Одаренные целители Казахстана

3

 
Главная           Вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24
 

 

 

 

1.4 Халық емінің жаңа қыры

 

Халық емінің жаңа қыры Адамзатпен бірге жасасып келе жатқан  халық медицинасы қазіргі дәстүрлі медицина деп аталып жүрген  денсаулық сақтау саласының түп атасы екендігі анық. Алайда,  бұл өзі «Тауық бірініші пайда болды ма, әлде жұмыртқа бұрын  пайда болды ма?» деген қызық сұрақ тәріздес жұмбақ мәселеге  айналып тұр. Неге десеңіз, о баста негізі бір шаруа заман ағымына  сәйкес дами келе, екеуі екі арнаға бұрылып кеткен тәрізді. Оны  бұрған да кешегі кеңестік идея, оның ішінде атеистік бағыты.  Әйтсе де атамзаманнан халық емшілерін құрметтеп келген қазақ халқы Алаш көсемі Әлихан айтты деген әзелгі әңгімедегідей – «Маркс айтты екен деп тоқтап қалмады». Жаңа заман жарығы мен техникасының тұяғы жетпеген алыс түкпірдегі ауылдарда қазақтың қара емі, оның дәстүрлі  үзіліп  қалған  жоқ.  «Басы  ауырған  бақсыға  барды,  даулы  кісі  жақсыға  барды».  «Тамыр  ұстаған дәтке қуат» деп емшілер де қаншама қудаланғанымен,  төл  жұмысын  жалғастыра  береді.  Десе  де  халық  медицинасы  тақырыбы сол күрмеуі күрделі кезеңде өкімет тарапынан мүлдем  ескерусіз қалмаған екен. Оған дәлеле – «жылымық» уақытында  Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі С. Қарынбаев бас болып,  Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көшпелі  мәжілісі   өтіп,   онда   халық   медицинасын   дамыту   мәселесі  қаралып,  тиісті  құжаттың  қабылдануы.  Бірақ  сол  игі  іс  КСРО  империясында  аяқсыз  қалып,  керісінше,  Үндістанда,  Қытайда  жаңа серпінмен дамыды. Міне, осы ізгі шара еліміз өз дербестігін  алған  соң  қайта  жанданады.  Біздің  елдегі  Қазақстан  халық  емшілері   (ҚХЕҚ),   Халық   медицинасы   Орталығы   құрылды.  Мұның  бірінші  қоғамдық  ұйым  болса,  екіншісі  Денсаулық  сақтау министрлігі тарапынан құрылған құзырлы мекеме. Осы ел  қалаған іске Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та жете мән беріп, өзі қол қойған «ҚР Халық денсаулығын сақтау туралы»  заңның  64-бабында  Алла  тағала  берген  қасиетті  адамдардың   медициналық  білімінсіз  де  емшілікпен  айналысуына  құқық  берілді.   Бірақ   халық   емшілері   арнайы   құзырлы   мекемеден  лицензия   алуы   тиіс.   «Емшінің   ең   жақсысы   –   ауруға   ауру  қоспаған» десек, бұл талап та орынды. Өйткені, «емші» атанып  жүргендердің  бәрі  бірдей  атауына  лайық  жандар  емес.  Жеке  басын күйттеп, алаяқтыққа салынып жатқандары да жеткілікті. Жуырда Алматыда өткен «Қазақстан Республикасындағы халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» атты I Халықарлық  Конгресте   алыс-жақын   шет   елдік   қонақтар   да,   емшілердің  өздері де осы мәселені қадап айтты. Алайда, таңғаларлығы да  сол, денсаулық сақтау министрлігінен бірдебір өкіл қатыспады.

Қалалық департаменттен келген өкіл он бес-ақ минут отырды  да  шығып  кетті.  Екі  күндік  конгрестен  байқағанымыз,  біздің  елдің   халық   медицинасының даму  деңгейі  жоғары,     тіпті  құқықтық  жағынан  қорғалуына  Ресей  Федерациясындағылар  ризашылық  айтты.  Ең  бастысы  –  халықтың  қызығушылығы  мол.  ҚХЕҚ  президенті  Зиядан  қажы  Қожалымовқа  жуырда  «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағының берілуі де  тегін  емес.  Басқа  да  емшілер  марапаттан  құралақан  қалмады.  Солай бола тұра емшілердің жағадайы әлі де жақсартуды керек  етеді. Мәселен, ҚХЕҚ әлі баспанасыз, емшілер де бөлме жалдап  емдеуге мәжбүр, салық мөлшерін де қайта қарауы керек тәрізід.  Халық медицинасы Орталығы мен Қауымдастықтың жұмысын  үйлестіруде де, емшілерге лицензия беру де, емшілердің  жұмысын  реттеуде де  атқаратын  жұмыс  көп.  Бұған  құқық қорғау саласының қырағылығы да қажет. Өйткені, лицензиясыз емшілер ештеңеге қарар емес.  Олар  ешкімді мойындамай,  өздерімен өздері жүр. Бәлкім, халық тарапынан өкпе-реңіштің болуы да осындай қадағалаулардың әлсіздігінен болар. Ендеше, тиісті орындар дәстүрлі халық емшілігін кездейсоқ алаяқтардан  тазартып,  қалыпты  арнаға  салып,  дәстүрлі  медицинамен  егізқатар алып жүруі абзал.

 

                                                        Қайрат Әлімбек 

                               «Қазақ әдебиеті» газеті, (19.11.2004).

 

 

 

1.5 Қауымдастықтың басқару құрамы
(Төралқа)
Руководящиий состав Ассоциации
(Президиум)

photo

Кожалымов Зядан кажы
Президент

 

 

photo                     f

Курбанкожа Сансызбай                                            Туребеков Бахтыбай

Вице-президент                                                        Член Президиума

 

photo                           photo

     Кумаров Кабылкарим                                   Турекулов Токтабек
          Вице-президент                                            Член Президиума

 

photo                         f

Сарсенбай Жанболат                                               Андрей Васильев
     Член Президиума                                                    Член Президиума

 

 

 

А. Қожалымов Зядан қажы

 

     1944 жылы шілденің 1 жұлдызында дүниеге келген. Алмтаты облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы». Білімі жоғары. Мамандығы – инженер-электрик.Мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы ғалым. Философ-психолог. Дінтанушы. Ақын-сазгер. Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Алғыс хатын» алған (2005). Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегін зерттеп тұңғыш ғылыми жүйеге енгізуші. Ғалым шипагердің еңбегі негізінде сахналық көріністің сценарийі мен «Шипагер баба» әнін жазған және сахнаға шығартқан тұңғыш авторы (Тараз, 24. 07.2009). 1998 жылдан бері ҚазҰУ-дің психология және философия кафедраларында халық медицинасы саласы бойынша ғылыми зерттеуші ғалым. Қазақстан Журналистер және психологтар одағының мүшесі (1996), Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құру жөніндегі алғашқы ұйымдастыру комитетінің төрағасы (30.09.1991). Қазақстан халық емшілері қауымдастығының тұңғыш президенті (22.12.1991). ҚР «Халық медицинасы және Космоэнергетика» академиясының президенті (2006), Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті (2006), ҚР «Қазақстан халық емшілері қоры» қоғамдық қорының президенті (2004). Халықаралық «Экология» Академиясының академигі (2004). Халықаралық М. Нострадамус атындағы проскопиялық ғылымдары Академиясының академигі (2003, Париж). Әлемдік рухани және халық емшілері Академиясының академигі (2004, Мәскеу). Халықаралық «Возрождение» Қауымдастығының вице-президенті (1992, Мәскеу). Халықаралық «Жаңа өрлеу», «Бейбітшілікке – мәдениетпен», «Парапсихология», «Туысқандық» және Ресей халық емшілері қауымдастықтарының толық мүшесі (1991), «III мыңжылдықтың үздік емшісі», ҚР «Құрметті кәсіби халық емшісі», Халықаралық дәрежелі рухани емші, Шығыс медицинасының, Халық медицинасы мен Рухани емшілік және Хиллер мен Космоэнергетика магистрлері. Әлемдік емші. Халықаралық дәрежедегі парапсихолог, биоэнерготерапевт, Халықаралық ұйымдармен және Ресей халық медицинасы ұйымдары сертификаттары мен медальдарының иегері. “Халық емі” газеті Ақылдастар алқасының төрағасы (1992). «Шипагерлік Баян» газетінің Ақылдастар алқасының төрағасы-Бас редакторы (2002), Қауымдастықтың «Шалкөде» баспасының директоры (2004). Діни медресе мен философия және психология мамандықтары бойынша білім алған. Қаз ССР Ғылым Академиясы жанындағы қоғамдық «Халық Университетін» қазақ әдебиеті тарихы бойынша тыңдаушы ретінде бітірген (1966-1968). ҚазҰУ жанындағы «Этнопсихология» және «Педагогика» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми хатшысы болған (1999-2000). Республикалық халық медицинасы орталығы бас директорының орынбасары қызметін қоса атқарған (2004-2006). Мәскеу мен Қырымның Ялта қаласындағы бірнеше қауымдастықтардың емшілерді дайындау мен білімін көтеру мектептерін бітірген (1991-1993). Академик М. Әлиев пен т.б. авторлардың «Қазақтың халық медицинасының ғылыми көкжиектері» (Алматы, «Атамұра», 2003), м.ғ.к., академик Т. Бекеннің «Ислам және медицина», (Алматы «Шалкөде», 2006), п.ғ.к., профессор С. Құрбанқожаның «Физические основы народной и нетрадиционной медицины», (Түркістан, 2009), Дін мен тылсым құпияны зерттеуші К. Тулешовтың «Ғылыми зерттеу еңбектері», (Түркістан, 2009) және ақын С. Жұмановтың «Өмір сыйы» жыр жинағына, (Шымкент, 2009) т.б. авторлардың әр түрлі салалы еңбектеріне пікір жазған.
     Ғылыми дәрежелік атақ алу үшін қорғайтын диссертацияларына азаматтар еңбегін пайдалануда (Т. Әлсатов, «Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы» (XV-XIII ғ.ғ.), «Орта ғасырдағы қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік идеялары» (XV-XIII ғ.ғ), Алматы: «ҚазУниверситет» , 1998) және т.б. Психология мен философиялық таным бойынша халық медицинасы мен XV ғасырдың ғалым емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы 40-тан аса ғылыми танымдық мақалалары арнайы ғылыми басылымдар мен журналдарда жарияланған (1998-2009). Осы тақырып негізінде ғылыми монографиясы «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» ҚазҰУ Мәдениеттану және тарихы кафедрасының ғылыми кеңесі шешімімен (29.12.2008) баспадан шықты (2009) және орысшаға аударылыды (“Целительская традиция и философия, 2010). Жетісу энциклопедиясына (2004), “Қазақ жерінің Зиялы азаматтары - Почитаемые люди земли казахской” жинағына (2005, 390-392 бб), «Қазақстан қажылары» кітабына (2004, том 2) және басқа жеке авторлардың еңбектеріне де енген. «Көк тәңірі жүр жебеп» (2000), «Мәңгілік құпия шежіресі» (2001), «Шапағатты рух ордасы» (2001, Алматы «Сөздік-Словарь»), «ҚР Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» (1-2 жинақ (2004-2005, Алматы «Нұрлы Әлем») ҚР «Дәстүрлі емес халық медицинасы» (Алматы, «Шалкөде», 2005), «ҚР Халық медицинасының Бақсылық өнері» және «Тылсым дүниенің құпия емдері» және «Рухани емшілік ғаламаттары» (Алматы, «Шалкөде», 2006), «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық емшілігінің өркендеуі» (Алматы, «Шалкөде», 2007), «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары» (Алматы, «Шалкөде», 2008), «Қазақтың ғалым шипагері Ө. Тілеуқабылұлы» (Алматы, «Шалкөде» 2009), «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» (Алматы, «Шалкөде» 2009), «Ғаламның жұмбақ сырлары» (Алматы, «Шалкөде» 2010), «Целительская традиция и философия» (Алматы, «Шалкөде» 2010), «Қазақстанның дарынды емшілері - Одаренные целителей Казахстана» (2010) анықтамалығы (Алматы, «Шалкөде» 2010) және «Рухани және музыкалық шипагерлік» (Алматы, «Шалкөде» 2010) атты көлемі 370 баспа табақ 17 кітаптың оның ішінде 7 монографиялық еңбектің авторы. Оның ән толғаулары қазақ радиосының “Алтын қорына” қойылған (№ 411, 1997 және 2009). 50-ден аса газет пен журналдарға және Қазақ энциклопедиясында 400-ге жуық ғылыми-танымдық және рухани-тәрбиелік мақалалары жарияланған. 30-дан аса әннің сазы мен сөзінің және толғау мен термелердің авторы.
     З. Қожалымов туралы елуден аса авторлардың мақалалары жарияланған. 1991 жылдан бастап республикалық және облыстық теле-радио арналары мен торабтарында 200-ден аса сөз сөйлеп және сұхбаттар берген. «Батыр баба Әлмерек» /2002/ және «Албан шежіресі» /2003/ кітаптарының авторларының құрамында. Мәскеуде оқып жүргенде (20.06. 1991) Шығыс халық медицинасының киносын түсіргенде оның бас рөлінде ойнаған. Бүгінде бұл түсірілім Мәскеудегі М. Горький атындағы киностудиясының қорында сақтаулы. Халықаралық конгрестерге Мәскеу (18.06.1991), Алматы (26-29. 09. 1991), Алматы (18-21. 10. 1992) және Крым, (Гурзув 3-9. 10. 1993) қатысып баяндамалар жасаған және шеберлік емдеу сеанстарын жүргізіп жоғары нәтижеге жеткен. Өзінің ұйымдастыруымен «ҚР Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» (Алматы, 16-18.09-2004), ҚР «Дәстүрлі емес халық медицинасының» (Алматы, 22-24. 09. 2005), ҚР Халық медицинасының «Бақсылық өнері» (Алматы, 22-24. 07. 2006), «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық емшілігінің өркендеуі» (Шымкент, 23-25. 07. 2007), «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары» (Түркістан, 24-26. 07. 2008) және «Қазақтың ғалым шипагері Ө. Тілеуқабылұлы» (Тараз, 24-26. 07. 2009) атты Халықаралық конгрестер мен Форумдарды басқарып төрағалық еткен. Бүгінде халық медицинасы мен тылсым құпия сырлары жөнінде ғылыми зерттеу жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.
                                                                                      Алматы, тел: (83272) 987874, ұялы: 8 701 337 6454

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24

 

 

вверх