Научно теоретические материалы VI Международного конгресса
"КАЗАХСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЦЕЛИТЕЛЬ ОТЕЙБОЙДАК ТЛЕУКАБЫЛУЛЫ"
15
Ем болатын қағидалар
Саид Юлдаш Али қажы
Академик, дәрігер,
кәсіби халық емшісі.
ОҚО. Сайрам.
Халықтық емдеу жүйесінің берері мол. Өйткені, оның дәрі-дәрмегінің құрамында адамның ағзаларына зиян келтіретін химиялық қоспалар жоқ.. Сондықтан да оның пайдасын бағалай отырып пайдаланудың маңызы зор.
Тұмау. Тұмауды емдеуде мынадай қоспалар аса тиімді: аршылған сарымсақты ұсақ үгіткіштен өткізіңіз, 1: 1 мөлшерде балмен араластырыңыз. Күніне бір-екі рет ұйықтар алдында бір ас қасықтан жеп, артынан жылы су ішу керек. Сәбіз шырыны мен сүтті және балды теңбе тең мөлшерде араластырыңыз. Бір ас қасықтан күніне 6 рет ішіңіз.
Зәйтүн майының 2 ас қасығын, 2 жұмыртқаның сары уызын, 1 шай қасық бидай ұнын, 2 шай қасық балды араластырыңыз. 2 шай қасықтан күніне 7-8 рет ішіңіз.
1ас қасық бал, 1 ас қасық итмұрын, 1ас қасық қарақат, 1 ас қасық бүлдіргеннің устіне 1 литр қайнап тұрған суды құйыңыз. 15 минут қоя тұрып, тамақтанар алдында, жарты стаканнан күніне 3 рет ішіңіз.
Іш сүзегі. Науқас адамнан және микробты тасымалдаушы жәндіктерден жұғады. Аурудың белгілері: дененің дірілдеп тоңуы, қызудың көтерілуі, әлсіздік, ұйысыздық; терінің бозаруы, бас ауруы тілдің ісінуі, теріде ақшыл-қызыл бөртпеніңпайда болуы, т.б.
Іш сүзегінен сақтану жолдары: санитарлық-тазалық шараларын қатаң ұстану яғни қолды сабындап жуу, көкөністі, жемісті қайнаған салқын сумен жуу, су көздерін таза ұстау, тағамды шыбыннан қорғау,үй ішінің және ауланың тазалығы.
Балалар демікпесі. Балалар демікпесі немесе астманы емдеу үшін, өгей шөптің ашық күн көзіне кептірілген 40 дана жапырағын 0,5 литр араққа бұқтырады. Ол 1 түн тұрса жеткілікті. Содар соң алғашқы күні әлгі жапрақтардың 1 данасын бала ұйқтар алдында оның екі жауырының ортасына жапсырып жатқызады.
Екінші күні ұйықтар алдында тағыда 1 жапырақты енді баланың кеудесіне,кеңірдектен 2-3 елі төмен жапсырып жатқызады.Осылайша барлық жапырақ таусылғанша пайдаланылады.
Сепкіл. Беттегі сепкілді, пигменттік дақтарды ағартып, көрінбейтін етуге болады. 2 ас қасық петрушка ұнтағына 150 мл қайнаған су құйып,пәс отта 15 минут қайнатып, содан соң 50-60 минут тұндырып, сүзіп, сүзіндіге 1 ас қасық бал мен 1 жұмыртқаның сарысын қосып, мұқият араластырып, бетке жағады. 15 минуттен кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып тастап,айнаға қарайсыз, сепкіл байқалмайды!
Баспа. Көктемде грек жаңғағының жас тамырын қазып алып, жауап көлеңкеге кептіріп кепкен соң ұнтақтайды. Осы ұнтақтың 100 гр.600 гр.суға салып, 15-20 минут баяу жанған отқа қайнатасыз. 40 минут суытып, тамақты аш қарынға және жатар алдында шайқау керек.
2 дана алмұртты 300 гр.сүтке салып 30 минут қайнатып,ішсе ем болады.
Жүрек сырқаттары. Жаңғақ ішіндегі дәндер арасындағы қабыршықтардан 1 ас қасық ұнтағын 250 гр. спиртке 1 ай ауа кірмейтін құйып, салқын жерде сақтау керек. Осының 15-20 тамшысын 50 гр. жылы суға қосып.2-3 ай бойы 3 езгіл ішсе, жүректің барлық сырқатына ем болады.
Долана жемісінің 200 гр.жуып,200 гр.суда 30 минут баяу жанған отта қайнатып, 2-3 ай 1 стаканнан 3 мезгіл ішсе ем.
Қызыл долана ағашы қабығының ішкі жағындағы ақ кілегей қабығын кептіріп,ұнтақтап,2 ас қасығын 1 литр суға салып, 10 минут қайнатып, 2 сөтке тұндырады. Осыған 1 ас қасық бал қосып күніне20-25 гр. үш мезгіл ас алдында 1 ай ішу керек.10 күн демалып, тағы қайталай берсе болады.
Долананың гүлін көлеңкеде кептіреді. Осының 200 гр. ұнтағын 2 литр балға араластырады. 3 мезгіл 3 ай бойы күн сайын ас алдында ішу керек. Бұл жүрек ауруының бәріне ем.
Шие мен сары өрік компотын үнемі үздіксіз ішіп жүрсе, жүректің талмасын кетіреді.
Алмұрт дәнінің 200 грамын 3 литр суға салып, 40 минут қайнатамыз.Сүзіп алып алма сөлінен 100 гр. қосып, күніне 3 мезгіл 50 грамнан ішіп қысымы қалпына келеді.
Қабығынан аршылған пісте 0,5 кг, сары мейіз 0,5 кг, жаңғақ дәні 0,5 кг алып, әбден түйгіштеп араластырады.Осы қоспаға 1кг құйрық пен 1 кг балды қосасыз. Осыны жүрек ауруының барлық түріне 1 ас қасық 5 мезгіл жеу керек.
Бауыр, бүйрек, асқазан
Жаңғақ қабығын темір келіде ұнтақтап, 100 гр. ұнтағын 3 литр суда, 1 ас қасық бал қосып жарты сағат қайнатады. 1 сөтке тұндырып, 100 гр. алоэ сөлін қосады.Қосындыны өңеші тарылып, ас жүру қиындағанда, ұлтабар асқазан, аш ішек пен тоқ ішекте жарасы бар сырқат адам күніне 3 мезгіл шай қасықпен ішу керек.
Бауыр, өті, көк бауыр және циррозбен ауратындар жаңғақ дәнінің 200 грамын жарты литр спиртке салып, ауа кірмейтіндей етіп тығындап, қараңғы жерде 1 ай сақтап, сүзіп алып, 1 шай қасық 20 гр. сүтке құйып, үш мезгіл аш қарынға ішкен ем болады. Емделу мерзімі 2 ай.
Алма дәнінің сыртқы сүйегін кептіріп, келіде әбден түйесіз. Осының 5 кг 10литр суда 1-2 сағат немесе одан да көп қайнатса, май шығады.Осы майдың 30 тамшысын суға араластырып 3 мезгіл ішсе, 2-3 айда ішек, асқазан жарасы жазылады.
Менің жарты ғасырдан аса медициналық және халықтық емдік қызметімнің барлық сатыларында тек қана, осы сияқты емдік әдіс-тәсілдеріммен сырқат жанға көмек етіп келемін. Бірнеше кітаптың авторымын. Ертеден негізі қаланған болашағы зор халық шипагерлігінің пайдасын білу, салауатты өмір салтын қалыптастырумен оның мәдениетін дамытудың басты алғы шарты болмақ.
Лечебные ванны при цистите
Сайдинов Абдыкаим
Духовный-оздоровитель.
Алматин. обл. Талгар.
Назначение лекарственных растений при цистите предполагает использовать их противомикробное, противовоспалительное, мочегонное действие. Наряду со сборами лекарственных растений, указанных ниже в тексте, при обострении хронического цистита целесообразно применение горячих сидячих ванн из листьев березы, травы будры плащевидной, травы донника, травы душицы, цветков календулы, цветков ромашки аптечной, листьев смородины черной, травы спорыша, травы сушеницы болотной, фиалки трехцветной, травы хвоща полевого, литьев шалфея. Ванны можно готовить как из отдельных растений, так из их сборов.
Сборы, используемые для сидячих ванн. Сбор №1. трава будры плющевидной 5 частей, цветки календулы 3 части, трава спорыша 5 частей, трава хвоща полевого 5 частей, трава чистотела большого 2 части. Три столовых ложки сбора залить 1 литром воды, довести до кипения, процедить, охладить. Использовать для сидячей ванны продолжительностью 10-15 минут 1-2 раза в день, курс 8-12 дней. Ванны принимаются в теплом виде.
Сбор № 2. Трава душицы 3 части. Листья черной смородины 5 частей. Трава фиалки трехцветной 2 части. Трава чабреца 4 части. Листья эвкалипта. 1 часть. Приготовление и применение аналогичны сбору. 1. Можно получить положительный результат в лечении и от прикладывания на надлобковую область полотняных подушечек, наполненных горячей распаренной травой (ромашка аптечная, шалфей, болотная сушеница, полевой хвощ и др). Кроме этого циститов применяются следующие сборы.
Сбор №3. листья березы 1 часть, листья толокнянки 1 часть, кукурузные рыльца 1 часть, корень солодки голой 1 часть, принимается по 1/3-1/2 стакана настоя, приготовленного по стандартной методике, 3 раза в день.
Сбор № 4. Солома зеленого овса 1 часть, плоды шиповника 1 часть, травы чабреца 1 часть, трава горца птичьего 1 часть, корень цикория 1 часть, почки березы 1 часть, листья подорожника 1 часть.
Сбор № 5. Плоды можжевельника 1 часть, корень любистка 1 часть, травы фиалки трехцветной 1 часть, семя льна 1 часть. Одну столовую ложку смеси залить стаканом кипящей воды, кипятить 10 минут, настаивать 1 час и принимать по 1/3-/2 стакана 3 раза в день до еды. При выраженном обострении цистита из сбора № 4 исключают траву горца птичьего.
Жаннат кілті намаз, намаз кілті дәрет деген
Сейденов Мұхитдин
Рухани-сауықтырушы.
Шымкент қ.
Алла Тағала адам баласына намазды күніне 50 рет нәсіп етіп, Алалның разылығын алып кетіп бара жатқанда сахабаларының бірі Мұхаммед пайғамбарымызға тоқтай тұр, күніне 50 рет намаз оқыса басқа тіршілік жоқпа – деген екен, сөйтіп 5 уақыт намаз уәжіп болған екен.
«Жаннат кілті намаз, намаз кілті дәрет» дегендей намазы түгел адамның ажары ашық, көңілі тоқ, жаны-жайсаң, момын мұсылманға ылайық мінезді болады. Әрбір болған іске қанағат, уәдеге берік, үлкенге құрмет, кішіге-ізетшіл, жан-тәні таза, денсаулығы мықты, өмір жасы ұзақ келеді.
Өмір жасы ұзақ деген сөзіме бір-екі мысал келтірейін. Ауылда тұратын молда атам бар Нәсір Абрасилов деген, жасы 96-ға келді. Өте иманды кісі намазы түгел, басынан талай тәптүшті өткерген ашаршылық, жоқшылықты көрген. Үлкен баласы қайтыс болды, кемпірі артынан келіні – бірақ бәріне сабыр қылып имандылық тұрғыдан тәубе етеді.
Бір күні қызметтес жолдасымның әжесі қайтыс болды Қазығұрт ауданында, көңіл айтып барып-едік, сондағы ғажап атасы 102 жасқа келген. Арамызда еврей бухгалтер бар еді, әлгі қариядан сұрап қоймады. 102-ге келгеніңіздің, яғни ұзақ жасауыңыздың себебі неде деп, соендағы атамыздың айтқаны құдайға сеніп құлшылық жасау, 5 уақыт намаз.
Айтпақ ойым қазіргі жастарда жол апатынан, ішкілік, темекі шегу, ұрыс-төбелес, ұрлық жасау өте көп. Егер сол жастарымызға отбасынан бастап имандылық уағыз, намазға бет бұрғызсақ жаңағы айтқандарымның бәрі болмас еді. Намаз оқитын жастар ізетшіл келеді. Өмірге деген көзқарас, қоғамда өз орнын таба біледі деп сенемін. Мұхаммед пайғамбарымыздың балаларының бірі, ұлыма айттырып қойған қызын баласына әпереді. Баласы да намазхан болса керек. Әкесінің сөзін жерге тастамай үйленеді. Ойы бір нәрседе қызды көрмеген, қандай екенінде, некесін қиып болған соң қызға көзі түсіп кетеді де ұшып тұрып, ол дәретін алады да Аллаға құлшылық жасап 2 рет намаз оқып тәубе етеді, сөйтсе қыз өте сұлу, көрікті екен.
Қазіргі кезде мешіттерде жастар құдайға шүкір көбейіп көңіл қылау басқан кісіге біріншіден жылысөзбен жақсы қабылдап, жақсылап тыңдап біріншіден оны рухани сауықтыру қажет деп мәслихат айтады. Өмірге деген көзқарасын дұрыстайды. Не керек сол адамды өз деңгейіндегі дәрежесіне жеткізді.
Бұл мәселе иман жүзді намазхан адамның ғана қолынан келеді...
Қауымдастық қызметінің жетістігі
Сәрсенбай Жанболат
Алматы облыстық филиалының директоры.
Алматы обл. Өтеген.
Сан ғасырлар бойы зерттеліп, халық тәжірибесінен өтіп, нақты қолданысқа ие болған халық емшілігінің шипалы қол иелрінің ұйымы күннен күнге беделі артып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Мұнда халық емінің ұлы шипагері, зерттеуші ұстаз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ізін жалғастырған киелі өнер иелерінің басын қосып «Бір жағадан бас, бір жеңнең қол» шығарып, ьүгінгі заманға сай еңбек етуге жол ашты. Ақылды басшың болса адаспассың демекші Зиядан қажы Қожалмовтың ерен еңбегінің жемісінен халық медицинасы ғылымға қосылды.
Бүгінде қауымдастықтың 32 филиалы /облыстық, қалалық, аймақтық/ жұмыс жасап отыр. Қауымдастықтың атты төл газеті «Шипагерлік Баян» үзбей жарық көріп келеді. «Шалкөде» атты баспасы бар. Әрбір жарық көрген кітаптар интернеттегі Қауымдастықтың арнайы сайтында жариялануда. Қауымдастық мүшелерінің ізгі арманы орындалып, олардың еңбектерін әлемдік деңгейде танытуда істелген шаралар маңыздылығ, әртүрлі тақырыптарда өткізілген конгрестер мен форумдар негізінде айшықталуда. Бұқаралық ақпарат құралдарында газет-журналдарда, теле-радиоларда халық емшілерінің еңбек жетістіктерінің көрінуіне қауымдастық басшылық тарапы жол ашып берді. «Алматы» телеарнасындағы «Қыл көпір» бағдарламасында да көріпкел-емшілердің қатысуына мүмкіндік берді.
Осындай еңбек жолында Зядан қажы Қожалымовтң ұлы шипагерлікті зерттеу нәтижесінде шипагер-ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының шипагерлік ілімі әлемдік деңгейде зерттелуге жол ашты. Бүгінде көптеген шет ел зерттеуші ғалымдары ұлы шипагер бабамыздың ерен еңбегі қауымдастық тарапынан үш тілде жарық көріп, интернетте жарияланған еді. Соныгң нәтижесінде Қауымдастықтың ғылыми зерттеу жұмысына әлем назар аударды.
Қазақ қашанда алладан тілеу тілеп алдағы күнге үмітпен қараған ғой. Сол мүмкіндік Қауымдастыққа бақ та, бап та бұйырса екен деген ізгі үмітіміз бар. Алла жар болсын. Айрандай ұйыған ұйыммыздың шырқын ешкім бұзбасын. Шарықтаған биіктен көрінуге Алла нәсіп еткей!
Шипагер Өтейбойдақ емшілік мәдениеті жөнінде
Салназарова Ағзыя
Шығыс және халық медицинасының магистрі,
Кәсіби халық емшісі.
Ақтау қ.
Енді ғана аты-жөнін біліп, іліміне бас иіп мақтанышымызға айналған, емшіліктен ұлы ғұламалыққа дейін көтерілген Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баяны» еңбегі біз үшін оқу құралымыз және ғылым үшін де қажет еңбек болып табылады. Сонау XV ғасырда ұжымдық жүйе толық қалыптаспаған, ілім ордасы болмаған және іліми білімдері аз қазақ ауылында тұрып, медициналық энциклопедиялық еңбекті жазуы шипагердің еңбекқорлығын ғана емес, оның білімділігін және ұлтжандылығын білідерді. Әсіресе емшілік мәдениеті жөнінде шипагер тәрбиелік маңызы зор ұсыныстарды жазып қалдырған. Мәселен, «Емші дегеніміз – ешкінің мүйізін көріп, өзін көрмеу». Емшіні – шипагер деу керек. Шипагер - өнер. Шипагер - сырқатты анықтайды, емдейді және жазады. Шипагер – ол тәрбие беру, адамдарды ұжымдастыру және денсаулықты қорғаудың негізін қалаушы, - деген ұсынысы өте маңыздылығымен ерекшеленді. Ұлы ғұлама шипагер әрқашанда мейірманды, адал ниетті, қайырымды, кішіпейіл және дүниеге қызықпайтын адам болу керек деген тәрбиелік ақылы бізге үлкен көмек береді. Бабаның «Қол кірі – дәулетке қызықпа»- деген данышпандық сөзі еңбегіңді пұлдама, әр ем алушы өзінің жағдайына қарай рахметін айтады, Алла ризғысыз шипагерді қалдырмайды деп үлкен ой тастайды. Шипагерлерге өзіне келген сырқат жандарды туысынан да артық көруді, үлкенге әке, апа, ал басқаларға замандас, құрбылас, аға, әпке, іні, қарындас, ауылдас т.б. жақсылық сөздерін айтып, жылы қабақпен қабылдасаң емін қонымды болады деп, біздерді үйретеді.
Шипагерлер ұрпақ пен халқының денсаулығының күшті, ұрпағының өмірге дендері сау болып келуі үшін, шипагерлік саласының халықтық және іліми-ғылыми жағын дамытып отырды. Олар табиғаттың экологиялық тазалығына, жылдың төрт мезгілдік өзгерісінің адам денсаулығына кері әсерлеріне, күтінбеу мен сақтанбаудың да денсаулыққа кері ықпал ететініне, жеңіл сенімділік пен аңғарымсыздықтың зияндылығына, қоғамдық, жеке түрмыстық және санитарлық тазалықты сақтамаудан пайда болатын сырқаттық аурулардың тууына қарсы тәрбиелік – емдік шараларын халық арасында іске асырып келді.
ХV ғасырда қазақтың ойшылы, ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты еңбегінде адамның денсаулығын жақсартудағы сақтық пен аңғарымдылық қажеттігін, ұдайы тікелей зияны тиетін «Жетіге тиіспеу» және «Қырық бірге жұғыспау» жөніндегі өзінің философиялық танымдық тұжырымдамаларын ұсынып, халықты одан сақтандырады, ойландырады. Бұл тиіспеу мен жұғыспаулар туралы алғашқы тараудың екінші бөлімінде арнайы анықтамалар берілген.
Дегенмен, негізгі нәрсе ешнәрсеге тиіспей немесе жұғыспай жүрудің де адамның денсаулығының жақсы болуына әсері молдығын ескерту арқылы, қарғыс алмай алғыс алуға ниетті бұру қажеттігіне бағыт беріледі. Кері әсерлі қуаттардан сақтандырады. Шипагер сезімтал, көреген, адам мінезін жетік білетін тәлімгер - тәрбиеші болу керектігі баба еңбегінде айтылуы, бүгінгі емшілерге өнеге, аманат. Жақсы сөйлеу, бос сөз айтпау, ауруды өз туысынан да жақын сезіну, қайырымдылық жасау, кішпейілдік танытудың психологиялық жолдарын пайдаланудың пайдасын қазақ шипагерлері ертеден білді. Бұндай мәдениеттілік шипагердің өнеріндегі емдік шипасына ықпалы оң боларын сезіну де, қазақ шипагерлерінің ұлттық шипагерлік мәдениетінің өркендеуіне ықпалы зор болды деген сипаттаманы білдіртеді.
Адам бақытқа бөленсе қуанады, қатты қиналса қайғыға батады, қасіретке ұшырайды. Бұндай көңіл–күй тебіренісі тек ғана адамға тән қасиет болғандықтан, адам өзін байсалдылыққа, сабырлыққа, имандылық пен төзімділікке көндіре алса ғана, денінің саулығын аман сақтап жақсарта алады. Осындай психотерапиялық әдіс-тәсілдердің адам денсаулығын жақсартып ғана қалмастан, рухани денсаулық мәдениетін дамытуға да көмегі зор.
Ертеден-ақ, адам денсаулығының сырқатын емдеу мен жақсартудың үш тәсілі: шөппен емдеу, пышақпен дертті алу және сөз арқылы да сырқатты емдеп жазуға болатынын анық білген. Мәселен, сөздің тигізетін әсерін медицинаның дәрігерлері мен ғалымдардың емдеу жүйесінде, науқас адам емдеуші дәрігердің сөзіне сенім білдірсе, онда сырқаттың жағдайы біршама жақсарып, көңіл-күйі көтеріліп денесінде бір жеңілдік болатынын ертеден-ақ аңғара бастады.
Содан: «Жақсы сөз жарым ырыс», «Көз жетпеген жерге сөз жетеді» т.б. нақты сөздер ұлттық мақал – мәтелдердің тыңдаушысын өзіне еліктіріп әкетуі мен қаратуы сөздің терең ой талғамы күшінің жоғарылығын байқатады.
Шипагердің науқасқа оның сырқатының қандай дәреже де екеніне қарамай, жақсы ілтипатты «Сіз жазыласыз, сырқатыңыз жеңілдеді, жақында толық айығасыз»,-деген сөздерді айтуы да, оның емдеу мәдениеттілігін көрсетеді.
Денсаулықтың таза әрі бір қалыпты болуы адамның рухани жағынан жоғары болуына тікелей байланысты. Рухани биік жетістік тән мен жанның лас қуаттардан тазалануына, ішкі сезімнің оянуына, адамның төзімділігі мен имандылығының артуына басты ықпал етеді.
Өтейбойдақ бабаның емшілік мәдениеті жөніндегі өнегелі ілімдік көзқарасы бүгінгі ұрпағына нағыз тәрбиелік маңызы зор оқу құралы болып мәңгі қала береріне сенім зор.
Қаннан қанға сіңген қасиет
Сарсембаева Гульхан
Рухани-сауықтырушы.
Алматы обл. Қарғалы.
Ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Әз Жәнібек ханға айтқан өсиеті: «Қазақ жеті атасына жетпей қыз алыспасын» деген еді. Расында ұлы бабамыз үлкен мәдениеттілік пен тазалықтың көркем қажеттілігін көре білсе керек. Шындығында неге қыз алыспасын деп төтесінен нақты шешім шығарды? Өйткені қан бұзылады, қан арқылы ел бұзылады, сөйтіп қаннан қанға сіңген қасиет құриды.
Бұл жағдайда сонау XV ғасырда көре білген ұлы шипагер Өтейбойдақ бабамызда көріпкел шығар бәлкім. Өйткені, оның сезім сыры, шаршамай тау кезіп халық медицинасының ілімінің негізін қалауы тектен-текке болмаса керек. Әуелі Алланың нұры түскен, сосын киелі өнер шапағаты нәсіп етілген, дара тұлға. Мәселен, суға тұншыққан адамды басын төмен қаратып аяғынан салбыратып іліп қоюы да адам ойламайтын әрекет. Бірақ, соны көре білген, ойлау дәрежесінің соған жетуі, қаншалықты маңызды десеңші. Әсіресе, жоғарыда қазақ жеті атаға жетпей қыз алыспасың, деген де ханның бас уәзірі Жиренше жылап жіберген екен. Себебі, өз қарындасымен отау құрған бас уәзір жылдар өтсе де ұрпақ сүйе алмай келеді екен. Сондай ырымы өз алдына болғанымен, ең негізгісі қазақ тектілігінің тазалығын сақтайды.
Осындай даналықтан қалған амал ретінде бүгінде қазақтар жеті атасына жетпей қыз алыспайды. Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру үшінде қазақ текті жерге қыз ұзатады. Мінеки, осының барлығының басында ұлы бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының асыл өсиетінің орындалуы тұр.
Бүйрек қызметін жақсарту жолдары
Сейтбаттал
Тибет медицинасының дәрігері.
Рухани-сауықтырушы.
Алматы обл. Еңбекшіқазақ.
Адамдар үшін барлық ішкі он екі және сыртқы он екі мүшесі де қадірлі де қажетті болып есептелінеді. Оның ішінде қос бүйректің де өзінің атқаратын қызметі бар. Тибет медицинасында бүйрек қызметі жөнінде ерекше қаралған және өзіндік анықтау мен емдеу әдіс-тәсілдері бар. Осыған тоқталсақ: бүгінде, адамдардың 90 % бүйрегі сау емес екен. Оған қоршаған ортадағы ауаның ластануынан және күтінбеу негізі себепкер болып отыр. Кейбір адамдар “аузымыз сасып кетеді” деп пияз жемейді. Ал пияз бүйректің қызметін жақсартушы витамині бар көкініс.
Сондай – ақ, бүйрек, қуық жолдарымен байланысатындықтан оған тас байланса оның да көптеген емі бар. Енді соған тоқталайық: Халық медицинасында жантақ шөпті емге қолданған. Ол шөлді, құмды, далалы аймақтарда көп өсетін түйе малының негізгі қорегі. Құрамында С витамині, каротин, эфир майлары, гликозид бар. Жантақ шөбінің іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді. Дәрі жасау үшін жантақ шөбін жаз айларында, тамырын күзде жинайды. Өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан жасаған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланса жақсы нәтиже береді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: 20гр. тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, содан соң сүзіп алып, 4-5 қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бүйрекке тас, құм байланғанда жүректің қызметі нашарлап, денені ісік шалғанда да жоғарыда айтылған тұнбадан 1 қасықтан күніне 3 рет ішкен жөн.
Бүйрекпен қуық жолдарына байланған тасты түсіру үшін, қарбыз піскен мезгілді қолдану өте қолайлы.
Бір апта тек қара нан мен қарбызды азық етіп, негізі ораза тұтқандай болу керек. Ем қабылдаудың ыңғайлы уақыты түн кезі. Су толтырылған ваннаға не астауға отырып, қарбыз жесе, зәр қысып, құм мен тас кіші дәретпен араласып түседі.
Сондай – ақ, қарбызға тойып алып, жүгіріп жанын қинаса да, тас пен құм кіші дәрет арқылы түседі.
Ал бүйректің қызметін жақсартуға жүгері де мың да бір ем: Оны асып жей беру керек.
Бүйрек қызметі қалыпты емес жағдайға түскенде көз асты әжімденіп, көгеріп кетеді. Көлкілдеп ісіп тұруы да ғажап емес. Енді бұл ауруды биоқуаттық күшпен де емдеуге болады. Ол үшін сеанс алу мерзімі 15 күн мен 30 күн аралығын қамту керек. Қол тигізіп немесе тигізбей жасалатын массаждар түрі өте қарапайым. Алақан жылуымен бүйректі тек аялау керек. Сонда берілген жылу бүйректі өз қалпына түсіреді. Сондай – ақ, бүйрек ауырмау үшін, әуелі суық су ішуді доғарған жөн. Басты бәле осы суықтан басталады. Бүйрекке суық тию, оны барлық қалыпты қызметінің науқастануына алып келіп соқтырады.
Жоғарыда айтқандай салқын судың орнына сүт, айран сияқты ақ тағамдарын пайдаланып, сосын көбінесе қара нан жеу пайдалы. Сондықтан, бүйректің сау кезінде оның ауырмауы адамның өз қолында екен. Егер, жоғарыда айтқан кеңестерді орынды пайдаланса, көп жағдайларда желкеге түскен салмақтан көп адам арылған болар еді. Айтылған кеңестер маңызды және маңызсыз болуы әрбір науқастың тікелей өзіне байланысты болады. Науқастың қағиданы сақтауы, оның сырқатынан тез жазылуынан басты кепілі болмақ.
Ө. Тілеуқабылұлы тұғырлық алмасымдар мен ұрпақ туралы
Серік Зекейұлы
Академик, Шығыс-Тибет медицинасының жоғары дәрежелі дәрігері.
Алматы обл. Қаскелен қ.
XV ғасырда қазақ халқының жаһангер, «Шашты Әзиз», ғұлама және ғалым шипагері атанған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының білімділігі өз заманындағы ілімімен салыстырғанда ған емес, осы заманғы ғылымның дәрежесімен де терезесі тең екендігі оның мұрасы «Шипагерлік баяннан» анық байқалады. Ол өзегі тұғырларды алтыға бөліп, үш жұптық қарама-қарсы әріптестік етеді. Мәселен, бірінші түп әріптеске: кеңістік пен тұрақ, екінші түп әріптеске: жарық пен қараңғы, үшінші түп әріптестеске: суық пен ыстық деп, адам денсаулығының өзгеруі мен бірқалыптылығы жоғарыдағы өзегі тұғырлардың өзара байланысыменен тығыз бірлігінде екендігін анық іліми түрде тұжырымдайды. Ө. Тілеуқабылұлы бұл туралы былай дейді: «Өзегі тұғырлар алтылығы бейне тойда айтысқан қарама-қарсыекі әріптес тақылетті үш түп болып, бірі енді бір жағына жаңғышты кезек беріп, айтысты жалғастырғандай. Әрбір өзегі тұғырдың кезегі біткен сайын енді біреуіне жол беру жөрелгілік жүлдісі болмақтығымен іркіліссіз, толассыз, шашуасыз кезектесіп адамзатына және оның несіптік ризығына тіршілік жолын ашып, жөн сілтеп, көркеміне қолайлама жаратымы шарттық.
Бұл мәңгі толастамайды. Бір пенде ғұмыры емес, сан мыңдаған жалғаспалы ұрпақтар өмірлеуінде де болжалдық болымы жорамал түкке тұрғысыздық. Тек қана Алла әмірімен, заманақырмен аяқталымы шарт.
Өзегі кеңестік Өзегі тұғыр Өзегі суық Өзегі тұғыр
тұғыр жарық жарық кеңістік
Өзегі тұрық Өзегі тұғыр Өзегі тұғыр Өзегі тұғыр
Тұғыр қараңғы ыстық тұрақ
Бұл өзегі тұғырлар өзара қарам-қарсы кезектеспелі айналымы бейнелемесі.
Әрбір өзегі тұғыр бір-біріне орын бергісі және бір-біріне айналымы шарт болмағы көрілгі.
Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегінде медицинаға байланысты көп нәрселер қарастырылып, тұжырымдалған. Оның ұсыныстарын осы замаңғы ғылыми медицина саласына да пайдаланудың пайдасы зор. Мәселен, адамзаттың ұрпақты болуы Алланың жаратылыстық несібелер ұштасымен соңғы тұғырлық игіліктік жалғасым болмақ. Ол несіптік ризықтың жарасымы екендігі парыз дей келе, ұрпақтанымның өзегі – жұпталым дейді ғұлама. Ер мен әйел жұпты болған соң, жұбайлық борышты өтеп, артына ұрпақ қалдырмағы шарт болмақ.
Ердің қайын жұрты, әйелдің төркін жұрты болмақ. Екеуінде де нағашы жұрт бары аян. Оның үстіне ер, әйел екеуінде де қандса жұрт болмақ парыз. Соның үшін әр адамның үш жұрты бар сөлемелік шықпағы нақ. Осындай жақыншылық өзара бір-біріне жақын тартқызып, біріне бірі қара тартулық туылып, Алланың жазуымен дәм айдап, топталыс жасамақ. Өстіп адамзаты өсіп-өркендей бермек.
Жұпты болғандар бір баспанада түтін түтетіп, ұрпағымен жасамақ. Ата-аналық борышын өтеп, ұрпағын әлпештеп асырамағы, аялап бақпағы шарт етілмек. Ұрпақтар өсе келе ата-анасын асырамақ. Құндандалық молғып, жақыншылық көбеймек. Топталым көлемі ұлғаймақ, ұлғайа бермек.
Әйелдердің іштегі баласы теріс келгенде шипагер аунатпалы толқытпақ деген әдісін пайдаланған. Ол үшін босанулық болған аналардың мерзеті теріс болғанда, текеметке не болмаса жамылғыға не сырмаққа салып, оңға үш, солға үш толқытпақ шарты көземе. Бала оңғалық тауып, ана қуанып, бала көз айдын боп, ел шүйіншілемекті алғыстылық туылмақ. Дарымдылық көрнегі жеке-жеке кідірімделгісі.
Өте-мөте шипагерліктік маңыз алатыны науқасты бейнеттен тосып, ажалдан қатарға қосып, ел үмітін, ер үмітін ақтау үшін шипагер бар өнерін көрсетуіне қолайлым тауып, алғыс ала алатындығы айқын ұғыныс бермегі шарттығы.
Сүлейменов Нұрлан
Шымкент қ.
Кейінгі кезде емделушілердің арасында мені дуалапты, жағдайым нашар, ісім алға баспайды, жанұямда ынтымақтық бұзылды, шошынамын және әртүрлі елестер сеземін дегендер көбеюде. Сондықтан да қазіргі заманда бәріңізді толғандыратын қайшылықтардың бірі дуақандық. Дуадан қалай сақталып қалай емделу жолдарын ғалымдар көбірек зерттеп адамдарға түсіндіруде. Дуақандар күндіз – түні адамдардың санасын уландырып, қарапайым адамдардың қалтасын қағып, Аллаға қарсы шығуда.
Араб тілінде дуақандық деген белгілі нәрсенің тонын өзгерту – сиқыр. Шариғатта дуагермен шайтанның достығын дуақандық деп айтады. Кейбір рұқсат етілмеген көпқұдайлық әдістері үшін шайтандар оларға қызмет етеді. Жаратушы Алла айтқан: “Олар Тауратты қойып Сүлейменның (ғ. с.) патшалығы заманындағы шайтандар оқыған сиқырға ілесті. Сүлеймен (ғ. с.) қарсы келмеді. Сиқыр жасамады. Бірақ шайтандар адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда Һарұт, Мұрат атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: “Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмадық” – деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: ер - әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмады. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға Алланың Кітәбінің орнына сиқыр үйренген ақирет несібе жоқтығын білді. Олар өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білсе еді. Егер олар иман келтіріп, сиқырдан сақтанса, әрине Алла жағынан хайырлы сауап алар еді. Егенр олар білген болса. (Бақара 102-103).
“ Ал сиқыршылар келген кезде, Мұса (ғ. с.): “Не қоймақшы болсаңдар қойыңдар”, - деді. Олар қойғанда, Мұса (ғ. с.): “Бұл келтіргендерің сиқыр, күдіксіз Алла оны бұзады. Расында Алла бұзақылардың ісін жөндемейді”, - деді. Егер күнәхарлар жақтырмаса да, Алла хақиқатты сөздермен шынға шығарады.” ( Йунус 80-81). Мұса (ғ. с.) “ Жоқ, сендер тастаңдар”, - деді. Сол сәтте, олардың жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан Мұсаға (ғ. с.) жүрген жылан болып сезіледі. Сондықтан Мұса (ғ. с.) көңілінде бір қобалжу сезді. Қорықпа сен үстем боласың дедік. Оң қолыңдағы таяқты таста! Олардың жасалғандарын жалмасын. Шынында олардың жасағандары, сиқыршының ғана айласы. Сиқыршы қайда барса да құтылмайды дедік.” ( Таха 20:66-69).
Жындар таза оттан жаратылған. Кейбір қарапайым адамдар жын, шайтан дегенде сенбейді. Жын, шайтан деген сөздер Құранда 29 және 85 рет қолданылған. Сондықтан оларға сену әрбір мұсылманның парызы. Құдай Тағала айтқан: “ Жындарды біз оттан жараттық”.
Бұрын (Алла тағала періштелерге шайтандарды жанған жұлдыздармен ұрып түсіруді бұйырғанға дейін) шайтандар аспанға көтеріліп періштелердің сөздерін білдірмей естіп алып болжаушыларға айтатын. Ерте заманнан қалыптасқан “дуа” сөзі бүгінде ашық түрде жарияланды. Оның құпиясын білу де күрделі. Көп адамдар бұл сөзден сезіктеніп, қауыптенеді. Дуа жасаушылар ол Алланың қаһарына ұрынады, ұрпақтан ұрпағына қарғыс қалдырады. Алла тағала өзіне таза сенетін құлдарын кез келген жамандықтардан қорғай алады. Нағыз мұсылмандықтың белгісі әр нәрсеге сенбей, Жаратушыға серік қоспай тек қана бір Алла тағаладан тілеу оны дуадан, сиқырдан, ауру- сырқаудан т.б. жаманшылықтан қорғай алады. Біз осы сенімді әрқашан басшылыққа алсақ, дұғалық және басқа да зиянкестіктерден сақатануға болатынын ескертеміз.
Өз қасиетіңді тани біл
Суясинова Несибели
Халық медицинасының магистрі.
Ақтау қ.
Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан киелі қасиет халық емшілігімен түбегейлі 1997 жылдан айналысамын. Негізгі қабілетім болжау, қосымша емшілік. Себебі, менің алдыма келетіндердің көпшілігі әртүрлі жағдайларға болжам жасату жағына ниет білдіреді. Өйткені, бойымдағы құпиялық телепатиялық байланыстар көріпкелдік қасиетіме бой ұсынады. Сондықтан ғылым мойындаған мұндай құпия істерді жария ету керек.
Шығыс және қазіргі медицина орталығында істеген тоғыз жылда барлығы 4907 адам қабылдаппын. Сонда әр жылына 545 адамды қабылдасам, оның 515 адамына толық шипам тиді деуге негіз бар. Негізгі емдейтін ауруларым бас, көз, құлақ, асқазан, жүрек, аяқ қол қақсаған (полиатрит), бауыр, бүйрек сияқты қатерсіздерін. Жалпы есепке жүгініп, сөзімді тірілтсем, Шығыс және қазіргі медицина орталығының бақылау бөліміндегі көрсеткіш төмендегідей. (Бұл тек соңғы бес жылдың көрсеткіші).
Жоғарыда кестеде көрсетілгендей емдік массаждың пайдасы аурудың 80 пайыздың сырқатына көмек береді. Неге? Өйткені, қан айналымын жақсарту, адамның еңсесін көтеру бәрі де массаждың күші. Мұнда жасалатын емдік нүктелі, классикалық массаждар адамның жансарайын ашады. Адамның қалыптық деңгейін сақтатады. Мен көбіне ауруларды емдегенде массажбен бірге биоөріс нұсқау арқылы емдеймін. Биоқуаттық күш ғылымда ғарыштық қуат негізінде әлсізді әлдендіреді деуге толық сенім берілген. Әйтсе де, биоқуат нұсқау арқылы ем жасаудың шипасын Алладан деп білеміз. Себебі, биоқуатпен емдегенде мен көбінесе Құран аяттарын оқу арқылы дем салуды да пайдаланамын. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-де “Емшінің қолының шипалы болуы Алланың шапағатынан” деген. “Алла деген пенде құстай ұшады, Алласыз пенде мұрттай ұшады” деп Қазекең де бекер айтпаған ғой...
Иә. Мен ауруын құмалақ ашу арқылы анықтаймын. Неге? Себебі, құмалақ тастарын шашып ашқанда маған кез-келген адамның ауруын дөп басып айтуға болатын күш тепатиялық байланысқа түсемін. Сосын, ол адамның барлық өткен өмірі мен келешегі де құмалаққа түседі. Соны пайдалана отырып аурудың сырын да, қалай емделуге болатынын да ашып айтып беруге болады. Сонда ауруы да “емделеді”, емделмейді деп нүкте қоюға да толық сенім бар. (Алайда бұл жағын тылсым құдіреттің құпиясын ашып айтуға еш қақым жоқ). Осындай болжау әдісі жоғарғы бір күштің әсері немесе “мені бір күш билейді” деген дәлел кезінде қазақ елінде Алматыда да болған. Ол жерде бір бала сурет салып отырып өзінің өлетін күнін жазып болжапты. Сонда суреттегі көрсетілген айы, күні, жылы баланың өлімімен дөп келген. Сондықтан мұндай істі Құдіреттің ісі дейміз.
Халық медицинасында көп қолданылатын қасиетті шөп адыраспанды мен де қолданамын. Оның қасиеті: иісі ащы болғанымен микробтарды өлтіреді. Қазақ та үйдегі, адамның бойындағы шайтанды қуады деген сенім бар. Сол себептен үйді, адамды адыраспанмен аластау қазақтың ырымы. Сондай ырымдардың бірі аштау, ұшықтау, дем салу, үшкірулер де менің ем қолданысымда бар. Бұлар адамға көз тигенге, тілігін қалғанға қолданылатын қазақи емдер.
Бойыма біткен қасиет менің беделімді де жоғары көтерді. Өткен ақпан айында (2005 ж). Ресей еліндегі “Халық медициасының магистрлерінің” I-құрылтайына қатысып, өз емшілік қабілетімді, шеберлігімді көрсеттім. “Емшілік тәжірибелік қайраткерлігі” үшін халықаралық “Достық”, орденімен, “Ресей магистрі” және “Элита” алтын орденімен марапатталдым. Осындай құрметпен жеткен жетістігім Алланың маған бұйыртқан сыйы әрі өз қасиетіңді тани білуің деп түсінемін. Алла баршамызға деніміздің саулығын, отбасымыздың амандығын берсін! Әумин!
Роль воды, кислорода и биополя в жизни человека
Ташибаев Марат
Целитель – биоэнерготерапевт
г. Астана.
Вода – это жизнь, ведь человеческий организм примерно на 75 % состоит из воды, а в тканях мозга – 85 %. Поэтому вода в особенности водопотребление играет важную роль.
Все знают о важности воды в нашем организме. Присутствуя во всех клетках и тканях, играя главную роль во всех биологических процессах от пищеварения до кровообращения, вода выполняет много важных функций. Наше тело постоянно нуждается в пополнении запаса чистой водой.
Нашему организму ежедневно требуется около 2-3 литров воды. С пищей мы получаем примерно 1,5 литров, еще 0,5 литров поставляет сам организм. Поэтому чем больше мы пьем чистой, качественной воды, тем сильнее помогаем нашему организму выводить шлаки и другие вредные вещества.
Издревле известно, что те люди, которые употребляли ежедневно кондиционно качественную воду, они были более здоровыми и цветущие физически и, наоборот, те кто употреблял некондиционную воду, чаще болели.
Это заставляет нас еще раз обратиться к вопросу: какую воду мы пьем? К сожалению, обычная водопроводная вода содержит примерно 12000 токсичных элементов, среди которых пестициды, тяжелые металлы, болезнетворные бактерии. По статистике Международной организации здравоохранения до 80 % всех болезней вызывает некачественная вода.
Есть очень много способов очищения воды, но многие люди ленятся все это делать и на очищение 2-2,5 литров воды уходит определенное время.
Но есть самый простой, но малоизвестный способ. Ежедневно с 10 час.45 мин. До 11 часов утра и вечером с 22 час.45 мин. До 23 часов вечера в водоисточниках (в том числе в водопроводной сети, колодцах и т.д.) течет чистая кондиционная вода, которую необходимо набрать в ведра, банки и т.д. и употреблять эту воду.
Об этом я узнал в городе Москве в феврале 1992 года в Школе Народных Целителей, действующую при Международной ассоциации «Возрождение планеты». (В этой школе тогда обучалось 200 слушателей со всего СНГ и прибалтийских республик). Об энергетически чистой воде тогда рассказал нам президент Международной ассоциации Дмитрий Дмитриевич Анисимов – Спиридонов.
Логически, конечно, в это тогда трудно было поверить, поэтому через месяц, когда я закончил эту школу и получил звание магистра, я решил провести эксперимент. Взял я две стекляные банки и в одну из банок налил с водопроводного крана воду в 22 час. 40 мин, а в другую банку налил с того же крана через 10 минут, т.е. в 22 час.50 мин воду. Затем, закрыв банки крышками оставил в теплом помещении. Через месяц проверил. В банке , в которой была налита вода в 22 час.40 мин вода была мутной и с неприятным запахом, а во второй банке, в которую я налил в 22 час.50 мин вода была чистой и без особых запахов. И я выпил с этой банки воду, вода была чистая. Поэтому я предлагаю всем набирать воду в вышеуказанное мною время. Энергетически чистая вода течет по всей планете по местному действующему времени.
То есть, в Астане воду нужно набирать по Астанинскому времени, в Москве – по Московскому времени и т.д.
При переходе в определенном регионе планеты на летнее время, воду необходимо набирать по действующему летнему времени, при переходе на зимнее – соответственно по-зимнему времени.
Теперь перейдем к понятию «Остеохондроз». Раньше остеохондроз считался болезнью пожилых людей. Теперь эта болезнь помолодела. Этой болезнью болеют теперь и молодые люди. Одна из причин, конечно, в том, что в последние 3-4 десятилетия люди значительно меньше стали двигаться (гиподинамия). А в народе говорят: «Движение – это жизнь , а не движение – это болезнь и смерть».
Остеохондроз занимает одно из первых мест среди всех причин временной нетрудоспособности населения.
Отдельно хочу обратить внимание на остеохондроз шейных позвонков, которым болеют значительная часть людей.
У данной категории людей, у которых эта болезнь довольно затянулась бывает частые сильные головные боли. И это связано с тем, что при среднем и сильной степени остеохондрозе шейных позвонков происходит соответственно сужение кровяных сосудов, проходящих через область шеи в ткани головного мозга.
При проведении трех сеансов у пациентов возобновлялась жизнедеятельность мозга и соответственно, головные боли прекращались.
В последнее два десятилетия очень часто происходит негативное воздействие на человека «порчами в виде сглаза». Если лет двадцать назад «сглаз» у людей был у каждого двадцатого человека, то теперь «сглаз» почти у каждого второго человека. «Сглаз» - это программа, введенная в биополе человека с программой на болезнь.
Пока этот «сглаз» не уберут с человека, он трудно поддается лечению.
Если лет двадцать назад лечил я в основном людей с болезнями воспалительного характера, то теперь очень часто начинаю лечение пациентов со снятия «сглаза». При «сглазе» у человека нарушается биополе, обычно с двух сторон, изредка с трех сторон. Так у большинства пациентов бывает нарушено биополе со стороны груди с правой стороны, изредка с левой сердечной стороны. Я при помощи биоэнергетических сеансов извлекаю из биоэнергетического поля пациента «сглаз» (т.е. энергетические сгустки, которые приводят к застою энергии), затем провожу сеанс по восстановлению биоэнергетического поля пациента.
После восстановления биоэнергетического поля пациент чувствует значительное улучшение. Ведь биополе человека выступает в роли защитного щита для физического тела.
Тәжірибемен сырқатты анықтау
Тажибаева Ғазиза
ҚХЕҚ-ның Жетісай қалалық филиалының директоры.
ОҚО. Жетісай.
Халықтың шипагерлік дәстүрлері мен мәдениетін дамытуда, ғұлама дауагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы оны ғылыми жағынан дала тәжірибеханасында сынақтан өткізуде көп ізденістер жасаған. Өлген адамның денесін боршалаған. Омбыда тірі түлкінің терісін сыпырып алған. Шалкөде де (жетісу аймағы) тірі қойдың кеудесін пышақпен жарып, жүрегін жұлып алу арқылы жүрек, ми, қан тамырлары қызметінің өзара қатынасындағы тіршілік иесінің өмір сүруіне байланысын зерттеп, өз тұжырымдамасын түзеген.
Емші адамдар арасында үсіген, өлдіге есептеген жандарды да тәжірибеден өткізіп, оларға қажетті емдік шаралардың негізін қалаған, өмірге қайта оралтқан. Суықты суық алады деген тәсілмен суықтан үсіген адамды суық үйде, суық далада ұстап немесе суға малып біраз суда ұстаған. Өзен суы бар жерлерде «Малма» әдісімен үсіген адамды жалаңаштап мұздан ойылған шұңқырға салып, оның жағаласқанына, арпалысқанына қарамай сөзі түзеле бастағанда ғана шұңқырдан шығарған. Сырқатқа біртіндеп жылы тамақ, содан соң ыстық тамақ беріп емдеп жазған.
Күйіктен зардап шеккендер мен суға тұншыққандарды өзіндік тәжірибе жасап сәтті емдеген. Ұлы шипагер көбіне ауру адамдарға дәрі-дәрмегін емге ұсынардың алдында кейбіреуін өзі ішіп, денесіне жағып, кейде улана есінен тана жаздап жүріп шипалық емін жалғастыру арқылы қазақтың шипагерлік ілімінің өркендеуінің жаңа әдіс-тәсілдерін жолдарын таба білген.
Сәтті емнің түпкі төркіні - өмірлік тәжірибеде бұлжымастай болып нақтыланған қадау-қадау тәжірибеханасына айрықша көңіл бөлді. Сынанн өткен ем әрқашанда дімкәс жанның жанына дауа табатынына берік сенім ұялатады. Науқастың осы емнен жазыламын-ау деген қуатты сенімі өзін тез сергітеді. Өмірге деген ыстық құштарлығын оятады. Одан соңғы дауа нәтижесі көңілге нұрлы шұғыла себері даусыз.
Ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы сәтті емнің негізі тәжірибеде екенін айтқан, кейінгі ізбасарларына өшпестей үлгі-өсиет қалдырды. Бұл игі дәстүр қазіргі ақ халатты өмір сақшылары абзал жандар арасында уақыт талабымен өріліп, кеңінен қанат жайған.
Дін апиын емес
Талипов Амангелді
Халық медицинасының магистрі.
ОҚО. Сарыағаш.
Иә, сонау бір коммунистік партияның қылышынан қан тамып тұрған, Жаратушының бар екенін мойындамай, керісінше құдай жоқ дін-апиын молдаларды құрту керек, мешіттер бұзылсын деген бір қилы заман Кеңес Одағының кезінде қаймықпай, қорықпай бір Аллаға сиынып, Ислам жолына түскенім рас .
Дін-апиын деген солақай саясаттың кесірі, Жұма намазын оқуға, дін туралы шариғат уағыз айтып насихаттауға тыйым салынады. Жылына бір келетін рамазан айынан бері ораза тұтуға, Айт намазын оқуға, қатысуға да тыйым салынды. Тек қана неке қию, жаназа шығару, мәйітті жерлеп, құран оқу және жетісіне, қырқына, жылдық асына, құран оқып беру ғана имамдардың міндеті болады. Дін – апиын деп хақ дінімізді даттады. Құдай жоқ деп жетпіс жыл дінімізден алыстатты.
Дін – дегеніміз Адам баласы, ақылмен, сезіммен жаратқанын, яғни Алланы білседе, оның ризалығын, әмірі және тыйымдарының нелер болғандығын айырып біле алмайды. Сондықтан Алла Тағала өз пенделерінің ішінен ең лайықтыларын пайғамбар етіп сайлады және сол пайғамбарға періште Жәбірайл алейхис-салам арқылы дін үкімдерін яғни әмірін және тыйымдарын үйретті. Пайғамбарлар адамдарға үйретті, Алла тарапынан білдірілген әмірін және тыйымдарының біріккен жиынтығын, дін деп атайды. Дініміздің аты ислам діні. Бұл атты Алла қойған. Дін адам баласына бұл дүниеде істелетін тура жолды көрсетіп, ахиретте бақытқа яғни Жұмаққа ұласу жолдарын баян етеді.
Сондықтан Ислам діні тек бір қауымға немесе бір ұлтқа тән дін емес. Бүкіл адам баласына тән дін.
Сондай-ақ ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік Ислам діні. Қорыта айтқанда, сенім бойынша өмір сүру діні болып табылады.
Адамзатты бұрыстан айырған, арам мен адалды айырған, Адамзатты қараңғылықтың түнегінен шығарған дін. Алла парыздарды өтеуге ұмтылу пенделердің борышы.
Мұхаммед Мұстафа саллаллаху алейхи уассалам Расуліміздің үмбетіміз. Мұхаммед алейхи уассаламға келген шын дінге сенім. Сол дінде бұйырылған амалдарды істейміз. Амал сегіз бөлімнен тұрады.
1.Парыз. 2. Уәжіп. 3. Сүннәт. 4. Мустахаб. 5. Мубак. 6. Харам. 7. Мәкүрік. 8. Мустакарах. Өкінішке орай кейбір адамдар қандай қылмыс, қандай күнә істесмеседе, Алланың өзі кешірер деген сөзге үйреніп алған. Расында Алла рахымды, мейірімді, бірақ Алланың һақары барын ұмытпаған жөн болар.
Күнәхарларға бейнамаздарға азабы бар, дозағы бар екені рас. Бес парызын орындап, Құдайға құлшылық етіп, тура жүргендерге Жәннәт, Жұмағы бар екені де рас.
«Дін-апиын», ол халықтың санасын улайды деп оқытқан. Ел негізі керісінше дін халықтың санасын тазартатын тәрбие бесігі ғой.
Мәселен, Ислам діні тазалық, жаршысы іспетті. Тек тән тазалығы ғана емес, жан тазалығы да сол ілімнен өріс алады. Әсіресе тәрбие мәселесінде оның атқаратын рөлі мәңгі орасан зор екендігіне ешқандай күмән жоқ. Соның ішінде жастарға беретін тәрбиенің де орны ерекше. Себебі бала жастайынан имандылықты бойыңа сіңіріп өссе, ол біреудің ала жібін аттамайды, ешкімді ғайбаттамайды, өтірік айтпайды және жаман әдеттерден сақтанып алыс жүреді. Өйткені дін тек жақсылыққа ғана үндейді.
Адам бойынедағы өзіне деген сенімнің жоқтығын оның өмірге деген көзқарасын күңгірттендіріп тағдрын сан тарапқа сүйреп кете береді. Алға қойған арман бойлап, үмітіңді шырақ етіп жағып, болашақ үшін, келешектері жарқын күндер үшін, әу бастан рахатын көріп татасын. Ал жалқаулық тек қана аздырады. Бұл салада да діннің берері көп. Көп оқы, көп біл, үлкеңді сыйла, ата-анаңды қадірле, ақсақалдардың ақылың тышңда, қолыңнан келген жақсылығыңды жұрттан аяма дейді.
Ислам дінінің жастарды әрдайым жарқын істерге бастайтыны ақиқат. Намаз оқып, исламдық парыздарын толық атқарып жүрген адам мен дінге сенбейтін кісінің қимыл әрекеттерін, мінез-құлықтарына ой жүгіртіп қатар алып көріңізші.
Кімнің үйінде құт-береке, ұлан асыр шаттықа ұласып ал кімнің үйінде ұрыс-жанжал, тиісті ырысты сыртқа төгіп жатқанына куә боласыз.
Сондықтан діннің жастарға берері аз емес. Әсіресе қыздарымыздың кіндік көрсетіп, денелерін ашып жүруі, ішкілікке беріліп жаман жолға түсіп (зина) жасауы, ата-анасына, жанұясына қатты қасірет әкелуде. Қаншама жанұяның ойраны шығып, жетім-жесірлер көбейіп, мұңлы-зарлы жандардың жан айқайы жанға батары анық. Сондықтан діннің жастар тәрбиесіндегі рөлі мәні ерекше болады деп ойлаймын. Тек соны дұрыс түсіндіріп керекті тура бағыт сілтей білу керек.
Әйтпесе қазіргі кездегі ондаған өзге діндер ағымының соңынан кетіп қалғандар, яғни адасқан бауырларымыз, кейін өкініштен бармақ тістеп, аһ ұрып қалуыда ғажап емес. Ең сорақысы өзге діннің кесірі. Ақ сүтін беріп мәпелеп өсірген ата-анасының жаназасына, жерлеу рәсіміне қатыспаған тас жүрек бауырларға не демексің.
Осы мәселе төңірегінде көбірек ой толғап, жастарды жақсы тәрбиеге баулуымыз керек деп түсінемін.
Аллаға шүкір, егеменді ел болдық. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, еркіндік беріліп, дінімізге өте үлкен көңіл бөлініп отыр. Мешіттерде намаз оқылып, Ислам дінін насихаттауда тек ықылас-ниет болсын, мұсылман бауырлар.