ПІКІРЛЕР, ҚҰТТЫҚТАУ

8
 главная

1  2  3  4  5  6  7  8  9
 


ТАҒДЫРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЙНАСЫНДАЙ

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

Қазақстан Республикасының

 мәдениет қайраткері

фотоXX ғасырдың соңында бұрынғы Одақ көлемінде абыройы асқақтаған, талайларды мойындатқан, мықтымын дегендердің сесін қайтарған қазақтың әйгілі Одақтық дәрежедегі халық емшісі, бүгінде ширек ғасырға жуық Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті қызметін абыроймен атқарып келе жатқан, мәдениеттанушы ғалым, академик Зиядан Қожалымовтың есімі еліміздің орта жастан асқан тұрғындарына таныс. Емшілер қауымдастығын құрғаннан кейін Қазақстанның әр облысында апталап жатып, қауымдастығының филиалдарын өз қолымен құрғанын жұрт ұмыта қойған жоқ. Солардың бірі менмін. Қызмет орным – облыстық газеттің редакциясына күн сайын келіп, филиалдың қабырғасын қалағаны әлі есімде. Зекең магнит сияқты еді. Ол келгенде бәріміз айналасынан шықпайтынбыз.

Содан бері сырғып өте шыққан жиырма жылдан астам уақыт ішінде мен оны көрген жоқпын, алайда амандығына қанықпын.БАҚ беттерінен мақалаларын оқып жүремін. Енді міне, онымен жүзбе-жүз дидарласқандай болып отырмын. Соңғы  шыққан кітабы «Өмірімнің тағдыры» (Алматы, 2013) қолыма тиіп еді, бір-екі күннің ішінде бас алмастан оқып шықтым. Сөйтсем, Зекеңнің көрген бейнеті аз емес екен. Қарсыластары қауымдастықты жабуға қол жеткізгеннен кейін де, Зәкең  бас кеңсесін де, облыстардағы филиалдарын да қайтадан тіркеуден қажымады. Қуаныштысы сол – бәрі де құтты болды. Қауымдастық содан бері ұдайы жұмысын жүргізіп келеді, «Шипагерлік баян» деп аталатын төл газеті бар.

Осының бәрі «Өмірімнің тағдыры» кітабында егжей-тегжейлі баяндалған. Жалтақтауды білмейтін Зекең ақиқатты да айта білген. Қауымдастығына қақпан құрғандардың аты-жөндерін бадырайтып тұрып жазған.

Зекең – сонау тоқсаныншы жылдардың басында-ақ Мәскеуде де, Алматыда да өзінің қайталанбас сеанстарымен қалың қауымды мойындатқан тұлға. Ол аруақ қонған адамдарда артынан еріп жүретін, әрине жай адамдарға көрінбейтін жебеушісінің болатынын құмалақсыз-ақ бәрін де қолмен қойғандай қылып айтып бере алатын. Зекеңнің аруағы күшті екендігіне осы мысалдың өзі-ақ жеткілікті ғой. Алайда ол: «Аруағымен жебеп жүретін арғы-бергі бабаларыңның біреуінің рухы қасыңнан қалмайды» десе, дүйім жұрттың бәрі бірдей сене бермейді-ау... Сондықтан ол ауруханаға түскенінде үш сағаттың ішінде көзіне көрінген аруақтардың іс-әрекеттерін оқырмандар назарына ұсыныпты. Оның аруағы күшті адам екендігін білетін мен Зекеңе толық иланамын.

Зекең туралы айтқанда ұлтымыздың ұлы шипагері – Өтейбойдақ бабамыздың есімін ауызға алмай болмайды. Зекеңнің бірінші қолдаушысы Құдай болса, екіншісі  – осы ғұлама. Қазіргі тілмен айтқанда, медициналық энциклопедияның авторындай болып табылатын оның анау-мынау адамның тісі батпайтын «Шипагерлік баянын» шым-шытырық қалпында қалдырмай, XV ғасырдың дүниелігін XXI ғасырдың кәдесіне жаратқан Зекеңнің еңбегі орасан.

«Жігітке жеті өнер де аз» деген мәтел Зекеңе әбден қатысты. Ол қолы қалт еткенде өлең де жазады, ән де жазады. Ал қиыннан құрастырып, өлең жаза алатын адам, әрине, қара сөзге де қамшы салдырмайды. Бұл кітаптағы оның мақалалары, әзілдері – бәрі де осының дәлеліндей. Дәлел демекші, оның Өтейбойдақ бабасы туралы сахналық қойылымның сценарийін жазғандығын қалайша атап кетпеске?! Оған қоса «Шипагерлік баян» деп аталатын әннің мәтінін де, музыкасын да өзі жазған. Қайырмасы «Данышпан атам, ғұлама бабам» деп басталатын, екпіні жағынан маршқа ұқсайтын бұл әнді мәңгілік ескерткішке балауға әбден болады.

Бір ғажабы – білімді басшы, ғаламат шипагер Зекеңнің әндері де дәрі-дәрмек сияқты. Құдіретті қуатымен шипа болып дариды. Оның бір топ әндері, медициналық тілмен айтқанда, «музыкотерапия» ретінде пайдаланылды. Олар Астанада ғана емес, Англияда, Ирландияда, Италияда орындалып, көрермендердің бойын балқытты, ойын шалқытты.

Көңіліндегі көрікті ойды қағазға түсіруді қалайтын Зекең Омар Хайям сияқты рубаяттар немесе нақыл сөздер жазғанды да жақсы көреді. Кітаптың түйіні сияқты болып тұрған бұл топтаманы да орынды дер едік.

Өкінішке қарай, ширек ғасырға да толмайтын тәуелсіздік жылдарында өнімді еңбек етіп, 23 кітап шығарған Зекеңнің бұған дейінгі толымды туындылары қолыма тиген жоқ еді. Оның есесіне жарты ғұмырын баяндап бергендей болған соңғы кітабын оқып  шыққанымда автордың өзін көргендей әсер алғанымды несін жасырайын?!

Зәкеңнің алдағы торқалы 70 жылдық мерейтойы құтты болсын!

                                          Петропавл қаласы.

 

 

 

ЖҮРЕК СЕЗІМІНІҢ ЖАРШЫСЫ

Серікжан Қажи

Ақын, Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі

 

фото«Өлеңге әркімнің де бар таласы» демеп пе еді ұлы Абай бабамыз. Иә, қазақтың кез келген екеуінің бірі – ақын. Тіпті болмағаны, сүйген қызына екі ауыз сөзді өлең жолымен өрнектеп жеткізбегені жоқ. Оған дәлел келтіріп, анықтама беріп жатудың қажеті шамалы болар. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» деген сөзді де данышпан бабаларымыз бекер айтты деймісіз?! Өмірде алуан-алуан жүйріктер келіп те, кетіп те жатады. Біреулердің жұлдызы жарқырай көрініп, мәңгілікке қол жеткізбейтін биікке шарықтап кетсе, бәз біреулері қоламтадағы қызыл шоқтай өз жылуын бойына сақтап маздайды да жатады. 

Әдеби ортаға есімі соншалықты танымал болмаса да жерлес, әрі жасы үлкен ағам болатын Зядан Қожалымовтың бірнеше кітаптары қолыма тигенде осындай ойда қалдым. Жоғарыдағы қазақтың екінің бірі ақын деген сөзімді осы Зядан ағам тағы да дәлелдей түскендей.

Шынында да бұл күндері өлең жазбайтын жандар кемде-кем. Бұл жақсы ма, жаман ба?! Әрине, жақсы. Өйткені, қолына «періште-қаламды» ұстап, қараңғы түндерде шамның жарығынан сәуле іздеп, жыр жазған жаннан кімге жамандық келсін?! Керісінше, жүрегі жаралы жандарға жылы сөзімен дауа іздейді, сауықтырады. Ақындықтың басты парызы да – осы емес пе!

Ендігі сөз, жоғарыдағы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, мәдениеттанушы ғалым, Өтейбойдақтанушы, философ, психолог, дінтанушы, шежіреші «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті, ҚР Халық медицинасы және Космоэнергетика академиясының президент академигі, Халықаралық «М.Нострадаумс атындағы проскопиялық Академиясының» академигі Зядан аға Қожалымов жайлы болмақ.

Менің басты мақсатым – жерлес, есімі алты алашқа мәшһүр ағамның өзіме жақын қыры – ақындығы жайлы аз-кем сөз қозғамақпын. Бірден айтайын, Зәкең әлде бір қаламдастарымыз секілді ұзақ түнді сарп етіп, саусағын сорып, жыр жазатындар санатынан емес. Ол тек жанын тебіренткен жайттарда ғана қолына қалам алады. Жүрек сырын жыр жолдарымен өрнектейді. Өз жүрегінің дүрсілін, өз оқырмандарына алғаусыз ұсынады.

Дәлел керек пе. Онда Зәкеңнің 2012 жылы Алматы қаласындағы «Шалкөде» баспасынан жарық көрген «Ақ гүлім» атты ән-саз және жаңа өлеңдері жинақталған жыр жинағын парақтап көрелік. Аталмыш жинақ белгілі сазгер Темір Тайбековтің «Зяданға ақ жол тілеймін» атты алғысөзімен ашылған. Сөз жоқ, ақындарға ең ауыры әнге текст өлеңдер жазу екені белгілі. Сазгер ағамыздың айтуынша, Зекең жай ғана ақын емес, осынау әнге сөз жазатын ауыр жанрдың жүгін бір кісідей арқалап жүрген азамат. «Зяданның туындыларының соңылығымен, әуезділігімен, мәңділігімен ел арасында шырқала берері сөзсіз», дейді белгілі сазгер. Айтса айтқандай Зәкеңнің сөзіне жазылған сазгерлердің әндерінің эстрада жұлдыздарының орындауында сахна төрінде шырқалып жүргеніне де 20 жылдың жүзі болды. Тағы бір артықшылығы сазын да, сөзін де өзі өрнектейтін керемет қасиеті де бар.

Расында да оның өлеңдерін оқып отырып, әнге сұранып тұрғанын бірден байқайсыз. Аталмыш жинақтағы алғашқы бөлімдегі туындылардың дені осылай көрінді, бізге. Сөйтіп, Зәкең әрі ақын, әрі сазгер. Менің шамалауымша, осы жинаққа кірген-кірмегені бар отыздан астам ән өлеңдері жұртшылық арасына кеңінен тарап кеткен. Айталық, «Халқыма айтар жан сырым», «Ашылсын бағың қазағым», «Тәубеге келу» атты әндері жұртшылық арасында кеңінен орындалып жүр. Белгілі жыршы-термеші Төлеу Қосан, әншілер Эльмира Жаңабергенова, шымкенттік Гүлзина Шорабекова, алматылық Диана Шик, Шарбану Әлмешова, Байдоллақызы Сайран, Тараздық Зәуре Сатыбалдиева, термешілер Сыпатай Жақып, Үсенов Алтай, Еркебұлан Оразымбетов Зәкеңнің өз қызы марқұм Ләззат та кейіпкеріміздің өнерінің жанашырлары, халық арасына насихаттаушылары. Бұл туралы белгілі ғалым, фил.ғ.д., Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Әнуар Тарақтың пікіріне ризашылықпен қосыласыз. Ол: «Жаны да, тәні де, рухани жағынан кемеліне келген Зядан Қожалымов секілді жаңдардың шығармашылығы халық ортасынан қайнап шыққан «Тас бұлақтың суындай» таза да, мөлдір». Осы ойға сөзсіз келісесіз. Көркем әдебиеттен ауылы алыста жүрсе де ұлтымыздың рухани әлеміне елеулі үлес қосып жүрген оған риза боласыз. Жырларын сүйсіне оқисыз. «Ақ гүлім» атты жинағындағы мына төмендегі жолдар оның туа бітті ақын екендігін айқындай түседі...

Бір Алла ғой сезім беріп, жүрегімнен сезгенім,

Бар адамға тек жақсылық тілейтұғын қарапайым пендемін.

Адасқанды ақ жолға сап, ізгіліктің нұрын сеуіп,

Жаратқанның құлы ғой деп мен ешкімді бөлмедім...

Шынында да осынау дүрбелең дүниеде біткен бай мен кедейге жіктеліп бара жатқандарға, ақыретті күндерді ойламай, Алла жолынан адасып бара жатқандарға ой салады.  

Қандай күштің құдіреті, қайтармаған алдымнан,

Айналайын демеу болған мені сүйген халқымнан.

Киелі рух жебей берсін, жақсылығын дарытып,

Айырмасын дінін, тілін өнері мен салтынан.

Бұл да бүгінгі күндегі ең өзекті мәселе. Ақын жүрегі оған да алаңдаулы. Ұлы бабалар рухынан жәрдем сұрайды, халқына жақсылық тілейді. Рас, осы жинақтағы жыр жолдарының бәрі дерлік «тайпалған су жорға» деп айтуға келмес. Дегенмен, ақынның адамзатқа деген жан сыры, жүрегінің үні. Ұлы Абай бабамыз да «Тіл өнері дертпен тең» деп бекер айтты деймісіз. Зәкеңе оңашада қалам алдырып, ой кештіретін де осы дерт, періште сезім. Осы уақытқа дейін 22 кітаптың және екі жыр жинағының авторы Зядан ақынның бүгінгі талғампаз өқырмандардың рухани сұранысына жауап беретін туындылар аз емес екені анық. Амал не, осы жыр жинақтарындағы дүниелерді әбден сұрыптап, сығымдап, өзінің талғам таразысынан қайта өткізіп, бір туынды ретінде қайта ұсынса тіптен оңды болар еді. Жасыратыны жоқ, әр жерден жылт еткен тұшымды дүниені іздеп теріп оқығаннан, басы бүтін бір жинақтан оқығанға не жетсін?! Бұл да болашақтың бір ісі болуы тиіс.

Зәкең ақын сазгер ғана емес, аракідік прозалық туындыларды жазуға да ден қойып жүр. Оның өткен 2013 жылы жоғарыдағы «Шалкөде» баспасынан жарық көрген «Өмірімнің тағдыры» атты кітабы осы ойымызға дәлел бола алады. Кітаптың алғысөзінде көрсетілгендей әлемдегі тылсым дүниедегі болып жатқан құбылыстарды өз жанымен сезген сәттерін көркем тілмен өрнектейді. Сонымен бірге бұл жинақтағы оқырмандарды ойға жетелейтін Зәкеңнің «түйінді ойларында» ерекше атап өткеніміз жөн. Мұнда ақын-сазгер, дінтанушы ғалым ағамыз өз өмірінен туындаған ойларымен сыр бөліседі. «Басына ауыртпашылық түскенде қайғырма қуан. Ол – Жаратушының саған сынағы» немесе 

«Жалғанды жалпағынан басқандарды,

Көрсетті кеудемсіп, асқандарды.

Өтуде бұл тірлікте бастан бәрі,

Байлықтан басы айналып тасқандарды», – деген жолдар оқырмандарды ойға жетелейді.

Қорыта айтқанда, қаламдас әрі жерлес інісі ретінде ақын әрі сазгер Зядан Қожалымов туралы аз-кем айтпағым осы болатын. Жетпістің желкенін керген Зәкеңе алар асуы бұдан да асқақтай берсін деген тілектеміз.

Алматы қаласы

 

 

 

ҚҰТТЫҚТАУЛАР- ПОЗДРАВЛЕНИЯ

 

Құрметті

Зиядан қажы Қожалымов мырза!

 

фотоСізді биылғы шілде айында болатын мерейтойыңыз – 70 жасқа толуыңызбен жүз мыңдай оқырманымыз атынан және «Тамаша» баспа үйі ұжымының атынан құттықтаймыз!

Сіз Қазақстан халық емшілері қауымдастығын біліктілікпен басқара жүріп, ізденгіш зерттеуші ретінде сансыз қырыңызбен және жан-жақты, сегіз қырлы ғалым ретінде көріндіңіз. Қаншама ғылыми еңбектер жаздыңыз, тылсым дүниенің бұрын ашылмаған есігін аштыңыз, күшті ұйымдастырушы болып танылдыңыз және шипагерліктің сан қырына үңіліп, қазақ халқын әлемге таныттыңыз. Еліміздегі ғана емес, жақын-алыс елдердегі қарсыластарды жеңіп ғана қоймай, өзіңізді мойындатып, еліміздегі емшілердің беделін көкке көтердіңіз. Сіз алған атақтар қаншама! Бәрі де сіздің зор еңбегіңізге ескеріліп, еленіп, бағаланып берілгенін жақсы білеміз...

Сіз ХV ғасырдағы қазақтың тума емші-ғалымы Өтебойдақтың таудай еңбегі «Шипагерлік баянын» қайта дүниеге әкелгендей, қадау-қадау зерттеу еңбектер жаза жүріп, бағасы зор еңбектің шипалы емін елімізге ғана емес, дүние жүзіне паш еттіңіз. Том-том кітаптарыңыз осы сөзіміздің айғағы!

Сіз қадірлі де беделді әке, арқа тұтар аға, таудай арқа сүйер қамқоршы жансыз. Сондықтан да еліміздің емшілері сізді бірі аға, бірі әкесіндей көреді. Қиын шағында сіздің қамқор қолыңызды ұсынатынын біледі. Адамдық, адамгершілік, зиялылық қасиеттеріңіз қаншама жандарды қуанышқа бөлеп жүрсе, олар шын жүрегімен шаруаңыздың қашанда жемісті бола беретініне сенімді. Біз де сізді құрметтейміз, 70-ке келсеңіз де шаршамай, ширақ жүруіңізге, денсаулығыңыздың мықты бола беруіне тілектеспіз! Әлі де алар талай асуларыңыз алда деп білеміз!

Мерей тойыңыз құтты болсын!

Еңбегіңіз жана берсін!

Орынбай ОРАЛБЕКОВ,

«Тамаша» баспа үйінің директоры.

 

 

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Президенті

Зиядан қажы Қожалымовқа!

Аса қадірлі Зядан қажы ағай!

Сізді асқаралы мерейтойыңыз – 70 жасқа толуыңызбен құттықтаймыз!

«Ақбаян» газетінің ұжымы сізді он бес жылдан бері жақсы біледі және басылымымыз сіздің тылсым дүние сырлары, емшілер мен көріпкелдер, бақсылар, т.б. туралы танымдық ғылыми еңбектеріңізді оқырмандарына кеңінен таныстырып, халықтың құрметіне бөленді. «Ақбаян» газеті сіз және шипагер жұбайыңыз Түймекүл апай арқылы таралымын көбейтіп, жұрттың алғысына бөленіп келеді.

«Ақбаян» газеті редакциясының ұжымы сізді ізденгіш ғалым, Өтейбойдақты танытушы, білікті ұйымдастырушы, халық емшілерінің білімі мен біліктілігін көтеруші, қорғаушысы, олардың емін академиялық медицинамен тайталаса алатындай ғылыми жолға түсіруші, халық емшілігін ғылыми дәрежеге көтеруші академик-ғалым ретінде жақсы біледі.

Сіздің еңбектеріңіз том-том кітаптарыңызда жарияланып, өлмес, өшпес дүниелерге айналғаны бізді де қуантады!

Шырайлы өлке – Шалкөде өңірін де сіз арқылы халық біліп, танып отыр.

Құрметті Зиядан қажы аға! Алда да сізден тың жаңалықтар күтеміз, тағы да талай белесті алып, атағыңызға атақ қосыла беруіне тілектеспіз. Алла бойыңызға әманда зор қуат беріп, жігеріңізге жігер қосып, денсаулығыңыз мықты болып, ұзақ жасай беріңіз!

«Ақбаян» газеті ұжымының атынан:

Жанна Қыдырбаева,

 бас редактордың орынбасары,

Ақерке Өмірзақова,

бөлім редакторы,

Салтанат Әжібекова,

«Ақбан» газетінің Астана қаласындағы

 

 

 

 

Уважаемый

КОЖАЛЫМОВ ЗЯДАН

 

АО «БТА Банк» поздравляет Вас с Днем Рождения!

 

Успешная деятельность Вашей компании является ценной для Банка «БТА».

За период сотрудничества Ваша компания проявила себя, как активный партнер по бизнесу, широко используя предлагаемую линейку продуктов. Искренне надеемся на дальнейшее плодотворное взаимовыгодное сотрудничество и укрепление партнерских отношений.

В День Вашего Рождения, желаем крепкого здоровья, неиссякаемой энергии, семейного благополучия, движения только вперед - чтобы из года в год оттачивать профессионализм, уметъ в любой ситуации оставаться справедливым и грамотным руководителем.

Пусть стороной обойдут Ваш дом ненастья, а мир, достаток и благополучие никогда не покинут Ваш семейный очаг! Пусть из поколения в поколение передается Ваша энергия и опыт.

Желаем Вам воплощения в реальность намеченных планов, во благо процветания Республики Казахстан.

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  ХАЛЫҚ  ЕМШІЛЕРІ  ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ

ПРЕЗИДЕНТІ, АКАДЕМИК

ЗИЯДАН   ҚАЖЫ  ҚОЖАЛЫМОВ МЫРЗАНЫҢ МЕРЕЙ ТОЙЫНА АРНАУ

Сізді ел алдында атқарған еңбегіңіз, қол жеткен биік лауазымыңыз, ең бастысы халықтық медицинаға қосқан үлесіңіз, шипагерлік тарихындағы өзіндік орныңыз орынды бағаланып, бұдан былай да бағалана береді деген сенімдемін. Халықтың көзін ашып, ұлағатты ұстазыңыздың энциклопедиялық еңбегін елге жеткізген ұланғайыр қызметіңізге ақ алғыстар әлі де айтыла бермек. Сізді жемісті 70 жасыңызбен және «еңбектеріңіздің халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты  халықаралық ғылыми теориялық – тәжірибелік конференциясының басталуымен құттықтаймын!

Үлгі ұстап ұлылардың ұлағатын,

Әйгілеп ел алдында шығаратын.

Тылсымның табиғатын танып білген,

Зиялы Зиядан деп тұрар атың.

«Шипагерлік баянның» шежіресін,

Осыған бар мұсылман елжіресін.

Баяғы бабаларым қандай мықты,

Таңданып кейінгі ұрпақ тебіренсін.

Ризамыз қисапсыз еңбегіңе,

Қиындық-кедергіні женгеніңе.

Ақтарып ақ тілегін елің айтсын,

Жайраңдап 70 жасқа келгеніңде.

Шипагерлік шырағданың сөндірмеген,

Қайта оралды құндылық ел білмеген.

Қадірін қайран халық түсінсе екен,

Шындықтың нұр шуағын мөлдіреген.

Елім деп, ертеңім деп елеңдеген,

Бабамның бай-дәстүрін көрем деген,

Ұрпағын ұлылыққа жетелеген,

Біргеміз қайсар жігіт-кемеңгермен.

Шипагер жанға-дауа, дәтке-қуат,

Әлі де ағайынды жұбат, қуант.

Қазағымның танымын тазартпаса,

Сіздердей асыл жандар қайдан  туат.

Қолдан келсе қызмет етсін дейміз,

Талант пен табысыңды көпсінбейміз.

Ізгіліктің мұратын іздейтұғын,

Ниетің бар қазаққа жетсін дейміз.

Бұл күнде жетпіс деген жігіт жасы,

Абыздыққа жетелер жолдың басы.

Жанында жиналғандар жеміс беріп

Аман болсын балалары, жан-жолдасы.

Қуанып қайта келдік қасыңызға,

Жалғасын жақсылықпен жасыңыз да.

Ел жүктеген аманат азаймайды,

Жамандық жоламасын басыңызға.

Жинап-ап шипагерді маңайына,

Келесіз қызмет жасап ағайынға.

Тазалық, имандылық, терең білім,

Ішінен керегімді табайын да.

Жақсы жан-арай шашқан алтын сарай,

Тәрбие-тәлім алар қарай-қарай.

Мәңгілікке беттеген еркін халқым,

Жетсінші жақсылыққа әлі талай.

Бұл күнде жігіт жасы-жетпіс деген,

Бөгелмей аттай берші кедергіден.

Елге қажет азамат аман  болсын,

Алла берсін күш-қуат. Сізге  сәлем.

 

Шын тілек, ізгі  көңілмен:

 Қализа Көшекбайқызы Құттыбаева

Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы

 

 

 

Құрметті Қожалымов Зядан қажы!

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Халық медицинасы орталығы Бас директорының орынбасары, Қазақстанның «Құрметті халық емшісі», «III мыңжылдықтың үздік емшісі» атанған Сізді жалпы халық парапсихолог, биоэнерготерапевт, ғалым ретінде де таниды. Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. «Қарттары бар ел – қазынасы бар ел» – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.

Біз Сізді жан жүрегіміз жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерей той күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.

Өткен күннің артта қалып елесі,

Тіршіліктің жылжы берер кемесі.

Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,

Жетпіс жастың құтты болсын белесі.

Бұл 70 – қарттық емес, қазына жас,

Бала мен немеренің назына мас.

Біз Сізге бақ тілейміз ортаймайтын,

Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,

Тілейміз қуанышқа бөленгенін.

Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,

Қылығына қуанып шөберенің.

Ізгі тілекпен: облыс емшілер атынан ҚР Халық Емшілер Ассоциациясының Қызылорда облыстық филиалының директоры Есенова Күнқияш Жанқуатқызы

 

 

 

ЗИЯДАН  ҚАЖЫ АҒАМЫЗҒА

 

Метжанова Анаргүл

Халық медицинасының магистрі,

биоэнерготерапевт, ақын

 

Киелі шаңырақтың шипагері,

Дертке дауа, жанға шипа емі.

Зерттеу жұмыстары нәтижелі,

Көп жылғы еңбектері еленді.

Қайсар мінез, қажырлы да қайратты,

Қаншама шәкірттерін самғатты.

Ғылым, білім, ілімдері ұшан-теңіз.

Бар әлемге қауымдастықты мойындатты.

Сара жолды Өтейбойдақ баба салған,

«Шипагерлік баянын» жалғастырған,

Қазақтың байытып рухани әлемін,

Медицина мен емшілікті тоғыстырған.

Сөнген мұра, өшкен үміт қайта жанған,

Халқымен қайтадан қауыштырған.

Зядан қажы ағамыздың шарапаты,

Өтейбойдақ мұрасын табыстырған.

Табыстырған, таныстырған арыс қыран,

Биік-биік белестерді бағындырған.

Ордаңыздың рухы еш өшпесін,

Қайырымдылық пен имандылықты қолдап тұрған.

Ұзақ болсын ағажан өміріңіз,

Тарихта қала берсін есіміңіз.

Жетпістің белесінде қажымаңыз,

Әлі талай асулардан асыңыз.

 

БҚО, Орал қаласы

 

 

 

Аса, құрметті

Зядан қажы!

 

Сізді 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтап, Жезқазғандық шипагерлердің ыстық сәлемін жолдаймыз. Сіз, бағындырған биік белестер, жанымызға жылулық сыйлап, ерен еңбегіңіз біздің де мақтанышымызға айналған. Сіздің қуанышыңыз, біздің де қуанышымыз. Өзіңіз айтқандай, «біз тағдырласпыз», «біздерді тағдыр тоғыстырған» деген шындыққа толы, жүрекке жетерлік үніңіз жанымызда жаңғырып тұрады. Иә, біз тағдырласпыз. Біздерді тағдыр тоғыстырған. Бірақ Сіздің шоқтығыңыз биік, арқа сүйер дара тұлғамызсыз. Барлық құрмет Сізге лайық. Лайым, қасыңызда Түймекүлдей зайыбыңызбен әрқашанда аман-есен жарқырап жүруіңізді Алла нәсіп етсін. Отбасы, бала-шаға, немерелеріңіз аман болсын! Бақыт құшағында көретін жарық күндеріңіз көп болсын! Мерейтойыңыз ұлы тойларға ұласатын мол қуаныш сыйласын!

 

Жезқазған облыстық филиалының атынан,                                                                                  директоры  Алтынай Бұзауова

 

 

 

ҚОЖАЛЫМОВ ЗИЯДАН ҚАЖЫ АҒАҒА

Айткәрім Бауыржан – жырау

Бисмилла сөз басы бір Алла деп,

Қорғаным қасиетті құранда көп.

Ғылым менен өнерде жарқыраған,

Зядан қажы ағама бақ қонсын кеп.

Жақсыға Алла өзі жар болады,

Жаманға дүние де тар болады.

Тарихта аты қалған ұлдарына,

Толғаудың мәні де зор болады.

Жақсылығын жұртынан жасырмаған,

Бір рахат күй кешетін қасында адам.

Зядан қажы ағамыз сондай жан ғой,

Құпиялы сыры әлі ашылмаған.

Ақтарайын тарихты тереңінен,

Өткен күннің алайын дерегінен.

Зядан қажы ағама Алламыздан,

Көп қасиет бойына келе білген.

Тірлігінде білінбес жан қадірі,

Әр адамның әр қилы бар тағдыры.

Зядан қажы ағамның туған жері,

Сұлу Текес баурайы, Хан-Тәңірдің.

Әр қадамын байыппен анық басқан,

Арманына жеткен жан жалықпастан.

Тау қыраны талабы орындалып,

Ғылымға да жаңалық алып қосқан.

Бұл күні 70 жасқа толған аға,

Әрқашан жетелеген алға дара.

Екі жаста әкеден жетім қалып

Әулетінің жалғызы болған аға.

Аналар ғой дүниеде асыл адам.

Өзипа анаңыз өсірген, жасымаған.

Ақ апасы атанып үлкен елдің,

Немересін иіскеп, рахат тапқан.

Айта берсем тарих қой өткеніңіз,

Асылдардың сынығы,текті едіңіз.

Нарынқолдың нар тұлғасы 70 жасқа,

Құтты болсын жеміспен жеткеніңіз.

Жан бар ма құдай жолын аңсамаған,

Еңбегіңе дән риза қаншама адам.

Зиядан қажы ағамыз ғылымда да,

Ізденуден, зерттеуден шаршамаған.

Көп қасиет бойына жиып берген,

Арқалаған алғысын сүйікті елден.

Емшілерге сара жол салып беріп,

Қажы ағамыз көрінген биіктерден.

Шыншылдыққа ұдайы құмар жаны,

Алға қарап жетелеп тұр арманы.

Емшілердің рухани жан байлығы,

«Шипагерлік баянды» шығарғаны.

Емші, ғалым, жазушы, ақын аға,

Өнерге өлмейтұғын жақын аға.

Өтейбойдақ бабаны тірілткендей,

Сөйлеттіңіз әкеліп сахнаға.

Ойы терең, сөзі нық, адал адам,

Қаншама шет елдерді аралаған.

Жемісті еңбегінің арқасында,

Елі-жұрты құрметпен, бағалаған.

Сөзіме әр-бір айтқан мән беріңіз,

Сіздей жанды ұмытпас мәңгі еліңіз.

Шет елдер сахнасында орындалды,

Жанға шипа беретін әндеріңіз.

Ежелден ақыл жастан-асыл тастан,

Айтайын өз ойымды жасырмастан.

Зядан қажы ағамыз алғашқы рет,

23 жыл шипагер ілімі көзін ашқан.

Алланың құдіретіне таң қаламыз,

Әр адамнан әр қасиет аңғарамыз.

Алланың қасиетін терең ұқсаң,

Адаспайтын мәңгілік жол табамыз.

Жақсылық болса егер жинағаның,

Бұл дүниеда бар байлық,  иман, арың.

Алланың қасиетіне мойын бұрып,

Жақсы ғой тура жүріп, сыйлағаның

Түймекүлдей көрікті жан-жарыңыз,

Алла қосып бір болған жолдарыңыз.

Төрт қызбен, екі ұлдан, ұрпақ тарап,

Барлығы болды-ау сіздің қорғаныңыз.

Өмірде көп қой сіздің көргеніңіз,

Адалдықтан салдыңыз елге бір із.

Қаншама қиындықты жеңіп-өтіп,

Түн ұйқыны төрт бөліп, терледіңіз.

Аллаға шүкіршілік бұл күндері,

Нәтижесін берді ғой еңбегіңіз.

Құтты болсын қажы аға мәртебелі,

«Қазақстан даңқы» атты орденіңіз.

Ақ көңіл адал жанның бірі едіңіз,

Көбейсін сүйеніш пен тірегіңіз.

Зиядан қажы ағама өмір тілеп,

Жетпістен аға жүзге сіз келіңіз.

Иманым – жиғаным деп ұрандаған,

Қолына қасиетті құранды алған.

Зядан қажы ағаға шын тілейміз,

Ел болып, халық болып бір Алладан!

Сейітқұл Жұманов, ақын

Астана қаласы.

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9

В начало страницы