Рухани емшілік
СОҚЫР ІШЕК
Кейде ас қорыту жүйесінің немесе асқазан жұмысының бұзылуы тоқ ішектегі құрт тәрізді өскін – аппендикстің қабынуына әкеледі. Бұл қабыну аппендикстің ішінде газдың пайда болуынан туады. Көптеген жағдайларда шұғыл
медициналық көмек көрсетіліп, құрт тәрізді өскін алынып тасталады.
Бұл ауруды Құранмен емдеу жолы мынадай: кең фарфор тәрелкеге 21 рет
деп жазыңыз. Содан кейін тәрелкені екі бақыраш суық сумен шайып, сол суды ауыратын жерге құю керек. Бұны бір тәулік ішінде 3 рет қайталайды.
СУСАМЫР (ДИАБЕТ)
Адамдағы бұл аурудың негізгі белгілері – қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді, адам үнемі шөлдеп жүреді, шектен тыс көп зәр шығара бастайды. Бұл ауруды емдеу үшін мынадай әдісті пайдалануға болады .
Фарфор тәрелкелердің бетіне запран мен раушан суынан дайындалған сиямен төменде көрсетілген кестені салыңыз.
Тамақтанардан 10-20 минут бұрын тәрелкені сумен шайып, суды науқас адамға ішкізіңіз. Қантты азайтқан дұрыс, оның орнына осы ауру үшін өте пайдалы қара бидай ұнынан пісірілген нан жеген жөн.
СҮЙЕК АУРУЛАРЫ
Бұл ауруға туберкулезге қолданған емді жүргізеді.
СҮЙЕКТЕРДІҢ АЖЫРАУЫ
Бір немесе бірнеше сүйектің ажырап кетуін мынадай жолмен емдеуге болады. Кешке ұйықтар алдында төменде келтірілген Құранның Әл-Аср сүресінің 1-аятынан алынған дұға сөздерін 100 рет оқыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим
иннал инсана лафи хусрин
Содан кейін суға үшкіріп, оны науқас адамға 90 күн бойына ішкізіңіз.
СҮЙКІМДІ, ЕЛІКТІРГІШ ТҮРГЕ ИЕ БОЛУ
Кейбір адамдардың психологиясына байланысты түрлерінде кемістіктер болмаса да, сүйкімсіз болып көрінеді. Бұл адамдар өздерін өзгелерден төмен санап, елеусіз қалғандықтан өмірден торығуы да мүмкін. Сондықтан бұл жағдайды жақсарту үшін сурет дәптерінің бір бетіне төменде келтірілген мәтінді қара сиямен анық етіп жазып, оны рамаға салып қою керек. Күн сайын ұйықтар алдында осы мәтінге 0,3 м аралықта тұрып 10-15 минуттай қарау қажет.
Одан кейін «Кала Йабушра Хаза Гуламув Уә ассаруху Бида Атан» (Құран, 12 Жүсіп сүресі, 19-аят) деп 100 рет қайталап
оқыңыз. Сосын алдын ала дайындап қойған кең ыдыстағы суға үшкіріңіз. Осы сумен науқас адам ұйықтар алдында бетін жусын, бірақ сүртінбесін. Қалған суды таза жерге төксін. Бұл шараны 40 күннен 90 күнге дейін жасау керек. Әйелдер етеккірі кезінде жіберіп алған күндерін кейін өтеуі қажет.
ТАБЫСҚА ЖЕТУ
Дұшпандарыңыздың қаскөйлігінен қорғанғыңыз келсе, құзырлы адамдардың қолдауына ие болғыңыз келсе, атақдаңққа бөленгіңіз келсе, жарыңыздың наразылығы мен ашуын басқыңыз келсе, Құранмен емдеу жолының мына әдісіне назар аударыңыз.
Дәрет алып болғасын, ұйықтар алдында ойлаған адамыңызды елестете отырып, 100 рет «Бисмиллахи Алуасиъи Жалла Жалалуху» деп қайталаңыз да елесіңіздегі адамға үшкіріңіз. Содан кейін Аллаһқа құлшылық етіп ұйықтауға жатыңыз. Бұны 40 күннен 90 күнге дейін қайталаңыз. Өткізіп алған күндеріңізді кейін өтеңіз.
Қатал бастығыңыздың ықыласына бөленгіңіз келсе,
былайша оқыңыз: ك(каф) айтып, оң қолыңыздың шынашағын бүгіңіз, ه (хаа) айтып, аты жоқ саусағыңызды бүгіңіз, ی (йаа) айтып, ортаң қолыңызды бүгіңіз, ع(айн) айтып, сұқ саусағыңызды бүгіңіз, ص (сад) айтып, оң қолыңыздың бас бармағын сұқ саусағыңыздың соңғы буынына қойып, жұдырығыңызды жұмыңыз.
Ықыласына бөленгіңіз келген адамды көрген кезіңізде алақаныңызды ашыңыз.
ТАЛМАДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
1.Адам санасы екі түрлі бағытта әрекет етеді. Оның бірі белсенді болғанда, екіншісі ұйықтап жатады. Осы әрекеттерді кезектестіретін жүйенің жұмысы бұзылса, адам күн батарда талып қала береді. Бұның емі – кешке қарай жарты сағат тынығу. Науқас адам төсекке жайланып жатып, талатын уақыты келгенге дейін «Йа хафизу» деп қайталап оқу керек. Егер науқас адамның ұйқысы келсе, онда ұйқтағаны абзал. Одан кейін әдетте талатын уақытынан бір сағат өткенше, төсектен тұрмауы керек. Ем уақыты – 40 күн.
2.Тәуліктің кез келген уақытында да адамның талып қалуы кездесіп отырады. Сондай жағдайларда суы бар ыдыстың үстінен қарап тұрып Құранның Әл-Бақара сүресінің 255-аятын «Латахузуху синатуу уәла наум» деп оқып, суға үшкіріңіз. Одан кейін ауру адамның аузына осы судан кішкене құйып, сосын бетіне бүркіңіз.
ТЕҢГЕ ҚОТЫР, МЕРЕЗ, ТІСТІҢ ҚҰРТЫ
Бұндай ауруларға фарфор тәрелкеге
(Архам рафику йа рахилум маниюн) деген дұға сөздерін жазғаннан кейін тәрелкені сумен шайып, сол суды науқас адамға ішкізіңіз.
Сонымен бірге осы сөздерді үлкен қағаз бетіне жазып, осы қағазбен науқас адамның бар денесін күніне 3 рет жайлап ысқылаңыз. Бұл ем ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ем кезінде тұз, ет, жұмыртқа, шалғам мен бұрышты кемінде 6 ай бойы пайдаланбаңыз.
ТЕРІ АУРУЛАРЫ
Терінің әртүрлі аурулары
Қан құрамында зиянды заттардың жиналып қалуы көптеген ауруларды, соның ішінде тері ауруларын да туғызады. Бұл ауруды емдеу үшін төменде келтірілген дұға сөздерін тәрелкеге сары түсті тағам мен раушан суынан дайындалған сиямен жазу керек. Содан кейін тәрелкені сумен шайып, сол суды науқас адамға таңертең күніне 3 рет 90 күн бойына ішкізіңіз.
Ескерту: тор көздердің бұрышында жазылған сандарды көшірудің қажеті жоқ.
Терідегі ақтаңдақтар
Тәрелкеге
(Кул Хууал Муъин Йа Маруфул Маннан Уәл халийм) деп жазып, тәрелкені жуып, сол суды науқас адамға ішкізіңіз. Бұны күніне 3 рет ақтаңдақтар кеткенше жасау керек.
Денедегі қара дақтар
Ауру адам қатты ұйықтап жатқанда, отбасының кез келген адамы оның қасына келіп, одан 30 см аралықта тұрып Құранның 2 Бақара сүресінің 1-3-аяттарын науқасты оятып алмайтындай етіп дауыстап оқиды:
Бисмиллахир рахманир рахим
Әлиф-ләм-мим
Зәликал китабу лә райбә фййһ
Һудал лилмуттақинәл ләзина йуъминуна билғайб
Ем бірнеше аптаға созылуы мүмкін.
Қотыр (Экзема)
Қатты қағазға
деп жазып, терінің экземаға шалдыққан жерлерін осы қағазбен ысқылаңыз. Қағаз жыртылған соң, оны өртеп, басқа қағазға жазыңыз. Ысқылауды сағат тіліне қарсы бағытта 5-7 минуттай жасау керек.
Емдеу курсы кезінде ауру адам тұздан, бұрыштан, дәмдеуіштерден және еттің барлық түрінен, балық пен жұмыртқадан бас тартуы тиіс.
Іріңді жаралар, шиқан, бөртпе, қышыма, теңге қотыр (псориаз), т.б. тері аурулары
Ақ фарфор тәрелкеге сары түсті тағамнан дайындалған сиямен төменде көрсетілген сызбаны салыңыз. Тәрелкені сумен шайып, оны науқас адамға күніне 3 рет ішкізіңіз.
Осы суретті ٧٨ белгілерінсіз үлкен тәрелкеге салып, тәрелкені бір шелек суға салып жуыңыз, осы суға науқас жуынсын. Әдетте, аурудың 11 күнде беті бері қарайды, қанды тазартуға қатысты аурулар – 40 күнде, ауыр тері аурулары 4 айда жазылады.
ТЕСІК ЖАРА
40 парақ майлы қағаздың бетіне сары түсті тағамнан дайындалған сиямен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз. Бір қағазды сумен жуып, осы суды науқас адамға таңертең ашқарынға ішкізіңіз.
Ем кезінде науқас адамға қызыл бұрышты, етті, балықты және жұмыртқаны пайдалануға тыйым салынады.
ТӨСЕКТЕГІ ТАРТЫМСЫЗДЫҚ
Кей жағдайларда ерлер мен әйелдер өздерін көріксіз, тартымсыз санап, махаббаттық қатынас кезінде өздеріне сенімсіз болады немесе тіпті ондай қатынастардан мүлдем бас тартады. Бұдан айығу үшін қағазға
деп жазып, одан тұмар жасаңыз. Тұмарды әйел адамдар бас орамалының ішіне, ал ер адамдар білегіне тағып жүру керек.
ТӨС ҚУЫСЫНДАҒЫ ЖҮЙКЕЛЕРДІҢ ТҰТАСУЫ
Бұған ем жасау үшін екі құлып алыңыз да, екеуін бір-бірімен айқастырып құлыптаңыз. Содан кейін қағаз бетіне осы айқасқан құлыптардың суретін салыңыз
Қағазды бүктеп, одан тұмар жасаңыз. Тұмарды целлофанға орап, науқас адамның ішіне төстің қуысқан жеріне байлап қою керек. Тұмарды жуынған кезде шешуге болмайды.
ТУБЕРКУЛЕЗ
Фарфор тәрелкеге төменде көрсетілген Құранның 12 Жүсіп сүресінің 1-2-аяттарының сөздерін жазыңыз. Тәрелкені сумен шайып, суды науқас адамға ішкізіңіз.
Бисмиллахир рахманир рахим
Алиф ләм ра Тилка Айатулкитабил мубин
Аррахиму Аррахиму Аррахиму
Осылайша 90 күн бойы күніне 3 рет жасау керек.
Туберкулез бен өкпе қабынуларының ауыр түрлеріне арнайы өңделген көк түсті маймен массаж жасау айығуына көмектеседі.
ТҰЗ БАЙЛАНУ
Сал ауруын емдеген әдіс қолданылады.
ТҰРМЫСТЫ ЖӨНДЕУ, ӨРКЕНДЕУ
Әдетте, қаржы жетіспеушілігі көптеген жағымсыз жағдайларды туындатады. Отбасының берекесі кетіп, ұрыс-керістер жиі болады. Ол бала тәрбиесіне де айтарлықтай әсер етеді. Отбасында дұрыс өнеге алмаған бала ата-анасын сыйламайды, теріс қылықтар көрсете бастайды.
Тұрмысты түзеу, өркендеу үшін әрқашан Алланың «шектен тыс жауапсыздық пен ысырапшылдықты Жаратушы қаламайды» деген сөзін естен шығармау керек. Бизнестегі ісіңізді өркендету үшін мынадай ережені ұстаныңыз: қаржыны есеппен дұрыс жұмсау және дұрыс жоспарлы әрекет жасау.
Осы қағидаларды ұстанып жүргеніңізге қарамастан, қаржы жағынан қиналсаңыз, жағдайыңызды түзеу үшін мынадай шара жүргізіңіз: жылтыр немесе майлы қағазға төменде көрсетілген дұға сөздерін жазып, қағазды қабырғаға немесе есіктің жақтауына
ұсақ шегелермен қағып қойыңыз.
Бұл тұмарды тақпас бұрын балаларға тәтті тағамдар үлестіріңіз.
ТЫРТЫҚТАР, ЖЫРЫҚТАР, СЫЗАТТАР
Адам денесінде туа бітетін әрі кейіннен пайда болатын денедегі тыртықтар, жырықтар, күйіктің іздерін кетіру үшін таңертең күн шықпай, кешке ұйықтар алдында бір рет «Йа Шафий», одан кейін «Бисмиллахир рахманир рахим» деп 100 рет қайталаңыз да екі қолыңызға дем салып, денедегі жарақаттардың бетін сипаңыз. Сондай-ақ «Йа Шафий» деп 11 рет қайталап, суға немесе кез келген сусынға үшкіріңіз, науқас адам су ішкісі келген кезде осы суды ішсін.