Одаренные целители Казахстана

15

 
Главная           Вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24
 

 

 

 

2.13  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

         По Южно Казахстанской области

 

Анарбаев Талғат

f           1966 жылы 20 қаңтарда  дүниеге келген.  Білімі – жоғары. Мамандығы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Қауымдастықтың ОҚО филиалының директоры (1995). Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. Халық медицинасының және рухани емшілік медицинасының магистрі. Рухани-сауықтырушы. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Жоғары телепатиялық қабілетке ие. 1992 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. ҚХЕҚ-ның және РХМО емшілер мектебін  бітірген.  Ата-бабаларында діни сауатты, тылсым құпия сырларының білгірлері көп болған. 1990 жылдан бастап бойына тылсым құпия күш пайда болып ғарышпен байланысқа шығу қасиетіне ие болған. Осының әсерінен бүгінге дейін өзінің жеке сеансы кезінде басқа тілде дұға оқып емін бастаудағы резонанстық тербеліс өте жоғары деңгейге жетеді. Бұл құпиялықты өзі де және басқалар да әлі біле алмай келеді. 2004-2009 жылдары аралығында конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастықтың мақтау қағаздарымен, шеберлік дипломадырымен, сертификаттарымен және медальдарымен марапатталған. Намаз оқыған да және ем кезінде арнайы құдіретті күштің билеуімен ғарыштық байланысқа шығып, басқа рухты тілде дұға оқып емін бастап аяқтайды. Жоғары телепатиялық қабілетке ие. Көбінесе жүйке, буын, көз, тіл тигендерді емдеп, жолы болмағандарға көмектеседі.

 

 

 

Байділдаева Ұлболсын Құлмаханқызы

f              1950  жылы қыркүйектің 12 жұлдызында ОҚО Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі –жоғары. Мамандығы: физика-математика пәнінің мұғалімі. ҚХЕҚ-ның Түркістан қалалық филиалының директоры. ҚР кәсіби халық емшісі. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Биоэнерготерапевт, рухани шипагер. 1994 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. ҚХЕҚ мен РХМО-ның емшілер мектебін бітірген. Арғы аталары мен нағашы жағында дін жолын таза ұстағандар мен киелі қасиеттілер болыпты. 2004-2009 жылдары аралығындағы конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломдарымен және  медальдармен марапатталған.Аян арқылы өзінің сезімталдық қасиеті мен құпиялықтың сырын пайдаланады. Көріпкелдік, сезімталдық және биоқуаттық анықтау қабілетіне ие. Емінде: Құран дұғасын, биоқуатты және әр түрлі халықтық әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Емдейтін аурулары: жүйке, буын, қан қысымы, бүйрек, бауыр, асқазан және көз, тіл тию т.б.

 

 

Ботабеков Еркін Түймебекұлы

f           1947 жылы 3 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, Таубай ата ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы - инженер технолог.  ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Халықаралық дәрежелі халық емшісі. Халық медицинасы және  ғарыштыққуат Академиясының толық мүшесі. Халықаралық  дәстүрлі халық медицинасының мамандары және психологтар мен емшілері қауымдастығының толық мүшесі, Халық медицинасының  магистрі. Емшілікпен 1991 жылдан бері айналысады. 2000 жылдан ҚХЕҚ мүшесі. ҚХЕҚ жанындағы емшілер мектебін бітірген. 2007-2009 жылдары аралығындағы конгрестерге қатысқан (Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен, шеберлік дипломымен және  медальдармен марапатталған. Діни сауатты, Ташкентте діни медресе бітірген. Емдік тәсілдері: көріпкелдік, Құран дұғалары, биоток, нүктелік уқалау. Емдейтін сырқаттары: үлкен кісілер мен кішкентай балалардың сырқаттары, қан қысымы, бас жүрек, асқазан, ішек, бүйрек, қуық жолдары, жыныс мүшесіндегі ісіктер, перзент жолдары,  түрлі жаралар, миома, киста, гаиморит, бедеулік, белсіздік, аяқ аурулары, тіл көз т.б.

 

 

Дуйсекеева Эльмира Шакировна

f          Родилась 28.01.1966 года в г. Ленгер, Чимкентской области. Образование высшее. Специальность: инженер-химик-технолог. Второе образование среднее специальное. Специальность – фельдшер, практический психолог. Директор школы «Позитивного мышления». Заведующая школой АНЦК (г. Шымкент). Целитель международной категории, народный целитель Казахстана. Магистр восточной и народной медицины. Магистр духовного целительства. Действительный член Международной Ассоциации специалистов традиционной народной медицины, психологов и целителей.  «Почетный член» АНЦК. Мастер «Цигун» второго поколения. С 2005 года является членом АНЦК. Окончила школу целетелей при АНЦК. Адепт школы эзотерических знаний В. Моносова «Атлантида». Автор книги «Что нам мешает быть счастливыми», автор творческих семинаров по позитивному мышлению, автор статей по научно-практическому подходу в вопросах оздоровления организма посредством позитивного мышления, восточной медицине. Создатель авторской школы личностного роста клубного типа «Школа позитивного мышления». Член комиссии по делам женщин, семьи и гендерно-демографической политики при Акиме Енбекшинского района,  г. Шымкент. Тренер «Женского ресурсного центра» по программе «Выберем лидерство» и укреплению прав женщин в Казахстане. С 2007 по 2009 год участвала в конгрессах АНЦК (Шымкент, Туркестан, Тараз). Награждена различными медалями, дипломами мастер-класса, почетными грамотами и сертификатами АНЦК.  Лечит болезни: остеохондроз, сколиоз, смещение позвонков, последствия ЧМТ, нарушения мозгового кровообращения, внутричерепная гипертензия, ДЦП (детский церебральный паралич), заболевания органов зрения, гинекологические заболевания, простатит,  бесплодие, энурез, диагностика и коррекция кармы, биополя и тонких тел человека, диагностика по космограмме и системе У-Син, коррекция семейного и личного сценария. Бизнес-консультирование, психологическое консультирование и психотерапия.

 

 

Досбалаева Мариям

f          1950 жылы 22 ақпанда Шымкент қаласында дүниеге келген.  Білімі арнайы орта. Мамандығы  - есепші. Халық медицинасының магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 2005 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі және оның емшілер мектебін және СуДжок пен уқалау курсын бітірген. Емшілік қасиет ата-бабасынан және нағашы жұртынан келген. 1983 жылдан бастап емшілікпен айналысады. Үлкен әпкесі ҚР халық емшісі  марқұм Мәдина Досбалаеваның шәкірті. 2006-2009 жылдары аралығында конгрестерге қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Бірнеше рет құрмет және мақтау, алғыс қағаздары және медальдарымен  марапатталған. Сырқатты тамыр ұстау мен көріпкелдік және сезімталдық арқылы анықтайды. Сырқаттарды уқалау және дем салу, балмен орау, табиғи емдік шөптермен, әр түрлі өсімдік шырындарымен емдейді.  Емдейтін ауралары: асқазан жарасы,  цистит, простатит, бүйрек қабынуы, остехандроз, ұрпақсыздық, жүрек, қан тамырлар жүйесі т.б.

 

 

 

Жамбулова Фарида

f           1952 жылы наурыздың 9 жұлдызында ОҚО Бәйдібек ауданы Шалдар совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – кітапханашы, журналист. Халық медицинасының магистрі. Рухани шипагер. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 2003 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. ҚХЕҚ жанындағы емшілер мектебін бітірген. 1990 жылдан бастап емшілікпен шұғылданады. Тұқымдық тектік қасиет ата-баба жағына, нағашы жұрт және қайын жұрт жағынан қонған. 2007-2009 жылдары аралығындағы конгрестер мен форумдарға қатысқан (Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттармен және  медальдармен марапатталған. Көріпкелдік қасиетке ие. Сырқатты тамыр ұстау, көріпкелдік, суретіне қарап және тәспихпен анықтайды. Еміне Құран дұғаларын, биоэнергетикалық тәсілдерді және басқа да халықтық емдеу жолдарын пайдаланады. Көбінесе бас, жүрек, асқазан, бүйрек, жүйке, буын, бедеулік, жолы байланғандар мен ісі алға баспағандарды, отбасындағы келіспеушіліктерді  т.б. ауруларымен қатар көз, тіл тигендерді қайырады.

 

 

Зілғараев Шәкен Шейхахметұлы

f          1960 жылы маусымның 22 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – әскери дәрігер. Ресейдегі Благовеченск жоғарғы әскери медициналық училищесін бітірген. Әскери саласының медицинасы бойынша подполковниг шені бар. Халықаралық дәстүрлі халық медицицнасы, психологтар және емшілер қауымдастығының толық мүшесі. ҚР Халық медицинасы және Ғарыштыққуат Академиясының толық мүшесі.  Халықаралық дәрежелі емші. Шығыс және Халық медицинасының магистрі. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі».  Дәрігер – емші. Инетерапиясы, фитотерапия, уринотерапиясы, массаж терапиясы және қытай, жапон, корей, тай, словян т.б. емдеу жүйелерінің білгір маманы. Әскери жүйенің арнайы қозғалыстық емдеу жүйесінің шебері. 1980 жылдан бастап дәрігерлікпен қатар халық медицинасының көп салалы емдеу жүйесін дамытып оны денсаулықты жақсартудың емдеу жүйесіне енгізген. Өзіндік емдеу тәсілінде теориялық және тәжірибелік ұсыныстары ғылыми жүйенің салалары бойынша тұжырымдалған. 2001 жылдан ҚХЕҚ-ның мүшесі. ҚХЕҚ мен Ресейдегі халық медицинасы саласының емшілер мектептерінің курстарын бітірген. 2004-2009 жылдары аралығындағы конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздарымен,  сертификаттармен, шеберлік дипломдарымен және  медальдармен марапатталған. Емдеу жүйесінің нәтижесі өте жоғары. Өзінің дәрігерлік және емшілік саласындағы мол тәжірибесіне сүйене отырып көптеген сырқаттарды қабылдайды.

 

 

Исаева Нұргүл

а           1959 жылы сәуірдің 24 жұлдызында ОҚО Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі арнайы орта.  Мамандығы – сауда саласы. ҚР халық емшісі. Халық медицинасының магистрі. Рухани-шипагер. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». 2000 жылдан ҚХЕҚ мүшесі. ҚХЕҚ мен РХМО жанындағы емшілер мектебінің курсын бітірген. 1985 жылдан бастап емшілікпен шұғылданады. Арғы ата-бабаларында діни танымы мол және емшілікпен шұғылданатындары болған. 2004-2009 жылдары аралығындағы конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастық тарабынан мақтау қағаздары мен сертификаттар мен шеберлік дипломдарымен және  медальдармен марапатталған. Көріпкелдік, тамыр ұстау т.б. қасиеттері басым. Емдеу әдісі: көріпкелдікпен, аян мен болжау арқылы. Діни сауатты, биоқуаты мол.  Емдейтін аурулары: әр түрлі және тіл, көз т.б.

 

 

 

 

Кешубай Төлешұлы

а           1950 жылы 15 тамызда ОҚО, Киров ауданы, Қызылқұм совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары. Орыс тілі маманы.  Халық медицинасы мен Рухани емшілік  магистрі. Рухани-сауықтырушы. ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі». Діни танымдық жолымен Құран аяттары мен тылсым дүниенің құбылыстарын  зерттеуші, ақын. Рухани емшілік Магистрі. 1992 жылдан бұрынғы Одақ экстрасенстер қауымдастығының құрметті мүшесі. 2004 жылдан ҚХЕҚ  мүшесі.  ҚХЕҚ  жанындағы  емшілер мектебін бітірген. 1990 жылдан бастап тылсым дүние сырларын зерттей бастады. «Ислам души моей прекрасные напевы» орыс тілінде өлеңдер жинағы (2002), «Воспеть Коран в зикрулаххе» (2007), «Пантеон» (2008) ғылыми жинақтары мен «Посик божественной истины» (2009) фәлсафалық еңбектері жарық көрген. Ақырғы еңбегі үшін ел президенті Н. Назарбаевтан «Алғыс хат» алған (24.08.2009). Бірнеше ғылыми мақалалардың авторы. Ол Қожа Ахет Яссауидің, сопы Аллаярдың, Қ. Шәкәрімнің еңбектерін орыс тіліне аударып келеді. Оның әл-Бухаридің сахих хадистерін орыстың лирикалық өлең тіліне аударуы ерекше бағалануда. Ғарыш пен ғылым және адам арасындағы белгісіз құбылыстар жөнінде еңбектенуде. Әлемдік жаһандану жөнінде өз ұлтының мәдени мұралары мен тілін сақтап қалу жөнінде өзінің танымдық идеясын жащзып қана қалмастан, ғылыми негіз бойынша ұсынысын білдіруде.  Бүгінде «Ислам из души моей прольется ливнем», «Коран – гимн Всевышнего» деген лирикалық фәлсафалық еңбектері баспадан шығуға дайын.  Қауымдастықтың «Шипагерлік Баян» газетінде  2007 жылдан бері қазақ және орыс тілдерінде ғылыми-тәрбиелік танымдық мақалалары жариялануда. 2005-2009 жылдары ҚХЕҚ ұйымдастырған Халықаралық конгрестер мен форумдарға қатысқан (Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз). Қауымдастықтың мақтау қағаздарымен, шеберлік дипломадырымен, сертификаттарымен және медальдарымен марапатталған. Бойында көріпкелдік, космоэнергетикалық, биоэнергетикалық қасиеттер бар. Құран дұғаларын оқу арқылы әр түрлі сырқаттарға жақсы көмегін тигізуде.

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24

 

 

вверх