғанын оның ғұламалығын аңғартады. Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы аурудың туу себептерінің негізгі түп себептері мен қатар қосымша себептері барында зерттеп, анықтап өз тоқтамын жасаған ұлттық ұғымы мол, тәжірибеге бай ғалым болды.
Кейде ауру: «ұшынудан, сескеністен, жиіркеністен, шошынстан, күйіктеністен, торығыстан, үрейленістен, кектеністен, өкініштен, түршігістен пайда болса, қатты шаттаныс, қуаныс, сүйіністен» денсаулыққа зиян келтіретініне [1, 150 б.] зор мән берген, талғамдық ойын ғылымға қосқан нағыз қараүзген шипагер екенін аңғартады. Шипагер сескеніс туралы ойын былай түйіндейді: «Байқамса, сырқат астан. Оның түбі ажал шащқан, тым болмаса бейнет басқан» [1, 118 б.]. Ал шошыну туралы: «Ойыннан от шықпақ. Шошыну қауіпті. Әйелдер нәзік жандар» - деп [1, 119 б.] шипагерлік тұжырымын ескертеді. Бір басында ғылыми білімі мен тәжірибелері мол ғұлама шипагер адамның денесіндегі бөлінетін: «тер, қақырық, түкірік, шырылма несіп, бейжарақ, нәжіс сияқты зат-тардың түсіне, аз–көп бөлінуіне, қою, сұйықтығына байланысты да ауруды анықтауға болады» - дегені, осы заманғы медициналық құралдар көмегі мен ауруды анықтау әдіс–тәсілдеріне өте жақын, ұқсас, үйлесімді келетінін аңғартады. Ғұлама баба кезкелген адам ауруын жасырғанмен түрінен, сөйлеген сөзінен, қимылынан, іс әрекетінен, күлкісінен, тамақ ішуінен, ұйқысынан, естуінен, атқа отырысынан да байқауға да болатынын түсіндіріп, болжам-дық ойын қорытады.
Ғұмырлы шипагер адамның ауруын шие ағашының өсуімен салыстырады. Адамның да сырқаты шие ағашын көшіріп еккенмен бірдей – дейді. Ол салыстырмалы заңдылықты басшылыққа ала отырып, шие өскінінің бүлініп үзілуі-адамның кемтар болуы, қайта көктеуі–кеселін дәл анықтап емдеп жазылуы. Шие сабағының қурауы ажалдың келуі деп тірі организмдердің тіршілік ету заңдылықтарының ұқсастығын диалектикалық ұғымдарды сақтай отырып, ұлттық этникалық философиялық танымымен тұжырым-дайды.
Шипагер науқастың «нарықталығы» жөнінде оның белгілерін науқастық әйгіленім және сырқаттық әйгіленім деп бөліп былай баяндайды: «Әрқандай пенденің өзінің сырқаттанған науқас екендігін сезуі – науқастық әйгіленім делінбек». Ал науқастың арманы: «Әттең, сауықсам, бейнеттен тез айықсам» десе, шипагер: «қайтсем сырқаттан науқасты айықтырамын»- дейді [1, 207 б.]. Шипагердің ос ұсынысы арқылы тыныстастық, тағдыр-ластық, өзара жанашырлықтық арманды үміт ұласқан, нағыз адамгершілік болады деген, сырқат адам мен шипагер арасындағы ұғыстық , жауапкершілік қажеттігіне терең мән беру қажет деген тұжырымдық ой толғауын аңғартады. Сырқаттың анықтау жолдары туралы ғалым медик Қ. Ботбаев: «Ауру дегеніміз – адам организмі ағзалары қызметінің бұзылуы, ішкі, сыртқы себептерден олардың толық жұмыс қабілетін көрсете алмауы, жалпы организм қызметінің бөгелуі не тоқталуы»,- деген ой тұжырымын жасайды [51, 17 б. ]. Бұл да көне заман шипагері мен осы заманғы шипагерлердің ойларының, танымының үйлестігін көрсетеді.
Ғұлама шипагер адамның сырқатын нарықтау үшін адамның дене мүшелері атауын білуге өзіне басты міндет ете білген. Ол өзінің шипагерлік қызметін адал атқару үшін, адамның денесінің көрінетін он екі мүшесі мен көрінбейтін он екі мүшесінің 420 дан аса анатомиялық атауын атап көрсетті. Өтекеңнің: «Әттең көре алмаймын, адамның ішін көретін айнам болса екен» - деген шипагердің арманның бүгінде орындалуы, шипагердің өте білімділігін, арман-шылдығын, ғаламат көреген, болжампаз болғанын дәлелдей алады.
Ғалым шипагер сырқаттық әйгіленімнің 24 түрін айқындап, сырқаттық әйгіленімдердің ішінде тамыр соғуының неше алуан соғуына ерекше мән береді, «білім тіккеуікпен құдима қазғанмен бірдей» [1, 247 б.] / білім алу инемен құдық қазғандай – З.Қ. / - деп, шипагерлік саласы ілімінің күрделі, өте жауапты екенін ескерткен ойы түйіндейді.
Ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерліктің биік шыңына көтерілгендігін, оның шипагер шеберлігі «Ат байламдық» аңғарым уақытында кездескен не іздеп келген сырқаттың сыртқы көріністік бейнесіне қарап-ақ, оның сырқатына анықтама берудің екі жүзден аса әдіс-тәсілін тізіп көрсетуі ғалымның ғұламалығын аңғартады.
Мәселен, Бір иығы түсінкі түйкілімі: бұғансы тайған, шыққан. Аузы бір жағына қисайғылар түйіткілігі: пері қаққан, зақымдық жазым, ара тақылеттілер шаққан т.б. Тізгін ұшымен шауып келе жатса: құтырған, не қашқан, не хабаршы, не жау, шабарман, не аттандық сақ болмау керек. Бір қолы дірілдесе: зақымдық жазымдық, шығулық. Аузын ашқанмен үні естілмесе: үн біту, әлсіремелік, зақымдық. Албаты сөйлесе: мұңлы, құтырық, еселаң, қояншық, милау. Тұла бойы оттай қызса, қышымаса: шешек болмақ. Тершеңдік: әлсіздік, тұлғалық ніл мен арқаулық ширық ұштасымсыздығы. Еркектердің кеуде және жонында түк болса: арқау ширығы күшеймелі, батырлық, аңғалдық, нысаналы әулиелік. Ұрғашылар жонында, кеудесінде түк болса: батыр тұқымы, батыр ұл тумақ. Өзі де ер жүрек болмақ. Сасық иіс болса: іріңдеулік, құлғаналық, мерездік, жарақаттық. Бұғып отырып қалғандар: ұшынымдық атпалы бұқпа не толғамдық құлық тақылеттілер.
Албыраулық: лапылдақ қыздырмалық тағы сол сияқты ғалымның анықтамалары белгісін іліми бағытта анықтап түйіндеуі, ұлттық шипагерлік ілімін дамытқан, филосо-фиялық заңдылық негізінде ашқан жаңа ғылыми жаңа-лықтары екені байқалады. Шипагердің сырқаттың нарық-талғы әйгіленімдерінің дертін тілдің бетінің әр түрлі өзгерістеріне де қарапта анықтаудың, оның ішінде өңездік тілдің 16 және өзектік тілдің 8 түрлі өзгерістерін айқындап анықтайды. Мәселен, тіл ұшы үшкір болса, өкпеде шалдамалық бейнеленбек. Тіл ұшы доғал болса, қазан толмастық сырқат өкпелік шалдамамен ұласпақ. Ең кішкенесі: «Жақсы лепес - жарым ырыс» - дейді. Ғұлама шипагер Өтейбойдақ баба тіл туралы мынандай филосо-фиялық анықтама береді: «...Тіл көрнегі – шірек, тіл құндыздығы – тірек, тіл ұшы - мияк пен жүрек, тіл түбі – білек, жағалауы - өкпе, сағалауы - талшық қорек» [1, 260 б.]. Ғұлама түйіндемесі бойынша: адамзаттың табанынан тік басып тұрмағы, еркін жүрмегі, ризық термегі, тұлғалық күш алуы–тіл құндыздығының тірек болуынан деп, олардың бір-біріне тәуелділігіне және тіл тек сөйлеуге ғана қажет болмастан, бүкіл дененің қуаттық тұтастығын басқаратынына іліми философиялық тұжырымын жасайды.
Мәселен шипагер даналық ой талғамын одан ары жалғастырып: «Тірек тиянағы – сүйек, Ой күші – адамға тиек, Бел күші - сүйелкелік, Еркектік күш - киелкелік» - немесе тірек күші сүйекке сүйенбек, ой күші адамға арқаланбақ, бел күші жасқа байланысып, кәртейген сайын әлсіремек, еркектік күш бір тамшы киелгелікпен ұрғашылық талдам жағамына өзек болмақ. Бұл өзектік тіл құндыздық құбылымнан әйгіленбек»-деген [1, 260 б.], аңғарымдық тұжырымдамаларының адамзаттың тіршілігіндегі тілдің ең басты ролдік қызметін айқындауы, ғылыми медициналық философиялық ойлармен ұштасып, сабақтастығы барын айқындайды.
Шипагердің тілге берген анықтамасы жөнінде ҚазҰМУ-нің ұстазы, ғалым И. Құлманбет былай сипаттама береді: «Қазіргі көзқарас «Терапиялық көзқарас» оқулығында тілдің төрт-ақ бүртігі, бес-алтыдан асқан кеселдері жеке - дара сырқаттық түр боп жазылса, Өтейбойдақ өз еңбегінде тілге байланысты 19 атауларды келтіреді. Осының өзінен-ақ «Шипагерлік баянның» құндылығын байқаймыз» -дейді [52, 159 б.]. Ғұлама шипагер «Шипагерлік баян» еңбегінде сырқаттардың науқастық атаулық аталғылық шұбыртқысын да, әр түрлі сырқаттардың пайда болатын негізіндегі, нақты анықтамасы / диагнозін – З. Қ. / бойынша берілгені Сырқат сырқаттаулық шұбыртқысы / қорасан / шешек – З. Қ. /, дуылдақ ( Есек жем – З.Қ ), милық ( таз ) т.с.с./ 32 түрін, шығулықтар – 6 түрін, жазымдалғылық қағынғылар - 5 түрін, күйулік жазымдаулықтар - 3 түрін, зәндемелік ( жәндік шағу – З. Қ. ) - 3 түрін, сірескілер - 3 түрін, үсінгіліктенулер – 3 түрін, есі ауысқандар – 4 түрін, ата – аналық айқасқы аласталғылар / күдеулік ( бедеу, тумас әйел – З. Қ. ), сасай ( белсіздік - З. Қ.) / - 5 түрін, мүше қаһарқақ мияқ әлсіремелік – 2 түрін, мүше деміктік әлсіремелік - 2 түрін, мүше бауыздаулық ауғаздық сырқаттар – 9 түрін, мүше іштектік сырқаттар – 2 түрін, ұшықтық сырқаттар – 3 түрін, күптер – 4 түрін, барттар / шемен - З. Қ. / - 2 түрін, шиелік шилер ( аласару, қан ағу – З. Қ. ) - 3 түрін, байжарақ шыршие ( қанды зертең – З. Қ. ) – 4 түрін, шағымдаулық ( қақсау - З. Қ. ) – 5 түрін, жазымдаулық ( сыну – З. Қ. )- 4 түрін, паршаланулар – 4 түрін, құсулар - 3 түрін және шашырандылар ( мерез, соз, құлғана т.б. - З. Қ. ) – 10 түрін [1, 398-401 бб. ] көрсетудегі шипагердің диагностикалық анықтамаларының осы күнгі медициналық құралдар көмегімен және зертханалар да ғылыми тұрғыдағы анықтамалардан ешқандай алшақтығы жоқтығы, сырқат аталымдарының ғылыми атаулары ұқсастығы барын аңғартады.
Шипалығы теңдессіз шипагер Өтейбойдақ Тілеуқа-былұлы өзіне-өзі бақылаушы, тапсырма беруші, есептесуші ролін де ғылымның шипагерлік емдік талаптарына сай жұргізіп отырған ғалым. Оның жүйелі, сауатты ойларынан туған сырқаттың себептерін, анықтамаларын және шипалық дарымдылықтарын әр сырқаттың түріне қарай қолдана білуі. Өтекеңнің өзі қалдырған; «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным»артымда қалмақ. Бұл – соңғылықтар қадірін біліп, ұстана білсе, қанғысыз бұлақ, қадірін білмесе, отбасы аяқпен тозатын тулақ» - деген [1, 34 б.] данышпандық болжамы, шипагердің «Шипагерлік баянының» - қанғысыз бұлақ екені бүгінде анықталуы, қазақ шипагерлігінің ғылыми теориялық-тәжірибелік жағын асқақтатып қалмастан, шипа-гердің философиялық ойларының талғамының, түйінінің шындықпен жалғасатындығының көрегендігін айқындайды.
Шипагерліктің шипалық емінің дарымдылығы туралы ғалым шипагер Өтейбойдақ баба былай дейді: «Әкемнің шипа ем дарым заруатына дарымдайтыны: «Қырықтың бірі –қызыр, жетінің бірі- әулие»- деп, қырық бір өскін қоспасы мен жеті шөптің басы болды. Әкемнің аз ғана өнері –тамыршылық пен емқостығы еді...»- деп ойын түйіндейді[1, 314 б.]. Шипагер: «Әке көрген оқ жанбақ, шеше көрген тон пішпек»-деп, өзінің алғашқы ұстазы әкесі екенін, әкесінің жанында жүріп шипагерліктің тұңғыш әліппесін ашқанын, ал басқалардан да көргені мен естігенін хатқа түсіріп алғашқы ілімі негізін дамытқаны жөнінде түсіністікпен баяндайды. Бұл шипагердің халқының денсаулығының жанашыры болып қалыптасуына ықпал еткенін аңғартады. Қараүзген шипагер дене мүшесі аман адамның сырқатына шипалық дарымдаулық емін бастардан бұрын, сырқаттың тамыр соғуын: оң тәбәрік, сол тәбәрік, шекелік, табысқылық / табыстық /, кердендік / алқымдық /, тақымдық тамырларын, ал денесі күйген, үсіген адамның денесінің аман қалған, тіршілік сезілетін жерін саусақпен басу арқылы оның дертін анықтап барып, емін шипагерліктің талаптарына ұқсас жүргізуі, сондай – ақ тамыр соғудың он екі түрлі белгілерін айқындауы, осы күнгі медициналық емдік жүйеден ерекшелігі аз, ұқсастығы басым екенін айқындайды [1, 232 б.].
Шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерлік емінің дарымды болуы үшін, жасаған дәрі – дәрмегінің сапасы мен сырқатты тез жойып жазуда, дәрінің қоспасының құрамының әкесі Тілеуқабыл әдісі негізінде 41 - өскін мен 7 түрлі шөп қоспасынан жасап, кейде дәрмегін алғаш өзіне пайдаланып, қиналып, уланып, өзін - өзі жазып, әрі қауіпті сынақтардан өтіп, сырқаттың дертін дарымдаулықтың биік шыңына жет-кізе білді.
Ғұлама шипагерліктің жаңа емдік тәсілдерін де дәлелдеп берді. Шипагердің өзіне талап қою арқылы дәрі жасауда өсімдіктердің гүлінің түсіне, орналасуына, жапырағына, сабағына, тұқымына, жемісіне, тамырына қарап «40 түрлі жер қыртысынан» уақтын белгілеп, сақтау ережесін бұзбай, құрамдық қоспалық мөлшерін өзгертпей жасауы, оның шипалық емінің көптеген дерттерге таза шипалы болғаны, қазақ шипагерлігінің сонау XV ғасырда-ақ өзінің толық ғылыми негізі бар медицинаның негізін қаланғандығын айқындайды.
Сырқат адамның дертінің түріне қарай әр түрлі металдар мен металлодтардың және жан – жануарлардың мүшелерінен де дәрі–дәрмек жасаудың рецептерін және дәрінің науқасқа берілетін өлшемдерін: «қызтойғы, уыстаулық, қырмаулық, сықпалық, кәдімгі уыс, шеңгелдік уыс, қысқама, сығымдық уыс, қос уыс, шымшым, елілеулік, саусақтық және буындамалық, титтей, тырнақтай, көбе буындай,сүйемдей, сынық сүйемдей, қарыс, жырта-кереқарыс»-деген өлшем бірліктері де көне заманның шипагерлік емінің өлшемі екенін аңғартады [1, 333-334 бб.].
Шипа ем дарымының негізгі талабы дарым заруатының жеті түйінін толық білу қажеттілігіне де тоқталады шипагер баба.
Ғалым шипагер өтейбойдақ Тілеуқабылұлы аурудың негізгі дертін анықтаған соң, оны түріне қарай шипалық ем дарым бастау жолдарының 30 дан аса түрінің әдіс - тәсіл-дерінің тізбесін де ұсынады.
Мәселен: нілсорпа, үгітілім, жақпа, сылама, сеппе, қойылма, жапсырма, қоламтама, булама, түсірме, жуынба, илеме, жаршама, шапаншама, сүртпе, сұқпа, қымызқама, шуатқама, сүтқама, арасан, сулама, қарыма, қандама, қандамалық шаппа, қандамалық шетпе, ысқымақыс, бума таңым, қорғама таңым, орама таңым, өткізбелік ыстық, көмілмелік ыстық, өткізбелік ыстық, жарма, сылама, тұншықтырма, малма тағы басқадай [ 1, 325 б. ].
Осындай ірі шипагерліктің жетістігіне жеткен Өтекең бір құпия заңдылықты сақтап емді, «еркек оң жағынан, ұрғашы сол жағынан бастамақ шарт» - дейді. Бұның сыры неде, ол жағы шипагерге ғана аян. Шипагер бұлау [1, 371 б.] арқылы дарымдық шипа емнің 9 түрін: Қақталғы бұлау /Құрғақ бұла – З.Қ. /, сақталғы бұлау / су бұлау – З. Қ. /, шапталғы бұлау / құм бұлау – З. Қ. /, бапталғы бұлау / бу бұлау – З.Қз /, қапталғы бұлау / борсыма бұлау – З.Қ./, нақталғы бұлау / түйіндеп бұлау – З.Қ. /, қыздырма бұлау, шоқ бұлау, сүйек бұлау түсіндіріп, уқалаудың, үзудің, сылап – сипаудың 11 түрін: түйіндеме, батырма, дөңгелендіргі, ысқылғы, сыдырғылау, жылтыртқы, қақпаулығы, мытыңқыл, шымшыл, қос алақан, бөгіделме [1, 366 б], терлетудің 10 нан аса түрін: Тер қасқаңғы / Шыпылдап шығатын тер – З. Қ. /, тер жасқаңғы / қарақшы тер – З. Қ. /, тер астарлы / қалтыратпалы тер – З. Қ./, тер жасқарлы / шып – шып шығатын тер – З. Қ. /, тер бастанғы / бастан ғана шығатын тер /, тер саспалы / ауыспалы тер – З. Қ. /, тер қашпалы / алақан, табаннан шығатын тер – З. Қ. /, тер тасталғы / болмашы, жылмышытер - З. Қ. /, тер майланғы, масталғы / майлы тер – З. Қ. / [1, 396 б.] сияқты тәсілдерінің жеке - жеке емдік дарымдық шарттарын айқындап жеке ой тұжырымын ұсынғаны, бүгінгі ғылыми медицинаның емдеу тәсіліне ұқсас және сабақтастығы барын білдіреді.
Уқалау мен үзу жөнінде медицина ғылымдарының кандидаты Т.Бекен былай анықтама береді: «Қазақ елінде де көне дәуірде ауруларға массаждың илеу, жұмсарту, мыжу т.б. тәсілін кеңінен қолданғаны белгілі. Массаждың етек алып дамуына әл-Фараби бабамыздың шәкірті дәрігер, ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина көп ықпал жасаған. Ол массаждың әр түрін талдап берді. Мәселен, күшті массаж - денені қатайтады, әлсіз массаж денені - босатады, ұзақ массаж - адамды арықтатады, орташа массаж - құлпыртады және даярлық ретінде дене тәрбиесіне икем-дейді. Сөйтіп, массаж халық медицинасының үлкен бір бөлігі»-дейді [50, 65 б.]. Бұлау, терлету және массаж арқылы сырқатты қайтарудың емдік дарымдаулық тәсілдерін, ғалым шипагер Өтейбойдақ өзінен бұрынғы ғұлама ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасай отырып, жеке ашқан жаңалықтық тұжырымдары мен танымдық ойлары негізінде, қазақтың шипалы емдік тәсілдерін қолданысқа енгізді. Уқалау жөніндегі кітаптың авторы, ресейлік маман Н.А. Белая: «Уқалау барлық организмге тепе-теңдікте әсер етеді, соның ішінде көбінесе жүйке-жұлынға өте пайдалы»,- десе [53, 19 б.], ал А.В. Мельниковте осы идеяны қуаттайды [54,
3 б. ]. Ұлы шипагер өз әкесі жөнінде былай анықтама береді: «Науқас сырқатын дарымдауға барарда оң жағынан кезіккен шақырушының, сол жағынан кезіккен түз тағысын амалын тауып қолға түсіріп, не қанына малшып, не сорпасына қосып, 3 ұйқаш, 5 ұйқаш, 7 ұйқаш, 13 ұйқаш, 21 ұйқаш, 25 ұйқаш, 41 ұйқаш толық науметтік не шала науметтік шарт күйінше дарымдайтын». Бұл сол замандағы әр түрлі сырқатты дарымдаудың мөлшерлік - емдік уақыты болғанын білдіреді. Қараүзген шипагер емдеп жазуға ұмтылған аурулары болмады деуге мүмкін емес. Ол өзінің білімін, талантын сырқаттың себептік сырын біліп, анықтап, шипалық емін жасап жазуға бар ғұмырын арнаған дарабоз әрі мамандығына құмары қанбаған философиялық ойы, шешімі бар тұлғаға айналды.
Армансыз адам болмайды. Жетістікке жеткен сайын тағы да жаңа жетістіктерге жетсем деген мақсатын өзіне міндеттейді. Осындай таланттықтың белгісін қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан байқауға болады. Шипагер өзінің емін толық қондыра алмаған қылтамақ ауыруына сипаттама беріп, өңешке операция жасауды армандайды. Қолының қысқалығын, сырқатты сылып тастайтын құралының жоқтығын айтып, шіркін менің ойымды жүзеге асыратын күн туса деген арманы шипагердің өз отанының болашақ ұрпағына аманат ретінде қалдырған-дығын аңғартады. Бүгінде ұрпақтарының шипагер аманатын жүзеге асыруы оның данышпан, білгірлігін, көрегендігін танытқандай әсерге бөлейді. Шипагер Өтейбойдақ бабаның өз тәжірибесі нәтижесінің шипалық емдік дарымдылықтары, осы заманғы ауруды емдеудің әдіс–тәсілдерінен ешқандай айырмашылығы жоқтығын, қайта ұлттық дарымдық емдеу шараларын байыта түсетінін байқауға болады.
Медицина ғылымдарының докторы, ҚазҰМУ профес-соры А. Жақанов шипагерліктегі сөздің роліне тоқталады: ««Ұлы шипагер «Жақсы сөйлемек жанға шырай бермек» деп, науқастың алдындағы жауапкершілікті сезініп, дәрі-гердің қарыз бен парыз жайында өнеге көрсетіп, деонтологиялық мәселе көтереді»-деп [55, 123 б.]. Ғұлама шипагер адамның әр түрлі сырқаттарына шипагердің шипалық емі дарымды болу үшін, 25 ден аса қосымша айықтырымдылық тежемдерін де: «Тыйғылар, құстырғылар, терлеткілер, айдатқылар, уыт жойғылар, ауыз шығарғылар, жібіткілер, ұйықтатқылар, ширатқылар, тездеткілер, құрт жойғылар, құрт айдағылар, жөтел тиғылар, қақырық жібіткілер, шошындырмағылар, жүргізгілер, жадыратққылар» [1, 326 б.] тағы басқадай тәсілдерінде ұсынып, ана тілдік атауда аталуы, сол заманда - ақ қазақ тіліннің ғылым тілі болғанын көрсетеді. Өтейбойдақ баба сырқаттың пайда болуының ыстықтық пен суықтықтық түріне қарай тағамдық емдік дарымдылық саласына қосымша тағамдық 4700 ден аса рецептердің де тізімін ұсынғанымен, оның сегізі қана сақталған.
Атауы сақталған шипалық емдік тағамдар қатарына: қымыз, шуат, сүт, айран, маңыз, қаймақ, ірімшік, сары май, іріткі, сықпа, қайнатпа, сүзбе, қатық, бағлан еті, қой еті, шопан сорпасы, тұлпар сорпасы, тұз, тұздық, шай, жас ет, сүрі ет, қақалақ еті, қақалақ майы, қазы, тіл, нар еті, тана еті, бұқа еті,майлы ет, жент тағы сол сияқтылар аталуы, бүгінде өз елімізде академик А. Шорманов басқаратын тамақ институтының тағамдық рецептері құрамымен ұқсастығы, сырқатқа пайдалану өлшемі, ғылыми тұжырымдарында сабақтастық бар екенін аңғартады.
Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипа-герлік баянында» шипа ем дарым зәруаты үшін пайдаланатын дәрі – дәрмектік металл - металиодтардың – 62 түрінің, өскіндердің – 540 дан аса түрінің, жан – жануарлар мүшелерінің 260 дан аса түрінің аттарының тізбесін ғылыми анықтамалықпен жасап, өзінің терең талғамдық ойы бойынша тұжырымдағанын байқатады [1, 335-360 бб.].
Ғұлама шипагердің «Шипагерлік баян» атты медици-налық энциклопедиялық еңбегі қазіргі заманғы ұлттық атауда медициналық терминдер қалыптастыру үшін, өте бағалы таптырмайтын құнды еңбек екенін зерттеуші ғалымдардың саны артып қуаттауы, ұлы емшінің нағыз ұлттық ғалым екенін айқындайды. Ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлының «Шипагерлік баян» еңбегіне толықтай медицналық талдау жасаған, оның құндылығын ғылымға тантуда ерекше еңбегі сіңген, Өтейбойдақ танушы ғалым, медицина ғылым-дарының докторы, ҚазҰМУ-нің профессоры, Ә. Нұрмұхам-бетұлы өзінің ғылыми көзқарасын былай қорытады: «Сайып келгенде, Өтейбойдақ бабамыздың «Шипагерлік баянның», ішіндегі қамтылған проблемалары бойынша, үлкен ғылым-намалық ( энциклопедиялық ) медициналық еңбек екені айдан анық. Оны біз толық аша алдық деп айта алмаймыз. Бұл еңбек тіл мамандарының қатысуымен терең зерттеліп, қазіргі қазақ тіліне толық аударылуы қажет. Терең теориялық, клиникалық, профилактикалық медициналардың негізін қалаушы үлкен ғұлама ғалым екені ешқандай дау тудырмайды» - деп [2, 29 б.].