Научно теоретические материалы VI Международного конгресса
"КАЗАХСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЦЕЛИТЕЛЬ ОТЕЙБОЙДАК ТЛЕУКАБЫЛУЛЫ"
10
Творение вселенных
Коваленко Владимир
Целитель-космоэнергет.
Руководитель авторской школы
экзотерических знаний и духовного развития.
Есть то непостижимое, которое Творит Вселенные, в них Галактики, в Галактиках Звездные системы, планетарные…
Оно структура Разума, многомерности пространств. Или разных Искажений.
Здесь только часть одной многомерной личности «зациклившейся» на восприятии физических реальностей создаваемой самой сущностью.
Есть То которое пронизывает или жизненная сила, но не совсем та, о которой думают люди, это пронизывает все аспекты – отдельные реинкарнации сущности – происходящие одномоментно, растущие изнутри, соответственно творящие свои реальности.
Есть сознание «зациклившееся», и то что называют подсознанием, которое все «знает», точка их пересечения, то что несет жизненную силу, то что изначально, владеющая абсолютным Знанием...
По большому счету, секунды и мгновения не существуют, но реальность, которая стоит за ними, также состоит из сознательных единиц. Они формируют то, что кажется нам временем, так же как атомы и молекулы складываются в то, что кажется вам пространством. Эти частицы имеют сверхсветовую скорость и являются великолепными источниками энергии, вторгающимися в физическую материю, но не материализующимися. В других системах реальности они воспринимаются не так, как в этой.
У сущности нет границ, ее развитие беспредельно. Личность может “изначально” быть частью данной сущности и сама разрабатывать совершенно другие области. Она может развиваться в одиночестве или присоединиться к сущностям, интересы которых ей ближе. При этом изначальная связь не повреждается, просто к ней добавляются новые связи.
Из глубины веков к вам дошли некоторые древние сказания о различных богах и демонах, охраняющих врата других уровней реальности и сознания. Астральные уровни все нанесены на карты, пронумерованы и категоризированы. Для того чтобы попасть за ворота, нужно пройти определенные испытания. Существуют определенные ритуалы, которые нужно разыгрывать.
Все это очень искажает действительность. Вообще, любая попытка в точности описать внутреннюю реальность неконструктивна и иногда даже опасна, ведь вы создаете вашу собственную реальность и живете в ней в соответствии с вашими внутренними убеждениями. Поэтому вам нужно быть осторожными в выборе верований.
Если вы думаете, что ваша сущность — это общая сумма ваших аспектов, вы опять представляете душу как замкнутую систему, ограниченную ее деятельностью в нынешней жизни, которую после смерти будут судить по ее делам в одной коротенькой жизни. Во многих отношениях это удобная теория, хотя некоторых она пугает перспективой вечного проклятия. Но эта теория бесконечно далека от описания действительного великолепия божественного, созидательного. Душа находится и внутри и снаружи физической жизни. Вас не отделяет от животных и других форм жизни факт наличия у вас вечного внутреннего сознания. Такое сознание имеется во всех живых существах и во всех формах.
Самый большой признак по-настоящему могущественной Личности является способность отдать самого себя, дать Любви ДУХА течь беспрепятственно к другим людям. Как мы видели, любовь есть не что-то, что ты делаешь, а что ты допускаешь. И любовь проявляется лишь тогда, когда ты допускаешь свою собственную власть. Те, кто спрятались за фальшивой скромностью или покорностью, так как они манипулируют собой, притворяясь любящими и милыми. Пожалуйста, не разубеждай самого себя в своей власти.
Когда отказываешься от всякой власти, и от истинной власти в том числе - это огромное заблуждение! Ты здесь для служения планете и ее жителям. Но ты не можешь служить им, если сидишь в углу и скулишь :). Ты являешься Духом-во-плоти и прибыл сюда с миссией. Итак, допусти твою истинную власть и будь, кто ты есть. Тогда все действия, которые ты предпримешь, будут основаны на истинной власти и исходить из состояния твоего собственного величия.
Когда ты не в ДУХЕ, ты просто пропускаешь через себя энергии общественной реальности. Но ты имеешь выбор, кого и что ты пропускаешь. Решись проводить энергию и реальности ДУХА, которого ты олицетворяешь. Делай это всегда, когда ты чувствуешь себя не как огромную, многомерную сущность. Естественно, может случиться, что ощущения ограничения дойдут до того, что ты почувствуешь себя защелкнутым в нижнюю, принадлежащую страху часть коммутатора. Естественно, другие уверены в своем праве держать тебя в своей реальности. Но ты будешь узнавать все больше и больше людей, создающих альтернативную общественную реальность, реальность, основанную на любви и радости, а не на уклонении от страха. Она существует уже везде вокруг тебя как энергия с очень высокими частотами. И ты можешь принять в этом участие.
Қазақтың атау тануы XV ғасырдан басталды
Керімбектің Ермаханы
“Тәнтану” оқулығының авторы, м.ғ.д., прфессор. ҚТХУ.
Түркістан қ.
Жетісу перзенті, ғұлама, ғалым, дана бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы әл-Құзорда бабамыз өзін халқына қысқа да нұсқа етіп былайша таныстырады. «Атым - Өтей-бойдақ, Тілеуқабылдың ұлымын. Ата тегім – Ұлы жүз, Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім – Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдастарым, таныс-білістерім аз емес. Жаһанда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын, жылым – иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қараторы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қапсақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын» - дей келіп, «Менен ұрпақ қалмады, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ. Бұл – соңғылықтар қадірін біліп, ұстаса білсе, қанғысыз бұлақ, қадірін білмесе, отбасы аяқпен тозатын тулақ» деген екен.
Әсіресе, қазақ халқы егеменді ел болғаннан бері басқа халықтар сияқты өзінің тарихымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің ерекшелігімен, өркениетті мәдениетімен, рухани байлығымен көзге түскен ұлы халықтардың біріне айналды.
Дүние жүзі бойынша әрбір үлкен мемлекеттерде өздерінің ана тілдерінде ғылымның қай саласы болмасын, солардың ішінде тәнтану атауларының ресми тізімдерін ғылыми бір жүйеге келтіру мақсатында жан-жақты атаутану (терминологиялық) зерттеулеріне арналған мәжілістер болып жатады.
Қазақстанда қазақ тілінде тәнтану атауларын жүйеге келтіру былай тұрсын, оны ойлаудың өзі де қиынға түскен замандар өтті.
Шындықты айтсақ, Рим оқымыстысы К. Галеннің (б.э.д. 130-200) жануарларға (маймыл, ит, шошқа, қой) негізделіп жасаған тәнтану (анатомиялық) деректері 13 ғасыр бойына оқылып келуіне қарамастан, оның адамның тәнтануына сәйкес келмейтінін бірінші рет қазақ халқынан шыққан Отырар перзенті, ғұлама ғалым, ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидың (870-950) қатты сынап жазған кітабы тарихқа мәлім. Сөйтіп, медицинаның дұрыс дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың перзентін еліне 1975 жылы табыстырған профессор Ағжан Машанов еді. Қазақ ұлттық академиясының корреспондент мүшесі, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің профессоры Ақжан Жақсыбекұлы Машанов тоқсанға аяқ басқан шағында, 1994 жылы “әл-Фараби және Абай” деген еңбегін жазып, “Қазақстан” баспасынан шығарды. Бұл екі алып баба арасындағы рухани, ғылыми байланысты ұқтыратын, егемендік ел болғаннан кейін қазақ елін жаңадан рухани тазалықта өніп-өсуге мегзейтін және әлемнің ғаламдануында қазақ ұлтын апаттан сақтандыруды түсіндіретін дүние.
Ал Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы болса (1388-1483) ғұлама ғалым, әл-Фарабиден кейінгі ірі тұлға. Ол кісінің жеті кітабынан қалғаны “Шипагерлік Баяны”. Бабамыздың осы еңбегіне қол жетіп, қазақтың да ғылымдары қазақ тілінде ертеден басталғанына куәгер болып, өзіміздің кім екендігімізді танып, бір марқайып қалдық. Алтын әріптермен жазылатын ұрпақ жалғасы деген ұғым болса керек. Өтейбойдақ бабаның 20-дан аса ғылыми жаңалықтарын байқауға болады. Олардың ішінде далалық тәжрибиелері мен көңілге арқылы, адамның 12 ішкі және 12 сыртқы мүшелерінің тізбегін жасап, олардың атқаратын қызметтерін анықтап, өзара байланыстарын дәлелдеп, тәнтанулық медициналық ғылыми атаутанудың (терминалогияның) қазақ тіліндегі түсініктемелерін берген.
Шипагерлік Баянның “Ауыз айырым пенделік бітіс жырмажыл (меншікті) аталымдары ауқымы” (176-203 бет) деген тақырыптарда, мынадай деп жазылған “Алланың құлы әрбір пенденің бір тұлғада тұтасым таппағы аллалық жаратымдық бітістік еншілік бітісі көзімізге көрініп, ата-анасы туылғанда азан айтып қойған атымен атап жүргеніміз осыған дәлелдемелік сипат болмақ. Міне, бұл тұлғалық бітім тұстастылығы айқындылығы делінбегі шарт. Ал енді кідірмелігіміз, адам бітісіндегі аталымдалатын әрбір орынның тиянақты орыны аталымның жырмажылдамақ жарғы. Әрбір адам, мейлі кімде-кім болсын, білетіндей сезгілік тапқанымен, өзі толық ұғынып, басқаға толық ұғындырмағы екіталай. Ел не білсін, не білмесін, сын емес. Бірақ шипагерге сын болмағы шарт болымдығынан. Айталық, жараланған, шығу шыққан, мертіккен, қайсы орыннан сезіліс әйгіленемін бергенін қолымен ұстап тұрып айта алмаса өте-мөте ұрпағына шижамалап мұралық қалдырып ұғындыра алмас, шипагермін деудің қанша маңызы қалмақ? - десе, науқастың өзіндегі сырқаттық сезілістерімен науқастық әйгілімдерді тәп басып, төбесінен түскендей айтқанда, мынау қайтіп, қалай тауып алады? Деп аңырап қалатынға келтірмек үшін, шипагер тұлғалық бітістік жырмажыл аталымға қанық болмағы шарт екендігі нанымды айқын ұғыныс бермек”, - деп атаутанудың маңызын пысықтай түседі.
Бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жасырын түрде өлген адамның мәйттерін жарып тексеру нәтижесінде, ол адам дене құрылысын: сыртқы 12 мүше мен ішкі 12 мүшеге ажыратып жеке-жеке талдағанын “Көз мұрын айырым. Мүшелік жіктеліс ауқымы” деген бөлімде (177 бетте) баяндайды. Бұл жерде біз сыртқы және ішкі мүшелердің өзара қызметтерінің байланысына тоқталмай, өйткені олар өз алдына ғылым салалары болғандықтан, тек, мүшелердің аталымдарына назар аударсақ.
Көрнеу сырқаты он екі мүше:
Белгілік (шаш, сақал, мұрт) мүше – Түккене
Қаптама (тері) мүше – Қаптек
Танымал (көз) мүше – танымал
Иістік (мұрын) мүше – Қосқұл
Тыңдам (құлақ) мүше – Жүрім
Адымдық (аяқ) мүше – Ұстамар
Ықтылық (қол) мүше – Тілсөз
Татымдық (тіл) мүше Қорған (сақтанатын) мүше – Бауыздаулық
Жазылым (бүгілу, жазылу) мүше – Қусақ
Ұрпақ жалғамы (жыныс) мүше – Арайжап
Икемдік (буын) мүше – Игілім
Көмес ішкі он екі мүшенің атағылықтары:
Толғамдық (ми) мүше – Мияқ
Толжандық (ауыз) мүше - Ауғаз
Қимылдық (бұлшықет) мүше – Жеміт
Медеулік (қаңқа) мүше - Сүйемек
Қан көзгі (қан жасайтын) мүше – Барғақ
Сіңіргі (асты сіңіру) мүше - Өңқар
Қан кездіргі (қан айналым) мүше – Қахарқақ
Тыныстық (тыныс) мүше – Демік
Сүзгі (несеп) мүше – Бөргек
Ас (ішектегі ас қорытылу) мүше – Безелік
Соңғылық ұрпақтың тындырғыш – (кәмелеттік) мүше – Нухалма деп атаған.
Осындағы қан айналым жүйесін, қахарқақты талдағанын былай сипаттайды: “Жылмаңды” (түлкіні) тірідей терісін сыпырдық та қарап тұрдық, атқылаған қан тамырын көрдік те, басқа бір тамырдан жылап ағып боялғанын көрдік. Екі тамырды белгілеп, соя-моя түлкінің ішіне, тамырларды ыспалап жүрекке апарып тиянақтадық. Қан атылып шыққан серпімді лыпыма аңғақ (артерия) екен, ол қолға лыпылдап соғымы білініп тұрғылық болды. Қан жылап аққан бірі жымпыма аңғақ (вена) екен” деп атаған.
Осылайша алғашқы қазақ атаутану ғылымының негізі 1468 жылы қаланғанын білдік. Сондықтан да, Өтейбойдақ Әл-Құзорда, шипагер бабамыз, Әбу Насыр әл-Фарабидің ілімін жалғастырып дамытушы, Орта ғасырдағы ғұлама ғалым деп танимыз.
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті Зиядан Қожалымов, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың еңбектерін мұра тұтып, 2002 жылдың мамыр айынан бастап, Республика көлемінде таратылатын, рухани-танымдық, “Шипагерлік Баян” атты газетін шығарып келеді.
Біздің байқауымызша, орыс тіліндегі тәнтану атауларында лексикалық үлкен қателіктер қазіргі кезге дейін түзетілген жоқ, яғни орыс тілінің мағынасында аударылмаған. Тәнтану атауларын былай қойғанда, күнделікті өмірде қолданылатын медицина атауларында латын, грек, француз, ағылшын, араб, қазақ тілінде алынып оған орысша жалғау, жұрнақтарын жалғаумен шектеле берген. Нәтижесінде орыс тіліндегі көптеген тәнтану және медицина атаулары орыс халқының өзіне де түсініксіз болып қалған. Бұл жағдайды қазақ атаутану тізімін қайсы салада болмасын, үнемі ескерген жөн.
Қорыта келіп айтарымыз, бабалардың алдында және қазақ елінің жұртшылығы алдында, мың жылдық қазақ атаутануының алдында қазақ тілінде тәнтану тәнтілігі атауларының ресми тізімдерін ғылыми бір жүйеге келтіру мақсатында, жан-жақты атаутанулық зерттеулерге арналған тәнтанушылар мәжілісін шақыру өте қажеттігі - өмір талабы. Сондай-ақ қазақ атаутануының мың жылдық тарихы барын, яғни Ресейді былай қойғанда, әлі Еуропада терминология ғылымы жоқ кезде, қазақ елінде негізі қаланғанын ескеріп, жаңадан құрылған тіл комитетінің жұмыстарына сәттілік тілей отырып, “Терминком” орнына “Атаутануком” деп ауыстырғаны дұрыс, болмақ.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегіндегі этнопедагогикалық, этнопсихологиялық ойлары
Құрбанқожа Сансызбай Нызанұлы
п.ғ.к., доцент, профессор, академик.
ҚТХУ.
Түркістан қ.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ( 1397-1487) “Шипагерлік баян” атты ғылымнамалық ұлы еңбек жазып, ХҮ ғасырдың өзінде қазақтың жазу мәдениеті мен әдеби тілінің әр-түрлі ғылымдарының болғандығын кейінгі ұрпаққа айқын көрсетіп қалдырды. “Біздің ғылымымыздың “Шипагерлік баяны” әрі ұлы медициналық еңбек, әрі ғылымнама, тек шипагерлік жағынан емес, ол халқымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, география, этика, мораль, тағы басқа жақтарынан да қыруар білім, мәліметтерді береді… Басқа ғылыми мәліметтер осы шипагерлік баян негізінде, кейбірі мысал, кейбірі факт, кейбірі жаратылыстық орта, тарих, аңыз, салт-сана ретінде медициналық ғылыми сипаттамалармен тығыз байланысып келеді” (Әзімхан Тышанұлы, ғалым).
Қолжазбаның 1757- бетінде ғалым Әз Жәнібек ханға: “Аллажар хан тақсыр, Сіздің қасиетті ғұзырыңызда жазылып жатқан “Шипагерлік баянын” мархабатлы көзіңізбен көріп, құлағыңызбен естіп болғасын, арнаулы ордаңызда ұғындырғы (мектеп) ашып, ордаңыздағы гүлтекше үстіне өсіп тұрған гүлдегендегі гүлдей жеткіншектерді өнерге баулытып жеткізсеңіз, қарасаңыз менің ең зор арманым орындалған болар еді” – деп мәдениет пен білімнің бастауы мектепте екенін айтады.
Шипагер ғалым, ұлтының ұлағатты перзенті Өтейбойдақ: “Не тәтті? Жан тәтті. Не мерей? Бала мерей. Не ләззат? Құдай коскан қосақ ләззат”–деп тәлім-тәрбие негіздерін айқын көрсетеді. Оның үстіне ұлы еңбегінде “тоқығаны” көп ғалым этнопедагогиканың негізгі бір саласы ауыз әдебиетін кеңінен пайдаланады.
Әрі ақын, әрі өмірден “тоқығаны” мол тәжірибелі ғалым ұлы еңбегінде әрбір адамға қырық сегіз тыйым айтып, он екі өсиет береді: “Ел бастаушы көсеміңнен айрылма, дау туылар: шешеніңнен айрылма, жау тимек ақылыңнан айрылма, көппен бірге көрерсің еліңнен айрылма, жаныңды алса да сырыңнан айрылма, жаман деп қатыныңнан, көшем деп алып қойған отыныңнан айрылма, даяр асың малыңнан айрылма, болмашыға өкпелеп, досыңнан айрылма, қарқудай баспанаң қосыңнан айрылма, пенде қадір санаты бес қаруды тастама: шыбын жаның шыққанша намысыңнан айрылма, өте шығар сұм жалған, бұзықшылыққа қайрылма. Адам күні адаммен ысылмақ, өнер қай қырда? өнерпаз деген ат алсаң, өлсеңдағы қайғырма”,-дейді.
Дарынды психолог психологиялық темпераментті қазақ тілінде “бейімдеулік” деп көрсетіп, жеке тұлғалардың темпераменттік ерекшеліктерін алты түрге бөліп көрсетеді.
1. Ыстықтық бейімдеулік – алып бітімді, етжеңді, өң- әлпеті толық, шырайы шиқандай қызыл, сабырлы, кем сөзді, ұрт мінез, шорт қайырылғыш, сыр бермес сызданыңқы, маңғаздау, біртоға.
2. Суықтық бейімдеуліктер– өң-әлпеті қараторы, қара, өң бермейтін, шырайы толықша, сөзшең, өзінікін жөн санайтын, білгірсіген, сөз таластырғыш, даукез, өркөкірек, алкеуде.
3. Аңғақтық суықтық бейімдегілер–өң-әлпеті әр түрлі, әрқилы, көзі шатынаған, қарадай терісіне сыймай, қарадай шытынап сынып, ашуланшақ, басынан пенде сөзін асырғысы келмейтін, асыра білмейтін, болмашыға кек сақтаушы, өш алуға зейін мен бар зердесін аударушы, басқаларды тәлкек етуге бейім, өлтіруден тайынбайтын, өзі құныкер, ел құндыкер болатынын ойламайтын, құныкер болса да– әдетін қойғысы келмейтін құбылмалы, тия-нақсыз, қызба мінезді.
4. Аңғақтық қоюлықтық бейімдегілер – босағадан аттап шыққысы келмейтін, үйкүшік, шілденің ыстығында қаңтардың қақылдаған аязын басына киіп, үстіне қоқырды жиып алғыш, титтей суық тисе, жалп ете түсуге бейім, жіпсісе жадырап қалғыш, қаны жүрмегендей қимыл-әрекеті аз, сергітпейтін, сергімейтін, мойындамайтын, суыққа шыдамсыз.
5. Буылмалы бейімдер–әлпеті әр түрлі болсада, өзінің соңғы түр-келбеті сұрланған, көзінің оты қайтқан әдетте мінсіз бітісті пендеден айырмашылығы жоқ, ашуы келсе селкілдеп барып, серейіп түседі де, талып қалуы шарт.
6. Уылмалы бейімдер–әлпеті ақ, шырайы шыршыз, аппақ қудай жүзі ақ бөздей ағарған, көз ажары (жанары) бозарған, кейбіреуінің өңі тотығынқы, ұп еткен желге ұшып кеткендей арық, беті жып-жылтыр, жүріп тұруға еріншек, есіктен сөйлейтіні төрге естілмейтін, титтей шөгір сызған орны қанаса, шыдамайтын, жеңілтек, мұрны қанағыш, басы ауырғыш.
Әрине, бұл бейімдеуліктерді шипагер жеке тұлғалардың денсаулығына байланысты топтап көрсетті. Ал адамның мінез-құлқы мен сезім-қабілеттері осы топтамалар арқылы айқындалады, сөйтіп тәрбие ісінде де осы бейімдеулер (темпераменттік ерекшеліктер) ескеріледі. Психология мен педагогиканың бір тұтастық қасиеттерінің бірі-осында. Ұлы шипагердің пікірлерінде ұлттық уыт айқын көрініп тұр.
Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл Фарабидің, Қас қажып (ғұлама ғалым) атанған Жүсіп Баласағұнидің еңбектерін зерттеп, жақсы білген Өтей бойдақтың “Шипагерлік баян” атты еңбегі біздің этностық ғылымымызда үлкен орын алумен қатар, этнопедагогикалық және этнопсихологиялық ғылымымыздың қайнар бұлағын зерттеу арқылы этностық, ғылымдық сырлары ашыла беретін ғылымнамалық мұра болып табылады.
Дәрі-дәрмексіз емдеу құпиялары мен негіздері
Құрбанқожа Раушан
Рухани-сауықтырушы.
Түркістан қ.
Барлық қазіргі медицинада белгілі сырқаттардан басқа тіл, сұқ көз, тазалау, бәте беру деген діни ұғымдар да бар.бұлар тек, дәрі –дәрмексіз емдеу жолдарымен ғана іске асады.
Емшілердің қасиеттері ата-анадан балаға өткен генетикалық күш- қуат болып табылады. Бұлар негізінен тұқым қуалайды. Екінші жағдайда күш-қуат сырттан енеді, мұны аруақ қонды дейді. Бұл жердегі әруақ ұғымындағы түсінік, бұрынғы өткен ата - бабаларының рухтары, яғни ғылыми тілмен айтқанда магниттік өріс, міне осы күш-қуат сырттан аруақты кісінің ішіне енгенде, онда ерекше қасиеттер пайда болады.
Қол тигізбей массаж жасап, дәрісіз емдегенде, сырқаттардың жазылу себептерін жоғарыда қысқаша айтып өткендей, денедегі энергиялардың қалыптасуын тән мен жанның аз да болса тазаруы, жұмыс істемей тұрған, органдар мен клеткалардың іске қосылуынан деп білу керек. Қан айналымдары қалыптасып, денеде зат алмасу бір жүйеге түседі. Қажетсіз микробтар мен инфекциялар өледі және олар денеден шығып кетеді.
Кез келген тірі организмде энергия, биоөріс болады. Адамдар қоректенгенде көптеген химиялық элементтерді өз денесіне қабылдайды. Соларды қорыту кезінде, денеде энергиялар пайда болады. Осы табиғи энергиялар дененің өмір сүруіне қажетті. Кейде денедегі органдардың сырқатқа ұшырауы салдарынан денедегі сол энергиялар пайда болды. Денедегі энергияны қалыптастырып және толық емдеп болған соң, ауру кісінің денесін өз биоөрісімен қаптап қою қажет.Ол негізінен үш қабат болады, аура деп аталады.
Биоөрістік сәулелер денеге әсер еткенде, ерекше физикалық құбылыстар пайда болады.Біріншіден, жай ғана денелерді қыздырғанда олардың көлемі кеңейтетіндігін еске алсақ және де сәулелер әсерінен микроэлементтердің қозғалысқа келетіндігін ескерсек, денеде көп қозғалыс пайда болады. Қан тамырлары кеңейіп, қан қысымымен қозғалысы өзгере бастайды.
Қандай ем қолданылмасын қан айналымы қалыптаспаса, адамдардың құлан таза жазылып кетуі мүмкін емес. Оның мынандай емдеу жолдары бар. Біріншіден денедегі қан тамырларын кеңейту, қан жүрмей тұрған жерлерге қан жүргізу. Екіншіден денедегі қанды қолдан шыққан сәулемен шағылыстыру. Үшіншіден, қан қысымын көтеру, төмендету және бір қалыпты қозғалысқа келтіру. Төртіншіден, қолдан шыққан биоөріс күшін пайдалана отырып, денедегі қанды айналымға келтіру. Егер қан айналымы біркелкі болса, ондай адамнан сырқаттың өзі-ақ шығып кетеді.
Денедегі заттардың алмасуы да адам баласына аса қажетті құбылыстардың бірі болып саналады және бұлар өз уақытында алмасып тұрмаса, адамдар түрлі ауруға шалдыққыш келеді. Мысалы: денеге қажетсіз тұздар жиналады, қан тамырлары тарылып, қан қысымы көтеріледі. Дұрыс тамақтанудың арқасында, денеге витаминдердің өзі табиғи жолмен енеді.
Ауру кісілерді емдегенде, денені тітіркендіру бірден-бір қажетті әдіс болып есептеледі. Денені тітіркендірудің бірнеше түрі бар. Олардың ішінде «су бүрку», «түкіру», «тас қорытқы » жасау т.с.с.
Тас қорытқыны адамдар қатты қорқып қалғанда, түнде шошып ұйықтай алмайтын уақытта жасайды.Бұны жасау үшін кішігірім жеті тасты алып, отқа салып, қызарғанша ұстап, қызарған тасты бір ыдысқа салып науқастың төбесіне салып тұрып, «Бисмила рахмани рахим» деп су құяды, ыстық тас быжылдай бастайды. Сол кезде науқастың төбесінен бастап, бар денесі тітіркеніп, ыстық дем табанынан бір-ақ шығады.
Емшілер адамдарды емдегенде, өз энергияларын сарп етеді. Ал, енді сол жұмсалған энергияны қалай толтыруға болады. Энергияларды түрлі жолдармен қалпына келтіруге болады.
Біріншіден- тамақтану арқылы. Тамақтардың түрлеріне және уақыттарына қарай энергиялар қалыптасады.
Екіншіден –таза ауада, ағаштардың арасында серуендеп жүріп,ағаштардан энергия алады.
Үшіншіден –түнде жұлдыздар шыққан уақытта серуендеп жүріп, жұлдыздар мен планеталардан энергия алады.
Төртіншіден- музыка тындау арқылы.
Бесіншіден – Құран оқу арқылы энергияны қалыптастыруға болады.
Мұнымен қатар, намаз оқу арқылы да энергияны толтыруға болады.
Қандай ауру болмасын оның себептері өте көп.Сол сияқты бас ауруының да себептері жетерлік. Бұл ауру көбінесе суық тию салдарынан, жарақаттану және денедегі биоөрістердің тең таралмау әсерінен болады.
«Кірне салу», түркі әлемінде ғасырлар бойы дәстүрге айналған, емдеудің бір түрі болып табылады.Мұндай емді тіл, көз тигенде пайдаланады. Мұнда арнаулы заттарды пайдаланып, «Кірне» салады. Сол кезде ғана сырқат емделеді.Соның үшін де «кірнеліпті» -деген ұғым пайда болады. «Кірне» салудың арнаулы заттары мен жолы бар. Бұл үшін от жағып, жылы күлін пайдаланады. Осы күлге ұн, күріш, тұз, бұрыш, пияз, сарымсақты пісте майымен араластырады. Оны бір шыны пиала ыдысқа салып, бетін матамен бекітіп, түбінен ұстайтын артық жер қалдырып,сырқатты емдеуге кіріседі.әрбір 2-3 минутта ашып, әлгі ыдыстың ішінен бір шымшым күл алып, тастап отырады. Егер сырқат шынымен кірленген болса,күл опырылып қалады.Мұны кірне жеп жатыр дейді. Кірнені салу үшін сырқатты жатқызып, алды-артынан жоғары төмен қозғап отырады.Бұл емді 3,4,7,21 күнге дейін жасайды.
Осы айтылғанға бір мысал келтіре кетейін. Бірде өз немерем Салин қатты сырқаттанып, еш ет алмай қойды. Ілмиіп, басын көтере алмайды. Бар болғаны ыңырсып жылай береді. Кірне салғаннан кейін, бала жазылып кетеді.
Әр нәрсеге мән беру керек
Кумаров Қабылкарим
ҚХЕҚ-ның Астана қалалық филиалының директоры.
Астана қ.
Әр нәрсеге мән беріп, оның ерекшелігі мен артық-кеміне көңіл бөліп лайықты баға беру адам санасының жоғары деңгейін көрсетеді.
Мәндік сыр дегеніміз – бір нәрсеге, сезіне, иіске ықылас аудару, зер салу, көңіл бөлу. Ол адам ойының, мінез-құлқының сыртқы құбылыс пен сигналға қорытынды жасауы. Көңіл – орталық нерв жүйесінің және адам ақылының, ой әрекетінің жемісі.
Организмнің сыртқы ортамен және ішкі мүшелердің өзара байланысын жүзеге асыратын, сондай-ақ адам денесінің тұтастығын қамтамасыз ететін нерв жүйесі болса, оның ең жоғарғы сатысы – ми. Нерв жүйесі болмаса адам айналасындағыны сезбес те, түсіне де, ойлай да, ойдағысын сақтай да, өз ой пікрін айта да алмас еді. Ол сырттан нерв талшықтары арқылы қабылдап, дереу орталық нерв жүйесіне жеткізіп отырады.
Адамда екінші сигнал жүйесінің жетілуіне байланысты ерікті түрде көңіл аудару қабілеті ерекше дамыған. Мысалы, адам «мына мәселелердің маңызын түсінуім керек, мына затты оқып шығуым керек немесе мынаны естуім керек» деп өзіне тапсырма бұйрық береді, бірақ оны әркім әр түрлі уақытта орындайды. Демек, тапсырманың берілуі бар да, адамның өз уағында толық мөлшерінде орындауы бар. Яғни, тапсырманы орындауға көңіл аудару бар. Көңіл сондай-ақ миға берілген хабарлардың ой еңбегінің қандай кезеніңде, қандай сәтінде келіп түсуіне яғни адам қатты шаршағанда немесе әлсіреген кезде берілгеніне байланысты. Ой еңбегімен айналысатын адам орталық нерв жүйесін өз мерзімінде тынықтырып, ой еңбегі гигиенасының ереже-шарттарын орындап отыруы керек. Сонда көңіл аударып, кейбір мәселелерді дұрыс ойлап, дұрыс шешу мүмкін. Көңіл бөлу адамдарға арнайы дайындық, белгілі бір жүйемен жасалған қалыптасу жолдары арқылы орнығады. Ой-әрекет ерекше әлсірегенде немесе қатты шаршап, ойлау қабілеті төмендеген кезде оған шу, көмескі жарық, ыңғайсыз жұмыс орны, нашар естілу, т.б. қосылса онда адамның назар аудару мүмкіндігі мүлдем нашарлайды. Егер көңіл аудару жүйесі жақсы реттеліп, оның гигиенасы сақталса, онда дәл осы адамның қабілеті әлдеқайда жоғары болады. Оның үстіне ой еңбегіне ми «энергиясы» аз жұмсалады, адам ұзақ жыл қажымай еңбек етеді. Ой еңбегімен үзіліс пен демалысты мезгілінде дұрыс пайдаланып отырса, адамның көңілі, еңбекке қабілеттілігі артады. Айтылған жағымсыз ойды қабылдай білу шыдамдылық көрсету – адамның орталық нерв жүйесінің қызметі мен ақыл-ой қабілетіне байланысты. Жаман сөзге қарсы тұрудың жолын таба білу, өзіңді қандай жағдайда болса да шыдамдылыққа үйрету де, ұстамды болу да адамгершілік сипаты.
Сөздің естілуіне, айтылуына қарай жауап қайтару – адамға да, жануарға да тән қасиет. Жануарлар қатты зекігенді де, жылы сөзді де түсінеді. Ал адам жануарлардан айырмашылығы – сөздің мәнін түсінеді және оған жауап қайырады. Әрине, сөздің сапалы әрі түсінікті болуы бұл адам миының қызметінің ерекшелігіне байланысты.
XV ғасырдың ұлы ғұлама емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емшілердің сырқат жанға айтылар сөз мәнері мен мәдениетіне анық анықтама берген.
XIII ғасырдың ұлы Шамбыл бабам, XIX ғасырдың ұлы Құмар атам, Қаппас әкем, Дәметкен апам анықтау мен емдеудің бірнеше әдіс-тәсілдерін меңгерген. Көбінесе Құран ашу арқылы болжампаздықты, ғарыш арқылы көріпкелдікті т.б. әдістерді пайдаланып, сырқат жанның ішкі ойындағы шешілмеген қиын мәселелерін шешуге, түсінік беруге және жазылуына бағыт беруді негізгі мақсат етемін. Көп жылғы қызметімнің қорытындысының нәтижесі де жаман емес. Ауру адамдар емшіге тәні мен жанына дауа іздеп келетінін ескерсек, емшінің отырған жұмыс орнынан бастап әрбір сөзі әсерлі де, күшті болуы қажет. Сол арқылы науқастың көңіл құпиясының ашылуына әсері бар.
Ата-абабалардан қанмен ауысқан емшілік қасиет әр кез ізденуді қажет етеді. Дертке дауа іздеп жүрген әр адам өз емшісіне кезігіп, дертіне шипа тапса сол адамға бар тағдырын тапсырып, үлкен сенімге кіреді. Сенім арқылы науқастың жаны мен тәні тазарып, тез айығуына мүмкіндік туады. Ғарыштық байланысқа қосылатын құдіретті Құран үні адамның жүйке талшықтарына әсер ете отырып, бойдағы дертті қуып шығуға әсері бар. Сондықтан емшінің жүрекпен сезіп, мимен қорытындылап бойдағы күш-қуатты қоса жүргізген сеансы науқастың ой-санасының қабылдауы арқылы өз нәтижесіне жетеді. Әлі зерттеуді қажет ететін адам құпиясын ашу да әлемнің елдері ғалымдары шұғылданғанмен бірақ, оның нақтылы тұжырымына жете алмауы әр нәрсенің өзіндік жеке мәндік сырының құпиясын білдіретіні анық.
Основы традиционной древневосточной медицины
Кумарова Жанара
Врач-целитель.
г. Астана.
Методы аку-мокси-терапия-акупунктура и прижигание, по-китайски чжәнь-цзю терапия (чжәнь-укол иглой, цзю-прижигание), представляет собой механическое или тепловое воздействие на определенные точки поверхности тела в лечебных целях. Эти методы называются «наружной терапией». Предпосылкой возникновения акупунктуры и прижигание явился тот факт, что поверхность человеческого тела не однородна и представляется рельефным образованием. Существует множество точек, прежде всего на пальцах рук и ног и спине, которые при возникновении определенных нарушений спонтанно болят или становятся более чувствительными к надавливанию. На коже есть участки в местах прикрепления мышц, которые легко обнаруживаются пальпаторно, при механическом и тепловом воздействии на них, надавливании, укол, прижигание могут вызываться характерные общие реакции.
Различают III типа таких локализаций.
1. Точки, которые вследствие длительно локализованного заболевания становятся болезненными, чувствительными к надавливанию, также характеризуется уплотнением и даже покраснением. Эти точки в западной медицине обозначают как «миегелоз», как «локальные воспаления» и осуществляют их лечение при помощи массажа и других локальных воздействий.
2. Имеются точки, которые точно и одинаково определяются у всех индивидуумов на основании их анатомо-топографического расположения, изменения чувствительности в этих точках у разных людей при заболеваниях имеют одинаковое проявление и не ведут к другим нарушениям или изменениям, они называются «внемеридианными точками».
3. Также существуют точки, топографически однозначно определяемые, изменившие чувствительности которых не проявляются изолированно, а в зависимости от типа нарушения ощущается на нескольких или на целом ряде других точек поверхности тела. Наблюдаемые закономерности в изменении чувствительности одинакового характера и определенных групп точек привели к постулату меридиоснов. Эти точки важны не только в терапевтическом плане, но и в диагностическом отношении.
Таким образом, меридианы – это умозрительные образования, при помощи которых как целое описывается определенное движение, посредством которого достигаются различные пункты.
Диагностика охватывает области, которые остаются важными и для современной медицины, такие как анамнез, начало и течение болезни, образ жизни привычки и далее тщательное обследование и наблюдение за больными. К этому относится метод исследования по пульсу. По традиционному китайскому представлению, по пульсу можно узнать гораздо больше, чем считается в западном медицине, по пульсу можно определить состояние отдельных внутренних органов. При соматическом обследовании обращают внимание на состояние аккупунктурных точек: чувствительности к давлению, сигнальных точек.
В традиционной восточной медицине воздействие акупунктуры на организм рассматривается в связи с рядом основополагающих концепций которая является неотъемлемой частью натурфилософии древнего Китая. В особенности тесная связь существует с философией даосизма. По этой философии, вселенная представляет собой в природном состоянии нечто непрерывное – континуум, в которых затем разделяется на полярные энергии Инь и Янь. В изменении этих полярностей возникает струящая энергия Ци (Чи) и формирует порядок. Порядок неотделим от движения и превращения.
Китайское учение о природе сочетает противоположные пары мира, динамические Инь-Ян полярности. Так например: небо – Ян, земля – Инь, мужской – Ян, женский – Инь, тепло – Ян, холод –Инь, свет – Ян, темнота – Инь, активное начало – Ян, пассивное _ Инь, внешне – Ян, внутреннее – Инь. В каждом случае один не может существовать без другого.
Энергия окружающей среды воздействует, меньше в виде климатических влияний, и больше всего в виде пищи и вдыхаемого воздуха.
Струящаяся энергия, которая перемещается в теле, называется «инь ци». Ци, которая течет в теле по каналам (меридианам) называется «жизненной энергией». Она делится на наследственную энергию, дыхательную энергию, пищевую энергию, основную энергию, оборонительную энергию, психическую энергию и т.д. Эти энергии находятся в тесной взаимозависимости друг от друга. Различные нарушения в энергетических потоках ведут к заболеваниям.
Традиционная китайская медицина знает 12 функциональных связей, в которые соединены анатомические органы.
Известны Инь или Цзан – органы и Ян или Фу – органы. Цзан – органы, имеющие Инь – характер, служат для накопления энергии, это паренхиматозные органы – легкие, селезенка – поджелудочная железа, сердце, почки, перикард, печень.
Фу – органы, имеющие Ян – характер, несут функцию приема пищи, переваривание и выделение, это половые органы – толстый кишечник, желудок, тонкий кишечник, мочевой пузырь, санцзяо и желчный пузырь. Три полости тела объединены в один орган под понятием санцзяо – «тройной обогреватель». Каждый цзан и фу – органы составляют пару органов, меридианы которых проходят параллельно друг другу и считаются спаренными друг с другом.
3. Органы сочетаются со специфическими тканями и органами чувств.
Таблица
Фаза превращения |
Цзан – органы |
Фу – органы |
Ткань |
Органы чувств |
Металл |
Легкие |
Толстый кишечник |
Кожа и волосяной покров |
Нос |
Вода |
Почки |
Мочевой пузырь |
Кость |
Ухо |
Дерево |
Печень |
Желчный пузырь |
Сухожилие и мускулатура |
Глаз |
Огонь |
Сердце, перикард |
Толстый кишечник, санцзяо |
Кровь и кровеносные сосуды |
Язык |
Земля |
Селезенка и поджелудочная железа |
Желудок |
«Мясо» «Жир» |
Рот |
Патология одного органа может отразиться в спаренном с ним органе. Эмоции также сочетаются с органами, избыток чувств может принести вред органам. Энергия ци течет упорядоченно в теле на различных уровнях, глубоком, среднем и поверхностном – между центром и периферией. Существуют основные и второстепенные меридианы, такие как чрезвычайные меридианы, сухожильно-мускульные меридианы и особые меридианы. Соответственно инь – ян меридианы связаны друг с другом через анастомоз и поялатеральные ло-сосуды. Поток энергии ци в теле описываются с помощью 4 правил традиционной китайской медицины:
1) правило мать – сын
2) правило полдень – полночь
3) правило муж –жена
4) терапия 5 элементов.
1) Правило мать – сын определяет направление потока энергии ци. Подобно тому, как мать кормит ребенка, так один элемент содействует следующему в создающем шен – цикле.
2) Полдень – полночь – который орган в течение суток претерпевает изменения своего энергетического уровня. Так легкие имеют максимальный уровень энергии утром. Между 3 и 5 часами, толстый который между 5 и 7 часами, желудок между 7 и 9 часами.
3) Муж – жена определяет отношение между пульсами правой и левой руки. Левая сторона мужская управляет правой стороной женской.
Диагноз по показаниям пульса зависит от субъективных факторов и является довольно спорным методом.
«Шипагерлік Баяндағы» тіс, жақ-бет жүйесіне қатысты атаулар
Құлманбет И.
Доцент, ҚазМҰУ.
Алматы қ.
Ұлы шипагер Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ өзінің теңдесі жоқ «Шипагерлік баян» еңбегімен бүкіл қазақ елінің зиялы қауымын елең еткізді. Әсіресе, қоршаған ортаның сыртқы және ішкі ықпалының әсерін ескере отырып, науқас адамды, жан-жақты емдеуді нағыз, жаңа медициналық көзқарас боп табылады. Сондай тың көзқарастың бірі-стоматология ғылымында да көрінеді.
Өтейбойдақ тіс, тіл, жақ сүйек, қызыл иек аурулары туралы өзінің «Шипагерлік баяныңда» аса біліктілікпен жазады. Ол аурулардың себебін ішкі ағза кеселдері табиғатынан іздейді. Ауыздың шырышты қабығында кездесетін кейбір марфологиялық «жалақ», «ауыздық», «ауыз уылу» деген сияқты элементтерге клиникалық сипаттама береді.
Әр түрлі себептерден ауыздағы бар тістен айырылған адамның кескін-келбетін таңғажайып шеберлікпен, дәрігерлік дәлдікпен, жақ-сүйектегі анатомиялық өзгерісті ескере отырып көрсетеді. Сонымен қатар «Шипагерлік Баяннан» тіл туралы оның анатомиясы мен физиологиясын есепке ала отырып, тіл құрылымын «өзекті тіл» және «өзіңді тіл» деп қарастырғанын көреміз.
Қазіргі көзқарас «Терапиялық көзқарас» оқулығында тілдің төрт-ақ бүртігі, бес-алтыдан асқан кеселдерді жеке-дара сырқаттық түр боп жазылса, ал Өтейбойдақ өз еңбегінде тілге байланысты 19 атауларды келтіреді. Осының өзінен-ақ «Шипагерлік Баянның» құндылығын байқаймыз. Стоматология саласында әліде болса шешілмей жатқан мәселелерді Өтейбойдақ салған жолмен зерттеу, іздестіру табысты болады деп сенім білдіруге болады.
Елді елең еткізіп, халықты қызықтырған, оқымыстыларды ойландырып, тарихшыларды толғандырған, емшілерге рух беріп, тілшілерді таңқалдырған ғылымнамалық «Шипагерлік баян» қай жағынан алсақта, қазақтың баға жетпес рухтандырғыш інжу-маржаны боп табылады.
Дертке дауа – жанға шипа емдер
Құрманалиева Қарлығаш
Халық медицинасының магистрі.
Алматы қ.
Халық емінің бүгінде пайдасының зор екендігі айқындала бастады. Химиялық дәрі-дәрмекке мұқтаждық азайып, халық таза емдік жүйені қуаттауда. Осыған байланысты төменде халықтық қарапайым емнің түрлерін ұсынуды жөн көрдім. Тұмаудан сақ болыңыз.Тұмау – қыс ауасында белең алатын жұқпалы ауру екені көпке мәлім. Негізінен суыққа шалдығудың әсері болғандықтан жылдың қай мезгілі болса да тұмауратып қалуыңыз ықтимал. Тұмау тигенде ыстығың көтеріліп, басың ауырып аяқ-қолың мен белің сырқырайды. Тұмаудың қауіптілігі – ол адамның қан қысымын төмендетумен қатар бүйректің, бауырдың қабынуына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ жазылып кеткен өкпе ауруларын қайта қоздырады. Сондықтан тұмауды асқындырмай дер кезінде емдеген абзал.
Қызуды төмендету үшін бал, таңқурай нәрі, гүл шырыны араластырылған терлеткіш сусындарды ішкен дұрыс. Кейбір білгіштер бір стақан араққа ащы бұрыш салып ішсең тез айығасың деп жатады. Бұл қате ұғым. Өйткені, алкоголь ауыруды уақытша ғана тежей тұрады. Тұмау кезінде тек сұйық тамақ ішіп, ащы, тәтті және қою заттан бас тартқан жөн.
Мынадай ем қолданыңыз: Пиязды үккіштен өткізіп, жарты литр қайнаған сүтпен араластырып, бетін бүркеп қоясыз. 20 минуттай тұндырсаңыз ол дайын болады. Жатар алдында ішіп жүрсеңіз тез айығасыз.
Көк шай ішсең көңілің жай. Өзіміз күнде ішіп жүретін шайдың бірнеше түрі бар: қара, сары, қызыл, көк шай дегендей. Олардың әрқайсысы әртүрлі технологиялық әдіспен әзірленеді. Солардың ішінде көк шайдың әзірлеу әдісі басқаларынан гөрі оңайлау да қарапайымдау. Жапырақ құрамында ғы адам ағзасына қажетті заттар онша көп өзгеріске ұшырамай, бұзылмастан ұзақ сақталады.
Ал енді көк щайдың пайдасы қандай десек, ол әсіресе ыстық жерлерде орны бөлек сусын, қаталаған шөлді тез басып, бойды тез жадыратып сергітіп жібереді. Кейде шамадан артық жеген ас сіңбей, асқазанда жайсыздық пайда болғанда да көк шайдың көмегі ерекше. Ол тағамды тез сіңіруі былай тұрсын, ұзамай қайтадан тәбетіңді ашады.
Көк шайда пәлендей дәм болмайды, хош иісі тым нәзік, жанға жәйлы. Көк шайдың тек сусын емес, қара шайдан гөрі шипалық қасиеті көп екенін адамдар ертеден-ақ білген. Көк шайды ғұмыр бойы ішетіндердің кейбіреулерінде өзгерместей болып қалыптасқан дағды-әдеттері бар. Мысалы, олар көк шайды белгілі бір уақытта белгілі мөлшермен ішеді. Біреулер қоюлауын ұнатса, біреулер сұйықтауын қалайды. Біреулер тамақтан соң ішсе, біреулер тамақтан кейін ішеді. Орта Азиялық тұрғындар ұйықтардың алдында 2-3 сағат асықпай шайланғанды жақсы көреді. Шайханаларда күні бойы шай ішуді ермек етушілер де аз емес.
Көк шай кім-кімнің де жұмыс қабілетін арттырып, жүректің бұлшық еттерін нығайтады, шынықтырады. Қан қысымын төмендетіп, қалыпқа түсіреді, сөйтіп гипертония ауруының алдын алуға септігін тигізеді. Көңіл-күйді сергітіп, бойды жеңілдететін қасиетін білген дәрігерлер көк шайды жүрек-қантамыр ауруымен ауырған науқастарды сауықтыруға таптырмайтын шипа деп санайды.
Адамдардың жасына жетпей ерте қартаюының бір себебі – организмде витаминдер мен микроэлементтердің жетіспеуі дейтін болсақ, көк шай бұл ол қылықтардың да орнын толтыра алады. Витаминге бай көк шай тұнбасы ауруды әрі емдеп, әрі алдын алуға жәрдемдеседі. Ас қорытуды оңдап, іш бұзылуын ретке келтіреді. Асқазан ауырғанда көк шайдан асар шипа жоқ, басқадай дәрі-дәрмектің ешқайсысы да онымен теңдесе алмайды. Ауру асқынбай тез жазылады. Көк шай гастрит және энтерит ауруларында емдейді. Ревматизм, созылмалы гепатитпен ауыратындарды емдейтін дәрі-дәрмек дәрігерлер көк шайды да қосады. Көк шай спиртті ішімдіктің уытын тез қайтарады, масаңдықтан шапшаң айықтырады.
Жапон ғалымдарының пайымдауы бойынша, көк шай ағзадағы радиоактивті зиянды қалдықтарды да жояды екен. Әсіресе, денеге көкөніс, сүт арқылы жинақталған стронцийді қуатыны ғажап құбылыс. Неше қилы тұзды балық жеуге құмар пенделердің көк шай туралы бір сәт те ұмытпағандары жөн. Көк шайдың ағзаны кез келген тұз бен басқа да зиянды қоқыс қалдықтардан тазартатынын ұдайы есте ұстаған абзал.
Көк шайдың қасиеті жалғыз бұлар емес, оның құрамында тіс эмалін бұзылудан сақтап, алдын алатын фторлық заттар бар. Сондай-ақ сүзек, дизентерия секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жойып жібере алатыныда ғылымға аян болып отыр. Бүйрекке тас жиналмауына әсер етеді. Көк шайды көп ішетін қытайлықтар арасында бүйрегіне тас жиналатындардың ұшыраспайтыны немесе мүлде сирек кездесетіні тегін болмаса керек.
Сонымен көк шайды күніне қанша және қалай ішу керек? Ең алдымен оны қоюлау демдеп, аш қарынға ішу қажеттігін еске саламыз. Қант араластырмаған жөн. Мөлшеріне келсек, бір стақан үшін 3-5 грамм шай жетеді. Аурудың алдын алу немесе немесе емдік үшін әзірлегенде, адамның бір килограмдық салмағына бір милиграмм тұнба қажет. Демек, егер сіздің салмағыңыз 70 кг болса, онда күніне үш рет 70 миллиграмнан тұнба ішесіз. Демдеген шай 4 минутта әзір болады. Демдегенде аз-кем көбіктенсе шай сапалы деген сөз.
Иә, көк шай ішсең көңілің жай. Ғұмыр ұзарып, ауру-сырқауға оңайлықпен берілмейсің.