Одаренные целители Казахстана 5 | |||
Главная Вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 | |||
1. 6 Шипагерлік мәдениеті
Кейінгі кезде баспасөз беттерінде халықтық дәстүрлі емес халық медицинасының мұрагерлері әрі дамытушысы халық емшілері жөнінде жақсы да, жаман да және реніш те жазылған мақалалар жиі көрініс беруде. Халықтың арасында бабадан ұрпаққа тектік қасиеті арқылы жалғасып келе жатқан және олардың құпия ілімін жалғастырушы нағыз емшілер барлығына күмән келтіруге болмайды. Бүгінде қазақ елінде қанша мыңдаған емші барын бір Алладан басқа ешкім де білмейді. Осыдан жиырма жыл бұрын ҚР Денаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған «Республикалық халық медицинасы орталығы» құзырлы министрліктің заңнамалық бұйрықтарын пайдалана отырып, жеті мыңға жуық емшілерді өздернің арнайы сынақтарынан өткізгенін білеміз. Осының барлығына қасиетінің жақсы-жаманына қарамастан «Кәсіби халық емшісі» атағын беріп мекен-жайларына халықтың денсаулығы саласында қызмет көрсетуге жіберіп, оларды бірніші сортты емші санатына жатқызып сауатсыздардың мәртебесін асқақтатқаны барша қауымға мәлім. Осы«кәсібилер» күні бүгінге дейін баспасөз беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы «Құтқарушы» есебінде жазбайтын ауруы жоқ деген атпен жарнамаланса, ал бүгін де осы жеті мың емшінің жетпістейі ғана халыққа дұрыс қызмет көрсетуде. Сонда таңқаласың, алты мыңнан аса емші қайда кетті? Бүгінде бұл орталық онға жуық қана емшімен қызмет көрсетуде. Бұл қалай? Кім ұтты? Кім ұтылды? Ойланатын жайт. Мұның басты себебі орталықтың аты алғаш “Халық медицинасы” одан кейін «Шығыстық медицина» одан кейін «Ашық» және «Жабық» қоғамдық бірлестік болып өзгерді. Бұл аз болғандай осыдан жеті - сегіз жыл бұрын жартысы шектеулі жолдастық серіктестікке (ШЖС) - айналды. Ал қалғаны 2007 жылдан бастап ШЖС-ке айналды. Бірақ кейінгісі анау алғашқы (1990) жылғы құжаттарымен қызметтін жалғастыруда. Бұл алдау ма қалай? Бұнысын сауатсыз емшілер қайдан білсін.Оларға бәрі бір болғанымен түбінде бармағын тістері анық. Есеп беретін заңды орындарға ШЖС құжаттары арқылы есеп береді. Ал емшілерге көне құжаттары арқылы қызмет етеді. Осыған сенгендер әлі де торға ілініп өздерін аты өшкен «Кәсіби халық емшісі» санайды. Осындай тәрбиеге душар болған емшілерден қандай мәдениеттілік күтуге болады? Бүгінде емшілерді арнайы алты айлық медициналық сынақтан өткізетін бұл жеке меншік ШЖС орталығы емес, әрбір емшінің өзінің тұрған қаласының және облысының Денсаулық сақтау басқармалары арқылы жүзеге асатындығын білетін уақыт жетпеді ме? Сонда қанша жыл халық емшісі жаны ашымайтындардың “тірі тауары” болып жүре бермек? Осыдан мынандай ой туады. Осы орынның басшысы өткен жылы беделді бір газетте (Егемен Қазақстан) «Қос діңгекті қосамын» - деген уәдесінен айныды ма, бүгінде өздері басқаратын «бір діңгектің» де құлап бара жатқаның сезбейтін сияқты. Одан да әр нәрсені бастап, аяқтап, саралап, бағасын алып барып айтқан дұрыс шығар, бұл да емшілік мәдениетінің көтерілуіне ықпал етіп, бос сөздік пен уәдеден арылтар еді. Ең негізгі өздерін емшінің тірегімін деп есептейтін осындай орындардың жауапкерсіздігінен емшілік мәдениеті төмендеп халықтық сенімнен алшақтап, діни көзқарастарға жат әрекеттерге барып жатқандығын мойындаған жөн. Осы орталықтың жанынан ертеде «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы» құрылғанды. Алғашқы басқарған Әділхан Ерманов мырза он сегіз жылдай “кіші құдай” болғанымен ештеңе істемеді, бос сөзбен сауатсыздарды алдап келді. Ә. Ерманов мырза 2004 жылдың қыркүйек айының соңында өз үйінде мен Ақтөбе медициналық Академиясының емдеу факультетін бітірдім деп оның дәрігер деген дипломын көрсетті. Емшілер болса көрімдігін бере бастады. Сонда мен және Ш. Шынтаев мырза екеуіміз жағамызды ұстадық. Сонда өмірі медициналық оқу орынның табалдырығын аттамаған, бірде-бір дәрінің атын білмейтін азамат қалай дәрігіерлік дипломға қолы жетті? Бұған дәлел Ә . Ерманов мырзаның өзінің қауымдастығының Ақтөбедегі филиалының хабраландыруын береміз: «Приглашаем Вас 11.02.2004 года к 10 часам в оффис Директора Актюбинского филиала на встречу с Президентом Ассоциации профессиональных народных целителей Республики Казахстан господином Ермановым А. Для справки: Ассоциации профессиональных народных целителей Республики Казахстан в этом году исполняется 12 лет с момента ее создания и все это время ее бессменным Президентом является господин Ерманов А., врач по образованию, Отличник здравоохранения РК, 27 лет практикующий больных. Господин Ерманов А. Прибыл с целью проведения обучающих курсов будущих целителей, обладающих уникальным «божьим даром», с целью их дальнейшей опробации в клиниках области. Адрес оффиса: улица Кисилева 24, кабинет биоэнерготерапевта «БАПАН». Директор Актюбинского филиала АПНЦ Альмухамбетова К.Б.». Міне жалған «дәрігер» Ә. Ерманов мырза ақыры өз қауымдастығының емшілерін тастап өзі де кетті. Кейінгі екі жылда бұл қауымдастықты дәрігерсымақ Нұржанов Бауыржан деген басқарады. Басқалардан бұрынғы көкелері ала алмаған өшін осы алып беремін деп, бүкіл республика аймағын аралап ана ағаларының басқа ұйымдарды тарады, олар заңсыз, менікі заңды, мен жарылқаймын деген көне сөздерін қайталап, бұрынғы көкелерінен де озып барады. «Аңқау елге арамза молда» - дегендей аңқау емшілерге ашық түрде ірі бағамен (жақында Қызылорда, Шымкент) жеке «Медицналық лицензия» таратуда. Бауыржан бұған дейін басқа аймақтарды да аралап, өзінің “Жасанды лицензиясын) таратқанын да білеміз. Бұл қалай? Сонда Бауыржан мырза Денсаулық сақтау министрілігінің рөлін атқарып, емшілерді арнайы алты айлық медициналық бақылаудан өткізу заңның аяққа таптағаны ма (ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі. бұйрық №532. 10 қараша 2006 ж.). Бұны жергілікті бақылаушы заң, салық орындары неге білмейді? Жалған лицензия алған емшілер енді өз ойларын жүзеге асырарына күмән келтірмеңіз? Тек қана олар жергілікті орынға салық төлер ме екен, кім білсін. Біздікі тек ескерту ғана. Бұндай жағдай осыдан бес-алты жыл бұрын Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары мен кейбір емшілердің ұйымдастыру арқылы ірі бағаға емшілерге лицензия берілгенін де көргенбіз. Лицензия алған емшілер қарызға белшесінен батып, оның аяғы ірі дау-дамайға барғанын да білеміз. Енді емшілер ойланатын шығар кімнің қолына түсіп жүргендерін. Сорақының сорақысы емшілер арасында А. Ерманов мырза сияқты медициналық дипломдарды оқымай-ақ алғандар да баршылық. Мәселен, Алматылық орта білімі бар, жүргізуші болған Тохтахунов Абдрахман мырза бүгінде шөппен емдейтін танымал емші. Бұл азамат Ә. Ермановтан да озып, 2003 жылы наурыз айында өзін “Медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін”, алдым деп, телеарналарда көрсетіліп және баспасөз беттерінде жариялады. Қысқасы, аспаннан бір “Алланың құтқарушысы” түскендей болды. Мәселен, “Отбасы және денсаулық” журналында “Доктор Тохтахунов” (№11.2003. 16-18 бб.) т.б. газеттер беттерінде жасанды “Медицина ғылымдарының кандидатын” бірнеше жыл жарыса жазды. Ал енді бұның жалғандығын мына екі құжаттан білесіздер. 1. “Ассоциация народных целителей Казахстана” Кожалымову Зиядан кажы: - “На Ваш запрос №015-А от 25.12.03 г. Казахский Национальный Медицинский Университете им. С.Д. Асфендиярова сообщает, что ТОХТАХУНОВ АБДРАХМАН в период с 1981 по 1987 г.г. не обучался и диплом АН №654982 рег. №71 от 25.07. 1987 г. не выдавался.” Ректор КазНМУ, профессор Т.А. Муминов (Исп. Шитикова В.С. /3272/ 927-937.) ФБ- 19 №17-1-13 от 07.01. 2004 г. Ректордың қолы қойылған, ҚазҰМУ мөрі басылған). 2. “Қазақстан халық емшілері ассоциациясының” Президенті Зиядан қажы Қожалымовқа 480057. Алматы қаласы, Бұхар жырау көшесі, 73, 38-бөлме): - “Сіздің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №015-А хатыңызға жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: 2000-2003 жылдар кезеңіндегі ЖАК мәліметтерінде медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған А.Ә. Тоқтахунов деген ізденушінің аттестациялық ісі түскендігі және қаралғандығы туралы дерек жоқ. ЖАК тарапынан А. Тоқтахуновқа “медицина ғылымдарының кандидаты” атағы берілген жоқ”. Төраға А. Құсайынов (Орындаушы: Ш. Құсайынова, т. 61-81-56. Хат 12.01.04. №В-61-59/13-0070). Міне, көріп отырғандай біз медициналық диплом сатып алғандардың “Шортандарын” ғана көрсеттік. Ал, емшілердің “Шабақтары” ішінде осындай медициналық диплом сатып алғандары да жетерлік. Бұл да емшінің мәдениетсіздігі мен ұятсыздығын көрсетеді. Емшілердің әр түрлі ұйымдарда тіркелуіне байланысты кейбір есепте жоқ емшілер өзінің есебін түгендеп, халықты алдап арам ойларын жүзеге асырып жатқандығын да мойындаған жөн. Осындай алаяқтардың торына түскендерден ренішті хаттадың арнайы орындарға жолдану себебі де, бүгінге дейін емшінің бойындағы тылсым құпия сырларына арнайы ғылыми көзқараспен қарап, бір қоғамдық орталыққа топтастыруға арнайы орындардан ұсыныстар мен мүмкіндіктер жасалмауында. Осының кесірінен кешегі сот үкімімен арнайы жабылған «Фархат ата» және «Аққулар» ұйымдарының халыққа келтірген діни рухани зияндықтары жөнінде бізде өз уағында осындай пікірімізді білдіргенбіз. Шындық өз нәтижесін берді. Біздің алдымызда емшілердің бойындағы кейбір кемшіліктері жөнінде жазылған «Ел ішінде емші жүр» (Жетісу. 30.05.2009 ж.) мақалада емшіге сенуден реніш көп, ал «Ислам және өркениет» газетінде (№12. 21-30.04. 2009 ж.) емшілерді «Аруақтелекомға» теңеп, мазарларға зиярат ететін емшілердің өлі аруаққа табынатыны жөнінде, кейбір ескі мазарататрға пәлен әулие жатыр деп белгі қойып адамдарды табындыратыны, жүрекпен сөйлейтіндері арқылы аталар бата беруде немесе саған реніште деген сияқты адамның миының қызметін торлайтын сиқырлы әрекеттері арқылы өз мақсататрын жын-шайтандардың көмегімен жүзеге асырып, Алла Тағаланы мойындамайтындары жөнінде де реніштерін білдіреді. Енді «Түркістан» газетіндегі «Емші десе елеңдеп...» мақалада (04.06. 2009 ж.) автор жалғандықпен ақша жасап жүрген кейбір емшілер жөнінде өз ренішін білдіреді. Өзі де емшіге көрініп жалғандығына қайран қалады. Осыларды үгіттеп отырғандар да жоғарыдағы аты аталған ШЖС Халық медицинасы орталығы. Бүгінде адамдарға, қоғамға, сырқат жандарға беретін тәрбиелік деңгейі төмен, сауатсыз тек қана жеке пайдасы үшін, адамдарға молаларды аралататын көптеген аты бар да, мәні жоқ «Ордалардың» қызметіне тоқтау қоятын немесе бір орталықтан бақылайтын уақыты жетпеді ме. Егер бұл үрдіс осылай жалғаса берсе, бүкіл қазақ мола аралағыш атанса, біраз жылдардан кейін ауданаралық «Жүйке ауруханалары» ашылмасына кім кепілдік бере алады? Біздің ғылыми жақтан бақылауымыз бойынша емшісымақтардың тең жартысы жүйке ауруына ұшырағандар, ал 30 пайыздайы жақсы мен жаманның ортасындағылар болса, қалғаны нағыз таза емшілік қасиеті барлар. Дегенмен, бұл қасиет біртіндеп азаюы мүмкін. Себебі, халықтың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - шығады деген даналық сөзін еске алған жөн сияқты. Мұны неге мемлекеттік бақылаушы орындар ескермей жүр. Алматы ТВ-дан көрсетілген «Қылкөпір» бағдарламасына да ренішін білдіреді. Дегенмен бұл бағдарлама бізде жаңадан басталғандықтан да, көш жүре түзелетіндігіне көңіл бөлген жөн сияқты. Бізде әлі дайындық, білімділік, рухани тазалық пен арнайы дайындау орталығы жоқтығын ескерсек, «Қылкөпірге» қатысушы емшілерге тәуелсіз еліңнің бабаларының киелі қасиетінің тылсым құпияларын аша беруіне тілектеспіз. Қазақ ақылдан кенде емес, ешкімнен кемде емес. Семіргенді қой көтереді. Өткен жылы Тараз қаласында Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 400-ге жуық мүшелері қатысқан кезектен тысXIII-Құрылтайы өтті. Құрылтайда қауымдастықтың құрамын сандықтан - сапалыққа қарай өзгерту қаралды. Қауымдастықтың филиал директорлары мен кейбір мүше емшілерінің тәртібі қаралды. Сегіз қалалық және облыстық бөлімше қызметін (Ақтөбе обл., Ақтөбе қал., Шалқар қал., БҚО Ақсай қал., Қарағанды обл., Балқаш қал., Талдықорған және Есікті қал.) тоқтатуға және елуге жуық мүшесін құрамнан шығаруға қауыл қабылданды. Бұның себебі қауымдастық Жарғысының талаптарын орындамағандығы, қауымдастықпен байланыстарын үзегендігі, мемлекеттік орындарға өз уағында есеп бермегендігі және себепсіз қауымдастық ұйымдастырған шараларға қатыспағандығы, жалған алдампаздықтары себеп болды. Бұлар қауымдастықтың абыройы мен жетістігін жеке мүдделер үшін толық пайдаланып, өздерінің ұшқан ұясына өздері опасыздық жасады. Бұл шешім бүгінде қауымдастықтың интернетінде тұрақты қойылған. Қоғамымызда басқару жүйесінің жақсы жақтары көрініс беруде. Ал, республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» Төралқасы 18 жылдан бері халықтық емшіліктің ғылыми жақтарын зерттеп оны ғылымдық зерттеу жүйесіне қосуға қол жеткізді. Емшілік, рухани емдік, биоқуаттық т.б. салалар бойынша оқулықтар жазылды. Тылсым құпия сырлары туралы еңбектер де жарияланды. Жыл сайын емшілердің білімін, діни рухани жетістігін, өзара қатынасын және басқа да елдердегі осы саланың мамандары мен тығыз байланысын өркендету мақсатында алты рет халықаралық әртүрлі тақырыптағы конгресстер мен форумдар өткізді. Қысқасы, емшілер рухани жағын байытуда толық өздеріне қажетті оқулықтармен қамтамассыз етілген. Арнайы емшілердің білімін, рухани дәрежесін көтеретін мектептер жұмыс істеуде. Халықтан алғыс алған емші ол рухани дәрежесі жоғары және мәдениетті емші. ғасырдың ғұлама ғалым емшісі - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емшіні- шипагер деп атауды ұсынады. Шипагер - сырқат жанның ауруының себебін табады, емдейді, жазады, ажалдан алып қалады деген ойын айта келе, оған жету үшін тұрақты негізгі білім мен рухани білімнің қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі емшінің парасаттылығын арттырып, имандылығын жоғарылатып оның адами тұлғалығын биіктетері анық. Кейбір мәдениетсіз емшілер үшін, бабалар қасиетін жоя алмаймыз. Мәдениетті емшілердің құрамы арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Оған бүгінгі біздің атқарған қызметтеріміз куә. Емшілер мәдениетін көтерейік!
1.7 Пути разития Ассоциации
А. I - Международный конгресс “Прошлое, настоящее и будущее народной медицины” г. Алматы (16 - 18.09.2004.)
Б. II - Международный Конгресс “Нетрадиционная народная медицина РК”. г. Алматы (24 - 26.09.2005.)
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 | |||
|