Рухани емшілік

Страница 6

На главную                Библиотека               Предыдущая                 Следующая

 

 

ЖҰМЫС ТАБУ НЕМЕСЕ ӨЗ ІСІҢІЗДІ БАСТАУ


    Жұмыс табу әрекетіңіздің бәрі босқа кетіп, үміттеріңіз орындалмай жатса, төменде келтірілген дұға сөздерін қағаз бетіне жазып, тұмар дайындаңыз.

f

Тұмарды мойныңызға немесе білегіңізге тағып жүріңіз.
    Ескерту: тор көздердің шетінде жазылған сандарды жазудың керегі жоқ. Сондай-ақ «йа хаю йа қаюм» деген сөздерді кез келген жерде үнемі қайталап жүрген дұрыс.


ЖҮРЕ АЛМАУ


    Науқас адамның бойынан 7 есе ұзын аспан түстес мақта жіп алып, оны науқас мойнына тағып жүретіндей қылып бірнеше рет ораңыз. Содан кейін Құранның 55-Рахман сүресінің 12-аятын


Бисмиллахир рахманир рахим
Фаби Аййи Алаи Раббикума


деп 21 рет қайталап оқып, оралған жіпті бірдей арақашықтықта 21 рет түйіңіз де, оны науқастың мойнына тағыңыз. Ауру жазы-
лғаннан кейін жіпті арыққа, өзенге немесе бұлаққа ағызып жіберіңіз.
 

ЖҮРЕК ТАЛМАСЫ


    Жүрек талмасы жүректің әлсіздігінен, ағзаның жалпы әлсіреуінен, қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуінен, әсері күшті дәрілерді пайдаланудан немесе жүйке күйзелісінен пайда болуы мүмкін. Барлық жағдайда да емдеудің бір ғана тәсілі қолданылады.
    Аяқ астынан болған жүрек талмасы кезінде ыдысқа су құйып, төменде жазылған сөздерді 3 рет қайталап оқып, суға дем салып, ауруға ішкізу керек.

f

Бисмиллахир рахманир рахим
Йа Хайюу Кабла Кулли Шай ин
Йа Хайюу Баъда Кулла Шай ин.

    Егер ауру жүрек талмасынан үнемі зардап шегіп жүрген болса, жоғарыда жазылған сөздерді қағазға жазып, оны табиғи бал салынған банкіге салып, осы балды ауруға күніне кемінде 3 реттен беріп отыру қажет.
    Егер жүрек талмасының себебі – қан қысымының жоғарылауы болса, онда таза суды емес, қант салынған суды пайаланыңыз және оны ауруға таңертең ертемен ашқарынға ішкізіңіз.
    Егер ауру себебі – қан қысымының төмендеуінен болса, онда жоғарыда көрсетілген сөздерді оқып, тұз салынған банкіге дем салып, сол тұзды ауруға беріңіз.
    Егер жүрек талмасының себебін анықтау мүмкін болмаса, онда үлкен қағазға
الله (Аллаһ) деген сөзді қара сиямен әдемілеп жазыңыз. Осы қағазды қатты тақтаға жапсырып қойыңыз. Ұйықтар алдында осы тақтаны төсектің қасына әкеліп қойыңыз, бұл кезде аурудың бөлмесінде ешкім болмауы керек. Ауру адам жазуға бір минуттай мұқият қарап, содан кейін көзін жұмып, өзінің денесінен Алланың нұр сәулелі жарығы өткенін елестетуі керек. Осы қалыпта 10-15 минуттай тұрады да, көзін ашып, ешкімге ештеңе айтпай, орнына барып жатқан жөн. Егер осыны бірнеше күн қайталаса, Аллаһтың қайырымымен жүрек талмасы жазылып кетуіне себепкер болады.
 

ЗИЯНДЫ ӘСЕРДЕН АРЫЛТУ


    Егер науқас өзіне қойылған диагнозға күмәнданып, өзін теріс күштер жайлап алғандығына сенетін болса, сол адамды өзіңіздің алдыңызға қарама-қарсы отырғызыңыз. Өзіңіз бен науқас адамды Арш-и-Мулланың (Жоғарғы Билеушінің) панасында отырмыз деп елестете отырып, бәсең дауыспен 11 рет төменде берілген дұғаны оқып, науқасқа дем салыңыз.

Бисмиллахир рахманир рахим
йа хафизу йа хафизу йа хафизу
Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъу
Йа бадиъуләжаиби бил хари Йа бәдиъу


    Егер науқас адамды шынымен-ақ жын-пері жайлап алған болса, ол дем салғаннан кейін белгілі болады. Дуаланғанына көзіңізді жеткізгеннен кейін оның есін жидыру үшін бір рет «йа хафизу» деп, науқасты тағы да үшкіріңіз. Науқас есін жиған соң, оны емдей беруіңізге болады.


ЗҰЛЫМ РУХТЫ КҮШТЕРДІҢ ӘРЕКЕТІНЕН
АҚЫЛ-ЕСТІҢ АУЫСУЫ


    Рухтар да ақ ниетті және зұлым ниетті болып бөлінеді. Зұлым ниетті рухтардың сау адамға әсерінен оларда ақылесінен ауысу жағдайы кездеседі. Ол үшін ұйықтардың алдында дәрет алып, екі мақта тампонын дайындаңыз да, бір рет Бақара сүресінің Аятул-Курси аятын оқыңыз:


Бисмиллахир рахманиар рахим
аллаху лаилаха илла хууә ал хаююулкаюм
ла тахузуху синатуу уәла ноум
лаху ма фис самауәти уәма фил ард
ман заллази йашфау индаху илла биизнихи
йааламу ма байна аидихим уәма халфахум
уәла йаахетуна бишаин мин илмихи
илла бима шаа уәсиа курсиюхус самауәти
уәларди уәла юудуху хифзухум
а уәхууәл алиюл азийм


    Содан кейін тампондарға үшкіріп, оларды құлағыңызға салыңыз. Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін құлағыңыздан мақтаны алып, оны кішкене қорапшаға салып қойыңыз. Осы мақтаны пайдаланып, емді бірнеше апта жүргізіңіз.

ИМЕК ПІШІНДІ ЖӘНЕ ДӨҢГЕЛЕК ІШЕК ҚҰРТТАРЫ


    Адамдар күнделікті тамақ ішкенде, олардағы пайдалы заттарды ішек құрттары өздеріне сіңіріп алатындықтан, адамның ағзасы әлсіреп, іші ісініп кетеді. Ұйқтап жатып науқас адам тісін шықырлатады және оның аузынан сілекей ағады.
    Төменде келтірілген дұға сөздерін қара сиямен жазыңыз да оны бүктеп, тұмар жасаңыз. Бұл тұмарды науқас адам тағып жүруі керек. Содан кейін фарфор тәрелкелердің бетіне сары түсті тағам мен раушан суынан дайындалған сиямен осы дұғаны жазып, сосын тәрелкені сумен шайып, сол суды таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке ұйықтар алдында бір рет ішкізіңіз.

f


Юзаббаһуна абанакум уаяастаһун ниса акум
уәфи заликум балаум мин раббикум ъазийм


Бұны 3 күннен 11 күнге дейін жасауға болады.


ИТ ҚАУЫП АЛҒАНДА


    Құранның 5-Мәида сүресінің 4-аятын 11 рет оқып, бір стақан суға үшкіру керек.


Аюасалунака маза ухилла лаһум
Кулихулла лаһум ут тайиббату уәма алламтум минил
Жауариһи мукаллибийна туъаллимунаххунна мимма
ъалламакумуллаху факулу мимма амъсакънаъ
Алаюкумъуәзъкуру асмаалаһи ъаллаюһи уәттаку ллаха
инналаһа сариюл хиссаби

Содан кейін суды науқас адамға 3 күн бойы 3 реттен ішкізу қажет.


КЕНЕТТЕН БОЛАТЫН АУРУ


    Дененің кез келген жері кенеттен және қатты ауырғанда науқас адам естімейтіндей дауыспен сыбырлап Құранның 99-Зілзал сүресінің 1-2-аяттарын оқыңыз.


иза зулзилатил арду зилзалаһа
Уә Ахражатил арду Аскалаһа


Содан кейін таңертең бір рет, кешке бір рет науқастың оң құлағына дем салыңыз.


КЕРЕҢДІКТІ ЕМДЕУ


    Есту қабілетіне құлақ қалқанындағы түктер жауап береді. Егер қандай да бір аурудың нәтижесінде осы түктер жуандаса, онда олардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті нашарлайды да, соның нәтижесінде құлақ естімей қалады немесе нашар еститін болады. Бұл аурудан жазылу үшін «Расус сама алмарам» деп оқып, ауру адамның оң қолының шынашағына үшкіріңіз, сол саусағымен ауру адам құлағын шұқысын. Келтірілген сөздерді қағазға жазып, одан тұмар жасаңыз. Оны әйелдер мойнына, ер адамдар білегіне тағып жүрсін.


КЕРІ РУХТЫ КҮШТЕРДЕН АДАМДЫ ЕМДЕУ


    Адамның өзін жын-шайтандар жайлап алды деп уайым шегуі – сана өзгерісінің кеселі. Мұндай жағдайға адам көбінесе қан құрамындағы қантқа қарағанда тұздың деңгейі артқанда душар болады. Құрамында тұзы көп қан айналу жүйесі бойынша миға келіп жеткенде, сананың сезімталдығын бақылайтын екі миллионға жуық жасуша қызметі нашарлайды. Бұл адамның иығын бір нәрсе басып тұрғандай сезімге бөлеп, оны сол мезетте кенеттен адам түсініксіз елестер мен байланыссыз әр түрлі заттарды көре бастайды. Адам санасы трансмиссиялық өзгеріске ұшырап, кейде ол ер адамның немесе әйелдің белгісіз көлеңкесін немесе сұлбасын көргендей елес алып, денесінде қорқыныш пайда болып, өзінің санасынан тыс әрекеттер жасай бастайды. Бұндай күйзелістің күшті болатындығы соншалық, адамның санасы жоғалады да, оның сезімі санадан тыс күштердің билігіне тәуелді болып қалады. Мұндай адамның сөздері көбіне байланыссыз болып келеді де оны санасыздық жайлап, кейде ол себепсізден-себепсіз күліп немесе жылауға да барады. Сондықтан да қанның құрамында тұзы көп адамдардың санасын жын-шайтандар билеп, ақыл-есінің дұрыс болмауына ықпал етеді. Уақыт өткен сайын ол өз құрбанына еркін билік жасап, оның санасын баурап алады. Олар адамның алдына елес ретінде келіп, оның санасын қараңғылық жүйеде ұстайды. Бұл ауруды емдеу үшін қағазға мынадай сөздерді жазу керек:


ليئارزع
ليئ اربج
ليفارسا
ليئاکيم


    Науқас адам ұйықтар алдында сөз жазылған қағазды (төрт періштенің аты) бүктеп, оны кішкене мақтаға орап, одан кейін оны зәйтүн немесе зығыр майына салып, отқа өртеңіз. Бұдан шыққан түтінді ауру адамға иіскету керек. Таңертең күн шыққанға дейін Қасиетті Құранның 113 сүресі Фалақты дауыстап оқып, ыдыстағы суға дем салып, ауруға ашқарынға ішкізу керек. Ауру адам кемінде екі апта бойы тұзды пайдаланбауы шарт. Осы емдеу курсы біткенге дейін тұзды аз қабылдаған жөн. Күніне табиғи балдан 3 рет бір ас қасық қабылдап тұруы қажет.
    Кері рухты күштерден сақтайтын тұмар
    Осы тараудың бас жағында кері күштердің теріс әсерінен арылу туралы айтылған болатын. Енді осы ауруға шалдыққан адамға тағылатын тұмарды дайындау туралы айтып кетпекпіз. Тұмар дайындау үшін төменде келтірілген дұға сөздерін майлы қағаз бетіне көшіріп жазыңыз.

f

Сосын қағазды бүктеп, оны целлофанға ораңыз. Науқас адам осы тұмарды мойынына тағып жүруі керек.

КЕКЕШТЕНУ, САҚАУЛАНУ


    Кешке ұйықтар алдында айнаның алдында тұрып, өзіңіздің еріндеріңіздің қимылына қарап тұрып, төменде келтірілген дұға сөздерін 11 рет оқыңыз.


Уәхлул укдатам миллисани


    Әрбір сөзді анық, бөліп-бөліп айтыңыз. Осы сөздерді айтып тұрып қолыңызға үшкіріп, бетіңізді 3 рет сипаңыз. Содан кейін бірден орныңызға барып жатыңыз. Бұны 90 күн бойына үзіліссіз жасау керек. Егер қандай да бір себептермен күндеріңізді жіберіп алсаңыз, оны міндетті түрде кейін өтеу шарт.


КӨЗ АУРУЛАРЫ


    Көптеген көз аурулары асқазан ауруларынан, тұмаудың асқынуынан немесе шаң-тозаң, түтін немесе басқа да зиянды заттардан және аурудың сыртқы қоздырғыштарының әсерінен болады.
    Ақшам соқыр
    Бұл аурумен ауыратын адам түнде немесе қараңғыда көре алмайды. Аурудан айығу үшін 3300 рет

f

деп оқып, 250 г. пияз дәндеріне дем салу керек. Ауру осы дәннен күніне екі рет – таңертең және кешке қасықтың төрттен бір бөлігіндейін қабылдап, артынан таза су ішіп тұрсын.
    Көз жанарының әлсіреуі
    Күн шығар алдында 3 рет

f

деп оқып, суы бар ыдысқа үшкіріңіз. Осы ыдыстан бір шыны су ішіңіз. Оң қолыңызбен ыдыстағы судан алып, сол көзіңізді сол
суға батырыңыз. Су жылығанша, көзіңізді жыпылықтатыңыз. Бұл суды сосын гүлге немесе шөпке құйыңыз. Осылайша оң көзіңізді де емдеңіз. 90 күн емделуге кеңес беріледі. Алланың мейірімімен көзіңіздің жанары қалпына келеді.
    Көз қантамырларының қабынуы
    Бұл ауру ми талшықтарының қабынуы салдарынан пайда болады. Әрқайсысы 60 г түйір бұрыш пен қант алыңыз. Екеуін бірге ұнтап, біркелкі ұнтақ жасаңыз. Осы ұнтақтың 6 г-ын күн сайын кемінде 20 күн бір қасық сумен қосып беріңіз. Бұдан басқа үш ақ фарфор тәрелкеге запраннан немесе раушан суынан дайындалған сиямен

f

деп жазыңыз.
    Ауру адам тәрелкелердің бірін азғантай сумен жуып, сол суды ішуі керек. Бұны күн шығардан бұрын бір рет, түсте бір рет және ұйықтар алдында бір рет жасау керек. Тәрелкелерге жазбас бұрын 11 рет «Йа Хафиизу» деп оқып, тәрелкелердің бәріне үшкіріңіз, сосын 11 рет «Йа Шафии» деп оқып, тағы да тәрелкелерге үшкіріп, содан кейін 11 рет «Йа Кафии» деп оқып, тәрелкелерге үшкіру керек. Енді тәрелкелерге

f

(Арразаат ама нәбіл) деп жазыңыз. Егер запран таба алмасаңыз, оның орнына сары түсті кез келген тағам мен қайнаған суды пайдалануыңызға болады.


    Көздің қылилығы
    Көздің қылилығын емдеу үшін ауру адам көзін жұмып, көздерін тура, бір-біріне параллель қалыпта тұратындай етіп ұстау керек. Қыли көзін матамен бостау байлаңыз. Көзді таңу немесе таңғышты ауыстыру қараңғыда жүргізілгені дұрыс. Көзді таңу барысында қыли көздің алмасы ортада тұратындай болуы керек. Бұл ауру 21 күн ішінде толығымен жазылып кетеді.


    Көздің өзекті жарасы
    Көздің сілемейлі қабығындағы іріңді жара өзекті жара деп аталады. Емделу үшін 0,5 г бұршақ (бір немесе екі дән) алыңыз да, оны су қоса отырып, пастаға айналғанша жұмыр таспен ұнтақтаңыз. Бұршақты таспен ұнтақтамас бұрын бір рет «Аллаху нуруссамауати уалард» деп оқып, суға, тасқа және бұршаққа үшкіріңіз. Осы пастаны қорғасын қалақшамен ауру көзге жағыңыз. Бұны бірнеше күн бойы күніне екі рет жасау керек.


    Көздің шаршауы
    Көзіңіз жұмыс бабында шаршағанда раушан суын дайындаңыз. Дәрет алып, ағаш орындыққа жүзіңізді құбылаға беріп отырыңыз. Құранның 52-Тұр сүресінің 31-аятын дауыстап 100 рет оқыңыз:


Бисмиллахир рахманиар рахим
Кул тараббасу фаинни маакум миналмута раббисийнна


Содан кейін раушан суына үшкіріңіз. Сол суды науқас адамның әр көзіне тамызғышпен 3 тамшыдан тамызыңыз. Ем кезінде тамаққа қызыл бұрыш қолданбаңыз.


    Көз шелі
    Бұл ауруда көзді шел басып, көру нашарлайды. Аурудың негізгі себебі – алдымен миға, сосын көзге әсер ететін газдың бір түрінің әсерінен болады. Осы газдың салдарынан көзді жауып тұратын қабық пайда болады. Аурудан жазылу үшін таттанбайтын құрыштан жасалған ыдыс және жаңа пышақ алыңыз. Ыдысқа 284 мл тазартылған немесе қайнаған су құйыңыз. Қолыңызды жуып, аузыңызды шайыңыз. 3 рет

f

деп оқыңыз.
    Суға бір рет, пышаққа бір рет дем салыңыз. Бір минуттың ішінде суға пышақпен Х белгісінің суретін салыңыз, басқаша айтқанда, пышақпен «Х» әрпін салыңыз. Жоғарыда жазылған сөздерді тағы да қайталаңыз, суға және пышаққа үшкіріңіз де бір минуттың ішінде пышақпен Х белгісінің суретін салыңыз. Бұны үшінші рет қайталаңыз. Содан кейін ауруға күн батқаннан бастап осы суды 57 мл-ден әр төрт сағат сайын беру керек. Бұны ауру толық жазылып кеткенге дейін ішкізу керек.


    Көзді шел басу (Катаракта) және глаукома
    11 рет

f

деп айтып, бас бармақтан басқа сегіз саусақтың ұштарын түйістіріп, көз үстімен мұрыннан құлаққа қарай жүргізіңіз. Бұны әр намаздан кейін, яғни күніне 5 рет жасау керек.


    Теріскен
    Бір рет «Лә тудрикуһу алабсару уәһуа юдрикулабсара» деп оқып, оң қолыңыздың сұқ саусағына үшкіріңіз, сосын оны түкірігіңізбен сулап, көзіңіздегі жараның үстінен сипаңыз. Бұны бірнеше күн бойы бірнеше рет жасау керек.


 

 

Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая