Одаренные целители Казахстана

11

 
Главная           Вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24

 

 

 

 

Қырғызбаев Мақұлбай

f           1948 жылы наурыздың 10 жұлдызында ҚХР Іле облысы, Текес ауылында дүниеге келген. Білімі арнайы орта. Мамандығы – механик. Халық медицинасының магситрі. Рухани сауықтырушы. Бақсы-емші. Шөппен емдеуші. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 2002 жылдан ҚХЕҚ мүшесі және оның емшілер мектебін бітірген.  Әкесі Қырғызбай  бақсы-емші болған. Жиырма жылдан бері халықтық ем-доммен айналысады. 2004-2009 жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған Халықаралық конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз).  Бірнеше мақтау қағаздарын, шеберлік дипломадыры мен сертификаттарын және медальдарымен марапатталған. Сырқатты адамның тұлғасына, бітіміне, өңіне қарап анықтайды. Емді шөп дәрі, уқалау, дем салу, ұшықтау арқылы жүргізеді. Емдейтін аурулары: жүйке, асқазан, буын, іш құрылыстары, тіл, көз т.б.

 

 

 

 

Нұрсыланбай Кадырхан

f            1962 жылы ҚХР Шыңжаң өлкесінің Шәуешек қаласында дүниеге келген.  Білімі жоғары.  Мамандығы - дәрігер. ҚР «Халық медицинасы және Ғарыштыққуат» Академиясының толық мүшесі. Халықаралық дәстүрлі  халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. Халықаралық дәрежелі емші. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. Дәрігер-емші. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 2006 жылдан бастап ҚХЕҚ–ның  мүшесі және оның емшілер мектебін бітірген. 2000 жылдан бастап қытай шығыс медицинасының инемен емдеу қоғамының мүшесі. 2000 жылдан Қытайдың Тарбағатай аймағының ұлттық қазақ емшілерінің мүшесі. ҚХР-да қызмет барысында 24 рет құрмет қағазымен марапатталған. 2006-2009 жылдары аралығындағы конгрестерге қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау грамоталарымен, алғыс хаттарымен, сертификаттарымен, шеберлік дипломдарымен және медальдарымен марапатталған.  Ауруларды тамыр ұстау, өңіне қарап, медициналық аппараттармен және халықтық шипагерліктің әдіс-тәсілдерімен анықтайды. Сырқатты инемен, нүктелі, мануалды, уқалау, шөп дәрімен және қазақи ем-доммен емдейді. Емдейтін аурулары: клеткадағы ішкі-сыртқы аурулар, әйелдер, балалар аурулары, жүйке, буын, ревмантизм, бел омыртқаның қисаюы, талма аурулары,  жүрек, қан қысымы т.б.

 

 

 

Сәрсенбай Жанболат Қоржынбайұлы

f          1969 жылы маусымның 29 жұлдызында Алматы облысы, Нарынқол ауданының, Саржаз ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы – журналист. ҚХЕҚ-ның «Шипагер» журналы анықтамалығының бас редакторы. Өз мамандығы бойынша «Жас Алаш» газетінде тілші және «Шапағат Нұр» журналында бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 1996-2002 жылдары ҚХЕҚ-ның вице-президенті, 2002-2007 ҚХЕҚ-ның тексеру комиссиясының төрағасы және 2002 жылдан Алматы облыстық филиалының директоры, 2003 жылы «Шипагерлік Баян» газетінің бас редакторы, 2004 жылы ҚХЕҚ-ның «Баспасөз хатшысы». Бүгінде ҚХЕҚ-ның Шығыс аймақтық филиалдары директорлары Кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Халық медицинасының және Рухани емшілік магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі».  1993 жылдан халық емшілігімен айналысады. 1994 жылдан ҚХЕҚ мүшесі.  ҚХЕҚ мен РХМО-ның емшілер мектебін бітірген.  Ондаған рет телеарналар мен радиоторабында арнайы халық медицинасының маңызы мен рөлі туралы сұхбат берген. 2004-2009 жылдары аралығында конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау және алғыс қағазымен, сертификатымен және медальдарымен марапатталған. Елуге жуық халық емшілігі мен халық емшілері туралы мақаласы баспасөзде жарияланған. Психологиялық, биоэнергетикалық және рухани шипагерлік саласы бойынша сырқат жандарға көмегін көрсетуде.

 

 

Сәрсембаева Гүлхан Сағынтайқызы

f           1963 жылы қазанның 3 жұлдызында  Алматы облысы, Қаскелең қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы экономист есепші. Рухани-сауықтырушы. Құмалақшы. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 2000 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. Қауымдастық жанындағы емшілер мектебін бітірген.  2004-2006 жылдары аралығында конгрестерге қатысқан (Алматы). Қауымдастық тарабынан мақтау және алғыс қағазымен, сертификатымен және медальдарымен марапатталған. Конгрестердің жинағына мақалалары шыққан. Емдеу қабілетінде құмалақ ашып ауруды анықтайды. Қазақы ем-домдық тәсілдерді қолданады. Ұшықтайды, үшкіреді, дем салады. Әр түрлі асқынбаған ауруды емдейді.

 

 

 

 

 

 

Семетаева Фатима Смағұлқызы

f         1954 жылы шілденің 7 жұлдызында ОҚО Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі – арнайы орта. Мамандығы - сауда саласы. ҚР «Кәсіби халық емшісі», «ІІІ мыңжылдықтың үздік емшісі», Шығыс және Халық медицинасының магистрі.  Рухани емшілік магистрі. Емші-бақсы. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Манас бабасы 1954 жылы шыр етіп дүниеге келген шөбересіне Мұхаммед /с.ғ.с./ пайғамбардың қызы Фатиманың есімін қойған екен. Содан жас сәби үш жасынан бастап талма ауруына ұшырайды. Сонда Манас бабасы көріпкел, болжаушы екен. «Мына бала тегін емес, бетінен қақпай өсіріңдер. Түн асқанда тамақ бермеңдер, аялай біліңдер»,- деп айтып кеткен екен. Атасы Семетай мен әкесі Смағұлдың өте діни сауатты әрі телепатиялық қабілеті күшті болыпты. Сол заманында неше түрлі тылсымдық күштің құпиялық сырларын меңгеріп қана қалмастан, аққан суды тоқтататын, жылан мен арбасып оның күшін жоятын, неше түрлі ғаламаттарды көрсететін құпиялы діни оқулардың мамандары болыпты. Осы қасиеттің кейбірі тікелей ұрпағы Фатимаға қонған. Атасының батасы қабыл болған, әкесінің тілегін Жаратушы қолдаған сол сәби Фатима жеті жасынан көріпкел қыз атаныпты. Ата жолын дұрыс түсініп шипалық ісін бастаған қыздың талма ауруының ізі де қалмапты бойында. Қайта ауырып-сырқаған адамдарды емдеп, абыройға кенеледі.  2004-2009 жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған Халықаралық конгрестер мен форумдарға  қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастықтың мақтау қағаздарымен, шеберлік дипломадырымен, сертификаттарымен және медальдарымен марапатталған. Емші-бақсының көріпкелдік, болжампаздық, құмалақшылық, тамыр ұстау, биоэнергетикалық және Құран дұғаларымен емдеу қасиеті өте жақсы. Емдейтін аурулары: психологиялық, наркологиялық, жүйке, буын, іш құрылыстары және т.б. әр түрлі белгісіз сырқаттары.

 

 

Сеитбаттал қажы

f          1943 жылы 5 наурызда ҚХР Дабаншы қаласына қарасты Үрімжі ауданы, Ақсу ауылында туған. Білімі жоғары. Мамандығы – дәрігер. Діни сауатты. Халық медицинасының магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Шыңжаң және Тибет медицина институттарының емдеу бөлімін  бітірген. Қазақстанға оралғанға дейін өз мамандығы бойынша қызметін атқарған. ҚХР да Діни институтты бітірген (1998). 2002 жылдан Қазақстанда тұрады. Содан бері елімізде емшілік және молдалық қызметпен айналысқан. 2003 жылдан ҚХЕҚ мүшесі. ҚХЕҚ жанындағы емшілер мектебін бітірген. 2005 жылдан Алматы облысы,Талғар ауданы, Жалғамыс ауылының имамы. 2006 жылы ҚМДБ-ның Алматы қаласындағы облыстық имамдарды тәрбиелеу институтында білім алған. 1999 және 2008 жылдары қажылық сапарын өтеген. 2008-2009 жылдары аралығындағы конгрестерге қатысқан (Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломдарымен және  медальдармен марапатталған. Емдік тәсілін к шөп дәрілермен және Құран сүрелерімен жүргізеді. Тамыр ұстау, қан алу мен медициналық аппараттармен емдейді. Әртүрлі ауруларды қабылдайды.

 

 

Серік Зекейұлы

f            1965 жылы ақпанның 11 жұлдызында Қытай Халық Республикасының СУАР Тарбағатайында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы - дәрігер. Қытай медицина ғылымының жоғары дәрежелі дәрігері, аға зерттеуші, Қауымдастықтың Шығыс медицинасы емдеу орталығынң бас директоры /Қаскелең қаласы/. ҚР Халық медицинасы және Ғарыштыққуат академиясының толық мүшесі. Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. Халықаралық дәрежелі емші. Шығыс және Халық медицинасы магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 2005 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. Серік Зекейұлының Қытайда «Ана-бала денсаулығы» (1999), «Туберкулезден сақтану және оны емдеу» (1998), «Семьяда дәрі тұтыну білімдерінен сұрақ жауап» (2005) сияқты үш ғылыми кітабы шыққан. Қауымдастық ұйымдастырған конгрестердің ғылыми жинақтарына және «Шипагерлік Баян» газетіне ғылыми танымдық мақалалары шыққан. 2006-2009 жылдары аралығындағы конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломдарымен және  медальдармен марапатталған. Ұзақ жылдық емдеу тәжірибесінде Серік Зекейұлы алтын ине, түрлі қытай-тибет шөп дәрілері және халықтық емдеу тәсілдері арқылы төмендегі ауруларды емдейді: жүрек және бүйрек қан қысымы, әлсіздік, қант диабеті, демікпе, зоб, бронхит, инфаркт, инсульттан кейін тілдің, аяқ-қолдың жансыздануы, дәрет жолдары, ұйқысыздық, ер адамдардың белсіздігі, полиартрит, остехондроз, әйелдер аурулары, шинохондроз, гастрит, асқазан, невроз, жүрек-қантамырлары, тілі шықпай қалу, ревматизм, паралич, эпилепсия, құлақтың шуылы, көздің көруінің әлсіреуі, жас балалардың тμсек дәретінің тоқтамауы, псориаз, миродермаз, нейродерматит, ішімдікке салыну, киста, аллергия, гайморит т.б. аурулар.

 

 

Сырлыбаев Бекмұрат

f          1961 жылы  мамырдың 20 жұлдызында Семей облысы, Аягөз ауданы, Шолпан ауылында дүниеге келген. Білімі арнайы орта. Мамандығы – цирк эстрадасының маманы. Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. Халықаралық дәрежелі емші. Бақсы. Халық медицинасы мен Космоэнергетика магистрі. Рухани шипагер. Қытай инесімен емдеуші. Компьютер көмегімен сырқатқа диагноз қоюшы.

Құмалақшы. Уқалаушы. ҚХЕҚ –ның «Құрметті мүшесі». 1994 жылдан ҚХЕҚ мүшесі. ҚХЕҚ жанындағы және басқа ұйымдардың емшілік пен Қытайда инемен емдеу (2009) курстарын бітірген. 1992 жылдан емшілікпен және бақсылықпен  шұғылданады. Арғы ата-бабаларында бақсылық пен емшілік қасиеті барлары болған.   2004-2009  жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған Халықаралық конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастықтың мақтау қағаздарымен, шеберлік дипломадарымен, сертификаттарымен және медальдарымен марапатталған. Бақсының  бойында көріпкелдік, болжампаздық, құмалақшылық, тамыр ұстау, дұғамен емдеу, уқалау т.б. қасиеттері бар. Емдейтін ауралары: өттен тас және құм түсіру, буын, жүйке, бедеулік, іш құрылыстары, жүйкесі ауытқығандарды және тіл-көз т.б.

 

 

Тебекұлы Есдаулет

f          1965 жылы ақпанның 1 жұлдызында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы – Тибет медицинасы дәрігері. Халықаралық «Экология» академиясының толық мүшесі. Халықаралық     дәстүрлі     халық медицинасының мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. ҚР Халық медицинасы және Ғарыштыққуат Академиясының толық мүшесі. ҚР кәсіби халық емшісі. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. «III-мыңжылдықтың үздік емшісі». ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 1996 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. ҚХЕҚ мен РХМО жанындағы емшілер мектебін бітірген. 2005-2008 жылдары аралығында Қауымдастықтың Алматы облыстық филиалының директоры қызметін атқарған. Нағашы атасы Мұсырбай әулие туралы Найман руында: «Мүсірбай әулие ауруға адам бермейді, Текебай дау бермейді, Бұлғынаяқ жұтқа мал бермейді» - деген қазақтың аңыз әңгімелерінде осындай сөз қалған. Ардақты кісілердің нағыз білімді, сезімтал ұрпағы. Есдәулет Тебекұлы ҚХР-да Шыңжаң, Құлжа қаласы, Күнес ауданында тұңғыш рет «Естай» атындағы «Қазақ халық емшілігі» емханасын ашқан. 1992 жылдан Шыңжаң-ұйғыр автономиясында Қазақ дәрігерлік зерттеу қоғамының мүшесі. 2004-2009 жылдары аралығындағы конгрестерге қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломдарымен және  медальдармен марапатталған. Қытай-Тибет медицинасының білімді дәрігері. Халық медицинасының емдеу құпияларын толық меңгерген. Сырқатты медициналық тамыр ұстау арқылы анықтайды. Емдеу жолдары: шөп дәрімен, инемен, мануальды терапия әдісімен емдейді және шығыс медицинасының озық әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Дәрігер маманы ретінде тек дәрігерлік ем жасайды.

 

 

Тұрсыбай Орынбекұлы

f          1954 жылы 8 ақпанда ҚХР Күнес ауданының Қызылтал ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді дәрігер. Дәрігер-емші. ҚР Халық медицинасы және Ғарыштыққуат Академиясының толық мүшесі. Халықаралық дәрежедегі емшісі. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Өз мамандығы бойынша жұмыс істеген. 2003 жылдың  бастап Қазақстанда тұрады. 2003 жылдың желтоқсанынан ҚХЕҚ мүшесі және оның жанындағы емшілер мектебін бітірген. 2007-2009 жылдары Қауымдастық ұйымдастырған Халықаралық конгрестері мен форумдарына қатысқан (Шымкент, Түркістан, Тараз). Көптеген мақтау қағаздарымен, шеберлік дипломдарымен, сертификаттарымен және медальдардың иегері. Қытай-Тибет медицинасының білгір маманы. Тамыр ұстау, медициналық құрал арқылы және адамның тұлғалық бітіміне қарай сырқаттарды анықтайды. Қытай-Тибет медицинасының әдіс-тәсілдерін түр-түрімен пайдаланып алтын ине салу, дәрілік шөппен емдеу, нүктелі уқалау мен қыздыру т.б. емдік әдістерді пайдаланады. Көптеген ауру түрлеріне көмегін жасауда.

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24

 

 

вверх