ҰЛЫ ЖУЗ 15 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 | ||
Естеліктер Зымырап өтіп жатқан дүние-ай Кеше күндізгідей көрініп тұр. 1944-1945 жыл. Әкелеріміз Өсенұлы Қожалым мен Сәрке біз көргенде ел ішіндегі атқа мінер азаматтардың біреуі болып көрінуші еді. Жаз жайлауда мен әкеме ілесіп осы ағайындардың үйіне, әкем Тоқтарбек барушы еді. Бала кезім. Мектепте оқитын кезіміз. Есімде қалғаны Сәрке атамыз пысық, еңбекке де, өз шаруасына да қарап, ара-тұра саудамен айналысып жүрген кезі еді. 1945 жылдары елден ат, өгіз, еркек қой. Сары май сияқты заттардың шекараға алып келіп өткізіп, сауда алып қайтып тұрады екен. Әңгімелерін үлкендер естиміз. Сол кезде бізге әңгіменің керегі жоқ. Сөйтсек, осы кезде соғыс жүріп жатқан кез екен ғой. Қасындағы Рақымжан деген жолдасымен бірге жүріп тұрады екен. Отбасындағы шешемізді де көрдім. Сондай жақсы адам еді. «Кел, балам» деп май, құрт, жент беріп тұрушы еді. Өмір солай өтіп жатқан уақыт. Бұл кісілер де дүниеден ерте өтіп кетті. Артында қалған жас балалары шешеміздің арқасында жетімдік көрмеді. Балалар ер жетті. Дайырман атты бір ұлымен бірге жүріп, бірге тұрып, бір-бірімізді көрмесек тұра алмаушы едік. Зиядан болса, кейін ер жетіп, оқуға түсті. Отбасылы болып, түрлі қызметтер атқарды. Дайырманның да балалары ер жетіп, өзі дүниеден ерте кетті. Жаны иманды болсын, дейміз. Әкімхан Әбілбекұлы
АҒАЛАРДАН ҚАЛҒАН СӨЗ немесе Тәжікенұлы Мұхаметжан ағамен қысқаша сұхбат 1995 жылы 17 қыркүйек. Бүгін міне жұбайым Түймекүл екеуіміз Тұзкөл ауылында отырмыз (Бұрынғы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданы). Біздің бабамыздың мекенінде тұратын Тәжкенұлы Мұхаметжан ағамызбен Кенжехан жеңгеміз екеуінің үйінде қонып шықтық. Өте жақсы. Кеше мен қабірстандағы Сарыжаздағы аруақтарға барған кезде дұға оқи бергенімді сағат 18.00-де жер тербеліп, шайқалды. Оны жанымыздағы адамдар да сезді. Мен әңгімемді бастады: – Мұхаметжан аға, тарихты білген жақсы ғой. Ата-бабаларымыздың аруағы әлемге таныла бастады. Біз енді қазақтың тарихында жоқ болсақ та енді танылдық. Құдайдың құдіретіне рахмет. Алла жар болды ма? Аруақтардың көмегі ме, әйтеуір біраз жұмыс істеп жатырмыз. Осы жөнінде естіп жатырсыз ғой. Біреуге ұнар, біреуге ұнамас бірақ тарих жеңер, болашақ ұрпақ өзі бағалар. Осыған байланысты ауылдағы көзі ашық, көкірегі ояу сізсіз, бұрыннан сауаттысыз, қазір міне ауыл ақсақалына айналдыңыз міне. Осы жаңағы тарих жөнінде жазып алдық. Ал енді өзіңіз біздің шыққан тегіміз ағайынды Қожалым мен Сәрке аталарымыз екеуі бір-бірінен ажырамайды екен. Екеуінің аты да сирек кездеседі. Қожалым атаны көрдіңіз ғой. Сол туралы анықтама беріңізші. Ол кісі қандай кісі? Немен шұғылданды? Қай өнерге жақын еді? Сосын Сәрке әкемізге жеке анықтама беріңізші? – Мына «Жақсының артында бір ауыз сөз қалады, шимай-шимай ізі қалады». Қожалым әкеміз бұрынғы Советте орысша оқыпты, техникум бітіріп жаңадан қызметке келген кезінде өзі өткір, тілмар, біреуге айтқан сөзін ұқтыра алатын, біреудің еселі сөзін жібермейтін өркөкірек, қайтпас қайсар кісі екен. Өзінің бірге жүрген досы Киікбай туысқаны екеуі бір жүрген. Жұмысқа жаңадан келгенде бұны халық жауы деген сияқты. 1930-1931 жж. Нарынқол ауданында ұстамақ болады. Содан туысқандары: – Әй, Қожалым саған қауіп жетті. Сен енді өзіннің туыс туғандарын мен қызметтегілері өрге кеткен. Сен қызметті қой. Саған бәрібір тыныштық бермейді дейді. Сен елден кет. Содан Сәрке әкеміз жолдың бәрін біледі екен, бір түнде бастап Қытайға өтіп кетіпті. Онда барып туыс-туғандарын тауып, ес жинағаннан кейін бала-шағаларын өткізіп алады. Сәрке бір келеді, екі келеді. Сәрке деген аласа бойлы, кірпігі ұзын етжеңді кісі болған екен. Ол кісіні батыр дегені, сол кездегі жауларға қарсы адамдарды тасымалдайды екен. Сәркенің көзінің қырағылығы соншалық түнде түсіріп алған қамшысының өзін тауып алады екен. Сөйтіп адам тасып жүргенде Ешенбүйректің тауында бекініп жатқанда Шабдан, Томпыш деген жолдасы мен Ешенбүйректің тауында бұларды ұстаймыз дегенде Шабданға оқ тиіп, Томпыш екеуі қалып кетеді. Сөйтіп барлық туысын арғы жаққа тасып болады. Томпыш айлакер екен. Ал Сәрке батыр мынаны қират десе қиратып, бес-алты адамнан да қайтпайды екен. Бір жерге бара алмай тұрса мен барамын. Қолға түспеймін, Құдайым бар деп, Құдайға сиынып, аруаққа жар бол деп баратын жеріне тападай тал түсте барады екен. Оқ тимейді екен. Өзінің атқан оғы мүлт кетпейді екен. Тұзкөлге жақын жерлерде жолдас-жорасы көп екен. Олар Қырғызстандағылармен сөйлеседі екен. Олар біреумен ерегесіп 50 жылқысын айдап әкетеді. Үш күн жатады. Бір күні әлгі келем деген Қырғызстандағы жолдастары келмейді. Содан бұлар енді өстіп жатамыз ба, мен барып тіл аламын дейді Сәрке. Жолдастары қой барма ұсталып қаласың десе де, қоймай барады. Ақыры қоймадың өзіне-өзің сақ болып жүр дейді. Қолында сарыауыз деген бесатары бар екен. Баяғы топқа келеді. Ол жақта той болып жатыр екен. Барлығы мұны Сәрке келді деп қарсы алады. Бұл көрші елден неге келді? Бәрін көшіріп бітті ғой неге келді екен деп таңқалады. Мұны қолға түсірейік дейді. Сәркені үйге кіргізіп бес-алтауы үйдің ішінде, ал қалғандары сыртта үйді қоршап тұрады. Оларға дайын тұрыңдар дейді. Үйге кірген кезде Сәркеге: – Ал, сен қайдан келдің? Неғып келдің?, – дейді. Сонда Сәрке: – Осы жерде туыс-туғандарым бар соларға келдім дейді. Жұмысым бар дейді. – Сені жұрт батыр дейді. Қандай батырлығың бар? Не істей аласың, – дейді. Алжып келдің ба? Адасып келдің ба? Айуандықпен тіл тигізіп, сонда ана жігіттің айтқан сөзі: – Сені ажал айдап келді ме? Мазақ айдап келді ме? – деп тисе жөнеледі. Сәрке батыр сонда: «Сенің әйелің, менің әйелім» менің батырлығым сол деген екен. Онда көреміз деп бәрі жабыла кетеді. Сол кезде біреуін мылтықпен тартып жібереді. Қалған бесеуін бір үйдің ішінде ұрып естерін аударып, бір өзі есікті итерсе ешкім ашпайды. Мылтықпен атып қалады. Бәрі қашып кетеді. Далаға шықса, бір ақбоз ат еріттеліп тұр екен. Соған мініп алып, әлгі жігіттің әйелі қайда? Бері кел, сертім бар дейді. Содан кейін оның әйелін көйлекшең өңгеріп алады. Сонда Қырғи шешеміздің жасы 17-де екен бір баласы бар екен. Малыбай тамының Қарасуына келеді. Әлгі әйелге күйеуіңді өлтірдім көрдің бе дейді? Ол: Көрдім. Менімен Қытайға кетесің бе? Кетпесең өлтіріп кетем дейді. – Аға мені жалаңаш қайда апарасың? Жанымды қи дейді. Емшектегі балам бар дейді. Е, солай екен-ау деп жаңағы жерге қайта келеді. Келсе мамағашқа бір қара қасқа ат байланып қалған. Көргендер Сәрке келді деп тұра қашады. Әй, баратын жерге барындар. Барған жерге айта бар Сәрке келді деп Менің атым Сәрке дейді. Қарақасқа атқа күміс ертоқымды салады. Нанды, етті алады. Атқа мініп келеді. Досыңа айтады мен кісі өлтіріп келдім дейді. О, құрыдық дейді. Орталық Қырғызсайда екен. Соған хабар беріліп отыз солдат бұларды іздеп шығады. Бұлар енді бәріміз бірге жүрсек болмайды. Сендер барыңдар. Осындай жерде жолығамыз, үш күнде келсем келем, үш күнде келмесем өлгенім деп оларды жіберіп, өзі жалғыз қалып әрбір жерден оқ атып солдаттарды ізінен аңдытады. Айғайтас деген жерге солдаттар келіп түсіп, тамақтанып алайық деп екеуін із шалып кел деп жібереді. Сәрке келе жатып екі солдатты көреді. Екі жағы тау сосын кері қайтып кетеді. Екі солдат бастықтарына айтып отыз солдат бастықтарымен Сәркенің ізіне түседі. Сәрке дүрбі салып тұрады, бастықта жақындап кеп дүрбі салғанда Сәрке атып кеп жіберіп, бастықтарына оқ тиіп ұшып түседі. Қалған солдаттар оқ атуға шамалары келмей тым-тырақай қашады. Сәрке өзі жалғыз отыз солдатты қуады. Солдаттардың жолда тастап кеткен аттарын, бесатар мылтықтарын, пулеметтарын алады. Білмейтін жері жоқ екен, солдаттар күтетін жермен жүрмей оларды адастырып, асудан асып тау-таспен кетеді. Үш күннен кейін кездесеміз деген жеріне жетіп жолдасы мен өзі беріп жіберген әйелді тауып кездеседі. Сосын ағасы Қожалымға болған жайды айтады. Сол жерде Нақысбек деген бүкіл өр елде бас ақалақшы екен соған барады. Мынау тентек адам өлтіріп келіпті. Аман алып қалайық деп жаңағы Нақысбекке бесатар мылтық тағы алып келген заттарды өткізіп береді. Содан Қытайға Сәрке деген адам өлтіріп кетті деп сұрау келеді Совет елінен. Мұндай адам келмеді жоқ деп Нақысбек хабар жібереді. Сәркені үш жыл қудалайды. Нақысбек үш жылдан соң ондай кісі келмеді, өлсе керек деп сонымен Сәрке сол жақта қалып қояды. Сол жақта Текестің Үшқұштайының Қайындысында дүниеден өтеді. Ол нағыз ұлт батыры атанып, ерлігі мен ұлтжандылығы оны білетіндердің мәңгі есінде қалды. БЕЙІТ КҮҢІРЕНГЕН – Ал, енді Мұхаметжан аға бейіт күңіренген дегенді естіп едік сол жайлы айтсаңыз? – 12-13 жаста болған кезім болатын. Сол Қытайда Батырбек дегеннің жылқысын Құсайын деген жылқышы бағады екен. Құсайын деген әкеміз біздің әкемізбен бірге жүреді екен. Кешке Құсайын жылқы айдайды. Әкеме балаңды жібер жылқы аштап келсін дейді. Ол кезде әкенің айтқаны заң. Қарсы тұру жоқ. Мен жылқышылармен бірге шықтым. Жуас деген бір жылқыны ерттеп берді. Жайлаудан өзенге дейін жылқыны ашық айдадық. Жылқыны ащылап әрі-бері жүріп бір уақытта бір жерге келдік. Осында тоқтаймыз деді. Жылқышылар сол жерде ұйықтайтын болды. Жылқышылар ертоқымды алмай жамбастап жатады екен солай менде жаттым. Бір кезде бір адамдардың дауысы шуылдап кетті. Қасымдағы кісі қорықпа, қорықпа деп, ауызын кәлимаға келтірді. Атка мінейік деді. Атпен жүріп келе жатыр едік адамдардың дауысы біреу күңіренеді, бала жылайды айқай-шу болып кетті. Алдымыздан ақ киім киген адам бейнесі көрінді. Әкеміз иманын келтіріп бір кезде тоқтап Құран оқыды. Маған қорықпа. Бейіт шуылдап жатыр. Бейіт күңіренін жатыр деді. Неге? – деп едім. – Мына бейітке Кеукер деген қасқыр кіріп алыпты. Адамның етін жейді екен. Адам еті тәтті болады. Бір-екі күн болған адамның сүйегін қанша терең қазса да алып шығып жейді екен. Содан аруақтар қасқыр кірді деп шуылдап жатыр деді. Ол ақ төс қасқыр екен Құсайын көріпті. Қақпан құрып адамдар ұстаймыз деп жүрген. Бірақ ұстады ма, қуып жіберді ме, ол жағын білмедім. Сұхбаттасқан: З. Қожалымов
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 |