Рухани емшілік
ӨЗІМЕН ӨЗІ СӨЙЛЕСУ
Адамдардың ішінде әртүрлі себептерден жүйке жүйесінің әлсіреуі пайда болып, тұлғалық қуаты азая бастағанда, кейде өз өмірінен өзі күдер үзетін кезеңге тап болады. Адам өзін- өзі басқарудағы тұрақты қуаттылығынан ауытқығанда, оның ой-санасын елес, көрініс, дыбыстық әсер, т.б. сыртқы және ішкі түсініксіз күштердің басқаруына ілінеді. Бұны медицина мамандары мен дін жолы адамдары теріс есі ауысқандыққа жорамалдайды. Бұндай қайғылы-қасіретке тап болғандарды емдеу үшін Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 255- аятындағы «Аллаху ли иллаха илла ху уәл хайюл Қайюм» бір рет оқып, күн шығар алдында суға үшкіріңіз. Осы суды науқас адам 90 күн бойына ішу керек.
Егер науқас адам өз бетінше емделгісі келсе, айтылған дұғаны бір рет оқып, екі қолына дем салып, сосын бетін сипау қажет. Бұны таңертең күн шықпас бұрын бір рет, кешке ұйқыға жатар алдында бір рет жасау шарт.
ӨКШЕНІҢ АУРУЫ
Өкше ауруының емін діни жолда емдеудің мынадай әдісін ұсынады: тұрғанда да, жүргенде де Қасиетті Құранның 5-Маида сүресінің 6-аятын (Уәмсаһуа Бируусикум уәәржулакум Илалкаъбан) мейлінше жиі оқып тұрсаңыз, ауруыңыздан айығасыз.
ӨНІМДІ АРТТЫРУ
Үлкен қағазға Құранның 24-Нұр сүресінің 35 аятын
(Аллаһу Нурусамауати Уәлард) жазыңыз. Содан кейін бұл қағазды 5-10 литр сумен жуыңыз. Осы суды егістікке бүрку керек. Бұл шараны бір рет жасағаннан кейін-ақ осы егістіктегі өнімнің түсімі артады.
ӨТ ЖОЛЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
Өт қабының қабынуында немесе өт қабында тас болғанда су құйылған ыдысты алып, бір рет «Аллаху лә иллаха илла ху уәл хайюл Қаюм» оқып, суға үшкіріңіз де, оны науқас адамға ішкізіңіз. Бұны 40 күн бойы күніне үш рет қайталаған жөн.
РАК АУРУЫ
Рак қан ауруларының кеселінен болады.
Адам ауыр ойлардың шырмауынан шыға алмай, олардан қалай құтылудың жолын білмей торықса, оның қуаты уланып, ол қанды зақымдайды. Осының салдарынан ағзада вирустар пайда болады. Бұл вирустар бір жерге жиналып, ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қуатты жоя бастайды. Вирустар қанның қызыл түйіршіктерімен қоректенетіндіктен, қан мен ұлпалардағы ақ түйіршіктер көбейіп кетеді де, соның салдарынан ақ қан (лейкемия) ауруы пайда болады. Адам ағзасы осы ақ түйіршіктерден құтылу үшін бар энергиясын жұмсайды да, соның себебінен адам әлсіреп, арықтайды, соңында өлім құрсауында қалады.
Рактың басқа түрлерінде вирустар күре тамыр мен көк тамырды зақымдайды. Бұл қан айналысы жүйесін зақымдап, нәтижесінде адам өліміне алып келеді.
Бұл аурудың пайда болуын психологиялық жағынан түсіндірсек, рак сезімтал, нәзік, тәуелсіз, жазылуға сенуді қалайтын ауру. Сондықтан науқас адам қатты ұйықтап жатқанда, емші оның қасына оңашада келіп отырып, ракқа өтініш айтуы керек. Аурумен сыпайы сөйлесіп, оны науқастың денесін тастап кетуін өтінуі қажет: «Құрметті Рак! Сен шынымен де мейірімдісің. Мына адам өлім аузында. Мен сенен оның денесінен шығып кетуіңді сұраймын. Саған Аллаһтың шапағаты тиеді, өз мейірбандығың үшін оның мейіріне бөленесің. Мен сенен қатты өтініп сұраймын, мына адамнан кет!» Осы жалбарынудан кейін ауру науқас адамның
денесін тастап кетеді деп сену керек.
Сонымен бірге науқас адамды қоршаған ортаға жіті назар аудару қажет. Науқас жатқан бөлмені қызыл түспен көмкеру керек. Қабырғалар, перделер, төсек жаймалары, тіпті науқастың киімі де қызыл түсті болуы тиіс.
Сондай-ақ 41 парақ майлы қағаздың бетіне қызыл түсті тағамнан дайындалған сиямен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз:
Бір қағаздан тұмар жасап, науқас адамға тағыңыз. Енді біреуін сумен шайып, осы суды науқас адамға күн сайын ішкізіп тұрыңыз. Қалған 40 парақты 40 күн ішінде осылай пайдаланыңыз.
РУХАНИ ЖӘНЕ ТӘН ҚАБІЛЕТІН ҚАЛПЫНА
КЕЛТІРУ
Әртүрлі жағдайлардың әсерінен кейде адамның жағдайы күтпеген шиеленіске ұшырайтындықтан, адам бұдан шығудың жолын іздестіргенмен, оның әрекеттері еш нәтиже бермей, жүйкесі әлсіреп, шаршап, бәрінен күдерін үзеді. Осының салдарынан оның жұмысында, ұжымында және отбасында да берекесі кетеді. Бұл сәтсіздіктерден шығу үшін төменде көрсетілген тәртіпте ойып салынған ٩ белгісі бар үш қатарлы және үш бағаналы күміс жүзік тағып жүру керектігін ұсынады. Бұндағы белгі 9 саны емес, ол – шеңбер мен түзу сызық.
САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ ЖҰЛЫННЫҢ ҚАБЫНУЫ
Адамның жаны мен тәнінің саулығы оның ағзалары арқылы таралатын толқынды қуаттардың тепе-теңдікте болуына байланысты. Егер бұл толқындар омыртқада ғарыштық сәулелермен тоғысып, адам денесінің оң жағынан 12 см-дей орын алатын болса, онда ағзаның қуаттық жүйесі толығымен зақымданады. Дененің төменгі бөлігінің зақымдануы полиомиелит, ал қалған бөліктерінің зақымдануы сал болып қалу (паралич) деп аталады.
Егер ми жасушалары арқылы өтетін қуат ағынын ғарыштық сәулелер басып қалса, онда адамның беті сал болып қалады. Бұл аурудан беттің бұлшық еттері қатты ауырады және бет бір жағына қисайып тұрады. Тек бет пен мұрын ғана емес, сондай-ақ көз де зақымданады. Бұл ауруды емдеу үшін үш фарфор тәрелкеге сары түсті тағамнан дайындалған сиямен төмендегі дұға сөздерін жазу керек:
Одан кейін тәрелкені сумен шайып, науқас адамға сол суды таңертең бір рет, кешке бір рет және түнде бір рет ішкізу керек. Сонымен бірге көлемі 9х9 см болатын қатты жылтыр қағазға осы дұғаны жазып, онымен науқас адамның басын, маңдайын, бетін және желкесін күніне 3 рет 4-5 минут сипалау қажет.
САНА ӘЛСІЗДІГІ
Ес – адамның негізгі тұлғалық арқауы. Адамның ақыл-есі саналы және санасыз болып екі түрге бөлінеді. Егер саналы ес әлсіз болса, онда адам санасыз ес ақпараттарын қабылдай алмай, соның салдарынан оның мүмкіндігі төмендей бастайды. Бұл ауруды емдеу үшін фарфор тәрелкеге запран мен раушан суынан дайындалған сиямен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз. Тәрелкені сумен шайып, сол суды науқас адамға таңертең ашқарынға ішкізіңіз.
САПАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Жол сапарына аттанбас бұрын, үйден шығарда
Йа хафизу Йа уәдуду Йа рахиму Йа мурийду
Йа хафизу Йа уәдуду Йа уәдуду Йа Аллаху Йа хафизу
деп дұға оқыңыз да аспанға үшкіріңіз. Құдіретті Жаратушының шапағатымен сапарыңыз қауіпсіз, сәтті болады.
САРЫ АУРУ
Сары ауру бауыр жұмысының бұзылуынан пайда болады. Құран дұғаларымен емдеушілердің бақылауынша, бұл ауруды емдеуде дұғаларды пайдалана отырып ем жүргізу әлдеқайда әсерлі болып табылады.
Жоғарыда келтірілген дұғадан тұмар етіп дайындап, оны науқас адамның мойнына тағып қою керек.
САРЫШАЯН МЕН ЖЫЛАННЫҢ УЫНАН ЕМДЕЛУ
Егер адамды улы жәндік шағып алса немесе қандай да бір дәрі ағзаны уласа, фарфор тәрелкеге сары сиямен мына сөздерді жазыңыз:
Одан кейін тәрелкені сумен шайып, ауру адамға ішкізіңіз. Бұл шараны науқас толығымен айығып кеткенше жасаған жөн.
САРЫУАЙЫМШЫЛДЫҚ
Адам баласы ана құрсағына тамшы боп енгеннен бастап жер бесігіне кеткенге дейін, Жаратушының тағдырлық сынағында болады. Сондықтан да тіршілікте бақыт сезіміне бөлену де немесе қайғырып жүру де жеке өміріміздің тағдыры. Алайда кейде ауыртпалықтар ұзаққа созылып кеткенде, ол адамды жегідей жеп, ақырында бітпес сары уайымға салып қояды. Сондықтан оның санасын уайымнан тазарту үшін төменде келтірілген дұғалық сөздерін запран мен раушан суынан дайындалған сиямен қағаз бетіне жазыңыз да, оны науқас адамның білегіне тұмар ретінде кигізіңіз.
Бұл дұғаны жазбас бұрын екі рет
Бисмиллахи Алуасъи Жалла Жаллаху
Йа бадиъу алъажаиби БилХайри Йа бадиъу
деп оқыңыз.
Содан соң дұға жазылып болғаннан кейін тағы бір рет оқыңыз. Бұл сөздерді айтқан сайын қағазға үшкіріңіз.
Науқас пен дұғаны жазып жатқан адам Аллаһтың көмегі болады деген іштей таза сезімге бөленген жөн.
СӘТСІЗДІКТЕР МЕН БАҚЫТСЫЗДЫҚТАР
Құтпа намазынан кейін төмендегі дұға сөздерін (Құран, 2, 112, 78, 3-сүре, 1-3-аяттары) 101 рет оқып қайталаңыз. Қолыңызға үшкіріп, үш рет бетіңізді сипаңыз.
Бисмиллахир рахманир рахим
Йа уәдуду Йә уәдуду Йа уәдуду
Аллаху ли иллаха илла ху уәл хайюл Қайюм
Лә иллаха илла Анта Субханака Инни Кунту
Миназзалимин
Кул Ху Уәллаху Әһад
Юхиббунахум Кахубиилахи Уәллазина Аману Ашадду
Хуббан Лиллахи
Жағдайдың күрделі-жеңілдігіне қарай емді 21, 40 немесе 90 күн бойы жүргізу керек.
СЕМІЗДІК ПЕН ІШТІҢ КЕБУІНЕН ЕМДЕУ
Үлкен қағазға мына сызбаны жазыңыз:
١٢ ١٢ ١٢ ١٢
١٢ ١٢ ١٢ ١٢
١٢ ١٢ ١٢ ١٢
١٢ ١٢ ١٢ ١٢
Осы қағазбен науқас адамның ішін ұйықтар алдында бір рет, таңертең ұйқыдан тұрғасын сағат тіліне қарсы бағытта 5-10 минуттай сипаңыз. Іштің көлеміне назар аударып отырыңыз. Науқастың іші алғашқы күннен бастап-ақ кішірейе бастайды. Іш өзінің қалыпты көлеміне түскенше емді жүргізе беріңіз. Егер қағаз ем кезінде жыртылып қалса, оны өртеп жіберіп, орынына жаңасын жазу керек.
СИҚЫРЛЫҚҚА, ДУАҒА ҚАРСЫ ТҰРУ
Бүгінде сырқат адамдар арасында жеке бастарының, отбасыларының, кейде жақындарының да жолдары болмай жабылуда, әртүрлі ауруларға душар болудамыз, бір кері елес күштері әсері сезіледі, бизнесіміз тоқтады, дүние-мал мүлкімізден де себепсіз айырылудамыз, отбасы тыныштығы кетті, жанұялар себепсіз ажырасуда, мен оны жақсы көремін т.б. себеп-сылтауларды айтушылар саны көбеюде. Мұның себеп-салдарын нақты таба алмайтын сауатсыз емшілер олардың жағдайын одан әрі күрделендіруде. Осыған байланысты ауыр жағдайдан шығуда Құран сүрелері мен аяттарының зор көмегі тимек. Көп жағдайларда сиқыр және дуа дегендерді жай сөз, адамның бос қиялы деп көңіл бөлмегенімізбен, кейде ол шынайы көрініс тауып жатады. Қасиетті Құранда сиқыр мен дуаның барлығына шек келтірілмейді, тек оның өзіне тән белгілерін танып, шынымен сиқыр немесе дуа жасалғандығына көз жеткізу керек. Егер осы істің маманы қандай да бір адамды сиқырлап, дуаланған деп табатын болса, онда оған мынадай шара қолдану қажет.
Дуаланған адам таңертең күн шықпай тұрып, Бамдат намазын оқып болғаннан кейін, Қасиетті Құранның 113 - Фәләқ сүресін оқып бұлақты немесе кішігірім өзенді кешіп өтуі керек.
Бисмиллахир рахманир рахим
Қул ә”узу би раббил фәләқи мин шарри ма халақа, уә мин
шарри ғасиқин изә уақаба, уә мин шаррин нәффәсәти фил
“уқади, уә мин шарри хасидин изә хасад.
Арықты, бұлақты немесе өзенді кешіп өткеннен кейін науқас адам жүзін шығысқа беріп, жүрелеп отырсын да оң қолының сұқ саусағымен жерге
(Хаман – Харут – Марут) деп жазып, қайта өшірсін. Бұны күн шыққанға дейін жасау керек. Егер жақын маңда арық, бұлақ немесе өзен жоқ болса, теңізге, ол болмаса, қаланың шетіндегі бұлаққа барсын. Судағы өзінің бейнесіне қарап, жоғарыда айтқандай жазып, сосын өшірсін. Егер бір рет жүргізген осындай шара жеткіліксіз болса, оны 3 рет қайталауға болады.
СИЫРДЫҢ СҮТІНІҢ АЗАЮЫ
НЕМЕСЕ СУАЛУЫ
Ағаштың таза кесіндісін алып, оған мынадай мәтінді жазыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим
Мин Самаратин Резкан
Содан кейін әлгі ағашты тесіп, тесіктен жіп өткізіп, ағашты сиырдың мойнына тұмар етіп тағып қойыңыз.