Рухани емшілік

Страница 3

На главную                 Библиотека                Предыдущая                 Следующая

 

 

БАДАМША БЕЗДІҢ ҚАБЫНУЫ (ТОНЗИЛЛИТ),
ШІРІНШЕ (ЗОЛОТУХА)


    1.Оң қолыңыздың сұқ саусағының басына азғантай ақ күл салып, бір рет «Йа уәдуду» деп, саусағыңызға үшкіріңіз. Содан кейін науқастың мойнының ауыратын жеріне саусағыңызбен Х белгісінің суретін салыңыз. Егер денеде бірнеше жер зақымдалса, бұл шараны әр қайсысы үшін қайталау керек.
    2.Әдетте, бұл ауруға кішкентай балалар ұшырайды. Кейде көмей мен тамақта бірдеңе түрғандай болып, ауаның өтуі нашарлайды. Бұл ауруды емдеу үшін Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 255-аятын «МанЗаллази Йашфаъу Индаху Илла Биизнихи» деп бір рет оқып, суға үшкіріңіз. Осы суды науқас баланың тамағына бірнеше рет құйып, су өткенше тамақты уқалаңыз.

БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ


    Баланың оқуға талпынысын жақсарту
    Ұйықтап жатқан баланың бас жағына отырып бір ай бойы Құранның 54-Қамар сүресінің 22-аятын оқыңыз:


Бисмиллахир рахманир рахим
Уәлкад йассарна әлкурана лиззикри фахал мим муддакирин


    Есте сақтау қабілетін жақсарту
    Таңертеңгі Бамдат намазынан кейін 3 рет «Рабби Йасир уәлә туъассир» - деп оқып, су құйылған ыдысқа дем салып, осы суды 21 күн бойы ішіңіз.
    Жүйкенің тозуы
    Балалар жүйкесі тозуының белгілері: түнде шошыну, себепсіз айқайлау, жылау, қалтырау, өзін-өзі және басқаларды тырнап тастауға әрекеттену, еш себепсіз денесінің бір ысынып, бір суынуы, туа біткен әлсіздік немесе ауру, арықтық, зат алмасу үдерісінің (процесінің) бұзылуы, көз астының қарайып тұруы.
    Баланы осы аурудан сақтандыру үшін немесе емдеу үшін майлы қағаздың бетіне мынадай дұғаны жазыңыз:

ф

    Содан кейін бұл қағазды целлофанға орап, аспан түстес көк матаның ішіне салып тігіп қойыңыз. Осы тұмарды баланың мойнына тағыңыз.
    Кереңдік және мылқаулық
    Кереңдік немесе мылқаулық туа бітсе де, жүре келе пайда болса да, діни ғұламалар оларды мынадай жолмен емдеуді ұсынады:
    Бала түнде ұйықтап жатқанда, оның оң жағына келіп «Кааааф хаа йаа аааайн саааад» – (Құран, 19 Мәриям сүресі, 1-аяты) деп оқыңыз. Әрбір дыбысты бөлек, дауыстап айту керек, бірақ бала оянып кетпесін. Бұл шара 6 айға созылады. Егер сіз бірнеше күнді жіберіп алсаңыз, онда 6 ай біткеннен кейін, сол күндерді есептей отырып, ем жасалған күннің орнын толтырасыз. Егер баланы анасы емдесе, онда ол бұл емді тіпті етеккірі кезінде де жасай беруіне болады.
    Көкжөтел
    Ақ фарфор тәрелкеге сары түсті тағам мен қайнаған судан дайындалған сиямен төмендегі дұға сөздерін жазыңыз. Тәрелкені сумен шайып, сол суды ауру адамға 11 күн бойы таңертең және кешке ішкізіңіз.

ф

Бисмиллахир рахманир рахим
Йа хафизу йа хафизу йа хафизу
Кас Кас Кас
Ма ниъатулма

    Кіші дәреттің тоқтамауы (Энурез)
    Кейбір балалар есейгенше төсекке дәрет етіп қоя береді. Бұл ауруды емдеу үшін түнде бала ұйықтап жатқанда, оның бас жағында тұрып Қасиетті Құраннан келтірілген төмендегі дұға сөздерін ( Әл-Бақара сүресі, 1-3-аяттары) дауыстап оқу керек. Бала оянып кетпесін.

Бисмиллахир рахманир рахим
Алиф Лам Мим Заликал Китабу Ларайба Фихи Худаллил
Муттакийн
Аллазина Юминуна билгайби

Бұны 21 күн бойы жасау керек.
    Құлақ ауруы
    Балалардың құлақ ауруын емдеу үшін төмендегі шараны орындаңыз:

Бисмиллахир рахманир рахим
Куль Аъузубираби ал фалак
Мин Шарри Ма Халаку
Ва Мин Шарри Гасикин Иза Вакаб
Ва Мин Шарринаффасати Фил укад
Ва Мин Шарри Хасидин Иза Хасад

деп, Құранның 113-сүресі Фәләқты үш рет оқыңыз.
    Одан кейін қасықтағы сүтке немесе суға үшкіріп, балаға ішкізіңіз. Ауру қайтпаса, бұл шараны қайталаңыз.

    Құлақтан бұлақ ағу
    Бала құлағынан бұлақ аққанда мына аятты «Әл ләзи Халақа фәсәууә уәл ләзи қаддарә фә һада» – (Құран, 87-Ағла сүресі, 2-3-аяттары) оқып, кішкене мақтаға дем салып, оны ұйықтар алдында баланың ауыратын құлағына қою керек. Таңертең қайтадан дұға оқып, жаңа мақта салады. Бұны құлақтан бұлақ тыйылғанша жасау керек.
    Қыңыр, қиқарлық
    Бала қыңырлығын емдеп жазу үшін жүйке тозғанда қолданылған тәсілді пайдаланған жөн. Майлы қағазға мына дұғаны жазыңыз:

f

    Содан кейін бұл қағазды целлофанға орап, аспан түстес көк матаның ішіне салып тігіп қойыңыз. Осы тұмарды баланың мойнына тағыңыз.
    Өкпенің және өкпе қабының қабынуы
    Фарфор тәрелкеге запран мен қайнаған судан дайындалған сиямен мынадай дұғаны жазыңыз:

f

Бисмиллахир рахманир рахим
Йа хафизу йа хафизу йа хафизу
Йа Фаттхул, Мухамину, алъазизу
Йа Шафиу Йа Шафиу Йа Шафиу
АлхаюАлкаюму

Тәрелкедегі жазуды сүтпен жуып кетіріп, сүтті ауру адамға ішкізіңіз. Бұны 3 күн бойы күніне 3 рет жасау керек.
    Тәбеттің болмауы
    Балаға тамақ бермес бұрын, бір рет «Бисмиллахир рахманир рахим» -деп, одан кейін «Йа рахим» деп, 12 рет оқыңыз да тамаққа үшкіріңіз.

    Топырақ жеу әдеті
    Кейбір әйелдер мен балалардың топырақ жейтін әдеті болады. Бұл жаман әдет әртүрлі ауруларды тудырады. Сондықтан одан арылу үшін мынадай ем қолданылады. Сүт құйған ыдыстың үстінен қарап тұрып,

Бисмиллахир рахманир рахим
Фардим Мураввадж

деп 3 рет оқыңыз. Содан кейін сүтке үшкіріп, оны балаға ішкізіңіз. 11 күн ішінде бала топырақ жеуін қояды. Егер баланың анасында да сондай әдет болса, оған да осы дұға көмектеседі, тек сүттің орнына суды қолдану керек. Бұл әдісті күніне 3 рет қайталау керек.
    Тіл, көзден сақтау
    Жас баланың денесінің қара қуатқа қарсы тұру кедергісінің күші өте әлсіз болғандықтан, ол сыртқы күштерге қарсылық ете алмайды. Сондықтан да тіл-көз сүйкімді, ақылды балаларға көп тиеді. Бір қызығы балаға өз ата-анасының, бауырларының да тілі, көзі тиюі жиі кездеседі. Көз тиген бала тынышсызданып, тамақ жемей қояды, кейде қызуы көтеріліп, бірте-бірте әлсірей бастайды. Бұл ауруды емдеп жазу үшін Құранның 108-Кәусар аятын оқып, баланың бетіне үшкіру керек.

Бисмиллахир рахманир рахим
Иннә, Аътайнә кәл кәусар
Фасалли Ли Раббикә уә анхар
Иннә шаниәкә һууал Әбсар

    Тістің шығуы
    Қағазға мына дұға сөздерін жазып,

f

Бисмиллахир рахманир рахим
Алиф лам ра Тилка Айатулкитабил мубин

оны тұмар қылып, баланың мойнына тағып қойыңыз (Құранның Жүсіп сүресі–1). Құдайдың шапағатымен бала тіс шығуына байланысты туындайтын ауыртпалықтардан құтылады.
    Шошып ояну
    Ұзақ уақыт әр түрлі жағымсыз әрекеттер туралы ойлану адамның күш-қуатын әлсіретеді. Бұдан жүйке жүйесі жұлынының жұмысы нашарлап, адамның ми бөлігінің қызметі өзінің жұмысын дұрыс атқара алмайды. Соның салдарынан адамның ұйқысы бұзылады, түнде шошып оянуы жиілейді. Егер адам бір жақсылыққа көңіл аударып, ойы бөлінсе, түнде шошынуын қояды. Шошынудан арылу үшін «Ашшату Назифату» деп оқыңыз. Мүмкіндігінше бұны үнемі қайталап жүрсе, адамның бойындағы шошыну, үрейлену т.б. ыңғайсыздық жағдайлардан құтылатыны дәлелденген.
    Ішек құрты
    Ішек құртының қандай түрі болса да, одан арылу үшін Құранның Әл-Кәусар сүресінің 108-аятын 3 рет оқыңыз да, жартылай су құйылған стақанға дем салып, суды балаға ішкізіңіз.

Бисмиллахир рахманир рахим
Иннә, Аътайнә кәл кәусар
Фасалли Ли Раббикә уә анхар
Иннә шаниәкә һууал Әбсар

Сондай-ақ айтылған сүрені оқи отырып, аурудың ішіне таңертең, түсте және кешке үшкіріңіз. Ауру адам бұны өз бетінше де жасай алады. 11 күннің ішінде ауру толығымен айығып кетеді.


БАЛАНЫҢ ТІЛАЗАРЛЫҒЫ


    Баланың ой-санасы жетiлуiкта жартысына жуығы ата-анасына және үйдегі тәртіп-тағылымға байланысты болса, екінші жартысы өзін қоршаған қоғамға байланысты болады. Егер үйде тыныштық, ынтымақ болмаса, ата-аналары күнде ұрысып-керісіп жатса, балалары сол ата-ананың барлық жаман әдеттерін өздеріне сіңіріп алады. Бірте-бірте бұл әдеттер оның болмысында тұрақты орын алады.
    Алғашында балалар өз-өздерімен күрессе, кейін ата-аналарымен алыса бастайды. Ата-аналары қажетті тәлім алмайынша, өз балаларын түсіне алмайды да, олармен дұрыс қарым-қатынас орната алмайтын жағдайға келеді. Бұл балаларды дөрекілікке, тілазарлыққа алып келеді. Ал үйінде тыныштық, келісім орнаған немесе ең болмаса ата-аналары өздерінің ұрыс-керістерін көрсетпейтін ортада тәрбиеленген балалар тілалғыш болады, ата-аналарына үнемі көмектесіп жүреді.
    Балалар үшін оларды шектен тыс еркелету мен мәпелеу қандай зиян болса, шектен тыс қаталдық пен дөрекілік те соншалықты зияндығын тигізеді. Екеуінің де нәтижесі өкінішке әкеледі. Ата-ана өзінің жүріс-тұрысын, мінезін өзгертуден басқа, балалардың тілазарлығын мынадай дұғаның көмегімен дұрыстауға болатындығын дін саласының ғұламалары ұсынады.
    Бала түнде ұйықтап жатқан кезде оны оятып алмай, оның бас жағына тұрып, дауыстап мына дұғаны оқыңыз:

Бисмиллахир рахманир рахим
Баль Хува кураануммаджид фи Ловхим Махфуз

Бұны 11 күннен 21 күнге дейін жасау керек.

БАС АУРУЫ


    Мақта орамалды алып

f


оқыңыз да, орамалға үшкіріп, бір ұшын түйіңіз. Содан кейін осы орамалды науқастың басына түйіндісі самайына келетіндей етіп тартыңыз. Егер бас ауру созылмалы болса, онда орамалды таңертең тартып, ұйықтар алдында шешіп, сосын қайтадан тағып қойыңыз. Орамалды сондай-ақ жуынған кезде де шешіп қоюға болады. Осылайша бірнеше күн емдеу керек.
 

БАСТЫҢ САҚИНАСЫ


    Анда-санда басын көтере алмай, басы қатты сығылып, ұйқысыздыққа душар болып, бірнеше сағатқа немесе күндерге қатты ауыратындар кездеседі. Ол үшін науқас адам күн батпастан бұрын жүзін шығысқа бұрып жүрелей отырсын, сіз оң қолыңызды оның басының ауыратын жеріне қойыңыз. Одан кейін 12 жастағы қыз бала немесе ұл бала мына дұғаны дауыстап оқысын да науқас адамға үшкірсін:
Бисмиллахир рахманир рахим
Фарийкум Каззабат Мухамин

БАСТЫҚТЫҢ ЫҚЫЛАСЫНА ҚАЛАЙ БӨЛЕНУГЕ
БОЛАДЫ?


    Көбінесе билік иелері тарабынан өз қарамағындағы қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне әділетсіз болатын жағдайлар кездесіп жатады. Тіпті кейбіреулері өзінің бағыныштыларының қылмысқа баруына әрекет жасауы мүмкін. Бұған адал, ұяты бар адамдар көне бермейді. Сондықтан оған мына емді қолданыңыз. Төменде келтірілген дұға сөздерін көгершіннің, тауыстың, тоқылдақтың қауырсынына немесе бұғы терісінің қиындысына жазыңыз.

f

(Бастығыңыз бен оның анасының есімдері)
    Бұл тұмарды оң білегіңізге тағып жүру керек.
    Ескерту: егер бастығыңыздың анасының есімін білмесеңіз, тек бастығыңыздың атын ғана жазыңыз.


БАУЫР АУРУЛАРЫ


    Бауыр ауруларынан айығу үшін төменде келтірілген Құранның 18-Әл-Кахф сүресі 109-аятының мәтінін жазып, оны тұмар ретінде әйел адам мойнына, ер адам білегіне тағып жүрсін. Осы жазуды шайған суды таңертең науқасқа ішкізіңіз.

f

Бисмиллахир рахманир рахим
Каналбахру Мидадан Алкалимати Рабби

Бауыр немесе бүйрек жұмысының бұзылуынан болған денедегі қабынуларды да осы жолмен емдеуге болады.

БЕЛДІҢ ҰСТАП ҚАЛУЫ


    Кенеттен кейде адам жүйкелерінің кездейсоқ сығылысынан, тез қазғалыстан, бір аяққа салмақ түсуден және бел бұлшық еттерінің түйілуінен адамның белі ұстап қалып, ешқандай қозғала алмайтын жағдайға душар болады, тұруы мен жатуы қиындайды. Бұл аурудың негізгі себебі – бүйрек жұмысының бұзылуы. Бүйрек қабынып, онда тас жиналады. Ауруды емдеу үшін науқас адам су ішкісі келген сайын, суға қарап тұрып «Йа Шафи улабрар мукийман садида» деп дұғаны оқып, суға үшкіру керек.
                                                        

БЕРІЛГЕН СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРЕ АЛМАУ


    Адам ұзақ уақыт тынышсызданып, оны уайым жайласа, күдік, қорқыныш пайда болады да, ол қойылған сұрақтың жауабын біле тұра, ештеңе айта алмайтындай жағдайға ұшырайды. Кей жағдайларда бұған науқас адамның ұдайы басқа адамдардың ықпалында болуы да басты себеп болып табылады. Бұдан арылу үшін, таңертең ерте тұрып, дәрет алғаннан кейін бір рет «Йа уәдуду» деп оқып, қолыңызға аз ғана су алып, онымен мұрыныңызды шайыңыз. Бұны жеті рет жасаңыз да, содан кейін тағы бір рет «Йа уәдуду» деп оқыңыз. Ем ауру толығымен жазылғанша жүргізіледі.


 

Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая