Научно теоретические материалы VI Международного конгресса

"КАЗАХСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЦЕЛИТЕЛЬ ОТЕЙБОЙДАК ТЛЕУКАБЫЛУЛЫ"

11

                              На главную       Библиотека       1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18              

                         На главную       Библиотека       1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17                

 

 

Ғұлама ғалым, ғылымнамалық ұлы еңбек 

Қуанова Ақтиме

Халық емшісі.

Атырау қ. 

XV ғасырдың туындысы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың «Шипагерлік Баян» атты шығармасы басылымнан шықты. 1994 жылы араб қарпімен Үрімжіде басылды. «Шипагерлік Баян» атты кітабы – бәрімізге ортақ байлық, баға жетпес еңбек. Бұл кітап ұлттық санамызға, ғылымымызға, тарихымыз бен ұлттық санамызға жазуы да, әдебиеті мен мәдениеті де әріден басталатындығын дәлелдей түсетін мұндай тарихи куәліктің табылуы біз үшін баға жетпес қуаныш.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяным» ғылымдағы ұлт мәдениетіндегі осы бір жарқын шұғыла, киелі қуанышты «өшкені жанып, өлгені тірілді» десек, артық болмас еді. Шипагерлік баян – сол заманның ғңана ұлы ғылымнамалық шығармасы емес, бес ғасыр өткеннен кейінгі бүгінгі заманның да сирек кездесетін ғылымнамалық шығармасы. Ол ғалымның естіген немесе кітаптан оқыған ғана дүниелері емес, өз тәжірибесінен өткен, шындығына көз жеткен, өмір жолы дәлелденген дүниелер. 1870 жылы Энгельстің «Антидиурнигінен» белгілі: қараүзген шипагер мұны одан 400 жыл бұрын қолданған.Енді бірі – шешек вакцинасы. Шешек ел басына торғай қаққан тарыдай қырғын салған бір жылы ел қамы үшін күндіз  күлкі, түнде ұйқыдан айырылған шипагер жар құлағы жастыққа тимей, тәжірибеден тәжірибені жасап жүріп, ақыры шешек суын табады. Табу жолы аса қарапайым: «Баланың шешек ірінің алып тананың шап терісін тіліп, қан шыққан соң жағады. Бір жұмадан соң, жұдырықтай болып томпаяды. Томпақты жарып, қамсек қурай қуысымен бүйрек қабына құйып, ағашты қаламдай үшкірлеп, шешек баланың білегіне жағып, жаққан жерді инемен сызып қойса болғаны. Қазіргі медицина бұл ғылымның атасы ағылшын шипагері Эдуард Женнер – ол 1796 жылы тұңғыш рет шешекке қарсы вакцина егіп, шешек бір шыққан адамға шықпайтынын дәлелдеген. Бізді таңқалдырған қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешекке қарсы бұл вакцинаны Эдуард Женнерден 350 жыл бұрын табады. Бүкіл денесі түгел ісініп, денесінде сулық шыбыны қалған жанды  «тұншықтырма» делінетін емдеу жолымен жазу шипагердің бір кереметі. Осы секілді адамзат медицина ғылымына қосқан үлесі «Шипагерлік Баянда» баршылық.

 

Ой, дүние-ай!

Іске аспады арманым, қараң қалды,

Шың басына шығарда арандалды.

Өтейбойдақ қойыпты атымды әкем,

Жаман ат, жаман ырым, мазамды алды.

Қалмады ұрпақ Өтейбойдақ аяндалды,

Мені өшірмес «Шипалық баян» қалды.

Бұ да менің ұрпағым жөн білгенге,

Тілкімменен жалғасқан аян қалды – деп, ұлы емші ең ақырғы аманатын қалдыруы, бүгінгі емшілер түсіне білсе шипагердің еңбегін бұдан былай дамыту басты парыздары екендігін түсіну керек.

 

 

 

Денеге қуат дертке шипа қазақтың дәрілік тағамдары            

  Құмари Еркінхан

Тибет медицнасының дәрігері.

Алматы обл. Қаскелен қ. 

 “Ас – адамның арқауы”, “жаман аурудың жазасы – жақсы тамақ”, “ас тұрған жерде ауру тұрмайды”, “ағы бардың бағы бар” деп білген байырғы қазақ халқы әртүрлі тағамдарды азықтық тағам және дәрілік тағам деп қастерлей баптап, ғылыми түрде түрге айырып, қасиетіне қарай парықтап, тіршілік үшін пайдалана білген.  Халқымыз ежелден қарны ашып өзегіреп келсе – қуаттық тағам, арып-шаршап келсе – жеңіл тағам, табиғатына, талғамына қарай ас дайындауды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген.  Ұзақ ғұмыр көруді қалайтын әрқандай адам дәрілік тағамдарды тура, икемді пайдаланғанда, әлсіздіктен айығу, қан толтыру, клеткаларды жасаңғырату, өңді ажарландырып ғұмыр жасты ұзарту жағында көрнекті нәтижеге жетуге болады. Дәрілік тағамдардың материалы оңай табылады, бағасы арзан, жасалуы қарапайым, пайдалануға қолайлы, кері әсері жоқ.   Азықтық дегеніміз – денсаулықты сақтауға және дененің өсіп-жетілуі мен еңбек істеу қуатына қажетті жылулық энергиямен қамдайтын түрлі азық-түліктердегі қоректік заттар. Азықтық – тіршілік иелерін немесе адам денесін  жылулық энергиямен қамдап тұрушы қайнар әрі дәрілік тағамның заттық негізі.

    Азықтық заттардың мәнерленіп өңделген және өңделмеген түрлері болады. Біз азықтықтардан орынды пайдалану үшін, олардың қасиетін және рөлін ішкерлей толық түсіне білуіміз керек. Азықтың негізгі қасиетін “4 түрлі рай”, “5 түрлі дәм” ежинақтауға болады. “4 түрлі рай” – ыстық(жылы), суық(сал-қын), құрғақ, дымқыл;  “5 түрлі дәм” – ашты, тәтті, қышқыл, кермек, сор қатарлы мазмұнды қамтиды. Олардың өзіндік төмендегідей айырым-айырым ерекшелігі және рөлі болады.

    Азықтық заттардың 4 түрілі райы адам денесіне жасаған әсері мен рөліне қарай жинақталып <<ыстықты – суықтық- пен >>, <<суықты - ыстықтықпен>> емдеу принцептеріне қаратылған. Суықтық, ыстықтық қарама-қарсы сипатты аурулар болып, ыстықтық ауруларға мүмкіндіктің барынша ауруды бәсейтіп, ыстықты қайтару жағындағы емдеу әдісі қолданылып, суықтық немесе салқын райдағы азықтықтар пай-даланады. Мысылы: көже-қатыққа көкөністерден асқабақ, қияр, балдыркөк, аскөк қатарлы азықтықтар; еттерден қоян еті, үйрек еті қатарлы азықтықтар; жеміс-жидектерден қарбыз, лимон қатарлылар пайдаланылады. Суықтық райдағы ауруларға мүмкіндіктің барынша ауруды бәсеңдетіп, суықты қайтару дағындағы емдеу әдісі қолданылады, ыстықтық не-месе жылылық райдағы азықтықтар пайдалынады. Мысалы: көже-қатыққа өсімдік майы, зығыр, жем-жеміл, сұңпияз, қой еті, жылқы еті, торғай еті, қара шекер қатарлы азықтықтар пайдаланады. Мұндай азықтықтар қол-аяқ мұздап, дірілдеп жылымайтындарды жылытып, суықты қайтарады.

     Жоғарғылардан басқа кейбір азықтықтырдың суықтық не, ыстықтық немесе жылы, салқын аралығында болатындары да бар. Кейбір азықтықтарда, не ыстық, не суықтық емес, жылы да салқын да емес азықтақтар болады. Мұндай азықтықтарды жағымды райдағы азықтықтар дейді. Мысалы: сазан балық еті, саңырау құлақ (ұлпара), ағаш саңырауқұлағы, сарыбас жоңышқа, тау дәрі қатарлылар жағымды райлы азықтықтар. Мұндай азықтықтар тәбетті арттырып, көк бауырды жақсартады.

     Азықтықтарда <<қышқыл, кермек, сор, тәтті, ашты>> дәмдерден сырт <<тұшты дәм>>, <<қаңсақ дәм>> қатарлы дәмдер болады. Бұлар ең негізгі дәм боп есептеледі. Азық-тықтардың дәмі ұқсас болмағандықтан, адам денесіне әсері ұқсас болмайды.

      Азықтық заттар ұқсас болмағандықтан, олардың дәмдері де әртүрлі болады. Сондықтан олардың рөлі де түрліше болады. Халқымыз тарихи тәжірибелерімен азықтық дәмнің рө-лін төмендегідей жинақтаған.

     Ашты дәмді азықтықтар: қан жүргізу, суықты айдау, денені жылыту, жел тарату рөліне ие. Мысалы: жем-жеміл, усарымсақ, қызыл бұрыш, тау сарымсағы, қара бұрыш қатарлылар. Жем-жеміл суық тарқатып, суықтан болған тұмауды емдейді. Аскөк желбөртпе және қызылша ауруын емдейді. Қара бұрыш асқазандағы суықты тарқатып, асқазанның суықтан бол-ған ауруын емдейді.

     Тәтті дәмді азықтықтар: адамның дене қуатын күшейтіп, шұғыл түрдегі шаншу, бұлшық еттердің тыртысып түйілуін тарқатады, әрі азықтықтықтардың дәмін теңшеу рөлі бар. Мысалы: тұт ағаш жемісі қан толтырып, денені қуаттанды-рады. Жүзім қанды нәрлендіріп,сіңір сүйектерді бекемдейді. Бал өкпені нәрлендіріп, ішекті майдалап әлсіздіктен айықты-рады. Әрі әртүрлі дәмдерді теңшейді. Жүрек аурулыры мен іш ауруларына ем болады.

      Қышқыл дәмді азықтықтар: анар, қара өрік ішекті тұтқыр-ландырып қуырады. Ішті қатырады. Долана жемісі іш уытын тиып, ішекті майдалайды, жөтелді басады. Шабдалы әлсіздік терінен айықтырып, адамды сергітеді. Ақшұғынық қанды қуаттандырып, йіңді қуырады. Бауырды жұмсартып, ауырғанын басады, етеккірді қалыпқа келтіреді.

       Кермек дәмді азықтықтар: уытты қайтарып, ыстықты ба-сады. Өкпе, жүрек, бүйректегі ыстықты қайтарады. Дымқыл-дықты құрғатып, жалынды қайтарады. Мысалы: балдыркөк – ішті тиып, бауырдың ыстығын қайтарып, бастың ауруымен бас айланып, жүрек лоблын емдейді. Қант қызылшасы – ыстықты басып, уытты қайтарады. Онымен балалардағы жел бөрткен, қарамық, қызылша ауруын емдейді. Иісті үйеңкі – дымқылдықты құрғатып, асқазанды жақсылап, дизентерияны емдеуге қолданылады.

       Сор дәмді азықтықтар: денені жұмсартып, түйіндерді шешеді. Денені майдалап, ішекті дымқылдатып, ішті жүргізеді. Мысалы: теңіз құрағы – денені жұмсартып, қақырықты түсіреді. Қалқаншабез ісігіне ем болады. Кептердің еті бүйректі қу-аттандырады әрі диабет(қантты несеп) ауруын емдеп, шөлді басып, дем сығылып, қуатсызданудың алдын алады. Жоғары-дағы әртүрлі дәмдердегі азықтықтардан орынды пайдалана білгенде түрліше дәмдердің өзіндік ерекше қасиеттері ғұмыр жасты ұзартуға денсаулығыңызды жақсартуға пайдалы.

 

 

Діни сенімнің емшіге пайдасы

Қуанышева Балкүміс

Халық емшісі.

Атырау қ.

Бірнеше ғасырлық халқымыздың құқының басқа билеуші ұлттың тарабынан тапталуы діни сенімімізді жоғалтты. Тек қана Құдайға деген адал сенім әр адамның жүрегінде сақталды. Ата-апаларымыз жасырын намаз оқып, құдайға құлшылығын жабық терезелер ішінде тіледі.  Ал бүгінде ел тәуелсіздігінен кейін толық діни сенім, тіл және ұлттық мәдениет саласының өркендеуіне толық мүмкіншілік туды. Бүгінде емшілердің ұстазы ғана емес, осы заманғы ғылыми медицинаның негізін қалаған XV ғасырдың ғұлама емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінің басталуынан ақырына дейін, барлық  тараулық тақырыптарда Алла Тағаланың құдіреті мен пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше қасиеттері жөнінде айтқандары көптеп кездеседі. Ең басты мәселе адамзат баласына ризғы мен несібені, өмірді, бақытты, қиыншылықты, ұрпақтастықты, қоректік заттарды, ақыл-ойды іс-әрекет жасауға қимыл етуге әсер етушіде т.б. жағдайларының болуына ықпал етуші де бір Алла Тағала тарабынан болатынын анық жазған.

Әйтсе де жауқазындай өскелең ұрпағымыз жастардың ішінде жұма намазына барып, ақ ниетпен сәждеге жығылған бауырларымыздың саны күннен-күнге көбеюде. Алланың сынағының тағдырының тауқыметіне ұшыраған емшілер де көп жүріп, шындықтың шетін таба білді. Көріпкелдердің әртүрлі жорытып, “енді  жақсы болады” дегенмен, барлық нәрсе бір Алланың құзырында екендігіне көзіміз жетті. Ең бастысы алғаш рет Алланың сөзі Құран Кәрімді мойындап, өзіңді бес уақыт намазға жығып, тазалық жолына көшу ғана ауыр жағдайлардан құтақаратынына, бүгінде осындай жақсылық жолына түскендер толық дәлелдеп келеді.    Хақтағалла Құран Кәрімде;“Намаз адамды  жаман әрекеттерден аластатады”-деген.  Құран Кәрімнің “Исра” сүресінде “Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы. /Бесін, екінді, ақшам, жашиық  намаздары/. Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таң намазында періштелер қатысады. Түннен оянып, өзіңе тән нәпіл намазын оқы. Раббыңның мақтаулы орынға жеткізуіне үміт етіледі. “Раббым! Мені кірер жеріме шындықпен кіргіз де, шығар жерімнен шындықпен шығар, әрі маған өзіңнен көмек ет!”-деп тілек тілейді екен.

Намаз - иллаһи істің айнасы. Үш нәрсе намаздың айнасы: Тасбихпен “Субыханаллаһ” деп айтумен Алланың Ұлылығын ойлап, күнәдан пәк екенін жария етеміз. Тағзыммен “Аллаһу әкбәр” деу арқылы Алланың кемел сипатын жария етіп, әртүрлі шайтани шүбә мен уасуасының тамырын қию, жүрек пен зейінде тек Алланың  Ұлылығына орын беру қажет. ”Әлхамдуллилаһ” деумен Алланың жамалын ойлап, ризығына шүкір ету - намаздың мәйегі.

Ақыл мен ойдың бұзылуы намаз оқитын адамдарда сирек кездеседі. Адамның көру, есту, сезу, иіскеу - осы намаздың күші. Намаз оқитын адамдардың буын-буындарында тұз жиналмайтын болады.

Намаз Алланың әміріне бағындырып, тыйым салған нәрседен бас тартуға септігін тигізеді. Адам тәубесіне келіп, артық сөйлемей, адамдар жайлы жақсы ойлап, жанашырлықпен қарауға, тәубеге келуге, арғы дүниенің тіршілігін ойлай жүруге де намаздың әсері мол.

Намаз, біріншіден-тазалық, екіншіден-жүрек күшейтеді, үшіншіден-уақытты белгілі тәртіпке келтіреді, төртіншіден-қоғамның ниетін түзейді.

Адам намаз оқыған кезде оның жасаған күнәлары басына жиналып,сәждеге жығылғанда төгіліп отырады.Намаз аяқталғанда күнәсінен арылады. Ағаштан жапырақ төгілгендей адамның күнәсі төгіледі. “Күнәм төгіледі екен” деп күнәні қайталауға болмайды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сау кезіңде берген садақаның сауабы тәрізді, бас аманда Алланың қалаған амалдарын дер кезінде орындап, өміріміздің соңына дейін Алланы ұлықтау - мұсылман жәмиғаттың басты парызы.

Ұлы емші Өтейбойдақтың да дін жөніндегі ғаламат өсиеттері емшілер қауымын қуаттандырады, имандылыққа шақырады, қайрат-жігерін арттырады және Алла Тағалаға деген сенімді күшейтіп иманымыздың жоғары парасаттылығының қалыптасуына үлкен ықпал ете алады.

 

 

 

Разделение казахов на роды и джузы определено в Предвидении и в Ясной Книге Бога

 

Кешубай Тулешулы

Духовный-оздоровитель.

ЮКО. Шубар.

Чтобы ясно представить себе эти мысли, необходимо тщательно изучить аят 13, суры Хужрат

Аллах говорит:

О люди! Мы сотворили вас (пары) муж и жены

И создали из вас (семейные) роды и разные народы,

Чтоб вы могли друг друга знать.

Ведь перед Аллахом самый чтимый – тот,

Кто праведней из всех вас станет.

Поистине, Аллах всезнающ и ведает обо всем и вся! Отсюда следует, что появление казахских родов и джузов не является задумкой одного человека или группы людей, это процесс становления и развития нации выражает мысль аята, где Аллах ясно подчеркивает близость каждого человека друг другу.

Аллах в суре «Бакара» в аяте 83 призывает людей благодеять к родителям и близким по крови.

И разве казахские роды, племена и джузы не играют эту роль в жизни, Казахи словно сплетены нитями родов, обвязаны узами родских отношений, в жилах их протекает чистая кровь. Эта кровь идет от того высокого духа (или святого человека), который определен в Предвидении Бога.

Аллах в аяте 177, суры Бакара призывает людей любя (свое добро) все же делится им, и с тем, кто близок по крови. Что будет если оборвутся эти родственные связи, в этом случае мы уже не сможем выполнить Предписание Бога и сможем оказаться за чертой Его Высочайшей милости. Упаси Аллах нас от такого наказания.

В казахской нации  протекает чистая кровь. Этой чистатой ее наградил Аллах. Испокон веков  в нации производится соблюдение экзогенного бра.

Ибилис как враг Адама (Адам алайхи-салам, мир ему), стремится всегда испортить чистую кровь. Грязная или испорченная кровь (черезмерное употребление алкоголя наркотиков) создает хорошие условия Ибилису, и эта кровь будет служит благоприятным местом обитания Ханнасу (Ханнас имя сатаны).

Наши предки это знали очень хорошо. Они также хорошо знали, что с чистой кровью происходит формирование и становление чистой нации, которая содержится в Ясной Книге Бога и в Его высочайшей милости.

Если в начале рода стоит чистый святой человек , то его кровь, протекающая по линии рода, проносит гены. В генах дух святого человека стремится заметить свое отражение. Он же помогает становлению и развитию характера, вырабатывает в человеке простоту и скромность. Простота и скромность составляет основу суфизма. Я абсолютно убежден, что любую нацию с божьей милостью поддерживают духи святых предков. Эта поддержка производится только с верой в Аллаха и с чистой кровью нации.

Представтье себе, что будет, если нация утратит свою родственную связь и свое сопротивление Ибилису. В этом случае нация может оказаться без духа святых мощной неверной нации и впоследствии превратиться в близкий конгломерат.

Каждому духу святого предка Бог удостоил право оказывать содействие своим близким по крови, помощь в этом мире и в Судный День.

Отсюда можно сделать вывод, что нашу молочисленную нацию с ее широкими просторами и милостью Бога оберегают духи наших святых предков.

Я твердо убежден, что если кто-то с плохими намерениями посягнет на нашу нацию, на нашу чистую кровь, на нашу веру, тот навечно умрет в Аду. Ибилис сам по себе действовать не в состоянии. Она настойчиво лезет в кровь нации через нечистую кровь другого человека, через мысли и язык его любая необдуманная фраза, любая речь, поступок может явиться оружием для сатаны.

Духи святых предков с милостью Бога не безразличны к отведенной доле. Аллах каждому человеку, даже целой нации,отвел свою долю. Значит, наша священная земля является долей нашей нации и для всех на ней живущих. Но любую корысть рождает Ибилис. Рожденная корысть создает преграду к милости Бога. Только сплоченную по духу нацию с милостью Бога оберегают и защищают духи наших святых предков. Они на Судном Дне бога возьмут под свою защиту свои неразделенные чистые линии по родству и джузу. И поэтому каждый человек, находящийся в родской линии, должен строго соблюдать чистоту своей линии и чистоту своей крови и веры.

Но любая помощь близкому человеку должна производится с любовью Бога, без приченения боли и вреда другому человеку. А если эта помощь произойдет во вред другому человеку, то в этой помощи уже будет отсутствовать милость Бога.

Ни в коем случае мы не должны прерывать родственную связь. Аллах в суре Мухаммад в аяте 22 говорит: «А если будет власть дана вам, то может ли (случиться так), что будете вы нечисть сеять на земле и разорвутся родственные связи?

Упаси Аллах нас от разрыва родственных связей.

Не разрывная родственная связь послужит тесному укреплению целой нации. С незразделенной родственной связью с чистой кровью и с  истинной верой, мы рука об руку каждый на своей родственной линий на Судном Дне должны предстать перед Богом вместе со своими святыми предками, стояшими в начале линии.

Отсюда следует сделать вывод, что образование казахских родов и джузов дело Всевышного Аллаха.  Мы разделены на роды и джузы, чтобы укрепляться и соединяться с милостью Бога Казахская нация – это большая неделимая печень, каторая растягнута на линии родов и джузов, которые изнывая, радуясь с милостью Бога, тянутся друг к другу. Останутся от нас и выйдут из линии лишь те, котрые предали язык и утратили национальную гордость и чувства братства, в помыслах которых всю жизнь сопровождалась корысть с хитрыми замыслами Ибилиса.

Все родственные линии спешат к роду, от рода к джузу от джуза к единой нации. Все нации мира, соблюдающие веру в единственность Бога и чистоту своей крови, спешат к своему главному чистому корню, от которого идет начало всех начал. Поистине, все чистые нации продвигаются к Мухаммеду саллаху алайхи ва саллама линии стремительно тянутся к Адаму алайхи саламу и матери Хауа (мир ей).

Блаженный вечный Рай только для истинно правоверных мусульман с нерушимой родственной связью, с верой в единственность Аллаха, кто на последнем своем дыхании сможет сказать: Ля иллаха иллаллах Мухаммад расул Аллах». 

 

 

 

Өтейбойдақ бабаның бұлау ілімі мен  ұқсастық емі 

Құдайбергенова Шарван

Шығыс медицинасының магистрі.

Астана қ. 

            Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының емдік әдіс-тәсілдері өте көп әрі пайдалы да. Осындай мол қазынаны біз ел тәуелсіздігіне дейін білмедік, естімедік, оқымадық. Маған ұнағаны әрі өзімнің емдік әдіс-тәсілдерім бойынша ұқсастығы бар түрлері де жетерлік. Әсіресе адамның буындары, жүйке жүйелері ауырғанда көбінесе ертедегі емшілер б±лау тәсілін пайдаланған. Оның ерекшелігі сол ыстыќтыќ µткізіп, денедегі суыќты айдап  шыѓуы – б±лама дейді. Бұл  б±лама әдісін көреген емші баба 6 т‰рге бөледі. Атап айтқанда:  

- 1. Ќапталѓы б±лау /борсыма б±лау/.                     - 5. Наќталѓы /Т‰йіндеп/

-2. Бапталѓы /Бу б±лау/                              - 5. Наќталѓы /Т‰йіндеп/

- 3.  Саќталѓы /Су б±лау/                            - 6. Шапталѓы /Ќ±м/

1. Қапталғы - шілдеде ќайыњныњ жапыраѓын ќапќа салып, ‰стіне ыстыќ су ќ±йып, 10 к‰н ыстыќ к‰нге ќояды. Иістенеді. Ќап сыртынан бу шыќќанда да арасына жатып баќ. Б±л: сары буын. ¦рѓашыныњ кірнемесіне.

2. Бапталѓы – кµбінесе 3-5 тасты отќа ќыздырып темір кіршіге салып ‰стіне су шашып, буыны ауырѓан жерді ±стау. Кµбінесе жел, ќарма ‰ш саќталѓы б±лау. Суѓа ќос уыс т±з салып ќайнатып, шым-шым болѓанда науќасты шомылдыру ќажет. Суыѓанша т‰су.  Сары буын ауруына.

4. Ќаќталѓы б±лау. Сал жєне ж‰ре алмайтын адамдарѓа 5 т‰біт малдыњ бес ќап с‰йегін ќосып єзірлеп бір кісі отыратындай ш±њќыр ќазып оѓын с‰йекті µртеу керек. /372/ терлету.

5. Наќталѓы б±лау. Ќ±лаќ ауруына, жаќ ќаќсауѓа, тіс ауруына, ыдысќа жыланныњ басын ќайнатып, б‰ркемелеп оныњ буына ±стау.

6.Шапталѓы б±лау ыстыќ балшыќты, ыстыќ ќ±мды, не ќыздырылѓан ќ±ммен балшыќты денеге жаѓып к‰н н±рына жатып ќыздырыну. Осы әдіс-тәсілдерді XV ғасырдан да бұрын емдік жүйеге пайдаланылғанына таңғалмасқа шара жоқ.

         Ал бүгінде «¦ќсастыќ табу» арќылы  емдеу тәсілі өріс алған. Емделудіњ б±л т‰рі кµне замандарда  алѓашќы ќоѓам ќауымына лайыќты  болѓан, т±рпайы єдісі. М±ндай  т±рпайы ойлау бір нєрсе екінші  бір нєрсеге  ±ќсас болса, ол екеуініњ арасында тыѓыз байланыстылыќ болады,  деп ±ѓудан туѓан-ды. Мысалы, безгекпен ауырып,  денесі дірілдеген адамды емдеу ‰шін судан шортан ±сталып єкелінуі керек.  Содан кейін жаны єлі шыќпаѓан, денесі  ќалшылдап /тыпырлаѓан/ шортанды  сырќат адамныњ басына  ±стап т±рып, пышаќпен кескілейді.  Сµйтіп, б±дан денесі дірілдеп т±рѓан сырќат пен тыпыршыѓан шортаннан «±ќсастыќ табады». Шортан денесініњ тыпыршып ќалшылдауы тоќтасымен,  аурудыњ дірілі де  тоќталып, ол  сауыѓуы тиіс.

Безгекті емдеудіњ басќа бір жолында  кµктем кезінде безгелдек деген  ќ±стыњ ж±мыртќасын тауып алып кептіреді де,  ±нтаќтап безгегі ±стаѓан адамѓа  ішкізеді. Б±л арада да  сыртќы  ±ќсастыќтыњ  бары  даусыз - безгек жєне безгелдек. Осылайша, ±ќсастыќты  ±ќсастыќпен емдеген. Емдеу жолды да дєрі-дєрмек  беруді  еске  т‰сіреді,-безгелдектіњ  кептірілген ж±мыртќасыныњ ±нтаѓы дєрі ±нтаѓына ±ќсас ќой. Таѓы да ќиялдасаќ, б±л ем осы к‰нгі  гомеопатиялыќ емдеу тєсілін еске  т‰сіреді. ¦ќсастыќты ±ќсастыќпен емдеу  гомеопатияда  негізгі шарт.

Егер біреуді жылан шаќса  оныњ емі  ќ±рыќты ‰ш рет тістеп, «Ем бол! Ем бол!» деумен тынады. Б±ныњ мєнісі: жылќышыныњ  таќымындаѓы ќ±рыќ оныњ жанында  с‰йретіліп-сырѓанап, жыландай жылжыѓанды еске  т‰сіретіндігі жєне «Жылан мені  тістесе,  мен оны тістедім»  дегенді  білдіреді.  Осылайша  зияндыќ зардабын ±ќсастыќпен ќайтару ойлап табылѓан. ¦ќсастыќты ±ќсас нєрсемен емдеуді белгілі  этнограф Д. Фрезер де µз  ењбектерінде атап кµрсетеді. Мысалы, Африка халыќтарыныњ ішіндегі даяќ  деген тайпада емші ауырып  жатќан адамѓа  келеді де, µлген болып жата ќалады, оны  басќалар аќыретке /кебінге/ орап тастайды. Біраздан кейін екінші емші келіп, оѓан µзінше  емдом жасап, єр т‰рлі єрекетпен оны «тірілтеді». Осындай т‰рліше єрекеттерден кейін ауырып жатќан адам сауыѓып кетуге тиіс. Француздыњ µткен ѓасырда µмір  с‰рген тарихшы-этнографы, психологы Леви-Брюлл  ойлаудыњ  б±л т‰рін алѓашќы ќауымѓа тєн партицинация зањдылыѓы, деп атайды. Партицинация дегеніміз- айналадаѓы  єр нєрселердіњ біріне-бірініњ ќатыстыѓы. Б±ндай ойлау бойынша, адам жылжыѓан жылан мен жылжымаѓан ќ±рыќтыњ арасынан байланыс табады. Онеы «±ќсастыќ байланыс» дейді, ол алѓашќы ќоѓам дєуіріне  сєйкес келетін ойлау жолдарына жатады.

¦ќсастыќты пайдаланып емдеудіњ таѓы бір т‰рі - ќояншыќ /эпилепсия/ ауруын емдеу. Ќояншыќпен ауырѓан адам даладан  тірі  ќоянды ±статып алып,  оны кеудесіне ќысып отыруы тиіс. Ол µзініњ халі жаќсарѓандай сезінген кезде, ќоянды босатып жіберуі керек. Мінеки, б±л емніњ негізі де ±ќсатыќтан туѓан. Оныњ т‰бірі - ќояншыќ пен ќоян деген сµздерініњ  ±ќсатыѓында,  яѓни ќояншыќты ќоянмен емдеп,  ауруды соѓан кµшіру.

Ќояншыќты емдеудіњ  басќа бір жолында алдымен  Қ±ранныњ бір аятын оќиды да, сонан кейін  ќоянныњ басын ќайнатып алып, оныњ сорпасымен аурудыњ  денесін жуады. Сонымен ќоса,ќоянныњ басы мен  миын  єлгі  сырќатќа жегізеді.  Б±л емдеулер  єр т‰рлі т‰сініктерге  негзделген.  Яѓни соныњ бєрі ±ќсастыќтыњ  шартында жатыр. ¦ќсасты ±ќсаспен емдеу шарты  ±заќќа созылѓан µкпе ауруына шалдыќќќандарды да емдеуден  табылады. Ол ‰шін аурудыњ жынысына лайыќты, т‰сі кµк ќойды мал ішінен тањдап  алып сояды да, оныњ µкпесін кењірдегімен  суырып алады. Содан кейін, кµкжµтелге ±шыраѓанды шешіндіріп жањаѓы кµк ќойдыњ µкпесімен кеудесін ќаѓады. Сонымен ќатар ќойдыњ µкпесін ќатты ќызѓан темірдіњ  ‰стіне ±стап, ол шыжыѓанда  шыќќан буды  науќастыњ бетіне ќарай ‰реді. ‡ре отырып: «Ем бол! Шипа бол!» деу керек. Біз емдеудіњ  б±л т‰рінен ‰шкіру, ќаќтыру жєне кµшіру тєсілдерініњ де орын алѓанын байќаймыз. Дегенмен, иландыру әдісі мен арбау тәсілі кейбір сырқат жандардың ауруынан жазылуына әсері барлығы ертеден-ақ, белгілі болған. Бұның да өзіндік себебі бар. Кездейсоқ әсер ету жүйкенің сырқат тканьдарын оятады да, оның біртіндеп бұрынғы қалпына келуіне әсері мол. Осыған байланысты Ұлы емшінің бұлау тәсілімен бүгінгі ұқсастық емін пайдаланғаннан келер зияны жоқ. Оның берері мол әрі қарапайым емдеу жүйесі екендігін білген абзал.

 

 

Әрекет пендеден, шипа Алладан 

Құлыбекова Қарашаш – Ана

Халық емшісі- бақсы.

Шымкент қ. 

Бисмиллаһир рахманир рахим. Адамды жетелейтін үміт пен арман ғой. Егер алдыңа келген адамның үмітің ақтай алсаң, соның сенімінен шыға алсаң бұдан асқан мәртебе жоқ шығар. Адам алдыңа келер де үлкен үмітпен келеді. Мәселен, сенің ауруынан айығып, қуанып, алғысын айтқан кезде, Аллаға шүкір деп, еңбегіңнің еш кетпегеніне қуанасың. Және де нәтижесіне қарай  шабыттанып еңбегіңнің әсерлі болғанына қарай күш-қуатта қабыл болу үшін. Оның айтқанын орындауың керек. Нәтижеге жету үшін емші мен емделушінің ниеті тура болуы керек. Жаратқан емделушінің тағдырына сол ауруды жазса, оған қоса шипасында жазады. Пайғамбарымыз барлық аурудың емі бар, тек бір аурудың ғана емі жоқ деген. Ол қандай ауру дегенде: - Кәрілік деген екен.

Біздің ұғымымызда медицина бір ауру жазса, бір ауруды өзі қоздырады. Мысалы: Бір адам медицина тілі бойынша рак сияқты емделуі қиын аурумен ауырады дейік. Ол адам ауруының диагнозын естісімен-ақ өзін өлімге  тіге салады. Егер емші келіп науқасқа Алладан күдеріңізді үзбеңіз, Жаратқан шипа берсе әлі-ақ жазылып кетесіз десе, оған сенбейді. Себебі емдеуші дәрігер ол сөз бос сөз біздің медицина рак ауруының емін тапқан жоқ деп оның үмітін үзіп тастайды.Бір қызығы дәрі тек себепші ғана ал аурудан  айығу үшін дене де қоса күресуі керек. Талай адамдарды өледі деп, шығарып тастағанда, өлімнен өмірі ұзақ болғандары ел арасында табылады. Көңіл күй адамды бірде шаттандырса, сол сияқты күйзеліске ұшыратады. Діндегі Алланың тиым салған адамдарды көңіл күйіне жаман жағынан қатты әсер еткендіктен болар. Оған жолама деп Жаратқан ескертеді. Мысалы, өсім бір нәрсеге қызығып жетемін деп, өсімді адам содан құтылғанша уайымда болады, қаншама ұйқысыз түндер, күндер бұның өзі адам денсаулығына әсер етпей қоймайды.

Зинақорлық – сен біреудің қызығының, үмітінің шырағын сөндіресің, дұрыс жолға түсуді айтудың сын-сағаты бола тұра осындай әрекетке барасың. Кейіннен ауырып Иә Алла мен саған не жаздым  деп зар илейді.

Араққорлық – арақ ішкенде өз-өзіңді қадағалау мүмкіндігіңмен айрыласың. Әйеліңнің жас албырт өмірін қор қылғанмен қоймай, балаларыңның шатыққа толы балалық шақ уақытын, үмітін үзесің, қаншама айналаға зияның тиіп, керексіз адамға айналасың.

Құлшылық қылмау – адамның құлшылық қылмаған кездегі көңіл күйімен құлшылық қылғандағы   көңіл күйін салыстыруға болмайды. Уақыттың құлшылықсыз зая кетуі.  Адамды зіл басып қалуы осыдан шығады. Дені сау, бірақ көңіл-күйің жоқ болып қалады.

Сөзімнің соңғы түйінін шығара келе белгілі жетістікке жету үшін бір ғана емшінің әрекеті жеткіліксіз. Емделушінің де әрекеті, сенімі болу керек. Ал халықтың сенімнен шығу, оны ақтаудан асқан абырой жоқ шығар деймін. Денсаулығыңды денің сау кезінде ойла, ауырған екенсің ешқашан үмітіңді үзбе.

Қандай жағдайда болсын үмітіңді үзбе! Қазіргі кезде біздің емделу орталығымызда:

1.      Құран аяттарымен дем салу, тамыр ұстап диагноз қою.

2.      Шөп дәрілермен емдеу.

3.      Массаж жасау.

4.      Әселге салу тәсілі.

5.      Сүлікпен емдеу тағыда басқа халықтық емімен емдеу тәсілдері қолданылады.

 

 

Сарашыдан

Қаби Ыбырайұлы Жұбаныш

Ғалым-зерттеуші.

ҚХР., Үрімжі. 

«Шипагерлік баянды» ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы 1472 жылы Әз Жәнібек хан тұсында, хан жарлығымен Әл-Ақордада жазған.  Өз алдына бір төбе медициналық ғылыми жүйеге, кемелді медициналық атауға, дербес дәрі тану ғылымына ие, кілең халықтық тілде жатық жазылған әрқандай «жаңғырықтан» аман «Шипагерлік баян» - Тұрлаулылар, шипагерліктің «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдалғы» деген үш шыңның Түптеме, Жіктеме, Аңғарымдама, Нақтама, Дарым зәруаты, Айықтырым дарымдылығы делінетін алты белесін өзек еткен жеті бөлім мен тектілігін қамтыған жойқын қолжазба.

Сөз зергері Жиренше шешеннің тапқыр сөздерімен басталған «Шипагерлік баян» - басы артық сөз жоқ, алыпқашты ойды қойып, орны ауысса, көңіл көншімейтін, қысқа, дәмді, аз сөзге көп мағына сыйғыза білетін, әдеби тіл жосынымен еркіңізді билеп, мұрындықтап жетектеп, еркі-алдыңызға қоймай, баурап әкететін, көзге шұқып көрсететін қыруар тың тарихи дерек, толып жатқан аңыз, талай –талай этнонимдері шипагерліктің қажетіне сай өзінің өн бойына ерен шеберлікпен сіндіре білген «тобықтай түйін».

«Шипагерлік баян» - шипагерлік тілсімін таза, анық, дәмді нағыз шеше білген, ұстана білгенге қолға түспес халықтық асыл мұра.

«Шипагерлік баян» - бізге ұмытылған, аламышталған, тіл, араластырылған әдет-ғұрып, жоғалған салт-сана дәстүрлерді бір емес, мың жерде бадырайтып отырып көрсететін «шарайна».

«Шипагерлік баян» - жүрек, ми, сөл, түк, тағысын-тағылардың адам денесіндегі рөлі, тамыр және тамыр ұстау, шешек вакцинасын тапқырлау, күйік, үсіктерді сақайту т.б. жақтарда ілуде бір кездесетін жасампаздықтарды қазіргі дүниежүзілік әйгіленулерінен талай жүз жыл бұрынның өзінде жазып қалдырған, практикалық әрі пәлсафалық шоқтығы биік әлемдік еңбек.

«Шипагерлік баян» - дүниенің қызығын мүлде ұмытқан, сынақ атаулыны әуелі өз басына жасап, талай жол уланған. өлмегеннен басқаның бәрін көрген, ат басындай алтынға да көз қырын салмаған, жар құлағын жастыққа тигізбей жаһан кезген елден көрген-білгендерін саралап, түйіндеген, қайраты қайтпас, жігері мұқалмас, ақылы телегей-теңіз, ойы толғамды әрі тиянақты. Бойдекеңнің ел-жұртының көрмеуі, азап тартпауы үшін артына мүсәпірлік, ғарыптық көрмеуі азап тартпауы үшін артына қалдырған, растығына шүбә келтірмес ғылыми өресі биік, төл тәжірибелерінің туындысы.

«Шипагерлік баянда» өсімдіктерден алынған 728 түрлі, жан-жануарлардан алынған 318 түрлі, металл-металлоидтардан алынған 60 түрлі, яғни жиыны 1108 түрлі, шипалық қасиеті бар емдік дәрілер шұбыртқысы және адам пендесінің негізінен сыртқы тұлғалық бітіс аталымдарынан  430-ға тарта атау жазылған, бұдан сырт онда 1050 түрлі дәрі аты, 4577 шипалық (рецеп) та болған екен.

Қысқасы «Шипагерлік баян» - тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этика ғылымдарын бір ғана мкедицина ғылымы үшін іскерлікпен қызмет еттіре білген үлкен ғылымнама әрі осы ғылымдардың қай-қайсысының болса да қолданылмалы тамаша оқулығы. Бойдекеңнің өзі айтса айтқандай, келешек ұрпақ қадірін біліп пайдалана алса, қанғысыз бұлақ.

Бұл қолжазбаны Райымбет, Шыбыл, Қоңырбөрік, Тама, Бұршақ би аталарымыз бір-біріне өсиетпен тапсырып, хижыраның 1170-жылына келгенде (григорян календары бойынша: 1827-1828 жылдары) бесінші рет, 1952 жылы Түменбай Ыстанбайұлы (Іле аймағы, Текес ауданы, Шиліөзекте) бастан-ақыр аудармалап, бәйіттерді аудармалау қиындығынан қалдырып, алтыншы рет қотарған, 1991 жылы Нұртай Түменбайұлы 1952-жылы нұсқаның 1968 жылдағы аласапыранда өртенгеннен қалған тамтығын жетінші рет көшірген. Қолжазба осыған дейін баспа бетін көрмеген екен.

Бұл қолжазба ой-орал жүктер (ой астанасы) заманында, Әл-Құзорда тұсында «Шипагерлік құлып» - Тау – Орал жүктер (тау астанасы) заманында, Әл-Ақорда анданы тұсында «Шипагерлік баян» деп аталған екен.

Бұл қолжазба материалы ұзыннан-ұзын кесіліп «тілкім» деп әр тілкім көлденеңнен бірқаншаға сындырылып, қайшыластарыла бүктеліп «ашжаз» деп аталса керек.

Бұл қолжазбадағы әр ашжаздың бас жағында онда айтылатын мазмұнның нешінші тілкім, нешінші ашжаз, қайсы жарылғы, қайсы жарма, қайсы саналым (мысалы, он алтыншы тілкім, жетпіс тоғызыншы ашжаз, тіземе жарылғы, қанықталғы. Ауыз жарма, түптеме, ауыз саналым, өзегі тұғырлық оралым) екені қағыс қалмай жазылып отырған екен. Бірақ мен аралда талай тілкім, талай ашжаздың  болмауы себебін осылайша көне үлгіні сақтап жазудың көптеген әурешілік тудырғандығынан «саналымнан» кейінгі тақырыптардың нешінші тілкім, нешінші ашжазадан басталып, нешінші ашжазға дейін басталатынын, нағайбылдарын нешінші тілкім, нешінші ашжаздан басталатынын (кейбіреулерінде мұның да мүмкіндігі жоқ) ғана жазып, олардың қайда барып ақырласатынын жаза алмадым. Саналымнан төменгі бірқанша кіші тақырыптарға ортақ айдары – қайсыс жарылғы, қайсыс жарма, қайсыс саналым екенін дестір басталардың алдындағы бір бетке айырып беріп отырдым.

Сіздер әуелде кітапты жатырқаңқырап оқисыздар, себеп, 1. Тергеу сипатында тайсатып кітаптағы көптеген сөз біздің үйреншікті осы заман тілімізден парықты. 2. Кітапта айтылатын «жарылғы», «жарма», «саналым», «лепес», «жарғышақ», «саналғы», «айырым», «арна», «жарна», «түйін», «айқындық» дегендердің барлығы да біздің «бөлім» «бөлімше», «тарау», «параграф» т.б. деп айтылатын тақырып аттарын дәрежесімен (ретімен) атап, оларды жазбаша цифрша не шартты таңбалармен беріп отыратынымыз сияқты екен.

3. Қолжазбада бір бөлім сан өз денеміздегі мүшелердің атымен жазылған (бір бөлім сандардың осылайша, тағы бір бөлім сандардың арап сипырымен жазылуында, кейінгі аударманың оңайына қарай жүгіріп, әдейі өзгеркені емес, қайта үлкен мән бар сияқтанады). Мысалы, бір дегеніміз ауыз не мұрын (өйткені біздің ауызымыз не мұрынымыз біреу ғана) екі дегеніміз көз, үш дегеніміз көз мұрын (не көз ауыз), төрт дегеніміз көз құлақ, бес дегеніміз оң қол (кейде қол, оң, көз, құлақ, ауыз, көз құлақ мұрын деп те айтылады), тоғыз дегеніміз қол көз құлақ (не қос қол кем ауыз), он дегеніміз қос қол, т.б.

  Яғни:

Ауыз (не мұрын)                                                     1

Көз                                                                          2

Көз мұрын (не көз ауыз)                                          3

Көз, құлақ                                                               4

Оң қол не қол, оң, құлақ, ауыз                                5

Қол көз                                                                    6

Қол көз мұрын (не қол көз ауыз)                             7

Қол көз құлақ (не қос қол кем ауыз. Кем-алу)         8

Қос қол                                                                  11

Қос қол ауыз (не қос қол мұрын)                           12

Қос қол көз мұрын (не қос қол көз ауыз)               13

Қос қол көз құлақ                                                  14

Қос қол оң                                                             15

 

Қос қол есе оң                                                         10х5=50

Қ есе қол аяқ есе оң                                                20х20х=2000

Қос қол есе қос қол кем ауыз қоспа артқы          

оң көз                                                                    10х/10-1х+7=97                                                       

Қос қол есе оң ауыз                                                10х6=60

Қыр қоспа қос қол оң                                             40+15=55

            Әттең, қолжазба 1050 түрлі дәрі, 4577 рецебімен қоса толық табылар болса, жалғыз қазақ даласы ғана емес, дүние бір сілкініп, медицина ғылымы жайран қағар еді. Қолжазбаның толық жинағы осындай кітаптан 7-8 болар еді.

 

   

 

Емшінің де берері бар 

Максеева Унсун-ай

Шығыс халық медицинасының магистрі.

ОҚО, Төле би. 

Халық емшісіне дені сау, жағдайы жақсы адамдар келе бермейді. Әбден жүйкесі тозған, тұрмыстық жағдайы төмен, ем жақсы қонбаған сырқат жандар ғана келері анық. Әрине бір-екі рет емшіден алған емнен жақсы болғанымен, оның ары қарай пайдасының толық жүзеге асуына қосымша халықтық қарапайым емдік әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Сондай тәсілдердің біразын ұсынсақ артық болмайды. 

Аналарға кеңес. Баланы емшектен шығарғанда анасы сұйық тамақты аз ішуі керек, сонда 4-5 күнде су алып кетеді. Сәбиді күн ыстықта не ауырғанда емшектен шығаруға болмайды.

Баланы емізген кезінде ренжуге және қобалжуға болмайды, өйткені мұндай жағдайда сүт азаяды немесе мүлдем шықпай қалады. Сәбиді ана сүтімен қоректендіру оны көптеген аурудан сақтайды. Ересектердің температурасына қарағанда нәрестенің дене температурасы 0,3 – 0,4 С жоғары болады. Олар сыртқы температура өзгерісін тез сезінеді, тіпті оның әсерімен сәбидің дене температурасы да өзгеруі мүмкін. Уақытына жетпей босанған әйелдің сүтінде уақытында босанған әйелдердікіне қарағанда ағзаның қорғанышын қамтамасыз ететін белоктар мол болады. Екіқабат әйелдің денсаулығы үшін ұйқының маңызы зор. Ол кемінде 8 сағат ұйықтауға тиіс. Егер жүкті әйел күніне 10 рет шылым шексе, оның ішіндегі бала тумай жатып, не туа сала шетінейді. Әйелдің жүкті кезінде ішімдікті көп мөлшерде ішуі бала үшін аса қауіпті, ол сәбиді кемтар етеді, ақыл-есінің жетілмеуіне әкеліп соқтырады. Баланың үнемі ұйқысы қанбауы, сондай-ақ сабақтан қалжырап шаршауы оны күйгелек, дөрекі немесе бей-жай болуына әкеліп соқтырады.  

Тіс ауруынан қалай арылуға болады?1. Шалфей шөбін қайнатып, жылы ерітіндімен, әсіресе, тісіңіз ауырған жерді шаю керек. Ерітіндіні әбден салқындағанша ұстағаныңыз дұрыс. Ерітіндіні жаңартып отырып, екі-үш күн қайталаған жөн.

2. Тұздалған құйрық майдан аздап кесіп алып, оны тісіңіз ауырған жерге, жақ сүйегіңіз бен қызыл етіңіздің аралығына басып қойыңыз. Сөйтіп, тіс ауруы басылғанша ұстаңыз.

3. Ауырған тісіңіз жақтағы құлағыңызға жол желкеннің тамырын тығып қойыыңыз. 30-60 минуттан кейін тіс ауруы басылады. 

4. Таңқурайдың ұсақтап кесілген жапырағы мен жылбызды шарап сірке суымен араластырып, үш күн қойыңыз. Тұнбаны сүзгіден өткізіп, ауызыңызды шаясыз.

Ара балы-дертке дәрі. Емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген бал суық тигенде, жүрек бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке ауруы, сондай-ақ, қан қысымының көтеріліуі сияқты дерттерге аса шипалы. Оны көпке созылып, асқынып кеткен жарақатқа да жағуға болады. Соған орай болды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатыны туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз. Бұл тәсілдерді ата-бабаларымыз әлимсақтан бері пайдаланған.

Көп ескере бермейтін осындай пайдалы емдік жүйенің халық арасында кең қолдануы, денсаулыққа зиянды химиялық дәрі-дәрмектен құтылудың таза жолы болары анық.

 

 

  

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерліктің ғұламасы

 

Мақсұтбаева Гүлмира

Халықаралық дәрежелі және Қр «Кәсіби»халық емшісі.

Алматы қ. 

Егер халқымыздың өткен тарихына ғылыми көзқараспен зерделей мән берсек, көптеген тарихи құнды мұраларымыздан айырылғандығы толық айқындалады. Мәселен, қазақ  елінің тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз жаңа  ғұлама     ғалымдар қатарына ХV ғасырдың қараүзген шипагер-ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485)  есімі де енді. Оның «Шипагерлік баянында» шипагерлік дәстүр мен үрдісі тарихының жаңа белесіне  жол ашылды. Ө.Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік баяны» кітабын  жазуына біріншіден, сол заманның ханының оң қол уәзірі Жиренше шешенмен таныстығы; екіншіден,  хан әз Жәнбектің оның сауатты жауабына риза болуынан;  үшіншіден, сегіз жасынан бастап әкесі Тілеуқабыл емшіден білгені мен халқынан естігені, көргені, жазып алғаны; төртіншіден, өз іс-тәжірибесінің  нәтижелері көрсеткіші; бесіншіден, Шығыс пен Орта Азия ғұламаларының еңбектерінің ықпалы; алтыншыдан, өзінің халқы мен отанына және ғылымға деген адалдығынан  болды деп қараған жөн.

Алып медициналық энциклопедиялық еңбек:  «Тұрлаулар» деген кіріпеден және «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдылығы» деген  үш бөлімнен құралған.

       Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы әртүрлі дәрі - дәрмек түрін дәрілік өсімдік пен  жан-жануар мүшелері және металл-металоидтар қоспасынан жасаған.

Шипагер науқас адамдарға  арнап 1050 түрлі шипа ем аты және 4577 шипалық дәрілік емдік тізбесін ұсынады және  430-дан аса адамның сыртқы және ішкі денесінің анатомиялық тұлғалық атауын жазып қалдырған.       

Қараүзген шипагер өзінің “Шипагерлік баянын” жазарда ғылыми шипагерлікті негізгі арқау етіп алғанымен, тіл, діни тәрбие, мәдениет, әдебиет, тарихи шежіре, этнография, эстетика, этика, философия, психология, астрономия, заң, метерология, математика, анатомия мен физиология, фармацевтика т.б. ғылымдар саласын бір арнаға топтастырып, адам денсаулығын жақсартып дамытудың негізгі іліміне пайдалану мүмкіндігін, ұлттық этникалық стилді сақтай отырып ұсына білді.

Миллиардтаған қытай халқы ғалымдарының қазақ шипагері іліміне ірі ғылыми баға беріп құрметтеуі, ұлттық шипагерлік дәстүріміздің теориялық және мәдени-тарихи тұрғысынан биік мәртебесін көрсетеді.

Расында, «Шипагерлік баян» туралы, бұл еңбекті жазған ғұлама туралы ғылыми талдау жасау енді ғана зерттеле бастады. Дегенмен, ғұламаның дүниетанымы мен өнеріне толығырақ сипаттама беру де жөн. «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емші ғана емес, шипагер, ұлы шипагер және ғұлама ғалым. Оны кейінгі ұрпақтар қараүзген шипагер, жаһангер, тарихшы, этнограф, ұстаз, философ, ақын, астроном, тарихшы, биолог, химик, психолог, географ, этика мен моральдің асқақ білгірі деп есептеуде. Өтейбойдақтай дананы түсіну өте қажет, әрі алдымен оның  өзіндік себептері мен жауаптары да табылады.   

Шипагерлік жөніндегі анықтамаларды көбейте беруге болады. Қараүзген шипагер емшіліктің көптеген жаңа түрлері мен заңдылығын ашты. Шипагерліктің маңызын толық бағалау үшін еуропалық медициналық білім мен тәжірибені білу жеткіліксіз, оны шығыстық (қытай және тибет) тәжірибемен толықтыру арқылы анықтаса оның берері мол.

Халықтың шипагерлік дәстүрлері мен мәдениетін дамытуда ғұлама шипагер оны ғылыми жағынан дала тәжірибеханасында сынақтан өткізуде, өзінің ар-намысына айтылған кекесін сөз бен әрекеттерге мойымай,  өлген адамның денесін боршалап, Омбыда тірі түлкінің терісін сыпырып алып, ал Шалкөде де тірі қойдың басына таспен ұрып өлгенін көріп немесе қойдың кеудесін пышақпен тірідей жарып жүрегін жұлып алу арқылы жүрек, ми, қан тамырлары қызметінің өзара қатынасындағы тіршілік иесінің өмір сүруіне байланысын зерттеп өз тұжырымдамасын жасайды. Осындай нақтылы талдамаларды шипагердің «Шипагерлік баян» еңбегінен көптеп кездестіруге болады. Қысқасы, саралай келе біз Ө. Тілеуқабылұлының бұл ғұмырнамалық еңбегін толық ғылыми  зерттеуге енгізіп, арнайы медициналық білім беретін  және емшілік жүйесін дайындайтын орындарда оқулық ретінде пайдаланса, одан ұтарымыздың молдығын аңғаруға болады. Осыдан бес ғасыр бұрын жазылған мұндай ғұламалық еңбек тек қана халық емшілерінің мақтанышы емес, бүкіл қазақтың медицина және т.б. ғылымдарының алғаш негізін қалағандығын көрсетеді. Осыған қарап-ақ, ұлы бабаның дара еңбегінің халық шипагерлігінің негізін ғана емес, ғылыми медицинаның негізіне толық жол ашқандығын көрсетеді. Бұл да шипагердің ғұламалығын білдіреді.