ПІКІРЛЕР, ҚҰТТЫҚТАУ 3 | ||
главная 1 2 3 4 5 6 7 8 9 | ||
АДАЛДЫҚТЫҢ АҚ ЖОЛЫНАН АЙНЫМАҒАН Үмбет ӘБНАЗАРҰЛЫ Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақ радиосының және Желтоқсан көтерілісінің ардагері. Бағазы заманнан бері небір отаршылдар –қазақтың ұлттық мұралары мен дәстүрлік өнер мұраларында тарих бетінен алып тастағанына тарихымыз куә.. Сол бір тар жол, тайғақ кешудің сеңін тазартып, қазақ халқын қиын өткелдерден алып шыққан жанартаудай атылған жастардың Желтоқсандағы (1986) екпіні елдігіміздің намыс туын жоғары көтеріп, биіктен желбіретті. Бұл еліміздің тәуелсіздікке жетудің алғашқы қадамы екені айдан анық. Бұдан әрі тар заманда құрып кетудің аз – ақ алдында қалған әдет – ғұрып, салт – сананы, сондай – ақ медицинаның ежелгі өзегі болатын халық емшілігінде дамыту кезек күттірмес міндеттер еді. Рас, осының ішіндегі адам денсаулығын жақсартуға арналған көне киелі тектік қасиет халық емшілігін дамытуда оның алғашқы қауымдастығын құруға үйымдастыру комитетінде құрған сол кезде-ақ атағы естіле және таныла бастаған халық емшісі Зиядан Қожалымов болатын. Зиядан халық емшілігі деген қастерлі әрі өзіне етене жақын мамандықтың тереңіне бойұрудың алғашқы шарты қазақ халқының шипагерлік тарихы мен оның гуманитарлық ғылымдары бойынша ғылыми негізін ашу деп білді. Міне, ақыры осындай жан – жақтылықпен талмай атқарылған жұмыс емшілер қауымдастығының құрылып, шаңырақ көтеруіне қол жеткізді. Бұған 1991 жылдың 22 желтоқсан айы Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылған куні болып тарихта жазылып қалуы еш талассыз дәләл бола алады. Онда сонымен бірге қауымдастықтың Жарғысы мен Ережесі қабылданды. Бұдан былай әр облыста қауымдастықтың филиалдары құрыла бастады. Сол бір мезетте қауыдастықтың президентін, оны ұйымдастырып құру жолында зор еңбек сіңірген білгір де, білікті маман, бірнеше елдегі халық емшілері қауымдастығының толық мүшесі, халықаралық дәрежедегі парапсихолог Зиядан Қожалымов бірауыздан сайланды. Бүгінде осы мақсаттық іс жоспарларын Зиядан қажы толық орындап шықты деуге болады. Ол ең әуелі осы саланың дана даңғылы – жетісу өлкесінің абызы, көптеген елдің ғалымдары мойындаған дала ойшылы, ғұлама ғалым, талайды тамсандырған озық шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабыл ұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» кітабінаен өлшеусіз тағылым алды. Көп жылғы зерттеу жұмысы да оң нәтижесін берді. Ол осы өзіне етене емшілік жолды таңдағанда халқымыздың ілгеріден қалыптасқан шипагерлік құпиясын бойына терең сіңіріп, киелі тектік қасиетті темірқазықтай бағыт – бағдар етіп ұстанды. Зиядан Қожалымов көкірегінен ұшып, қанат қаққан бұл пайыммен орта жолда тақырып тоқтап қалған жоқ. Ол он ойланып, жүз толғанып, мынадай ойдың бағы мен бақшасына су жүгіртті. Қарап тұрса, қаншама адам ауру сырқаулы күйде жүр, оның бержағында тәуелсіз елдің түпқазығы саналатын жас өскендер ше? Олардың арасында да дімкәстер көп. Ал қалың көпшілікке танымал емшілер көлге тамған тамшыдай ғана. Сонда не істеу керек? Осылай ойлауды мұң екен, бұған ілесе қаптаған сауалдар легі бірінен соң бірі жамырап кеп берсін. Көп сұраққа тарыдай тамшылаған жауаптың ешқайсысы шақ келер емес. Ақыры көп сауалға түйін болар бір сарабдал жолдың сұлбасы айқындалғандай боолды. «Ел іші, ақылдың кеніші» демекші, халық арасында көрген көз, сезімтал саусақ арқылы небір сырқат түрін жазбай танитын емшілер баршылық еді. Бұрын « бәлен жерден мынадай емші балгер, бақсы, тамыршы бар» екен десе біреулер « әй, соны қойшы, оныкі бір далбаса бірдеңеге ұқсайды, менің бір танысым солардың біреуіне барған екен, қанеки, ешқандай пайла жоқ, айлап жатып емделген сырқат әлі күнге дейін жадап – жүдеп көтеріле алмай жүр» деп жалғыз мысалмен барлық емшілерді ештеңеге жаратпай жусатып салады. Әрине,т мұндай теріс түсінік, жалған жала, парықсыз пиғылдың өрісі тар еді. Зиядан бұлардың бопса сөзінің бірін де құлаққа ілген жоқ. Желдей ескен өсектің лаулаған өртін өшіру үшін білек сыбына әрекетке көшті ол. Еңалдымен ғылыми негізде көп ізденіп, оң нәтижеге жеткен, көп оқып, терең түсінген ғалымдармен көп кеңесті. Солармен бірлесіп, халық емшілігінің ғылыми жақтарын зерттеді. Жер жердегі діни сауаттылығы жоғары, жаратушысы еткен көріпкелдік, тамыр ұстау, биоқуат өрісін, уқалау әдісін білетін, қысқасы халықты ем – дом саласында мол білімі мен тәжірибесі бар шынайы біліктілерді ерінбей іздеп тауып топтастырды. Еңбегі еш кеткен жоқ. Кең байтақ республикамыздың түкпір түкпірінен жиналған ерікті емшілер адамдарға шапағатын тигізіп, Алла алдындағы парызын адал атқаруға ант берді. Осынау игі де шарапаты өлшеусіз істі жүзеге асыруға халық емшілігінің жанашырлары үлкен жүректі әріптестері де атсалысты, әрине. Өйтпейінше ауқымы кең игілікке жету бірді – екілі адаммен тіпті мүмкін болмас та еді ғой. Сөйтіп, ол ұшқыннан жалын лаулап, өз мамандығына құлай берілген білгірлерден халықтық медицинаның үлкен армиясы жасақтады. Алайда, бір айта кетер жай, қай заманда да дамудың сара жолына кедергі келтіруге әрекеттеніп бағатындар, сыңар езуленіп, прогрестік іске кеселін тигізу үшін небір айла шарғы қолдануға тырысатындар болған. Олар халыққа еш пайдасы жоқ ұсақ- түйекпен айналысып, ілгері басатын қадамға тұсау салуды ұнатады. Сөйтсек мұның астарында ел игілігі жолында шарқ ұрып жүргендерді көре алмаушылық арам пиғыл жатады екен. Бұл керенау кертартпалардың тағы бір жымысқы әрекеті – ел арасына іріткі салу. Олардың әңгімесінің басы әдетте « ойбай оны қайтесіңдер емделіп, бекер ауруға ауру жамап аласыңдар, онан да тып – тыныш жүргендерің тиімді» деуден басталады. Біздікі заңды, Қожалымовтің қызметі мен ұйымы да заңсыз деді. Бүгінде «заңдымын» дегендер өзін-өзі аттарын түп тамырымен тарихтан құртып бітсе, ал Қожалымов құрған қауымдастық пен оның жақсылығы мен жетістігі жағын интернет арқылы өз елімізбен қатар шет елдерде біле бастады.. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді». Міне, халық мақалынан көрініп тұрғандай, ел арасында ауа жайылған дені дұрыс емес қаңқу сөз бен теріс пікір қалыптастырғандар көбейді. Осынынң салдырынан халық емшілерінің басын қосу, сөйтіп бір қоғамға біріқтіру қайта – қайта кедергілерге тіреле берді. Тағы да талмай іздену басталды. Халыққа кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу үшін газет – журналдардың көмегіне сүйенді Зиядан. Талай – талай мақалалар жазып, баспасөз беттеріне беріп отырды ол. Әсіресе оның және халық медицинасын жақсы меңгерген білікті мамандардың әртүрлі жанрдағы еңбектері «Егемен Қазақстан» , «Жас Алаш», «Алматы ақшамы», «Жетісу» және басқа да мерзімдік басылымдарда үзбей жарық көрді. Бұл жолда авторларға көмектесіп қолдаған журналистер Нұрмамбет Қизат ұлының, Әнуар Тарақтың, марқұм Бақыт Досымовтің, марқұм Сихымбаев Қуаныштың және Толымбек Әбдірәйімұлының т.б. есімдерін құрметпен атауға болады. Осыларға қоса арқа сүйер ақылшы арна – Қазақ оадиосы мен телевизиясы болды. - Шынында да Қазақ радиосы мен телевизиясы миллиондар трибунасы екеніне айқын көз жеткіздік сол кезде,- дейді З. Қожалымов бір әңгімесінде. Емшілердің және жалпы радио таңдаушылардың таным, сеніміне әсер етіп, ойларына қозғау салды. Шапағатты шараға бар ынта – жігерімен қауымдастық қызметіне ұйытқы болған радио – теле журналистер Төлеу қажы, Әшірхан қажы Телғозы, Үмбет Әбназарұлы, Бақыт Досымов (марқұм), ажар Әбекқызы, Ұлбосын Айтөленова, Несіпкүл Шәметова, ҚұдайбергенҚазбеков(марқұм) халық алғысына ие болғандар. Көп болып көтерген жүк жеңіл. Талай жыл бойы шығармашылық жолында көз майларын тауысқан баспасөз және телерадио журналистері қауымның қаумалауымен біз денсаулық, шипагерлік жөнінде «Халық емі – халқымның құдіреті», «Дертке дауа – жанға шипа», XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы қосқан т.б. толып жатқан әртүрлі циклдар өзегімен әрқилы жанрда жүздеген әңгіме – сұқбаттары З. Қожалымовтің тікелей қатысуымен жарық көрді және әуе толқынына таралды. Жылдар жылжып өте берді. Қауымдастықтың қабырғасы қатайып, буыны әбден беки бастады. Олай дейтініміз кешегі бала бүркіт 23 жыл көлемінде қыранның алысты болжағыш өткір көзіндей жанарымен дүбірлі дүниені шолып, халық игілігіне қалтқысыз қызмет етудің үрдісін көрсетуге үлкен бетбұрыс жасады. «Жігітке жеті өнер де аз» деген мақал ұлағаттықпен айтылған ба дерсін. Халық денсаулығын қорғау қамында жарғақ құлағы жастыққа тимей тер төккен алып кеменің бас тізгіншісі Зиядан Қожалымовтың өрісті өнері осы қорытындының пернесін дөп басқандай. Оған домбыра құлағында ойнау шеберлігі бұйырмаған. Ал Зияданның бойында халық медицинасының тылысым құпиялары туралы ғылыми танымдық және тәрбиелік еңбекткр жазумен қатар ән айту, өлең жазу, сазгерлік өнерлері қатар өрілген. Оның сыртында суырып салма және айтыскер ақындығы тағы бар. Осындай көңіл төрінен орын алатын сан қырлы қасиеттер басқалардан гөрі тез байқағыш журналистер назарынан тыс қалып көрген бе, тәйірі. Бірде біз жолымыз болып, белгілі термеші, айтыстың да дәмін аз татпаған өрен жүйрік ақын Аяз Бетбайевпен кездесудің сәті түсіп, бас қоса қалғанымыз бар. Қос ақын көптен бері көріспей сағынысып қалған ба сыралғы әдеттерімен қалжың сөзбен кішкене шымшыласып алды да артынша домбыраның бұрауына жармасты. Бұрау күйін тез келтірген Аяз қос ішекті жебей сауып, алдымен түйдек, түйдек терменің тиегін ағыта келе, қыза – қыза соңғы жағын айтысқа қарай бұрды. Шіркін, домбыраның белбеу қаққан үні – ай десеңші?! Құлаққа жағымды дауыс, адамның табиғатын баурап алған сөз саптауларымен қосылып бойды шымырлатады – ай келіп. Аяз егемендіктің елге жайлы жағын біраз қамтып, әңгіме ауаның денсаулық сақтаудағы ауыл ахуалына қарай бұрды. Өз кезегінде екпіні қатты ақынның сыр суыртпақтаған әніне тосылып қалмаған Зиядан да кең арналы өзендей ағыла жөнелді. Берген жауаптары орнықты, сабырлы қалыппен орайлы істің жай – күйін рет – ретімен баяндап жатты. Екеуі де сөз шеберліктерінің деңгейлес, ой түйсіктерінің қатарлас екенін паш етіп, нағыз баптарында екенін көрсетті. Қатарласа шапқан өнерлілердің бізді рақатқа батырғаны сонша, тіпті өзге дүниені ұмытқандаймыз, және қанша уақыт өткенін байқамай да қалыппыз... Мен сонау өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары басында Алматы қалалық радиосында қызметте болғанда алғаш танысқан Зияданмен ара қатнасымыз Казақ радиосында жалғасын тапқанды. Содан бері ширек ғасырға жуық уақыт болыпты. Бүгінде Зиядан Қожалымов танымал мәдениеттанушы ғалым, журналист, академик және ірі танымал басшыға айналғанына өзіміз куәміз. Сөзімді қорыта келе, тобықтай түйін ретінде сығымдай келтірсек, әңгімеміздің бір тұсында айтып өткеніміздей, қауымдастыққа зиян келтіруге тырысқан қаскүнемдердің бейшаралығы еш кешірілмес күнә. Өйткені олардың көздеген мақсаты біреу, ол мансап қуып, билік төбесіне көтерілу. Мұндайларды Ұлы Абый айтқандай « Бас басына би болған өңкей қиқым» демеске амалымыз жоқ. Иә, «Ит үреді, керуен көшеді» демейме, халқымыз. Олар қанша улап шулағанымен әділ дүниені уақыт өз орнына қойды. Ал Зиядан Қожалымов басқарған қауымдастық өзінің тарлан шабысынан таймай, ғылымның қия жолында алға жүйткіп келеді. Закеңнің алдағы жетпіс жылдық мерей тойы құтты болсын, Жаратушым қуат берсін демекпіз. Алматы қаласы.
Ө.ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫНЫҢ ЗАҢ ҒЫЛЫМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫН ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ Әбіш ӘДІЛБЕКОВ заңгер «Халық емшілігі – халықтың қанымен аралас, атадан балаға берілетін тектік қасиет. Өтейбойдақ баба емшілік өнерін өз халқының ортасынан жинады. Сондықтан да болар бабаға туып-өскен халқы ұстаз болды. Бабаның еңбегінде қасиетті Құран аяттарының құпиясы сияқты, «Шипагерлік баянның» да өзіндік құпиясы, кілті, шешімі, әр атаудың жеке белгілі талғамдық түрі, тіпті алғашқы атауда «Шипагерлік құлып» деп, ал кейін «Шипагерлік баян» аталуы Өтейбойдақ сынды ғұлама бабаның өзінің осы кітабын жазуда, дін, медицина, астрология, философия, т.б. ғылымдарды пайдалана отырып, Құран сүрелерінің қасиетіне бас иіп, мойындауы дәлел болмақ. «Шипагерлік баян» еңбегін Өтейбойдақ баба өзін сынаған ақылды хан Әз Жәнібектің жарлығымен ұрпағының тұқым тазалығына үлкен мән беріп, жеті атаға толған соң қыз алысуды, сүйісудің әр түрлі (беттен, ауыздан,т.б.) әдісіне тыйым салуды, отбасыны бұзатын жат қылықтарға қатал шара қолдануды, қоршаған орта мен өз мекенін таза ұстамағандарды жазалау секілді т.б. имандылық пен әдептілік шарттарына байланысты жарлық шығартады. Бұл алғашқы Ұлыстың қазақ мемлекетінің тұңғыш Жеті жарғысының негізгі екенін енді біліп отырмыз. Оның негізгі авторы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы екенін тарихшыларымыз енді мойындап отыр, ал «Жеті жарғы» Тәуке хан кезінде (1713ж.) қабылданды, оның негізгі авторы Мүсірәлі кожа деген жасанды тұжырымды енді екі жарым ғасыр алға жылжытсақ, қазақ тарихы биіктемесе аласармасы хақ»- дейді өзінің «Киелі шаңырақ» атты еңбегінде Өтейбойдақтанушы ғалым, шипагер З.Қожалымов. «Жеті жарғы» яғни, дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдар жинағы қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан толық қамтуына байланысты оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келген тарихи құжат. Осы тарихи құжаттың негізін салушылардың бірі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы екенін З.Қожалымовтың еңбектері арқылы біліп отырмыз. З.Қожалымовқа да емшілік қасиет Өтейбойдақ бабасы сияқты тектік жолмен дарыған, әрі бір топырақтан жаралуы да кездейсоқтық емес шығар. Жаратушы Иеміздің қолдауымен әрі өзінің қажыр-қайратымен, ұлтқа тән қайсар мінезімен, табанды еңбегімен бүгінгі биік дәрежеге жетті. Дүние жүзіне танымал Ұлт азаматы болды. Халық медицинасындағы еңбектерінің құндылығы мен ерекшеліктері жайлы бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Бұл саладағы ол кісінің халқына сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Ал, сонау тарихтың қойнауында қалған XV ғасырдағы «Шипагерлік баянды» халқымызға танытуда атқарған жұмыстары баға жетпес құндылық. Зерттеуші ғалымның еңбектерінде адамгершілік, рухани сауықтыру, мәдениеттілік пен имандылық және діни танымдық көзқарастар тек қана ұлттық философиялық және психологиялық таныммен өзінің оқырманының ризалығына бөленуде. Ғалым шипагер З.Қожалымов қазақ ғылымына тыңнан жол салды, халық медицинасының біздің дәуірімізге дейінгі және бүгінге дейінгі тарихының өркендеуіне ғылыми негізде үлесін қосқан тұңғыш қазақ ғалымы. Көріпкелдік, болжампаздық, телепатиялық, жұлдызнамалық т.б. тылсым күштердің құпиясын осы заманғы ғылым әлі анықтай алмай жатқанда, парапсихолог ғалым бұл саланың анықтамаларын ғылыми негізде жеке монографиялық еңбектерімен қазақ энциклопедиясына шығарды. Бұл жөнінде З.Қожалымовтың «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты еңбегіне (А.2009) филология ғылым-дарының докторы, профессор Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов өз пікірінде: «... бұл еңбекті Зядан жайдан-жай жазбаған. Осындай ғылыми еңбекті жазуда автор ғарыштық байланыстық жүйені де және осы заманғы ғылыми жүйенің талдамаларын да пайдаланып, өзінің ғылыми тұжырымдамаларын ұлттық философиялық талдауда нақты түсіндіре білген. Қысқасы, З.Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азияда алғаш жазылған әл-Фарабидің «Медициналық трактатынан» кейінгі екінші еңбек, ал қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағанымыз жөн» - деуі, шипагер ғалымның еңбегінің құндылығы екідүние арасындағы байланыспен жазылғандығын анықтай түседі. Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығын» құрып және оны ширек ғасырға жуық басқарып, қарсы күштердің қарсылығына қарамастан қиын кезеңдерден оның қызметін мәңгілік халық медицинасының тарихына қалдыру бұл ғалым, профессор З.Қожалымовтың еңбектері арқылы ғылыми негізде дәлелденуі халықтық шипагерліктің гүлденуі де. Өзінің көптеген атақтарымен қатар адамның тәні мен жанына рухани сауықтыру күштерін сыйлайтын жақсы ән-толғауларымен оқырманға танымал ақын-сазгер екендігін оған Алланың берген сыйы демеске лажың жоқ. Көп салалы ғылымдардың халық шипагерлігі арасындағы байланысын зерттеуші ғалым шипагер,академик Зядан қажы ағамызға алдағы 70 жылдық торқалы тойына өзімнің шын жүректен шыққан адал тілегімді білдіре отырып қазақтың шипагерлік ғылымына әлі талай жаңалықтарды қоса беріңіз демекпін. Алла деніңізге саулық берсін. Қапшағай қаласы. БАТА Кожахметова ЖАНАР Халық емшісі Ғажап: түсімдегіні өңімде көрген күн болды бүгін. Биылғы наурыз айында көрген бұл түсіме кірген кісі сыртынан қарағанда өз әжеме ұқсаған еді. Түсімде бейтаныс бір үйде отырмын, қаумалаған бес-алты адам аруақтармен тілдескенім туралы менің түсімді талқылап әлек. Шындықты білетін бәрінің ортасында отырған мен ғана, алайда оларға керегі – дәлелің. Ала көздерімен атқан олардың айтқаныма иланбағаны, сөзімді желге ұшырғаны қатты құлазытты. Мұндай боларын білмеген басым бір сөзіме сенбеген жұрттың көзін жеткізуге, әрине, дәрменсіз. Бір азамат маған айғайлап: “Өлген адамдардың тірілуі және аруақтарға айналып, жер басып жүргендерге көрінуі, оның үстіне бірдеңе сыйлауы мүмкін емес өтірік”, – деді. Осы бір күдікшіл адамды иландыруымнан түк те шықпады: қан-сөлсіз қасарысып отырып алды. Және де ол жалғыз болмай шықты: жанындағы әйелдер жақтаушыларына айналды. Тым болмаса біреуі сеніп, бас изесе ғой, жоқ, бәрі де жақ ашпады. Мен болсам Алланың бәрін де көріп тұратындығын және бір ғажайыптың ғайыптан пайда болатынын білетіндіктен, шыға жөнелмедім. Кенет бәріміз отырған бөлмеге көктен түсе қалғандай өз әжеме ұқсаған бір әжейдің ғайыптан пайда болғанына қарап, қаттым да қалдым. Отырғандар да таң-тамаша болып, үндерін өшірді де, жұмбақ тұлғасы жарқ ете қалған оған қабақ қадады. Әжей болса еденде тым-тырыс жатты, содан соң қолын баяу қимылдатып, бата берердей екі алақанын көкке көтерді. Үні зілді шықты: “Бәрің де үндеріңді өшіріңдер! Енді мен айтамын. Неге бәрің Жанарға жабылып жатырсыңдар? Неге оған нанбайсыңдар? Аруақ туралы айтқанын ойдан шығарудың қисыны жоқ қой!” Жан-жақтан анталағандардан арашалап қалған оған риза болдым: “Жарайсың!” Кенет біреу құлағыма сыбырлап: “Бұл әжей мына дүниеде ұзақ жасайды”, – деді. Мені анталағандардың ауыздарына құм құйылғандай, өйткені, нені айта алады?! Әжей мені өзіне шақырған соң жанына жақындап едім, ол күлімсіреді. Әсіресе, оның көзі есімнен кетпейді: мейірлене ұшқын шашып тұр екен. Еріксізден әжем есіме түсті: мына әжей туған әжемнен аумайды! Япырай, мұндай да ұқсастық бола береді екен-ау! Ол кішкене көтерілді де, екі қолын қосып, көкке көтерген қалпы маған былай деді: “Жанар, бұл жерге адамдардың көздерін ашу үшін келіп тұрмын. Олардың алдында кім тұрғанын көрсін енді! Мен сенің әрбір сөзіңе сенемін! Сенің бата беретін адамды іздеп жүргеніңді үй ішіндегі сөзіңнен естіп қалдым. Ендеше біліп қой: саған бата беретін адам – менмін!” Осы бір әжейді жіберген Алланың ұлылығын және құдіреті күштілігін сол сәтте ұғындым. Содан кейін ол маған батасын берді. Оның құтқарушым әрі қорғаушым болғанына, ең бастысы – көптен күткен, жүрегіме дейін жеткен бата алғаныма шексіз қуанғанымды айтсаңызшы! Оянғаннан кейін мен мынаны анық білдім: маған сырттан қарағанда әжеме ұқсас әжей бата беруге тиіс. Мен ол әжейді қалайда табуға және көрген түсімді айтуға тиіспін. Сол түс көргеннен кейін бірнеше күндер өткенде мен тағы да әлгі әжейді түсімде көрдім... Түсімде терезеге қарап тұрмын. Дәл қарсымыздағы тоғыз қабатты үйдің төртінші подъезінің алдындағы орындықта отырған адамды көргенімде өз көзіме өзім сенбедім. Түсімде маған бата берген әжей. Осыдан кейін өзімнің әжем келді де, төртінші подъезді нұсқады. Сондықтан енді күмәнім қалған жоқ: түсімде көрген кейуана осы, онымен міндетті түрде жолығамын. Осы түсімнен кейін кейуананың қайда тұратындығын әбден біліп алған мен оны көп ұзамай көремін және түсімді айтып беремін деп жүрдім. Күндер өтіп жатты, бірақ ол көшеде төбесін көрсетпей қойғандықтан, мен өзім іздеп баруға бекіндім. Бір өкініштісі – пәтерінің нөмірін білмеймін, оның үстіне түсімді тыңдағаннан кейін айтқаныма нана ма әлде жындыға балай ма деп қобалжыдым. Қашан көрем деп әжептәуір қиналдым. Бірінші мамыр болатын. Анам екеуміз дүкеннен шығып, үйге қарай келе жатсақ, әлгі әжей алдымызда кетіп барады. Сонда қуанғаным-ай! Мамырлай басып бара жатқан оны оп-оңай қуып жетіп, амандастық, мерекемен құттықтадық. Әрине, таныстық: аты-жөні Қалима Нұрмолдина екен, жуырда ғана тоқсанға толыпты. Көршілес үйде тұрғанына төрт жыл болыпты, оған дейін “Жанар” дүкені орналасқан үйде балаларымен тұрыпты. “Менің де есімім – Жанар” деп жатырмын. Жолшыбай көрген түсімді тәптіштеп айтып бердім және ұзақ жасайтынын білдірдім. Ал бата туралы айтқаныма ол сәл-пәл таңырқады да, есік алдындағы орындыққа жайғасқаннан кейін бата беруге келісімін берді. Мұның бәрі мен күтпеген көрініс еді. Міне, біз төртінші есіктің тұсына тоқтап, ағаш орындыққа отырдық. Әжей тамаша әңгімешіл адам екен және бір ғажабы – жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, мінез-құлқы өз әжемнен аумайтынына қайран қалдым. Түсімде көрген Қалима әжей өңімде де өзгермепті, бәрінен бұрын ол көрген түсіме сенетінін айтты. Сөйтіп, қолын жайып, маған батасын берді. Бұдан артық ештеңенің де керегі жоқ еді! Біз оған алғысымызды айттық, “Тиіп тұрған саябақта серуендейтін болайық” деген ниетімізді білдірдік. Өз әжем сияқты көзіме оттай басылған Қалима әжей: “ Алла жазса, көрген түстерің орындалатын болсын!” деген тілегін білдірді. Мен де Қалима әжейдің ғұмыры ұзақ, денсаулығы мықты, көрер қуанышы көп болғанын тілеймін. Бата алғаннан кейін қайта туғандай болғанымды, көңілімде көктем орнағанын, “Мен бақыттымын және басқаларға да бақыт тілеймін!”– деп жар салғым келгенін тіпті де жасырғым келмейді... Петропавл қаласы.
АКАДЕМИК ЗЯДАН ҚАЖЫ ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ "ӨМІРІМНІҢ ТАҒДЫРЫ" АТТЫ КІТАБЫНАН АЛҒАН ӘСЕРІМ Серік ЗЕКЕЙҰЛЫ Қытай м. ғ. жоғары дәрежелі дәрігері, аға зерттеуші, академик Бұл кітабын ағамыз: Емшілікке ширек ғасыр өмірімді арнадым. Адалдықты сақтадым, бағытымнан таймадым. Тәңірімнің тағдырының сынағанда келемін. Сеземін, ауыр жүкті көтермесін басқаның, - деп бастағанындай, осы «Қазақстан Республикалық халық емшілер қауымдастығына» жүрек қанын сарқа жұмсап, талай сындардан өтіп, сан қиыншылықтарды жеңіп, ауыртпалықтарды көтеріп, қайсарлықпен қажымай еңбек етіп келе жатқаны менмұндалап тұрады. Иә, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары, тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болған болса, «ҚР Емшілер қауымдастығын»құруда сондай оңайға соқпағанын кітапты оқыған сайын терең түсінеміз. Зядан ағамызбен Түймекүл тәтеміз екеуі 1991 – жылдың күз айларында Мәскеудегі емшілер мектебінде білім алып оқып жүрген кездерінде, Зядан ағамыз өз елінің, өз ұлтының «Халық емшілер қауымдастығын» құру бекіміне келеді. Содан бастап тәтеміз екеуі талай емдік сеанстарды сәтті өткізіп, сандаған жұдырықсыз соғыс майдандарын бастан өткеріп өз білімдерінің, қазақ елі рухының қолдауында, халықаралық конгрестерге шеберлік емдік сеанысы бойынша қазақ ұлтының атынан тұңғыш рет шығып шебер емдік өнерлерін әйгілеп табысқа жетіп, өздерін ғана емес бүкіл қазақ елін, қазақ емшілігін әлемге пәж етеді. Осылайша, сан мәрте сайыстармен емдік сеанстардың арқасында жолыққан қат-қабат қиыншылықтарды жеңіп, кедергілерді аластай отырып, жаңа шаңырақ көтеріп жатқан тәуелсіз қазақ елінің, емшілері мен ғалымдары және халық емінің жанашырлары қолдап қуаттауында 1991 – жылғы 22-желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Халық емшілер қауымдастығы» ресми құрылады. «ҚР халық емшілер қауымдастығы» құрыла сала бірден сара жолға түсті дегендік емес, қиын-қыстау жолдармен Зядан ағаның көтерер ауыр жүгінің басталуы еді. Содан бастап өзінің білімін жан-жақтылы шыңдап, онан сайын жетілдіре түскен Зядан ағамыз қат-қабат қиыншылықтарды жеңіп, жолыққан кедергілерді бірден аластай отырып, тәуелсіз қазақ елінің қолдап қуаттауында, аға буын ғалым – дәрігерлердің қолдап-демеуінде, қалың дәрігерлер мен емшілер Зядан ағаның жетекшілігінде бір ниетте жалықпай еңбек етуінің арқасында «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» жоқтан барлыққа келді. Одан сайын есейіп ержетті, бүкіл елге, бүкіл дүние жүзіне танылды. 2011-2013 жылғы қауымдастықтың қызметінің көрсеткіші бойынша Халықаралық рейтинг комитетінің нақты мәліметтері шешімімен «Қазақстан халық емшілер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Сала көшбасшы-2013» атағына ие болып, арнайы алтынмен қапталған «Сала көшбасшысы» қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы -2013» ұлттық сертификатымен марапатталуы біз үшін мақтаныш әрі қуаныш. Осы нәтижеге жетуде көшбасшымыз З. Қожалымов ағаның білімді ұйымдастыруымен емшілер қауымын адалдыққа баулуының нәтижесі деуге болады. Зядан ағамыз: «Емшілік өнері - біреулердің тірі тауары емес, ол таңдаулы ізденімпаз халықтың рухани байлығы. Емшілік намысын қолдан бермейтін арлының ісі, тектіліктің табандылығы, Алланың аманаты»,- деген қағиданы бекем ұстаған. Қайсы елдің қазіргі заман медицинасы болсын, олардың барлығының ата-бабасы халықтық медицина, халық емшілігі деп айтуымызға әбден болады. Шығыстың әйгілі ғалым емшісі Әбу Әли Ибн Сина десек, шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1483) шығыстың «екінші» Ибн Синасы деп аталуына Өтейбойдақтанушы ғалым З. Қожалымовтың «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» (Алматы. «Шалкөде», 2009) атты ғылыми монографиялық еңбегі нәтижесінде ғалымдар өз бағасын берді. Ұлы Шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын, әлемдік деңгейге жеткізіп, оның «Шипагерлік Баян» (алғаш 1994 – жылы Қытайдағы Шинжиан Ғылым-техника-денсаулық баспасынан жарық көрген) атты ұлы еңбегін жете зерттеп оны халықаралық деңгейде үгіттеу, бүкіл дүниеге таныту Зядан ағамыздың төл еңбегі деп айтуымызға әбден болады. Қара үзген ұлы шипагер бабамызға арнап, Зядан ағамыз «Шипагер баба» атты ән шығарды, әннің сөзінде музыкасында өзі жазды, сонымен қатар, арнаулы түрде «Шипагер баба» атты сахналық драммалық сөзін театр жазып бұл театрды сан мәрте сахналарда орындатып, шипагер бабамызды бүкіл елге және дүние жүзіне танытты. «Ел үмітін ер ақтар, ер есімін ел сақтар» деген міне осы. Емшілер жүгін арқалап, ел үмітін ақтап келе жатқан, нағыз ғалым ардагер ағаларымыздың бірі осы Зядан қажы ағамыз десек артық айтқандық болмайды. Зядан аға «Қазақстан халық емшілер қауымдастығын» өзі құрып, өзі жетекшілік еткелі, өзінің әділ турашылдығымен, ақ – көңіл адалдығымен, жанашыр – бауырмашылығымен келе жатыр. Осының арқасында бұл қауымдастық талайлаған дәрігер-емшілерге арқа-тірек, баспана болып келеді. Өзімде солардың бірімін. Еліміздің-Халқымыздың Тәуелсіздігінің арқасында, ата-жұртқа оралдық. Қытайда жоғары дәрежелі дәрігер болып жұмыс істегеніммен, бұл жерге келе-сала, осы жаққа үйлесіп, жұмыс жасап кету маған оңайға түспеді. Бұл тұста бір жағынан бауырым Жасан Зекейұлы ашқан «Жас-Ай» шығыс медицинасы орталығында жұмыс істей жүріп, Жәкеңнің таныстыруымен Зядан ағаға келіп сәлем беріп мән-жәйымызды айттық. Ол кісі бізді ыстық ықылсапен қызу қарсы алды, мені қауымдастыққа қабылдады әрі «Қазақстан халық емшілер қауымдастығының» жаңа тарихымен таныстырып жетекшілік жасады, маған үлкен демеу, қолдау көрсетті. Осылайша өз еліме, өз халқыма өте жақсы қызмет істей бастадым. Сондықтан «Қазақстан халық емшілер қауымдастығына» және оның президенті Қожалымов Зядан ағаға үлкен алғысымды айтамын. Осы жетістіктердің барлығын жинақтай айтсақ еліміздің, тәуелсіздігінің, ел ағаларының дұрыс бастамасының арқасы деп толықтай айтуымызға болады. «Елдігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз мәңгілік, тәуелсіздік тұғыры биік болсын. Ел ағаларының дұрыс-дана бастамасынан айырмасын» -деп үнемі тілек тілеп отырамын. Зядан ағамыз өз қолымен құрған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» ұзақ ғұмырлы болсын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғассын, шипагер бабалар рухы риза болсын, әлемдегі көшбасылық орны тіптіде бекемдей түссін, алған асуларынан алар асулары көп болсын, шыққан биіктерінен шығар биіктері көп болсын, болашағы нұрлы – жарқын, істері мәңгілік болсын деп тілеймін! Алла Тағала ізгі армандарының биігіне жеткізсін! Алдағы мерейтойы құтты болсын! Қаскелең қаласы
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |