Научно теоретические материалы VI Международного конгресса
"КАЗАХСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЦЕЛИТЕЛЬ ОТЕЙБОЙДАК ТЛЕУКАБЫЛУЛЫ"
6
Қоғамдық бірлестік және адам құқы
Әділбеков Әбдіберік
Заңгер.
Алматы қ.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1 бабына сәйкес мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Сондай-ақ, Конститутцияның 23 бабында азаматтардың бірлесу бостандығына құқығы бар екендігі, қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттелетіні көрсетілген.
31.05.1996 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңының 2 бабында көрсетілгендей қоғамдық бірлестіктер болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады. Сондай-ақ, аталған заң талабы бойынша қоғамдық бірлестікке қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
«Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңының 7 бабына сәйкес қоғамдық бірлестіктер мәртебесі республикалық, регионалдық және жергілікті болып бөлінеді. Бұл мән-жай Әділет Министрлігі тарапынан тіркеуден өткенде тіркеу куәліігінде анық көрсетіледі, яғни республикалық мәртебедегі қоғамдық бірлестіктер өзінің қызметін бүткіл республика көлемінде жүргізеді, ал жергілікті мәртебедегі қоғамдық бірлестіктер тіркеу куәлігінде көрсетілген аумақта ғана (белгілі бір қала немесе облыс көлемінде) қызмет жүргізуі тиіс, оның республика көлемінде қызмет атқаруға құқы жоқ, мұндай жағдайда ол қоғамдық бірлестіктің басшысы заң алдында жауап береді.
Аталған заңның 14 бабында көрсетілгендей қоғамдық бірлестіктің құрылымдық бөлімшелері яғни филиалдары мен өкілдіктері аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өтуі тиіс. Олай болмаған жағдайда олардың қызметіне жол берілмейді. Сондай-ақ, кейбір жағдайда заңды түрде тіркеліп қызмет атқарып жатқан қоғамдық бірлестіктерді тексеруде заң бұзушылықтарға жол беріліп жататыны жасырын емес.
Қоғамдық бірлестіктердің және олардың филиалдарының қызметіне тексеру жүргізгенде мемлекеттік органдар тарапынан тексеріс жүргізу туралы қаулы қабылданады. Ол қаулыда тексерістің мақсаты, қашан және қай жерде жүргізілетіні, әрі тексерушінің аты-жөні көрсетіліп, тексеру органы басшысының қолы қойылады. Осыдан кейін тексеру қаулысы прокуратура органында тіркеліп, ол жайлы тиісті белгі қойылады. Егер қаулы тіркелмесе онда тексеру жұмыстары жүргізілмейді, ал егер жүргізіле қалған жағдайда тексеру заңсыз жүргізілген болып есептелінеді.
Ата Заңның 12 бабында адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс делінсе, 34 бабында әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті делінген.
Құқықтық сауатының төмендігінен кейбір азаматтар тексеру органына қатысы жоқ алаяқтардың алдауына түсіп заңсыздықтың құрбаны болып жататыны өкінішті-ақ. Сондықтан әркімнің құқықтық сауатын үнемі жетілдіріп отырғаны абзал.
Ғұлама ғалым, ғылымнамалық ұлы еңбек
Әзімхан Тышанұлы
Доцент, ғалым.
ҚХР, Үрімжі қ.
Өмірдің барша сәтінде келе бермейтін, некен-саяқ келелі қуанышты халық даналығы «Өшкенің жанып, өлгенің тіріліп пе еді»- дейтін аталы сөзбен сипаттайды. Бес жарым ғасыр жалғанның жарығын көре алмай, енді ғана тіріліп отырған ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянын» ғылымдағы, ұлт мәдениетіндегіосы бір жарқын шұғыла, келелі қуанышты «Өшкен жанып, өлген тірілді» десек, кем қалмаса, артық айтылған болмайды.
Әдеттегі сүйінші сұрау салтында сүйінші сұраушы алдымен: «Сүйінші! Сүйінші» сүйіншімді бер!» - деп сүйінші иесімен келісіп алып, онан соң сүйіншінің мән-жайын айтушы еді. Мұндай дәстүрде де өзіндік мән жоқ емес. Психологияның өмір тәжірбиесіне аса бай дана халқымыз әуелі «Сүйіншімді бер!» - деп қуаныш иесінің көңілін біраз байырқалатып алмай, қуанышты бірден лақ еткізсе, оның психологиялық дүниесінде астан-кестендік туып, ері әсер беретінін ерте байқаған. Сол секілді бұл сүйінші хабарымызда, біз де а дегенде «ғұлама ғалым», «ғылымнамалық ұлы еңбенктен» бір-ақ түстік. Мұндай жалаң, абстракциялық ұран тәріздес көпісткен сөздердің алдан айтылуы, сүйінші сұрауда пәлендей оқа болмаса да, ғылыммен отаспайтны белгілі. Осыдан келіп әу бастан оқығандардың: «Баяғы көп дарбаза сөздің бірі ғой», - деп нәумездене қалуы ғажап емес. Оның бер жағында 500 жылдың алды деген сөзді туу баста айтып қойдық. 500 жылды қойып, күні бүгінге дейін жазба дүниеде Қадырғали би Қосымұлы Жалайырдың он жетінші ғасырдағы «Жылнамалар жинағынан» басқа ештеңе табылмай және бас-аяғы жоқ бұл бір құранды жинақтың өзіне де кем дегенде 3 түрлі дау: біріншіден, аударма (Рашидадиннің «Жамих ат-тауарихының» аудармасы); екіншіден, авторы Қадырғали емес, үшіншіден, шығарма қазақ тілі емес, татар тілінде жазылған дейтін даулар еріп, қыр соңынан қалмай жүрген шақта қазақтан бес жүз жылдың алдында бір ғұлама ғалым шығып, қазақ тілінде ғылымнамалық ұлы еңбек жазып еді денеге қапелімде ешкім сене қоймаса керек. Дегенмен, мұның да, пәлендей бір оқасы жоқ. Зайырын қуғанда нәумездену де, сенбеу де көз жеткізуге ізденудің бір жолы ғой. Ал біздің «Айтпай жатып құлдық» деп бірден абстакциялық атауды дүрс еткізуіміз басқа емес, құлақты елең еткізіп, осы ұлы еңбектің бір ерекшелігін яғни ғылымнамалық (энциклопедиялық) сипатын ашып алу үшін ғана. Айталық, ғалымның жазған «Шипагерлік баяны» - медициналық еңбек. Ол өзінің жүйелілігі, кемелдігі, ғылымилығы жағынан осы заманғы медициналық ғылыми еңбектердің қай-қайсысымен еркін шеңдесе алады. Таныстырмай-ақ, ешқандай түсіндірусіз-ақ, бұған еңбекті оқыған кімде-кімнің өз көзі жете алады. Сол себепті біздің айтпақшы болып отырғанымыз бұл жақтағы емес, жоғарыда аталғандай, еңбектің екінші бір жалпылық жағы, яғни ғылымнамалық сипаты. Кез келген медициналық еңбектердің (кез келгенін қойып, ең таңдаулысы да) ғылымнама бола алмайтыны баршаға аян. Ал біздің ғұлама ғылымымыздың «Шипагерлік баяны» әрі ұлы медициналық еңбек, әрі ғылымнама. Тек шипгерлік жағынан емес, ол халқымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, этнография, география, этика, мораль, тағы басқа жақтарынан да қыруар білім, мәліметтерді береді. Бұған қарап бұл бір құрамды еңбек екен. Шипагерлікпен қоса жоғарыдағы ғылымдарды жеке-жеке баяндаған екен деп қалмау керек. Еңбек бір ғана шипагерлік ғылымды баяндайды. Басқа ғылыми мәліметтер осы шипагерлік баян негізінде, кейбірі мысал, кейбірі факт, кейбірі жаратылыстық орта, қоғамдық жағдайдағы салдар немесе тарих, аңыз, салт-сана ретінде медициналық ғылыми сипаттамалармен нығыз байланысып келеді. Шығарманың көңілге қонымды, ойға айқындығы сонша, кітапты оқып отырғанымызда шипагерлік ғылымның қыры мен сырынан мол сауат алып қана қоймайсыз, ол кездегі қазақ қоғамын өз көзіңізбен көргендей, шипагермен тізе қосып араласып жүргендей боласыз. Сол бір заман кино экранындай көз алдыңыздан өтіп жатады. Айырмашылығы кино-қиялдан жасалған, ал мынау – шындық. Еңбектің бұлайша жан-жақты ғылымнамалылығы және жеткізудегі айқындық сыйлығы қазақ халқының ерте заманнан бері қарай өз тілінде жасалған әдеби, мәдени қазыналарын, оны жеткізген шежіре, шешен, ақын, жырау, философтарын түсіреді. Атап айтқанда қазақтың шежіре, шешен, ақын, жырау, ойшыл даналары бір сыдырғы емес, өмірдің барша жайына қырағы, қара сөзге де, қара өлеңге де , заманның ақыл-ой білімнен, қазіргі тілмен айтқанда, өз дәуірі ғылымдарының қоғамдық және жаратылыстық барша саласынан хабарлы келеді. Жалпы халықтық өнер мектебінен диссертация қорғаған мұндай даналарды жұрт: «Тоқығандар», «Оқығаннан тоқыған озады», - дейді. Шипагер де осындай халықтан тоқыған ұстазсыз ұстаз. Сол себепті олардың айтқан-жазғандары шетінен даналық, басы артық сөз, шашау ой жоқ, айтайын дегенінің, яғни шындықтың дәл төбесінен түсіп отырады. Айтқан, жазғандары екінші біреудің дәлелдеп, сипаттап жатқандарын керек қылмайды, өзін өзі түсіндіреді. Дәлелдейді. Қағида біреу ғана – «Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні», олар інжу-маржан тергендей осы түйінді тереді. Қазір жер-көктен ат өксітіп, таба алмай жүрген халық даналығы құлағымызға құйып, көкейімізге орнатып отырса да, «Жазба тіл ғана әдеби тіл» дейтін батыс бәтуасы көңілімізге имандай ұйып, «неге жазып-сызып кетпеген» деп, ата-бабамызға күнде жүз қайтара өкпелеп ыңыршағымызды мойынымызға алып жүрген әлгі қазақтың жазба әдеби тілі дегеніміз – осы. Реті келгенде айта кетелік, қазіргі әдебиетші, жазушы болудың негізгі белгісі, басты өлшемі болып жүрген жазба әдеби стиль, шынын айтсақ, батыстан ауып келген роман жазу стилі. Айналасындағы көрім-әзіретті жіпке тізгендей тізіп, бір тексті оқығанда бір ауыз бірдеңе таба алмай, көріністің тізбегімен әлегің шығатын мұндай стиль, тегі, сол ұсақ-түйек, көрім-әзіретті түгелдейтінінен сыпайы атауы да бар. Тоқсан ауыз сөзінде тобықтай түйін жоқ. Өзінің төл тілдік әдеби стилімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мұндай стиль қазақ көгала қыртыққа балайды. «Алыстан сермеп, жүректен тербеп» арыдан қайыратын, сөз сөйлемі қайыңның үйіліндей ұйыған, бір сөз, бір әрібі бұра тартып өзгертуге келмейтін, шешендер мен майталмандар кестелеп, жалпы халық қолданған тіл ғана қазақтың жазба әдеби тілі. Ал бұл тілді қазақ халқы өзі қалыптасқан бағы замандардан бері қолданып келеді. Бес жүз жылдың алдында жазылған ғұлама ғалымның «Шипагерлік баяны» осыны айқын дәлелдейді. Ғұлама ғалым өзінің ғылымнамалық ұлы еңбегін қазақтың осы әдеби тілмен жазып, қазақтың елдік тілінің төл басы болуға, өз ана тілінде жазып, қазақтың елдік іргесін көтерумен бірге туған осы ұлы еңбектің ғана құқы жүреді.
Ө. Тілеуқабылұлы Тіл-көз СҰғы жөнінде
Әлімжанов Серік
Халық медицинасының магистрі.
Алматы қ.
Сонау ерте заманда-ақ, ата-бабаларымыз тіл мен көз сұғы жөнінде білді. Оның кері қуатты әсеріне қарсы ем-домын жасады. Сөйтіп, оның ішінде әсіресе жас балаларды ажал ауызынан аман алып қалды. Осыған байланысты іліми анықтамаларды біз XV ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінен кездестіреміз. Мәселен, осындай сұғы барлар қылықты, бітісі әйбәт, жаратылысы сүйкімді баланы көріп «Паһ» десе болғаны, келесі сол уағынан қалмай шетінемек, мұны көзімізбен көрдік. Бірақ мен дарымдаған шипа ем дарым зәруаты дарымдылығы алғысыздықпен тындым тапқандығы өзіме аян. Бұл көз сұғы болсын, тіл сұғы болсын, кейбіреулер таңданса, кейбіреулер ызаланса, сұғын қадауы тындырымдылық қастық сырқаты тудырмағы шарт екен. Мұндағы тылсым сырын, тек Алладан басқа білер ешкім жоқ. Енді оның дарымы, сұғын тиген адамның өзін тауып, өз сұғын өзіне қайтартса, айықтырым таппақ. Кейбіреулері айықса да кемтар болмағы Алла жазуы болмақ. Оған қарысса, тіл сұғы бар көз сұғы бар жан қырық күнге дейін оңала алмай, нәумезденіп, есін толық жия алмай қалмақ. «Жынын алдырған бақсыдай» сүміреймегі шарт. Көз сұғы бар адамның көзі ішінде не көзі маңайында қара қал не меңдеме көз көрігі болмақ. Оның көз қарашығы жалынды, қарауы сұқты, өткір. Жанары қара болмақ.
Тіл сұғы барлардың ауыз айналасы, ерін, ұрт маңында меңдіме не қалы болмақ. Тілінде өте-мөте өзектік тілінде теңбіл не қалсүрей болмақ.
Тіл сұқ тиген балаға мендуана ұрығынан бір талдан үш талға дейін, үлкендерге бес, жеті талын талқандап жегізсе, жазылып айықпағы айқын болмақ. Он алты оңдамадан қандаламен шетіп қан шығарса, айықпағы алғысты болмақ. Бүгінде ғалымдар мен емшілердің тарапынан әлі де шешімін таппаған адам бойында тылсым жатқан қасиеттің бірі – көз тию. Қосалқы түрін-тіл тию, ит тиген деп те айтады.
Келбет көркі ерекше, ақ борсықтай сәбиге, жүзіктің көзінен өткендей сұлу мүсінді, ерен шабысты сәйгүлікке “көзі бар” адам баржоғы сегіз секундтай сұқтана қараса болғаны, тәулігіне жетпей жан тәсілім етеді екен. Жалпы жас бала, жас төлді тіл –көзден аман ұстауға ата- бабаларымыз ерекше мән берген. Оны өткінші жауындай өте шығатын жеңіл –желпі сырқат деп қарамаған. Нақтылап айтсақ, адамға көз тиюдің бүгінгі жастар қатерлі дерт екенін біле бермейді. Үкінің баласындай үлбіреген сәбилерін ел алдында ашық-шашық ұстап, балдай тілін, ерке қылығын көпшілікке мақтаныш тұтады. Үйге келе – ақ мұрттай ұшқан сәбиін “суық тиді” деп емханаға апарады. Ал дәрігер жолдастар дене қызуы көтерілгенде көрсетілетін көмек – жәрдемді аямайды. Бірақ, “ көз – тиюдің” құпиясы дәрігердің ем- домына бағынбайды. Ең тиімдісі аузы дуалы діни адамдар мен халық емшілеріне қарату, солар айтқан ақыл – кеңеске жүгіну. Олар дұға оқып, дем салу арқылы бала бойына дарыған бөгде көздің биоқуатын кері қайтарады. Тіл –көзден болған дертті дер кезінде осылай ауыздықтамаса, өлімге ұшыратары сөзсіз...
Біздің халық көңіліне кір сақтамайтын кеңпейіл, ақжарқын, меймандос, қонақшыл әрі үстіне той- томалақ, ойын- сауыққа жақын жүреді. Міне, осындай көп адам бас қосатын жерге еңкейген кәріден бастап еңбектеген балаға дейін барады. “Сұғы бар адам”, “көзі бар кісі” қырықтың бірінен кездесетіні сөзсіз.
Ата –бабаларымыз тіл-көз тиюді аса қатерлі, ем қонуы қиын деп ұққандықтан да, атын тура айтудан қаймыққан. Көбіне “иттиген” деп астарлап қана сөз ететін болған. Түскен жерін үй орнындай ойып түсетін жайдың оғы тәрізді көз бен тіл, адам өңменінен өткенде, қос жауырынның ортасында алақандай қара дақ қалады. “ Жанары жасындай”, “ Тілі мірдің оғындай” деген теңеу осындай әсерге байланысты айтылған. Халқымыз тіл – көз тиген баланы қасқырдың дене мүшесімен ырымдап емдеген.
Қасқырдың бас сүйегі, жақ тістері, өті, тырнағы, кеңірдегі түрлі кеселге таптырмайтын дәрі. Тәуіптер бала бойындағы тіл, көзді, осы мүшелер арқылы үзілді –кеселді жойып отырған. Көз арқылы бойға енген биоқуатты тез ығыстыру маңдайға, әсіресе екі қастың ортасына қасқырдың өтін жақса, тіл – көздің өтімділігі тез қайтады. Ал, жас баланың бесігіне қасқырдың тырнағы, киелі құс- үкінің балақ жүнін іліп қойса, ол тіл, көз тиюден ада болады.
Әр адамның тіл мен көз сұғының кері қуатына қарсы тұра алатын қарсылық кедергісі де әртүрлі болады. Жас баланың кедергілік күші аз болғандықтан олар көбінесе ауыр сырқаттармен өмірінің аяқталуына дейін қатерлерге душар болады. Ал, үлкен адамдарда қарсылық күші көп болғандықтан да, бұндай кері әсерлерді қайтара алады немесе арнайы емнен кейін қайтады. Осындай көз бен тіл сұғы барлар өздері де өздерінің кері әрекеттерін сезе бермейді. Егер біле қалса, өздері де қателіктерін түсініп бірден ем жасаса сырқат қайтады. Бұндай әсерлердің құпиясын ғылыми медицина әлі ашқан жоқ. Сондықтан да «Сақтансаң Алла да сақтайды» - деген халықтың маңызды сөзіне құрметпен қараған жөн.
Ө. Тілеуқабылұы және дәрілік шөптер
Әділжанов Тұрсынбай
Рухани-сауықтырушы,
Алматы қ.
XV ғасырда қазақтың ғұлама шипагері Ө. Тілеуқабылұлы 858 түрден аса емдік дәрілік шөптерді біліп, танып өзінің дәрі-дәрмегін жасаған. Дегенмен, бұл шипагердің қазақ халқының халық медицинасы саласындағы алғашқы ғұлама екендігін ескерсек, оның «Шипагерлік баян» атты еңбегінің негізгі бағыты бойынша фармацевтика саласы ғылымының ертеден дамығандығын көрсетеді.
Биология, медицина, фармакалогия ғылымдарының не екенін түсінбеген кездерде адам баласы өздеріне таныс шөптерді дәрі – дәрмек ретінде пайдаланған. Ал қазіргі кезде бұл халық арасында кеңінен таралды. Сондай ақ шаршап, шалдыққандарды әлдендіретін, ауруын емдеп жазатын денені сергітетін, орталық нерв жүйесін қоздыратын, ақыл – ой және қара күш жұмысынан қалжыраған қан қысымы төмендегенде сергітетін, жігерлендіретін құнды емдік қасиеті бар дәрілерді де шөптен шығарып алып келген. Бұған: қалақай жапырағы, көк марал, қара шоңышқа, алтын тамыр т.с.
Соның бірі марал шөп тамыры. Егер адамның күш қуаты қайта бастаса оны тез қуаттандырады. Сондай ақ жүйке ауруына бірден бір ем. Бұл өсімдікті шығыстықтар, сібірліктер көп пайдаланған. Қайнатып ішіп 14 ауруды жаза алатынын анықтаған.
Ең алғаш марал шөпті көктем басталысымен тыным таппай марал қазып жеп жүргенін байқаған.
Кез–келген медициналық дәрілер шөптерден жасалады. Сондықтан ондай шөптерді халық емі де табиғи күйінде қайнатып ішеді немесе тамаққа қосып жейді. Бірақ сол шөптердің қолдану әдіс тәсілін білген жөн. Қасиетті шөптердің екі түрімен таныстыра кеткенді жөн көрдім.
Торғай шөп. Басқа аты-еңілек шөп, не торғай жем. Ерекшелігі: Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 25-035 см, өң бойында ақ түсті түктері бар, томар тамыры есілген арқан тәрізді, сыртқы қабығы қаракөк түсті оралып өседі. Жалғыз сабағы тік өскен, немесе, түп жағы 2 ашалы болады. Төменгі жағында жапырағы топтасып орналасқан, сағақсыз, таспа немесе қан –дауыр тәрізді, бүтін жиекті, сарғыш жасыл не қоңыр түсті келеді.Сабағындағы сағақсыз кішкене жапырақтары кезектесіп орналасқан. Теңіз шаянының құйрығы тәрізді ашалы гүл шоғыры сабақ басында өседі. Гүл күлтесі ұзын, түтікше формалы, көкшіл түсті, немесе солғын көгілдір түсті болады. Сүйекті әрі қоңыр түсті болады.
Өсетін орындары: Таулардың күңгей беттері, Шыңжаңның барлық жерлеріне тараған. Тамыры дәрі болады.
Жинау және өңдеу: Көктем не күзде қазып алады. Жер үстіндегі сабағын алып тастап топырағын тазалап (сумен жууға болмайды) күнге немесе әлсіз отқа кептіріп алады. Қолданатын уақытта жапырақтап турайды.
Қасиеті: Тәттілеу сор дәмді, суық райлы, усыз, ыстықты басып, қанды салқындатады. Ісікті, уытты қайтарады. Ішекті дымқылдандырып, дәретті жүргізеді.
Басты ем болатын аурулары және қолданылуы:
1. Қызылшадан сақтануға: торғай шөп 3г, қызыл мия 15г суға қайнатып, науат қосып 3 күн ішеді.
2. Қызылшаның алғашқы мезгілінде (қызады, түшкіреді, мұрын бітіп, су ағады. Көзі жасаурап, көздің көру қуаты нашарлайды. Мажаурап ұйқы келеді). Бөртпе сирек шыққанда; торғай шөп 3г, өрік дәні 4,5г, бақа жапырақ 6г, бір сала 6г, жалбыз 4,5г, жас қамыз тамыры 30г суға қайнатып 3-ке бөліп ішеді.
3. Әсіресе, зымталдық қанталуға: торғай шөп 15г, аю балдырған 12г, жыңғыл 10г, ошаған тұқымы 10г, сары ағаш 10г, шөгір тікен 10г бәрін суға қосады.
Сондықтан да, арнайы емдік шөптер туралы жазылған кітаптарды пайдалануда көп пайдасын тигізерін ұмытпау керек.
Магия природы и четыре стихии
Байгозина Светлана
Духовный-оздоровитель.
г. Актобе.
Природные силы Земли – самые отзывчивые и надежные помощники человека в магии. Человек на протяжении многих тысяч лет был неотъемлемой частью природы. Современное человечество потеряло связующую нить с природой, по этому вспомнить себя как частицу природы не то что полезно, а просто необходимо, чтобы жить полноценной жизнью.
Четыре великие силы составляют наш мир, воплощая через свои проявления всю физическую реальность, которую мы ощущаем. Это стихия Земли, стихия Воды, стихия Ветра, стихия Огня. Стихии нельзя увидеть или пощупать – это энергии, но прикоснуться к их материальному воплощению вполне можно. Поговорим о каждой стихии отдельно.
Стихия ветра
Ветер удалец и лихач, воплощение таланта, полета фантазии и творческого подъема. Ему свойственны веселость, озорство, его основа – свобода. Он не отягощает себя обязательствами. Он любить играть, вернее, он живет играючи. Вместе с тем Ветер – это интеллект, мысль, не ограниченная рамками шаблонов, сбор и обобщение информации.
Материальное воплощение Стихии Ветра – воздух, особенно движущийся (физический ветер).
Символы Ветра, применяющиеся в магии: дым, перья птиц, колокольчики, иглы, ножи, булавки.
Задача Ветра – передавать энергию живым существам и собирать информацию, которую он хранит очень не долго, делясь ею с другими, прежде всего с Водой.
Энергия ветра легкая, свободная. Если нужно освободиться от груза, наладить отношения, развеять что-то грустное-обращайся к Ветру. Энергия Ветра способствует развитию интеллекта, умственных способностей, вдохновляет для творческих начинаний, раскрепощает, избавляет от шаблонов и дает возможность обрести свободу мысли и творчества.
Энергия Ветра дает легкость, глоток радости при тяжелой болезни, помогает вывести из депрессии, улучшить настроение. Традиционно Ветер ассоциируется с Востоком, желтым цветом, весной.
Стихия Огня
Огонь – это движущая сила, энергия. В нем наиболее ярко воплощена борьба и единство противоположностей. Он разрушитель – с одной стороны, но с другой – это тот, кто дает энергию созидания. Он дитя солнца, а значит – источник жизни.
Огонь имеет большое значение в таких сферах жизни, как защита и охрана от негативной энергий, целительство. Материальные проявления стихии Огня: пламя, электрическая энергия, молния, символы энергии огня в магии – свечи, костры, очаги. Энергия Огня помогает переработать старое, дает начало новому, чистому. Огонь успешно применяют в целительство, так как он помогает исцелить болезнь, очистить организм человека от негативных влияний. Традиционно Огонь ассоциируют С Югом, красным цветом, летом.
Стихия воды
Вода очень женственна, ей свойственны нежность, ласка, заботливость, терпение и гибкость. В то же время Вода настойчив, целеустремленна, в ней таится большая сила. Вода очень тесно связана с землей, живет в согласии со всеми духами и силами природы, обменивается с ними энергией и информацией.
Основные сферы влияния Воды: очищение, целительство, взаимоотношения между людьми, развитие, обучение, познание, проникновение в тайное.
Материальным воплощением стихии воды является вода во всех проявлениях – реки, моря, родники, колодцы туман, дождь; символы энергии воды в магии – зеркала, непосредственно вода.
Вода прекрасно очищает, забирает и уносит грязь с собой, помогает преодолевать преграды. Дает упорство и гибкость для достижения целей. Вода прекрасный целитель.
Традиционно Воду ассоциируют с Западом, синим цветом, осенью.
Стихия земли
Земля – прародитель и опора всего, что физически существует на нашей планете. Земля заключает в себе женское материнское начало. Она несет стабильность и безопасный покой.
Земля – старшая из стихий нашего мира, ее задача – рождение и воспитание жизни. Она проявлена вокруг нас неисчислимым и разнообразным океаном живых форм.
Земля очень хорошо очищает, так как она – основной целитель человека. Земная энергия выполняет функции роста и развития, восстановления, очищения и защиты. Земля содержит полнейший арсенал средств для восстановления и поддержания здоровья: целебные травы, грязи, глины, яды животных и т.д.; символы энергии Земли применяемые в магии – соль, земля, глина, деревья, камни, растения.
Основные сферы влияния Земли: жизненная стабильность и благополучие, благосостояние, бизнес, богатство, работа, целительство.
Традиционно Землю ассоциируют с Севером, зеленым или коричневым цветом, зимой.
В заключении можно сказать, что общение и работа со стихиями природы – процесс чрезвычайно интересный и творческой, обогащающий нас духовно, приносящий радость и вполне ощутимую пользу. Экспериментируйте, делайте шаг навстречу живой природе и она обязательно откликнется!
Байділдаева Ұлболсын
ҚХЕҚ-ның Түркістан қалалық филиалының директоры.
ОҚО.
Сонау XV ғасырдан ткеле жатқан халық медицинасының тамыры тереңде еді. Әлем ғалымдары зерттегендей, бізде ата-бабаларымыз өз кезеңінде (тіпті әлемдік деңгейдің алдын алды десекте болады) қазақ халық емшілігінің құдіретін еңбек етіп жазба ретінде қалдырған. Соның бірі қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы 1388-1483 жылдары өмір сүрген қазақ ғұламасы. (“Мәңгілік құпия шежіресі” З. Қожалымов, “Сөздік-Словарь” баспасы, Алматы, 2001). Арнайы зерттеулерге сүйенсек, Өтейбойдақтың туған жері мен жерленген жері Шәлкөденің Айқайтасы екен. Ол бала күнінде әкесі Тілеуқабылдың қасына еріп жүріп көп нәрсені үйренсе керек. Өсе келе атақты Лұқман хәкімнен дәріс алады. Сөйтіп Алланың рақымымен, бойындағы шипагерлік қасиетімен көпке танылады. Түрлі шөптерден дәрі жасап, ізденіп, халық емшілігінің негізін қалайды.
Сондай-ақ, XV ғасырда қазақ руларының басын қосқан әрі қазақ мемлекетінің негізін қалаған Әз Жәнібек ханның қолы, бас уәзір Жиреншені ауыр сырқатынан емдеп жазады. Сол кезде Жиренше Өтейбойдақты ханмен таныстырып, жүздестіреді. Сонда ұлы шипагер ханның әрбір сынынан сүрінбей өткен екен. Осыдан кейін барып Әз Жәнібек хан Өтейбойдаққа “Жарайсың, жарайсың қараүзген шипагерім” депті. Бұдан соң ұлы шипагер “Шипагерлік Баян” атты еңбегін Әз Жәнібек ханның жарлығымен 1466-1473 жылдар аралығында қазіргі Шу өңірінде орналасқан ханның Ақ ордасында арнайы бөлінген ғимаратта отырып жазыпты.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік Баян” атты еңбегі алты ғасырдан кейін қазақ елінде (Алматы, “Жалын”, 1999 жылы) баспадан жарыққа шықты. Бұл еңбегінде сырқат жандардың ауруына шипасы тиетін 318 түрлі жан-жануарлар мүшесі және 60-тан астам металл-металоидтар қоспасынан 1108 түрлі дәрі-дәрмек (негізгі бұдан да көп болған) тізімін ұсыныпты. Сондай-ақ, 1050 түрлі дәрі аты, 4577 шипалық дәрілер рецепті, адамның сыртқы және ішкі денесіеің 430-дан аса атауы жазылған. Өтейбойдақ баба емшілік өнерін өз халқының ортасынан жинайды. Оған: бақсы, балгер, емші, құмалақшы, болжаушы, тамыршы, сынықшы, көріпкел, жұлдызшы, жауырыншы, т.б. кіргізіп анықтамасын зерттеп жазған.
Тағы бір айта кетерлік жайт, шешек вакцинасын (шешек ауруына қарсы егіледі) ағылшын шипагер-ғалымы Эдуард Женнер тұңғыш рет 1796 жылы тауып жаңалық ашты деп келсе, ал бұдан әлдеқашан көп жылдар бұрын Өтейбойдақ бабамыз тауып қойыпты. Вакцина табу әдісі де қарапайым екен. Баланың шешек іріңін тананың жұқа шет терісінің қанына жағады. Сол үлкейген томпақты жарып, жуып, қурай қуысы арқылы өзі жасаған бүйрек қабына (теріден жасалған) құйып, ағашты қаламдай үшкірлеп шешекпен ауырған баланың білегіне жағып, одан кейін жаққан жерді инемен созып қояды. Содан соң шешек қайтады екен.
Мінеки, шешек вакцинасын ғұлама қараүзген шипагер әлемдік ғылыми медицинадан 360 жылдай бұрын ашқаны анықталып отыр.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың есімі бұл күнде әрбір халық емшісінің кеудесін көтеріп, мақтан тұтар тұлғасына айналған. Оның аруағының рухы жебеп жүрсін деп Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығы шығарып жатқан “Шипагерлік Баянда” өз халқына бабамызыдың ұлы еңбегін танытып келеді.
Жалпы қазақ халқы емшілігін алты ғасырға алға жылжытқан ғұлама бабаларымыздың ұрпақтары да танымал дәрежеде. Атап айтсақ, бабасының жолын қуған (руы Албан) Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик Зиядан қажы Қожалымовта емшілік қасиетімен ғалымдықты ұштастырып елімізде көп еңбек сіңірді.
Сондықтан Ұлы ғұлама қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз мұра етіп қалдырған ұлы еңбегі әлі де талдауды, зерттеуді, бүгінгі күнмен салыстыруды қажет етеді. Соған лайым бір кісідей ой тастауға әркімнің де еркі бар.
Осы қасиетті бабамыздың емшілік өнерін емші-дәрігерлер болып қуана жалғастырамыз.
«Шипагерлік Баян» тарихи терең медициналық ғылымнама
Бекен Тұрсын
м.ғ.к., академик.
Көкшетау қ.
ХҮ ғасырдың ғұлама ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының медициналық жүйенің барлық салаларын қамтитын ғылымнамалық өрісі кең зор еңбегінде сүйек-буын кемістігі туралы әңгіме болмақ.
Шипагер-ғалым ғылымнамалық «Шипагерлік Баян» еңбегінде: «тек әркімнің өзі тікелей оқығанда немесе кәсіп етіп, әмәлматына араласқанда ғана ұғына алатын жұмыс» демекші, маман дәрігерлерді таң қалдырған, әрі бұрын белгісіз және сынықшыларға қажетті мәселелерге тоқталмақпыз.
Біздер өткен ғасырдың орта кезінде дәрігерлер дайындайтын және дәрігерлер білімін жетілдіретін медициналық институттарда дәріс алғандар тек Россия мен Европа ғалымдарының оқулықтарын оқығанбыз. Өткен Кеңес дәуірінде, тіпті қазірде де адамның жандүниесіндегі рухани дертіне мән бермей, тек адамның ағзаларын зерттеп, ондағы кемістік — дертке ғана ем қолдануда. Сондай-ақ жалпы ауруды сауықтырудың орнына адам мүшелерінің кемістігіне байланысты жеке-жеке, ірілі-ұсақты маман-дәрігер қалыптасқан. Мұның басты кемшілігі сырқат адамды маман дәрігерлер бірінен екіншісіне итере салады. Бұдан сырқат адам дертін асқындырып жүргендер қаншама?!
Жоғарыда айтылғанның шындығы үшін сүйек-буын саласында қаншама ұсақ бөлшектерге бөлінген. Мысалы. Ортопедия және травматология, артрология (буын кемістілігі); вертобралогия (омыртқа); остеология (жалпы сүйек саласы); фтизиоостеология(сүйек-буын туберкулезі), т.б.
Ал бүгінгі әңгімеге тиек болып отырған шипагер-ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өшпес еңбек мұрасының «Пенделік бітіс жырмажыл аталымдары ауқымы және мүшелік жіктеліс ауқымы» (152. 176,б.б.) деген тарауда: «Алланың құлы әрбір пенденің бір тұлғада тұтасым таппағы Аллалық жаратымдық, бітістік, еншілік тәуелділік болмақ... дей келіп, тұлғалық бітім тұтастылығы, айқындылығы делінбегі шарт...» Мұндай тұжырымға келу үшін сол заманда жасырын түрде мәйіттерді жарып, тексергенін жазған. Ғалым ұстаз пенденің мүшелерін айтуға қолайлы, ұғынуға оңай, әрі аңғаруға жеңіл: 1. Көрінетін сыртқы он екі мүше; 2.Көмескі он екі мүшелердің 420-дан аса анатомиялық атауларын айқындаған.
Ресей мен Европалық медицинада адам ағзаларындағы мүшелер көптеген топқа — бөлшектерге бөлінген. Жоғарыда айтылған «Мүшелік жіктеліс ауқымы» атты ғалым бабамыздың еңбегі ерте заманда жазылғанын білдіреді. Өйткені сыртқы және ішкі мүшелердің аталымдары да, қазіргі аталымдардан ерекшелігі де Зиядан қажының ғылыми еңбегінде бар, соның екі-үшеуіне ғана тоқталмақпыз. Мысалы, көзді — тантал; қолды — ұстамыр; буынды — илігім; қаңқаны —сүйемек, аяқты —жүрім, т.с.с. атаулары көнеліктің көзі екені айдан анық, —дейді зерттеуші ғалым Зиядан Қожалымов.
Ғылымнамалық «Шипагерлік Баян» атты тарихи еңбекте сүйек атаулары жан жақты баяндалған. «Сүйемек (сүйек) пенделік бітістің керегесі мен уығы тақылетті басқұр мен белдеу жеміт болмақ. Сүйемектің Алла жаратқан пенделік бітістігі, ұзын-қысқалығы, жуан-жіңішкелігі, имектігі, жалпақтығы, жұп сүйемектер болмаса, тақ сүйемектер бір-біріне мүлде ұқсамайтындығы айқын ұғыныс саналады», — деген.
Сүйемек бас, мойын, арқа, белдеме, сегізкөз, құймышақ, бұғана, қабырға, тіс, төс, ортан жілік, қыр жіліншек, тобық (қызыл асық), бошбай, тоқпан жілік, жауырын, кәрі жілік, білезік, білек жілік, тырнақ, т.б.
Зерттеуші ғалым Зиядан қажы ғылымнамалық «Шипагерлік Баян» атты әлемге маңызды еңбектің «Емдік әдіс амалдары» атты тақырыбын кеңінен сараптай келіп, адам анатомиясындағы сүйек-буынның жіктеліп аталуын көне замандағы сөздермен аталуын тағлымы мол» — деп тұжырымдайды.
Сүйек-буын дертінің маманы болғандықтан көпшілік оқырманға, жас әріптестеріме және халық медицинасындағы сынақшыларға шипагер ғалым бабамыздың «Шипагерлік Баян» энциклопедиялық еңбегінен сыртқы көрінетін тұлғалық бітістік аталымдардың біразымен таныстырмақпыз. Мысалы, баста тоғыз түрлі аталымдар бар:
-Бас, қақ бас деп те аталады.
-Қақ төбе. Бастың төбелік көлемінің қақ ортасы.
-Шекелік төбе. Төбенің екі шеке жақ етегі.
-Маңдайлық төбе. Төбенің маңдай жақ етегі.
-Шүйде төбе. Төбенің шүйде жақ етегі.
-Құлақтық төбе. Төбенің оң-сол құлақ жағындағы етегі.
-Құлақ шеке. Құлақтық төбе мен шекелік төбе аралығы, құлақ жақтауы.
-Шеке. Оң-сол құлақ шеке мен маңдайдың оң-сол екі аралығы.
-Самай. Құлаққалқаны алды мен көз сырты арасындағы шаш шегі көземе (153б.).
-Қол.
-Тоқбас жілік. Тоқбақ жілік көземе.
-Топшы. Талмау. Тоқпас жілік алдыңғы томпима еті көземе.
-Шынтақ. Қар. Шынтақ талмау, білекалды көземе.
-Құлжілік. Ол кәріжілікпен қатарлас шынтақ пен шынашақ жақтағы көземе.
-Кәріжілік. Құлжілікпен қатарлас шынтақ пен басбармақ аражағындағы жілік көземе.
Білек. Бір қол мағынасы көземе.
-Білек. Шынтақ пен білезек аралығы көземе.
-Білезік. Білезік буыны.
Бел.- Белдеме, белдеме қанаты, сегіз көз, құйымшақ, тұштақай, жайқақ, құйрық.
Ортанжілік; Сан.
-Тізе, тобық, бұлтылдақ көземе; қыржіліншік, асықжілік, тобық, қызыласық, топай, ішкі тобық сүйегі көземе, жіліншік, тақай, сыртқы тобық сүйегі көземе.
-Аяқ, тақым, шат, қылта; Табысқы (табан үсті көземе —табұс деп те аталмақ).
-Балтыр, табан, өкше. Нөкше. Өкше мен тобық аралағындағы шұқыршақ бөлімі (163-164бб.)
Мүше сүйемекте (сүйекте) көбінесе мертігулік жазым болмақ.Ал, мүше илігімде (буында) —тайулық, қорбуын, сорбуын, шорбуын, т.б. көп болмақ. Сондай-ақ шипагер ғалым бабамыз келешек ұрпағына арнаған еңбегінде басқа да : мүше жүрімнен ұршық таю, тізе шоры, тізе қоры, тізе соры — тізе таю (тобық таю), ақсақ шекіме, сылтыма, сынықтар, әр түрлі тақылеттер. Омыртқа жотасындағы сырқат белгілері: бүкір, құныс, шордама, қаңқайғы, иліккісіз, шығу, таю, ісу тақылеттері жайлы айтып кеткен.
Адамның сырқатын бір көргеннен дидарласып тұрып айқындауға болатынын ұстазсыз ұстаз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік Баян » ғылыми еңбегінде айқындалуы шарт деп жазған. Сондай-ақ аурудың сыртқы көрінісінен де дертін анықтау туралы көз жеткізе баяндайды. Осы тұрғыда «Шипагерлік Баян» ғылымнамалық еңбегіндегі (212-213б.) диагностикалық көріністің кейбіреуіне тоқтала кетпекпіз.
“...Бір иығы түсіңкі түйткілімі: бұғанасы тайған, сынған басқа қарекетіне кедергісіз болса, тайғаны орнықтырылмай, сынғаны қиюластырылмай, үйреніске айналысқылық сөдегейлік қайнап бітіскен болмақ. Иығы көтерілген жақта кеуделік орнауылдық сырқат барлығы аяндық тақілеттер... Екі иығы тең болса да, кеудесі бір жағына ауыңқы, бір қабырғасы дөңгіл келсе, түйткілімі: бітістік кеуделік орнауылдық сырқат не қабырға сынған. Бірақ айығарлық күйде болса, жүрісі жылдам болмақ. Не басқа зақымдық жазым боп айығым таппағын шағы түйткілімделмек.”
Атқа отырысы жарастықты, бірақ бөкседен жоғары жағы ауыңқы болса, түйткілімі: жазымдық зақым, шалдамалық ызғымалық өткіндік, сан, ұршық, белдемеде шағымдық, қадалымдық, не сан мен тізе, тобық атырауына шығу шыққан, иә болмаса илігімдік шорбуындық, қорбуындық, сорбуындық.
Бүкір болса, құныстық түйткілім: жондама құрт, арқа құрт, мойын құрт. Сондай-ақ сыңар аяғы үзеңгіге салынбаған, салбыраған күйі тұрғылық болса, түйткілімі: аяғы сынған қиюластырылған таңулық, не оташа іздеулік науқас, не жебе, сүңгі қадалғалық зақым жазымы, қорбуын, сорбуын, шорбуын, құйрығы ойылып, тақымы ауырғалық болған тақылеттілер. Ал, бір үзеңгі бауы қысқа, бір үзеңгі бауы ұзын түйткілімі: ақсақ, бір жақ санында зақымдық жазым, сырқаттық қозым, не құйрықтық шығушылық, не ұршықтық, сандық шірілгілік тақылеттілер, т.б.
Ұстазсыз ұстаз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ғылымнамалық «Шипагерлік Баян» еңбегінде өзінен бұрынғы ғұлама ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасай отырып, жеке ашқан жаңалық тұжырымдары мен танымдық ойлары негізінде қазақи шипалы емдік тәсілдерінің алуан түрлерін жазған.
Осындай жаңалықтардың халық медицинасына қосқан ғылыми-практикалық маңызы зор екенін ҚХЕ президенті, іздемпаз ғалым Зиядан Қожалымов соңғы 15 жылдай ғылыми зерттеу еңбегінде жан-жақты нақты дәлелдеуде.
Біз газет бетінің көлемін ескере отырып, ғылымнамалық «Шипагерлік Баян» атты еңбектегі сүйек-буын дертінің көптеген шипалы емінің ішінде жиі қолданылатын тек массаж (сылап-сипалау, уқалау, үзу, т.б.) еміне ғана тоқталмақпыз.
Жалпы массаж емі шығыс пен батыста, басқа да елдерде өзіндік ерекшелігі болатыны белгілі. Мысалы, Үнді халқында массаж төрт түрлі қозғалыста орындалады: шапалақтап қағу, уқалап есіп-жұмсарту, сылап-сипау, сығып қысу. Жапонияда нүктелі массаж.: Ши-ацу, яғни денедегі белсенді нүктелерді бармақпен басып емдеу. Ал Қытай мен Кореяда — ине шаншу, ерменеден жасалған шылыммен күйдіру кеңінен таралған. Сондай-ақ кеңестік дәуірден жалғасып келе жатқан, біздің ресми медицинада жиі қолданылатын А. Вербовтың әдіс-массажының төрт түрі: сипау, ысқылау, уқалау, дірілдету пайдаланылуда.
Шипагер-ғалым Өтейбойдақ бабамыздың «Шипагерлік Баян» еңбегінде массажды “ысқыламақыс” деп он салаға, отыз түрге ажыратады. Өкінішке орай бізге жеткен қасиетті кітапта сақталғандардың ішінде тек массаж жасаудың әдістері мен түрлері сақталған. Осы әдістердің оң түріне жеке-жеке тоқталған. Мұнда сипау, үзу, уқалау және оның түрлері: қысу, созу, бұрау, салмақ түсіру — аяқпен басу, сілкілеу, жатқызып созу, лықыта толқу деп ажыратқан. Сондай-ақ уқалаудың он бір түрін: түйіндеме, батырма, дөңгелендіргі, ысқылама, сыдырғы, жылдыртқы, қақпауылғы, мытыңқы, шымшыма, қос алақан арасына салып, жіп ескілік және бөгделеме, яғни бөгде затпен уқаламақ, т.б. көптеген шипалы емі өз заманында сырқатты сауықтырған.
Бұл тұрғыда сүйек-буын жүйесінің кемістігін дер кезінде анықтау мен қазақи шипалы емдік тәсілдері жайлы алты ғасыр бұрын жазылған ғылымнамалық «Шипагерлік Баян» атты еңбектің маңызы зор және мәңгілік мұра болып қала бермек.