Одаренные целители Казахстана 12 | |||
Главная Вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 | |||
Таджибаева Гулчехра Урватуллаевна Родилась в 1971 году 31 декабря в городе Ташкент. Образование высшее. Специальность – врач невропатолог. Врач-целитель. Действительный член Международной Ассоциации специалистов традиционной народной медицины, психологов и целителей. Действительный член Академии народный медицины и Космоэнергетики. Магистр Восточной и Народной медицины. Духовный оздоровитель. «Почетный член» АНЦК. Окончила ТашГУ, медицинский факультет. Целительской деятельностью занимается с 2000 года. С 2001 года является членом АНЦК. Окончила школу при АНЦК и РЦНМ. Целительские способности передались от дедушки. С 2004-2009 года участвовала в Международных конгрессах и форумах в Казахстане (Алматы, Шымкент, Туркестан, Тараз). Награждена медалями за целительскую деятельность, почетными грамотами, сертификатами и дипломами мастер-класса. Обладет высокими медицинскими и целительскими способностями. Имеет врачебное, духовное и биоэнергетическое знание. Определяет болезни по пульсотерапии, с помощью медицинской аппаратуры, внешнему виду больного, биоэнергетически и другими методами. Лечит: тяжелые заболевания внутренних и наружных органов, суставно-опорно-двигательный аппарат, неврологические, кожные и другие.
Тырнахан Кабира 1955 жылы қарашаның 27 жұлдызында МХР Баян-Өлхей аймағының Бұлғын ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы: дәрігер-терапевт. ҚР «Халық медицинасы және Ғарыштыққуат» Академиясының толық мүшесі. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. Дәрігер-емші. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 2000 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі және оның жанындағы емшілер мектебін бітірген. Монғолия медициналық институтын бітірген (1980). Улан-Батыр қаласында 1991 жылға дейін мамандығы бойынша дәрігерлік қызметін атқарған. 1991 жылдан бастап қазақ еліне қоныс аударған. Жас кезінен бастап дәрігерлікпен қатар науқас жандарды шөп дәрімен емдеу тәсілін жалғастырған. Арғы ата-бабаларында Тибет медицинасы мен халықтық медицинаны меңгерген аталары мен анасы болған. 2004-2009 жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған Халықаралық конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Бірнеше мақтау қағаздарын, шеберлік дипломадыры мен сертификаттарын және медальдарымен марапатталған. Сырқатты медициналық диагноз қою арқылы, тамыр ұстаумен және адамның бітімдік тұлғасына қарап анықтайды. Емдеуде ине салу, шөп дәрімен, уқалау, мануалды және халықтық шипагерліктің бай тәжірибесін пайдаланады. Көптеген сырқаттарға емдік шипасы жоғары дәрежеде қонуда.
Ұзақбаев Үсен қажы 1959 жылы наурыздың 30 жұлдызында Алматы облысының Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – бұрғылау инженері. Халық медицинасы мен Рухан емшілік магистрі. Рухани шипагер. Бақсы. Мануалист. Каратэшы, уқалаушы. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 2000 жылдан ҚХЕҚ мүшесі және оның жанындағы емшілер мектебін бітірген. Арғы ата-бабаларында емшілік және бақслық өнерімен шұғылданған бабалары болған. 2008 жылы қасиетті Мекке-Мединаға барып мұсылмандық қажылық парызын өтеген. 1997 жылдан емшіліктен шұғылданады. 2004-2009 жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз) Халықаралық конгрестер мен форумдарға қатысқан. Қауымдастық тарабынан бірнеше рет мақтау және алғыс қағазымен, шеберлік дипломдарымен, сертификатымен және медальдарымен марапатталған. Шипагер-бақсылық, көріпкелдік, болжампаздық, биоқуаттық, каратэ өнері басым. Емді Құран дұғаларының, биоқуаттың, бақсылық және каратэ өнерінің емдеу жүйесінің тәсілдерімен жүргізеді. Көбінесе бедеулік, әйел аурулары, буын, жүйкесі ауытқығандарды, наркологиялық және маскүнемдікке ұшырағандарды сондай-ақ, әр түрлі сырқаттарға ұшырағандарды қабылдауының нәтижесі медициналық талапқа сай.
2.4 Астана қаласы бойынша По городу Астана Дәмеш қажы Кенжебайқызы 1942 жылы сәуірдің 11 жұлдызында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі – арнайы орта. Мамандығы – сауда саласы. Халықаралық «Экология» Академиясының толық мүшесі. ҚР «Халық медицинасы және Ғарыштыққуат» Академиясының толық мүшесі. Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. ҚР «Құрметті кәсіби халық емшісі». Халықаралық дәрежедегі емші. Шығыс және Халық медицинасы мен рухани шипагерлік магистрі. «III мыңжылдықтың үздік емшісі», «Әлемдік рухани емші». ҚХЕҚ мен РХМО-ның және Ресей қауымдастықтарының «Құрметті мүшесі». 1992 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. ҚХЕҚ-ның, РХМО-ның, Мәскеу мен Киевте т.б. қалаларда емшілер мектебін бітірген. Ата-бабалары арасында жоғары дарынды көріпкелдер, болжампаздар, діни сауаттылар болыпты. Қырық жылдан аса емшілікпен шұғылдануда. 1989 жылдан бастап емдік сеанстарын Алматыда, Астанада, Мәскеуде, Киевте, Астраханьда, Омскде т.б. алыс-жақынды басқа да қалаларда жүргізіп келеді. Баспасөз беттерінде 60-тан аса мақалалары жарияланған және телеарналардағы сұхбаттары да жетерлік. Емшінің жеке «Ем анасы - ардақты Дәмеш Кенжебайқызы» атты кітабы шыққан («Елорда», Астана 2003). 2004-2009 жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған Халықаралық конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Бірнеше мақтау қағаздарын, шеберлік дипломадыры мен сертификаттарын және медальдарымен марапатталған. Және РХМО мен Ресей қауымдастықтарының да арнайы марапаттары және медальдарымен марапатталған. Көріпкел, болжаушы, тамыршы және таспих пен биоқуат суретке қарап сырқатты анықтау мен емдеу әдісінің шебері. Ауруды көптеген әдіс-тәсіл түрлерімен анықтайды. 100-ге жуық ауру түрлерін емдей алатындығы жөнінде ғылыми негізде дәлелденген. Емдейтін аурулары: ұйқысыздық, кекештік, псориаз, полиартрит, бедеулік, бауыр, бүйрек, жүрек, туберкулез, экзема, дәреттің тоқтамауы, жүйке, қан аздық, асқазан т.б. ауруларды және дұға, көз, тіл т.б.
Жарбосынова Лайлаш Керуенбайқызы 1951 жылы қаңтардың 12 жұлдызында дүниеге келген. Білімі – арнайы орта. Мамандығы – тәрбиеші. Халық медицинасы мен Рухани емшілік магистрі. Рухани-сауықтырушы және ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 1996 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі, оның емшілер мектебін бітірген. Өзінің арғы ата-баба және нағашы жағында көріпкелдік, емшілік және діни танымы мол адамдар болған. 2006-2009 жылдары аралығындағы конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломдарымен және медальдармен марапатталған. Емі қонымды, қабылдауы мәдениетті, буын, жүйке, іш құрылыстары, бедеулік, көз, тіл тию ауруларын емдейді. Емделгендерден алған алғысы баршылық.
Ибраева Күмісжан Боштанқызы 1947 жылы маусымның 25 жұлдызында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы - әдебиет пәнінің мұғалімі. Халықаралық «Экология» Академиясының академигі. Халықарылқ дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. ҚР «Құрметті кәсіби халық емшісі», «III мыңжылдықтың үздік емшісі». Халықаралық дәрежелі емші. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 1993 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. ҚХЕҚ-ның және РХМО-ның емшілер мектебін бітірген. Әкесі Боштан дәрігер болған. 2004-2009 жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған Халықаралық конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Бірнеше мақтау қағаздарын, шеберлік дипломадыры мен сертификаттарын және медальдарымен марапатталған. Емдеу тәсілдері: Құран сүрелерін оқып, биоқуат, қан алу, үшкіру, үзу, ұшықтау, сылау, уқалау, қолмен қайшылау, тамыр ұстау сияқты емдеу әдістерін қолданады. Ем жүргізу барысында киікоты, қызыл долана, жолжекен, қалақай, өгейшөп, қалампыр, меңдуана, у сарғалдақ, упілмәлік, алоэ, уқорғасын, сияқты шипа болатын шөптерді пайдаланады. Қойдың майын, өтін және өкпесін де емге қолданады. Емшінің пайдаланатын дәрі –дәрмектерінің ішінде күшәла, сыр, тотияын, күкірт, сынап, ашутас та бар. Сондай-ақ қан шығару, қан алу, қазақы ем-домдарын қолданады. Көбінесе құяңжел, тітіркену, буын, остеохондроз, қан қысымы, тері т.б. көптеген ауру түрлерін емдеуде жақсы нәтижеге жетуде.
Кабдолла Камарайым Ақпасқызы 1951 жылы 30 қарашада Көкшетау облысы, Чистоколь ауданы, Красный-Кардан селосында дүниеге келген. Білімі арнайы орта. Мамандығы – есепші. Аталарында емшілік қасиет болған. ҚР халық емшісі. Халық медицинасы мен Рухани емшілік магистрі. ҚХЕҚ «Құрметті мүшесі». Рухани - сауықтырушы. 2000 жылдан ҚХЕҚ мүшесі және РХМО-на тіркелген. РХМО мен ҚХЕҚ жанындағы халық емшілерінің мектебін және Мәскеудегі гирудотерапия мектебін бітірген. Елінде мешіт салғызған (2004). 2006-2007 жылдары Мәскеуде өткен «Комплексная гирудотерапия, Духовное очищение, Триединство духа, души и тела» және «Хронические заболевания шитовидной железы и органов малого таза» Халықаралық форумдарына қатысып баяндама жасаған. ҚХЕҚ 2004-2009 жылдары ұйымдастырған конгрестерге қатысқан. Шеберлік сеанстарын көрсеткен. Ғылыми жинақтарға мақаласы басылған. «Шипагер» журналы мен «Шипагерлік Баян» газетінде мақалалары жарияланған. Сырқатты анықтауы: тамыр ұстау, аян, көріпкелдік және сезімталдық арқылы. Емдеу әдістері: Құран дұғаларын оқып дем салу, сүлік салу, нүкте басу, нүктені күйдіру (рефлексотерапия), психотерапиялық әсері бар халықтық әр түрлі емдік тәсілдерді пайдаланады. Көмектесетін сырқаттары: қотыр, жарақат, диабез, псориаз, талма, жүйке, сал ауруларын, іш құрылыс, өт, бауыр, ұйқы без, бүйрек, жатыр, жыныс жолдары, қан қысымы, жүрек аурулары, талма, бедеулік және көз, тіл т.б.
Кумаров Қабылкәрім Қаппасұлы 1958 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – мал дәрігері. ҚХЕҚ-ның вице-президенті (2009). ҚХЕҚ-ның Астана қалалық филиалның директоры (2007). Халықаралық дәрежелі емші. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. ҚР «Халық медицинасы және Ғарыштыққуат» Академиясының толық мүшесі. Рухани-сауықтырушы. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. Қауымдастықтың «Шипагерлік Баян» газетінің ақылдастар алқасының мүшесі. 2003 жылдан ҚХЕҚ мүшесі. ҚХЕҚ жанындағы емшілер мектебін және Ресей мен Америка бірлескен Америкалық емшілік жолдары курсын «Управление Разум и Совершенство человека» мамандығы бойынша (1996-1998) және Ленинградтық Сергеев институтының «Халық емшісі» оқуын оқып, дипломдарын алған. 1985 жылдан шипагерлікпен шұғылданады. Жас кезінде йогамен шұғылданған. Ресей-Қазақстан велотуризміне қатысып, 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Киров-Астана марафонында 23 күн жүріп, бірінші болып келген спортшы. Арғы ата-бабалары мен әкесінің апасы Дәметкенде сынықшылық, емшілік және анасы Рахимадәрілік шөптерден дәрі жасап адамдарды емдейтін қасиеттері болғандықтан, осы қасиет Қабылкәрімге де қонған. 2004-2009 жылдары аралығындағы конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздарымен, сертификаттармен, шеберлік дипломымен және медальдармен марапатталған. Телепатиялық, космоэнергетикалық, рухани-шипагерлік, сынықшылық, тамыршылық, өңіне қарап, биоэнергетикалық, сөз терапиясы және музыка терапиясы бойынша емдеу жүйелерін жақсы меңгерген. Емдейтін аурулары: өт және бауырдан тас түсіру, урологиялық аурулар, жүрек, іш құрылыс, жүйке, буын, көз, тіл т.б.
Күләй қажы Мұстапақызы 1952 жылы қазанның 16 жұлдызында Манғолияның Баянөлкей аймағында дүниеге келген. Білімі – арнайы орта. Мамандығы – тігінші. Халықаралық «Экология» Академиясының академигі және ҚР Халық медицинасы және Ғарыштыққуат Академияларының толық мүшесі. Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі, ҚР «Құрметті кәсіби халық емшісі», «Әлемдік рухани емші», Халықаралық дәрежелі емші, Шығыс пен Халық медицинасының және Рухани емшілік магистрі. Сынықшы. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 1994 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. ҚХЕҚ мен РХМО-ның емшілер мектебін бітірген. Күләйдің атасы Нәби де, әкесі Мұстапа да бақсы, емші, молда болыпты. Әкесінің ағасы Сәдуақас та сынық салыпты. 2004-2009 жылдары аралығындағы конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломдарымен және медальдармен марапатталған. Және Ресей мен РХМО-ның халық медицинасы саласы ұйымдарының Құрмет және мақтау грамоталары мен медальдарының иегері. Бойына біткен діни ілімділік, сезімталдық пен көріпкелдік, құмалақ ашу, болжау, сынық салу сияқты қабілеттері өте жоғары. Сырқатты нақ анықтауына қарай емін де таба біледі. Көптеген сырқататр түрлеріне көмек етіп келеді.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 | |||
|