ХАЛЫҚТЫҚ ШИПАГЕРЛІКТІҢ БӘЙТЕРЕГІ

ФЛАГМАН НАРОДНОГО ЦЕЛИТЕЛЬСТВА

LEADER OF NATIONAL HEALING

20

 
На главную                                                                                                                                                          Вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21
  22  23  24  25  26  27   28  29  30  31  32


 

 

IV Тарау  

 Теле және баспасөздегі СҰХБАТТАР

Глава IV  

Интервью

Chapter IV

interview on tv and newspaper

 

 

4.1 Сұхбаттар Интервью

  

фото       фото       фото

                Алатау ТВ, июль 1991 г.                                                              ЮКО ТВ,  апрель1992 г.                                                            Атырау ТВ, июль 1992 г.         

фото          фото          фото       

                       Акмола TВ, июль 1992 г.                                                  Талдыкорган ТВ, август 1992 г.                                                Жезказган TВ, сентябрь 1992 г.

фото          фото           фото

                  ЗКО ТВ, октябрь 1992 г.                                                         Караганда TВ, октябрь 1992 г.                                                              Акмола, 1992 г.                                                                                                                               

фото         фото         фото

                  Семей TВ, телесеанс. Ноябрь 1992 г.                                         Семей ТВ, ноябрь 1992 г.                                                       Байконыр ТВ, май 1993 г

фото          фото           фото

                      Кокшетау ТВ, март 1994 г.                                                    Жамбыл ТВ, июль 1994 г.                                                                    Жамбыл, 1994 г.

фото           фото          фото

                Кокшетау ТВ, сентябрь 1994 г.                                                ПетропавловскТВ, март 1997 г.                                                 Байконыр ТВ, апрель 1997 г.

фото           фото             фото

                    Алматы, Алатау ТВ, 1997 г.                                                   Аркалык ТВ, 1997 г.                                                                     Павлодар ТВ,сентябрь 1997 г.

 

фото             фото             фото

 На конференции ученого Отейбойдака ноябрь 1997 г.               Алматы, научная конференция о труде                                    Алматы, Алатау ТВ, апрель 1998 г.                     

                                                                                                                       Отейбойдака ноябрь 1997 г.

фото            фото           фото

               Алматы, Алатау ТВ, июль 1998 г.                                             Талдыкорган, февраль 2002 г.                                                   Алматы, Рахат ТВ, март  2003 г.  

фото           фото           фото

             Шимкент, Отырар ТВ, октябрь 2004 г.                                                Рахат ТВ, май 2005 г.                                                          Актобе ТВ, февраль, 2007 г.

фото          фото 

                                                                                                                                      Алматы, ТВ 31.

 

4.2 ӨТЕЙБОЙДАҚ – ЕКІНШІ ИБН СИНА

 

– Зиядан аға, халық емшілері қауымдастығын құрып, талай жылдан бері осы жолдан айнымай, жүгін бір кісідей көтеріп келе жатқаныңызды жақсы білеміз. Оқырманға түсінікті болсын, мақсат-міндеттеріңізге тоқтала кетсеңіз.

«Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі 1991 жылы 22 желтоқсанда еліміздегі халық емшілері мен басқа саланың өкілдерінің қатысуымен құрылған болатын. Міне, 18 жыл болды. Негізгі мақсаты мен міндеттері – ерікті түрде дарынды адамдар мен халық емшілерінің басын біріктіріп, осы саладағы рухани сауықтыру қызметін дамыту. Өйткені, бізде халық емшілеріне тәлім-тәрбие берілуі керек еді, ол жағы ақсап жатты. Сондықтан осы іске бел шешіп кірістім. Көп нәтижеге жетіп отырмыз. Оның айғағы – алты рет халықарлық конгресс өткіздік. Бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені, білесіз, конгреске аты айтып тұрғандай, алыс та, жақын да шет елден мүйізі қарағайдай ғалымдар келеді.

– Бізде бұл сала ешқашан ғылыми негізделмегенін айтып отырсыз. Сөйте тұра атақты ғалымдарды шақырып, конгресс өткізуге жүрексінбедіңіз бе?

2004 жылы «Халық медицинасының өткені, бүгіні және болашағы» атты алғашқы басқосуымызда ұлы халықтың ғалым зерттеушілері: «Тарихы жазылмаған қазақтың қандай халықтық медицинасының тарихы болмақ?» - деп күлді де. Мен: «Сіздердің ата-бабаларыңыз ғылыммен шұғылданбай тұрғанда, біздің ата-бабамыз ғылыми медицинаның негізін қалап қойған. Сенбесеңіздер, міне!» - деп, қасиетті бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының XV ғасырда жазған «Шипагерлік баянын» алдарына қойып, дәлелдеген кезімде, ресейлік, шетелдік ғалымдар қолымызды алып, рахметін айтты. Шипагер еңбегін  он жылдан аса зерттеу өз нәтижесін берді. Бұған айғақ жуырда Тараз қаласында 475-тен аса ғалымдар мен емшілер қатысқан «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» атты VI халықаралық конгресі болып өтті. Франция, Қытай, Ресей т.б. шетел ғалымдарының ой-пікірлері Өтейбойдақтың қатардағы ғалым емес, XI ғасырдағы Орта Азияның ғұлама дәрігері Абу Әли Ибн Сина іліміне ұқсастығы мен сабақтастығы бар, яғни «екінші Ибн Сина» екенін толық қуаттай түсті. Шипагер жар сүйіп, сәбилі болмады, оның арманы шипагерліктің биік шыңына жету болды. Шындығында да, еліміздегі «Мәдени мұраны» қалпына келтіру бағдарламасының негізінде Жетісу өлкесінің Шалкөдесінің Айғайтасында дүниеге келген жаһангер, ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының осыдан V ғасырдан аса бұрын жазып қалдырған «Шипагерлік баян» еңбегінің әлемдік дәрежеде бағаланып, оның ел ғылымының мақтанышына айналуы ғұлама арманының орындалуы еді. «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ», - деген ғұламаның арманы іске асты. Жарты ғасырдан кейін өз еліне оралған, Қытай елінің мемлекеттік сыйлығын алған (1997ж.) ғұламаның «Шипагерлік баяны» желісі бойынша Тараздағы Жастар сарайында Жамбыл облыстық драма театрының актерлері отыз минуттан асатын сахналық қойылым көрсетті. Мақтанғаным емес, қатысушыларды  терең толғандырған қойылымның сценариін жазған өзім, ал сахнаға дайындаған режиссер – Қазақстанға еңбегі сіңген мәдени қайраткер Гүлшат Нүсіпжанқызы. Осы айтулы шарада жаһангер еңбегіне арналған ғылыми-зерттеу кітабымның тұсауы кесілді. О дүниеліктер аманатын тірілер осылай орындадық.

– Сүйінші хабарыңызды естіп қуанып отырмыз. Халықтық шипагерлікті әлі күнге дейін тарихы жазылмаған, зерттелмеген, бір жүйеге түсірілмеген ұлттық мәдениетіміздің дәстүрлік өнерінің біріне жатқызып жатқанымыз ілкімде ғана. Соған қарағанда ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын екінші Ибн Сина ретінде әлемге мойындату оңай болмаған шығар?

Рас айтасыз. Ертеден бері адамзаттың алғашқы мәдениетінің қалыптасуында зор ұйымдық рөл атқарған мәдени орта, денсаулық ошағы, тәрбие мекені болған халық емшілерінің шипалық орны ғылыми жағынан бүгінде неге ескерусіз қалды? Шет елдердің халықтық шипагерлігі ғылымнан өз орнын таба бастаса, ал қазақ еліне әлі сенімсіздікпен қарайтын ғалымсымақтар азаяр емес. Көлденең кері күштер қаншалықты қысым жасағанымен, атадан ұрпаққа жалғасқан тектік қасиетті шипагердің бойынан хан да, қара да тыя алмайды. Ол өмірдің тарихи кезеңдерінің шындығы. Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз  жаңа ғұлама ғалымдар қатарында Ө.Тілеуқабылұлының (1388-1485) да есімі енді. Ұлы шипагердің еңбегі қазақтың ұлттық мәдениетінің философиясы мен психологиясының бүгінде бір құрамдас бөлігіне енді. Ондағы неше алуан сырқаттарды емдеп-жазудың әдіс-амалдары осы күнгі ғылыми медицинаның анықтамаларымен сабақтас, ұқсас және тұжырымдас  деуге толық негізі де анықталып, оң баға алуда. Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы 1108 түрлі дәрі-дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануарлар мүшелері және  60-тан астам металл-металлоидтар қоспасынан (бұдан да көп болуы мүмкін) жасаған. «Суға кетіп өлді» дегендерді, аязда үсігендер мен күйікке ұшырағандарды «Тұншықтырма», «Малма» деген емдік әдістеріменен алып қалды. Шипагер өз қызметінде халқымыздың: «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген сөзін әрқашан да өзінің шипагерлік ілімінде басшылыққа алып, сырқат адамның ауруларын жұқпайтын және жұқпалы деп екі топқа бөлу арқылы шипагерліктің тазалық, сақтық және ұйымдастыру жолдарының жаңа стилін ұсынды. Тіршіліктің материалдық-диалектикалық заңына, шешекке вакцина егудің емдік тәсіліне, ми мен қан айналымы қызметіне, суық сумен аязда емдеу әдіс-тәсілдерін ғылымда Ф. Энгельс, Э. Женнер, Да Винчи және П. Иванов ашқан деген ғылыми жаңалықтарды қазақ шипагері олардан III-V ғасыр бұрын іске асырған-ды. Алайда, халық емінің өрлеу кезеңдері жазба деректердің жоқтығынан әлі зерттеліп біткен жоқ. Ал халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейінгі өмірі де, болашағы да болмас еді.

Олай болса, осы күні емшілік атаулы неге әлі күнге дәстүрлі  емес?

Өйткені біздің жүйеде бақсы да, емші, балгер  т.б. да емші болып жүр. Емші – үлкен атақ. Емші болу үшін арнайы ғылыми еңбектер жазып, дәрілік шөптермен емдеп, қазіргі заманғы медицинаның талаптарына сай жұмыс істей білу керек. Өтейбойдақ бабамыз өз заманында: «Емші деген ешкінің мүйізін көріп, денесін көрмегенмен бірдей», - деген сипаттама беріп, шипагерлерді емі дарымды және болжамалы деп екіге бөлген. Іштей тағы жиырмадан аса түріне жіктеген. Әрқайсысын жеке-жеке талдаған еңбегімді ғалымдар жоғары бағалап отыр. Кішігірім мақалалар, қолжазбалар болғанымен, бұл салада менен басқа арнайы ғылыми еңбек жазып жүрген ешкім жоқ. Бірақ, менің еңбегім аздық етеді. Өйткені, бұл тек біздің бағыт емес, заман талабы десем, артық айтқаным емес. Өйткені, тәуелсіз елдің азаматы да тәуелсіз болуы керек. Бұрын халықаралық қауымдастық, Академия атаулы тек Ресейде болды. Кешегі күнге дейін сол жаққа жалтақтадық. Орта Азия бойынша мен құрған жалғыз ұйымды 1992 жылы жабуға тырысып бақты. Қалай Мәскеуден бата алып, академия құрдық, содан бері ешкімге тәуелді емеспіз. Үкіметтен бір тиын алмай, 18 жыл бойы өз-өзімізді дәлелдеумен келеміз.

 

Сұхбаттасқан Г. Таубайқызы.

«ҚАЗАҚСТАН--ZAMAN» 13 тамыз 2009ж.

 

4.3   Халық емшілігінің қара нары

 

Мына жарық дүниені білгірлер сынақ - өмір деп жатады. Сол тегі рас-ау. Кез-келген адамның ғұмыры ұзақ жол десек, кімнің дәм-тұзы қалай болып, қай жерде таусылатыны тағы бір тылсым. Ертедегі естілер мұны бір-ақ ауыз қара өлеңмен былайша түйіндеген.

«Дүние – бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.

Күнінде тоқсан түрлі пәле көрсең,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан»!

Мен зиялы Зекеңді, бір бойында атақ-даңқын атан түйе тарта алмастай абыройы бар Зядан қажы Қожалымовты көрсем болды осындай ойға қаламын.

Өзінің айтуынша «патшаның тағы – балалық шағы» өте ауыр болыпты. Отан соғысының отты күндерінде туған ол екі жасында әкеден жетім қалып, бүтіндей бір әулеттің жалқы шырағы ана тәрбиесінде өседі. «Аналы баланың өзі тоқ, анасыз баланың көзі тоқ» дегендей марқұм анасы Өзипа Сыбанбекқызы еліне сыйлы, ақылды, сабырлы, әр нәрсені байыппен шешетін бір рулы елдің үлкен кішісі ақыл сұрар «Ақ апасы» атанған қасиетті жан еді. Сондай асыл адамның тәрбиесі болар, Зәкең де жастай талапты болды. «Жаста оқыған оқуын – тасқа жазғанмен тең, егде тартқанда оқыған оқуың мұзға жазғанмен бірдей» - деп анасы да білікті болуды құлағына құйып отырды. Сөйтіп, ол мұның орта білім алып, Алматыдағы Ауыл шаруашылық институтының электірлендіру факультетін ойдағыдай бітіруін өз бақылауында ұстады. Қиналғанда жол көрсетіп, адалдық, ар тазалығы, кішіпейілділік, имандылық сақтап, әр нәрсені ақылмен шешуді ұдайы ескертіп отырды. Маңдайдағы жалғыз ұлының оқу бітіріп, адал жар құшуын, сәбилі болуын армандаған ана тілегі көзі тірісінде орындалады. Келіні Түймекүлді көргенде «Арманым орындалды, енді мен Аллаға ризамын» - деді. Тұңғыш немересі Ләззәтын иіскелеп рақаттанатын... Одан кейінгі немере-шөберелерін көре алмағаны өкінішті.

Апасы көзі тірісінде о дүниеге аттанарында сүйікті келіні Түймекүлге «Жалғызымның арқасы бар, сен ие бол!» - деп аманат етіпті. Кейін де өзі қасиеті бар келінінің түсіне еніп: «Баламның басына көп қиыншылық келеді, көре алмастық болады. Алған бетінен таймасын. Қайда барса да өзі жалғыз барсын. Оны халқы қорғайды» - деп аян береді. Бұл сәл кейінірек.

Сол екі орталықта жас инженер-энергетик өзі туып-өскен аспан таулар аясында – Нарынқол ауданының Карл Маркс және Калинин ұжымшарында бас инженер-электрик, аудандық электрлендіру жүйесінің бастығы «Сельхозэнерго» кәсіпорнының директоры, т.б. қызмет баспалдақтарынан өтіп үлгерген.

Кәсіби мамандығы бойынша қаншалықты жұмыс атқарғандығынан бір ғана мысал. Оқу бітіріп келген бетте жастық жігермен Кеген аймағына теледидар тарту үшін Байланыс министрлігіне келіп, оның телемұнараның орынын анықтап дайын ғылыми ұсынысты сол кездегі аудан басшыларына ұсынады. Бірінші хатшы Серікбаев мырзаның басында менсінбей қарап, кейіннен ұсынысты қолдап рахмет айтқаны бар. Сөйтіп таулы өңірге теледидар тамашалау мүмкіндігі осылай туған. Нарынқол ауданының  энергетикалық қуатының артуына да Зекеңнің сүбелі үлесі бар екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Зекеңнің бойындағы бір жақсы қасиет – талапшылдығы мен талмайтындығы. Кемеңгер қаламгеріміз Мұхтар Әуезов: «Қай міңезің қасиет болса, сол міңезің - қасірет» демеп пе еді? Сонау 1989 жылдан емшілік жолға біржола өмірін бағыттап, бел байлайды.

Көп ұзамай туған еліміз де өз тәуелсіздігін алады. Барлық бұрынғы «жабулы қазан» тақырыптардың қақпағы ашылғанда құпияланып келген халық емшілігін де жарыққа шығару қажеттілігі пісіп жетіледі. Міне, Зиядан аға сол уақыт жалына жармасып, 1991 жылдың желтоқсан айында-ақ яғни қазіргі Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан соң-ақ дереу ерлік қадамға барып, өзі бас болып, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығын» құрды. Әр адамның жеке тағдыры болады, - дейді өзі. Менің де тағдырымның ирек-ирек қисық жолдары болғаны өзіме аян. Бұл – тағдыр сынағы. Одан сүрінбей өту барлық пендеде бола бермесі анық. Өндірістік жұмыспен бүгінгі киелі орданың жұмысын салыстыруға болмайды. Кейінгісі күрделінің күрделісі. Бұрын айқын бағдарламасы мен жолы да болмаған тыңның тың құбылысы. Қысқасы психологиялық жақтан әртүлі естік ауытқуға ұшыраған көп ұлттың жасы да, жынысы да, ұқсамайтын тылсым құпиялы азаматтарын бір ортаға жиып, оларға тәрбие беріп, нақты істі жүзеге асыру оңай болмайды. Бұндай жақсылықтарыма ала көзімен қарап, мен басқарған ұйымды түп-тамырымен жою үшін бұйрық шығарған, шешім қабылдаған жоғары шенді көп салалы ұйымдар шайқасы он жылға жалғасты. Шындық жолындағы еңбегі қарсыластарды мойындата білді. Олар да ымыраға келді. Ескі көзқарас жаңаны қабылдамай қиналған сәттерінде анасының  аянына сүйеніп:

Күндемегін, ей, досым, күндемегін,

Күндесең де іштен тын, үндемегін.

Іште сақта сырыңды аша берме,

Жүрген жоқсың қасымда күнде менің, - деп жыр жазып, ән  шығарып Мұқағали ағасы сияқты Музаға мұңын шақты. Бір Алланың құдіретімен ақын, сазгер атанып, жазған жиырмадан аса әндері, ондаған терме, толғаулары бұл күнде Қазақ радиосы мен облыстық радиолардың «Алтын қорында». Сөйтіп, бір қиындыққа адалдықтан ауытқымай білім – білігін қарсы қойды. Көп ізденіп, оқуы мен жазуын ешқашан тоқтатқан емес. Қажылық парызын да өтеп келді. Емшілік жолында халықаралық бірнеше форумдар мен конгрестерде көрнекті нәтижелерге қол жеткізіп, бірнеше халықаралық ұйымдардың толық мүшесі болып, тиісті атақ-дәрежесін алды. Тіпті 1991ж. Мәскеуде түсірілген шығыс халық медицинасы туралы кинофильмде басты рөльге түсті. Бүгінде ол қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық «Халық медицинасы орталығы» бас директорының орынбасары, Қоғамдық «Экология» академиясының академигі, «Үшінші мың жылдықтың үздік емшісі», халықаралық зерттеуші психолог-ғалым атануы ол басқарған Қауымдастықтың әлемдік деңгейде беделін де танытады. Зекеңнің талмай ізденісінің нәтижесінде 45 басылымды 150-ден аса танымдық мақалалары жарияланды. Ғылыми тақырыпта конфернцияларда сөйлеген сөздері 10-нан аса жинақта жарық көрсе, «Қазақ энциклопедиясында» да ғылыми мақалалары шықты. Әсіресе, өзі он төртінші атадан қосылатын XV ғасырдың ғұлама ғалымы, дала ойшылы, қара үзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ұлы мұраларын халыққа таныстыруда, ғылыми негіздеуде айрықша құлшыныспен еңбек етіп жүр. Бұл бабамыздың мұраларын насихаттауда  бірнеше ғылыми конференция өткізуге мұрындық болып, туған жері – Шалкөденің Айғайтасының Қара аршасына ескерткіш құлыптасын Қауымдастық атынан қойып, әруағына  бағыштап дұға оқытып, ас беруі де елдік, ерлік шаруа. Тоғызыншы атадан қосылатын болжаушы, әулие Әлмерек абыздың есімін, ісін қайта тірілтуде қолға алған жұмыстары да қыруар.  Бұл орайда Зекеңнің қаламы да, қарымы да тынбай «Көк тәңірі  тұр жебеп» (2000 жыл) әндер мен толғаулар, «Мәңгілік құпия шежіресі» (2001 ж.) ғылыми-танымдық және тарихи-танымдық «Шапағатты рух ордасы» атты кітабының жарық көруі де қауымдастықтың жұмысын жұртшылыққа танытып, шын емші мен жалған емшнің ара-жігін ажыратуға үлкен септігін тигізуде. Ортақ іске Қауымдастықтың төл газеті «Шипагерлік баян» (2002 жылдан бері шығады) мен осы аттас баспаның да тигізері мол.

Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі Алладан қасиет қонған шапағат иелерінің саны ресми тіркелім бойынша 2500-ден асады. Дәстүрлі медицинамен қатар дамып келе жатқан халық емшілігінің атына емделуші жұртшылықтан ағылған алғыста сан жоқ. Осынау «Қабілетті қара нар керек, біздің бұл іске!» - деп Махамбет ақын айтқандай ауыр да абыройлы жұмысты өрге басады деп сенеміз. Ендеше өмірдегі ақ жолын ертерек адаспай тауып, «Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады. Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады» дегендей жарық күнін уақытылы тауып, бүгін ел ағасы жас 60-тың асуына шыққан Зекеңнің өзін мерейтойымен құттықтап, алдағы атқарар игі істеріне  толайым табыс тілейміз. «Жақсы жолдың ұзыны жақсы». Сапарыңыз сәтті де ұзақ болғай, - Зеке дейміз біз де оған.

Қайрат Әлімбеков.

«Отбасы және Денсаулық» журналы,
6, 2004 ж. 21 – бет. 

 

                                                                                                                                                                  

          

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

                                           pic