ПІКІРЛЕР, ҚҰТТЫҚТАУ 6 | ||
главная 1 2 3 4 5 6 7 8 9 | ||
БЛАГОСЛОВЕНИЕ Кожахметова ЖАНАР Народный целитель 1 мая 2012 года случилось чудо, мой сон сбылся. Этот сон я видела в марте этого года, мне приснилась бабушка – казашка, внешне похожая на мою покойную бабушку Маруар. Во сне я находилась в незнакомом мне доме, там сидело человек пять – шесть, и все они обсуждали мои сны, в которых я общаюсь с аруахами. Я сидела среди этих людей и лишь одна знала правду, однако остальным людям нужны были доказательства. Мне было очень обидно, потому что мне никто не верил, все мои слова для них были пустым звуком, уж очень они были негативно настроены против меня. Я не могла и предположить, что окажусь в такой ситуации, как я могла им всё доказать, она не верили ни одному моему слову. Один мужчина даже начал кричать на меня, и сказал, что все мои слова – это ложь и обман, такого быть не может, чтобы люди после смерти оживали и превращались в аруахов, которые могли спокойно приходить во сне живым и ещё что – то дарить?! Все мои попытки убедить этого несносного скептика были бессмысленными, казалось у него не было ни сердца, ни души. Он не один так говорил, к нему присоединилось несколько женщин, которые поддерживали этого скептика. Хотя бы один из присутствующих поверил бы мне, но все упорно молчали. Но я решила не сдаваться и идти до конца, я знала, что Аллах всё видит и обязательно свершится чудо. И оно свершилось! А случилось вот что, в центре комнаты, где сидели все собравшиеся, неожиданно появилась бабушка, похожая на мою покойную бабушку, о которой я писала выше, как же все удивились и сразу замолчали, разговоры утихли, всё внимание людей было устремлено на появившуюся, загадочным образом, бабушку. Она лежала на полу и не двигалась, потом ее руки медленно пришли в движение и она протянула обе руки высоко к небу, так когда читают бата. И вдруг бабушка заговорила: «Вы все замолчите! Теперь я буду говорить. Почему вы все напали на Жанар, почему не верите ей? Неужели Вы думаете, что она всё придумала про аруахов? Зачем ей врать? Тем более про уже давно умерших людей, аруахов?» Я стояла и радовалась, эта бабушка спасла меня от злых нападок этих людей, молодец! Вдруг мне словно кто – то шепнул в ухо и сказал, что эта бабушка будет ещё долго жить на этом свете. Что же случилось со всеми присутствующими, их словно подменили, они молчали, да и что они могли сказать!? Потом бабушка позвала меня к себе и я подошла к ней, она улыбнулась мне и мне особенно запомнились ее глаза, они искрились таким теплом, что я невольно вспомнила свою бабушку, как же они были похожи, всё было схожим, бывает же такое! Бабушка немного приподнялась, затем сложила руки вместе, подняла их и говорит мне: «Жанар, я появилась здесь по одной причине, открыть глаза этим людям. Пусть они теперь знают, кто перед ними стоит, я верю каждому твоему слову! Я слышала твой разговор с домашними, ты ищешь человека, который должен тебе дать бата. Так вот знай, тот человек, который должен тебе дать бата – это я!» В тот момент я поняла, как велик и всемогущ Аллах, пославший мне эту бабушку! Далее бабушка произнесла мне бата, я так была рада ей за всё, она явилась моим спасителем, защитником, а самое главное она дала мне бата – благословение, которого я так долго ждала и теперь получила. Проснувшись я теперь знала о том, кто мне должен дать бата, это должна быть бабушка, внешне похожая на мою бабушку. Я непременно найду эту бабушку и расскажу ей про сой сон. После сна прошло несколько дней и вот я снова вижу во сне эту бабушку. Во сне я смотрела в окно, напротив нашего дома располагался девятиэтажный дом, и я не поверила тому, что увидела, возле четвертого подъезда на лавочке сидела та же самая бабушка, которая дала мне бата во сне. Потом появилась моя бабушка и указала мне на четвертый подъезд, и теперь у меня не было никаких сомнений насчет этой бабушки, которую я видела во сне, это она, и я обязательно встречусь с ней. После сна я теперь четко знала где живет эта бабушка, и в каком подъезде, совсем скоро я увижу ее и расскажу свой сон. Прошло несколько дней, однако бабушка не появлялась на улице, я намеревалась пойти к ней домой, но не знала номер ее квартиры, и ещё боялась ее реакции, вдруг рассказав свой сон, она мне не поверит или подумает, что я сумасшедшая?! Я очень переживала, когда же я ее увижу? Было первое мая, мы с мамой выходили из магазина и шли домой, и вдруг впереди нас идет эта бабушка из моего сна, как же я обрадовалась тогда, она медленно шла домой, мы быстро догнали ее, поздравили с праздником и познакомились. Бабушку зовут Калима Нурмолдина, совсем недавно ей исполнилось девяносто лет. Выяснилось, что она вот уже четыре года как живет по соседству с нами, а до этого она с детьми жила в доме где находится магазин «Жанар». Какое совпадение меня тоже зовут Жанар?! Я по пути рассказала ей свой сон и о том, что она будет долго жить, а когда я сказала про бата, то бабушка немного удивилась и сразу дала свое согласие, что даст мне бата, после того как мы проводим ее до подъезда и сядем на лавочку. Честно сказать, я не ожидала такого хода событий, всё происходило как во сне. Ну вот мы уже подошли к четвертому подъезду и садимся на лавочку. Бабушка оказалась очень интересным собеседником, и все ее манеры, жесты, характер в точности напоминали мне мою бабушку, вы не поверите, но это так. Бабушка Калима была такой же как во сне, она сразу мне поверила, что я говорю правду про сон, и безо всяких сомнений сказала, что даст мне бата. Наконец, бабушка Калима сложив руки вместе и подняв их наверх произносит мне обещанное бата – благословение. Свершилось чудо, мы поблагодарили бабушку, надеясь, что ещё увидимся с ней, сходим вместе в парк, прогуляемся. Нам с мамой очень понравилась бабушка Калима, мы в восторге от нее, я очень ее полюбила. Напоследок бабушка Калима пожелала мне исполнения всех моих снов, даст Аллах и они все сбудутся. Я же желаю бабушке Калиме прожить ещё много – много лет, крепкого здоровья, удачи во всём, радости, всем ее близким желаю только всего самого хорошего! Признаюсь, что после бабушкиного бата – я словно заново родилась, в моей душе наступила весна, мне хочется крикнуть на весь мир – я счастлива и желаю другим такого счастья! г. Петропавловск.
АҚИҚАТТЫ АР САНАЙТЫН ҒАЛЫМ Убайдулла қажы Елеместегі рухани шипагер Бұл күнде адам санасының мықты жетістігі ғылым мен техниканы бірдей қамти отырып, тылсым құдырет күшінде мойындады. Тіпті, оны зерттеудің өзі құр әурешілікке саятынына көздері жетті. Әрбір, жұмбақ немесе ертегі сияқты көріністер, өмір шындығына айнала бастады. Бүгінде әрбір, жазылмайды деген дерттің өзі кей-кезде шипа тауып жатады. Оның қандай құдыретінің барын әркім әр саққа жориды. Біреулер дәрігерлердің біліктілігінен десе, екіншілері емшінің қасиеті күшті екен деп жатады. Жалпы, соның барлығы Алланың қалауымен болды десек, Ислам ауру дертіне байланысты не айтады? Шариғат заңдылықтары сырқат жандар үшін, қандай жауапкершілік жүгін адамға жүктеген. Осы бір сауалға жауап іздеп көрсек, Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Кәріліктен басқаның бәрінің емі бар», деп ауырған адамдарға емделудің жолын іздеуді айтса, халық даналығында «Ауырып, ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», деп аурудың алдын алуға шақырады. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде «Қарынды үшке бөліңдер, бір бөлігін тамаққа, екінші бөлігін суға, үшінші бөлігін ауаға қалдырыңдар»- деген. Демек, осы бір құрылымның алмасуының бұзылуының нәтижесінде, немесе тағдырдың жазуымен адамдар ауырады. Негізінде адамдардың емшілерге сену және сенбеуі олардың тікелей өздеріне байланысты. Әр нәрсенің себеп салдары болады. Аурудың да өзіндік құпия себебі болады. Сондықтан, «Алланың шипасынан басқа шипа жоқ». Емделуші де емшіге зор сеніммен келіп, өзінің Алла Тағаладан тілегін іштей тілеп келгенде ғана, ем қонымды болады. Мұхаммед(с.ғ.с.) пайғамбар бір хадис шарифінде былай деген екен. Мұса (ғ.с.) айтыпты: «Я, Раббым, ауруды жаратқан кім, ауруды сауықтыратын кім?»-депті. Алла айтыпты: «Ол екеуін де жаратқан менмін». Мұса (ғ.с.): «Ол халде тәуіптік, дәрігерлік те не мұқтаждық бар?» депті. Алла Тағала «Ол шипа үшін жаратқандарымның себептерін біледі, және құлдарыма береді. «Менде оларға бұл жолдан ырыздық, сауап беремін»,- деп бұйырды. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Әй, Алланың құлдары, емделіңдер, емделулерің керек. Алланың жаратқан әр аурулары үшін міндетті бір шипа немесе дауа жаратты. Бірақ та дертте бір ғажайып, ол да бір ықтиярлықтан» Ауру болған адам әлемдердің Раббысы Алла Тағала жәлжәләлуху хазіреттерінің және оның елшісі болған Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) әміріне ұйымақ, сөздеріне иланбақ. Бірақ, сол аурулардың емделіп сауығуы үшін де, құдыреті күшті Алла емшілік кәсіпті нәсіп етіп, шипагерлік ілімін өзінің сүйген пендесіне бұйыртты. Оқытты, үйретті және оны дамытты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде «Емшінің қолының шипалы болуы- Алланың шапағатынан» деген. Демек, емші тек, әрекетпен амал жасаушы, және емдеуші. Ал, қабыл болуымен, шипа беруі бір Алладан болатын анық дүние. Әрбір жасалатын емінің шариғатқа лайықты болуы да шарт. Біріншіден, емші, емді Алланың атын айтып бастауы керек. Екіншіден, сәуегейлік, болжампаздық, бақсы-балгерлік, жын шақыру әрекеттерін жасауға рұқсат жоқ. Мұндай әрекеттерге тыйым салынған. Ал, табиғи білімділікпен, шөп дәрілермен басқа да ғылыми қолданыстағы емдік тәсілдермен емдеуге рұқсат етіледі. Осындай, Алланың бұйрығымен, емшіліктің қыр-сырын толық меңгерген, әрі, том-том кітап жазған мәдениеттанушы ғалым, Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының президенті, халықтық медицинаның профессоры, Академик Зядан қажы ағамызбен, он жылдан аса уақыттан бері қызметтес болып келемін. Ағамыздың «Мәңгілік құпия шежіресі», «Орындалған аманат» тағы басқа да көптеген кітаптарын оқып танысып шыққанмын. Онда, халықтық емшіліктің тамырын тереңге тартқызып, сонау ХУ ғасырдың ұлы шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан бастау алатын халық шипагерлігінің ғылыми негізін қалады. Ширек ғасырға жуық тарихы бар Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының жеткен жетістіктері мен тылсым құпия сырлары туралы еңбектерін жазды. Қай кезде де ізденіс үстінде жүріп, талмай еңбек етіп Алланың ризалығына бөленуде. Ерен еңбегінің ғылыми тұжырымдамасы негізінде халықтық медицина жоғары да айтып өткеніміздей Ислам шариғатына қайшы келмейтін емшілік ғылым. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде «Ғылым дамыса, дінде дамиды», деген де осындай жолдарға нұсқау береді. Сондай-ақ, халықтық емшілік қазақтың әдет-ғұрпы, салт- дәстүріне негізделген ырымдардың құрамына кірмейді. Оны Зядан қажы ағамыз жиырма жылдан аса ізденісіндегі ғылыми мақалаларымен түсіндіріп жазып келеді. Ақиқатында кереғер пікірлердің барлығына ақиқатты ар санаған ғалым ағамыз, дүркін-дүркін отты ғылымға негізделген мақалаларымен тосқауыл қойды. Осын-ау, ширек ғасырға жуық еңбегі бұл күнде халықтық өшпес мұраға айналды. Алматы облысы, Жетісу ауылы.
ШИПАГЕР ӨТЕЙБОЙДАҚТЫҢ ЕҢБЕГІ МЕН ҚАЗАҚ ЕМШІЛІГІН ҒЫЛЫМҒА ҚОСҚАН ҒАЛЫМ Баймолла ЗУРИХАН Халықаралық дәрежелі дәрігер-емші Мен өткен ғасырдың аяғында көрші Қытай елінен өз Отаныма оралдым. Мамандығым дәрігер болса да, алғаш маған жағдайды білу мен жұмысқа орналасу өте қиын болды. Бұл заңды да еді. Осындай ауыр жағдайда мені құшақ жайып, жағдайымды түсініп өз мамандығым бойынша қызметімді жалғастыруға көмек еткен Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, өтейбойдақтанушы ғалым, академик Зядан қажы Қожалымов болатын. Бүгінде, мен қазақ елі мен басқа елдерге де таныла бастадым. Осының бәрі қауымдастықтың қызметіндегі адалдықпен оның басшысының жеке адамгершілігі нәтижесі еді. Абай атамыз айтқандай: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегінде болсын көз», - деген данышпандық сөзінің ойлаймын осы қауымдастық пен оның басшыларының бойында барындай сезім береді маған. Біздің қауымдастықтың басшысы Зядан қажы сонау XV ғасырда өмір сүрген шипагер ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік Баян» атты медициналық-энциклопедиялық еңбегін зерттеп, «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» (А.2008) ғылыми-мнографиялық еңбегі арқылы ғұламаның еңбегін ғана зерттеп қалмастан, оның бейнесін дәл көз алдымызға көрсете білген сахналық көріністің сценарийін жазып сахнада көрсетіп және «Шипагер баба» атты әнің музыкасымен бейне көрініс беруі, бұдан бұрын баба еңбегін зерттеген қытай елінің ғалымдарының арманы еді. Бұл арманды ғалым-зерттеуші, Өтейбойдақтанушы З. Қожалымов мырза таза орындап шыққанына көрермендер мен ғалымдар және емшілер қауымы қуанышқа бөлендік және авторға риза болдық. Жыл сайын Зядан қажының бағдарламалық басшылығында қауымдастықтың ұйымдастыруымен Халықаралық конгрестер, форумдар және конференциялар өткізіліп тұрады. Мұның өте пайдалылығы сол емшілер мәдениеті көтеріледі, білімдері жақсарады, адамгрешіліктері мен имандылығы артады және бір-бірімен таныстық пен туысқандық бірлігі өсетіндігіне өзіміз куә болдық. Өзіміз өздігімізбен бара алмайтын қазақ елінің Астана, Шымкент, Түркістан, Тараз, Алматы т.б. қалаларда өткізілген жиналыстарда мәртебебіміздің көтерілгендігін, көкірегіміздің қуанышқа толғандығын, ел мен жерді білдік және туысқандық қатынасымыз өсіп келеді. Егер қауымдастықтың бүгінде құрылғанына 23 жыл толып отырса, соның 17-18 жылы қарсыластардың қақтығысына душар болғандығын, көреалмастардың қауымдастықты жапқызуға дейін барғандығын оның тарихынан оқып білдік. Қазақ халқының емшілік жүйесі медициналық оқулықтарына солақай саясат заманында аты еңбегені анық. «Халықтық емшілік жүйесі» мына тәуелсіздік кезінде тек қана зерттеуші ғалым З. Қожалымовтың еңбегінің нәтижесінде ғылыми айналымға енді. Ғалым, академик З. Қожалымовтың саны жиырма кітап болатын еңбектерінде б.з.д. және осы заманға дейінгі емшілік жүйесінің құлдырау және өсіп өркендеу қадамдары толық енгізіліп зерттелген. Ғалым, профессордың еңбектерінде халық емшілігінің жүйесімен қатар ғарыштық, табиғаттық, Қасиетті Құранмен жеке адамдардың тылсым күші құпиялары қамтылған және ұлттық, тәрбиелік пен имандылықтың негіздері психологиялық әрі философиялық танымда зерттеліп жазылған. Шиапгер ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ», - деген ізгі арманының орындалуына, оның еңбегінің бүкіл әлемге танылуына және «екінші Ибн Сина» аталуына тікелей Өтейбойдақтанушы, шипагер-ғалым, профессор, академик Зядан қажы Қожалымовтың тікелей зерттеуінің нәтижесі екендігін емшілер қауымы ғана емес, ғылым саласының ғалымдары да оң бағасын бергендігіне қуанамыз және ғалымның жаңа еңбектерінің ғылым саласына қосыла беруіне, торқалы тойы мерекесі қарсаңында тілектестігімізді білдіреміз. Алматы облысы.
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті Зядан қажы Қожалымов мырза АСҚАРЛЫ 70-тің АСУЫНДА! Аса қадірменді Зядан қажы! Сізді, "Қазақстан халық емшілері қауымдастығы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төралқасы атынан жетпіс жасқа толған мерекелі мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Сіз, Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Хантәңірі шыңының баурайындағы Текес ауылында 1944 жылдың 1 шілдесінде дүниеге келдіңіз. Алғашқы мамандығыңыз Инженер-электрик ретінде ауданның электржүйелендіру саласында ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтер атқардыңыз. Бұл күнде Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» ретінде, ғұмырлы еңбек жолыңызда "Қазақстан Даңқы" ордені мен "Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін" медалымен марапатталдыңыз. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Алғыс хатына" ие болдыңыз (2005). Қазақстан Журналистер және Психологтар одағының толық мүшесісіз (1996). Сондай-ақ, философ-психолог, мәдениеттанушы-ғалым, Өтейбойдақтанушы. Дінтанушы. Шежіреші. Ақын-сазгер деген атақтарға қол жеткіздіңіз. 2003 жылы қажылық сапарда болып Алла жолында парызыңызды өтедіңіз. Ширек ғасырға жуық "Қазақстан халық емшілері қауымдастығының" президенті, Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті (2006), Халық медицинасы және Ғарыштыққуат Академиясының президенті-академигі, "Шипагерлік баян" газетінің Бас редакторы – Ақылдастар алқасының төрағасы т.б. қоғамдық жұмыстарды абыроймен атқарып келесіз. Сіз халық медицинасы саласының профессоры және Халықаралық Ресей халық медицинасы Академияларының академигісіз. Сіздің қызметіңіздің жетістігін Халықаралық рейтинг комитеті жоғары бағалап Қазақстан халық емшілері қауымдастығына "Ұлттық сертификаты" мен арнайы "Алтын медалымен" марапаттады. Сіз қоғам қайраткерісіз, Сіздің жүйрік қаламыңыздан жазылған 23 танымдық ғылыми кітаптар мен әңгіме, өлең, пьеса сынды шығармалар бүгінде оқырмандар мен зерттеушілердің іздеп жүріп оқитын құралына айналды. Бүгінде, 30-дан аса сөзі мен сазын жазған әндеріңіз және жыр-толғауларыңыз өнерсүйер қауымның сүйіп тыңдайтын сазына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 42-ден аса мерзімді басылымдарға, 10-нан аса журналға шыққан 420-дан аса мақалаларыңызды оқырман қауым өте жоғары бағалауда. Халық шипагерлігі саласындағы ғылыми жұмысыңыз өз нәтижесін бере отырып, тарихы жазылмаған халық шипагерлігін ғылыми айналымға енгізіп ғана қоймай, б.д. д. және XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының медициналық "Шипагерлік баян" еңбегін ғылыми негізде зерттеп баспадан шығарған "Шипагерлік дәстүрі және философиясы" атты ғылыми монографиянызды ғалымдар өте жоғары бағалап, шипагер Өтейбойдақ бабаға "екінші ибн Сина" деген атақ берді. Сіз, қажымайтын әрі шаршауды білмейтін еңбекқор адамсыз. Оннан аса Халықаралық конгрестер мен форумдар, конференциялар өткізіп, емшілердің мәдениетін, сауаттылығын, ынтымағын, имандылығын өсіруде үлкен еңбек сіңіріп келесіз. Бүгінде, Қауымдастықтың мүшелері мен емшілері Сізді адал басшы, ғалым, журналист және ақын-сазгер екндігіңізді мақтан етеді әрі сыйлайды. Халықаралық халық емшілігі саласының бірнеше қауымдастықтарының толық мүшесі, Халықаралық парапсихолог, Әлем емшісі, "III мыңжылдықтың үздік емшісі" сияқты атақтарыңыз тағы бар. Шетелдерде өткен Халықаралық форумдарға қатысып, қазақтың халық емшілігі жөніндегі жасаған баяндамаларыңыз өз кезегінде оң бағасын алған. Сіз, тарихи шындықты жырлауда: Емшілікке ширек ғасыр өмірімді арнадым, Адалдықты сақтадым, бағытымнан таймадым. Тәңірімнің тағдырының сынағында келемін, Сеземін, ауыр жүкті көтермесін басқаның, – деген жыр жолдарыңыз бүгінде өмір шындығына айналды. Тағы бір жыр жолдарында: Күндемегін ей досым, күндемегін, Күндесең де іштен тың үндемегін. Іште сақта сырыңды аша берме, Жүрген жоқсың қасымда күнде менің - деп жырлап қарсыласыңызға, көреалмастарға қарамадыңыз. Ақыры өз арманыңызға жеттіңіз. Сіздің, бұл еңбегіңіз өшкенді жандырып, өлгенді қайта тірілтіп халықтық шипагерліктің мәңгілік алтын қазығын қалпына келтірді. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілеп, алдағы 70 жылдық мерейтойыңыз құтты болсын демекпіз! Құрметпен Төралқа мүшелері: Құрбанқожа Сансызбай Сәрсенбай Жанболат Құмаров Қабылкәрім Әділбеков Әбдіберік Бесембаев Құмарбек Васильев Андрей Әлімжанов Серік
МӘДЕНИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ З.Қожалымовтың «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» монографиялық еңбегінде (А. Шалкөде, 2009) зерттеу халықтық шипагерлік мәдениетін және Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (Шипагерлік баянын) бірлестіре зерттеп отырған алғашқы философиялық зерттеу жұмысына жатады. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емдеу мәдениетіндегі энциклопедист-ғалым, шығыс медицинасының ғылыми-ұлттық жүйесін қалыптастырушының бірегейі. Тұлғаны шығыс медицинасы мен емшілік дәстүріндегі «екінші Ибн Сина» деуге тұрарлық... Зерттеу тақырыбының түйінді мәселелері өзіндік танымдық-әдістемелік шешуін тапқан. Зерттеуші мақсат міндеттері бойынша өз ойларын тиянақты жинақтай отырып және жүйелі жеткізген деуге болады. Бұл зерттеудің ізденісі философиялық ой жүйесі бойынша қарастырылғандықтан, еңбекті лайықты іргелі жұмыс деп есептеймін. Ғылыми жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының профессоры Молдабеков Ж.Ж.
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегінде қазақ мәдениетінің шығыстық мәдениет арнасындағы бастапқы тарихы өзіндік индентификация іздеген қазіргі таңдағы қазақтарға түп тамырға жол көрсеткендей. Зерттеу Ө.Тілеуқабылұлының жарық көрген еңбегі негізінде оның жалаң шипагерлік шығармашылық емес, дүниетанымдық, мәденитанымдық, адамгершілік, имандылықтың мәдени бастауын анықтайтын жан-жақты шығарма екендігін дәлелдеу тұрғысынан жазылған. Сайып келгенде, ешкімнің бұл жұмыстың шипагерлік саласындағы философиялық-мәдениеттанымдық алғашқы жұмыс екендігіне күмән келтіруге болмайды. Жалпы зерттеу жұмысының сұлбасы белгіленіп тұр, сондықтан да бұл еңбек ғылымдағы өз орнын табады деп білемін. Философия ғылымдарының докторы, Қаз ҰУ профессоры Құлсариева А.Т.
«Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегінде зерттеуші Қожалымов Зядан зерттеу міндеттері етіп емдіктің халықтық сипаты мен түрлерін ашып, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шығыс шипагерлік дәстүрдің ғылыми негізін қалаушылардың бірегейі екендігін, оның емдік әдіс амалдарының арқауын айғақтауды, емдік мәдениеттің танымдық-тәрбиелік маңызын, адам биоөрісі қуаттарын ашып беруді, рухани, медициналық, музыкалық ем, денсаулықты тазарту мәдениетін жақсартудың жолын дәйектеуді және «Халықтық шипагерлік» сияқты шипалық дәстүрін және мәдени және тарихи формаларын жан-жақты талдаған. Бұл зерттеу тақырыбы бұрын зерттелмеген, кең ашылып, толық бір арнаға түспеген тың тақырыптардың қатарына жататынын ескерсек, зерттеушінің алдына көтерген тақырыпты мәдени-философиялық тұрғыдан жан-жақты саралап, ғылыми негіздерінің көздерін аша отырып толықтыра түседі. Зерттеуші алдына қойған мақсатына толық қанды жетеді деген ойдамын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, философия ғылымдарының докторы Г.Ә.Сәрсенбекова Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегінде өте күрделі, әрі ғылыми атауы мен танымдық дәрежесіне толық баға берілмеген халықтық шипагерлік дәстүрдің проблемалары туралы тың философиялық талғамдық ойлар айтылып, тұжырымдар жасалынып, жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізген. Бұл зерттеуде ұлттық шипагерлік мәдениетінің ерекшеліктері зерделеніп оның көршілес шығыс пен Орта Азия елдерінің шипагерлік дәстүрімен сабақтастығы, үйлесімдігі туралы ұлттық философиялық танымдық ой желісімен баяндап тұжырым жасаған. Зерттеуші З.Қожалымов б.д.д. және XV ғ. Ө.Тілеуқабылұлының еңбегін және бүгінге дейінгі халықтық шипагерліктің тарихын ғылыми негізде зерттеп және толық көрсете білген. Бұл еңбек ғылыми зерттеу талаптарына сай орындалған және пайдалануға ұсынуға толық болады деп есептеймін. Философия ғылымдарының доқторы, ҚазҰУ философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының профессоры Б.И.Абирова
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегі бұл бабамыз туралы жазылған тұңғыш кітап. Зядан омбылап жол салды. Мен ойлап қарасам, шын мәнінде біздің Өтейбойдақ бабамыз "Қазақтың ибн Синасы". Бұл ғылыми еңбекті жазуда Зядан ғарыштық байланыстық жүйені және осы заманғы ғылыми жүйенің талдамаларын дұрыс пайдаланып, өзінің ғылыми тұжырымдамаларын ұлттық философиялық талдауда нақ түсіндіре білген. Қысқасы, З. Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азиядағы алғаш жазылған әл-Фарабидің "Медициналық трактатынан" кейінгі екінші еңбек ал, қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағандығымыз жөн. Мен монографиялық еңбектің авторына осындай құнды философиялық талдауына жоғарғы баға беремін. Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Ғаламның жұмбақ сырлары» еңбегінде (А. Шалкөде, 2009) тылсым дүние, дін және ұлттық салтпен байланыстырып ой толғап, сыр шерткен еңбек. З.Қожалымов Өтейбойдақ мұрасын зерттеп, құнды мақалалар жазып, кітаптар шығарып, түрлі ғылыми конференциялар мен конгрестер өткізіп, 20 жылдан бері еңбектеніп келе жатқан Өтейбойдақтанушы, шипагер және ақын жанды тұлға. Кітапта Өтейбойдақ негізін салған қазақ халқының шипагерлік ілімі мен тарихы және оның бүгінгі уақытпен байланысы жан-жақты айтылып, баяндалған құнды еңбек. Жазушы, профессор Ораз Қауғабай
Республикаға белгілі халық медицинасының ірі маманы, зерттеуші ғалым Зядан Қожалымовтың «Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары» (А. Шалкөде, 2011) кітабы – халық медицинасындағы ескерілмей қалған кейбір құнды материалдарды толық көлемде қамтып зерттеп жазылған аса қажетті құнды еңбек. Кітапта биоэнергетика, адамның қуаты, ғарыштық жүйенің ерекшеліктері, әуендік терапия, балдың емдік қасиеттері, ғарыштық жоғары ақыл-ой, балшықтың емдік қасиеті, рухани даналық, зомбиланудың әсері тағы басқа күрделі мәселелер жөнінде нақты анықтама беріліп, зерттеудің негізінде тұжырымдама берген. Әлі де көптеген оқырмандарынын дәріптелетін, халық іздеп жүріп оқитын кітап болатынына сенімім мол. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлы
Зерттеуші ғалым Зядан қажы Қазақ Ұлттық Университетінің ғылыми зерттеушісі ретінде XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» атты еңбегін зерттеу нәтижесінде шипагерлік ілімді дамытып, Шығыс медицинасының құпиясын ашуда көп үлес қосып келеді. Өтейбойдақтанушы ғалым Зяданның «Ғаламның жұмбақ сырлары» атты кітабы негізінде жас халық емшілеріне арналған. Оқулықтар жазу, көрнекті, деректі фильмдер түсіру өмір талабы демекпін. Құндылығы мен қажеттілігі жағынан жаңа тылсым ғылым саласы бойынша жазылған бұл еңбектің маңыздылығын жоғары бағалаймын. А.Яссауи атындағы ХҚТУ, Жаратылыстану факультеті, биология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Жандар Керімбектің Ермаханы
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегі арнайы ҚазҰУ-дың факультеттік ғылыми кеңесінде қаралып бекітілген. Бұл монографиялық еңбекті ҚазҰУ-нің төрт философия ғылымының докторлары електен өткізіп, емшілік философиясына нақты бағаларын берген. Кейбір ғалымдар қазақтың философиясы жоқ деп айтады. Бұл дұрыс емес. Бүгінде еліміздің ғылым саласында ұлттық халық медицинасы жөнінде тұңғыш философиялық танымдағы З.Қожалымовтың бұл монографиялық еңбегінің жазылуы, бүгінге дейін ғылым саласында қаралмаған тың тақырыптың жаңғырып оянуы демекпін. Сол үшін де бұл еңбектің құндылығы жоғары. Кітаптың авторына ғылыми еңбегін жалғастыра беруіне тілектеспіз. А.Яссауи атындағы ХҚТУ, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Құрбанқожа Сансызбай
Зерттеуші ғалым З.Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты еңбегінде тұңғыш рет тәңірдің құдіретінен болып жатқан адамзатқа белгісіз құпиялардың көзін ашып береді. Яғни, Жаратушы күштің бар екенін мойындап, имандылықпен өмір сүру керектігін айтады. Өмірде болы жатқан жасанды әулиелер мен жасанды құдайлар жөнінде де нақты діни тұрғыда тұжырымдама жасалған. Кітап 445 бет көлемде 11 тараудан тұрады. Әр тарауда ғылымға қажетті мәселелер толық қамтылады. Адам, Жер, Ғарыш арасындағы байланыстық жүйемен тылсым сырларына нақты тұжырым жасаған. Автор көз тию, дуалау мен сиқырлау және қуатсорғыштар мен вампирлер және қарғыс жөнінде әлі белгісіз құпияларды толық ашады. Табиғи ем және салауатты өмір салты сияқты адам денсаулығының пайдалы жақтары да бұл еңбекте қамтылған. Сайып келгенде, күнделікті тіршілігіміз бен біліп істеген қиянатымыздың ара жігін ашып берген бұл еңбектің негігі хикаясы – адам баласы соңғы 2000 жыл өзі жасаған заңымен өмір сүріп келетіндігін түсіндіретін қажетті құрал. Сол үшін де бұл еңбек оқырмандарға құнды еңбек деп бағалаймын. Тарих ғылымдарының докторы, этнограф Төтенайдың Базарбегі
Зерттеуші ғалым Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты еңбегі ғасырлар бойы өзінің құндылығын жоғалтқан халық емшілігінің қайтадан гүлденіп, жаңадан тарихын қалыптастыруда алғашқылардың бірегейі болып үлес қосқан, ғалымның еңбегі екендігін мойындаймыз. Мен Республикамызға танымал көрнекті ғалымдардың жақсы пікірлеріне ризашылығымды білдіремін. Өтейбойдақтанушы ғалымның еңбегіне ғылыми көзқараспен оң бағамды беремін. Бұл монографиялық еңбегі өзінің тілінің жаттықтығы, түсініктілігі, ғылыми талдауларының ауқымының дәлдігі мен құндылығы жағынан халық емшілігінің тарихы мен мәдениетін ғылыми негізде философиялық таныммен жазылған тұңғыш еңбектің ғұмырлы болары анық. Медицина қызметінің үздігі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрсын Балғымбекұлы Бекен
Кешегі Кеңес үкіметі кезінде емші, бақсы, молда десе соңына түскен. Бүгін осы адамдардың қоғамдағы орнын алып, бастарын қосып үлкен жиындар жасап отырғаны үлкен жетістік. Адам баласы екі болмыстан тұрады. Біреуі – жан, біреуі – тән. Шындығына келгенде қазіргі медицинаның кемшілік жері бар. Ол тәнді ғана емдейді. Ал, жанды емдей алмайды. Халық емі жан менен тәнге де шипалық қызметін атқарады. Осы емшілердің басын қосып үлкен ұйымға айналдырған Зядан қажы ағамызға үлкен рахмет айтқым келеді. Ұйымдарыңыздың басы ажырамай, әрі ынтымақты, әрі берекелі де иманды адам мен қоғамды сауықтырып жүрген күшсіздер. Сондықтан мен қауымның басшысы Зядан қажы Қожалымовқа жіне оның қауымына жақсылық тілеймін. А.Яссауи атындағы ХҚТУ-і Археология, этнография және дінтану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Зікірія Жандарбек
ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ ЗЯДАНҒА АҚЖОЛ ТІЛЕЙМІН! Өнер десе ішкен асын қоя салатын қазақтың мінезі әу бастан-ақ белгілі. Табиғат солай жаратқан. Әуен-жыр халқымызға Құдайдың бере салған енші, сыйы. Сондықтан да әрбір қазақтың тұла бойы тұнған әуез, сырлы саз десем, менің бұл ойымды ешкім артық айтты дей қоймас. Кейінгі жылдары қатарынан суырылып, алға озғандар тобынан Зядан Қожалымовты да көріп жүрмін. Әуен-жырларының бәрі де көз алдымда туған сияқты, жаныма да, ойыма да жақын. Төл туындылары көптеген газет-журналдарда да жарияланып жүр. Радионың күнделікті хабарларында әуелете шырқайды. Демек, мұның бәрі бекер болмады, өмірден өз жарасымын тапты! Жақсы жыр мен әдемі ән ешқашан да өшпейді, өміршең келеді. Зяданның туындыларында да сондай сипат бар. Олар өзінің сонылығымен, әуенділігімен, мәнділігімен ел арасына ене берері сөзсіз. Әуелгіде ол қарапайым әндерімен ерекшеленсе, бүгіндері термелер мен толғауларға да бақ сынап, бапты дүниелер тудыруда. Әдетте мұндай шығармалар жазу сазгермін деген әркімнің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл күрделірек жанр саналады. Оған бару үшін үлкен ізденіс қажет. Өнердегі жолы күн өткен сайын ашыла түскен сазгер әрі ақын замандасым Зядан Қожалымовқа сәттілік пен ақ жол тілеймін! Құрметпен, Темір ТАЙБЕКОВ - сазгер 22.12.2000 жыл, Алматы.
ӘН ӨЗЕГІ – ИМАНДЫЛЫҚ Жастарға жамандық біткеннен аулақ болу жолын көрсету, ақыл-парасаты мол, көзі ашық зиялылардың еншісі деп білеміз. Сондай кісінің бірі республика жұртшылығына мейлінше танымал азамат Зядан Қожалымұлы. Республикамызда халық емшілерінің ассоциациясы өмірге келіп, халық емшілерінің құрылтайына бірауыздан Зядан Қожалымұлы оның Президенті болып сайланғандығы туралы Республикалық біраз басылымдар жария еткен болатын. Бүгін сол аруақты азаматтың көпшілік сұраулары бойынша әр кезде басылым беттерінде жарияланып жүрген шипалық қасиеті бар «Құдірет» атты өлеңін көпшілікке ұсынуды жөн көрдік. Сариев Ә. "Шымкент келбеті" газеті, № 25 (308) 21.06.1996 ж.
ХАЛЫҚ ЕМШІСІНІҢ ЖҮРЕГІНЕН ТУҒАН ӘН Қазақстан халық емшілері Ассоциациясының президенті Зядан Қожалымовты жұртшылық халық емшілері қауымдастығын тұңғыш ұйымдастырушы әрі осы дәстүрлі саланы одан әрі дамытушы ретінде біледі. Ал, енді Зякеңнің тағы бір қыры туралы әркімнің біле бермесі анық. Ол – бұл қасиетті адамның өнер саласындағы ізденістері. Атап айтар болсақ, ол өлең жазып, ән шығарады. Халық арасында таралған әндері де жоқ емес. Төменде халық емшісінің жаңа әндерінің бірі "Құдіретті" оқырман қауымның назарына ұсынып отырмыз. Қуаныш Сихынбаев "Апта" газеті, Жезқазған, №43 (196) 25.10.1996 ж.
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |