ПІКІРЛЕР, ҚҰТТЫҚТАУ

9
 главная

1  2  3  4  5  6  7  8  9
 


сөйлеймін деген ойымда жоқ еді

 

Құрметті қауым! Шынымды айтсам сөйлеймін деген ойымда жоқ еді. Мұндай конференцияға келіп тұрып, бір сөз айтпай кеткеннің өзі ұят болар. Сондықтан ойымда қандай тілектер барын айтып кетсем деп едім. Осы қауымдастықтың алғаш пайда болып, осындай дәрежеге жетуінің бәріне өзім куә болғам. Шындығында осындай дәрежеге жеткізу, жоқ жерден осы қауымдастықты құру Қазақстандағы барлық емшілердің басын қосып, жұмысын алға қою, құр жұмысын істетіп ғана қоймай, қаншама ғылыми еңбектер жариялау бұл әркімнің қолынан келе беретін шаруа емес. Қауымдастықтың жұмысына беріле кірісіп, осындай жағдайға жеткізіп отырған ініміз Зядан қажы Қожалымов. Қауымдастықтың осындай дәрежеге жетуі Зяданның арқасы деп білемін. Осы жұмысты бастаған кезде алдарыңызда отырған Зәкең жап-жас жігіт еді. Қазір міне әжептеуір жасқа келді. Жүрегі жастығы ғой осы күнге дейін шаршадым демей осы қызметті істеп жүргені. Екіншіден сіздердің де еңбектеріңіз. Өйткені, сайлау өткізіп Зәкеңді бірауыздан президент етіп сайлайсыздар. Соның өзі ешқандай сөзсіз-ақ Зәкеңнің осы жұмысқа лайық екендігінің белгісі. Зядан қажының еңбектері туралы ғылыми конференция өтейін деп отыр. Мұндай конференция менің білуімше Қазақстанның бір жерінде ғана емес жан-жағында өтіп келе жатыр. Оны ұйымдастырып өткізу дегеннің өзі былай қарасаң мәні өте зор-ақ. Жалғыз Алматы мен Астанада өткізсе мұндай дәреже жетерме еді, жетпес пе еді. Әр облыста бірнеше қалада өткізудің мәні өте жоғары. Өйткені, халық емшілері жан-жақта көп. Оның бірі Алматыға келе алса, кейбіреуі келе алмауы мүмкін. Соның себебі болуы керек. Жылда әр облыста жиындар өткізіледі.

Менің өзім медицина ғылымында істегеннен кейін медицина мен халық емшілігі екеуінің арасында жалғастық өте көп дер едім. Адам баласы ауырған сайын аурудан қалай құтылам деп жол іздеген. Ол кезде ешқандай медициналық оқу орындары жоқ, халықтың көпшілігі сауатсыз, бірақ халық арасынан емшілер шыққан. Елдің аузында қалған емшілер, білінбей қалған емшілер, жалған емшілер бар, халық қадірлеп осы күнге дейін ұмытылмай келген емшілер де бар. Соныңда сіздерге айтарым, емшілік қасиеттің осы жолына түскеннен кейін бұл жұмысты өте жақсы атқара білу керек. Медицина мен халық емшілігінің арасында жалғастық өте көп. Медицинада айтатын бір сөз бар. Ол ауруды емдемеу керек, аурудың себебін емдеу керек. Мұның үлкен философиялық маңызы бар. Құр аурудың өзін бас ауырды ма? Мә, мынаны іш, басың жазылады деген ем емес. Біріншіден бас неліктен ауырды, ол адамның психологиялық жағдайы қалай, осыны анықтай отырып ешқандай дәрісіз-ақ сөзбен емдейтін жағдайлар болады. Адамның ауруды жеңетініне сенетін болса, ол дәрі емес су берсе де жазылады.

Медицинаның негізгі заңы сенім. Сенім болу үшін сөз терапиясының маңыздылығы өте зор. Әлемдік медицинаның ғылыми дәлелдемелеріне сүйенсек сырқат жанның дәрігерге және дәріге сенімі арқылы жазылуының сексен пайызы сенімнен болады екен. Ал қалған сырқаттың жиырма пайызына еккен және ішкізген дәрілердің себебі бар сияқты. Жалпы халықтық медицина көбінесе сендіру, тітіркендіру, иландыру, арбау т.б. емдік сипаттардан тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ел тәуелсіздігінен кейінгі қайта оянған халық емшілерінің қызмет түрі де осы сипаттарға ие. Халық емшілігі химиялық құрамды дәрі-дәрмектен аулақ таза сендіру жүйесінің емдік саласына жатады. Бұл саланы дамытуда халық емшілерінің ассоциациясының президенті Зяданның еңбегі ұлан-ғайыр.

Өзімнен жасын кіші болғаннан кейін Зядан, айналайын осындай қауымдастықты бірнеше жылдан бері басқарып келе жатқан Алла саған денсаулық берсін! Денің сау болып, жұмыстарың алға баса берсін, мерекелерің мерекеге жалғаса берсін! Қауымдастыққа конференцияларды жылда үлкен табыспен өткізуге тілектеспін! Алла бәріңізге денсаулық берсін!     

 

Тұрғанбек Құлмаханов

м.ғ.к., доцент,

Алматы  қаласы

 

 

 

Зядан достық сезіміңді құрметтеймін

 

Әлеумет мереке құтты болсын! Зядан достық сезіміңді құрметтеймін ғой. Қазақта бір мәнін жоғалтуға жақындап жүрген «аштықта жеген құйқаңды ұмытпа» деген нақыл сөз бар. Бүгінгі конференцияның баяндамасынан бұрын мен бір затқа көңілім бөлгім келіп отыр. ҚР ғалымдарының жиналуының өзі жетпіске толып, шалқып тасып отырған досымыз, емшілер сіздердің басшыларыңыз Зядан қажыға деген, осы қауымдастыққа деген үлкен мәртебесі емес пе. Кішкене шегініс жасайтын болсақ Кеңес одағының ыдырап, көк байрақтың төбемізде желбіреген кезде кімнің не боларын, енді қайда жүрерімізді, не істерімізді білмей қаңтарылған кезде небір кереметтер шыққан. Осы отырған ғалымдардың өзіңде де сасушылық пайда болған. Қазақстанның ғылымын ілгері апаруға ақша жетпей жатқан кезең еді. Қазіргідей мамыражай кезең емес. Осы кезде әулиелер, емшілер, көріпкелдер, бақсылар т.б. көбейді. Соның бірі, Атырау елінде бір азамат мен әулиемін деп көпірдің үстінде мәдениет орындарын басып алуға ұмтылушылық әрекеттер жасады. Мұныкі дұрыс па, теріс пе ешкім аңғарып жатқан жоқ. Осы кезде не істеу керек? Зяданмен алдында бір рет кездескенмін. Оның шыр-пыр болып жүргенін еститінмін. Сосын телефон шалып Зяданды шақыруға тура келді. "Мен келе жатырмын деп аэропорттан күтіп ал", – деді. Қолда билік бар. Бір шағын ғана домаланған, жас шамасы менен сәл ілгерлеу азамат түсіп келеді. Шынын айтсам, көңілімде күмән мен күдік аралас еді. Апырмай, осының өзі қалай болады екен. «Кімді шақырып әкелдің, қалай тоқтатам», – деген облыстың басшысына не деп айтамын деген ойда тұрғанымда, менің кабинетімдегі телефон шыр етті.

Мен Зядан ағаның батылдық жағын айтпақпын. Әулиенің айналасындағылар маңдайларыңа «мен әулиемін» деп жазып алған еді. театрдың директоры Өтегенов Белдібай деген азамат: "Театрдың терезесін сындырып жатыр мұнда келсеңізші", – деді. Әулие: "Оған сенің шаруаң бітті және қолың шошайтып саған хабар келді сен о дүниеге кетесің", – депті. Зядан келіп Махамбет Өтемісов атындағы театрының алдындағы мыңға жуық халықпен заң қызметкерлерінің алдына Б.Өтегеновқа: «Әй, қорықпа, жиырма жылдың үстінде өмір сүресің, үндеме», – деді. Сол арада бәрі басылды. Осы театрды әулиенің адамдарынан қорғап тұрғанына да бір жеті болған үш жүздей сақшы жасағын Зәкең күзеттен алдырды. Зәкең әулиеге тура қарап: "Сен, Құдай болсаң, мен қашан өлемін айтшы", – деді. Әулие басын салбыратып үнсіз қалды. Алты ай бойы айғай-шу болған, ешқандай күшпен тоқтата алмаған "әулиенің теріс әрекетін" Зәкең 45 минутта басқан еді. Бұл неткен құдірет күшінің әсері екені бүгінге дейін жұмбақ күйінде қалуда. Енді сіздердің, емшілердің құпиясын қайдан білейін. Зяданның ол жердегі құпиясының сырын жария етіп айту маған берілмеген шығар. Содан бері арамызда жылы сәлем, достық көңіл орнай бастады. Келесі күні медицина департаменті бар, мәдениет департаменті бар әкімде жиналыс болды. Сол жиналыс кезіңде жаңағы азамат Зяқа менің дуамды шығарып бер деуге дейін барды. Ал Зяқаның айтқаны келіп сол азамат  Б.Өтегенов 22 жыл өмір сүріп, биыл ғана өмірден өтті.

Достық сезім қалай өркендейді. Адамдардың арасындағы жақындасу, бір-біріне деген түсінушілігі, өзінді артық санамау, мансап қумау. Осының бәрі Зяқаның бойынан табылады. Өйткені, мен емшімін деп кеуде қағып, адамдардың алдында басқаша сөйлегеннен, Зяқаң құсап кішірейген адамдарды сіздерден көріп отырмын. Осы конференцияны ұйымдастыру комитетінің Төрағасы, профессор Ж.Молдабеков мырза қазір қауымдастықта 5000 мыңдай емшілер бар деп жатыр ғой. Бұл республикалық қоғамдық ұйымды үкіметтік емес, коммерциялық емес деп түсінемін. Өйткені, мұндай ұйымды басқарып, қаржыландырып ұстап отыру тек ғана Зяданның маңдайына жазылса керек. Осы жиынға келу жөнінде маған көп ойлануға мүмкіндік болмады. Наурыз айында осында дем алып жатқанымда достық көңілімен Зядан келіп: «Әй, сенің досың жетпіске келіп жатыр ғой, сен соған келуге тиістісің ғой», – дегеннен кейін еш жағыма қарамастан ұшып келдім. Кеше ұшақтың ішінде ұшып келе жатып Зяданды ойлап отырсам өмірге келген уақыты да маңдайы шығып жатпаған уақыт екен ғой. Дені дұрыс адамдар соғыс жүріп жатқан кезде туа ма? Достық әзіл. Міне, осы кезеңде туып жетімдік көрген. Ал бүгін қауымдастықтың Қожалымовтанудың үлкен сабағы өтіп жатыр десек, бұл ғылыми конференцияның тақырыбына сай келеді. Осы сабақ қалай келді кешегі күні Түймегүл болмағанда Зядан кім болар еді. Арпалысқан күндер мен түндерде ауыздының аузында, мүйіздінің тұмсығында кетірмей қауымдастықты ұстау кімнің қолынан келеді. Ол менің досым Зядан қажы Қожалымовтың ғана қолынан келетіндігі бүгінде шындыққа айналды. Зәкеңнің отбасына амандық, деніне саулық, қызметіне табыс тілеймін!

Қадырғали Танкиев

Қызылқоға ауданының құрметті азаматы

Атырау қаласы

 

 

 

ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ХАС ШЕБЕРІ

(Зядан Қожалымовтың еңбегіндегі денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары туралы

Жасан Зекейұлы

Профессор, академик

Халық медицинасының өткенін тарқатып талдап, бүгінін сана таразысына салып таразылып, болашағына тың көзқараспен қараған Зиядан Қожалымовтың қазақ ұлтыныа сіңірген еңбегі орасан. Ел тәуелсіздігін жаңадан алып жатқан аумалы төкпелі кезеңнің өзінде алған мақсатынан қайтпай, кеңестік кезеңдегі кертарпа саясаттың бұғауында болған ұлттық құндылықтарымызды насихаттай түсті. Қалтаның қалыңдығын емес, ұлттың саулығын ойлады. «Тылсым дүниенің құпия емдері» туралы тереңнен зерттеп, тың тақырыпқа тайсалмай қадам басты.

Республикаға белгілі халық медицинасының ірі маманы, емшілер қауымдастығының президенті Зядан Қожалымов «Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары» атты кітабы – халық медицинасындағы ескерілмей қалған кейбір құнды материалдарды толық көлемде зерттеп жазылған аса бір құнды еңбек. Кітапта биоэнергетика, адамның қуаты, ғарыштық жүйенің ерекшеліктері, әуендік терапия, балдың емдік қасиеттері, ғарыштық жоғарғы ақыл-ой, балшықтың емдік қасиеті, рухани даналық, зомбиланудың әсері, т.б. нәрселер жөнінде айтылады. Денсаулықты жақсартуда биоэнергетикалық жүйемен реттеу жолдары адамның психикасы мен денсаулығына кері әсері мен пайдалы жақтары зерттеліп, бүгінгі таңда қолданысқа енгізілді.

Бұл кітаптың «Биоэнергетикалық жүйелер» деп аталатын 1-тарауында биоэнергетикалық жүйелерді реттеу жолдарын айта келіп, биологиялық энергетика арқылы адамдардың денсаулығын қалпына келтіру үрдістерін айтады. Халықтың ерте кездерде жасап келген ем-домын дүниежүзі мойындаған биоэнергетикалық тәсілмен ұштастырылған. Халқымыздың дәстүрлі емінің бір жиегі көрініп тұргандай әсер қалдырады. Биоөріс арқылы әрбір адам өз денсаулығын дұрыстай алатыны жөнінде қазіргі таңда жиі айтылып жүр. Аталмыш кітапта осы энергетиканы қалай пайдалану керектігі жөнінде нақтылы талданған.

Екінші тарау - адамның қуат көздерін ашу жайында. Қуат қалай сарқылады? Осы сұрақ төңірегінде ой қозғап, тұжырымды дәлелдер арқылы жауап береді. Мәселен, адам қуатын сорып алатын вампирлер, олардан қорғану жолдары, тіл-көз тию, дуа, зомбилық сияқты нәрселерге тоқталып, оны қуат көздерін ашу арқылы емдеуге болатынын ғылыми түрғыда баяндаған.

Ал үшінші тарау «Карма» деп аталады, ягни өмір жалғаса ма деген сұраққа жауап іздейді. Әрбір адам пәни жалғандағы, яғни ғұмырындағы әрекеттеріне сай немесе жаза алатыны, адам жаны ешқашан жоқ болмайтыны жөнінде тартымды етіп жазған.

Төртінші бөлімде ғарыштық энергияны дұрыс пайдалану жөнінде. Оның рухани ақыл-ойға, парасатқа беретін әсері, сол жолдардың адамға берілуі, адам өмірінің жалғасуы сияқты ойды пәлсапалық түрғыда толғап өткен. Энергия қорын толықтыру жолдары, жаттығулар да осы тарауда берілген.

Бесінші тарауда әуендік терапия туралы сөз болады. Баяғыда ата-бабаларымыз қыл қобызбен, қара домбыраның үнімен, сырнаймен рухани жақтан емдейтін болған. Тіпті, бесік жырының өзі рухани тәлім-тәрбие. Жүйке жүйесі ауыратындарды қобыздың, сырнайдың үні арқылы емдеп, жетістікке жеткендер де болған. Халықтың ежелгі емдеу тәсілін қазіргі кезде қолданылатын әуенмен емдеу түрлерімен, методикаларымен ұштастырып жазған.

Бұдан өзге балмен емдеу, балшықтың табиғи емі, өзінді тани білу, өмірді тану, сандардың құпиясы сияқты тараулары бар. Халықтық медицинада қолданыста болса да, жинақталмай жүрген бұл емдеу түрлерінің ерекшеліктері көрсетілген. Соған автор көптеген зерттеулер жасаған. Сол зерттеулер негізінде түйіндеме жасап, ғылыми тұжырым берген. Сондықтан да бұл кітап өте құнды. Елбасымыздың «Салауатты өмір салтын» үндейтін бұл еңбек медицина қызметкерлеріне және халық емшілігімен шұғылданатын көптеген емші қауымға табылмайтын құрал, солардың құнды материалы деп білемін. Әлі де көптеген жақтарынан дәріптелетін, халық іздеп жүріп оқитын кітап болатынына сенімім мол.

 

Алматы қаласы

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9

В начало страницы