Рухани емшілік

Страница 5

На главную                Библиотека               Предыдущая                 Следующая

 

 

ДІНИ СЕНІМДІ ЖОҒАЛТУ НЕМЕСЕ ОНЫ ТЕРІС
ТҮСІНДІРУ


    Адам діни сенімнен айырылғанда немесе оны дұрыс түсінбегенде, ол Аллаһқа, Пайғамбарға және дінге деген теріс пиғылда болады және ол адам ауру адамдай дәрменсіз жағдайға ұшырайды. Науқас адамды бұндай азаптан құтқару үшін оған мақта матасынан ұзын жейде тігіңіз. Бұл жейде науқастың тізесін жауып тұратындай ұзын және адам денесін 9 рет орап алатындай кең болуы керек. Сондай-ақ жейденің жеңі де кең және әдеттегі жеңнен 9 есе ұзындықта болуы тиіс. Осы жейдені науқас адам қараңғы бөлмеде үстіне киіп, 15 минуттай сол бөлмеде ақырын жүріп, 1-Фатиха сүресінің 1-3- аяттарын оқуы керек.


Бисмиллахир рахманир рахим
алхамдулиллахи раббил аламийнар
рахманир рахими малики ювмиддин


15 минуттан кейін жейдені шешіп, оны сол бөлмедегі қауіпсіз орынға қою керек. Бұны сенім қайта орнағанша жасаған жөн.


ДІРІЛДЕУ, ҚАЛТЫРАУ


    Адам бойындағы дірілдеу мен қалтырау дене зақымдануынан, жүйкесінің тозуынан, қан айналысының бұзылуынан, қорқыныштан, үрейден пайда болуы мүмкін. Бұны емдеу жолын діни ғұламалар майлы қағаздың бірнеше парағына төмендегі Құранның 55-Рахман сүресінің 1-5-аяттарының сөздерін жазуды ұсынады.

f

Бисмиллахир рахманир рахим
Аррахману АлламалКурана ХалкалИнсана
АлламахулБаяна Ашшамсу Валкамару Бихусбанин

Содан кейін қағаздарды бүктеп, олардан тұмар жасап, оны науқас адамға тағыңыз. Сондай-ақ таңертең күн шықпай тұрып ашқарынға науқасты жуындыратын судан ішкізіп тұрыңыз.


ЕМТИХАНДЫ СӘТТІ ТАПСЫРУ


    «Алмаликулкуддусу Алмаликулкуддусу Алмаликулку ддусу» деп Құтпа (Иша) намазынан кейін 300 рет оқыңыз, бұның алдында және бұдан кейін Ықылас сүресін 11 рет оқып, одан кейін Алладан сізге сәттілік беруін тілеңіз. Бұны емтихан нәтижесі белгілі болғанға дейін қайталау керек.


ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҰРЫС-
ЖАНЖАЛ


    Үнемі үйінде ұрыс-керіс салдарынан ерлі-зайыптылар арасында татулық, бірлік болмаса, одан отбасының берекесі бұзылады. Бұны көріп өскен балалар да тәрбиесіз болады. Сондықтан ерлі-зайыптылар бір-бірімен келіспей қалған кезде, оладың біреуі ұрысты өршітпей, сабырға жеңдіруге тырысу керек. Алайда бұл мүмкін болмаса, жұбайлардың біреуі су толы ыдысты алып Құранның Әли Ғымран сүресінің 134-аятын 100 рет қайталап, суға үшкіріп, сол суды ішу керек. Бұны намаз оқыған сайын, яғни күніне 5 рет жасау керек.


Уәл казиминаАлгайза Уәл афийна Әниннаси
Уәллаху Юухиббул Мухсинина


ЕРІКСІЗ ҰРЫҚ БӨЛІНУ


    Кейбір ер адамдарда кейде бойынан еріксіз ұрық бөлу әрекеттері кездеседі. Бұл ауруды емдеу үшін су толы ыдысты алып, таңертең күн шықпас бұрын жүзіңізді солтүстік жаққа бұрып отырып, мына дұғаны оқыңыз:


Бисмиллахир рахманир рахим
Йа шафи Йа шафи Йа шафи
Йа кафи Йа кафи Йа кафи
Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду
Йа рахиму Йа рахиму Йа рахиму


Одан кейін суға үшкіріп, суды науқас адамға үш реттен ұрттатып ішкізіңіз. Ем кезінде науқас адам ауыр және талшықты тағамдарды пайдаланбасын.


ЕСАЛАҢДЫҚ, ЖҮЙКЕНІҢ ТОЗУЫ,
СІРЕСПЕ, Т.Б.


    Әртүрлі экономикалық, әлеуметтік, рухани әлсіздік, жұмыссыздық, ортаның ынтымақсыздығы, жанұядағы тұрақсыздық, алдану мен арбалуға іліну адамды үнемі ойланып жүруге, ашулануға, сенімсіздікке, үрейленуге, жүйкесінің жұқаруына, шешім қабылдау қабілетінен айырылуына алып келеді. Бұдан айығу үшін бензоиннің (дәріханада сатылатын ағаш шайыры) кішкене сынықтарына қара сиямен 9 санын салып, оларды жанып жатқан көмірдің үстіне салыңыз да, бензоиннің хош иісін науқас адамға иіскетіңіз.
    Бұны кешке науқаспен оңаша жерде жасау керек.
    Бензоин иісі шығуын тоқтатқан кезде науқас адам 15-20 минуттай медитациялық әдіспен көзін жұмып, Аллаһтан тілек тілеп, бар көңілін осыған арнауы керек. Бұл науқас адамның жүрегіне қуат жиналуына көмектеседі. Ал ол қуат көзі адамның өз мәселелеріне оң қарап, оларды батыл шеше алатын нәтижелі жағдайға әкеледі.


ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ


    Көптеген адамдар жасының үлкен-кішілігіне қарамастан менің есте сақтау қабілетім нашарлауда деген жеке реніштерін білдіріп жатады. Осыған байланысты таңертең дәрет алмас бұрын немесе аузыңызды шая салысымен «Рабба Йассир Уала Туассир» деп 3 рет қайталаңыз. Ыдыстағы суға үшкіріп, осы суды ішіңіз. Бұл шараны 40 күн жасау керек, егер күндеріңізді қандай да бір себептермен жіберіп алсаңыз, кейін оларды өтегеніңіз жөн.


ЖАЛҚАУЛЫҚ


    Жұмыс істеп, ақша табуға жалқауланып жүрген адамды емдеп-жазу үшін, ол Құтпа намазынан кейін бір рет Бисмиллахир рахманир рахим деп, одан кейін 100 рет


Бихали уә кууати ла иллаһа иллал лаһу ал махамминул
азизул жаббарул мутакаббиру


деп оқу керек. Бұны 21 күннен 40 күнге дейін жасайды. Егер қандай да бір себептермен бұл дұғаны орындай алмаса, оның орнына жұбайы немесе жақын туыстарының бірі жасауына болады.
 

ЖАМАН ӘДЕТТЕРДЕН АРЫЛУ


    Адамды ұрлық жасау, құмар ойындарына құмарту, адамдарды мазақтау, күлкі ету, нашар ортаға үйір болу сияқты жаман әдеттерден арылту үшін науқас ұйықтап жатқан кезде, одан 0,9 м қашықтықта тұрып Ықылас сүресін 1 рет дауыстап оқыңыз. Бұны 21 күн бойына жасау керек.
 

ЖАМАН ОЙЛАРДАН АРЫЛУ


    Ұйықтар алдында аурудың төсегіне келіп 11 рет


Бисмиллахир рахманир рахим
йа хафизу йа хафизу йа хафизу
Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду
Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъу
әләъджаиби бил хари Йа бәдиъу
Сад сад сад сад
Каф каф каф каф
Йа рахиму Йа рахиму Йа рахиму


деп оқып, кеудесіне үшкіріңіз. 21 күн ем жасалады. Ем кезінде ауру адамға ыстық, қышқыл тағамдарды пайдалануға болмайды.


ЖАРАҚАТ САЛДАРЫНАН БОЛАТЫН АУРУ


    Буын шыққанда немесе ісік пайда болғанда, ыдысқа су құйып Құранның Рахман сүресінің 29-аятын оқыңыз:

f

Бисмиллахир рахманир рахим
Куллу Яминуа Хуа Фий Шани


Одан кейін суға үшкіріп, оны науқас адамға ішкізіңіз. Осы сөздерді қағазға жазып, одан тұмар жасаңыз да, оны соғылған, көгерген немесе жарақат алған басқа жерлерге байлап қойыңыз.

 

Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая

ЖАР ТАҢДАУ


    Құранның әр дұғасының өзіндік ерекше құпиясы болады. Сондықтан оны жеке бастың пайдасы үшін қолданғанда тек жақсылық ниет үшін пайдаланған жөн. Сол себепті бұл дұғаны тек заңды және адал неке құру үшін ғана қолданады. Заңсыз некеге тұру үшін жасалған жағдайда қауіпті екенін ескертіледі. 

 f

Қағаз бетіне жоғарыда көрсетілгендей отыз тор көз салып, оның үстіне

f

деп жазыңыз. Сосын № 1-ден бастап барлық жазуды кестеде көрсетілген ретпен толтырыңыз. Одан кейін үйленгісі келген жігіттің (тұрмыс құрғысы келген қыздың) аты мен оның болашақ жарының атын жазыңыз. Тұмарды үйленгісі келген адамның жастығының астына салып қою керек. Тілегі орындалғаннан кейін тұмарды әрқайсысының салмағы 2-3 келі болатын екі тастың арасына салып қойыңыз.
 

ЖЕҢІЛ ЖҮРІСТІ МАХАББАТ БАЙЛАНЫСЫН
ТОҚТАТУ


    Кейде ер және әйел адамдар өздерінің заңды некелері бола тұра немесе некелілер некесіздермен өзара рұхсат етілмеген, адамдыққа жат жеңіл жүрістік махаббат байланысына ұрынады. Осының салдарынан отбасында бүліну, ұрпақ тазалығының бұзылуы, некесіз ұрпақтың дүниеге келуі сияқты әрекеттер өмірде кездесуде. Бұдан құтылудың жолын Қасиетті Құран аяттарынан іздегенді діни ғұламалар өз уағында тәжірибеден өткізіп, оң нәтижесіне баға беріп, адамзаттың ұрпақ тазалығы мен отбасы бүтіндігіне арнап, өздерінің тұжырымдық еңбектерін қалдырған. Ол үшін ыдысқа су құйыңыз. Дәрет алып болғаннан кейін Құранның 21-Әнбия сүресінің 87-аяты, 24-Нұр сүресінің 35-аятын және 2-Бақара сүресінің 255-аятын 3 реттен оқыңыз:


Бисмиллахир рахманир рахим
Лә иллаха илла Анта Субханака Инни Кунту
Миназзалимин
Аллаху Нуруссамауати Уалард
Латахузуху синатуу уала навм


    Су толы ыдысқа үшкіріп, осы суды жеңіл жүрісті адамға 40 күн бойы беріңіз.

ЖОҒАЛҒАН АЛТЫНДЫ ТАБУ


    Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 156-аятын

f

(Инна Лиллахи Уә Инна Илайхи Раджиун) қағазға жазып, оны ешкім тимейтін үлкен тастың астына тығып тастау керек.
 

ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ТАБУҒА
БОЛАДЫ?


    Қатты қағазға, кенепке төмендегі дұғалық сөздерді жазып, сосын оны үлкен тастың астына көміп тастаңыз.

f

Одан кейін ең кемі 3 күн күтіңіз. Балаңыз табылған соң, бұл тұмарды тастың астынан алып, ағын суға ағызып жіберіңіз. Ризашылығыңыздың белгісі ретінде өз еліңіздің ақшасымен 5,25 шартты бірлік садақа беріңіз.


ЖҰЛЫННЫҢ АУРУЫ


    Егер баланы сүзектен дұрыс емдемесе, ол кейін жұлынның ауруына душар болады. Бұл ауруды емдеу үшін шай қасықтың төрттен бір бөлігіндей қант, жіңішке ине, ақ мата қиындысы және таттанбайтын болаттан немесе күмістен жасалған ыдысқа құйылған су алыңыз. Бір рет «Йа уәдуду» деп, инеге үшкіріңіз. Иненің ұшын қантқа тигізіп, сосын суға салыңыз. Содан кейін инені матамен сүртіңіз. Бұл шараны 101 рет қайталаңыз. Суға запран қосып, сия жасаңыз. Сол сиямен 3 фарфор тәрелкеге төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз:

f

Содан кейін тәрелкені сумен шайып, сол суды науқас адамға таңертең бір рет, кешке бір рет және түнде бір рет ішкізіңіз. Жоғарыда келтірілген дұға сөздерін көлемі 9х9 см болатын жылтыр қатты қағазға алында дайындалған сиямен жазыңыз. Осы қағазбен дененің ауыратын жерін сағат тілінің бағытымен ысқылаңыз. Егер қағаз жыртылса, онда жаңа қағаз алыңыз. Ем ұзаққа созылуы мүмкін. Ем кезінде тұз бен ішке газ жинайтын тағамды пайдаланбау керек. Ескерту: денені ысқылауға арналған қағазға

f

деген сөзді жазуға болмайды.


ЖҰМЫСТАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУ, БИЗНЕСТІ
ЖАҚСАРТУ


    Кейде ісіңіз оңға баспай, сіздің жұмысыңызға, өнімізге деген сұраныс төмендеп, алынған тапсырыстарды орындай алмайтын жағдайлар туындауы мүмкін. Бұдан өзіңіздің тұтынушыларыңызды, клиенттеріңізді жоғалтасыз. Бұл жағдайды түзеу үшін таңертең ерте күн шыққанға дейін тұрып, жұмыс орныңызға келіңіз. 114-Нас сүресін оқып, есікке үшкіріңіз.


Бисмиллахир рахманиар рахим
Кул аузу бираббин наси маликиннас
Ила хинас мин шарил уәсуәс ил ханнас
Аллази юууәсуи су фи судурриннас
Минал джаннати уәнас


Содан кейін есігіңізді ашып, артқа қарай 5 қадам шегініңіз де аяқ киіміңізді шешіп, табандарын бір-біріне ұрыңыз. Сосын аяқ киіміңізді киіп, ішке кіріңіз де бөлмені бензоин шайырының түтінімен аластаңыз. Бұны бір рет жасасаңыз жеткілікті болады. Тек аяқ киіміңіздің табаны былғары болуы шарт.