ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ - СПРАВОЧНИК НАРОДНЫХ ЦЕЛИТЕЛЕЙ 3 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 | ||
Кейде бал ашушы малдың
жауырынына /қой, бұғы, аң/,
жұлдызға, қой құмалағына, жер бетіндегі
өзгерістерге /ылғал, шық, қырау, дымқыл,
құрғақ т.б. / қарап та болжам жасаған. Ертеде
хандар бал ашушылардың өте мықтысын
жанында ұстаған. Қазақ жерінде бал ашу
өнерін гректің, қытайдың, орыстың саяхатшылары
мен зерттеушілері XV
ғасырдан бастап зерттей бастаған.
Ш. Уәлиханов бұл ерекшелікке арнайы талдау жасап,
терең мән беріп: «Барлық бақсылар да бал
ашушылар. Бақсы бал ашарда қамшыны екі
саусағының арасында, тепе – теңдікте ұстап, ойын
көрсете жүріп сөйлейді. Бақсылардың бәрі де
балгер», – дейді [28, 159 б.]. Бұл өнер түрі
бүгінде жалғасын табуда. Қияли ой толқынынан
туындайтын, болжампаздық сезімнен туындайтын әр
ұлттың тектік болжау өнері әр түрлі болғанымен,
түптік ұқсатығы олардың тығыз байланысын арттыра
түсуде. Тылсым дүниенің құпияларының
ерекшеліктерінің көп салалы ғылымдардың
ғалымдарының алдағы уақытта зерттеу жұмыстарына
айналуы, оған оң
түсіністікпен қарауы, оның құпиясына
талдау жасау қажет ететін ғылыми саласына
жататынын білдіреді.
4. Болжаушы
– бақсы мен бал ашушыға
психологиялық мінез – құлқы ұқсамайтын, терең
ойлы, шешен, батыр тұлғалы, байсалды, ақылды,
инабатты, еліне
сыйлы, өз құпиясын жария етпейтін ерекше
қасиет иесі. Ерте де өмір сүрген
кейбір жыраулар, батырлар мен билерде де
болжампаздық қасиет болған. Мәселен, Қабан жырау
орта жасқа келген Райымбек батырға қарап: «Сен
көпшілсің, мәңгі үлкен жолдың бойында
қаласың», ал Өтеген батырға: «Сенде көпшілсің,
уақыт өте келе сүйегің екінші рет жерленеді», –
деген болжамы одан бері төрт ғасырдай уақыт өтсе
де, болжам өз шындығын дәлелдеп тұр. Бұл қандай
құдіреттің әсерімен айылғанын ғылым да және
ешкім де
шешкен емес. Бүгінде бүкіл әлемді өзінің
болжампаздығымен таңғалдырған француздың дәрігер – болжампазы Мишелъ де Нострадамустың /1503-1566/ болжауларының дәлдігін әлемде
ешқандай ел зерттеуші ғалымдары нақты жауап
берген жоқ. Бұл жөнінде Ю. Косеруков: «Оның осы
түнде өз өмірімен қоштасуы туралы айтқан
ескертпесі дәл келді», - деп болжаушының керемет
қасиетіне тәнті болады [34, 4 б.].
Пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с. /
мен
М. Нострадамус және ақын-ғалым Мәшхүр
Жүсіп Көпейұлы өздерінің айтқан уақытында қайтыс
болған. Ғылымға белгісіз бұндай құбылыстар мен
ұқсастықтардың сырлы
құпияларына танымдық тұжырым беру
өте қажетті мәселе болмақ [35, 25-27 бб.].
Біздің дәуірімізге дейін
дүниеге келіп, осы дәуір басында 89
жасында
бұл дүниеден өткен Майқы би шешен жасы
кәриялық жасқа жеткенде, оған
болжампаздық қасиет қонып, төрт
мың жылдан аса уақытты болжап айтқан екен.
Майқы би М. Нострадамустан он төрт ғасыр бұрын
өмір сүрсе, оның болжамы М. Нострадамустың
болжамынан 237 жыл артық. Майқы бидің
айналасында дана адамдар, жұлдызшы,
құмалақшы, балшы, емшілер көп болыпты.
Майқы би аспан жұлдызының орналасу
жағдайына, өңіне қарап жер беті мен аспан
әлемінде және адамзат дүниесінде тізіп айтып
отырғаны, дәл келсе керек.
Майқы би жер, адам, аспан
арасындағы құбылыстық өзгерістерді
жеткізуде үйлестіруші,
талдаушы
қызметін сапалы жеткізе
білді.
Бірде Майқы би: «Жыпырлаған жұлдыздан,
Жартыкеш болса да ай артық. Биік – биік жотадан,
Су сыйлайтын сай артық. ... Тіршілік берген
һаммеге, Барлығынан күн артық»-
деген
даналық
сөзінен кейін,
қобызын алып: «О, дариға – ай, о, дариға – ай!» дей беріпті.
Зарлы үнмен: «Болғанда ақырзаман саулайды
жел. Тоқтыға мың қарабас бір қозы тел, Тоқтыны
мың қарабас еміп тұрып, зарлайды тоймадым деп
пәруәрдігер. Болғанда ақырзаман су тарылар,
Жігітке қарап тұрған қыз артылар. Көз жұмсам,
һамме бүлік көріп тұрам, Бұдан соң қалай көңіл
шарты болар. Несесе, Әлі заман өзгерер,
Өзгергенін көз көрер. Мінгенің арба болар, Бар
құс қарға болар. Жансыз арба ат болар, Өз балаң
өзіңе жат болар. Темірден құсың болар,
Ұрпағымның көргені сұс болады. Еркек билік түл
болар, Сиыр пұл болар, Еркек жасып ит
болар, Қатын тұлданып би болар. Төсекке
есеппен жатарсың, Жыныс зарпын ақшаға сатарсың.
Баққаның өсек, сөз болар. Сары судан ас шығар,
жер тақыр болар.... Енді төрт мың жылда,
дүние тамәм болар»-деп» [36, 48-59 бб.],
жасаған болжамдық тұжырымдарының кейбіреуі
бүгінде шындықтың
елесінде көрсетуде. Қазақтың жырауларының
жырларында да болжампаздықтың
белгісі байқалады.
Мәселен, Бұқар жыраудың: «Күн батыста бір
дүшпан, Ақыр шығар сол тұстан. Күн шығысқа
қарайды, Шашын алмай тарайды. Қағазға жазар
малыңды, Есепке алар
барыңды. Еліңді алар қолыңнан, Әскер
қылар ұлыңнан» - деп, қоғам мен халық өмірінде
алда болатын өзгерісті
айта білген. Академик Ғ. Есім Майқы
бидің жырларында болжампаздықтың сарыны барына
ерекше тоқталады [37, 76 б. ].
Тарихта аттары белгілі Пір Бекет,
Мөңке би, Өтеген батыр тағы басқа шешен –
билер болжамы біртіндеп шындыққа қарай
табан тіресе, Абыз Әлмерек батагөр әрі
түс жорудың шебері болғаны аңызға айналғалы бір
неше ғасырды артқа қалдырды
[19, 227 б.].
Қазақ халқының дарынды ұрпақтарының өте
ерте заманнан-ақ, болжампаздық өнерін аспан
жұлдыздарына, жан-жануарлардың әрекетіне,
өсімдіктің реңіне қарап неше түрлі жасаған
болжамдары, тіршіліктегі құпиялардың белгісінен
хабар береді. Болжампаздардың ойлау жүйесінің
күрделілігі мен терең философиялық ой талғамдары
және тұжырымдамалары, болжамдары адамның
бойындағы шексіз құпиялықтың
тылсым сырларына
ғылыми тұрғыда «неге осылай болады» -
деген,
сұраққа жауап іздеу үшін философиялық
танымда ұлттық тұрғыда зерттеуге
ұмтылу кезеңі заман талабына сай
келеді.
5. Жауырыншы
– тұқым қуалайтын, сирек кездесетін,
жануарлардың таза жауырынының
/қой, бұғы, аңдар/
жалпақ бетіне түскен сызықтар мен кескін
бейнелерге қарап, болжам айтатын ерекше құпия
қасиет иесі [17, 225-226 бб.].
Жауырыншылық тұқым қуалайтын құпия қасиет. Бұл
тілі жоқ мылқауға тіл бітіріп, сөйлеткенмен
бірдей құпиялы өнер саласы. Қазақ еліндегі бұл
құпия өнерді әр жердегі халық өздерінің ұғымына,
танымына қарай пайдаланды. Кей жерде жауырынды
үш бөлікке бөліп болжады. Жауырынның ортасын
бөлетін қыр бөлігін баланың жолы,
қырдың астынғы жалпақтау жағын кісінің
тағдыры, ал жауырынның түбін (негізгі шүйдесі)
үй тағдырын болжайды деп жауырыншы болжамын
өзінше тұжырым жасаған. Жауырыншы өзінің алғаш
дүниеге келген ұрпағына ең алғаш жауырынды
сорғызып барып, анасын емуге рұқсат еткен.
Жауырынды құпия түрде ешкімге көрсетпей бала бір
мүшеліге толғанша сақтаған. Бала мүшелі жасқа
толғанда ғана оған жасырған жауырынды бергенде,
бала жауырынға бірден қарап болжап сөйлейтін
болған. Филология ғылымдарының докторы,
профессор Берікбай Сағындықұлы Мүсірбай: «Бал
ашудың бұл формасы қазір толық
жойылуға таяу. Ата-анасы жаңа туған
сәбиін жауырыншы етуді ниет етеді. Осы мақсатпен
қойдың жауырынын отқа күйдіріп теседі... Ол таяу
келешекті болжай алатын дәрежеге жетеді»-деген
[38, 21 б.] тұжырымын жасап, бұл құпияның
халықтық сипатына ғылыми танымын білдіруі де,
жауырыншы сырынын ашуға қажеттілігін аңғартады.
Ертеде хандар, батырлар, сұлтандар мен билер
жауырыншыны өздерінің ақылшысы, кеңесшісі және
болжампазы ретінде
жанында ұстаған. Қайталанбас қасиет
иелері әлі аз кездеседі. Сапалық білімдері таяз.
Кейбіреуінде жасандылықта байқалады.
Жауырыншы адам тағдырын, ел бірлігін, жаудан
қорғануын, жеңіс пен жеңілістің шегарасын, ырыс
пен берекенің, бақыт пен бақытсыздықтың, ұрлық
пен зұлымдықтың белгілерін және ауа райының
жылдағы төрт мезгілдік өзгерісіне де мәлімет
беріп отырған. Қазіргі уақытта жауырыншылар
сирек кездеседі, оның сырын білу өте қиын болуда.
Ғылымға қажетті дәстүрге жатады.
Адамның психологиялық толқуларынан
ойдан-ой туғызатын, ойлау жүйесіне белгісіз
өзгеріс беретін таза жауырын-шылықты зерттеу
қажет етеді.
6. Жұлдызшы
– аспан әлемінде құбылыстардың құпиялық
өзгерісін бақылап,
жеке өз ұғымы бойынша ауа райы туралы
болжам айтушы ерекше дарын иесі. Жұлдызшылық
қасиет – тектік тұқым қуалайтын сирек кездесетін
киелі қасиет [17, 226-228 бб.]. Жұлдызшылар өз
құпияларын сыртқа жария етпейді, өзіндік оқуы,
шешімі, таралу тамыры және әрбір жұлдызшыға тән
аспан әлемін бақылау шеберлігі болады. Ертеде
халық жұлдызшыны – санақшы, болжағыш
деп атаған. Қазақ халқы көшпелі өмірінде
жылдың төрт мезгілдік өзгерістері туралы
өздерінің санақшы жұлдызшылары арқылы біліп
отырған. Жұлдызшы аспандағы «Темірқазық»,
«Жетіқарақшы», «Үркер», «Шол-пан» тағы басқа
жұлдыздардың орналасуына, түсіне, қозғалысына
қарап
ауа райының қандай боларын біліп, оның
қауіпті жағдайын алдын-ала хабарлап отырған.
Жұлдызшының өрісі кең болады. Ол ұлттық өте
ауқымды мәселелерге қатысты ел қорғанысы,
болашағы, елдің жауларының құрамы мен
әдіс-айлаларына да өзінше ұсы-нысын беріп
отырған.
Қазақтың ханы Абылай ханның жұлдызшысы Байыс
алдын-ала ескерту арқылы елін табиғат апатынан
аман алып қалған. Жауы қалмақты жеңуіне
көмектескен. Осыдан кейін ел ішінде: «Абылайдан
ат мінгені, Қабанбайдан алған інгені, Байыстың
ауа-райын болжап
білгені», – деген [17, 227 бб.] аңызда да
шындықтың негізі бар сияқты. Жұлдызшылардың
кейбіреуінде сәуегейлік, болжампаздық,
телепатиялық, шипагерлік сияқты қасиеттері
барлары да болған.
Жұлдызшылар құрғақшылық
кезеңде аспаннан
жаңбырда жауғызудың құпиялық сырын да
меңгерген. Үндістанда адам өміріне байланысты
жұлдызнамалық ілім сақталған. Осы елдің бұрынғы
ел басшылары Неру мен Индира Ганди отбасыларында
жеке жұлдызшылары болған. XV ғасырдағы
француздың жұлдызшысы /
сәуегейі, болжаушысы / М. Нострадамус /
1503 – 1566 /
болса 2237 жылды, ал
М. Нострадамустан
XIV ғасыр бұрын өмір сүрген Майқы би
бабамыз жұлдызға қарап тұрып,
алдағы 4000 жылдық
өмірді болжаған.
Е. Вурмс,
С. Эрхард: «Адамның денсаулығы
мен мінез-құлқы күн мен жұлдыздардың
сыртқы әсерінен өзгереді, бұл оның тағдырына
байланысты. Жұлдызнама өте күрделі, оның
құпиясын білімді жұлдызшылар ғана білуі мүмкін»,
– деген болжамын айтады [39, 24 б.]. Жазба
әдебиетте жұлдызшылардың аттары аталып арнайы
пікір айтылмағанымен, бұл қасиеттің
иелері халықтың арасында барын, олардың
күндердің-күнінде жарық жұлдыздай жарқырап шығып
ұлт мақтанышына айналары анық. Ғылымда да бұл
салаға зерделей мән беру уақыты болды деуге
негіз бар.
7. Құмалақшы
– өнері халқымыздың көне
тарихынан бері жалғасып келеді. Бұл әрбір ұлттың
дарынды қасиет-терінің бірі. Құмалақшылық жүйесі
астрономиялық және астрологиялық болып екі үлкен
топқа бөлінеді. Олар іштей түр-түрге жіктеліп,
салаланып кетеді. Мәселен, геомантия – жердегі
өзгеріс әрекетті, қимыл-қозғалыстарды бақылайды
әрі болжайды. Хиромантия – алақан саусақ
сызықтарына қарап, болашақты болжаса, арифмантия
– нақты есепті ой болжамын жасайды. Осындай
қасиеттің бірі құмалақшылық та тұқым қуалайтын,
өзінше
болжамдық айтары
және тылсым құпиясы бар әр түрлі
жастағы адамдар тобы. Құмалақшы да шама –
шарқына қарай
болжайды, айтады,
онысы арқылы адамдарды иландырумен өзіне
сендіруге тырысады. Құмалақ шашпа және қырық бір
құмалақ болып бөлінеді. Құмалақ ашуға ұсақ
тастарды, өсімдік дәндерін, қойдың құмалақтарын
пайдаланнған. Ш. Уәлиханов: «41 құмалақ Данияр
пайғамбардан қалған
мұра»-дейді [40].
Құмалақшы тастың мата бетіндегі
орналасуына қарай сөйлейді. Тастың да ашылып
сөйлейтіні болады. Құмалақ
көп ойланып барып ұсақ ойдан ірі ой
туғызуға әсер етеді.
Құмалақтың сөйлеу құпиясы ғылымда да
ашылған жоқ. Академик Әл
Машани: «Құмалақтың сырына алғаш ғылыми
болжамдық зерттеуді
ғұлама ғалым Әбу Нәсір әл-Фараби
жасаған» - дейді [41, 215 б.].
Академик А. Машанов құмалақ
жөнінде де зерттеуін жалғастырды. Құмалақ
ашу жүйесі Орта Азия, Кавказ, Үнді мен Иран,
Тибет пен Карея, Америка мен Жапонияда да алғаш
дамыған.
Қазақ елінде де көне заманнан өріс
алып дамуда.
Қырық бір құмалақтың шығуының құпия
тарихы
-
үш әлемге: «Жоғарғы әлем» – Темір қазық,
«Ортаңғы әлем» - Адамзат, және
«Төменгі әлем» -
Алтын қазық
немесе
«Жеті ғаламға»
– «Жеті қат көкке де» /Ай, Күн,
Есекқырған, Шолпан, Қызыл жұлдыз, Юпитер, Сатурн
/«Жеті қат жерге де» тұңғиық, жылан, су, қос
бақара,
тас, көкөгіз, жер/
байланысты болған.
Мәселен, 41 құмалақты үшке бөліп ашу – ол
үш әлемді
білдірсе,
үшке бөлген
топтың жеке-жеке төртке бөлінуі, ол
жаратылыстың төртке бөлінуі
/Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік/
немесе әлемнің төрт негізін /топырақ, ауа, су,
от/ білдіреді. Құмалақ тартудың да өзіндік
түрлері болады. Мәселен, ырым құмалақ, бір
тартар құмалақ, шашпа құмалақ. Кең тарағаны –
шашпа құмалақ. Құмалақ ашудың да тәртіпі мен
ережесі болады. Құмалақты құмалақшы: «құмалағым
ақ сөйле, бисмилла»- деп ашады. Алғаш құмалақты
үшке бөледі. Бұны «құмалақ басы» - дейді.
Құмалақшы құмалақты сөйлетуде елуден аса шарттық
ереже бойынша ойын талдап барып болжамалық сөзін
айтады.
Құмалақ тасының
тоғыз жерге орналасуы – «Тоғыз қат көк»
немесе «тоғыз өлшемді» білдіреді. Сайып келгенде,
тігінен 3, 7, 9, ал көлденеңінен 4 деген
дүниетанымдық сандар негізінен құмалақ ашу
теориясы пайда болды. Бұл құпиясын әлі ғылым
ашпаған астрологиялық танымдық
ұғым негізінде өмір тарихынан атын
өшірмей келеді. Дін қағи-дасында құмалақ ашуға
қарсылығына қарамай, Данияр пайғамбарымнан
қалған құмалақ мұрасына да ғылыми сараптамалар
жасайтын уақытта жақындаған сияқты. Құмалақтың
толық құпияларының ерекшеліктері жөнінде
ізденуші З. Қожалымов өз еңбектерінде кең
көлемде талдау жасаған [17, 257-266 бб.].
8. Көріпкелдік
– телепатия. Көріпкелдік
пен телепатия бір-біріне тәуелді келеді.
Телепатиясыз – көріпкелдік, ал көріпкелдіксіз –
телепатия өз сырын аша алмайды [18, 229 б.].
Көріпкелдік – адамның ой арқылы белгісіз ішкі
және сыртқы күштердің әсерімен ғарыштық жүйемен
байланысқа шығып хабар алатын, алған хабарды
жерге жеткізуші, өңдеуші, бөлуші және таратушы
жоғары жіиілікті сезімтал қасиеті. Көріпкелдік
адамның ойы арқылы жүзеге аса-тындықтан, ой
ғарыштық жүйемен телепатиялық байланыста болады
да, өз хабарын жеткізеді әрі жауап
алады.
Бұл ми қызметіндегі түсініксіз күрделі
өзгерістер арқылы жүзеге асатын жүйелік құбылыс
түрі. Адамзаттың тарихына үңілсек, ғасырлар бойы
өздерінде бір тылсым күштің табиғатқа қайшы
келмейтін құпия заңдылығы барына зор сеніммен
қарады. Бұл ғылымда жаңаша көзқарастық өзгеріс
туғызды. Ғылым болса осы құбылысты зерттеп
анықтауға енді ғана
әрекет етуде.
Көріпкелдік қасиет қалай, қайдан пайда
болды, ол мәңгілік пе, немесе сиқыр ма, әлі
белгісіз қалпында қалуда. Дегенмен, нақты
теориялық заңдылығы жоқ бұл құбылысқа
таңдан-ғаннан көрі,
зер салып ойланған жөн сияқты.
Телепатия - жер мен ғарыш арасындағы байланыс
жүйесін жүзеге асырады. Адамның ойын ғарыштық
жүйеге қосып, өңдеп қайтадан хабарды жерге
жеткіуге әсер етеді.
Адам ғарышпен телепатиялық байланысқа
шығады да, одан белгісіз күш әсерінен
көріпкелдік жүйесіне көшеді. Ойсыз
телепатиялық байланысқа, ал телепатиялық
байланыссыз – көріпкелдік жүйе орындалмайды.
Барлық адам да бірдей көріпкелдік немесе
телепатиялық
байланыс бірдей болмайды. Белгілі ғана
адамдар тобы бұл екі қасиетке ие болуы мүмкін.
Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің
«Үш анық»- деген [42, 12-21 бб.]
еңбегінде
телепатия, спритизм (рухпен байланысқа
шығу – З. Қ)/ және магнитизм деген
ғылыми атауларға тоқталып, бұл шындық деп,
бұл сала бойынша көптеген тілдерде жазылған
ғылыми жазба кітаптардан отыз жылдай оқыған,
көңіліне тоқыған ойларының философиялық танымдық
қортындысына сүйеніп тұжырымнамасын ұсынады.
М.Нострадамус пен болгариялық Ванга әжей
телепа-тиялық байланыстың таза дәлдіктік шындығы
арқылы әлемге даңқын шығарды. Ғалым, жазушы,
ақын, өнер адамы, суретші, емшілердің
белгілі тобы өзінің телепатиялық
байланыста болатындарын біле бермейді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с./ ұдайы ғарышпен,
періштелермен телепатиялық байланыста болды.
Қасиетті Құранды да өзінің періштелерімен
телепатиялық байланысы арқылы қабылдаған.
Хан Абылайханның түсін жорыған Өтеген батыр,
Бекет әулие, Майқы би, Мөңке би, Бұхар жырау
тағы сол сияқты сұлтандар, билер, батырларда
ғарышпен
телепатиялық
байланыста болғандарын, олардан қалған
жазба деректер арқылы белгілі.
Көріпкелдер көбінесе ғарышпен жеке телепатиялық
байланыстарды сөз, дыбыс, сурет, сызба, бейне,
бағыт, әріп, жазу, ән, саз, діни оқылым,
дыбыстық белгі, жарық белгі, денені тітіркендіру,
белгісіз рух атынан деп, басқа белгісіз күш
әсерімен транысқа түсіп сызу және жазу тағы
басқа тәсілдер арқылы алатыны жеке адамдардың
мәліметтері бойынша анықталуда.
Генералисисимус Суворовтың бұрын ажырасқан әйелі
адамның өңіне, түсіне, жүрісіне қарап, ол
адамға қауіп /өлім/ төніп тұрғанын нақ айтатын
көріпкел болыпты. Әйел кімді
іздеп келсе, ол адам өзіне қауіп
әкелетінін сезіп, жақындарымен қоштасатын
болған. Суворовтың кеткен әйелі
ұзақ жылдан соң оралғанда, осы күдікті
сезген ол дайындалып ана дүниеге аттаныпты [17,
271 б].
Бүгінде
әлемнің көп елдерінде М.Нострадамус пен
Ванга әжейдің жеке болжамдарын оқу, үйрену, шешу
ғылыми орындары жұмыс істегенмен
әлі
құпияның сырын толық ашқан жоқ. Қазақтың
тылсым сырлары мен құпияларын меңгерген
ата-бабаларымыздың
қасиеттік ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми
тұжырым жасауға қажеті артуда.
9. Оташы
– халық арасында кеңінен
тараған шипагерлік өнердің бір түрі, тұқым
қуалайтын құпиялы қасиет. Оташы өз міндетін
көмектесетін белгісіз ғарыштық күштер арқылы
орындайтын сияқты. Оташылар адамның дене
құрылысын жақсы білген. Сүйек сыну мен буын
шығуды қалпына
келтіруде оташылықты үйренуде мүмкін,
бір-ақ мұнда бір тылсым сырдың құпиясы
жатқандай. Кейбір оташылар түсімде аян арқылы
келді дейді, бірақ бұның қаншалықты шындыққа
жанасатыны әлі дәлелденген жоқ. Оташылар көбіне
сынық салады. Сынықтың ашық және жабық түрі
болады. Сынық шорт, жарқышақ, айқаспа, бұғана
сынығы
түрінде кездеседі. Буын шығуда жақ сүйегі
шығуы, мойын сүйегі шығуы, иық шығуы, кәрі
жіліктің шығуы, тізе сүйектің шығуы, тобықтың
шығуы сияқты түрлері болады. Өте күрделілері де
кездеседі.
Оташылардың ішінде кейде кіші-кірім операциялар
жасаудың да қарапайым тәсілін меңгергендері де
кездеседі. Ертедегі оташылардың кейбіреуінде
осындай қасиет болғаны туралы тарихи деректер
жөнінде де жоғары да айтылды. Оташылар сынықтың
түріне қарай оның жазылу уақытында өздері
белгілейді.
Дегенмен, осы оташылықта оташы сынық
салуды болжаммен ой арқылы салғанда ол сынықты
көріп тұрмаса да, дәл орнына түсіруде не сыр
бар, бұл әлі жұмбақ күйінде қалуда. Оташылық
жөнінде арнайы еңбектер
өте сирек кездеседі. Алайда жазылған
мақалалар
баршылық [43, 208-210 б.]. Емдік бұл
дәстүр зерттеуді күтіп тұрған
өнер саласы.
10. Тамыршы
– тұқым қуалайтын әрі оқып
үйренетін
қасиет. Көне дәуірден
бүгінге дейін, аурудың тамырын ұстап, жан
күйзелісі мен қатар ағзаларының да дертінің
белгілерін анықтаған. Тамыршы аурудың дертін
таңертең ашқарында тамырын ұстау арқылы да және
аурудың бет-жүзіне, сөйлеген сөзіне, дем алысына,
көз жанарына және тіліне де қарап сырқатын
анықтаған. Тамыршыларда сырқаттың тамырының
жоғары, орташа, баяу немесе жылдам, орташалау,
біліне-білінбей
әр түрлі соғуына қарай
адамның ауруының түрлерін анықтауда,
сырқатқа ем-дом ұсынуда
шипагерлерден кем болмаған. Сондықтан да
«Адам ағзасының 62
тамырын аңғара біл» деген ертедегі асыл
сөзден, адам ағзасының бүкіл тіршілік тынысы
тамырдың соғуына байланысты екенін білдіргендей
әсер етеді.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян»
еңбегінде тамыршы туралы аурудың арманын былай
сипаттайды: «...Науқас адамның арманы –
шіркін-ай, қараүзген шипагер боп, не келісген
жетік тамыршы табылып, тамырымды
ұстатып, дарымдалсам, арманым түгесілер
еді!», – деумен тынбақ [1, 229 б.].
Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
шипагер тамыр ұстауға жетік болумен қатар,
науқастың жағдайына зор көңіл бөлу керек деген
ұсынысын
білдіреді.
Шығыс шипагерлігінде қытай шипагерлері әр түрлі
мүшелердің тамырының соғуы да әр алуан
болатынына үлкен мән беріп, сырқатқа
анықтамаларын қойған.
Мәселен, сол қолдың білезік тұсындағы
тамыр соғуын үш саусақпен байқағанда: Сұқ
саусақтың астындағы тамыр үстірт соғылса – ащы
ішекті немесе тамыр терең қатты
соғылса – жүрек тағы сол сияқты.
Тамыр ұстау арқылы адамның сырқатын анықтауда
қазақтың қарапайым халықтық шипагерлік
әдіс-тәсілдері мен шығыс
және
Орта Азия елдерінің де шипагерлігінде
жақындық, ұқсастық барлығы байқалады.
Заманның өзгеріп әрі өркендеуіне қарай көне
емдіктің халықтық сипаты да
жаңара бастады. Қөптеген емдеу стилдері
ғылыми атау мен емдік жүйеге жақындады. Сараптай
келгенде, қырыққа жуық емдеудің шипалық
әдіс-тәсілдерін
бүгінде шипагерлер /емшілер – З.Қ./
өздерінің сауаттылығына қарай
пайдалануда.
Атап айтқанда:
Биоқуат әсерімен сырқаттың денесіне
жақындатып немесе
аралықтан әсер етумен, дұға оқып дем салумен,
дұғалық ішірткі берумен, тамыр арқылы қуат
жіберумен,
қан алумен, сүлік салумен, ән-күй
көмегімен, дәрілік шөптермен, металл-металиодтар
мен жан-жануарлардың мүшелелерінен жасалған
дәрі-дәрмекпен, уқалау, үзу, сылап-сипау және
нүктелі әсер ету әдістерімен, бұлау, терлету,
күн сәулесіне қыздырыну, таза ауада дем алу,
шипалық ағаштар арасында болып қуат алу,
табиғаттың өзен, орман, көлдері жағасында
дем алу, құмға орану, шипалық
балшықтар мен
минералды сулардың көмегін алу, жүгіру
мен қимыл жасаудың
ережелерін ұсыну, әр түрлі заттарды
магниттеп берумен
қатар, түрлі құрал-сайманмен
емдеу /қамшы, аса таяқ, пышақ
т.б./, қобыздың сарынымен ән орындаумен,
суық тигенді малдың терісіне түсірумен
/қой, жылқы, ешкі/,
мал өнімдерінің емдік түрімен / қиы, өті,
т.б. /, аурудың суреті мен хаты арқылы
аралықтан емдеумен,
байланыс құралының
қөмегімен /теледидар, радио, телефон/
монша мен суық суға түсіріп
емдеумен бірге, иландырудың психологиялық
әсерлері көмегі арқылы зікір салып емдеумен,
ұшықтау, көшіру, аластау, аштау, қорықтық құю,
тіс құртын шақыру [18, 69-70 бб.]
сияқты, тағы басқа да
сырқатты емдеу тәсілдері өз жалғасын
табуда.
Шипагерлер тарапынан аурудың сырқатын емдеуде
тағамдардан
қымыз, шұбат, маңыз, айран, сүт, құрт, ет,
сорпа, әр түрлі көжелер/ арпа, бидай, сұлы,
тары, талқан /тағы басқа да тағамдар түрі
ұсынылып оң нәтижесін беруде.
Еліміздің тәуелсіздігінің жемісі халық
шипагерлерінің бойларындағы қасиеттерін ашуға,
оның емдік халықтық сипатын өркендетуге,
бірыңғай ұлттық этникалық шипагерлік жүйесін
жасауға және
тылсым құпия сырларына көп салалы
ғылыми зерттеулер жасауға мүмкіндік
туғызуда.
Қауымдастық қызметінің алғашқы қадамына күмән
келтіріп оның қызметін тоқтау жөнінде ҚР
Денсаулық сақтау министрлігінің Алматыдағы
республикалық «Халық медицинасы» Орталығының Бас
директоры Е. Әбілқасымов өзінің «Қазақстанның
халық емшілері» анықтамалығында (А:
Атамұра-Казақстан 1993. 9 бет) Қазақстан халық
емшілері қауымдастығынң сынай келе: «Өкінішке
орай, республикада бақсылық әлі де болса өрши
түсуде, халық денсаулығына оның әл-ауқатына
елеулі түрде зиян келтіруде. Мәселен, Денсаулық
сақтау министрлігі тарабынан ресми түрде сенім
білдірілмеген Қазақстанның халық емшілері
қауымдастығы (бастығы З. Қожалымов) мен ондағы
«Халық емшілерінің» қызметі осы тұрғыда
ұйымдастырылған. Мұндай қауымдастықтармен
олардың қызметіне тыйым салу жайлы Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
соңғы бұйрығында (1992 жылдың ақпаны) нақты
шаралар белгіленген», – дейді... т.с.с.
Бүгінде аталған Орталықтың өзін-өзі жауып күлі
көкке ұшып, мемлекеттік басқару жүйесі мен
халықты алдағаны олардың қызметтерінің
алдампаздық пен көзбояушылық деуге толық
құқылымыз. Ал, Е. Әбілқасымов мырза мен
Орталықтың кейінгі басшысы Ш. Шинтаев бұдан
былай алдай алмасы анық. Олар жоямын деген
«Қазақстан халық емшілері қауымдастығын»
елімізден тысқары мемлекеттерге нәтижелі ғылыми
және рухани сауықтыру қызметімен
танылғанына Алла тағалаға және
қауымдастықтың жанашырларына рахметімізді
айтамыз. Қазақ халқының емдік тәсілінің халықтық сипаты мен түрлерінің тарихы ұзақ, оның тамыры терең, қанаты кең жайылған әрі адамзаттың жаратылысынан бері жалғасып келе жатқан тектік әрі ұлттық шипалы қасиет екендігін аңғартады. Ғылыми зерделесек қазақтың шипагерлік өнері – шығыс шипагерлік өнерімен аралас, ұқсастығы мол үлгі негізінде дамып отырды деген тұжырымды қабылдау дұрыс шешім. Ал, еуропалық шипагерліктен де ертерек дамып өркендегендігінің ғылыми негізде дәлелденуі, ұлттық шипагерліктің рухының биктігін көрсетеді.
Құрметпен:
Зядан Қожалымов,
«Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» РҚБ
президенті,
Өтейбойдақтанушы-ғалым,
халық медицинасының профессоры, Академик
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 | ||