ПІКІРЛЕР, ҚҰТТЫҚТАУ 5 | ||
главная 1 2 3 4 5 6 7 8 9 | ||
ҒҰЛАМАЛАР ТОҒЫСАДЫ Жанболат Сәрсенбай Журналист Өмір деген өлшеусіз бір дүние екен. Кім қанша ғұмыр кешеді, кім болады, ол жағы белгісіз. Тек, бір белгілісі, ол не істеді, артына қандай із қалдырды, жүріп өткен жолы мәнді ме, мәнсіз бе, деген сауалға жауап іздеу ғана астарлы ақиқатты алдыңызға жайып салады. Бұл жерде айтпағым, осыдан бес ғасыр жыл бұрын өмір сүрген ғұлама ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1485) бабамыздың жүріп өткен жолдарымен, сіңірген еңбектерін, бүгінгі күннің ғалымы, профессор Зядан қажы Қожалымовтың салған іздеріндегі, ізденістерін, жалпы барлық еңбектерін салыстырып көрсек деген ойды ортаға салу еді. Ұлы ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз өзінің «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегін жазып бастағанда сахара қазақ даласының төсінде «күндердің-күнінде әлемді дүр сілкіндіретін, осы бір құнды еңбек дүниеге келді» деп ешкім де бағалаған жоқ. Қайта, ұлы бабамызды «тентек, диуана, дәруішке» теңеп, ойлап шығармайтыны жоқ дегендей қарапайым көптің біріне жатқызды. Бірақ, ұлы қасиетті бойына сіңіріп өскен ғалым, шипагер бабамыз ұрпақ қамын ойлады. Қазақтың қанына сіңген таусылмайтын «қаңқу» сөзіне құлақ салмады. Сөйтіп, өшпес мұра жазып, артына қалдырып кетті. Ал, бүгін де, сол өшпес мұраның соңғы шоғының түтінін қайта түтетіп, отын жағып, лапылдатып, жалынға айналдырған, оны күллі жарты әлемге танытқан ғалым Зядан қажы Қожалымовтың еңбегі бағаланып жатыр ма. Тура сол Өтейбойдақ бабамыздың заманындағыдай, бұл күнде де, тәуелсіздік алған алғашқы жылдар да, «шипагерлік ілімі ғылымда жоқ, олар топтасқан бақсы-балгерлердің шамандардың әрекеті» деп халық емшілеріне үрке қарайтын билік өкілдері дамыған қоғамның сауатсыздығын көрсетті. Тоғыз министрлік жабылып, бір Қожалымовты жазғырды. Қорғансыздың күнін кешкен, оның қандай кінәсі бар еді. Ата-бабамыздан келе жатқан халық шипагерлігін қызғыштай қорғағаны үшін, мықтылардың «тепкісінде» қалды. Бірақ, емшілердің басшысы, қорғанды, қорғалды. Кеш те, болса да халық емшілігін ғылымға қосты. Мен деген ғалымдарды мойындатты. Сондай-ақ, ғұлама Өтейбойдақ бабамыз «Шипагерлік баян» атты еңбегін бес мың беттік қолжазбамен жазса, Зядан қажы ағамызда шипагерлік ғылымына арнаған жиырмаға жуық кітабы және қазақ басылымдарында жарияланған мақалалары бес мың беттің де «о, жақ, бұ жағына» барып қалады. Соның біріне тоқталсақ, «Мәңгілік құпия шежіресі» мен «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты энциклопедиялық, монграфиялық еңбектері үш тілде жарық көріп, жарты әлемге танылған ұлы еңбек болып саналды. Бұл туралы филология ғылымдарының докторы, профессор, Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы: Шын мәнінде біздің Өтейбойдақ бабамыз қазақтың Ибн Синасы. Зядан қажының еңбектері ғылым жолымен мұны толық мойындатады. Қысқасы Зядан қажы Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азияда алғаш жазылған әл-Фарабидің «Медициналық трактатынан» кейінгі екінші еңбек болса, ал, қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағанымыз жөн... Қысқасы З. Қожалымов өз еңбегінде қазақтың халық медицинасының б.д.д. тарихы мен өркендеуіне және ХУ ғасырдағы қазақтың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегіне таза ұлттық философиялық танымдағы зерттеуін ғылымдағы жаңалық ретінде жоғары бағалаймын,- деп баға берсе, философия ғылымдарының докторы, профессор Жақан Молдабеков: «Зядан қажы Қожалымов қазақ хандығының қараүзген шипагері, шығыстың «екінші» Ибн Синасы - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасын насихаттауда өзіндік үлесін қосып келе жатқан жанашыр іздемпаз, ғалым»- деген-ді айтқан. Демек, қазақ ғалымдары алысты болжайды. Кешегі күнде ғұлама Өтейбойдақ бабамызға Әз Жәнібек хан қол астына алып, қамқорлық жасаса, Зядан қажы ағамызға қазақ ғалымдары қолдау көрсетіп, өшпес мұрасын ұрпағына аманат етуге жол ашты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та ғалым ағамызға «Алғыс хатын» тарту етті. Бұл жөнінде Зядан қажы ағамызда «Орындалған аманат» атты монографиялық еңбегінде кеңінен тоқталып өтеді. Бірақ, қалай болғанда да, Өтейбойдақ бабамыз қырғын соғыспен, қуғын-сүргінге толы аласапыран заманда өмір сүрді. Ал, Зядан қажы ағамыздың да әуел баста, шекесі қызған жоқ. Ел аман, жұрт тыныш, бейбіт күн деген аты болмаса, қылышынан қан тамған қызыл империя кезінде, тәуелсіздік алған тұстарға дейінгі қиын кезеңдерді бастан кешірді. Айырмашылығы сол Өтейбойдақ бабамыз ұрпақсыз өтті. Ал, Зядан қажы ағамыз ұл-қыз өсірген абзал әке. Ғылым жолында да талмай ізденіп, еңбек етіп келеді. Шындығын да, екі дүниенің ғұлама ғалым шипагерінің өмірлерін, еңбектерін салыстырудағы мақсатымыз, бірінікін- бірінен оздыру емес, екеуінің де ұлы еңбектерін оқырманға жеткізу болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуындағы ғылым көкжиегінің жетістіктерінде шипагерлік ілімінің бар екенін, оны зерттеген ғұлама ғалымдардың ерен еңбектерінің бағалану барысы назардан тыс қалмаса екен, деген уәж ғана айтамыз. ...Иә, ғұламалар тоғысады. Ғылымда да, өмірлерінің ұқсастығы да, артына қалдырған іздері де. Тарих беттерінде қалдырған есімдері де. Ұрпақ үшін жасаған еңбектері де. Ең негізгі тоғысатын жері қазақ халқының шипагерлік ілімінің болашағын ойлағаны. Алматы қаласы.
ӨМІР ЖОЛЫ - ӨНЕГЕ Төребеков Бақтыбай ОҚО аймақтық филиалы директоры Адам өмір сүрген қоғамында басы бос ешқандай жауапкершіліксіз жүруі, қоғамды апатқа ұшыратады. Себебі ондай кісі үшін, жақсылық, жамандық жасау маңызды болмай қалады. Мұның соңы түрлі пәлекеттерге алып баратыны хақ.Ақын Абай атамыз мына өлең жолдарында; «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын» деп текке айтпаған ғой. Бір хадисте; «Ғалымның өлгені, ғаламның өлгені» деген. Аспандағы жұлдыздар қараңғыдағы жолаушыларға жол көрсеткендей, ғалымдар адамзат баласына жер бетіндегі тұра жолын көрсетеді. Ғылым мен ғалымның маңыздылығы мен құндылығын жеткізе алатын бұдан артық сөз болмаса керек Қазақ халқы өзінің Егеменділігіне қол жеткізген күннен бастап, басқа халықтар сияқты өзінің тарихы мен әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері, өркениетті мәдениеті, рухани байлығымен көзге түскен ұлы халықтың біріне айналды. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз «Шипагерлік баян» атты ғылымнамалық еңбек жазып, ХV ғасырдың өзінде қазақтың жазу мәдениеті мен ғылымдық ізденіс болғанын кейінгі ұрпаққа аманаттап, бүкіл дүние жүзіне дәлелдеп отыр. Қазақ халқының шипагерлік емдік өнері көне дәуірден ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып өркендеу мен даму кезеңдерінде де халықтың емдік сипатын сақтап келді. Емшіліктің жеке дара шипалық танымы нәтижесінде ұлттық шипагерлік ілімінің негізі қалана бастады. «Шипалық таным» «Шипагерлік» деген ұғымдар енді ғана жаңадан ғылыми айналымға енуде. Шипагерлік – ерекше өмір, ұмытылмас өнер, тәнмен араласу, дертпен аңдысу, көңілді айықтыру жолы. Ұлы шипагер қазақтың ұлттық мәдениет философиясының бүгінде бір құрамдас бөлігі аталған, халықтық шипагерлік философиясының негізін қалады. Қаншама қилы замандар өтсе де «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген халқымыздың даналық ойлары бүгінде шындыққа айналды. Қазақ халқы әлемдегі қаны таза, жүрегі адал, алдындағы асын қонағына бөліп бере салатын меймандос халық екенін бүкіл әлем таныды, білді. Қазақ халқының әлімсақтан-ақ сауатты ұлт болып қалыптасқанына көздері жетті. Сауаттылық жағынан сол кездегі еуропа мен батыс елдерінен көш ілгері болғаны, бүгінгі күндері дәлелденуде. Осындай сауаттылықтың басында бүгінде аты әлемге әйгілі болған 15 ғасырдың ғұмырлы ғұламасы, халық шипагері Ө. Тілеуқабылұлы бабамыз тұрғанын мақтан етеміз. Арадан 5 ғасыр уақыт өтіп, Өтейбойдақ бабамыздың еңбектерін мұра тұтып, тереңнен зерттеп, ғылыми еңбекке айналдыру, Қазақстан Халық Емшілері Қауымдастығының президенті, академик, Қожалымов Зиядан қажы ағамызға нәсіп етті. Қазақстан Халық Емшілері Қауымдастығының құрылғанына 10 жыл қарсаңында, Зиядан қажы ағамыздың «Шапағатты рух ордасы» және « Мәңгілік құпия шежіресі» ғылыми- танымдық екі кітабы, қауымдастықтың 15 жылдығына «Киелі шаңырақ», « Тылсым дүниенің құпия емдері» және «Халық медицинасындағы бақсылық өнері» жарық көрді. Ғылыми танымал кітаптардың тұсау кесері өтті. Зиядан қажы ағамыз қауымдастықтың беделін көтеруде, халық емшілерін сала-салаға бөліп, жазған ғылыми-танымдық еңбектеріне оң пікір айтылды. «Шапағатты рух ордасы» кітабының 3-ші бөлімінде; шапағат нұрын шашқандар деп атап, адамдарды имандылыққа, қайырымдылыққа шақырып, ұйымның рухани ағарту мен денсаулықты сауықтыру шаралары туралы тоқталып, қауымдастық мүшелерінің суреті беріліп, таныстырылған. «Мәңгілік құпия шежіресі» кітабы ғарыштың тылсым сырлары баяндалған ғылыми танымдық еңбек. Олардың кейбіреулеріне назар аударып қарайтын болсақ; 6-шы тарауында – қоршаған ортаның дәрісіз табиғи емі, асыл тастардың емдік қасиеттері мен ән-күйдің емдік қасиеттеріне көбірек тоқталған. 7-ші тарауында; Тылсым дүниенің жұмбақ сырлары, бақсылық, болжаушы, көріпкелдік, халық емшілігі мен телепатия жайында ашып жазылған. Олар жеке адамның бойындағы беймәлім күштің әсерінен кеннеттен пайда болатын, бізге көрінбейтін сыртқы белгісіз рухтармен байланыс жасайтын құпиялы жұмбақ күш иелері дейді. Бабалар рухының сөнген мұрасының отын жағып, халқымен қайта қауышуына қауымдастықтың басшысы Зядан қажы ағамыз өзінің сүбелі үлесін қосуда. Сөзімді қорытындылай келеөмір жолы бәрімізге өнеге Зиядан қажы ағамызға көптеген жақсылықтар мен табыстар тілеп, мәртебеңіз биік, қаламыңыз ұшқыр болсын деп, төмендегі өлең-шумақтарымен аяқтағымыз келеді. Жан бар ма жақсылықты аңсамаған, Еңбегіне дән риза қаншама адам. Зиядан қажы ағамыз ғылымда да, Ізденуден, зерттеуден шаршамаған. Көп қасиет бойына жиып берген, Арқалаған алғысын сүйікті елден. Емшілерге сара жол салып берген, Қажы ағамыз көрінген биіктерден. Мәлім ғой елге еңбек еткеніңіз, Сол үшін маңдай терін төккеніңіз. Бәріне Алла атымен халық куә, Құтты болсын Зиядан қажы аға. Жемісті 70 жасқа жеткеніңіз. ОҚО Жетісай қаласы. ӨТЕЙБОЙДАҚТЫҢ ІЗІН ҚУУШЫ ҒАЛЫМ Зейнолла Нұрғали дәрігер-емші Қазақ халқының шипагерлік өнерінің құлдырауы мен өркендеу дәуірінің сатыларына мән берсек, оның қилы-қилы замандарда әртүрлі қиындықтарға ұшырап жойыла бастағанына тарихи шежірелер куә бола алады. Ел тәуелсіздігінен кейін халықтық шипагерлік өнері көктемде қайта гүлдеген гүлдер сияқты қауызын ашып, қайта қанаттана бастағанына бүгінде өзіміз де куәміз. Ерте замандағы адамзатттың пайда болу заманында қызмет ете бастап, бүгінде осы замаңғы ғылыми медицинаның негізін қалаушы, қазақ емшілігі өзінің жетістігі арқылы елімізбен қатар шетелдерге де таныла бастады. Емшілік жүйесін таныту деген бұл жай адамның қолынан келмейтін іс. Оған ұзақ уақыт ғұмырын арнап, көзінің майын тамызған және шаң басқан мұрағаттардан көне тарихи жазбаларды алып зерттеген ғалым ғана, өзінің ғылымдағы ізгі арманына жететіні анық. Осы тұрғыдан адал баға бергенде қазақ емшілігінің рөлін сәулелендіріп, XV ғасырдағы шипагер-ғалым Өтейбойдақ шипагердің «Шипагерлік Баянын» зерттеп, жазып, сызып, қорытындылап, тұжырымдап оны сапалы түрде елімізбен әлемге танытып әрі таратып отырған ғалым, әрі шипагер, адал ұйымдастырушы, академик Зядан қажы Қожалымовтың еңбегімен тікелей байланысты екендігін атап өтуге тұрарлық. Өтейбойдақтанушы ғалым шипагерлік ғылымы саласына 20 жылға жуық өмірін арнап зерттеуі бүгінде оң нәтижесін беруде. Кез келген адамның әртүрлі ұлттың киелі қасиеті мен тылсым күш құпияларына ие бақсы, балгер, емшілік, жұлдызшы, көріпкел, болжаушы, құмалақшы, телепатиялық қасиеті барлармен т.б. мамандық иелерін бір ортаға біріктіру өте қиын нәрсе. Осы қызметті атқаруда ғалым-зерттеуші З. Қожалымов мырзаның еңбегі ұшаң-теңіз. Оның ширек ғасырға жуық қарсыластарынан қауымдастық пен емшілерді қорғап, емшілердің мәдениетін, білімін, адамгершілігін көтеруі және ғылыми тарихқа емшілікті енгізу жолында Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, шипагер-ғалым Зядан Қожалымов мырзаның еңбегінің нәтижесінде жетістікке жетті деуге толық айтуға құқылымыз. Өйткені ғалымның зерттеулері мен мақалалары және монорафиялық еңбектері соның куәсі. Зерттеуші-ғалым З. Қожалымовтың басшлығында Өтейбойдақтану мектебінің негізі қаланды. Көне замаңғы қазақи тілде жазылған еңбек бес жарым ғасырдан кейін, бүгінгі қазақ тілінде толық ғылыми айналымға енді. Біз Шығыс қытай елінен келген дәрігер-емшіміз. Ол елде дәрігер болсақ, бүгінде қауымдастықтың құрамында адал басшының көмегімен қазақтың емшілік жүйесінде қызмет етіп, оған өз үлесімізді қосудамыз. Арып-шаршап баспаған жер мен танымаған елге келгенімізде, не істерімізді білмей және қайда барарымызды түсіне алмай жүргенде Алланың бұйрығымен, ғалым-шипагер З.Қожалымов ағамызбен кездесіп, оның құшақ жая қарсы алуы ізгі армандарымыздың нұрлана түсуіне, рухымыздың өсуіне, бізді өз туысындай қабылдайтын басшының барына риза болдық. Ол бізді тәрбиеледі, баулыды, дәрігерлік пен емшілік жүйесін қатар жүргізуге сауатты нұсқау берді. Сондықтан да осындай ғалым әрі адал басшыға рахметімізден басқа айтарымыз жоқ. Шипагер Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік Баянын» қайтадан тірілткен, жаңғыртқан халық емшілерін бір ортаға жиған, бүгінде басшылық және ғылыми атақтарынан басқа бірнеше ән мен жырдың, толғаудың авторы атанған ақын-сазгер Зядан қажы ағамызға, ғылыми еңбегімен ұйымдастыру жағындағы абыройының асқақтай беруіне ізгі тілегімді білдіремін. Қауымдастың құрмындағы оның емшілерінің ынтымағы мен бірлігі және еңбектеріндегі 2012-2013 жылдың қызметінің нәтижесінде Халықаралық рейтинг комитетінің «Сала көшбасшысы-2013» қабырға алттын медалімен және «Сала көшбасшысы-2013» ұлттық сертификатымен марапатталуы да басшымыздың жауапкершілікпен ұйымдастыруының нәтижесінде жеткен көрсеткіш. Өзінің басқарған ұйымының болашағының жақсы болуына тер төккен, барлық кадірлеріне тең көзқараспен қараған, емшілік пен ғылымды, ұлттық өнерді қатар ұстаған және халықтық шипагерлік өнерінің өркендеуіне үлес қосушы қауымдастықтың адал басшысы әрі мақтанышымыз Зядан қажы Қожалымов мырзаға ғұмырының ұзақ, денінің сау, қызметі мен шығармашылық зерттеуінің табысты болуына және торқалы тойына құтты болсын демекпін! Алматы облысы
ЖЕТПІСТЕГІ ЗИЯЛЫ ҒҰМЫР ИЕСІ КЕНЖЕ Оразай ҚР Журналистер одағының мүшесі Ел тәуелсіздігін алған жылдары құрылған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» жыл сайын жаңарып, халықтың рухани жан-дүниесін сауықтыруда елеулі үлес қосып келеді. Ал, осы қауымдастықтық туралы сөз еткенде ең алдымен ойымызға оның іргетасын қалаған ғалым, мәдениеттанушы Зядан Қожалымов түсетіні анық. Себебі оның тікелей бастамасымен ұзақ жылдар қапаста қалған халық емі ресми қолдау тауып ғасырлар бойы жинақталған құнды дүниелер қайта өмірге келді. Дәстүрлі халық медицинасы әсіресе жас мемлекеттің дағдарысқа түскен шағында үлкен көмек болғанын ұмытуға болмайды. Халық емшілері қауымдастығы елімізде саңырауқұлақтай қаптаған емшілердің шынайы биоқуатын анықтап, олардың басын қосып бір орталықтан бақылауға мүмкіндік туғызды. Қаннан дарыған бойындағы емшілік қасиетті Зядан Қожалымов ең алғаш 1989 жылы байқапты. Қазіргі уақытта халық медицинасы мамандығы саласының профессоры, академик, Қазақстан журналистер Одағының және психологтар Одағының мүшесі, Халықаралық «Жаңа өрлеу», «Бейбітшілікке мәдениетпен», «Парапсихология», «Туысқандық құ-пия» және «Ресей халық медицинасы» қауымдастықтың толыққанды мү-шесі, Ұлттық бизнес-рейтингтер Халықаралық рейтинг одағының «Сала көшбасшысы-2013» атағы мен осы ұйымның «Қазақстанның даңқы» орденінің иегері болған Зәкең 1990-1993 жылдары аралығында Мәскеуде Халықаралық емшілер білімін жетілдіру мектебінен білім алған. Осы салада көп уақыт үздіксіз ізденіс пен зерттеулер жүргізу нәтижесінде 400-дей ғылыми-танымдық мақалалар мен 20-дан астам кітаптың авторы атанды. Оның ішінде «Ғаламның жұмбақ жырлары», «Тылсым дүниенің құпия емдері», «Рухани емшілік ғаламматтары» және «Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары» атты еңбектерін ерекуше атап кетуге болады. Зядан ағаның ерекше еңбектерінің бірі ретінде шипагер ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының XV ғасырда жазып қалдырған «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегін ғылымға енуіне ықпал етіп, оны халық арасына насихаттауға қатысқандығын айта кету қажет. Ө.Тілеуқабылұлының Шалкөдеге құлыптас қойылуына басшылық жасады. Бұл өз кезегінде өткен ғасырлар қойнауында қалып кеткен бабаларымыздың рухани және адамзатқа өмірлік қажетті құнды дүниелерін қайта тірілтумен бірдей болды деп айтуға болады. Алматы облысының Райымбек ауданының құрметті азаматы. Осындай жер жанаты саналатын табиғаты көркем, киелі топырақта туып-өскен аты аталған қауымдастықтың президенті ақындық, сазгерлік талантымен де көпке танымал болды. 2002 жылы қасиетті Мекке-Мәдинаға барып қажылық парызын атқарып қайтты. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» ретінде Зядан Қожалымов – сегіз қырлы, бір сырлы, кез-келген қазақ баласына үлгі боларлықтай тұлға. Сонымен қатар, Қазақстандағы халық медицинасы жаңа дәуірінің көш басшысы. Мұндай азаматтың шәкірті болуға құштар жандар аз емес. Олардың бәріне Зиядан қажы мейіріммен қарап, дұрыс жол, оң бағыт нұсқап, бойдағы бар қасиетті игеріп, пайдаланудың ғылыми нұсқаларын үйретіп келеді. Алматы қаласы. РУХАНИ АЗЫҒЫ МОЛ БАСҚОСУЛАР Хайрулла Таджиметов Психолог, емші «Қазақстан халық емшілер қауымдастығы» жиырма жылдан астам уақыт халыққа қызмет етіп рухани азық беріп келеді. Қоғамдағы емшілер негізінен рухани емдерді жүргізеді. Бұл іс – шараны басқарып отырған белгілі мәдениеттанушы ғалым профессор, академик Зиядан Қожалымов мырза. Бұлардың негізгі мақсаты халықты рухани азғындардан аман алып қалу. Сондықтан арнаулы ай - сайын «Шипагерлік баян» атты газетін шығарып отырады. Әр жылда еліміздің әр – түрлі қалаларында ғылыми конференция, конгресс, симпозиум, форум жәнеде басқа мәдени іс – шаралар өткізіліп отырады. Бұл өткізілген іс – шаралар үш күннен кем болмайды. Әр қалаға барғанда түрлі – түрлі тақырыпта өткізіледі. Мәселен: Шымкент қаласында « Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі» атты конгресс, Түркістан қаласында «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары» атты форум, Тараз қаласында «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» атты конгресс, Астана қаласында «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты конгресс, Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының «Халық медицинасындағы бақсылық өнері» атты форум сонымен қатар академик З.Қожалымовтың 2011 жылы (Алматы, «Шалкөде», 426 бб.) қауымдастықтың жиырма жыл толуының құрметіне «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» атты «Қазақстан халық емшілер қауымдастығының жиырма жылдық тарихын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) тарихи монографиялық еңбегін баспадан жарыққа шығарып, ғаламторғада ендірді. Бұған қоса қауымдастықтың президенті, профессор З. Қожалымовтың авторлығында әрбір форум, конференция, конгресс және симпозиумдардың мақала топтамаларын жинап кітап етіп баспадан жарыққа шығарып отырады. Мұнымен қатар қауымдастық араларында әр – түрлі мамандықта ғалымдар бар, солардыңда еңбектері сол жиындарда таратылады. Осындай іс – шаралардың арқасында қауымдастықтағы емшілер өздерінің білімдерін жетілдіріп отырады. Қазіргі таңда қоғам, емшілердің санына емес, сапасыне көп көңіл бөледі. Осындай Рухани – мәдени іс – шаралардың жол бастаушысы президентіміз академик Зядан Қожалымов мырза. Адамның жаны мен тәнің таза рухтарын көтеруде мәдени шаралардың өте маңыздылығын емшілер қауымы қуана қарсы алады. Өйткені басшымыз З.Қожалымов мырза барлық шараларға басшылық етумен қатар, мәдени шараларды өткізуде ұлтымыздың ән-күйлерімен қатар өзінің сөзі мен сазын жазған әндерін де тыңдатады, өте емдік, шипалық қасиетінің жоғары екендігіне бізде риза боламыз. Міне осындай іс – шаралардың өткізіліп тұруы әрине біздің қоғамның рухани – мәдениетін көтерілгендігі. Емшілер мен ғалымдардың арақатынасын жақсартады. Имандылығымыз бен мейірбанды-лығымызды және білімділігімізді көтеруде зор ықпалының болуына қауымдастықтың президенті, торқалы мерекелі тойың өткізгелі отырған ағамыз академик Зядан қажы Қожалымовтың тікелей басшылығында өткенің біз мақтан етеміз. Түркістан қаласы. ҰЛЫ ЖҮРЕКТІ АДАМ Тажибаева ҒАЗИЗА Бақсы Адамның адамдығын көрсететін, оның адамгершілік қасиеті. Адамды – адамнан артық ететін де сол қасиетіне негізделген, еңбекқорлығы болса керек. Алла тағала дұрыс жолмен жүруі үшін де сезім,ойлау, ақыл-түйсік, парасаттылық, білім және ерекше дарын берген. Адамдар бұл дүниедегі өмірін ақыл таразысына салып, тура жол таба білсе, өзінен кейінгілерге де жарқын жол салып береді. Ислам тәрбие құралы ғана емес, ол ғалымдар үшін, ғылымның қайнар бұлағы. «Қымбат асыл тастың қырлары көп болады» дейді дана халқымыз. Осындай қыры мен сыры дүниеге толы тұлғаның бірі; Республикаға танымал мадениеттанушы, Өтейбойдақтанушы және зерттеуші ғалым, философ, психолог, ақын-сазгер, «Қазақстан Халық емшілері Қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Қожалымов Зиядан қажы ағамыз. Ғалым ағамыздың рухани тәрбиелік ғылыми танымдық мақалалары 40 -тан аса газет пен 10 шақты журналдарда жарияланған, 22 кітаптың авторы оның ішінде 7 монографиялық еңбек. Албан шежіресі, батыр баба Әлмрек кітаптарының құрамында. 400 дей мақаланың және 36-ға жуық әннің сөзі мен сазының авторы. Қайраткерлік күш-жігерімен, ақыл-парасатымен сатыдан-сатыға, баспалдақтан – бапалдаққа көтеріліп келеді. Ғылымдағы қайраткерлігін дінмен ұштастырып, халықтық шипагерліктің мәдениеті мен тарихын емдік дәтүрлері және XV ғасырдағы ғалым- шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабыл ұлының «Шипагерлік баян» атты ұрпақтарға қалдырған еңбегін, аманатын тереңнен зерттеп, зерделей отырып, бүкіл дүние жүзіне, әлемге танытып жатыр. Ұлы баба Зиядан қажы ағамыздың түсіне кіріп: « жаз, жаз балам, жаза бер, тағы да жаз» - деп ғайып болады. Зиядан қажы аға Өтейбойдақ бабаны қазақ радиосынан таныстыруды бастап, оның жалғасын бітіруге келе жатса; «Ей Зиядан! Алдыңа қара!» деген дыбысты сезгендей болады. Басымды көтеріп қарасам, жүргізуші артында үлкен сахна пайда болып, 4-5 адам сахналық көрініс жасап жатыр дейді. Сахна шетіндегі өзімнің де сұлбамды көргендей болдым. Сен Өтейбойдақ бабаңды «Сахнаға алып шығасың» деген үн естіліп, барлық көрініс ғайып болады. Осы көрініске сенер-сенбесін білмей, бұл құбылысты күнделігіне жазып қояды. Содан 2009 жылы 24 шілдеде Таразда өткен «Ұлы ғұлама атты» конгрессте өзінің жазған «Шипагер баба» атты сөзі мен сазы арқылы Шипагер ғалым Өтейбойдақ баба өмірінен шағын сахналық көрініс көрсетілді. Сонда бұдан 10 жыл бұрынғы аянмен көрген көрініс есіне түседі. Міне бұл аянмен көріністі әруақ аманаты деп түсінуге болады. Осы көріністі көргенде еріксіз көзімізге жас келді. Қажы ағамыздың айтқан сөздері үлкен ғылыми дәрежелі қызметпен айналысып жүрген ғылымдардың айтқан ой-пікірлері көңілімізді толқытты. Жыл сайынғы өтетін Емшілер форумын асыға күтеміз. Әр жылғы форумда өтетін тақырыптар м ен қойылатын талаптар, өмірге деген көзқарасымызбен ой-пікірлерімізді қанаттандырып, өзгертіп отырады. Халық емшілерінің асыл қасиетін жаңғыртып, емшілерге қолдау көрсетіп, жол көрсетіп ,қаншама асыл еңбегін аямай, ел елдегі емшілердің хал-жағдайларын сұрап, демеу көрсетіп отыратын Зиядан қажы ағаны- Ұлы жүректі адам деп танимыз. Кез келген мәдениеттің негізі, рухани байлық. Ал оның ең бастар қайнар көзі- дін. Дін арқылы адамның қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелденеді. Таза ұлтжанды тектік қасиетті сыйлай білетін, жүрегінде иманы бар адам өнегелі іс бастайды. Әр адам өзінің тегіне тартады. Тектінің ұрпағы да , текті болады. «Алып анадан туады»- дейді халық. Зиядан қажы ағамыздың отбасын киелі де өнегелі деп білеміз. Отбасының ұйытқысы ана болатын болса, Зиядан қажы ағамыздың анасы да табиғи, тылсым құпия сырларын білетін діни сауатты болған. Елі-жұртына «Ақ ана» атанып, халқының алғысына бөленген жан. Ақ анамыз ұлының бойындағы қасиетін сезген екен. Ар тазалығы, кішіпейілділік, имандылық сақтап, әр нәрсені ақылмен шешуді қашанда ескертіп отырған. Ұлының оқыуын бітіріп, адал жар құшып, сәбилі болуын армандаған. Ана тілегі көзі тірісінде орындалды. Келіні Тұймекүлді көргенде; «арманым орындалды, Аллаға ризамын» деген екен. Тұңғыш немересі Ләзатын алдына алып, мейірлене бауырына басып маңдайынан өбіп, рахатқа бөленеді екен. Ақ анамыз уақыт сәті келіп, бұл фанимен қоштасар сәтте; «Жалғызымның арқасы бар, ие бол» деп аманат етіпті келіні Түймекүліне. Кейіннен келінінің түсіне еніп; « баламның басына көп қиыншылық келеді, көре алмастық болады, алған бетінен қайтпасын, оны халқы қорғайды» - деп аян берді. Қазақта, келін ененің топырағынан жаралған деген сөз бар. Түймекүл апайымыздың бойында көріпкелдік пен емшілік қасиеті бар. Өзінің мамандығы – провизор дәрігер. Түймекүл апайдың емдеу тәсілі, тамыр ұстап, ауырудың түрін анықтай алады. Негізінен Қожалымовтар отбасын емшілер отбасы деуге әбден негіз бар. Бұл отбасы өнегелі, білімді, тылсым күштің құпия сырларын зерттеуші, ислам дінінің құдіретін дәлелдеуші, халық емшілерінің алғашқы – президенті. Білім мен ғылым жолында ізденіп жүріп атқарған ерен еңбектеріңіз ұрпаққа үлгі- өнеге. Өнегелі істеріңізбен халқымыздың ыстық ықыласына кенеліп, Алланың мейірім шапағатына бөлене беріңіздер. Көңілдеріңіз шуақты, жүректеріңіз қуатты болсын! ОҚО, Жетісай қаласы. ПЕРСПЕКТИВЫ НАРОДНОГО ЦЕЛИТЕЛЬСТВА КАЗАХСТАНА Парманов Халтурсын врач-целитель Судьба каждого человека определено и указано богом. В связи с изменением времени, с 1990 года появилось возрождения народного целительство РК. Среди целителей появились одаренные целители, которые имеющи высокая знание способности. Из них за благо народного целительства Казахстана в конце 1991 года была организовано по инициативе и Председательством организационного комитета народного целителя Международной категории Зядана Кожалымова. И он был избран Президентом вновь созданного «Ассоциации народных целителей Казахстана». Сегодня уважаемый Зядан кажы является автором более 20-ти книг по направлению духовно-оздоровительном, научно-просветительном и учебники по народной целительской медицине. Уважаемый Президент Ассоциации З. Кожалымов в течение четверти века дал огромный вкалд народной медицине на научной основе и поднял культурности, знание и поднял дружеские отношения между членами Ассоциации. Более 15-ти лет под руководством Президента Ассоциации проводится Международные6 Республиканские конференции, форумы и конгрессы по системе народного целительства. На сегодня высокие успехи Ассоциации высоко ценят Казахсьтанские и зарубежные государства. З. Кожалымов является автором истории народного целительства Казахстана прошлого и ностоящего Он изучал на научной основе обселдовал казахского народа труды «Шипагерлік Баян» Казахского ученого целителя XV века Отейбойдака Тлеукабылулы. По монографические труды «Целительская традиция и философия» (Алматы. 2010 г.) во время презентации данного труда ученые Казахстана, Средний Азии, Китай и РФ и т.д. признали Отейбойдака Трлеукабылулы «вторым Ибн Синой». Алматин. обл. КОЖАЛЫМОВ ЗЯДАН - ОРГАНИЗАТОР НОВОГО УРОВНЯ НОРОДНОЙ МЕДИЦИНЫ В КАЗАХСТАНЕ Костюкевич Любовь Целитель биокосмоэнергет Прослеживая жизненный путь этого человека, остается только поражаться его энергии и ответственности за дело, которому он посвятил десятилетия своей жизни. Зядан кажи опирается на людей, обладающих обширными знаниями в различных областях науки. Это академики, профессора, доктора и кандидаты наук и просто специалисты. Но, как говорят, талантливые люди талантливы во всем. Поэтому те, кто приходят в Ассоциацию целителей Казахстана, в свое время в жизни поняли, что знания и их специализация расширяют сознание, приводя к философским выводам, а также идеям, как помогать природе и людям на новом уровне, который еще не всегда может быть объяснен современной наукой. В этом трудности народной медицины. Много людей, далеких от научных знаний, накопленных к настоящему времени, пытаются судить о результатах и достижениях в этой области. Скепсис, неверие, плохое знание не только физики, химии биологии, психологии, не говоря уже об энерго-информационных процессах, создают неблагоприятное мнение об этой сфере деятельности народных целителей. Об энерго-информационных взаимодействиях, о Теории Энерго-информационного Поля, окружающего людей и Землю в целом как воздух, многие не имеют никакого представления, мысля еще по старинке. Наш Президент Ассоциации как раз уделяет пристальное внимание в своей работе людям, вносящим научное обоснование методов народной медицины, а также объясняющим с этой точки зрения взаимодействия как между людьми, так и с природой. Казалось бы, почему человек делает на расстоянии едва заметные пассы, а другой чувствует облегчение самочувствия? Кто-то накладывает руки на болевые участки – происходит постепенное излечение ряда заболеваний либо параллельно с официальными методами излечения, либо самостоятельно. Я сама на себе прочувствовала этот волшебный процесс, когда мы возвращались с Международного Форума «Будущее лечебной системы народной медицины», с13 по 15.09.2013 года, который проходил под руководством нашего уважаемого ученого-философа Зядан кажи в Туркестане. Кроме содержательных выступлений и обмена опытом после основных сообщений на заседаниях, мы смогли посетить святые места, оставившие глубокое впечатление. Ощущался прилив энергии и желание работать с еще большей пользой. У меня на обратном пути в поезде заболела давняя травма. Лиля, одна из целительниц, спросив, почему не сплю, ничего не говоря, за несколько секунд сняла боль. Чудо? Да, но имеющее научное обоснование! Примеров успешной эффективной работы специалистов, объединяемых Ассоциацией, можно привести множество. Это о чем говорит? Что Президент собирает вокруг себя достойных людей, обладающих знаниями и определенными способностями в своих разделах народной медицины. Причем тех, кто не подтверждает свою деятельность на благо больных, духовное оздоровление общества, и не участвует в мероприятиях Ассоциации, где проводится повышение квалификации и обмен опытом между специалистами народной медицины, Президиум Ассоциации отчисляет. Достойные ее члены отмечаются грамотами, па мятными знаками и так далее. Практически каждый целитель проходит систематическое обследование через аурокамеру и на аппаратах по методике Фолля, подтверждая объективно не только свои способности, но и возможность и правильность воздействия на пациентов. Словом, руководство Ассоциации следит за «чистотой» ее рядов. Вы все сами знаете, сколько недоброжелателей хотели бы объявить народную медицину лженаукой и закрыть это направление деятельности, хотя народные целители и врачеватели существуют тысячелетиями. Ассоциация систематически проводит учебу и посвящение вновь прибывающих специалистов. Это важно для ее авторитета, имиджа и эффективности работы. Чрезвычайно важно ежегодное проведение мероприятий, на которые приглашаются специалисты разных направлений народной медицины не только из Казахстана, но и ближнего и дальнего зарубежья. На них обязательно проводятся мастер-классы, где целители делятся своим полезным опытом в лечении больных с некоторыми заболеваниями. Очень интересно прошел VII Международный Конгресс «Духовное и музыкальное целительство», проведенный Ассоциацией целителей Казахстана, совместно с Международной Ассоциацией СТНМиЦ , Академией народной медицины, проведенный в столице нашего государства – Астане в 2010 году. Прошли не только насыщенные дни работы, но и была организована большая культурная программа. Посещению уникальных сооружений этого города также было уделено внимание. Надо отметить, что в заключение мероприятий всегда организуются вечера, где участники знакомятся между собой уже в более неформальной обстановке, показывая свои таланты – кто-то поет, кто-то танцует, кто-то читает стихи свои или народных поэтов. Прекрасные по звучанию музыкальные произведения, написанные Зядан кажи, проникновенно исполняемые на мероприятиях, производят приятное впечатление, наводя на философские размышления, показывая красоту и мелодичность творчества Зядан кажи, также замечательны голоса исполнителей. Надо отметить, насколько внимательно отношение руководителя Ассоциации к каждому члену Ассоциации, наблюдая за их деятельностью, подсказывая, советуя молодым, какие программы нужно освоить для эффективной помощи людям. Я лично отношусь с глубоким уважением и благодарностью за его организаторские способности, обширный кругозор и масштабное мышление в вопросах народного целительства не только в Казахстане, но и на международном уровне. г. Алматы
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |