Рухани емшілік

Страница 11

На главную                Библиотека               Предыдущая                 Следующая

 

 

ТЫРЫСҚАҚ


    Тырысқақ ауруына да Құран аяттарының тигізер емдік пайдасы зор. Ол үшін фарфор тәрелкеге сары түсті тағамнан дайындалған сиямен төменде келтірілген Құранның Рахман сүресінің 13-аятынан алынған дұға сөздерін жазыңыз

f


    Содан кейін тәрелкені әкті сумен шайып, сол суды науқас адамға бірнеше рет ішкізіңіз. Әкті суды дайындау үшін әк кесегін суға еріту керек, сонда су қайнайды. Содан кейін ерітіндіні тұндырып, бетіндегі суын жайлап құйып алады. Осы суды әкті су деп атайды.
    Егер бір себептермен әкті суды дайындау мүмкін болмаса, оның орнына қызыл бұрыштың кепкен 4 дәнін алып, келтірілген дұғаны оқып, дәндерге үшкіру керек. Осы дәндерді науқас адам сумен ішуі тиіс. Бұл емді ауру толығымен жазылып кеткенше жасаған жөн.

ТЫРЫСПА, СІРЕСПЕ


ёАқ фарфор тәрелкеге сары түсті тағамнан дайындалған сиямен төменде көрсетілген сөздерді жазыңыз:

f


Бисмиллахир рахманир рахим
Йа Хайю Кабла Кулли шаин Йа Хайю Баъда Кулли Шаин
Йа Хайю Кабла Кулли шаин Йа Хайю Баъда Кулли Шаин
Йа Хайю Кабла Кулли шаин Йа Хайю Баъда Кулли Шаин


    Тәрелкені сумен шайып, суды науқас адамға күніне 2 рет – таңертең және кешке 11 күн бойы ішкізіңіз.


ТІК ІШЕКТІҢ АЙНАЛУЫ


    Кейде ересектер сияқты кішкентай балалар да іш қатуынан зардап шегіп, геморроймен ауруының салдарынан тік ішегі айналып кетуі мүмкін. Бұл ауруды жазу аса қиын емес. Дәретке отырып, ішті босатқаннан кейін, сол қолдың ортаңғы саусағы көтеншекке тиетіндей етіп дәрет алу керек. Жуыну кезінде «Фаълун Фаълун Фиъал» деп оқыңыз. Бұны 2-3 рет қайталасаңыз жеткілікті.

ТІС АУРУЛАРЫ


    Тістің әртүрлі аурулары
    а)Тістің ауруларының (тістің тасы, қызыл иектің қабынуы, сүйек қабығының қабынуы, тістің шіруі, сарғаюы, тістегі дақтар, тістің түсуі) кез келген түріне Құран дұғалары да көмектесетіндігін діни ғұламалар дәлелдеген. Ол үшін таңертең бір стақан су алып, «Уәл Джуруху» деп 9 рет қайталап оқып, суға үшкіріңіз. Науқас адам сол сумен тісін шайсын. Жақсылап тісін шайғаннан кейін бір жұтым су ішсін. Одан кейін жарты сағатқа дейін ештеңе ішіп-жеуге болмайды.
    ә) Науқастың ауру тісін бас бармақ пен сұқ саусағыңызбен ұстап, Құранның 99-Зілзал сүресінің 1-аятын «иза зулзилатил арду зилзалаһа» деп оқыңыз да, үшкіріңіз.
    Тістің қызыл иегінің қанауы
    Тіс ауруларының асқазан жұмысымен тікелей байланысты екенін естен шығармаңыз. Егер адамның асқорыту жүйесі дұрыс болса және ол үнемі тісін тазалап жүрсе, тіс ауруы сирек мазалайды. Пиореяда тіс түбірі қабынып, тістің қызыл иегінің еті қанайды. Асқорыту жүйесін қалпына келтіріп, тісіңізді тазалаудан басқа мынадай шараны жасаңыз: күн шығар алдында саумалдықтың бір жапырағын алып, бір рет «Илла Аджалин Мусамма» деп (Құран, Әл-Қадж сүресі, 5-аят) оқып, жапыраққа үшкіріңіз де оны науқас адамға шайнатыңыз, бірақ сілекейін жұтпасын. Одан кейін жапырақты түкіріп тастасын. Тағы да сондай жапырақ алып, оны да үшкіріп, науқасқа беріңіз. Осылайша бірінің артынан бірін 3 жапырақ шайнау керек. Жарты сағаттан кейін науқас адам аузын шайсын. Бұл шараны күніне 3 рет қайталаңыз.


ТІСТІ ШЫҚЫРЛАТУ


    Кейбір адамдардың ұйықтап жатып тісін шықырлатуының бір себебі – ішек құртын жұқтырып алуы. Себебі қандай болса да, бұл аурудан айығу үшін мынадай ем-шара қолдануға болады. Ұйықтап жатқан науқас адамның бас жағына келіп, даусыңызды қатты шығармай, Қасиетті Құранның 19 Мәриям сүресінің 1-аятын «кааааф, хаа, йаа, ааааин, саааад» деп бір қалыпты оқыңыз.


ҰЙҚЫ КЕЗІНДЕ ЖҮРУ


    Кейбір адамдарда ұйықтап жатқанда, ұйқысы ашылмастан жүріп кететін жағдайлар болады. Бұл жағдайын олар өздері біле де, түсіне да алмайды. Белгілі аралыққа жүретіндер де кездеседі. Бір ғажабы – бұлар қандай жағдайдағы аралықта жүрсе де, ешқандай ыңғайсыз құлау, жарақаттану, айқайлау сияқты әрекеттерге бармайды. Қысқасы, олардың миының ойлау мен басқару жүйкесінің қызметін басқа бір белгісіз құдіретті күштер билеп, басқарып, қайтадан оны орнына әкеліп жатқызатын сияқты. Бұл дерттен арылу үшін 10 парақ қағазға 10 рет төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз:

f


    Бір парақтан жасалған тұмарды науқас адам мойнына тағып жүруі тиіс. Қалған тоғызын сумен шайып, сол суды науқас адамға таңертең 9 күн бойы ішкізіңіз.

 ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ


    Ұйқысыздықтың негізгі себептері – қайғы-қасіретті сарыуайымға салыну, мазасыздану, жабығу, жалғыздылық, жоқшылық, ми жасушалары мен ұлпаларының құрғай бастауы. Ұйқысыздықтан құтылу үшін, алдымен, жағымсыз ойлардан арылуға тырысу керек. Ол үшін бұны бір нәрсеге зейін салу әдісі арқылы жүзеге асыруға болады. Төменде көрсетілген жаттығу адамды тыныштандырып, мазалаған ойлардан арылтады.
    Жұмыстан келгеннен кейін ыңғайлы тегіс төсекке түзу жатып, денеңізді босатыңыз. Көзіңізді жұмып, ішіңіздің төменгі жағында орналасқан үлкен шыны құмыра сіздің денеңізді мойныңыздан кіндігіңізге дейін жауып тұр деп елестетіңіз. Бұл құмыра суық әрі жағымды жарыққа толы. Осы суретті санаңызда бекітіп, төменде келтірілген Құранның Бақара сүресінің 1-3-аяттарындағы мәтінді бірнеше рет оқып қайталаңыз. Осыдан кейін Аллаһтың рахымымен тәтті ұйқыға батасыз.


Бисмиллахир рахманир рахим
Әлиф ләм мим заликал Китабу ларайба фихи Худаллил
муттакийн
Аллазина Юуминуна билгайби
Уә юкиимунасслата уәмимма разақнаһум юнфикун
әллазина юминуна бима унзила илайка
Уәма унзила мин каблика уәбилахирати хум юкинун


ҰРЛЫҚ ЖАСАУ ҚҰМАРЛЫҒЫНАН АЙЫҚТЫРУ


    Ұсақ ұрлықтар жасайтын адамды бұл әдеттен арылту үшін төменде берілген мәтінді қағазға жазып, оны сол адамның өзі ғана жастанатын жастығының ішіне салып қою керек.

f

ҰШЫҚ


    Құранның 55-Рахман сүресінің 17-аятын «Раббал Машрикайни Уә раббул Мағрибайн» деп оқып, терінің зақымданған жеріне таңертең, түсте және кешке бір-бір реттен үшкіріп отыру керек.


Бисмиллахир рахманир рахим
йа хафизу йа хафизу йа хафизу йа хафизу йа хафизу
Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду


ҮЙДІ БОСАТУ


    Үйді жалға алушыдан босату үшін Құтпа намазынан кейін Құранның 84-Иншиқақ сүресінің 4-аятынан мына дұғаны оқыңыз – Уәәлкат ма фиха уәатахаллат. Содан кейін пәтеріңізді жалға алушыны көз алдыңызға елестетіп, соған үшкіріңіз. Бұны 40 күннен 90 күнге дейін жасау керек.


    ШАП ЖАРЫҒЫ (ПАХОВАЯ ГРЫЖА)


    Ұйықтар алдында 21 рет «Уарафаъа Даражатахум» деп оқып, ауру адамның ішіне үшкіріңіз. Бұл ем 90 күнге созылады. Осы мерзім ішінде арнайы жарық белдігі (грыжевой пояс) немесе қатты қысып тұратын шолақ шалбар киіп жүру керек.

ШАШТЫҢ ТҮСУІН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ШАШТЫҢ
ӨСУІН ЖАҚСАРТУ


    Бас терісінің аурулары
    Адамның шашы жас кезінде қайратты, қалың болады. Адам қартайғанда шаш сиреп, жұқара бастайды, яғни белгілі бір ұзындыққа жеткеннен кейін әрі қарай өспей түсе бастайды. Бір тал шаштың қалыпты жасы 4 жыл. Күнделікті шашымызды тарағанда, бірнеше тал шаш түседі, бұл – қалыпты жағдай, ал егер түскен шаштың саны көп болса немесе қысқа шаштар да түсе бастаса, онда оның себебін іздеу керек.
    Шаш түсуінің алғашқы себебі – қайызғақ. Қайызғақ нәрсіз, ащы және майлы тағамдарды ішіп-жеуден және сапасыз сабын мен сабынсуларды пайдаланғаннан болады. Бұлардың бәрін тоқтату керек. Емдік шара ретінде «Алкарийму алъас уәл мафанатулфам» - деп 100 рет қайталап, шашыңызды жууға жетерлік суға үшкіріңіз. Бұны 1 айдай аптасына 3 рет қайталаңыз.
    Қасқа бас
    1 литр күнжіт майын аспан түстес мөлдір бөтелкеге құйып, 100 рет мына дұғаны оқыңыз:


Бисмиллахир рахманир рахим
Әлиф ләм ра Тилка Айатулкитабил мубин
Арраһим Арраһим Арраһим


    Одан кейін майға үшкіріңіз. Осы шараны 40 күн бойы қайталаңыз да, 41-күннен бастап, майды басқа массаж жасау үшін пайдаланыңыз.


ШЕШЕК


    Шешектің әсеріне қарсы әрі оны жою үшін тұмар дайындауда төменде келтірілген дұға сөздерін жазып, тұмарды науқас адамның мойнына тағу керек.

f

    Емді әсерлірек ету үшін бұл мәтінді тәрелкеге жазып, содан кейін тәрелкені қайнаған сумен шайып, сол суды науқас адамға ішкізіңіз. Судың қайнаған болуына баса назар аударыңыз, өйткені тек қайнаған су ғана бұл ауруды емдеп жаза алады.
 

ЫҚЫЛЫҚ ТИЮ


    Ықылықтағанда Құранның Бақар сүресінің 14-аятындағы мына дұға сөздерін «Уәйамудду хум фи тугйаниһим йамаһун» бір рет оқыңыз. Ем әсерін күшейту үшін осы сөздерді фарфор ыдысқа жазып, оны сумен шайыңыз да, суды науқас адамға ішкізіңіз. 3 рет емнен кейін ықылық кетеді.
 

ІСІК


    Адамның денесіндегі ісіктің кез келген түріне қағазға немесе тәрелке бетіне запран мен раушан суынан не сары түсті тағам мен қайнаған судан дайындалған сиямен төменде келтірілген мәтінді жазыңыз. Науқас адам күніне 3 рет тәрелкені сумен шаюы керек. Бұл емді ауру толық жазылып кеткенше, бірнеше ай бойы жасау қажет.

f

    Ескерту. Бірінші шеңбер сызып алыңыз, содан кейін ортасына нүкте қойып, сосын барып қосу белгісін (Х) салыңыз.

ІШ АУРУЫ


    Іш ауруларының түрі көп және олардың пайда болу себептері де әртүрлі. Әрине, ауруды емдеу үшін оның шынайы себебін білу шарт, бірақ алғашқы көмек ретінде төмендегі емді қолданыңыз.
    Бір шымшым тұз алып, оны бір шай қасық суға еріту керек. Содан кейін Құранның 2-Бақара сүресінің 255-аятын бір рет: Аллаһу ла иллаһа илла ху уәл хайюл Қайюм деп оқып, содан кейін суға үшкіріп, оны науқас адамның жүзін солтүстікке қаратып ішкізіңіз.

 

 

 

 

Главная                Библиотека                Предыдущая               Следующая