Научно теоретические материалы VI Международного конгресса
"КАЗАХСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЦЕЛИТЕЛЬ ОТЕЙБОЙДАК ТЛЕУКАБЫЛУЛЫ"
12
Актуальные проблемы лечения ожоговой болезни у детей
Малтабарова Нурила
к.м.н., доцент.
Мед. Академия.
г. Астана.
Ожоги у детей в наши дни продолжают оставаться одной из актуальных и медико-социальных проблем детской хирургии.
Внедрение в клиническую практику новых высокоэффективных методов лечения ожоговой болезни и ее осложнений позволили добиться определенных успехов и снизить летальность у пострадавших с термической травмой. Несмотря на это, летальность среди тяжело обожженных остается высокой.
В последние годы значительное место в патогенезе различных заболеваний, в том числе и ожоговой болезни, отводят мембранной патологии.
Уже сама по себе ткань, подвергшаяся термическому воздействию, является мощным источником свободных радикалов, запускающих множество цепных реакций перекисного окисления липидов (ПОЛ) со всеми вытекающими отсюда негативными последствиями для организма.
Проблема фармакологической регуляции процессов свободно-радикального окисления липидов с целью предотвращения деструкции биополимеров и направленная антиоксидантная терапия занимает прочное место в лечении обожженных.
Однако, лекарственные препараты, обладающие несомненными достоинствами, в большинстве случаев оказывают лишь временный эффект, имеют определенные рамки воздействия на те или иные функции организма, не всегда позволяют достичь желаемого результата и нередко имеют побочные эффекты. При назначении фармакологических препаратов необходимо также учитывать функциональные и органические изменения в пищеварительном тракте, в частности – снижение ферментативной активности поджелудочной железы. В этой связи особую актуальность приобретает применение средств алиментарной природы, а точнее специализированных продуктов питания, сбалансированных по основным ингредиентам и обладающих направленными физиолого-биохимическими свойствами. Кроме того, учитывая ведущую роль процессов ПОЛ в течении ожоговой болезни, наиболее перспективными представляются средства, повышающие антиоксидантный статус организма и целенаправленно влияющие на структурно-функциональное состояние клеточных мембран. Включение в комплексную терапию специализированных лечебно-профилактических продуктов с направленными антиоксидантными свойствами дают возможность отказаться от дорогостоящих и чреватых осложнениями препаратов.
Таким образом, несмотря на определенные успехи, достигнутые в последние годы на пути создания новых препаратов, лечение ожоговой болезни остается трудноразрешимой клинической проблемой. Потребность в новых средствах, повышающих защитные свойства организма велика. Поэтому изучение проблемы использования алиментарных факторов в этиопатогенетической терапии ожоговой болезни на сегодняшний день является актуальной.
Огнехождение - результативный метод народной медицины
Мауль Татьяна
Биоэнерготерапевт.
г. Талдыкорган.
Познавая изначальную, забытую для многих Древнюю мудрость, люди по-новому начинают воспринимать окружающий Мир Природы…У просвещенных, одухотворенных людей иначе складывается жизнь, преображается внутренний мир, в котором гармонично развиваются Душа, Дух и Совесть.
Оздоровительный эффект наблюдается практически у всех. На стопах человека находятся тысячи экстрарецепторов, связанных с соответствующими им органами. Поэтому в случае простуды советуют парить ноги. Огнехождение дает тот же эффект, но во много раз сильнее. Если в каком- либо органе есть проблема или его энергетика нарушена и есть предрасположенность к заболеванию, то человек, участвуя в огнехождении, может получить прижигание в соответствующих местах стоп. Это открывает энергоканал и происходит исцеление данного органа. Такое воздействие аналогично иглорефлексотерапии и прижиганию полынными сигарами, но только при огнехождении организм сам «знает», где у него непорядок.
Прежде чем пройти по раскаленным углям для огненного очищения, человек должен пройти специальную подготовку. При этом необходимо строго соблюдать технику безопасности. Чтобы не получить ожогов, нужно пройти специальную подготовку по набору энергии, укрепить свое биополе, энергоструктуру, произвести чистку энергоканалов (меридианов), чакр. После прохождения специальной подготовки по моей системе по набору энергии и чистки биополя любой человек может выйти в измененное состояние Осознания (ИСО), что ему позволяет эффективно участвовать в групповой работе с использованием ОГНЕХОЖДЕНИЙ. Именно нахождение в ИСО является техникой безопасности при прохождении по горящим углям. Хочу отметить, что ИСО – это не гипнотические и не трансовые состояния, которыми я принципиально не использую, поскольку такие воздействия на психику являются нарушением Закона Свободы Воли и Выбора, что кармически наказуемо. Находясь в ИСО, Человек полностью себя осознает и контролирует, находясь в состоянии «здесь и сейчас» и прекрасно понимает, что он делает. Это позволяет ему осознанно отрабатывать Карму разных уровней – личную, семейную, родовую… В гипнотическом или трансовом состоянии это, в принципе, сделать невозможно.
Непосредственно перед огнехождением его участники производят зарядку дров своими негативными программами: болезнями, страхами, отрицательными качествами, пристрастиями, от которых хотят избавиться.
После огнехождения заметно увеличивается светимость, толщина и плотность ауры, происходит устранение энергопробоев, что приводит к оздоровлению. Для эффективного изменения своей судьбы – коррекции своей Кармической Матрицы – необходимо принять участие в трех огнехождениях. При этом в каждом таком мероприятии прохождение по горящим углям продлевает жизнь человека примерно на пять лет, прежде всего, за счет нейтрализации программ уничтожения. Поскольку плановые огнехождения мною проводятся ежемесячно, то за год добросовестной работы, человек может достичь потрясающих результатов. Таким образом, от качества вашей работы, зависит эффективность изменения вашей Судьбы. Воистину, ваша Судьба – в ваших руках. Возможно все – даже первые шаги к бессмертию.
В процессе огнехождения, во-первых, происходит чистка биополя человека, заполнение энергетических пробоев (на физическом плане они проявляются в виде заболеваний определенных органов) положительной, эталонной энергией, повышение энергонасыщенности и плотности биополя; во-вторых, образуется мощная энергетическая защита от психических, психотронных и других энергоинформационных воздействий.
Происходит восстановление и укрепление психической, нервной, иммунной и всех других систем. Таким образом, укрепление и восстановление энергоструктуры человека влечет за собой оздоровление всего организма. Огнехождения помогают также решать личные, семейные проблемы и даже проблемы Рода.
Приглашаю всех желающих принять участие в моих ежемесячных программах по огнехождению в г.Талдыкоргане и в г.Алматы.
«Қыз әулие»
Мишбаева Ұлтуар
Бақсы-емші.
ОҚО., Шымкент қ.
Ел тәуелсіздігінен кейін ертеде халқына білімділілгімен және әулиелігімен белгілі болған бірақ, аттары аңыз түрінде ел ауызында сақталп қалған әулиелер бүгінде ел тарихынан өз орындарын таба бастады. Солардың бірі Шымкент қаласының маңындағы қорымда денесі жатқан «Қыз әулие». Бұл әулиенің қабірін аян арқылы емші-бақсы бүгінде шырақшысы мен мақала авторы тапты. Ол 1998 жылдан бері аянмен келіп Әулиенің басын күтіп отырмын. Маған дейін Қатира апайға екі рет аян беріліпті, аталар Ұлтуар апайға «Қыз Әулиені» аманат деген екен. Содан кейін Қатира апай маған айтты. Мен бұл кісге келіспедім. Одан Фанис деген жас емші бала да келіп аяның маған шырақшы болыңыз деді, бірақ мен келіспедім. Содан менің өзіме үш рет аян берді. Онда маған екеуінде тасқып қатырып қойған, үшіншісінде буын-буыннан ұстап өлтіріп тастаған. Базар атаның өзі осылай аян берді. Содан кейін шырақшылықты ұстадым. Менің қасиетім бақсылық, зікірші, қобызшы. «Қыз әулиенің» өзінің қасиеті де өнерлі, шеберлі, әуентпен халыққа ем берген. Сонымен мен «Қыз әулиенің» басында бес жыл жерден жер көпе қазып отырдым. Жер көпеге адамдар зиярат етіп келіп тұрды. Бес жылдан соң Қазына апаға аян беріліп «Қыз Әулиеде» құдық ашқан суын халық емге қолданып жатыр. Суының емдік қасиеті бар. Міне тарихи шыңдық осылай жалғасуда. Бір Алланың тылсым сырларының құпияларын білу бүгінгі заманның басты міндеті болған сияқты. Мен де өзіме-өзім таңғаламын. Бойымнан бұрын белгісіз қасиеттің сырлары ашылып, бүгінде өзінің көмегін сырқат жандарға тигізуде. Қазақтың жері қандай кең, пейілі мол болса оның ата-бабаларының киелі қасиеттері де қайта оралып, ұрпақтарын имандылыққа шақырғандығына тәубе дейік.
Қараүзген шипагер тазалыққа иегер
Молдабеков Жақан
Филос. ғ.д., профессор, ҚазҰУ.
Алматы қ.
«Шипагерлік Баян» тарихымыздың тұлғаланған еліміздің ынтымағын арттырған дертімізді тиғызған емшілер, тәуіптер, дәрігерлер туралы ғаана еңбек емес, сондай-ақ басқа да ғылымдар саласын қамтыған энциклопедиялық еңбек. Осы қасиеттердің басын қосқан, ұрпақтарға жеткізген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының қызметі мен көрегендігі, шығармасы мен шеберлігі оқырман көңілінен мәртебелі орын алар деген сенімдемін. Өйткені Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы - шипагерліктің шыңына шыққан шығыстағы, түркі-тегі, ата-тегіміздегі ғұлама ойшыл, дара қараүзген емші, елінің елеулі мақтанышы. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жетістігі – далалық тәжірибелердің көшпенділер өркениетінің, шығыстың медициналық мәдениетінің және дара таланты мен ептілігінің түйіндеген жиынтығы, көрінісі және көрсеткіші.
Шипагерлік – ұрпақтардың көп салалы жүйелі іс-әрекеттерінің жиынтығы, олардың мәнді ізденістерінің астары терең ұғымы. Шипагерлік – ерекше ұмытылмас, өнер, өтімді өнеге; тәнмен араласу, аңдысу, жанды айықтыру, сауықтыру, сауаттандыру, келбетті көріктендіру, тұлғаны бітімге туралы тұрақтату. Бабамыздың түсінігін келте қайырып, жинақтасаң шипагерлік дегеніміз өзектен тиянақ табатын тұғырлық өнер, толғауын нар кескендей ашалап, нақтамалап, дәл түсіретін тұжырымдау; әрқандай түйіндемелерді ұштастыру арқылы несіптік ризықпен күшін мінсіз өткізу; болмыстығы тұтас бітімдікті қалыптастыру, қимыл-қарекетке сәйкес араластық жарасым жасау, науқасқа сырқаттың сезілістерін дер кезінде сездіргілік, сезгілік тапқырлығы, әйгіленім мен әйгілім сезгілігі.
Бұл жүрегіндегі арман жетегімен кезбеген жері, көрмеген елі қалмаған, ұрпақтың мінсіз болмақ шартын іздестірумен дүниенің қызығын мүлде ұмытқан жанның, елін беріле сүйген дара жанның түсіндірмесі.
Сонымен, «адам әлемі» деген ұғымдағы Ибн Сина дамытқан медицинаны ұлы бабамыз биологиялық және халықтық медицинамен тоғыстырды, толықтырды. Науқастың сезімдік, психологиялық себептеріне ерекше мән берген шипагер өзінің дауалық қағидаларын «он екі сезімдік ұшық» теориясын көпке ұсынады. Ол өмір бойы адамның бас байлығы денсаулықты сақтаудың, керісінше ауруды асқындырмаудың көптеген емдік және психологиялық тәсілдерін, физиологиялық шарттарын жинақтаған. Денсаулықтың кепілдігі нақты және алуан түрлі болатынын шипагер үнемі еске салып отырады. Ырғақты да, сезімді тыныстың қайнар көзі – дұрыс тамақтануда, қимыл-әрекетте, серуенде, демалуда, денені таза ұстауда деп үйретті. Мұның өзі ағзаның биоэнергетикалық мүмкіндігі мен потенциалын қалпына келтірудің жолдары екенін айқын сезінген. Бұның бәрін өз басынан кешкен, өзі қатал тәртіп ұстанған. Ғалымның тағы бірдауалық кеңесіне зер салайықшы; «хиуалық теңгерме, пенделік бітісте көктемде қанды аруламақ (тазарту), жазда кезектен кетірмек (кетіру), күзде зақыпыраннан жанықтырмақ (арылу), қыста тұндырмаларды қудырмақ шарт. Адам болмысы мен берекесін өмірлетудің бұдан өтімді физиологиялық шарты мен философиялық маңызын жеткізіп көріңіз.
Денсаулықты сақтау және жақсарту – адам тәжірибесі мен даналығының жанды буыны, адамдық беделдің өткір құралы. Саулық дауасы – табиғаттың заңдылығын дұрыс ұғынуда, адамның өз ризығына орай табиғи ортаның ерекшелігін нақтырақ түсінуде, ортадағы заттар мен құбылыстардың жағымды ықпалы мен жағымсыз жақтарын қолма-қол ажырата алуында. Денсаулық қамын көздеу – адам баласына туғаннан біткен инстинкт. Бірақ, көрдім-бардым мен еріншектікке алданып, денсаулық бар да оны қадірлей бермейміз. Ал ауыра қалсақ, сырқатты әркім өзінше қинала сезінеді. Әлгі дені сау алңғасар ауырған жанның мінез-құлқын, түсіну-талдау қабілетін дұрыс ұға бермейді. Осындайда аурудың қозғаушы күштері мен себептерін тану, табу емгердің қасиетті міндетіне айналады. Осы бағытта халықтың емдеу тәжірибесінен мың еркшелікті аңғарамыз: адам ағзасын табиғи ортаға бейімдеуге ерекше мән берген. Адам анатомиясының 150-ден аса терминін қолдагнған, адам бойындағы күш-қуатты жәндіктер мен төрт түлік берерінің дәрілік қасиеттерін рет-ретімен пайдаланған. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз 728 өсімдік атауына сипаттама берген, адамды емдеудің қарапайым, үнемді бәріне де қолайлы мүмкіндіктеріне назар аударған. Бұл тұрғыда Тибет медицинасын өте жақсы меңгергенін және оны әрмен дамытқанын байқаймыз.
Нағыз емші туған жердің барлаушысы мен диқаншысындай, жыршысы мен бағбаншысындай. Ол ата мекеннің табиғаты мен байлығына, салт-дәстүрі мен үлгісіне ерекше назар аударған, тұрмыстағы адамдардың көңіл-күйі қызығын, саудың өмір салты мен аурудың асқынған күйін қуаттық, ыстықтық, суықтық, жазымдық, қаһарлы, зәуірлі, қаһарсыз сияқты түрлерін атап және талдап береді. Екінші шарт - әркімнің өз жан-тәннің ширататын және шынықтыратын жүйелі жаттығумен шұғылдану, таза сумен дененің тазалығын сақтап, таза ауада көңіл сергегін баптап, қуатты тамақты мезгілінде ішіп, туған жердің құнарлы топырағынан, сұлулығынан, әсемдігінен нәр алу. Табиғат – бүкіл организмдерге үйлесімді байланыстардың кеңістігі. Әр адам сол жарасылымдылықтан өз денесінің тепе-теңдігі мен тұтастығын табуы абзал. Үшінші шарт – адамның киген киімі қонымды, жарасымды және таза, көңілі көтеріңкі, жаны жайдарлы болса, оның тұлғалық бітімі әрлі, бет-әлпеті сәнді, өң-түсі жарасымды сымбаттанбақ. Жарасымдылық жаратылыстықтың түбірлі айқындылығын білуге ұмтылдырады. Сол ізденіс пен күрес барысында адам баласы өз тұғырына лайық әзірлік, айқыныс табады.
Осыдан жаратылыстықты қанық білу, жарасымды ұштасымды айқын ұғыну, адамзаттық мәндеменің сипатымен тең ықпалда болу, жарасым мен сыйласымның түбірін толығырақ ескеру сияқты борыштар сараланады. Тақылеттің бір-бірімен түйіндемелі он екі борышын талдауы бабамыздың ұлағаттылығына ерекше мән, ықпал енгізеді.
Емдік шарттар мен борыштар аңғарымның шынайы, нақ, айқын болмағына ұйытқы, сондай-ақ кемтарлықтан, шарасыздықтан, алалылықтан, болымсыздықтан сақтандырады. Сонда шипагерліктің телімділігі, өнімділігі, сенімділігі артпақ, ол туралы дүдамал, жорамал, өтірік тарылмақ. Бұл тұжырымнан кім тәлім алмақ, мұндай тағылымды кім бетке ұстамақ.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік Баянының»
медицинадағы ғылыми маңызы
Момынов Т., Ә. Нұрмухамбетұлы, Ә. Өмешұлы,
Ш. Абдуллаев, Ә. Есенқұлов.
м. ғ.д. профессорлар. ҚазМУ.
Алматы қ.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы несімен талапты, талантты, ғибратты құрапты? Оның ғұламалығы туралы қазақтың медицина ғалымдары не дейді?
Біріншіден, ол қазақ жерінде алғаш рет медицинаның қағидаларына, денсаулық сақтаудың практикалық істері мен ережелеріне негіз салған, тірі заттың анатомиялық және физиологиялық үрдістерін қалыптастырған, оларға түсінік берген.
Екіншіден, Ол адам ағзасын сыртқы ортамен тығыз байланыста қарап, сол байланыс бұзылғанда аурулар, науқастар, дерттер жалпы айтқанда патологиялық өзгерістер болады деп, содан тұйық, жалаң, стереотипті көзқарастан арылуға мұрындық болады. Оның сол кезде-ақ “ауаның ылстануы, былғануы, “алқа ұрысының (жемсау, эндемический зоб) топырақтағы бір заттың жетіспеуінен болады” - деген тұжырымы көреген даналықтың белгісіндей. Тіпті дәрілердің емдік қасиетінің, емдік ұсыныстардың тиімді-тиімсіз болуы айналадағы ортаның (“кеңістіктің”), ауа-райының қолайсыздығы реттеп отырады деуі-пайымды тәжірибеден туындаған және расталынған шындық.
Үшіншіден, анатомиялық атаулар мен терминдердің көне тілдегі баламаларын, сөздігін жасап берді. Оның көпшілігі әлі ғылыми-практикалық қолдауын таппай келеді.
Төртіншіден, жұқпалы аурулардың (“құрт ауруларының”) неден болатынын, атап айтқанда, ағзаның иммунды (“төтемелілік”) жүйенің әлсіреуінен, төмендеуінен қозатындығын ғалым даналықпен біліп, жазып кеткен. Төтемелілікті алмасу үрдісінің, әсіресе лимфа бездерінің (“сүздіргі”) атқаратын қызметінің бүлінуінен болады дей отырып, жұқпалы аурулардың басқа адамдарға тез жұғатынын, ол үйді ерекше бір белгімен белгілеу керек екендігін (“түсті матаның сырт жақтан байлануы – ол “үйге кірмеңіздер” деп) алдын-ала ескертуінің маңызы қандай зор.
Бесіншіден, қатерлі ісік аурулардың, өңеш рагының (қылтамақтың) бар екендігін, олардың клиникалық көріністерін дөп суреттеп береді. “Тарылған жерді кесіп алып тастаса, сөйтіп мүшенің екі жағын қайтадан қосса” деп армандайды. Оған “тілігілік пен тіккіліктің” жоқтығына өкініш білдіреді. Дене қызуының төмендеуі мен дене қызуының көтерілуінің құнды, зиянды жақтарын, қасиеттерін көрсете білген.
Алтыншыдан, Өтейбойдақ шипагер нерв жүйесінің қалыптасуын, қан тамырларының түрлерін (“арам қан” – веналар, “адал қан” – артериялар) суреттеп, бүкіл ағзаға “қоректі заттың қан арқылы түсуі, асқазан жолдарында тағамның сіңуі туралы тың идеяларын, жаңалықтарын ұсынады.
Жетіншіден, ол деонтологияның негізін қалағандардың бірі. Тіпті өлейін деп жатқан “аурудың көңілін сұрау, жұбату, жақсы болып кетесің деп иландыру, уайым-қайғысын жеңілдету” – шипагердің өзекті мәселесі. “Әр ауру адамның өзіне тән тағамдарының болуын”, соған орай “қан алуын”, “тамыр ұстау” қажетін көрегендікпен еске салады. Бұл шарттарды диагностикалық құралдың түріне айналдырады. “Қан алуды” қан қысымынан сақтанудың, яғни емделудің тиімді жолдары деп қарауы – тәжірибесі мол, емдеу ісі оң тынымсыздың тоқтамы. Ол – ғылыми ғажап жаңалық .
Сегізінші, ғалым-шипагер ағзаның төзімділігін, бірқалыпта дұрыс тепе-теңдікте (гомеостаз) тұруына өз пікірін анық жеткізген, бұл құбылыстың неге өзгеретінін айқын түсіндіргендердің бірі. Дәрігерлік мамандықтың 24 түрін жазып, медицинаның негізгі бір саласы – фармацевтиканы, фармацияны, дәрі-дәрмектің технологиясын зерттеп, бұл саланың алғаш негізін орнатқан. Оның адам жасын мүшелікке бөліп, әр мүшелік дәуірдің қауіптілігін, “адам туған күнінде өледі” деуі ғылымда әлі де түсініксіз ұғым. Ғұлама шипалықты ислам дінінен де үйренеді.
Тоғызыншы, ғалым шипагердің кеңесі бойынша Әз Жәнібек хан: “Жат төсектілікке жол бермеу”, “Жеті атасынана дейін қыз алысуға болмайтын”, “Беттен сүймеу” туралы жарлық қабылдайды. Мұндай дәстүрдің маңыздылығына әлі де таңырқануға болады.
Оныншы, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ғылыми-практикалық еңбегі медицинаның көптеген саласында, кем дегенде анатомия, физиология, гигиена, санитарлық эпидемия, паразитология, фтизиатрия, онкология, акушерство-гинекология, балалар мен ересек аурулары, неврология, психология салаларында алатын орны ерекше.
Мұндай білгірлікті, тапқырлықты, дәлелдікті, нақты шешімдерді қазіргі медик-ғалымдар даналық деп жатса, ол орынды айтылған тоқтам деуге лайық деуге болады.
Дұғаның пайдасы
Мұстапа Күләй қажы
Шығыс және халық медицинасының магистрі,
әлемдік рухани емші.
Астана қ.
Бүгінде дініміз Исламға бет бұрып барлық кәмілетке толған Алланың құлдары ішінен бес уақыт намазға ұйып, сәлдеге басын қоюшылар қатары көбеюде. Егер біз өз танымымыз бойынша жекелей саралап баға берсек, ақиқатында ең шыншыл сөз -Аллах Тағаланың сөзі Қасиетті Құран Кәрім екендігіне бүкіл мұсылман және әлем ғалымдары сенім білдіргендігі осы шындықтың дәлелі болмақ. Ең дұрыс жол – ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ұстанған Ислам жолы.
Сондықтан да, әрекеттің ең жаманы – дінге жат нәрселерді қосарлата ұсынудың барлығы – дін бұзарлық әрекетке жатады. Бұл дінбұзар істің барлығы – адасу, ал адасушылардың барар жері – тозақ екендігі жөнінде қасиетті Құран Кәрімнің аятында анық айтылған.
Діни тұрғыдан алғанда Алла Тағалаға дұға ету: Алла Тағаладан жақсылық, медет, шарапаттылық тілеу арқылы әр мұсылман өзінің қиын жолдарынан шығуға, ақ жолының ашылуына, имандылыққа жетуге тілеген тілегі болып табылады.
Алла Тағалаға дұға етудің мәнісі: пенденің Раббысына деген мұқтаждығын білдіру, қажеті өтелу мақсатында Жаратушысына мінәжат ету болмақ.
Дұға пендені Жаратушысымен байланыстырады. Дұға етіп, Хақ Тағаладан қажетімізді тілеу біздің ежелден қалыптасқан ата-бабаларымыздың тілектерінің табиғатына тән нәрсе. Бұған дәлел кейде кез-келген пенде, оны үйретпесе де, тосын қауіпті және ыңғайсыз жағдайға ұшырағанда шыбын жаны шырқырап Алла Тағалаға жалбарынады. Өйткені қандай бір қиыншылық болмасын пенденің Алла Тағаладан басқа жарылқаушысы да, қорғаушысы да жоқ екеніне пенде еріксіз сенімге енеді.
Ислам талап ететін дұға – адам баласының көкейінде әрдайым Аллах Тағалаға деген тілек. Алла Тағалаға дұға ету үшін жақсылық немесе қиыншылық болуы шарт емес. Дегенмен кейде адамдардың басым көпшілігі өз тілектерінен кейін, көбінесе уайым-қайғысынан арылған соң Жаратушысын естен шығарады. Ал, ақиқатында адам баласы Алла Тағаланың жасаған қамқорлығына астамшылық етпей, қашанда Тәңірі оған жасаған жақсылығын есінен шығармағаны жөн. Бұл үлкен әдеп пен саналыққа жатады әрі имандылықтың жоғары сенімдік парасаттылығының белгісін білдіреді.
Имам Ибн Әл-Қайим дұға етумен Аллах Тағаланы еске алудың жүзге жуық пайдасы бар деген. Олардың кейбірі төмендегіше: Аллах Тағаланың разылығына себепкер болады. Шайтанды қуады. Жүректегі уайым-қайғыны жойып, онда қуаныш пен рахат сезімін орнықтырады. Жүрек, рух және денені қуаттандырады. Адамның жүзі мен жүрегін нұрландырады. Ризықты молайтады. Алла Тағалаға жақындатып, оның сүйіспеншілігіне лайық етеді. Адасудан сақтайды. Алла Тағала көп дұға етушіні өз панасына алады. Дұғаның себебінен Алла Тағала мағрифат, яғни кешірім есіктерін ашады. Дұға күпірлік басқан өлі жүректі тірілтеді. Күнә мен қатерді жойып, тозақ азабынан құтақарады. Әрдайым Алла Тағаланы еске алып, оған дұға ету, яғни зікір, тілді жаман, боссөзден қайтарады. Жамағатпен отырып, Алла Тағаланы зікір етуді періштелердің отырысымен салыстырса болады. Жамағатпен отырып дұға ету амалы Қиямет күні қайғы-қасіреттен пана болады. Оңаша отырып, шын ықыласпен жылап тілеген дұға Қямет күні Алла Тағаланың таңдаулы пенделеріне орнаған сая-бақтың көлеңкесіне паналауына себепші болады. Көп дұға етуші ғибадатқа қиналмайды. Дұға – жаннат егістігі. Алла Тағаланың пенделеріне әзірлеген нығметтерінің ең абзалы – Алла Тағаланы есіне алып, дұға еткендердің несібесі. Үнемі дұғада болғандардың тіршілігі әрқашан қауіпсіз және тыныш болады. Зікір – осы дүние мен Ақыреттің нұры. Көп зікір жүректі сергітеді, яғни, иесін күнәдан сақтайды. Шын жүректен жасалған зікір құлды азат ету, Алла Тағала жолына садақа шығару және дін жолындағы күреспен тең. Дұға қатыгез жүректі жібітіп, жүректің індетіне шипа болады. Көп дұға етушіге періштелер игілік тілейді. Дұға етушіге Алла Тағаланың рахметі жауады. Жамағат болып дұға етушілердің отырысы бұл дүниедегі жаннаттың бау-бақшасы. Көп дұға етушілерге періштелер истиғфар айтады, яғни, Алла Тағаладан күнәларын кешіруін тілейді. Әрі көп дұға етумен Алла Тағаланы еске алу екі жүзділікті жояды. Адамды арам ойларынан арылтып таза имандылық жолына түсуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар Имам Әл-Ғазали: «Біреу: «Алла Тағаланың белгілеген тағдыры өзгермейтін болса, дұға етудің не пайдасы бар?», - делінсе, адамның басына туатын бәлені дұғамен қайтару тағдырда белгіленгенін білгенің жөн. Қалқан қаруды қайтарғанға, су өсімдіктің шығуына себеп болғанындай, дұға да бәлені қайтарғанға және рахметтің нәсіп болуына себеп бола алады... Алла Тағала «Ниса» сүресінің 102-ші аятында: «Олар сақтық шараларын қамтамасыз етіп, қарулансын», - деген. Осыған сай Ол бір істің болуы мен оның себептерін белгіле», - деген.
Дұғаның әдептері жөнінде Имам Әбу Хамид Әл-Ғазали өзінің «Әл-Ихяу ъулүмид-дин» кітабында дұға етуге қатысты он түрлі әдеп талаптары жайында айтқан. Дегенмен, біз Имам Әл-Ғазали айтқан әдеп талаптарын басқа да ғалымдардың еңбектерінде айтылған дұға етудің әдеп түрлерімен толықтыруда жөн деп қабылдаймыз.
Біз бәріміз де Алла Тағаланың ана құрсағындағы тамшылық өмірден ақырғы тынысымыз таусылғанға дейінгі өмірімізге дейін сынағында болғандықтан да, жақсылық пен жамандықтың әрі қиыншылықтың сынақтарынан өтіп отырамыз. Тек қана жақсылыққа жету Алла Тағаланы ұдайы еске алып дұға етіп, тілек арқылы ғана болатындығын білгеніміз имандылығымыздың жоғарғы парасаттылығының көрсеткіші болмақ. Дұғаларыңыз қабыл болсын жамағат!
О целительстве
Мусина Лязат
Духовный-оздоровитель.
Петропавловский обл.
Целительство считалось чем-то большим, в чём восстановление физического здоровья. Оно означало обретение целостности, поэтому в качестве лекаря шаман в первую очередь возвращал человеку целостность.
В древних культурах болезнь считалась указанием на то, что у человека что-то не в порядке с душой, а физическое состояние было симптомом дисгармонии и разлада между телом, разумом и духом. Крепкое здоровье происходило от того, что видимое тело и невидимая душа действовали в гармонии с разумом, поэтому в шаманском целительстве необходимо понимать, что корень проблемы может иметь или ментальную природу.
В современном обществе целители никоим образом не пытаются занять место квалифицированных врачей.
В общем и целом, целитель помогает больному обнаружить, что его недомогание является результатом определенного образа жизни. Улучшение физического состояния часто следует за готовностью изменить образ жизни, понимает, что проблемы со здоровьем влияют не только на физическое тело. Он знает, что человеческий организм состоит из нескольких «тел», вмещающих отдельные аспекты нашей личности, каждое из которых воздействует или испытывает на себе воздействие физического тела.
Физическое тело — это вотчина телесного «я» которое контролирует и поддерживает его, действуя в основном на бессознательном, уровне.
Однако физическое тело можно рассматривать как мысль, возникшую в разуме Великого и явленную в материальной , форме. Понятие о физическом теле как о творении , мысли - это не новая, а очень древняя идея, и в ней ключ к успеху многих шаманских методик.
Мысль дает схему для физического воплощения. Энергетическое тело, которое окружает физическое и составляет часть кокона ауры человека; происходит от мыслеформы бессмертного высшего «я». Но и оно, в свою очередь, испытывает воздействие мыслей, взглядов и убеждений человеческого «я», проецируемых на него через подсознание. Энергетическое тело служит вместилищем для скрытого «я» и состоит из постоянно меняющихся тонов и оттенков звука и цвета, поглощая чувства и мысли человеческого «я».
Телесное «я» действует через физическое тело; скрытое «я» — через энергетическое и эмоциональное тело, человеческое «я» — через ментальное тело, а высшее «я» — через духовное тело. Каждый раз, когда человек отходит от намерения своего высшего «я» или его человеческое и скрытое «я» вступают в конфликт, равновесие нарушается. На уровне более медленных вибраций материального мира это проявляется как физическое расстройство, болезнь или недомогание. Телесное «я» реагирует на угрозу; организуя и управляя защитными механизмами организма.
Следует подчеркнуть, что наши «тела» перекрываются и объединяются друг с другом. Четких границ не существует.
Проблемы со здоровьем, хотя и проявленные в физическом теле, могут возникнуть в одном из других «тел». К примеру, эмоциональная травма, возникшая из-за дисбаланса в эмоциональном теле, может привести к приступу астмы. Стресс как следствие психологического состояния ментального тела проявляется в виде гипертонии. Стремясь к восстановлению гармонии, шаман-целитель пользуется глобальным подходом к проблеме.
Ущерб, причиненный духовному телу, может привести даже к его частичной утрате. В таких случаях для восстановления гармонии используется современная шаманская методика, называемая «возвращением души. Ни один человек не может нормально существовать и бороться с трудностями повседневной жизни, если его душа повреждена. Возвращение «пропавшей» части души принадлежит к числу величайших умении, практикуемых целителями наших дней.
Несчастный случай может «отключить» человека на несколько дней, а после тяжелой болезни или хирургической операции иногда возникает ощущение отчужденности от своего тела, неприятное чувство пустоты и безразличия. Измена или развод, потеря работы, вынужденный уход на пенсию, изнасилование, издевательство над детьми — все это может привести к внутреннему онемению и ощущению того, что часть личности «куда-то пропало». Так оно и есть на самом деле. По-видимому, лишь целители сохранили древнее знание о том, как найти пропавшую, вернуть ее и помочь человеку вновь обрести целостность.
«Шипагерлік Баян» және оның заманымызға жалғасып, қолымызға келіп түсуі жайлы аз ғана сөз
Мағаз Сүлейменұлы
Ғалым зерттеуші.
ҚХР, Үрімжі.
Қазақ дәрігерлерінің қасиетті қазына, асыл кітабы – «Шипагерлік баян» өз шағында дүйім жұрттан қараүзген білімі ұшан-теңіз шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бин ұлұ дүз, бин Зарман, бин Албан Әл-Құзорда атамыздың өмірі жапа шегіп, жаһан кезумен өткен, бұл дүниеде әйел алып, бала сүюді ұмыта жүріп топтаған асыл қазынасы. Кезінде 1050 түрлі шипа емді қамтыған бүкіл кітап, қазірге дейінгі қолда бар тарихи негіздерге қарағанда, жеті рет қотарылған, әр рет қотарылғанда әуелгі нұсқа ата-баба өсиетнамасы бойынша бір парақтан отқа өртеліп отырылған. Отыз ұрпақтың қолынан өтіп, заманымызға келіп жеткен.
Біз бұл қастерлі мұраны Алтай аймағы, Буыршын ауданы, Егізтөбе фермасы доқтырханасының бастығы Нұртай Түменбайұлы Таматегнің қолынан тапсырып алдық.
Нүкеңнің әкесі Түменбай ақсақал 1930- жылы Іленің Текес ауданына келіп қоныстанған. Оташылдық өнері бар және әдеттегі дәрі-дәрмекпен елге ем-дом жасап жүретін адам екен.
1968 жылы алтыншы айда жас дәрігер жазықсыз жазаға тартылып, «Қызыл қорғаушылар» жағынан сүйреп ортаға шығарылады. «Көтерілісшілер» оның сандығынан көне кітаптарды топ-тобымен алып шығып отқа лақтырды Лақтырғанда, кітаптың жұлып түскен орындары өртке кетіп, қалған бір бөлімі ажалдан қалады. Нұртай ол шақта әлі үйленбеген, жатақта жататын. Оны саяси қылмыскер ретінде өз жатағына қамап, сыртынан күзет қояды. Нұртай осы орайдан пайдаланып, бұл кітапты көшіруге кіріседі, көшіріп алған жерін бет санап жағып отырады (өйткені әке өсиетнамасында бір бет көшіріп алынса, сол бетті отқа салып отыру айтылған екен), сөйтіп бірқанша уақытта кітапта көшіріп те болады, бұрынғы нұсқаны өртеп те болады.
Алайда қазақ доқтырханасы құрылған соң, Нұртай өзінде қазақ дәрігерлері жайлы көлемді кітап барлығын тұңғыш рет айтады. Осыдан бастап бұл кітаптың хабары Алтай аймағы көлемінде аңыз тудыра бастайды.
Сол шақтағы жағдайда тоқталғанымда, Нұртай мыналарды айтады: «Бұл кітаптың үлкен керегі болады, өкімет іздейді деп ол кезде ойлаған жоқпын. Тек уайым-қайғыны олай бергенше осыны көшіріп, ойымды басқа жаққа бұрайын деген ниетте ғана болдым. Осы ойлар жетегінде бұл кітапты көшіріп сақтадым, ал әкемнің қолтаңбасының көзі тұрсын деп суретке алдырғанмын. Әкем неліктен бұл кітапты маған қалдырды? Ол жағын білмеймін, қыл аяғы бірге туған ағам да білмейді, жалғыз өзім ғана білемін».
Өтейбойдақ ағамыз өз шағында арман қылған қағазбен жалғасқан ұрпақ, міне, бүгін төбеселі жарық дүние есігін ашып, мәңгі өлмейтін табалдырықтан аттағалы отыр. Осындай бір ұлағатты істің кәдеге асуына бірден-бір себепкер болған, қазірге дейін қазақ дәрігерлерінде байқалмаған ірі туындыны көзінің қарашығындай қорғап, сақтап келген есті ұрпақ, зерделі мұрагер Нұртай Түменбайұлы Таматегінің де осыған байланысты мерейі арта бермек.
Черный тмин – чудодейственное средство
Нагметьянов Иглик
Действительный член Академии НМиКЭ.
г. Талдыкорган.
Хвала Аллаху, пославшему людям знания о целебных свойствах растений.
Да благословит и приветствует Аллах Пророка Мухаммада, укрепившего доверие людей к черному тмину, как исключительному средству, избавляющему от всех болезней, кроме смерти.
Из достоверных исследований известно, что народы древнего мира использовали в лечебных целях до 21 тыс. видов растений. У народов Древнего Шумера и Аравии, Ирана и Турана была широко развита фитотерапия.
О черном тмине упоминается в Ветхом Завете (Исаия 28:25,27), в гробнице фараона Тутанхамона был обнаружен черный тмин.
Греческий врач первого столетия Гален, величайший мусульманский ученый Бируни (Х-ХI вв.) приводят свыше 50 болезней, вылечиваемых черным тмином.
В одном из преданий говорится, что Пророк Ибрахим спросил: «О Господи! От чего болезни?» Аллах ответил: «Она от меня». Ибрахим спросил: «Кто сделал лекарство?». Аллах ответил: «Оно от меня». Ибрахим сказал тогда: «Какова же тогда задача врача?». Аллах ответил: «Это человек, через кого ниспосылается лекарство».
В своей целительской практике я использую в основном масло и зерна черного тмина, а также мед из цветков черного тмина.
Черный тмин усиливает и укрепляет иммунную систему. Сильный иммунитет защищает нас от патогенных микробов – вирусов, бактерий, грибов и различных паразитов. Человек с сильным иммунитетом практически не болеет, а кто приболел, тот преодолеет любое недомогание.
Опираясь на свой многолетний опыт, могу со всей ответственностью заявить, что мне, по воле Аллаха, удалось вылечить людей от болезней, не поддающихся скорому исцелению.
Такие как псориаз, туберкулез и рак (начальные стадии), различные виды язв, включая трофическую, гайморит и бронхиальная астма, нарушение слуха и зрения. Благодаря систематическому использованию черного тмина мною были излечены многие чисто женские и мужские заболевания, в частности бесплодие и импотенция. Без особых процедур излечиваются легкие головные боли, анемия, хроническая усталость, слабость памяти и бессонница.
Черный тмин придает человеку силу и энергию, способствует росту детей, спортсмены употребляют черный тмин для поднятия уровня выносливости и физической силы.
В США черный тмин уже давно применяют для выведения из организма различных шлаков и при лечении лейкемии, как сильное антиаллергическое средство.
В Европе, на всех фабриках по производству косметики, применяют черный тмин. Он не только укрепляет и оздоровляет волосы, но и способствует их росту, останавливает раннее поседение. Если 2 раза в неделю, перед сном, помазать веки маслом черного тмина, то хорошо растут ресницы и улучшается зрение, на столько, что человек видит ясно и без очков. Семь капель масла черного тмина превосходят по силе таблетки пяти сильнейших антибиотиков, как ампициллин, тетрациклин, гентамицин и т.д.
Черный тмин спасает от змеиного яда и укусов каракурта и скорпиона. Черный тмин непревзойденное противоопухолевое средство, до 100% излечивает рак кожи, прямой и толстой кишки (данные из США, штат Флорида, г.Акбар).
Черный тмин удивительным образом избавляет от табако- и алкозависимости, полностью очищает кровь и омолаживает организм и, при всем при этом, не имеет никаких побочных действий. Он абсолютно безвреден. Черный тмин полезен как взрослым, так и детям, главное – правильная дозировка, вера и настойчивость в лечении.
Хадисы Пророка Мухаммада гласят: «Для всякой болезни есть лекарство. Если лекарство подходящее, больной поправится, по воле Аллаха». «Сделайте черный тмин обязательным для себя, т.к. он содержит в себе исцеление от всякой болезни, кроме смерти».
Использование черного тмина – это сунна Пророка и благословение Аллаха.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы әулиелік дәрежеге жеткен
ғалым-шипагер
Наурызбаева Рая
Рухани және халық медицинасының магистрі.
Алматы қ.
Алланың құлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.сғ.с) бар өмірін сарп етіп Алланың достығын тапқан Алланың досы, еркесі, сүйіктісі болып әулиелік дәрежеге жеткен пенделер бар. Бұндай пенделерге әулиелік дәрежеге жету үшін сансыз тағадат-ғибадат етіп, көптеген биіктікке шығып, қаншама бау-бақшаларды аралауға тура келеді. Сондықтан пенденің әулиелік мақамын, жай көзбен қарау мүмкін емес, яғни пенденің әулиелік дәрежесін әулиелік несібесі бар жандар ғана байқайды. Ал, кейбір әулиелер бар өз жайын өзі де білмейді де тек Алла біледі. Үш қажет әулие сипатынан: әрбір әрекетке Аллаға сүйенбек, Алладан басқасынана қажет сұрамау қанағат етпек. Өзінде осы үш қасиет болған кісі салих кісі: «Өзінен құрмет көзімен қарағай, оларға қастық етпей. Өзінен төмен тұрғандарға кембағалдарға мейірім көзімен қарағай оларға қастық етпегей. Мұсылман қыздарға саясат көзімен (оларды сақтау көзімен) қарағай, шахват-еркектің көзімен қарамасын – деген.
Менде осы пікірге толық қосыла отырып,қосарым әулиелік дәрежеге жету үшін егер ері бар әйел болса, өз ерінен басқа ерлерге егер әйелі бар ер болса өз әйелінен басқа әйелдерге шахват, ынтық, өзіне қарату көзімен қарамасын, ол тағдыр жазуымен жалғыз болса, онда қыз, ер, әйел болсын өз абыройын сақтап (жалғыздың жары құдай) дегендей Алла алдында хақтың бұйрығын көріністен, хақтың қызметін көретін жан әулиелік дәрежеге жете алады. Осындай әулиелік дәрежеге жеткен XV ғасырда өмір сүрген үлкен пәлсафашы, ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ атамыз Алла алдында өз басында адамдығын сақтап, әйел алып, бала сүюді ұмытып, жар жар жастығын, жар құлағын ұмытып нәпсісін тыйып, Аллаға құлшылық етіп, тоқсан жылдық өмірінің сексен жылдығын қазақ-орыс даласын кезіп, көп қиындықтарды көріп, оны жеңіп дәлелдеп шипагерлікпен шұғылданып 1050 түрлі шипа-емді қамтитын 4577 рецепті қамтитын «Шипагерлік баян» кітабын жазып қалдырған.
«Шипагерлік баян» - жеті тәпсірден құралған, өзіне тән толық пәлсафасы бар, емдік-дәрілік қасиеті бар 70 металл металоид, 455 түрлі жан-жануар, 859 түрлі өсімдіктердің емдік қасиетін біліп, атын атаудың өзі үлкен ғұламалық дәрежені білімді игерген қайратты ер, Алланың сүйікті құлы, екенін, әулиелік дәрежеге жеткенін көреміз және әулие деп атауға толық құқымыз бар.
Өзінің көзінің тірісінде алдына барып, ақыл-кеңес сұрап, ауырған-ырқаған кезде дем салдырып, ем-дом алған, көзі тірісінде халыққа шипасы дарыған ұлы тұлғалар әл-Хорезми, Әл-Бируни, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Арыстан баб, Қорасан аталар, қатарына, олардан кейін шыққан Өтейбойдақ Тілеуқабылұлында қосуға болады.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Адам пендесі Алладан кейін жеті әулиенің қолдануында болмағы парыз. Бұл жеті әулие қырық бір ырыспен төтелей не болмаса несіптік ризық тапқызып, несібелік өзекті қамдамақ. Несібелік өзек пен несіптік ризық көңіл толымдылығымен қамдатуға құзамақ – дейді.
Сөйтіп жеті әулиеге:
1. Дән-әулие
2. Ақыл-әулие
3. Тұз-әулие
4. Қызыл-әулие
5. Күн-әулие
6. Жер әулие
7. Ай-әулие деп және 41 ырысты да толық атап көрсетеді. Шипагер атамыз емдеудің барлық әдіс-тәсілдерін игерген. Оны ғылыми түрде дәлелдеген. Сонымен қатар қазіргі медицина мен шығыс медицина жетістіктеріне сәйкестелген.
Бұның өзі оның көрегшенділігін, білімпаздығын, ізденімпаздығын, тапқырлығын, еңбекқорлығын ғұламалығын көрсетеді.
Шипагер атамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектерін зерттеп, оны халыққа жариялауда көптен бері аянбай еңбек етіп зерттеп келе жатқан зерттеуші-ғалым ағамыз Қазақстан халық емшілер қауымдастығының президенті Зиядан Қожалымов ағамыз жариялап нақты талдап, қазіргі медицина мен халық емшілеріне қажетті екендігін көрсетіп, оларды өз тәжірибелерінде қолданса тиімді нәтижелі екенін жариялап, зерттеп жүрген шипагер бабамызды жалпы халыққа ұрпаққа таныстыруда үлкен еңбек етіп, келе жатқан азамат. Оның айғағы қауымдастықтың атынан шығатын газеттің аты атамыздың өсиет кітабының атымен «Шипагерлік Баян» атануы, үздік емшілерге берілетін, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы атындағы медальды шығаруы және атамыздың басына қауымдастықтың атынан ескерткіш белгі қойып, халыққа таныстыруы, әрбір газет бетінде бабамыздың еңбектерін халыққа түсінікті қылып үздіксіз жариялауы үлкен еңбек пен қажырлы қайраттың арқасында орындалып отыр. Зиядан ағамызға алдағы уақыттарда да қажырлы қайрат, творчествалық табыс тілеймін.
Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ атамыз менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ. Бұл соңғылықтар қадірін білім ұстана білсе, қанғысыз бұлақ қадірін білмесе, отбасы аяқпен тозатын тулақ – деп айтқандай атамыздың өсиет «Шипагерлік баяны» кітабы баршамызға қадір-қасиетті біліп тоймайтын «қанғысыз бұлақ» болсын. Менде шипагер атамыздың айтқандарына толық қосыламын. Емші шипагер болған пенде емдеу тәсілдерінің халықтық медициналық ғұламалық діни-руханилық ғарыштық, педагогикалық, психологиялық әдістемелерінің бәрін де игеруі керек деп есептеймін. Алла алдында келген науқас адам алдында, адал білімді көрегенді өзінің міндетін міндетсінбей жалықпай атқара алатын, дінді, тілді, дәстүрді ата-бабадан қалған өсиеттерді заманымыздың ілімдерін, техникалық, ғарыштық жетістіктерін игерген, саналы, білімді, өз ісінің нағыз маманы болуы керек деп есептеймін. Емшілік өнер киелі, қасиетті болғандықтан осы қасиет қонған адамда киелі қасиетті болады. Өйткені, ерекше сегіз қырлы емшілік кез келген адамға қона бермейді. Сондықтан да, ағайын бір-біріміздң қадір-қасиетімізді, қадірлей де, құрметтей де білейік кең болайық. Осындай ұлы шипагер ғұлама Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ атамыздай заманымызға, болашақ ұрпақтарымзға әрбіріміз өз үлесімізід қосайық.
Қасиетті Құран кәрімде: «Топырақтан жаратылған тән - өледі, топыраққа түседі топыраққа айналады. Ал, «рух-мәңгілік» дегендей, атамыздың рухы өшпесін, ізінде қалған еңбегі Қазақстан елінде ғана емес, бүкіл дүние жүзі халықтарына жетіп, өмірлік қолданысқа түсіп, қажеттіліктеріне жарасын. Қазақ даласынан да көреген кемеңгер, діндар, ғұлама шипагердің шыққанын мойынлдасын.
Осындай ғұламалық – шипагерлік әулиелік дәрежені пендесіне Алла береді. Бұндай кісілерге көңіл қалауымен Алла ризалығы үшін зиярат етіп, Құран бағыштау көркем мәртебе осыған орай өз басымда болған жағдайды айтып өткенді жөн көрдім. 2002 жылы Зиядан Қожалымов бастаған қауымдастықтың мүшелері Кегенге барып баба басына құлыптас қоюға баратын болды. Маған да ұсыныс айтылды. Маған баруым істеуім дұрыс болатына болса аян болатын. Өзім Қарақалпақстан Республикасынан келгендіктен, Қазақстанның териториясын білмеймін. Бір кісілер ол жер жердің түбі барудың қажеті жоқ, деді. Жалған шығардан бір күн бұрын аян болып, атаның тұрған жерін, тауын тасын, шайқалған шөптерді көріп шөптердің жұпар иісін сезіп, жердің әдемілігіне таң қалдым. Барайын деп менде жолға шықтым. Шындығында да, жердің түбі демекші, өте алыс екен. Барғандағы көргеніммен менің аяным дәлме-дәл келіп, өзім таңданып қалдым да, бұл кісінің әулие кісі болғандығын іштей сезіндім. Өзімде ерекше рухани шабыттандым.
Пайғамбарымыздың хадистерінде ілім-ғибадаттан абзал, тақуа ілімді ұстанса ғана өзгеден басым түседі дегендей, Өтейбойдақ атасыз Алла алдындағы парыздарын, ғибадаттарын орындаған тақуа болумен қатар, ілімді ұстап жетістіріп, әрбір емін іліми тұрғыдан дәлелдеп, тексеріп болып қолданған және нәтижесін көрген, өз заманында қазір қажетті Бойдеке атанған.
Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын ермек сән және өзара мақтнысу сондай-ақ малдарды балаларды көбейту ғана (З-С, 14-А). Бұның мысалы: өсірген өсімдігі кәпірлерді таңырқатқан жаңбыр сияқты сосын қурап,, сап-сары болғаның көресің. Содан кейін үгінді болады. Ахыретте қатты азап әрі Алладан Жарылқау ризалық бар. Негізінде дүние тіршіліг бір алданыштың ғана нәрсесі (20). Раббыларыңнан кеңдігіндей, Аллаға Емшісіне иман келтіргендер үшін әзірленген жәннатқа жарысыңдар. Ол Алла Тағаланың мархаметі. Оны қалаған кісісіне береді. Алла Тағала зор кеңшілік иесі (21) деген екен, қасиетті Құран Кәрімнің 57-хадид сүресінің 20-21 аятында. Осы аяттағыдай шипагер атамыз дүние тіршілігне көңіл бөлмей өзін тақуа ұстап, Аллаға Емшісіне иман келтіріп, болашақ ұрпақтар үшін теңдеусіз еңбек етіп білім кітабы «Шипагерлік Баянды» қалдырған. Аятта айтылғандай Алла Тағалының мархаметі оны қалаған кісісіне береді – дегендей, шипагер әулие Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Алла Тағаланың мархаметі түскен ұлы тұлғалардың бірі.
Атамыздың жаны жәннатта болып, рухы биіктей берсін Ақырет күні Алланың Жарылқауы пайғамбарымыздың шапағатына миясар болсын.