Рухани емшілік

Страница 8

На главную                Библиотека               Предыдущая                 Следующая

 

 

ҚЫЗБАЛЫҚ


    Қызбалықтың көптеген себептері бар, солардың ішінде: үнемі алаңдаушылық, ашулану, жүйкеге күш түсіру, шаршау, жеткілікті мөлшерде ұйықтамау, ұзақ уақыт бойына асқазан жұмысының бұзылуы, жай-күйіңіздің дұрыс болмауы, рухани және діни тағылымдар мен құндылықтарды елемеу, өмірге риза болмау, біреуді күндеу, адасу, күдік пен сенімсіздік, өсек-аяңға еру, мәнін түсінбеген нәрселерге еліктеу әрі сену, сауатсыздық, т.б. адам бойында қызбалықтың пайда болуына душар етеді.
    Ең алдымен, ішкі дүниеңізді жөнге келтіріп, тынышталыңыз, бар уайымыңыздың шешілуін Аллаһқа тапсырыңыз. Бұны адам өзінің барлық жұмысын тоқтатып қою керек деп түсінбеу керек. Дұрысы – өз жұмысыңызды бітіргеннен кейін оның нәтижесінің ойдағыдай болуын Аллаһқа тапсырыңыз да, емдік шара ретінде мына дұғаны «Арразаъат ъама нәбіл» - деп оқып, жартылай су құйылған ыдысқа үшкіріңіз. Суды ішіңіз. Бұны күн шықпас бұрын таңертең ерте жасау керек.


ҚЫЗТЕКЕЛІК


    Ер адамның ұрығының хромосомалары әр түсті он екі сақинадан тұрады. Егер осы түстер түгелімен ана құрсағына түссе, ер бала дүниеге келеді. Кейде осы түстер тепе-теңдігі бұзылса, дүниеге келетін баланың еркектік қасиеттері бұзылады. Ал сақина түстері он екіден артық немесе кем болса, онда қыз бала туады.
    Әйел тектес еркектер өздерінің еркектік қасиеттерін жоғалтып, олардың сөздері, дауыстары, жүріс-тұрыстары, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарастары әйел пішіндес болады. Бұдан айығу үшін ер адам Құранның 4-Ниса сүресінің 34-аятын – Арриджалу кәууәмуна аллан нисай – деп оқып, жиі қайталау керек. Бұны, әсіресе, таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін, кешке ұйықтар алдында қайталаған жөн.

 

ҚҰЛАҚ АУРУЫ


    Фәләқ сүресін бір рет оқып, қыша дәндерінен дайындалған жылы майға үшкіріп, науқастың ауру құлағына бірнеше тамшы тамызыңыз.


Бисмиллахир рахманир рахим
Қул ә”узу би раббил фәләқа мин шарри ма халақа, уә мин
шарри ғасиқин изә уақаба, уә мин шаррин нәффәсәти фил
“уқади, уә мин шарри хасидин изә хасад.


МЕРЕЗ, СОЗ ЖӘНЕ БАСҚА ЖЫНЫСТЫҚ АУРУЛАР


    Науқас адам су ішкісі келген сайын төмендегі дұғаны оқып, суға үшкіріп, оны науқасқа ішкізіңіз. Бұны науқас толық жазылғанша жасау керек.


Бисмиллахир рахманир рахим
йа хафизу йа хафизу йа хафизу
Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду
Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъу
Йа бадиъуләджаиби бил хари Йа бәдиъу


МҰРЫН АУРУЛАРЫ


    Мұрын сүйектерінің өсуі, түймешік, күл ауруы, мұрынның бітуі, т.б. мұрын ауруларын мынадай жолмен емдеуге болады: жылтыр қағазға төменде келтірілген мәтінді көк немесе аспан көк түсті сиямен жазып, одан тұмар жасап, оны науқас адамның мойнына тағу керек.

f

    Мұрыннан қан кету
    Мұрыннан қан кетуді тыю үшін қағаздың бетіне қара сиямен төмендегі дұға сөздерін жазыңыз:

f

    Содан кейін қағазды өртеп, оның күлін басбармағыңыз бен сұқ саусағыңызға салып, оны науқас адамға иіскетіңіз. Бұны бірнеше рет жасаңыз жеткілікті.


    Мұрыннан су ағу
    Мұрын қабының қабынуы (ринит) асқынған кезде науқас адамның мұрнынан жағымсыз иістер шығып, көздері іседі, өзінің даусы құлағында жаңғырығып шығып, басы ауыр тартады. Бұл аурудан айығу үшін фарфор тәрелкелердің бетіне немесе майлы қағазға төмендегі мәтінді жазып, содан кейін оны сумен шайып, сол суды науқас адамға күніне 3 рет ішкізіңіз. Асқазанға жақпайтын тағамдарды пайдаланбау керек.

f

Бисмиллахир рахманир рахим
Йа Мекаил Йа Исрафил Йа Жебреил Йа Әзіреил


    Иіс сезімінің нашарлауы
    Бұл ауру мидың иіс сезіміне жауап беретін бөлігіндегі қандай да бір сезімдік талшықтарының өзгеріске ұшырауынан болады. Науқас адам жақсы иісті жағымсыз иістен ажырату қабілетінен айырылады. Ол тіпті иісі адам төзгісіз тағамды да жей алады, себебі ол тағамның иісін сезбейді. Бұл ауруды емдеу үшін Құранның Бақара сүресінің 102-аятынан мына дұғаны оқып, суға үшкіріңіз: Уәллаһу яххтассу бирахматиһи. Бұны науқас адам су ішкісі келген сайын оқып үшкіру керек. Одан кейін таттанбайтын болаттан немесе қаңылтырдан жасалған ыдысқа су құйып, кішкене тұз қосыңыз. Науқас адам осы суды мұрынымен ішіне тартып, сосын топыраққа қайта ағызу керек. Бұны ауру толығымен жазылғанша жасаған жөн.


НАШАҚОРЛЫҚТАН АЙЫҚТЫРУ


    Қазіргі кезде жастардың санасын улап алған кеселдердің бірі – нашақорлық. Нашақор адамды емдеу үшін, ол ұйықтап жатқан кезде оның бас жағына келіп, оны оятып алмайтындай дауыспен Құранның 5-Маида сүресінің 90-аятын оқу керек:


Йа йюхаллазина амну иннаал хамру
Уәлмайсиру уәлансабу уәл азламу
Риджсум мин амалиишайтани фаджтанибуху
лааллакум туфлиһун


    Бұны 40 күн бойы орындауға кеңес беріледі.

 

НЕСЕП ҚУЫҒЫ АУРУЛАРЫ


    Зәрде қанның пайда болуы
    Несеп қуығының қабынуы мен зәрде қанның пайда болуының негізгі себептері – бүйректе немесе өтте тас болуы, ыстық тағамдарды, дәмдеуіштерді жиі қолдану, т.б. Науқас осындай тағамдарды пайдаланбауы керек. Сонымен бірге бір рет Құран, 59 Әл-хашр сүресі, 24-аятын оқыңыз:


Бисмиллахир рахманир рахим
Хуәллаху Алхалику Албариу Алмусавиру
Лахул асмаалхусна


Содан кейін су құйылған ыдысқа үшкіріп, күніне 8 рет науқас адамға ішкізіңіз.


    Зәрдің бөлініп шығуы
    Таңертең төмендегі дұға сөздерін


Бисмиллахир рахманир рахим
Алмаликл куддусар рахманир рахими


деп 11 рет қайталап, науқастың ішінің төменгі жағына үшкіріңіз. Бұны кешке күн батысымен тағы да қайталаған жөн. Ем ауру толығымен жазылғанша жасалады.


    Жиі зәр шығару
    Кешке оңаша жерде отырып, «Йа иль Йа илйа Йа Аллаху» деп 100 рет қайталап, науқастың ішінің төменгі жағына үшкіріңіз. Бұны 3 ай бойы үнемі жасап отыру қажет.


    Несеп жолдары мен өт қабының аурулары
    Майлы қағазға сары түсті тағамнан дайындалған сиямен төменде келтірілген мәтінді жазыңыз. Науқас адам оны тұмар етіп тақсын. Осындай жазуды тәрелкеге де жазып, тәрелкені сумен шайып, суын науқас адамға күніне үш рет ішкізіңіз. Бұны ауру жазылғанша қайталау керек.

f

ОБА


    Өте қатерлі де қауіпті бұл ауруды атжалмандар таратады. Атжалмандар өлген кезде оның үстінде болатын қандалалар мен бүргелер адамдарды шағып, содан ауру адамдар арасына тарайды. Аурудың белгілері – қалтырау, безгек және қолтық астында және шаптағы лимфа түйіндерінің қабынуы пайда болады. Түйіндер үлкейген сайын дененің қызуы 60ºС дейін көтеріліп, науқас адам 2-3 күннің ішінде сүлбе болып қалады. Дене қызуы шегіне жеткен кезде адам есінен танып, ешкімді танымай, айналаны түсінуден қалады.
    Кейде оба бактериялары атжалман індерінде пайда болып, інге жақын маңдағы адамдардың табандары арқылы ағзаға еніп, тез арада қолтық асты мен шапқа жетеді. Олар өте жылдам көбейеді, бір минутта бірнеше ондаған мыңға жетеді.
    Жақын маңды осы кеселден тазарту үшін жеткілікті мөлшерде су алып, төмендегі Бақара сүресінің 228-аятын 1000 рет қайталап, суға үшкіріңіз:


Бисмиллахир рахманир рахим
Атталаку марратани фаимсакун бимаруфин ау тасрихум
биихсан уәла йахиллу лакум ан тахузу мима а йатумухунна
шаиан илли
ан йахафа алла юкима худуда аллаһи фаин хифтум алла
юкийма худудаллх фла джунаһа аллаихима феемафтадат
бихи тилкахудудуллаһи фла татадуха уәман йата ъадда
худудаллһи фа улайка хумуз залимун

Одан кейін осы суды науқас адамға күніне 5 рет бір жұтымнан ішкізіңіз. Бірінші рет ішкеннен кейін 1 сағат өткесін екіншісін, 2 сағаттан кейін үшіншісін, тағы 2 сағаттан кейін төртіншісін, 3 сағаттан кейін бесіншісін беру керек. Егер ауру жазылмаса, емді қайталау керек. Айығудың белгісі – дене қызуының төмендеуі. Бұл шараны ауру толығымен жазылғанша жасаңыз.


ОЙЫҚ ЖАРА


    Бұл асқазан ауруының негізгі себептерінің бірі – жағымсыз тағамдарман мөлшерден тыс тамақтану. Ем кезінде қызыл бұрыш, ащы, қышқыл және қуырылған тағамдарды пайдалануға болмайды. Сонымен бірге төменде келтірілген дұға сөздерін жазып, оны сумен шайып, сол суды науқас адамға күніне 3 реттен ішкізу керек.

f

ОМЫРТҚА АУРУЫ


    Омыртқа қозғалғанда немесе сызат алғанда, делбе (менингит) ауруына ұшырағанда, сондай-ақ омыртқа мен орталық жұлынға зақым келген кезде көк және сары сияны араластырып, төменде көрсетілген кестені қағаз беті салыңыз. Қағазды целлофанға орап, тұмар ретінде науқас адамның ауыратын жеріне байлап қою керек.

f


    Мойын омыртқасы мен арқаның ауруы
    Жамбас сүйектері, омыртқаның төменгі және жоғарғы бөлігі, желке ауруларына алоэ ағашына төменде келтірілген
дұғаны жазыңыз, науқас адам оны мойнына тағып жүрсін.

f


    Қатты ауырғанда осы мәтінді майлы қағазға немесе фарфор тәрелкенің бетіне жазып, оны сумен шайып, сол суды науқас адамға ішкізіңіз.

ОТБАСЫНЫҢ АУРУЫ


    Үйді үнемі тазалап, кір-қоқысты жинап, ауаның құрғап кетпеуін қадағалап отыру керек. Алайда соған қарамастан отбасы мүшелері түгелдей ауырып қалса, төменде келтірілген дұға сөздерін қағазға жазып, оны үйде жел қағып тұратын жерге іліп қойыңыз.

f


ӨЗІН ӨЗГЕЛЕРДЕН ТӨМЕН САНАУ


    Адамның ерік-жігері, тұлғалық мінез-құлқы әлсіз болса, ол өзін-өзі өзгелерден төменмін деп санайды. Кейбір адамдар өзін басқа адамның бетіне тура қарай алмайтындай, онымен сөйлесе алмайтындай көреді. Бұдан шығатын қорытынды – өзін-өзі өзгелерден әлдеқайда төмен санау адамның рухжігерін әлсіретеді. Дұрыс ойлау мен теріс ойлау сезім тудыратын ми жасушаларының қызметін жақсартады немесе әлсіретеді. Ой – ол шексіздіктің өлшеусіз құдіретті күшіне ие қуат көзі. Сондықтан да бұл сезімдер біздің ерік-жігерімізді билейді, еркіміз әлсіреген кезде сезімдер де өз бақылауымыздан тыс қалады да, біздің өмірімізді бос, жалған етіп көрсетеді. Осы бостық пен жалғандық өзін-өзі төмендету түрінде көрінеді.
    Бұл кеселден құтылудың ең қарапайым әрі жеңіл әдісі – ішкі және сыртқы сезімдік тазалықтың өзіндік тұрақтылығын сақтау болып табылады. Үнемі азалықты сақтап жүру үшін табиғи мүмкіндігіңіздің ешқайсысын елеусіз қалдырмаңыз, ақыл-есіңізді тұншық-тырмаңыз. Қажет болған жағдайда дәрет алып, намаз оқып, мешітке барып, имандылық жолының тазалық сезімін жаңа-
ртып отырыңыз. Бұл сіздің өз рухыңызды жақсылыққа, жігерлілікке, қайсарлыққа, адалдыққа жеткізуіңізге даңғыл жол ашады.

 


 

 

Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая