Рухани емшілік

Страница 4

На главную                 Библиотека                Предыдущая                 Следующая

 

 

БОЙДЫ ӨСІРУ


    Егер бойы қысқа адам бойын ұзартқысы келсе, ақ фарфор тәрелкелердің бетіне сары түсті тағам мен раушан суынан дайындалған сиямен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз.

f

Бисмиллахир рахманир рахим
Әлиф ләм ра Тилка Айатулкитабил мубин
Арраһим Арраһим Арраһим

    Одан кейін тәрелкенің бірін сумен шайып, сол суды бойын ұзартқысы келген адамға таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке ұйықтар алдында бір рет ішкізіңіз. Бұны 6 ай бойы жасау керек.

БӨРТПЕ


    Аз ғана қантты немесе қойыртылған сүтті суға араластырып, 11 рет «Кун Файаакун» деп оқып, науқас адамға осы қоспаны күніне 3 рет беріңіз. Әдетте, науқас бір күнде жазылып кетеді, алайда аурудың ауыр түрлерінде ем 11 немесе 21 күнге созылуы мүмкін.


БӨРТПЕ СҮЗЕК, БЕЗГЕК, ҚЫЗЫЛША


    Сары түсті тағамнан және судан дайындалған сиямен мына дұғаны жазыңыз:

f


Бисмиллахир рахманир рахим
Йа хафизу йа хафизу йа хафизу
Йа Шафиу Йа Шафиу Йа Шафиу
Муриду Ассабухун Куддуссун


    Тәрелкені сумен шайып, 4 сағат сайын осы судан ауруға – балаларға бір шай қасықтан, ересектерге бір ас қасықтан беріп отырыңыз. Келесі күні дұғаны қайта жазып, емді жалғастыра беріңіз. Үшінші күні де осылайша жасап, тәрелкені шайған суды жоғарыда айтылғандай етіп ауруға беріңіз. Емнің алғашқы үш күнінде тамақ, дәрі қабылдауға болмайды.

БҮЙРЕК АУРУЛАРЫ


    Бүйректің түрлі ауруларын емдеу үшін мынадай ем-шара қолдануға болады: төменде келтірілген дұға сөздерін майлы қағаздың бетіне жазыңыз. Содан кейін одан тұмар жасаңыз, оны науқас адамның мойнына немесе бүйрегінің тұсына тағу керек. Сонымен бірге осы дұға жазылған қағазды сумен жуып, сол суды науқас адамға ішкізу керек. Осы емнен кейін бүйректегі тас зәрмен бірге сыртқа шығады.


БҮЙРЕК АУРУЫ (НЕФРИТ)


    Бүйрек ауруын емдеу мақсатында төменде келтірілген мәтінді қағазға жазып, одан тұмар жасаңыз да науқастың бүйрегінің тұсына байлап қойыңыз. Сонымен қатар фарфор тәрелкенің бетіне сол жазуды тағы да жазып, тәрелкені шайған суды науқас адамға беріңіз. Бұл емнен кейін бүйректегі тас зәрмен бірге сыртқа шығатыны анықталған.

f

БҮКІРЛІК


    Адамның жотасындағы омыртқасы нәзік ұлпалардың беріктігі мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Бұл мидан келетін қуат ағынының бүкіл денеге біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде кеуде және арқа бұлшық еттері күшті, серпімді болады. Егер қандай да бір себептермен бұл қуат ағыны зақымдалса, қабырға жасушалары әлсірейді де олар қисая бастайды. Бұның кең таралған түрі – бүкірлік. Бұл аурды емдеу үшін Құранның 88-Ғашия сүресінің 17-аятынан дұға сөздерін (иллал ибили кафа хуликат) айтыңыз. Бұл сөздерді мейлінше жиі қайталаған жөн. Сонымен бірге науқас адам су ішкісі келген сайын осы дұғаны оқып, суға үшкіру керек. Бұл емді бүкірлік толығымен жазылғанша жүргізеді.


БІР ТУҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ
ҰРЫС-ЖАНЖАЛДАР


    Кейде ересектер мен кішкентай балалар жанжалдасқан кезде, үлкендері кішілерімен санаспайды, ал кішілері оларды үлкен деп есептемейді. Бұндай жағдайды түзеу үшін 100 рет «иннахум йакидуна кайда уә акиду кайда» (Құран, Тариқ сүресі, 15-16-аяттары) оқып, балалардың жастықтарына үшкіріңіз. Тек әр бала өзінің жастықтарына жатуы керек. Бұл шараны 40 күн бойы жасау керек.


ГЕМОРРОЙ


    Геморройдың екі түрі бар: біріншісі нәзік ұлпалардың (ткандердің) ауыруы, екіншісі сол ұлпалардың көк тамырынан қан ағатын түрі. Бұл ауру іштің қатуынан, бір жерде тапжылмай бірнеше сағат отырғаннан, ыстық және ащы тамақ, алкоголдік және басқа зиянды заттар қолданғаннан пайда болады.
    Қансыз геморройды емдеу
    Ауру адам дәретханада болып, ішін босатқаннан кейін, сол қолының ортаңғы саусағы қабынған көтеншекке тиетіндей етіп жуыну керек. Жуынып отырған кезде «Фаълун Фаълун фиъал» деп оқыңыз.
    Қанды геморройды емдеу
    Ауру адам дәретханада болып, ішін босатқаннан кейін «Манию Камира» деп оқу керек. Одан кейін ауру адамның сол қолының ортаңғы саусағы қабынған көтеншекке тиетіндей етіп жуыну керек. Жуынып отырған кезде «Фаълун Фаълун фиъал» деп оқыңыз.
    Кейде көтеншек қатты ауыратыны соншалық, науқас адам шыдамсызданып кетеді. Сондықтан оны жеңілдету үшін ауру адам бір рет «Хуәллаху Аллази Лә Иллаха Илла Ху» (Құран, Әл-Қашр сүресі, 22-аят) оқып, оң қолының сұқ саусағына үшкіріп, оны суға салуы керек. Құдайдың рахымымен ауру лезде тоқтайтындығы анықталған.


ДАУЫСТЫ ҚАЛАЙ ЖАҒЫМДЫ
ЕТУГЕ БОЛАДЫ?


    Адамның даусының ерекшелігін өте жағымды ету үшін төменде келтірілген дұға сөздерін қара түсті сиямен қағаз бетіне жазып, қағазды ішетін суға салу керек.

f

۵   ۵   ۵   ۵   ۵
      ٩   ٩   ٩   ٩   ٩
     ١١ ١١ ١١ ١١ ١١
      ٩   ٩   ٩   ٩   ٩
      ۵    ۵  ۵   ۵   ۵

90 күн бойы күн сайын осы сөздерді жаңадан жазып, суды ауыстырып отырыңыз. Қалған суды таза жерге төгіңіз немесе онымен гүлді суарыңыз.


ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕН, ТАМАҚТАН УЛАНУ


    Адамдар кейде күшті немесе сапасыз дәріден уланған кезде, денесі бөртіп, қалтырап-дірілдеп, оның арты талмаға ұласуы мүмкін. Қанның улануы улы жәндік шаққаннан да болады. Уланудың себептері қандай болса да, оны қайтару үшін


Бисмиллахир рахманир рахим
Йа рахиму Йа Аллаху Йа Мурийду
Йа рахиму Йа Аллаху Йа Мурийду
Йа рахиму Йа Аллаху Йа Мурийду
Йа бадиъулъадаиби бил хайри Йа бадиъу


деп оқып, суға үшкіріңіз де, суды науқас адамға беріңіз. Сонымен бірге бір уыс топырақ алып, осы сөздерді айтып, топыраққа үшкіріңіз де, ара-арасында осы топырақты науқас адамға иіскетіп отырыңыз.
 

ДЕМІКПЕ


    Ұлы Жаратушы Алла тағаланың заңдары бойынша адамның тәні жинақталған қуат көзі болып табылады. Адамның өмірі мен денсаулығы осы қуат күшіне тˈуелді болғандықтан, көптеген аурулардың пайда болуы да қандай да бір қуаттың шамадан тыс көбеюі немесе жетіспеушілігінен туындайды. Әдетте, қуат пен жарықты бір түрге жатқызғанмен, қуаттың түрі өлшеусіз болып келеді. Олардың барлығының түр-түсін, атауын білу мүмкін емес.
    Демікпе мен тыныстың тарылуы осы қуаттың тепетеңдігінің бұзылуынан пайда болады. Қан айналысына жауап беретін қуат тепетеңдікте болмаса, қан арқылы шығатын зат алмасу қалдықтары толығымен шығарылмайды да, қан айналып өкпеге қайтқан кезде осы зиянды заттар да бірге келіп, өкпеде жиналып, оның жұмысын нашарлатып, соның нәтижесінде өкпені зақымдайтын вирустар пайда болады. Адамның тыныс алуы нашарлайды. Бұл ауруды демікпе (астма) деп атайды.
    Демікпеден емдеу үшін алтын немесе фарфор тәрелкенің бетіне сары түсті тағамнан дайындалған сары сиямен былай деп жазыңыз:

f

    Тәрелкені сумен жуып, суды науқас адамға күніне 3 рет ішкізіңіз. Науқас адам таза ауада болып, ауа райының шұғыл өзгеруінен сақтануы керек, қышқыл, суық тамақтарды пайдаланбаған жөн.


ДЕНЕНІҢ АУРУЫ


    Ауыр науқасты, әлсіздікті, бүкіл дененің ауыруын және ревматизм ауруларын емдеу үшін, ұйықтар алдында жартылай жылы су құйылған ыдыс алып, оның үстінен қарап тұрып 41 рет мына дұғаны оқыңыз:

Бисмиллахир рахманир рахим
йа хафизу йа хафизу йа хафизу
Йа шафи Йа шафи Йа шафи
Йа кафи Йа кафи Йа кафи
Йа бадиъәләъджаиби бил хари Йа бәдиъу
Йа бадиъәләъджаиби бил хари Йа бәдиъу
Йа бадиъәләъджаиби бил хари Йа бәдиъу
йа хафизу йа хафизу йа хафизу

Бұдан кейін суға үшкіріп, оны ауру адамға ішкізіңіз. Ауру адам ешкіммен сөйлеспей, ұйықтауға жатсын. Әдетте ем 3 күн жүргізіледі, алайда созылмалы ауруларда емді 11 күнге дейін созуға болады.


Д
ЕНЕНІҢ ЖЕКЕ НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ МҮШЕСІНІҢ
ЖАНСЫЗДАНУЫ


    Сары түсті тағамнан жасалған сия мен қағаз дайындаңыз. Осы сиямен үш ақ фарфор тәрелкеге мына жазуды жазыңыз:

f

    Тәрелкелерді қажетті мөлшерде сумен шайыңыз да, сол суды ауруға таңертең ерте, түсте және кешке ішкізіңіз. Көлемі 22,5х22,5 см болатын қатты қағаз алып, соған алдында жазылған сөздерді жазыңыз да, сол қағазбен аурудың жансызданған жерін үйкеңіз. Үйкеу сағат тілі бағытымен жүргізілуі керек. Тұз және ас қорыту жұмысын нашарлататын, ревматизмді күшейтетін тағамдарды көп пайдаланбаған абзал.


ДУА МЕН СИҚЫРДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ


    Бұл емді тек науқастың сиқырға ұшырағанына сенімді болсаңыз ғана жүргізіңіз. Науқастың бойымен бірдей 11 көк жіп алып, оны 4-ке бүктеп, бүктелген жіптің бір ұшынан түйін түйіңіз. Фалақ сүресін бір рет түгелдей оқып, түйінге үшкіріңіз де, оны қаттырақ түйіңіз.


Бисмиллахир рахманир рахим
Куль Аузубираби ал фалак
Мин Шарри Ма халака
Уә Мин Шарри Гасикин Иза Уәкаба
Уә Мин Шарринаффасати Фил укад
Уә Мин Шарри Хасидин Иза Хасада


Осылайша 11 түйін түйіп, оны жанып жатқан көмірдің үстіне тастаңыз. Егер жіп жанған кезде иіс шығарса, бұл шараны иіс кеткенше қайталаңыз.


ДҰШПАННЫҢ ҚАСКӨЙЛІГІНЕН ЖӘНЕ
ІШТАРЛЫҚТАН ҚОРҒАНУ


    Бамдат намазынан кейін немесе ұйықтар алдында Құранның 61-Саф сүресінің 13-аятының төмендегі сөздерін оқып, 100 рет қайталаңыз:


Бисмиллахир рахманир рахим
Насрум Минуллахи Уә Фатхун Карийб

Одан кейін адамның үстіне үшкіріңіз. Бұны тек дұшпанның қастық ойлап жүргеніне сенімді болсаңыз ғана жасаңыз. Сонда дұшпандарыңыздың қастығы мен зұлымдықтарынан, қызғанышынан ада боласыз. Шынайы қажеттіліктерсіз бұл емді жасауға болмайды.


 

Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая