Рухани емшілік

Страница 2

На главную               Библиотека              Предыдущая                 Следующая

Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая

 

 

                                                                                  АСЦИТТЕР

Бұл ауру жазылмайтын дерттердің бірі болып есептеледі. Аллопатиялық медицинада құрсақ қуысында жиналып қалатын зиянды заттарды клизма көмегімен алып тастайды. Алайда олардың кейбіреуі уақыт өте келе қайта пайда болады да, оны қайтадан алып тастауға тура келеді. Бұл әдіс тек уақытша ғана жеңілдік әкеледі, ауруды толығымен жазбайды. Ал Аллаһтың көмегімен емделген аурулар өз кеселдерінен толығымен жазылып кеткенін арнайы діни рухани емшілер дәлелдеген. Қағазға Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 219-аятындағы дұға сөздерін қағаз бетіне жазыңыз:

фото

Бисмиллахир рахманир рахим
       Ва исмухума акбару мин нафъийхима

Дұға жазылған қағазды шиыршықтап ораңыз да, сосын отқа жағыңыз, бірақ бірден жанып кетпесін. Шала жанып, түтіннің мейлінше көбірек шыққаны жақсы. Осы түтінді ауруға иіскетіңіз. Бұны күніне бір рет, дұрысы ұйықтар алдында жасаған жөн.
    Бұдан басқа тағы бір шара жасау керек. Ауру адам еденге немесе жерге жатып, екі қолын басына салып, көзін жұмсын. Жоғарыда араб тілінде жазылған сөздерді дауыстап оқып, ауру адамның асқазанында жиналып қалған зиянды заттар жарық сәулеге айналып, аурудың аяғынан шығып, жерге төгіліп жатқанын медитациялық әдіспен елестетіңіз. Бұл емді ауру толығымен жазылып кеткенге дейін жүргізіңіз.


                                                                                АШУЛАНШАҚТЫҚ


   
Жүйкесі әлсіз адамдар өте ашуланшақ болып келеді. Олардың кейбіреулері өз өміріне, тұрмысына риза болмай
қытымырланса, енді біреулері жұмыста тыныш, ал үйде адам төзгісіз ашушаң болады. Бұндай адамдар өзгелерді өз уысында ұстап, оларды басқарғысы келіп, өз айтқаны мен ойлағанына көндіруге тырысады. Осындай мінезден құтылғысы келген адам бір стақан су алып, бір рет «Йа уәдуду» деп, суға үшкіруі керек. Одан кейін осы суды үшке бөліп ішеді. Ал егер оны емші емдесе, онда ол емделушінің суды бірінші рет таңертең күн шығар алдында ішуін қадағалау керек. Ем 40 күннен артық жүргізілмеуі шарт.


                                                                          АУРУ ДИАГНОСТИКАСЫ


Аурудың себебін білу үшін Фаджар (азан) намазынан кейін бірден

Бисмиллахир рахманир рахим
     Ифтах Ифтах Ифтах

деп 100 рет қайталаңыз да көзіңізді жұмып, науқас адамды көз алдыңызға елестетуге тырысыңыз. Бұны науқас адамның өзі де жасауына болады. Аурудың анық диагнозы белгілі болғаннан кейін, одан айығудың жолын іздесеңіз, ұйықтар алдында жүзіңізді солтүстік жаққа бұрып, дұғаны тағы да 100 рет қайталап, ешкімге ештеңе айтпай, ұйықтауға жатыңыз. Тиісті ем түсіңізде немесе өңіңізде айтылады. Бұны сізге дәрі белгілі болғанша жасай беру керек.


                                                                     АУЫЗДАН ЖАҒЫМСЫЗ ИІС ШЫҒУ


    1
.Ауыздан шығатын жағымсыз иіс тіс пен қызыл иекте қалып қоятын тағам қалдықтарының шіруінен, сондай-ақ асқазан жұмысының бұзылуынан пайда болады. Әдетте, аузынан осындай иістің шығатынын адамның өзі байқамайды, тек айналадағыларға жағымсыз әсер беріп, олар онымен сөйлесуден қашқақтайды. Бұл жағымсыз жағдайдан арылу үшін, алдымен, тамақтанудың қатаң режімін ұстану керек, яғни тек белгілі мерзімде ғана тамақ ішкен дұрыс. Ашытылған, бұзылған тағамдарды жеуге тыйым салынады. Тамақ жеңіл қорытылатын болуы керек.
Бұны емдеу үшін «Маркуна рукуни» деп 3 рет оқып, суға үшкіріп, оны науқас адамға ішкізіңіз. Сонымен бірге 7 рет «Маркуна рукуни» деп оқып, жарты келі таза балға үшкіріңіз. Науқас адам күніне 3 рет 1 шай қасық балдан қабылдауы керек. Тісті уақытымен тазалап отырған жөн.
    2. Егер адам ішіп отырған тамағының дәмін сезбесе немесе ауызынан нашар иіс шығатын болса, онда күн шықпас бұрын тамақтанар алдында 5-Маид сүресінің 6-аятын «Алсинни БалСинни» оқып, суға үшкіріңіз де, науқасты шығысқа қаратып қойып, судың үш жұтымын ішкізіңіз.


АУЫРТПАЛЫҚТАР МЕН АПАТТАРДАН ҚАЛАЙ
САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?


    Әрбір пенде Алла тағаланың жақсылық пен жаманшылық заңдарын біле тұра, оның ұстанымдарын бұзса, ол адам мен Жаратушы арасындағы өзара сенімдік заңдарының бұзылуына әсер етеді. Сенімнің азаюы адасушылыққа әкеледі де, адамдар ырымшыл бола бастайды. Ал ырымшылдық сенімсіздікке, күмәншілдікке, ашкөздік пен сараңдыққа әкелетін көптеген жаман ниеттерді туғызады. Ол адамдарды Жаратушыдан гөрі жасанды материалдық игіліктерге тәуелді етеді. Ашкөздік пен сараңдықтың адамды жеңгені соншалық, оның өмірі енді Жаратушы Шапағатына емес, дүние қызығына байланысты болады. Осы сатыда ұлттың құлдырауы мен азғындауы басталады. Табиғат заңдылықтарының бұзылуы оның халықты қолдауын, қорғауын төмендетіп, халықтың ауыртпалықтармен апаттарға ұшырауына әсер ете бастайды.
    Сенімсіздікті ауыздықтау үшін және ауыртпалықтар мен апаттардан сақтану үшін көлемі 22,5х30 см болатын ақ қағазға қара сиямен әдемілеп мына сөзді

фото

деп жазып, бөлмеңіздің қабырғасына іліп қою керек.
    Егер Алланың қаһарынан індет (эпидемия) тарайтын болса, онда бұл сөздерді запран (шафран) немесе раушан гүлінің сөлінен дайындалған сиямен үш фарфор тәрелкеге жазу керек. Тәрелкені қайнаған сумен әбден жуып, отбасыңызға осы тәрелкені жуған судан беріңіз. Індет кезінде тәрелке жуылған суды күніне үш рет – таңертең, түсте және кешке ішу қажет. Қайнаған суды тек тәрелкені жуу үшін ғана емес, ішу үшін де пайдаланыңыз. Егер запран таба алмасаңыз, оның орнына сары түсті басқа тағамды қолдануыңызға болады.
 

АУРУДАН КЕЙІНГІ ӘЛСІЗДІК


    Үш фарфор тәрелкеге запран мен раушан суынан дайындалған сиямен 

фото

(Құран, Тин сүресі, 5-аят) деген сөздерді жазыңыз. Таңертең бір тәрелкені, түсте екіншісін, кешке ұйықтар алдында үшіншісін сумен шайып, суын ауру адамға ішкізіңіз. Бірнеше күннен кейін бұл науқас әлденіп, күш жинай бастайды.

АЯҚ НЕМЕСЕ БАЛТЫР БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІНІҢ
ӘЛСІЗДЕНУІ


    Жарты келі қара күнжіттің майын алып, 11000 рет «Куллу шаи ин йаарджиъу илла аслихи» деп оқыңыз да майға үшкіріңіз. Егер сіз бұл дұғаны бірден осынша айтуға қиналсаңыз, бөліп-бөліп оқуға болады, бірақ 1000 реттен кем болмауы керек. 11000 рет оқылып болғаннан кейін ғана майға үшкіріңіз.
    Науқас адам осы майдың 3-5 мл-ін нанға жағып жесін. Және күн сайын науқас 3-5 г маймен балтыры мен тізесін майлап уқаласын.


ӘЙЕЛДЕРДІҢ АУРУЛАРЫ


    Ана сүтінің аздығы
    Кейде әйел жаңа босанғанда немесе кейіннен ананың сүті жетіспейтін жағдай болады. Бұндай жағдайда ақ фарфор тәрелкенің бетіне сары сиямен төмендегі мәтінді жазыңыз:

фото


٩٩ ٩٩ ٩٩
٩٩ ٩٩ ٩٩
٩٩ ٩٩ ٩٩


    Тәрелкені сумен шайып, суды әйелге таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке бір рет сүт көбейгенше ішкізіңіз.

    Бедеулік
    Бедеуліктің себептері көп. Кейде ол әйелдің ішкі органдарының зақымдануынан болса, кейде ер адамның ұрығының жақтығынан немесе оның тапшылығынан болады. Егер ерлі-зайыптылардың денсаулығы жақсы бола тұрса да, олар балалы бола алмай жүрсе, төменде келтірілген Құранның Жүсіп сүресінің 1-аяты және 96-Ғалақ сүресінің 1-2-аяттары көмектеседі:

Бисмиллахир рахманир рахим
икра бисми раббикаллази халака
халакал инсана мин алаки
хамим әлиф ләм ра тилка айтулкитабил мубин

    Құтпа намазынан кейін әйел бұл дұғаларды 100 рет оқып, бір стақан суға үшкіру керек. Осы судың жартысын әйелі, жартысын күйеуі ішуі тиіс. Бұны 90 күн бойы жасау қажет. Әйелдің жіберіп алған күндерін кейін қосқан жөн.
    Бет пен денеде түктің өсуі
    Қасиетті Құранда: «Әр затты өзіне тән қасиеттерімен жараттық» деп жазылған. Осындай айырмашылықтар әйел мен еркекте де бар. Қанның бір қызметі – ауадан, жарық пен ғарыштық сәулелерден ағзада жиналып қалатын зиянды заттарды тер арқылы және денедегі түктер көмегімен сыртқа шығарады. Сондықтан да адам денесіндегі қан қысымының өзгеруі төмен бөлігінде түктер өсе бастайды. Ер адамдарда сақал-мұрт өседі, ал әйелдерде мұндай өскіндер болмағандықтан олардың бойындағы зиянды заттар етеккір арқылы шығарылады. Алайда қандай да бір себептермен етеккір циклі бұзылатын болса, әйелдердің бетіне де түк шыға бастайды. Сондықтан, алдымен, етеккір циклін қатаң бақылап, оны жөнге келтіру керек. Ол үшін Қасиетті Құран аяттарының көмегіне жүгінеміз.
250 г пияз дәндерін алып, оны таза суға жуып, күн көзіне кептіріңіз. Дәндер кепкеннен кейін оларды көк түсті шыны бөтелкеге салыңыз. Құтпа намазынан кейін «фии ситтате аяямин суммастауа алаларши» (Құран, 7-Ағраф сүресінің 54-аяты) деп 100 рет қайталап оқып, бөтелкедегі дәндерге үшкіріңіз де қақпағын жауып қойыңыз. Бұны 21 күн бойы жасап, 22-күні таңертең науқас адам ашқарынға қасықтың төрттен біріндей дәнді сумен бірге жұтсын. Одан кейін жарты сағат ештеңе жемеуі тиіс. Бұны дәндер таусылғанша жасау керек.
    Босанғаннан кейінгі іштің үлкейіп кетуі
    Егер уақытында тиісті шаралар жасамаса, әйел босанғаннан кейін оның ішінің бұлшық еттері босаңсып, іш үлкейіп кетеді.

фото

(тастийррин шаилхарс) деген сөздерді сары түсті сиямен фарфор тәрелкенің бетіне немесе майлы қағазға жазып, оны сумен шайып, сол суды таңертең ашқарынға науқасқа ішкізіңіз. Бұны іш қалпына түскенше күніне 3 рет қайталап отыру керек.
    Босанғаннан кейін болатын аурулар
    Кейбір әйелдер босанғаннан кейін аурушаң болып қалады. Бұл жас босанған әйелдің де, нәрестенің де өміріне қауіпті болғандықтан дер кезінде тиісті шаралар жасау керек. Сондықтан төменде келтірілген мәтінді сары түсті сиямен майлы қағазға жазып, оны көк мақта жіптен өріліп жасалған баумен байлаңыз. Бұл бауды жасау үшін ұзындығы әйелдің бойына сәйкес келетін 11 көк түсті жіп алыңыз да, барлық жіпті мойынға тағатындай етіп 2-3 рет ораңыз. Содан кейін

фото

Йа рахиму Йа Аллаһу Йа Мурийду деп 3 рет қайталап, жіпті түйіңіз. Тағы дұға оқып, жіпті екінші рет түйіңіз. Осылайша жіпті бірдей аралықта 11 рет түйіп, оған үшкіріңіз. Босанғаннан кейін 40 күн өткесін, әйел шомылып, содан кейін тұмарды шешіп, жерге көміп тастасын..
    Босануды жеңілдету
    Әйелдің босануын жеңілдету үшін төменде келтірілген мәтінді майлы қағазға жазып, оны босанатын әйелдің оң санына байлап қою керек. Сонда Аллаһтың шапағатымен бала дүниеге жеңіл келеді.

фото

Бұл тұмарды толғақ басталмайынша тақпаңыз.
    Етеккірдің бұзылуы
    Етеккірдің тұрақсыз келуі әйел ағзасына көптеген ауруларды туғызады: іштің көлемі ұлғаяды, етеккір келердің алдында іштің төменгі тұсы қатты ауырады, етеккір әдеттегіден аз мөлшерде келетін болса, әйелдің бетіне шамадан тыс түктер шығады. Аурудың созылмалы түрінде жатырдың жұмысы бұзылады да, бала туу қабілеті жоғалады. Сонымен қатар әйелдің сыртқы түрі бұзылып, денесі ісінеді, қанның ағысы баяулап, арқасы, бүкіл денесі ауырады. Егер етеккір циклі қысқарса немесе мезгілінен бұрын тоқтап қалса, әйел адамның түрі еркектің түріне ұқсап кетеді. Етеккір әйел ағзасы үшін өте маңызды, өйткені ол арқылы әйелдің денесінен зиянды заттар сыртқа шығарылып, қан айналу жүйесінің қызметі жақсарады.
    Бұдан айығу үшін төмендегі дұғаны тұмар ретінде пайдалану керек. Бұл тұмарға «Бисмилла» деп жазуға болмайды.

ф

    Етеккір келген уақытта іштің төменгі тұсы ауырса, осы тұмарды кіндікке жететіндей, ал арқа ауырғанда құйымшаққа тиіп тұратындай етіп тағу керек. Тұмарды қызыл күрең түсті жіпке тағу қажет. Матаны пайдаланбаңыз, өйткені бұл тұмарды жуынған кезде шешпеген жөн. Сондықтан тұмарды целлофанға орап, ылғалдан, судан қорғау керек.
    Етеккірдің көп келуі
    Егер етеккір шамадан тыс көп келетін болса, төменде келтірілген мәтінді сары түсті сиямен жазып науқас әйелдің мойнына тұмар қылып тағыңыз. Егер ауру күштірек болса, онда осы мәтінді фарфор тәрелкенің бетіне немесе майлы қағазға жазып, оны сумен шайып, сол суды таңертең ашқарынға науқас адамға ішкізіңіз. Бұны 3 реттен артық жасауға болмайды.

ф

Бисмиллахир рахманир рахим
Йа Әджаибаал Хафа уә йа уәраалхалах

Жатыр аурулары
    Жатырдың кез келген ауруында, соның ішінде ісікті ауруларында да төменде келтірілген мәтінді жазып, науқас әйелге тұмар қылып беріңіз. Аурудың ауыр түрлерінде осы мәтінді фарфор тәрелкенің бетіне жазып, оны сумен шайып, сол суды таңертең ашқарынға 40 күн бойы науқасқа ішкізіңіз.

ф

Хууал амру хаю ама нәуийл бихакки йа хаю
      йа каюм йа бариулмусаууарул архам

    Емшек бездерінің қабынуы, іріңді жара немесе ісік
   
Егер ауруды дер кезінде емдемесе, оның арты ракқа ұласуы мүмкін. Сондықтан ем қабылдауды кешіктірмеу керек. Ол үшін кеңдеу ыдысқа жылы су құйып, 3 рет «Ма фи калби гараллахи» деп, суға үшкіріңіз. Науқас әйел осы суды ішіп, қалғанын ауырған жеріне құйсын. Мұны ауру толық жазылғанша күніне үш рет жасау керек.
    Кеуденің кішкентайлығы
    Әйел анарының әдемі түрде болуы – оның сұлулығының бір бөлшегі. Ол тек әйел мен еркектің арасындағы айырмашылықты ажыратып қана қоймастан, сонымен бірге баланы емізу үшін да маңызды болып табылады. Әйтсе де анары өте кішкентай әйел өзінің тән сұлулығын толығымен аша алмайды. Сондықтан ондай әйелдерге мынадай дұға көмектеседі. Ұйықтар алдында әйел «Уәттаийни уәз зийтуни» (Қасиетті Құранның 95-Тин сүресінің 1-аяты) деп 100 рет оқып, кеудесіне үшкіріп, үндемей орнына жату керек. Сондайақ күніне 250 г сірне жеу қажет. Мұны 90 күн бойы жасау керек. Бұл кеудені әдемі, шымыр етеді.
    Түсік тастау, мерзімінен бұрын босану, бала өлімі
    Әр түрлі себептермен ана құрсағындағы ұрықтың дұрыс дамымауы баланың түсіп қалуына, әйелдің уақытынан бұрын босануына немесе бала өліміне әкеледі. Бұның негізгі себебі – әйелдің ұрық дамуына жауап беретін ми бөлігінің дұрыс жұмыс атқармауы. Ал ми жұмысының бұзылуына кейбір ауру түрлері немесе әйелдің жандүниесінің дұрыс болмауы себеп. Сондай-ақ күшті дәрілерді жиі және қажеттіліксіз қабылдау да, ащыға құмарлық, ауыр тұрмыс, қорқыныш пен үрей осы жағдайға душар етуі мүмкін. Бұндай жағдайды болдырмау үшін аяғы ауыр әйел жүйке жұқаруында жасалған емді қолдануы керек. Тұмарды жүктіліктің алғашқы айларынан бастап тағады. Әйел аман-есен босанғаннан кейін тұмарды баласының мойнына тағып қоюы керек.