ҰЛЫ ЖУЗ
АЛБАН - ӘЛМЕРЕК - ҚҰРМАН - ҮМБЕТ АТА ҰРПАҚТАРЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ

14

 главная                                        вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29

 

 

 

Тоқтарбеков Әкімхан Әбілбекұлы

 

pic

 

Тоқтарбеков Әкімхан Әбілбекұлы – 1937 жылы 7 қазанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Орта білімді. Арнайы діни медресені бітірген. Жастайынан еңбекке араласты, өзі туған ауылында мал бақты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, Алла Тағаланың хақ жолы мұсылмандыққа бет бұрды. Алматы облысы Райымбек ауданы, Қайнар және Көксай ауылдарында бас имамдық қызметін атқарды. «Албаннан тараған Шыбыл-Сары-Әлмерек шежіресі» кітабының авторы (Алматы, 2007).

Жасынан өзінің әкесінің арқасында ауыл ақсақалдары мен білімді адамдардың жақсы әңгімелері мен сөздерін тыңдап, сөйтіп көргенін, естігенін, білгенін көңілінде сақтап, кейін естеліктер жазған. Ауылының рухани басшысы болып, қызметін әлі жалғастыруда.

Тоғыз бала тәрбиелеп өсірген. Немересі мен шөбересінің атасы атанған еліне ардақты, сыйлы, иманжүзді елінің құрметті қазыналы қариясына айналды.

 

 

 

Орынхан Рақышұлы

 

pic

 Орынхан Рақышұлы – 15.09.1939 жылы ҚХР-да Текес ауданы, Кіші Құштайда туған. Атақты күйші Қожекенің ұрпағы. 1955 жылы Текес ауданында кадрлер курсында оқыған. 1955-1958 жылдары Текес аудандық бажы мекемесінде қызмет атқарған. 1958 жылы Бейжиң орталық институтының саяси факультетіне қабылданып, 1959 жылы бітіріп, Текес аудандық толық орта мектебінде қызмет істеген. 1962-1985 жылдары Шолақтерек ауылында оқытушы және аудандық оқу бөлімінде қызмет еткен. 1985 жылы Текес аудандық білім асыру мекемесінде хатшылық қызмет істеген. 1998 жылы демалысқа шыққан. 1991 жылы Іле облыстық үгіт бөлімінің «Үлгілі жетекші» атағымен марапатталған. ШҰАР-дың құрылғанына 30 жылдығы медалімен марапатталған. Іле қазақ облыстық, аудандық оқу-ағарту жұмысшылар ұйымы тарапынан оқу-ағарту саласында 30 жылдан астам уақыт қызмет еткендіктен «Даңқ» куәлік алған. Шолақтерек ауылында істеген кезінде 1980-1983 жылдары озат қызметкер болып жыл сайын 400 сомнан заттай сыйлық алған. Мектепте маусым сайын үздік қызметкер болып келген. 2018 жылы Текесте дүниеден өткен.

 

 

 

Сүлеймен Батталғазыұлы

 

pic

 

 

Сүлеймен Батталғазыұлы – 1921 жылы ҚХР-да Текестің Кіші Құштай деген жерінде туып, 2009 жылы дүниеден өткен. 1946 жылы қыркүйекте Текес ауданы бойынша алынған мұғалімдерді жетістіру емтиханына қатынасып, Текестен қабылданып 43 баламен бірге Іле гимназиясына қабылданып, 1948 жылы қазанда бітіріп, Іле аймақтық оқу-ағарту басқармасының бастығы қызметіне кіріскен. 1948 жылы үкіметтің орналастыруы бойынша Құштай, Қайыңды мектептеріне бөлініп, 1986 жылға дейін оқытушылықпен шұғылданып, «25 жылдық» «35 жылдық» екі ордені бар Секең кіндік қаны төгілген осы өңірде «елім» деп егіліп оқытушылық кәсібін сүйіп бала оқытып, ар дәрежелі талай рет үздік қызметкер атағын алған. Бұл Текес ауданы ішіндегі оқытушылар қатарынан сараланып шыққан. 1986 жылы демалысқа шыққан. Бұл адамның еңбегін Текес аудандық оқу-ағарту тарихы кітабының 278 бетінде 2003 жылы шыққан кітабында ерекше таныстырылған. 

 

 

 

Тасбаев Қыдырәлі Іскендірұлы

 

pic

 

 

Тасбаев Қыдырәлі Іскендірұлы – 01.08.1948 жылы туған. 1967 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыбастау ауылында орта мектепті тамамдаған. 1967-1969 жылдары әскерде болған. 1971-1972 жылдары бухгалтерлік курсты бітіріп, одан Талғар ауылшаруашылық техникумының бухгалтер-экономист мамандығын тамамдаған. 1975 жылдан 1986 жылға дейін Сарыбастау ауылында бухгалтер болып қызмет істеген. 1987 жылдан бастап Алматы қаласының Медеу ауданында әкімшілік саласында зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Салиғазиев Әбдіманап Әбікенұлы

 

picСалиғазиев Әбдіманап Әбікенұлы – 1953 жылы 9 қаңтарда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз ауылында дүниеге келген. Осы жерде орта мектепті бітірген. Алматы құрылыс техникумын және Халық шарушылығы институтын бітірген. Алматы құрылыс тресінде прораб, аға прораб және бас инженер қызметін атқарған. Алматы облысының Салық комитетінде  бөлім бастығы қызметін атқарып, Басқарма бастығына дейін көтерілді. Қапшағай қаласының Салық комитетінде орынбасар, Алматыда Жетісу ауданында Салық комитетінің бастығы, Қапшағай қаласында бас архитектор, Алматыда қаражатты бақылау басқармасында бөлім бастығы, 2010 жылдан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік есеп комитетінде (Астана қ.) зейнетке шыққанға дейін жауапты қызмет атқарған. Қазір Абай атындағы ҰПУ-де ішкі аудит қызметінің бастығы. Жолдасы Салиғазиева Күлпан Зейкенқызы. Балалары: Арман – бизнесмен және екі қызы бар. Әмина, Іңкәр. Айдын – Египетте дипломат. Бір қызы бар. Аты Айша. Ербол – МИД-те қызметте бір қызы бар Амели. Шынар – Минфинда қызметте бір қыз бір ұлы бар. Әдия, Алдияр. Ақбота Орал қаласында қызметте. Алматы қаласында тұрады.

 

 

Әлдибеков Жапар Смайылұлы

 

picӘлдибеков Жапар Смайылұлы – 1954 жылы 3 сәуірде дүниеге келді. Беркімбай бидің шөбересі. 1972 жылы Райымбек ауданы, Қайнар ауылындағы Н.К. Крупская  атындағы  орта  мектепті  бітірді.  1972 – 1974 жылдары қазіргі Ресей Федерациясының Ленинград және Воронеж облыстарында Әскери Әуе Күштерінің құрамында  Кеңес  армиясы  қатарында әскери міндетін атқарды. Әскери қызметтен оралғаннан кейін 1974 жылдың желтоқсаннан 1975 жылдың шілде айына дейін Нарынқол аудандық колхозаралық құрылыс мекемесінде жұмыс істеді.

1975 – 1980 жылдары  Е.А. Бөкетов  атындағы Қарағанды Мемлекеттік  университетінің  тарих факультетіне түсіп, тарих және заң негіздері мамандығы бойынша білім  алды.  Университет бітіргеннен жолдамамен сол кездегі Торғай облысына жіберіліп, 1980 – 1984 жылдары  Торғай облыстық  білім  басқармасында  инспектор, Арқалық  қаласындағы  Ы. Алтынсариннің мемориальды – педагогикалық  музейінің  директоры қызметтерін  атқарды.

1984 – 1995 жылдар аралығында  Ы. Алтынсарин  атындағы  Арқалық  педагогикалық  институтында оқытушы, аға  оқытушы,доцент  қызметтерін  атқарды.  1989 – 1993 жылдары  Қазақ КСР Ғылым академиясының  Философия  және Право инсититутының  аспирантурасында  оқыды.

1993 жылы мамыр  айында  заң ғылымдарының докторы, профессор, әйгілі академик  С.З. Зимановтың  жетекшілігімен  « Общественно – политические  и правовые  взгляды И. Алтынсарина»  атты тақырыпқа  заң ғылымдарының  кандидаты  дәрежесін алу  үшін  диссертация  қорғады.

1995 жылдан бастап осы  уақытқа  дейін  Алматы  қаласының бірқатар заңгерлік  жоғарғы  оқу  орындарында аға  оқытушы,  доцент,деканның орынбасары, кафедра меңгеушісі  және  профессорлық  қызметтер  атқарып  келеді.

2010 жылы 1- шілдеде  « Қазақстанның  ХVII  ғасырдың  соңғы  ширегі  XVIII ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  Қазақстанның  саяси – құқықтық  қалыптасуы және  дамуының  тарихи – теориялық  мәселелері» тақырыбы  бойынша  заң ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Өзбекұлының (марқұм) ғылыми кеңесшілігімен заң ғылымдарының докторы ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  диссертациясын  қорғады.

Қазір  заң ғылымдарының  докторы,  профессор,  80 – аса ғылыми - зерттеу  мақалалардың,  5 – оқулықтың, 2 – ғылыми  монографияның  авторы.  Қазіргі  таңда  Д.А. Қонаев  атындағы  Еуразиялық  заң  академиясының  профессоры.  Отбасылы  жұбайы  және  екі баласы  бар. Жұбайы – Светлана Нұрымғалиқызы ұзақ жылдар банк, қаржы саласында жемісті қызмет істеді, қазір еңбек демалысында. Қыздары – Гаухар, Камшат мемлекеттік қызметте.

Оқу-ағарту және ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін Ы. Алтынарин атындағы медалмен, Қазақстан  Республикасы Ғылым  және Білім  министрлігінің құрмет  грамотасымен және осы министрліктің Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша «Үздік оқулық» авторы дипломымен марапатталған.  Алматы қаласында тұрады.

 

 

 

Атагелдиев Дәлелхан Сейсебайұлы

 

picАтагелдиев Дәлелхан Сейсебайұлы – 12 ақпан 1954 жылы дүниеге келген. 1971 жылы Нарынқол ауданы, Сарыжаз орта мектебін тәмамдаған. 1972-1974 жылдары Кеңес армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген. 1979 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының «зооинженер» факультетін үздік дипломмен бітірген. Ғылыми Кеңестің жолдамасымен Қазақ мал шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтына қызметке жіберілген. Институтта аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер және бөлім меңгерушісі қызметтерінде болған. 1986 жылы ауылшарушылығы ғылымдарының кандидаты атағын қорғаған. Доцент. Иститутта жоғары нәтижелі еңбек сіңіріп келе жатқанына 40 жылдан асқан. Ғылыми еңбектерінде көптеген маңызды мәселелердің ерекше шешімдерін таба отырып, 70-тен астам ғылыми еңбектер, бірқатар ұсыныстар мен кітаптар даярлады. Бірнеше халықаралық конференцияларға, көрмелерге қатысқан.

Облыстың ауыл шаруашылығы оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі және ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Алматы облысының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Алматы қаласында тұрады.

 

 

 

Әлиасқаров Тоқтарбай

 

pic

 

 

Әлиасқаров Тоқтарбай – 1953 жылы туған. Нарынқол ауданының Сарыбастау елдімекенінің орта мектебін бітірген (1972). 1981 жылы Қазақтың мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетін бітіріп, инженер-орманшы дипломын алған. Бұдан кейінгі жылдары орман шаруашылығы мекемелерінде цех бастығы, ҚР Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік бақылау инспекторы, кейінгі жылдары Іле-Алатау МУТП бөлім бастығы қызметін атқарды. Демалысқа шыққаннан кейін де осы қызметін жалғастыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Исаев Өміржан Ыбырайұлы

 

pic

 

 

Исаев Өміржан Ыбырайұлы – 1964 жылы  28 шілдеде Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қақпақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті осы облыстың Шелек ауылында 1981 жылы алтын медальмен бітірген. 1986 жылы Қазақтың Политехникалық институтын кен инженері, 2000 жылы экономия және құқық Академиясын құқық қорғау, 2007 жылы осы Академияны қаржы мамандықтары бойынша аяқтаған. Геологияда, «Особстройпроект» Ғылыми орталығында, банкта, Құқық қорғау органдарында қызметтер атқарған. Полковник, қазір зейнеткерлік демалыста. Ақындық, шешендік және шеберлік өнері ата-бабасынан жалғасқан. Иса атасы домбыра жасаудың хас шебері болған. Ал Ыбырай әкесі болса, көсем сөзге шешен, жыр-толғауларды жатқа айтатын және емшілік қасиеті ерекше азамат болған.

 

 

 

 

Қадыржан Тәлімұлы

 

 picҚадыржан Тәлімұлы – 1958 жылдың 15 шілдссінде ҚХР-ның Кіші Құштай жерінде дүниегс келді. Білімі арнайы орта. Ол 1962 жылы тарихи Отаны - Қазақстанға оралды. Ерекше қасиетіне байланысты ақындык, әншілік, сазгерлік және күйшілік, орындаушылық өнердің иесі, талантты азамат.

Қадыржан Тәлімұлы қазақ күй өнерінің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Оның сазгерлік әлемінен, күйшілік талантынан туындаған күмбірлі күйлері - “Туған жерге сағыныш”, “Ұстазым менің – Нұрғиса” т.б. Күйшінің сазды күйлері адам жанына терең әсер етеді.

Қадыржан Тәлімұлы сонымен бірге ақындар Т.Молдағалиев пен М.Мақатаевтың жиырмадан астам өлендеріне ән шығарған. Ф.Оңғарсынованың “Мен саған ғашық емес ем” лирикалык өлеңіне де ән жазды. Жарылқасын Амановтың “Домбыраңды әкелсең, шертесің бе?”, Қадыр Мырза-Әлінің “Құбылыс”, “Отырар сазы”, Сәкен Иманасовтың, А.Бақтыгерееваның, Ж.Өмірбектің, Ғ.Елеудің, Д.Бақдәулетұлының бірнеше өлеңдеріне сазды ән шығарып, қазақ ән өнерінің рухани дамуына да өнегелі үлесін қосты.

Дарынды тұлға Қадыржан Тәлімұлы тек сазгер, ақын ғана емес, әншілік және орындаушылық қабілеттерімен де танылған сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Сонымен қатар, кызын тәрбиелеп, оны қиясына қондырған қамкор әке.

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29