Рухани емшілік
Іш қатқанда - бұл дұғаны жазып, жаңбыр суына езіп ішеді. Бисмиллаһир рахманир рахим. Иннал китаба ъазизун ла йа тиһил батилу мин байни йадайһи уа мин халифһи танзилум мин хақими хамиду уала симманиати уала шималиати фасайакфика һумуллаһу уаһуас самиъул ъалим уа кафа биллаһи шахидан мухаммадур расулуллахи әлләзи фатарас самауати уал ханифан уама ана минал мушрикин.
Тамақ іскенде - бұл дұғаны оқып, дем ұрады. Бисмиллаһир рахманир рахим. Аллаһу раббана уа рабби аба ина фаътарафу бизамбиһим фаһул лаһум мин хуруж уа нуназзилу минал Куран. Ма һуа шифа‘ а уа рахматулил му‘минин уала йазидуз залимина илла хасара.
Сары ауру дұғасы - Кімде-кім сары ауру болса, бұл дұғаны оқып, дем ұрады. Инни ас‘алука шифа‘ин уа һуа қадирун ъала ма йаша уллаһу раббил ъаламин.
Қара сары дұғасы - Бұл дұғамен дем ұрады. Бисмиллаһир рахманир рахим. Алаһумма ашфани би шифа‘ин уа дауини би дауа ика анта хийа ла иамуту уа һуа ъала куллу шаиин қадир.
Еріне сүйкімді көріну үшін-Бұл жерде әйел кісілер еріне сүйкімді көріну үшін, бір-біріне деген мейір шапағаттары мол болуы үшін бұл кескінді жазып, оң қолына байлап жүрсе, хақ таъала ол әйелдің қосағын өзіне деген мейір-махаббатын арттырып, көңілін өзіне аударады. Бірақ біреумен зинақорлық, ашыналық үшін пайдаланса, оның бұл әрекетінен еш нәтиже болмай, Алланың қарғысына ұшырайтынын қатаң ескертеміз. Бұл жерде бұл дұға тек ерлі-зайыптылар үшін ғана арналған.
Тіс ауруы дұғасы - Бұл дұғаны науқастың өзі оқиды. Бисмиллаһир рахманир рахим. Уалаһу ма сақана фил лайли уан наһари уа һуас самиъул ъалим бирахматика йа архамар рахимин.
Отқа күйгенде - күйікке құрбақаның қабығын күйдіріп, күлін күйген жерге себеді. Алла шипасын өзі берер.
Мұрын қанағанда - бұл дұғаны мұрын қанымен жазып дем ұрсын. Бисмиллаһир рахманир рахим. Ла илаһа илла һуа куллу шай‘ин һалака илла уажһаху лакул хумку уа илайһи туржаъун.
Асқазан қызғанда - Бұл дұғаны оқып, дем салады. Бисмиллаһир рахманир рахим. Аллаһу йа Аллаһу уа миналлаһи уа илаллаһи ла Ғалибу иллалаһи уала иллаһу уа ла һаула уала қууата илла биллаһил ъалиул аъзим. Бұл дұғаны жазып, езіп ішсе де болады.
Тіл, тіс аурулары дұғасы - Бисмиллаһир рахманир рахим. Ла илаһа иллаллаһу –жерден көкке, Ла илаллаһу – көктен жерге. Ла илаһа иллаллаһу – аршыдан көкке. Ауруыңа дауа.
Бала көтермеген әйелге - бұл дұғаны жазып, қолына байлап жүрсе, инша аллаһу таъаланың пәрменімен ол әйелге сәби сый етер. Дұғасы:
Бел ауруға - бұл аятты оқып, дем салады. Аллазина йазкуруналлаһа қиаман уа қуъудан уа ъала жунубиһим уа йатафаккаруна фи қалқис-самауати уал ардзи раббана ма халақта һаза батилан субһанака факина азабаннан (таммат).
Оң жағы аурғанда - Бисмиллаһир рахманир рахим. Инналаһа уамала икатуһу йузаллуна ъалан-набий йа аййуһаллазинааману саллу ъалайһи уа саллиму таслиман уа саллаллаһу ъала хайри халқиһи мухаммадин ау алаһи ажмаъин бирахматика йа архамар рахимин. Рабби ағфир уа арһан уа анта хайрир рихимин.
Сол жағы аурғанда - Бисмиллаһир рахманир рахим. Афахасибтум аннмма халақнақум Ъабасан уа иннакум илайна ла илаһа илла һуа раббул ъаршил ъазим. Ускун аййуһал уажъу би изнит-таййбинат – таһирина би хаққи муһаммадин алайһис-салам. Бирахматика йа архамар рахимин. Рабби ағфир уарһан уа анта хайрир рахимин.
Оң аяқ ауруына - Бұл аятты оқып, дем салады. Бисмиллаһир рахманир рахим. Такаддус самауату йатафаттарна минһу уа таншаққул ардзу уа тахиррул жибалу һаддайм. (таммат).
Сол аяқ ауруы дұғасы - Бұл аятты оқып, дем салады. Бисмиллаһир рахманир рахим. Алам тара аллазина кафару уаннас самауати уал ардза канана раббана фақатахна уала һаула уала қууата илла биллаһил һалийл ъазим.
Жылан көз ауруына - жеті рет немесе тоғыз рет оқып дем ұрады. Бисмиллаһир рахманир рахим. Қала һйа ъасаби атауаккау ъалайһа уа аһушшу биһа ъала ғанами уа лййа фиһа марибу ухра. Қала хузһа уала тахафу сануъиду һасиратаһал уула даъби.
Оң тізе ауруына - Бисмиллаһир рахманир рахим. Сиһабан файабисту фиссама и кайфа йаша и уа йажъалуһу касфан фатара ау уадиқа иухрижу мин хилалиһи фа иза асабан биһи май йаша и мин ибадиһи иза һум йастабшируна бирахматика йа архамар раһимин.
Сол тізе ауруына - Бисмиллаһир рахманир рахим. Қала раббиш шарахли садри уа басари амри уаһлун һуқудати мин лисани йафқаһу қаули уажъалли суммун букмун ъумуйун фаһум ла йаржиъун физ зулумати май йаша аллаһи йазлалһу уа мин йаша и йажъъалаһу ъала сиратим мустахим уа саллаллаһу ъала хайри халқиһи мухаммадан уа алиһи ажмаъин. (таммат).
Арқа ауруына-Бисмиллаһир рахманир рахим. Инналлаһа уамалайқатуһу йуссалуна ъалан набийан йа аййуһаллазина аману салла алайһи уасаллиму таслиман уала тулқу би айдикум илан наһлукати уа аһсину инналлаһа йуһиббул муһсинина бал йадаһу мабсутатани йанфиқу кайфа йаша у уала йазиданна касиран аманаһум ма унзила илайка мир раббика туғйанан уа куфран фала та си ъалал қаумил кафирин тунажин фи жунубиһим ъан ъал мазажитъа йадъуна раббиһимхауфан уа мимма разақнаһум йунфиқум уал һакамаллаһу уа аһда ла илаһа илла һуаррахманир рахим Расулин мин ъиндаллаһи мусаддиқум лима ма‘һум набаз фариқу миналлазина утул китаби китабиллаһи уа ра‘а зуһуруһум кааннаһум ла йаъламун, бираһматика йа архамир рахимин.
Әр түрлі зиянкестерге - Мұны жазып, тағып жүреді.
Қарсы тіл, ғайбатқа - Бисмиллаһир рахманир рахим. Кул йа ъибади аллазина исрафу ъала анфусиһим ла тақниту мир раһматулиллаһи инналла хағфируз зунуби жамиъан иннаһу һуал ғафурур рахим.
Ұшыққа - Бұл аятты жазып ішеді. Бисмиллаһир рахманир рахим. Қул мин йақла укум биллайли уан наһар, бал һум ъан зикри раббиһим муъризун салла ъала Мухаммадин уа алиһи уа асһабиһи ажмаъин.
Албастыға қарсы - Мұны жазып өзінде сақтасын.
Жиі ұстаған безгекке - Бисмиллаһир рахманир рахим. Ла йарауна фиһа шамсан уала замһариран уаданиатан алайһим зилалуһа уа залалат кутуфуһа тазлилан.
Қалтырап ұстаған безгекке - Бисмиллаһир рахманир рахим. Йа иару куни бардан уасаллан ъала Ибраһима уа арду бичи кайдан фажаъална һум ал ахсирин.
Ұйқыда қорқып бастырылғанда - Бұл аятты өзінде тұтсын. Бисмиллаһир рахманир рахим. Йа маъшарал жинни уал инси ан астатаътум ан танфузу мин ақтариссамауати уал ардзи фанфузу ла танфузуна илла бисултани Афаһасибтум аннама халақнаһум ъабасан уа иннақа илайна ла туржаъуна ау ла һаула уала қууата илла биллаһил аълийл ъазим.
Нәресте жылауық болса - бұл кескінді жазып, бесікке байлап қояды.
Нәресте ұйықтамаса. Мұны жазып мойнына іліп қояды.
Жетпіс түрлі пері дұғасы. Бисмиллаһир рахманир рахим. Қул һуаллаһу ахад аллаһус самад лам йалид уалам йулад уалам йакуллуһу куфуан аһад. Жебрейіл алайһиссалам келтірілген аяттар.
Тіл, тіс ауруына - Хасан, Хусейн разиаллаһу анһуллар үшін аян берілген. Бисмиллаһир рахманир рахим. Шаһидаллаһу аннаһу ла илаһа илла һуа уал малайкату уа уулул ъилми.
Жамбас ауруына - Бисмиллаһир рахманир рахим. Ма кана Мухаммадун аба аһадим мин рижаликум уа лакин расулаллаһу уа хатаман набийна уа каналлаһу бикулли шайъин ъалима. Бираһматика йа архамар рахимин.
Кісінің ерлік қабілеті тоқтап қалғанда - бұл дұғаны жазып езіп ішеді.
Шешекке қарсы - бұл кескінді жазып ішеді.
Күнара ұстаған безгекке қарсы - оқып дем ұрады. Бисмиллаһир рахманир рахим. Уа балһақа анзалнаһу уа балһақа назала уама арсалнака илла мубашширан уа назиран уа нуназилу минал Қурани ма һуа шай‘ан уа рахматулил му‘минина уа йазидуз залимина илла хасара.
Әр түрлі ауруларға (оқып дем салады) - Бисмиллаһир рахманир рахим. Фа иза ракибу фил фулки даъуллаһмухлисина лаһуддина фасамма нажжайһум илал барри изаһум йушкруна уала һаула уала қууата илла биллаһил аълиул аъзим.
Науқас ұйықтамаса - бұл аятты жазып, жастығына қойсын. Бисмиллаһир рахманир рахим. Уа жаъална мим байна айдиһим саддау уа мин халфиһим саддан фа ағшайнаһум фаһум ла йубсирун.
Халық, ел алдында абыройлы болуна - бұл кескінді жазып өзінде тұтсын.
Балтыр ауруы дұғасы - Бисмиллаһир рахманир рахим. Қала рабби ишраһли садри уа йасирли амри уаһлул ъуқдатан мин лисани йафқаһу қаули суммун буқмун ъумуюн фаһул ла йаржиъун физ зулумати май йаша‘ аллаһу йузлиһу уамай йаша‘а йажъалһу ъала сиратим мустақим, бираһматика йа архамир рахимин.
Тамақ буылғанға қарсы дұға - Жеті рет оқып дем ұрады. Бисмиллаһир рахманир рахим. Фалаула иза балағатил һулқума уа антум һина изни танзуруна субһана раббика раббил ъиззати ъамма йасифун уа саламун ъалал мурсалин уал һамду лиллаһи раббил ъаламин.
Көкірек ауруына қарсы дұға - Бисмиллаһир рахманир рахим. Фатахжиду биһи нафлатан лака ъасиа ин йабъасака раббика мақаман махмудин уа қул рабби адхалин муддаһилу сидқи уа ахражани мухрижу сидқи уаажъални мин ладунка султанан насиран уа қул жаъал һаққи уази һаққал батили иннал батилу қана раауфа уа нунадзилу минал Қурана илла ахириһ.
Кірне дұғасы - Бисмиллаһир рахманир рахим. Қул лан йусибуна илла ма китабаллаһу лана һуа маулайна уа ъалал лаһу фалйатауаккулул му‘минина бираһматика йа архамир рахимин.
Тіс ауруының емі - Тіс ауырғанда ірі тұзды ыстық суда ерітіп, тұз мөлшеріндей кепрезбен араластырып, ауырған тіс үстіне қойса, инша алла ауырғаны басылар.
Еріне сүйікті, балаларына мейірімді болуда - бұл аят қалиманы жазып, өзінде тұтсын. Бисмиллаһир рахманир рахим. Уал қайту ъалайка муһаббатан минни уалтуснаъ ъала ини из тамши ухтука фатакулу һал адлукум ъала ман йакфулуһу фара жаънака ила уммика кай тақар ра ъайнуһа уала таһзуна уа қаталта нафсан фанажайнака минал ғамми уа фатаннака футуна.
Оң жақ беті ауруына - Бисмиллаһир рахманир рахим. Йаума табизи уажһу уа тасуад уажһуфана аллазина абиазти ужуһу һумфағи рахматуллаһи һум фиһахалидуна йа рабби ъаламин.
V ТАРАУ
СИҚЫРЛЫҚ СЫРЛАРЫ
СИҚЫРЛЫҚ АУРУЫ
Сиқырлық – бұл белгілі топтағы арам ниетті адамның кері қуатпен адамның ойлау жүйесін тікелей арбаудың ең қауіпті тәсілі.
Сиқырлықтың Қасиетті Құранда да ең ауыр күнә екені айтылған. Сиқыршылар тобы қарапайым адамдарды өздерінің торына түсіріп, оларды мәңгілікке мәңгүрт етуде. Бұндай ыңғайсыздықтардың әсері сол – ол балаларын, отбасын және жақындарын да осыған итермелеуде.
Сиқырлық адамның ойлау жүйесінің қызметін нашарлатып, оны терiс бағыттағы ойлау жүйесіне көшіреді. Адам өзін басқару мүмкіндігінен айырылады да, азғырушының айдауына көніп, соның айтқаның орындап, өз отбасын да ұмыта бастайды. Сиқыршылар өзіне бағыныштылардың алдында өздерін Құдайдан да жоғары қойып, оларды өзіне табындырады. «Сиқыр» – ол заттың нақты мәнін өзгерту. Сиқыр жасаушы сиқырды шайтандармен одақтаса отырып іске асырады. Бұл туралы Алла тағала: «Сиқыршылар жиналды. «Тастаңдар тастамақшы болғандарыңды!» - деді Мұса оларға. Олар (таяқтарын, жіптерін) тастады. «Сендердің көрсеткендерің – сиқыр. Алла оның бетін алып тастайды»,- деді Мұса» (Жүніс: 80-81)
Сиқыршылар өз уағында Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызды да дуалаған. Оны Айша (р.ә) айтқан (13- бет) ...
Сиқыршы жын мен шайтанның басшыларымен одақ құрып, Құдайға қарсы сиқырлық әрекет етеді. Жын мен шайтан сиқыршының дінсіз болғанын қалайды. Сиқыршы неғұрлым шайтан әрекеттерінің ең ауыр түрін жасаған сайын шайтандар оның бұйрығын соғұрлым тез әрі шапшаң орындайды. Бұл олардың одақтастығының негізгі тәсілдері болғандықтан, дуаланған адамдар сиқыршыға бас иіп жүгінеді.
Сиқыршы жынмен байланысқа кейде жас бала арқылы да шығады. Бала бірнеше әрекеттерден соң жынды көретін болады. Ал сиқыршы өз әмірін жынға осы бала арқылы жеткізеді. Кейде сиқыршы ауру адамның тері сіңген киімінен кесіп алып, аурудың неден болғанын жыннан сұрайды. Егер ол матаны көретін болса – ауруға көз тиген, сығатын болса – дуанланған, егер олар матаның көлемін өзгертпесе – ауру физиологиялық деп қабылдайды. Періштелер адамның кез келген ауруы туралы әңгімелескенде, жындар оны естиді де, сиқыршыға жеткізеді.
СИҚЫРДЫ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ
Сиқыр – Алла тағаланың үмбеттерін тексерудің ең күрделі сынағының жоғарғы формасы. Ғұламалар өз уағында жеке тәжірибелік тұжырымдамаларына сүйеніп айтқан:
«Сиқырды емдеудің екі түрі болады: біріншісі – емдеуші мен сыйқырланған адам қайтадан шайтанға жүгінеді, дуаны бұлайша қайтаруда мағына жоқ. Екіншісі – дұға оқу, Аллаға жалбарыну және басқа да рұқсат етілген тәсілдермен емдеу.»
1.Сиқыршы ауру адамның өз атын және анасының атын сұрайды.
2.Аурудың киімінің бір жапырағын сұрайды.
3.Қандай да бір қара түсті жануарды құрбандыққа шалуды ұсынады, өйткені жындар қара түсті ұнатады.
4.Түсініксіз бір дұғалар жазады немесе оқиды.
5.Ауруға ішкі беті әріптер немесе сандар жазылып тік төрт бұрыштарға бөлінген жамылғы береді.
6.Күн сәулесі түспейтін қараңғы бөлмеде қалуды талап етіп етеді, өйткені жындар қараңғылықты ұнатады.
7.Бірнеше тәулік бойы (әдетте 40 күн) суға түспеуді бұйырады, бұл дуаға қатысы бар жынның христиан дінін ұстанатындығын білдіреді.
8.Әлде бір заттарды беріп, оларды көміп тастауды бұйырады.
9.Қағаз беріп, оны жағып, түтінін өз денесіне дарытуды бұйырады.
10.Адамның атын, оның тұрақ-жайын және ауруының атын атайды.
11.Әріптер жазылған бір парақ қағаз беріп, оны ішіне су құйылған ақ қыштан жасалған табаққа салып, одан кейін сол суды ішуді бұйырады.
СИҚЫРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Адамды сиқырлаудың әдіс-тәсілдері де сан алуан әрі күрделі. Оларды анықтаудың жолдары да қиын болғандықтан, нақтылай шешім қабылдау да қиындық туғызады. Дегенмен, бұған дейін сиқырлық саласын ұлы ғұламалар төмендегідей жіктеген.
1.Адамдарды айыру, ажырату мақсатындағы сиқыр – адамдар арасындағы қарым – қатынас сүйіспеншіліктен жек көруге ауысады, сиқырланған адам әлде бір адамның өзін де, ісін де, тіпті отыратын орнын да жақтырмайды. Ол адамды бейне құбыжық сияқты көреді, яғни сиқырға жауапты жын оны солай етіп көрсетеді.
2.Сиқырдың әсерімен бір адамның екінші адамға естүссіз ғашық болуы. Ол адам шектен тыс ынтық болады, онымен тән жақындығына құмартады, көрмесе тұра алмайды, еркінен тыс ығына ереді (сиқырдың бұл түрін, әдетте ер адамды өзіне ғашық еткізу үшін әйелдер қолданады).
3.Көзге елестету – мұндай кезде адам қозғалмайтын заттарды қозғалатын, ал қозғалатындарды қозғалмайтын етіп, ірі заттарды кіші, ал кіші заттарды үлкен етіп көреді, кейде денелер репетсіз бейнеде көрінеді.
4.Дауыстар естірту – адам қорқынышты түстер көреді, құлағына шайтандар сыбырлайды, достарына күдікпен қарайды. Кейде адам түсінде өзін шақырған дауыс естиді, ояна келгенде ешкімді көрмейді немесе ол жоғарыдан құлап бара жатқандай сезiнедi, ия болмаса түсінде оны әлде бір жануарлар қуып жүреді.
5.Ессіздендіру – адам қатты жаңғалақ, ынтасыз, ұмытшақ болады,сөзіне мән бермейді, жанарын төмен салып жүреді, бір жұмыста немесе бір үйде ұзақ тұра алмайды, бой, басына салырт қарайды. Өте ауыр жағдайда өзіне - өзі ие бола алмайды және қайда болғанын немесе қайда түнегенін есіне түсіре алмайды.
6.Торықтыру – адам жалғыздықты қалайды, томаға-тұйықталады, үнемі үнсіз жүреді, адамдармен жақсы қарымқатынас жасай алмайды, жаңғалақ келеді, есінен жиі айрылады, немқұрайлы болады, жалған сабырлылық танытады, торығады.
7.Дертке ұшырату – адамның белгілі бір ағзасы үнемі ауырып жүреді, ара – тұра есінен танады, денесінің белгілі бір мүшесін немесе бүкіл денесін тұтас сал тартады, сезім мүшелерінің қызметі бұзылады.
8.Жатырдан қан кетіру – хайыз мезгілінен кейін жатырдан ұзақ уақыт қан кетеді, ол бірнеше күнге немесе бір айға созылады.
Оның көп мөлшерде де , аз мөлшерде де келуі мүмкін.
9.Некелесуге қарсы – үнемі ойға батып жүреді, дәрі-дәрмек әсер етпейді, кеудесі қысылады, ол түс ауғаннан түн жарымына дейінгі аралықта күшейеді, кейде асқазаны немесе белі ұдайы ауырады. Түнде ұйықтағанда көп аунақшиды. Сиқырдың бұл түрін күйеу жігітпен некелестірмеу үшін көбіне қалыңдықтың туыстары қолданады, жын қалыңдықтың денесіне еніп алады да, жігіт оның көзіне сұрықсыз болып көрінеді, сөйтіп қыз оған тұрмысқа шығудан бас тартады. Сондай – ақ, жын күйеу жігітке де тап осылай әсер ете алады.
10.Еркектік қуаттан айрылу – сиқырдың бұл түрінде жын ер адамның миына еніп алады да, жыныстық қызметке кедергі келтіреді. Соның салдарынан әйеліне жақындағысы келген еркек оны атқара алмайды. Егер ол бірнеше әйелге үйленген болса онда еркектік қуаттың болмауы тек солардың біреуімен кездесер кезде ғана білінуі мүмкін.
11.Әйел ерімен жақындасудан және сүйіспеншіліктен айырылады.
12.Бедеулікке ұшырату. Бедеулікке еркек те, әйел де ұшырайды.
а) ұрықтандыру үшін еркектің шаһуатындағы ұрық мөлшері қалыпты болуды қажет етеді. Жын еркектің жұмыртқасына әсер етеді, соның салдарынан ұрық мөлшері қажетті деңгейге жетпей қалады. Оған қоса шайтан ұрық тіршілігі үшін қажетті заттарға әсер етеді, егер ол заттар болмаса ұрық өліп қалады.
ә) Жын әйелдің жұмыртқа клеткасын зақымдайды, соның салдарынан ұрықтану жүзеге аспайды. Кейде ұрықтану сәтті өтеді, бірақ жүкті кезеңде жын жатырдың қан тамырларын зақымдап, түсік тастауға мәжбүр етеді. Алланың елшісі айтқан: «Ақиқатында, шайтан Адам ұрпақтарының бойында қанмен ағып жүреді» (Бухари және Муслим).
Сиқырдың әсерінен болатын бедеуліктің физиологиялық бедеуліктен айырмашылығы дуаланған кісінің кеудесінің қысылуы (әсіресе, түс ауғаннан түн ортасына дейін), жаңғалақтық, белінің ауыруы, тыныш ұйықтай алмауы, қорқынышты түстер көруімен сипатталады. Дуа мен көз тиюдің де айырмашылықтары және нақты белгілері бар.
Құдіреті күшті Алла былай деген:
«... Ал, олар бұл екеуінен ең әуелі ерлі-зайыптыларды ажырататын сиқырды үйренетін еді. Бірақ онымен де Алланың рұқсатынсыз ешкімге зиян келтіре алмайтын » (Бақара: 102). Сондықтан өзін осы өмірде дінсіздердің қастандығынан, ал алдағы өмірде Алланың жазасынан қорғау үшін адам қателіктері мен күналары үшін Жаратқаннан кешірім сұрап, оған шын көңілімен жалбарынуы тиіс. Құдіреті күшті Алланың былай дегені бар:
«Жаратқан, әртүрлі нәрселердің кесірінен, қараңғы түскенде түннің кесірінен, түйіншекке дем салушының кесірінен, күншілдердің қызғанышты кесірінен сақта деп, таң алдында Тәңіріме сыйынамын, пана тілеймін»- де» (Фәлақ: 1-5).
Алла өз құлдарының өзінен қорған сұрағанын ұнатады және ол тілектерін қабыл етеді. Ол айтқан:
«Пендесіне (сүйеніш болуға) Алланың құдіреті жетпейді деп ойлама. (Кәпірлер) сені Құдайдан басқа тәңірмен қорқытады. Алла адастырған адамды түзу жолға бастаушы табылмайды» (Зумар: 36).
Мұсылман сиқыршылардан қорықпауы тиіс, ол-шайтанның қырсығы ғана.
«... Шайтан амалдары – әлсіз амал» (Ниса: 76).
Алланың ризашылығы мен қамқорлығына оның жолын адал ұстап, намаз оқитындар, ораза ұстайтындар, садақа беретіндер, ізгілікті істер істейтіндер және байлық та, ұлдары да көмек көрсете алмайтындар, Қиямет күнінен қорқатындар ие болады. Кімде-кім Алланы және оның елшісін тыңдамайтын болса, ол жазаға тартылады және шайтанның сыбайласына айналады. Мұндай адам Алланың қамқорлығынан айырылып, сиқырдың зардабын тартады.
Дегенмен, сиқырдың Алланы есіне алуды ұмытқан мұсылманға да әсері болуы мүмкін. Бұдан сақтану үшін әр адам сиқыршылардың зиянынан қорғанудың мынадай жолдарын білуі тиіс:
1. Жын адамның денесіне Алланы есіне алмай қатты ашуланған, сасқалақтаған, қорыққан немесе өте қуанған кезде кіруі мүмкін. Мұндай жағдайда дереу Алланы еске алу немесе зікір салу керек. Адамның денесіне кірер кезде Алланы еске алу оларды күйдіретін және осы сәттің олар үшін аса қауіпті екенін жындардың өздері мойындаған.
2. Адам есінеген кезде аузын қолымен жабуы тиіс, өйткені шайтан адам денесіне ауыз арқылы кіріп кетеді.
3. Мұсылманның әр кезде дәретпен жүруі керек, өйткені
бойы-басы таза адамды періштелер қорғайды.
4. Мүмкін болса таңертең аш қарынға Мәдинелік
кептірілген жеті құрма жеу керек, егер Мәдина құрмасы табылмаса, онда басқасын жесе де болады. Пайғамбарымыз (Мұхаммед с. ә. с) айтқан:
« Кімде-кім таңертең Мәдинаның кептірілген жеті құрмасын жесе, ол адамға ол күні у да, сиқырдан да зиян тигізе алмайды» (Бухари).
5. Міндетті түрде жамағатпен намаз оқуы тиіс, өйткені мұсылмандардың бірлігі оларды шайтаннан қорғайды, ал оны елемеу есінен жаңылу, сиқырлану секілді шайтанның түрлі шырмауына ұшыратады. Әбу ад-Дарда Пайғамбарымыздың (с.ә.с) мынадай сөздерін келтірген:
«Егер бір ауылдағы немесе қандай да бір жердегі үш адам бірігіп намаз оқымаса, онда оларға міндетті түрде шайтан жабысады. Сендердің бірге болуларың керек (мұсылмандармен), өйткені отардан бөлінген қойды қасқыр жейтіні белгілі» (Әбу Дауд; жақсы хадис)
6. Мұсылман таңғы намазды қаза етпеуге міндетті.
7. Дәретханаға кірерде былай деу керек:
«Бисмиллаһ! Аллаһума инни әғузу бика минәл уәл-хабаис»
«Алланың атымен! Ия, Алла, жексұрын шайтаннан қорға деп өзіңе сыйынамын» (Бухари мен Муслим)
Шайтандардың мекені болған осы лас жерге кіргенде, олар адам денесіне кіріп алуға тырысады. Жынның бірі шейх Уахид ибн абд ас-Салам Балиға былай деген: «Алла сіздерге бізді жеңе алатын мықты қару сыйлады, бірақ сіздер оны қолданбайсыздар». Шейх «Ол не?»- деп сұраған. Сонда жын: «Пайғамбардың зікірі» - деп жауап берген.
8. Ұйықтар алдында дәрет алу және Бақара сүресінің 255-аятын, Аятул-курсиді оқу керек, содан кейін көз ұйқыға кеткенге дейін Алланы еске алу ләзім. Сахиқ хадисте жынның Әбу хурайраға былай дегені айтылады:
«Кімде-кім ұйықтар алдында Аятул-курсиді оқыса, оны періште күзетеді және оған таң атқанша шайтан да жолай алмайды!» Мұны Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да мақұлдап былай депті: «Оның өзі суайт бола тұрса да саған шындығын айтыпты» (Бухари)
9. Таңғы намаздан кейін 100 рет мына зікірді айту керек: «Лә илаһа илла-аллһу уағдаһу лә ләһул мулку уа ләһул хамду уа һууа әлә кулли шәй-ин қадир»
«Бір Алладан басқа Тәңір жоқ, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік оның иелігінде және Ол – құдіретті». Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
«Кімде-кім таңғы намаздан кейін осы зікірді 100 рет айтатын болса, ол он құлды азат еткенмен тең, оған жүз жақсы амал жазылады және жүз жаман амалы өшіріледі. Ол кеш түскенге дейін шайтаннан қорғалады. Бұл зікірді одан да асырып айтқан өзге біреу болмаса, сол күнгі ең ізгілікті іс істеген сол адам болып табылады», - деген. (Бухари мен Муслим)
10. Мешітке кірер алдында былай деу дұрыс:
«әғузу биллаһил азым уа биуаджһиһили көрим уа султаниһил қадим минаш-шайтани-р-раджим»
«Мен Ұлы Алла Тағалаға, Оның жарқын жүзіне және
қарғыс атқыр шайтанға мәңгі жүргізетін үстемдігіне сеніп
сыйынамын».
Пайғамбар (с.ғ.с) айтқан:
«Осыны айтқан адам туралы шайтан: «Ол менен күні бойы қорғалады» дейді» (Әбу Дауд; сахиқ хадис)
11. Күн шығар және күн батар алдында былай деу керек: «әғузи бикәлимәти ллаһит таммати мин шарри мә халақ» (3 қайтара)
«Жаратылғандардың жаманшылығынан сақта деп Аллаға жалынамын» (Бұл хадисті ат-Тирмизи, Әбу Дауд және Ахмад келтірген).
«Бисмиллаһи ләзи лә йадурруһу мә исмиһи шәйун фил арди уа лә фис-сама-и уа һууас сами-уль әлим» (3 рет)
«Ол аталған кезде аспанда да, жерде де еш жамандық келмейтін Алланың атын ауызға аламын, Ол – бәрін естуші, бәрін білуші» (3 рет) (Бұл сахиқ хадисті ат-Тирмизи, Әбу Дауд және ибн Маджа келтірген).
12. Үйден шығарда былай деген жөн:
«Бисмиллаһи – тәуәкәлләту улу-ллаһи уа лә хаулә уа лә кууата илә биллаһ!»
«Алланың атымен! Мен Алланы медет тұтамын, және Алладан басқа құдірет-күш жоқ!»
Сиқыршылар жынмен байланысқа қандай тәсілмен шықса да міндетті түрде үлкен күпірлікке барады және өзін осы дүниеде де, о дүниеде де ауыр азапқа душар етеді. Бізді Алла осындай адасудан сақтасын! Әлемнің әміршісі Аллаға мадақ! Мұхаммед пайғамбарға, оның әулетіне және сахабаларына жарылқау болсын!