Одаренные целители Казахстана

10

 
Главная           Вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24
 

  

 

Чу Джун Хуа

f           1952 жылы 7 қаңтарда ҚХР Хэнань өлкесі Фугоу ауданында  туған. Білімі жоғары. Мамандығы – дәрігер. Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары,  психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. ҚР «Халық медицинасы және Ғарыштыққуат» Академиясының толық мүшесі. Халықаралық дәрежедегі емші. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. 1973-1978 жылдары аралығында Шыңжаң медицина институтының «Қытай медицинасының терапиясы» бөлімін бітіріп дәрігерлік қызметін атқарған. Ата-бабаларынан емшілікті кәсіп еткен отбасының мүшесі. 2006 жылы Қазақстанға келіп емшілік қызметпен айналысуда. 2007 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. Қауымдастық жанындағы  емшілер мектебін бітірген. 2009 жылы Таразда өткен конгреске қатысқан. Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломдарымен және  медальдармен марапатталған. Емдеу қабілетінде: Қытай және Тибет медицинасының мол тәжірибесін пайдалана отырып,  тамыр ұстау арқылы, денеге қарап, тырнақтың өзгеруіне назар ауару арқылы және тілдің өңіне қарап ауруды  анықтайды.   Табиғи шөптермен, биоэнергетикалық тәсілдердің алыстан және қол тигізу емдеу әдісімен және нүктелі массаждар жасайды. Қытай медицинасының сапалы медициналық емдеу құралдарын пайдаланады. Сонымен қатар жүрек, бүйрек, бауыр, өкпе, асқазан, омыртқа грыжасын, псориаз, лейкодерма, ерлер мен әйелдер ауруларын т.б. ауруларды емдейді.

 

 

2.3 Алматы облысы бойынша

По Алматинской области

 

Ахмедова Лилия Махаровна

f            Родилась 11.08.1954 года в Алматинской обл. Илийский район, пос. Бурундай. Образование высшее. Специальность – бухгалтер. Действительный член Международной Ассоциации специалистов традиционной народной медицины, психологов и целителей. Действительный член Академии народной медицины и Космоэнергетики. Целитель Международной категории. «Народный целитель» РК, Магистр народной медицины, «Лучший целитель III тысячелетия», «Почетный член» АНЦК. С 1999 года вляется членом АНЦК. Окончила школу целителей при АНЦК, РЦНМ и курсы экстрасенса-биоэнерготерапевта, школу Ассоциации целителей РФ.  С 1986 года занимается целительской деятельностью. Бабушки и предки имели высокую одаренность и духовные знания (хаджы). С 2004-2009 года году участвала в конгрессах АНЦК (Алматы, Шымкент, Туркестан, Тараз). Награждена различными медалями и почетными грамотами, дипломами мастер-класса и сертификатами АНЦК. Определяет болезни по методу: телепатии, биоэнергетики, ясновидения, общения с духами. Лечит болезни: неврологические, бесплодие, суставные, склероз, давление, почки,  печень, сглаз и порча и др.

 

 

Әметхан Медетхан

f         1970 жылы сәуірдің 24 жұлдызында ҚХР ШҰАР-да дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – қытайша емдеу дәрігері. Халық медицинасының магистрі. Дәрігер-шипагер. ҚХР ШҰАР «Медициналық университетін» қытайша емдеу мамандығы бойынша бітірген (1992). 2004 жылдан бастап қазақ еліне қоныс аударған. 2005 жылдан бері ҚХЕҚ мүшесі.   2008-2009 жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған (Түркістан, Тараз) Халықаралық конгреске қатысқан. Қауымдастық тарабынан бірнеше рет мақтау және алғыс қағазымен, шеберлік дипломдарымен, сертификатымен және медальдарымен марапатталған. Негізгі емінің бағыты Қытай және Тибет медицинасының және халықтық шипагерліктің озық тәжірибелеріне негізделген. Ауруды тамыр ұстау, өңіне қарап, медициналық аппарат көмегімен және халықтық тәсілдермен анықтайды. Емдеу жүйесі баоғыты: алтын ине салу, мануалды, нүктелі, жалпы уқалау, шөп дәрімен емдеу т.б. Емдейтін аурулары: сал, омыртқаның майысуы, жүйке, буын, тері т.б.

 

 

 

Баймолла Зурихан

f          1948 жылы 20 шілдеде ҚХР Шыңжаң өлкесінің Құтыби ауылында  туған. Білімі жоғары. Мамандығы – дәрігер. Халық медицинасы және Ғарыштыққуат Академиясының толық мүшесі. Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. Шығыс және Халық медицинасы   мен Рухани емшілік магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Шыңжаң медицина институтының емдеу бөлімін бітірген. Қытай елінің өлкелік әкімшілігінде қызмет істеген. 2007 жылы  Қазақстанға қоныс аударып емшілік кәсіпті дәрігерлікпен ұштастырып еңбек етуде. 2007 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. Қауымдастық жанындағы емшілер мектебін бітірген.  2008-2009 жылдары аралығындағы конгрестерге қатысқан (Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломдарымен және  медальдармен марапатталған. Емделушілерінен ризалық алғыс хаттар қауымдастықтың атына көптеп келуде. Мақалалары конгрестің жинағына және «Шипагерлік Баян» газетінде жарияланған.  Емдеу тәсілінде  тамыр ұстау, нүкте басу, алақан  қарау, дем салу және медициналық құралдармен анықтау, қазақи ем-домдық әдістерін пайдаланады. Ұшықтау, шөп дәрілермен және медициналық аппаратпен емдеумен бірге, бастан қан алу сияқты емдік жүйесімен емдейді. Әр түрлі сырқатарды қабылдайды.

 

 

Елеместегі Убайдулла қажы Әбішұлы

f           1953 жылы 25 ақпанда Түркіменстан елінде туған. Білімі жоғары. Мамандығы – темір жол инженері. Жоғары діни «Руханият» университетін бітірген (2004).  Дінтанушы, ақын, термеші. Әкесі жоғары діни білімді сезімтал қасиетке ие болған. Халықаралық дәрежелі халық емшісі. Шығыс медицинасы мен Рухани емшілік медицинасының магистрі. Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. Қажылық парызын өтеген (2006). 2000 жылдан ҚХЕҚ мүшесі. ҚХЕҚ-ның жанындағы емшілер мектебін бітірген.  «Бабалар рухымен» атты кітаптың авторы (2009). Рухани емшілік жолын әкесінің өсиеті мен аманаты бойынша дамытқан. Алғаш өнер жолына өте жақын болғанымен, Алланың құдіреті мен әруақ аянының әсерінен бұрынғы кәсібін тастап дін, рухани шипагерлік жолын 1998 жылдан бастап біржолата қабылдаған. 2004-2009 жылдары аралығындағы конгрестерге қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломымен және  медальдармен марапатталған. Сырқатты тамыр ұстау арқылы анықтайды. Құран дұғалары көмегімен неше түрлі сырқаттарға ем жүргізіп өте жақсы нәтижеге жетіп, емделушілердің ықыласына бөленген рухани сауықтырушы әрі тәрбиеші.

 

 

Зейнолла Нұрғалиұлы

f                  1950 жылы 30 желтоқсанда ҚХР Шыңжан өлкесі, Үрімжі өңірінде туған. Білімі жоғары. Мамандығы – дәрежелі дәрігер.  Инемен, шөп дәрі және мануалды терапия маманы. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 1969 жылы Шыңжаң медицина институтының Тибет медицинасы саласына мамандандырылған бөліміне оқуға түсіп, бітірген (1972). Қытай елінде денсаулық сақтау ауруханалары мен емханаларында ұзақ жылдар қызмет істеген. 2006 жылы туған Отаны Қазақстанға оралып халық медицинасы саласына өз үлесін қосуда. 2006 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. ҚХЕҚ жанындағы емшілер мектебін бітірген. Халық емшілігіне қосқан еңбегі үшін қауымдастықтың мақтау-марапаттау қағаздары мен медальдарының  иегері болған.   Емдеу қабілетінде дәрігерлік пен емшілікті ұштастыра отырып әр түрлі ауруды емдейді. Тамыр ұстап ауруды анықтайды. Емдік нүктелі массаж мен инемен, шөп дәрілерімен бірге ем-домдық әрекеттерін қолданады. Әр түрлі сырқататрды қабылдайды.

 

 

 

 

Кумари Еркінхан Ахметханұлы

 f           1964 жылы қазанның 2 жұлдызында ҚХР ШҰАР-да дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – дәрігер-невропотолог. Шыңжаң медицина университетін бітірген (1989). Дәрігер-шипагер. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. Дәрілік өсімдіктер қоспасымен емдеуші шипагер. Нүктелі және мануалды терапия маманы. Осы замаңғы Қытай және басқа елдердің медициналық құралдарын емдеу жүйесіне енгізіп пайдаланушы. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Алтын инемен емдеу шебері. Тибет және Қытай медицинасының өте білімді жүйке жүйесі дәрігері.  Қазақ еліне 2002 жылы қоныс аударған. 2003 жылдан ҚХЕҚ мүшесі. ҚХЕҚ мен РХМО жанындағы емшілер мектебін бітірген. 2004-2009 жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз) Халықаралық конгрестер мен форумдарға қатысқан. Қауымдастық тарабынан бірнеше рет мақтау және алғыс қағазымен, шеберлік дипломдарымен, сертификатымен және медальдарымен марапатталған.

Сырқатты анықтауда медициналық аппараттардың көмегімен, тамыр ұстау арқылы, өңіне, қозғалысына, жүрісіне, сөзіне және т.б. ерекшеліктерге сүйенеді. Емдеу жүйесі Қытай және Тибет медицинасы мен халық медицинасының мол әдіс-тәсілдеріне негізделген. Емдейтін аурулары: жүйке, іш құрылысы, жүрек, жалпы әлсіздік бедеулік, тері, аллергия т.б.

 

 

Парманов Халтұрсын Сатыбалдыұлы

f           1959 жылы қаңтардың 14 жұлдызында Ташкент облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – дәрігер невропотолог. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Ташкент медицина институтын бітірген. Мәскеуде инемен емдеу курсын бітірген және біріккен Ресей Вьетнам СП «Медикор» кәсіпорынында «рефлексотерапия» мамандығын алған.  2005 жылдан ҚХЕҚ мүшесі. ҚХЕҚ-ның жанындағы емшілер мектебін бітірген. Өз мамандығы бойынша қызметін атқара жүріп халық медицинасының емдеу әдіс-тәсілдерін де сырқаттарды емдеуде тұрақты дамытып отырған. 2008-2009 жылдары аралығындағы конгрестерге қатысқан (Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен және  медалімен марапатталған.  Сырқаттарды негізінен медициналы Жүйке, буын, іш құрылыстары, бедеулік, тері т.б. ауруларға көмегі өте нәтижелі.

 

 

 

Рысбекова Назипа

f           1962 жылы 2 наурызда ОҚО Кеңтау қаласына қарасты Ащысай өлкесінде дүниеге келген.  Білімі арнайы орта. Мамандығы – есепші. Халықаралық дәрежелі емші. Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі.. Шығыс пен Халық медицинасы және Рухани емшілік магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Рухани-сауықтырушы. 2004 жылдан ҚХЕҚ мүшесі. ҚХЕҚ жанындағы емшілер мектебін бітірген. Арғы ата-бабаларында көріпкел және діни сауатты адамдар болған. Ташкентте діни медресені бітірген. ҚМДБ жанындағы ҚР Имамадарының Білімін жетілдіру  Ислам Институтының толық курсын бітірген (2006-2008). 1980 жылдан емшілікпен шұғылданады.  2004-2009 жылдары аралығындағы конгрестерге қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз).  Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттар мен шеберлік дипломдарымен және  медальдармен марапатталған. Негізгі қасиеті: көріпкелдік, тамыр ұстау, биоэнергетикалық және Құран дұғалары арқылы. Емдейтін сырқаттары: жүйкенің бұзылуымен басқа аурулары, бедеулік, буын, іш құрылысы, геморой, гайморит, бронхит, тіл, көз т.б.

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24

 

 

вверх