Рухани емшілік
КӨЗ ТИЮ
Ерте заманнан тіл-көздің барлығына ешкім шәк келтіре алмайды. Ол адамдарға, кішкентай балаларға, тіпті малға тиіп, әр түрлі жағымсыз жағдайлар туғызады. Мысалы, егер қыз балаға көз тисе, ол ешқашан күйеуге шықпай қалуы мүмкін. Ал ер адамға тиген көз оның жұмыстарына кедергі болады. Ал малдың сүті тартылып немесе сүтінің құнарлылығы кемуі мүмкін.
Тіл-көздің әсерінен қыз күйеуге шыға алмаса, сол қыз немесе оның анасы бір стақан су дайындап, Фатиха сүресінің 4-аятын 11 рет, содан кейін қалған аяттарын оқып, сосын суға үшкіру керек.
Бисмиллахир рахманир рахим
алхамду лиллахи раббил аламин
аррахманир рахими малики йаумиддин
иййака набуду уә иййака настаийн
ихди нассиратал мустакийм
сиратал лазийна анъамта йалайхим гайрил магзуби
ъалайхим уәладъалин
Осылайша бұл сүрені 11 рет оқып, 11 рет суға үшкіреді. Осы суды қызға үш жұтымнан ішкізіңіз. Бұны 40 күн бойы жасау керек.
Егер тіл-көздің әсерінен басқа қиындықтар туындаса, төменде келтірілген дұға сөздерін жазып, оны науқас адамның басына бірнеше минут қойып, содан кейін қағазды отқа жағып жіберіңіз. Егер дұға бірден әсер ете қоймаса, онда оны 3 рет қайталап жасау керек.
Малға тиген көзді қайтару үшін хош иісті жабайы өсетін ағаш кесіндісіне жоғарыда келтірілген дұға сөздерін жазып, оны малдың мойнына тағып қою керек.
КӨКБАУЫР АУРУЛАРЫ
(Фаххина Каттарин Алкалам) деп қағаз бетіне жазып, одан тұмар жасаңыз. Оны мойынға, ішке немесе көкбауырдың тұсына тағып жүру керек. Оң қолыңыздың сұқ саусағының басына азғантай күл салып, бір рет «Йа уәдуду» деп, саусағыңызға үшкіріңіз. Содан кейін науқас адамның ішіне, көкбауырдың тұсына саусағыңызбен Х белгісінің суретін салыңыз.
КҮН ӨТУ
Ақ қағазға Құранның 59-Қашр сүресінің 24-аятының сөздерін жазыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим
Хууалху алхалику албариу алмусабиру лахуласма улхусна
Содан кейін қағазды бүктеп, оны ақ матаға орап, науқас адамға тұмар етіп тағыңыз. Жазылғаннан кейін тұмарды өртеп жіберу
керек. Сонымен қатар осы дұғаны оқып, өңделмеген қант ерітілген суға үшкіріп, оны күн өтуден сақтау үшін ішу керек.
ҚАБЫРҒА АСТЫ, КЕУДЕ, АРҚА, Т.Б. АУРУЛАРЫ
Ауру қандай қатты болса да, дәрет алып болғаннан кейін оң қолыңыздың сұқ саусағымен денеңіздің ауырып тұрған жеріне 7 рет
(Йа Аллах) деп жазып, бұл емді ауру жазылғанша күніне 7 рет қайталау керек.
ҚАМАУДАҒЫ АДАМДЫ БОСАТУ
Төменде келтірілген дұға сөздерін қағаз бетіне жазып, қағазды бүктеп целлофанға салыңыз да, оны матаға орап тұмар жасаңыз. Бұл тұмарды қамаудағы адам мойнына тағып жүруі тиіс.
ҚАНЫ АЗДЫҚ (АНЕМИЯ)
Қаны аздық адамның көңіл-күйінің төмендеуі мен күшқуатының әлсіреуіне және жүйкесінің жұқаруына душар етеді. Діни сауықтыру жолдары бойынша бір рет «Бисмиллахир рахманир рахим» деп, 3 рет «Йа Хаю Кабла Кулле шайин Йа Хаю Бәъда Кулли Шайин» деп қайталап оқып, науқас адам ішетін сусынға – шайға, суға, сүтке немесе шырынға үшкіріңіз. Бұл шараны ауру толық жазылып кеткенше жасау керек.
ҚАН КЕТУ
Адамнан кейде кездейсоқ немесе жарақаттанғанда және ауруының әсерінен оның мұрнынан, тамырынан, ішкі құрылысынан қан кетіп, өзі әлсірей бастаса, шұғыл түрде қанды тоқтатуға күш салу керек. Фарфор тәрелкенің бетіне 18 Әл-Кахф сүресінің 109-аятының сөздерін
«КаналБахру Мидадан яликалимати Раббии» деп жазып, тәрелкені сумен шайып, сол суды ара-арасында науқас адамға ішкізіп отырыңыз. Егер зардап шеккен адам есінен танып, талып қалса, суды сол адамның үстіне немесе қасықпен аузына құю керек.
ҚАН ҚЫСЫМЫ, ЖҮЙКЕНІҢ ЖӘНЕ АҚЫЛ-ЕСТІҢ
БҰЗЫЛУЫ
Қағаз бетіне төменде келтірілген жазбаны жазып, сосын қағазды бүктеп, мақтаға орап білте жасаңыз.
٩ ٩ ٩ ٩
٩ ٩ ٩ ٩
٩ ٩ ٩ ٩
٩ ٩ ٩ ٩
Қан қысымы көтерілгенде жасыл сиямен, ал төмендегенде қызыл сиямен жазыңыз. Жүйке жұмысының бұзылуында сары түсті, ал ақыл-естің ауытқу ауруларына көк түсті сияны пайдаланыңыз. Сияны түсіне қарай әртүрлі тағамнан дайындаған абзал. Егер жасыл, қызыл немесе көк түсті сияңыз болмаса, олардың орнына сары сияны қолданыңыз.
Науқастың төсегінің қасына келіп, білтені зығыр майына салып алып отқа жағыңыз. Бұл әдісті науқас жазылып кеткенге дейін қолданады, бірақ ем 40 күннен аспауы керек.
ҚАН ҚҰСУ
Кей жағдайда тамақта, тістің қызыл иегінде немесе өкпеде болатын инфекцияның әсерінен, күндіз немесе түнде ұйықтап жатқанда аузына қан ұйып қалып, науқас адам оны құса бастайды. Кейде бұндай қан құсу өте қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан бұл ауруды асқындырмай дер кезінде емдеген дұрыс.
Құранның 87-Ағла сүресінің 1-5-аяттарын бір рет оқыңыз:
Бисмиллахир рахманиар рахим
Сабби хисма раббикал аъла аллази халка
Фасаууа уәллази каддара фахада
Уаллази ахраджа алмара
Фаджа алаху гуса ахуа
Содан кейін алдын ала дайындап қойған мақталарға үшкіріп, оны науқастың құлағына ұйықтар алдында салып қойыңыз. Әр кеш сайын мақтаны ауыстырып отырыңыз. Бұны 7 күн бойы жасау керек. Пайдаланылған мақтаны ағын суға ағызып жіберген жөн.
ҚАНТЫШҚАҚ (ДИЗЕНТЕРИЯ)
Бұл аурудың себебі ішек инфекциясынан болады. Ауырып жүрген кезде жер астында өсетін көкөністер, дәмдеуіштер мен етті пайдалануға болмайды. Созылмалы қантышқақты ұзақ уақыт бойы дұрыс режім сақтай отырып емдеуге болады. Қантышқақпен ауырған кезде уақытысымен тамақтану керек.
Қуаттылығы аз тағамдарды пайдаланып, тұз бен бұрышты азайтқан жөн. Сұйық тамақ, бұршақ және дәнді дақылдарды көбірек қолдану керек.
Жылымық су құйылған ыдысты алып, бір рет
Бисмиллахир рахманир рахим
Инналлаха Кана Бикулли Ша ин ъАлийма
деп оқыңыз, содан кейін суға үшкіріп, сол суды науқас адамға күн сайын бір ай бойы күн шықпай тұрып ішкізу керек. Суды ішкеннен кейін жарты сағат ештеңе жеуге болмайды.
ҚАРТАЙҒАНДА ЕСТУДІҢ НАШАРЛАУЫ
Құтпа намазынан кейін 41 рет мына дұғаны (Құран, Бақара сүресі, 29-аяты және Хадид сүресі, 4-аяты) оқыңыз:
Фасаууәхуна сабъа Сәмәуәти Уәларди
Суммастауа ъалалъари
Одан кейін аурудың екі қолына үшкіріңіз, ол қолымен 3 рет бетін сипасын. Бұны күн сайын 41 күн бойы жасау керек.
ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ
1.Төменде келтірілген мәтінді қағаз бетіне жазыңыз да, оны төрт бүктеп, ешкім тимейтін жерге екі тастың арасына салып қойыңыз.
Тастардың әрқайсысының салмағы 2 келіден артық болуы керек және қағазды толығымен жауып тұру үшін бір жағы жазық болғаны жақсы. Дұға әсерлі болу үшін мәтіндегі сызықтың астына сізден қарыз алған адам мен оның анасының аттарын жазыңыз.
2.Құтпа намазынан кейін 41 рет Аяту-л-Курси аятын оқыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим
Аллаһу лә иләһә иллә хаййул қаййуму
Лә тахузуһу синату, уә лә наум
Лаһу мафис сәмәуати, уә мал ард
Ман зәл ләзи йашфа индаһу иллә бизниһ,
йа،، ламу ма бәйна әйдиһим, уә ма халфаһум, уә лә
йухитуна бишәйим мин илмиһи, иллә бимә шаа уәсиа
курсййуһус сәмәуати, аәл ард,
уә лә йадуһу хифзуһума уә һууал алыйул азим!
Содан кейін екі қолыңызға үшкіріп, 3 рет бетіңізді сипап, Аллаһтан қарызыңыздың қайтарылуын сұраңыз. Бұны 90 күн бойы жасау керек. Әйелдер жіберіп алған күндерін кейін қосуы шарт.
ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУ
Ұйықтар алдында бір рет «Бисмиллахир рахманир рахим» деп, одан кейін Дарудты оқып, 1000 рет «Йа фаттаһу» деп қайталап оқыңыз да Дарудты тағы қайталаңыз. Сосын Аллаһ-тан өз қарызыңызды аман-есен төлеуіңізді сұраңыз да үндемей орныңызға барып жатыңыз. Бұны 90 күн бойы жасау қажет.
ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУГЕ КӨМЕК
Өзекті мәселелерді шешуде Аллаһтың құдіретіне жүгіну – Қасиетті Пайғамбарымыздың әдеттерінің бірі. 21 рет «Ифтах Ифтах Йа Бадиъу алъажаиби Бил хайри Йа Бадиъу» деп оқымас бұрын және оқып болған соң Даруд Шериф «Саллалаху Таала Ала Хабибихи Мухаммадин уасаллам» оқыңыз. Ұйықтар алдында оң алақаныңызды оң бетіңіздің астына салып жатыңыз. Құдайға қояр сұрағыңыз туралы ойланыңыз. 3 күннен кешікпей түсіңізде немесе өңіңізде сіздің проблемаңызды қалай шешу керек екендігінің жауабын аласыз.
ҚОЛТЫҚ АСТЫ МЕН АЯҚТЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ИСІ
Кейде адам терлегенде немесе аяқ киімін шешкенде, денесінен немесе аяғынан жағымсыз иіс шығады. Бұдан арылу үшін 400 г таза бал алып, Құранның Бақара сүресінің 173 - аятын 1100 рет қайталап оқыңыз.
Бисмиллахир рахманиар рахим
иннама харрама алакумул матата уәддама
уәлахмалхинзири уәма ухилла
бихи лигйриллхи
Содан кейін балға үшкіріп, оны науқас адамға күніне 3 реттен бір шай қасықпен беріңіз. Ем кезінде тұзды шектеген дұрыс.
ҚОЛТЫҚАСТЫ ІСІКТЕРІ
Ыдысқа су толтырып, мына дұғаны (Құран, Жүсіп сүресі, 1-2-аяттары) 100 рет оқыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим
Әлиф ләм ра Тилка Аятулкитабил мубин
Аррахим Аррахим Аррахим
Одан кейін суға үшкіріп, ауруға таңертең күн шыққанға дейін және кешке күн батқанша ішкізіңіз. Бұл шараны ауру толығымен жазылып кеткенше жасау керек. Ем кезінде тамаққа бұрыш пайдаланбаған жөн.
ҚОЯНШЫҚ АУРУЫ
Кейде адамның миы жасушаларының зақымдалуынан ойлау жүйесінде шамадан тыс ауытқу болады. Ал егер осындай сәтте науқас адам суды көретін болса, онда сол жерде оның қояншығы ұстайды да, ол есінен танып құлайды. Ол өзін қысқан ойлардан арылғанша талып жатады, яғни барлық жүйке жансызданып, тек біраз уақыттан кейін ғана өз-өзіне келе бастайды. Бұндай кезде алғашқы көмек көрсету керек: науқас адамның басын жерден немесе еденнен 2,5 см биіктікке көтеріп, басын алақаныңызбен ұстап тұрып сілкілеңіз. Науқас адам есін жинағаннан кейін оның көзіне қараңыз. Бұл науқастың өзіне-өзі келуіне көмектеседі.
Діни ғылымдардың зерттеуі бойынша бұл ауруды Құран дұғаларымен былайша емдеуге болады. Ол үшін фарфор тәрелкелердің бетіне төменде келтірілген мәтінді жазып, содан кейін оны сумен шайып, сол суды науқас адамға 40 күн бойы таңертең ішкізіңіз.
Сонымен бірге осы мәтінді үлкен қағаз бетіне жазып, осы қағазбен науқсатың бүкіл денесін ысқылаңыз. Егер қағаз жыртылып қалса, орнына жаңа қағаз алыңыз. Ем кезінде науқас адамның іші қатпауын қадағалаңыз.
ҚЫЗБА, ДЕНЕ ҚЫЗУЫ
1.Жай қызба
Қағазға Құранның 59-Хашр сүресінің 24-аятының сөздерін жазыңыз
Бисмиллахир рахманир рахим
Хуваллаху Алхалику Албариу Алмусавиру
Лахул асмааулхусна
Одан кейін қағазды бүктеп, оны ақ матаның қиындысына орап, ауру адамның мойнына орап қойыңыз. Қызба өткеннен кейін тұмарды өртеп жіберіңіз.
2.Дене қызуының өзгеруі
Майлы қағазға Құранның 21-Әнбия сүресінің, 69-аятының мына сөздерін жазыңыз:
Қағазды шиыршықтап, оны ақ матаның қиындысына орап, ауру адамның мойнына орап қойыңыз. Ауру жазылғаннан кейін тұмарды өртеп жіберіңіз.