Научно теоретические материалы VI Международного конгресса
"КАЗАХСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЦЕЛИТЕЛЬ ОТЕЙБОЙДАК ТЛЕУКАБЫЛУЛЫ"
9
Қан алу және алмасымдар туралы
Ибраева Күмісжан
Шығыс медицинасының магистрі.
Астана қ.
Сонау XV ғасырда қазақтың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жылдық мезгілдік өзгерістерге байланысты, адамның денесіндегі қанының құрамы да өзгеріп тұратындығы жөнінде тоқталады. Көктемде жер қуаттанғанда, ағаш гүлдегенде және жылылық тараған кезде адамның да қанының тасып өзгеріске ұшырайтындығын алмасымдар заңдылығы деп түсіндіреді. Бұл жүйе Алланың әмірімен қараңғылықтан жарықтыққа және суықтықтан ыстықтыққа ауысымдық табатыны айтылады. Сондықтан «Ақ жардың қарны жарылды» делінбек. Күз қысқы қыспақтан сақтауға атсалысып, жарылқаушы болмақ. Уағы болғанда, қысқалы қыс көктемнің орнын өгейсітпейді. Міне, бұл – мезгілдік, ұйқаштық алмасым. Алмасымның алтылық уақ мезгілдік түрі бар.
Алмасымдар мезгілдік алмасым, уақтық алмасым, қандық алмасым, әужалдық алмасым, сырқаттық алмасым, дарымдаулық алмасым болып бөлінбегі шарт. Бірақ бұлар өзара тоғыспалы болғандықтан, осы арада ажыралысын көрсетіп, жалпы беткей кідірмеулік шижалмалық шарт болмақ (Ш.Б. 97 бет.).
Көктемде қан су тасқынымен қоса тасиды. Өйткені көкпен бірге пенденің қаны да көктеп көбейеді. Жаңаланады. Сондықтан қанның қара қоқырларын алып тастау парыздығын ғұлама түсіндіреді. Бұлай істелмесе, қанда бұзылыс болады. Артық тасымалдық қандар көтеріледі. Осының себебінен қан құтырады. Осыған байланысты қан алуда қандамалық шаппа, шабақтама, төңкерме, шаншымал, атқыма әдісі арқылы ертеде жүзеге асырылған. Артық ауыз кеткен ілгерідегі қанның орнын көктемдегі уызды жас қан толтырады. Бірақ қанды алмақ оңай болғанымен тоқтату қиын. Сол үшін қанды тоқтату шарттарын толық білген соң ғана, қан алуды баба ескертеді. Қан алғанда шабақтама, төңкерме, кезінде қанды сарысу мен аздап арам қан шығады да, қандағы қарақоңырлық уыт азаяды. Соның әсерінен сөлдік уыттығы қайтатыны жөнінде айтылады. Жылдық мезгілдің өзгерісіне қарай қанның құрамы күз мезгілінде толысқан кезі болып есептелінеді. Күз бен көктемде тыныстық мезгілдер құбылмалы, өзгермелі, ұйытқымалы келеді. Сол үшін мезгілдік өзгерісті байқап соған сай киім кию қажеттігі айтыла келе: «Сақтансаң сақтаймын», - деген Алла Тағаланың ескертпесін де еске түсіреді. Қараңғылық пен жарық, көктем мен жаз, жаз бен күз, күз бен қыс, қыс пен көктемммезгілдің ауысуын алты уақыттық ауысым деп шипагер есептеген. Ал енді бітімдік алмасымдар жөнінде шипагер әр адамда пенделік пен несіптік ризығы Алладан, ауысу мен алмасу арқылы болатынына тоқталады. Аллалық несібелі шешілмелі алмасым құбылысымен толықтырылатын несіптік оризықтық толымдар өзара байланыста болады дейді. Немесе, жарықтық алмасым қимыл-қарекеттік болса, ал қараңғылық алмасым тыныштық, демалыстық мезгіл деп есептеген. Сондықтан да «Көктем – жіңішкенің үзіліп, жуанның жіңішкерген кезі», «Ұзын сары келгенде жеу несіп болмақ», - дейтін аталы сөзді де жылдық мезгілдік аллмасымның өзгеруіне қолданған. Бұған дәлел: Көктем көктетті, әлденбек шарт,
Жаз жадыратты, сөлденбек шарт.
Күз күтімдік, шелденбек шарт.
Қыс қытығымырлық жиналғы, көрленбек шарт, - деген даналық сөзді қадап айтып түсіндіреді.
Менің өзімнің негізгі емшілік жұмысымның негізгі емдеу әдіс-тәсілдері төбеде, қарқұста, екі шекеде қан алатын нүктелер арқылы қан аламын. Қан алу арқылы нерв ауруларын, қол-аяқтың күрделі ауруларына, шиқан, қан қысымының көтерілуі сияқты сырқаттарға қан алу арқылы көмек етіп келемін. Мәселен, желқұз бастан өтсе, бас ауырады. Етпен тердің арасына өтсе, шаншу пайда болады. Содан адам шойылып, құяң ауруына ұшырайды. Осының салдарынан денеде сарысу жиналып, шор пайда болады. Мұндай ауруды жазудың ең тиімді әдісі – банка салу. Бұл тәсіл арқылы денедегі желді айдауға, ет пен тердің арасындағы сарысуды тартып алуға, қанның қалыпты жүрісін сақтауға мүмкіндік болады. Қан алу - өте сақтықпен жүргізілетін, асқан шеберлікті керек ететін нәзік жұмыс. Мен шипагердің «Шипагерлік баяның» оқып отырып өте таң қалдым. Біз осы бабаның салған сара жолымен ем жасап, қан алып келеді екенбіз.
Шипагер қанды сары қан, арам қан, іріңді қан және таза қан деп төрт түрге бөле отырып, әрқайсысына жеке-жеке емдік жүйені ойлап тапқан. Шипагер сөлдердің рөлі жөнінде тоқталады. Қан сөлі мен жан сөлі болады. Ол тұлғалық бітістікті іркіліксіз тұтас шыр айналып, тіршіліктің өмірін сақтайды. Шипагерлік пірі – без. Без барлық мүшенің қызметін басқарып тұратындықтан да, қан сөлі мен без сөлі – пенделік, тұлғалық тұтас сөлдің ата-анасы деп тұжырым жасайды. Кемеңгер емшінің жоғарыдағы ой-толғамдарынан халқымыздың шипагерлік өнері, сонау XV ғасырда-ақ осы Ұлы емшінің еңбегінің нәтижесінде ғылыми медициналық дәрежеге жеткенін көре аламыз. Дала ойшылының қан мен мезгілдік өзгерістер жөніндегі ой-толғамдары, бүгінгі халық емшілерінің осы сала бойынша атқарып жатқан шипалық қызметтеріне басты құрал болары анық.
Емнің шипасының қонуы
Ибрагимова Балқаш
Рухани сауықтырушы
ОҚО. Қазығұрт.
Жаратушыға және өзіне деген сенім ол емделушінің шипасының тез қонуына әсері мол. Өлімнен басқа әр қандай аурудың оның ауыр және жеңіліне қарамастан оларға шипасы барлығы жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадистерінде айтылған. Бірде Мұса (с.ғ.) айтыпты: “Ия, раббым, ауруды жаратқан ауруды сауықтырар кім?” – депті. Алла айтыпты: “Ол екеуінде жаратқан менмін”. Мұса (с.ғ.): “Ол халде тәуіптік, дәрігерлікте не мұқтаждық бар?” Алла Тағала: “Ол шифа үшін жаратқандарымның себептерін біледі, және құлдарыма береді. Мен де оларға бұл жолдан ырыздық, сауап беремін”, - деп бұйырды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): “Әй, алланың құлдары, емделіңдер, емделулерің керек. Алланың жаратқан әр аурулары үшін міндетті бір шифа немесе дауа жаратты деген екен.
Осындай жолдармен емделетін болса Алла тағала шифа береді. Дұға деген не? Алла тағала хазіретінен жәрдем тілеу. Дұға дегеніміз шынайы көңілмен беріліп емделу жолы. Физикалық денедегі ауруды рухани дене арқылы түзетуді дұға деп айтуға болады. Дұға деген аурудың көңілін көтеріп, органикалық рухаттықты пайда болдырады, майданға келтіреді, солай тыныштық табады, ауру адамдардың жылдам жазылуына жәрдемдеседі. Дұғаның қабылдануына иланбақ шарт. Бұл туралы Алла тағала Бахара сүресінде “Маған дұға еткендердің дұғасын қабыл етемін”. Ол халде: “Дұға етіп едім қабыл болмады”, деу дұрыс емес. Дұғаның қабыл етілмегендігінде бір себебі бар. Сондықтан Алла тағала құлдарының іс-әрекеттерін қаза және қадырына байланысты қабыл етеді. Дұға дегеніміздің барлығы қабыл болады. Дұға еткен биік бір күнәсіне кінәрат өтем болады. Дұға еткен адам ешқашан үмітсіздікке, зерігушілікке түспейді. Бір сөзділік, адалдылық, тұрақтылық дұға істеу керек. Ауруға оқып рухты қуаттандырғанда зауал болып есептелінетін уақыттың зияндылығы болмайды.
Айша апамыз айтқан: “Мұхаммед (с.ғ.с.) ауырғанда өзіне Ықылас, Нас, Фалақ сүрелерін оқып, сол кезде ауырған жерін сол қолымен басатын”. Алла тағала айтқан.
Әр кезде алхамдуллиахи де. Емдеу, ишара беру алла тағаланың хазіретінде. Ауруға шифа беру, ем қолдану және өзіңді-өзің емдеу Алланың тағдырына байланысты.
Ауру адамның байқайтын ережелері: аурудың жазылуы тек қана алланың әмірінен болатынын білу. Ауру адам жазылу үшін төмендегі ережелерге бағынуы керек. Ауыратын адам құдайдың өзіне шифа беретініне сену. Ауыратын кісі, жазылуын шын ниетпен сұрану, өзінің денсаулығы үшін Құдайға шүкір ету. Дұрыс емес істерден, ойлардан сақ болу. Ауыратын жеріне оң қолын қойып жазылғанын, ойлау.
Әрқашан сырқат адам: “Құдайға шүкір жақсы болып келе жатырмын”, - деген дұрыс.
Сондықтан да, емделушілер көбіне емшіні кінәламай өздерінің емге деген дайындығын дұрыс жолға қоюы, олардың емдік шипаны қонымды алуына зор пайдасы барын ұмытпаған дұрыс.
Целительская достижения
Исмагилов Абдулла
Духовной-целитель
г. Шымкент.
Все мысли сходятся в том, что если у человека мир и покой в душе, то и здоровье и работа у него спорятся, и мир оборачивается только светлой стороной. Но если происходит дискомфорт в здоровье и делах, то тут необходима помощь психолога.
Я духовный целитель – психолог. В своей работе применяю дифференцированный подход к каждому ребенку и взрослому. Лечу словом, молитвой до тех пор, пока больной не будет излечим. Я знаю в своих молитвах только одно: что человеческий дух – гораздо сильнее, это мощное начало, чем мы в своей жизни привыкли считать.
Сегодня очень много людей страдают психическими болезнями. У человека с психическим заболеванием воля часто находится в состоянии неуправляемом, и внутренне стать в позицию глубочайшей открытости ему труднее, чем человеку с нормальной психикой, но с тяжелым соматическим заболеванием. Однако у людей с более или менее сохранной психикой такого рода исцеление возможно.
В моей работе применяются необходимые особые условия – исцеляющая сила слова и молитва. На практике целительства главное внимание уделяется на оздоровление духовного состояния пациента. Самый действенный метод установление связи со своей Божественной сущностью – это полное расслабление. Для того чтобы соединиться с творческой силой природы, прежде всего необходимо отпустить все мысли о постороннем и расслабиться. Секрет заключается в том, что успокоив свои мысли, мой пациент подключает свое сознание в Высшее Поле, и вводит свои желания через молитву Высшей Силы.
Цель моей работы заключается в том, чтобы каждый пациент смог легко расстаться со всеми негативными мыслями, явлениями, чтобы человек сделал осознанный выбор между добром и злом. Применяю метод коррекции нарушения энергетического поля больного, снятия энергоинформационной блокировки, устраняю воздействие отрицательной энергии, читаю молитвы из Корана. Использую другие способы для успокоения нервного состояния больного, провожу дополнительные сеансы. Советую применять фитотерапию и водносолевые ванны, воздушные ванны для успокоения нервной системы пациента.
Моя задача состоит в том, чтобы облегчить страдания больного. Продлить жизнь.
Увидеть в глазах пациента уверенность и веру в себя. Чтобы каждый человек почувствовал в себе силу - силу и веру в себя. Страдания не очищает, очищает радость, смех и любовь. Это является и доказательство большая лечебная достижения целителей.
Ағаштың да киесі бар
Иманбаева Алтын
Журналист-емші, Қазақ радиосы.
Алматы қаласы.
Ислам діні біздің елімізге келмей тұрғанда бабаларымыз отқа, суға, күн мен айға табынғаны баршамызға белгілі.
Киелі Құранда Аллаға серік қосуға болмайтыны жайлы көп айтады. Әйтсе де қазақи ырымға сенген халқымыз генетикамызда жазылып қалған информацияға орай осындай сенімдерді әлі күнге дейін ескеріп отыратыны бар. Жылдап қалыптасқан ұғымды бір күнде жойып жіберу де қиынның қиыны. Осыған орай “жапанда өскен жалғыз ағаштың киесі болады, оған тиісуге болмайды” деп әжелеріміздің айтып отыратыны есіме түсіп отыр.. Осы жайлы болған оқиғаны айта отырсам деймін.” Әлемде талай қызық бар” дегендей, он сегіз мың ғаламның құпиясын бір Алла ғана білетіндіктен, біздікі тек болжам болса керек.
Бірде Жаркент жеріне үлкен жазушының тойына бардық. Сонда “осы жерде қасиетті жер бар “ -деп әкімшілік бізді Әулие ағашқа апарды.
Ертеде соғыс кезінде осы маңның адамдарын қотыр басып кеткенде жалғыз ағаштың түбінен шығып тұратын қоңырқай сұйық затты қотырға жақса тез жазылып кетеді екен.”- деседі жергілікті тұрғындар.
Әулие ағаш кезінде жалғыз болғанмен кейінірек маңайына айнала тал өскеннен киіз үй сияқты әсер береді. Өйткені талдардың ұшар басы әулие ағашқа иіліп қосылып киіз үйдің шаңырағын құраған тәрізді. .Әрі сол жерге шырақшының үйін салыпты. Жергілікті тұрғындар сол жерге қонып, бұлағынан су ішіп демалады екен. Менің сол сапарда бар білгенім осы. Мүмкін адамдар қатты сенгеннен кейін де емге дауа таба ма екен?... Ол жағын бір Аалла ғана біледі.
Ал енді бір жағдай Алматы маңындағы Ұзынағаш ауданына қарасты “Ақтерек” ауылында болыпты. Аулада өскен кәрі теректің басына қарға ұя салып, қарқылдап маза бермеген соң сол үйдің қартаң әйелі көршісіне “осы ағашты кесіп тасташы” дегенмен жас жігіт қолын кесіп алады да “бұл ағаш киелі, кескім келмейді” деп кетіп қалады. Содан ақыры ойға келген соң тағы екі жігітті шақырып теректі кескізе бастайды. Ағашты әрі қарай құлатуға әзір болғанда әлгі әйел есіктен шыға келеді. Әрі құлайтын ағаш бері құлап жаңағы кісінің басын жарады, содан ол тіл тартпай кетеді. Жанындағы немересіне түк болмайды. Содан ағашты кес деген әжей о дүниеге аттанып кетеді. Бұның сыры не? Белгісіз...
Тағы бір ағаш жайлы естігенімді айтайын.
Алматыдағы Максим Горький атындағы парктің маңындағы бір үйде үлкен қарағай өсіп тұр екен. Иесі бұтағын кессе қан сияқты сұйық зат аға жөнеледі. Сәл сескеніп қалған ол өз ісімен айналысып балтамен ағаш шауып жатқанда бармағының жартысын шауып алады. Содан бармағы бір жылға дейін бітпей әрең жазыла бастайды. Бір күні ағаштың түбінде ойнаған балалар доппен ойнап жүріп тағы бір бұтағын сындырып алады. Қараса тағы да қан сияқты сұйық тамып тұр екен. “Не де болса бір қасиет болды ғой” деп үй иесі ауыратын бармағына жақса, тез жазылып кетеді.- Ал бұл не ағаш болды екен?- деп шатырға шығып қараса , ағаштың ұшар басында самсаған тағаның ілініп тұрғанын байқайды. Ал енді бұны қалай түсінуге болады?
Бұл көп мысалдың бірі ғана. Мүмкін жалғыз ағаштың түбінде қасиетті адамның бейіті болды ма, неліктен адамдарға әсері болды.? Ол жағы біз үшін жұмбақ. “Ал адам түгел ағаштың да киесі болады” деп айтатын үлкендердің сөзіне жүгінсек, адамның назасы да кейде көрініс беріп жататын кезі болады.
Сондықтан барды бағалап, бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық,, ағайын!
Что такое духовное целительство?
Кабдолла Камарайым
проф. Народный целитель.
г. Астана.
На этот вопрос невозможно ответить однозначно. Это необъяснимое, необъятное, величественное, могучая сила – Аллах. Во время целительства сунной-молитвами из Корана, мы обращаемся к Всевышнему, и в его воле помочь рабу своему, пастве пророка Мухаммада /с.ғ.с./. Ибо он сказал: «Если ниспошлю сто болезней, девяносто девять из них может исцелить человек а сотую – смерть в моей власти».
Так же результат исцеления зависит во многом от самого больного и т.п. он точно должен знать зачем он обращается к целителю, что ему нужно и насколько это им заслужено. Ибо любая болезнь дается человеку в целях воспитания, а не наказания т.к. душа в этот мир приходит для усовершенствования. Во время целительства мы создаем союз троиственный, больной со своими желаниями – целитель с молитвами – Всевышний исполнением. Таким образом во время целительства создается гармония Души – Тела и Ума.
Человек бывает здоров только в этом случае. Молитвы на арабском языке слушает душа, которая до рождения человека жила-была рядом с Всевышним, именно она слушает и понимает, что они означают, тело прислушивается и ощущает боль, покалывание, онемение, слезы, смех, сон. Умом человек понимает что, где происходит. Ибо во время лечения работают семь нот, семь цветов, у каждой из них свои ганры, слой ауры и определенно обслуживаемые органы. Духовное целительство работает на первопричину, астральное, ментальное тела, потом только на его следствие – болезнь физического тела. У духовного целителя во время чтения молитв должен преобладать сиренево-фиолетовый цвет ауры. Это цвет общения с седьмым измерением. Пророк говорил: лечите Кораном, кровопускнием, можно прижиганием, но прижигание не одобряю. Молитвотерапия очень хорошо снимает сглаз, порчу, проклятия. Молитвой хорошо делать инкарнационные, родовые, личностные отсечения, снять блоки по чакрам. Работать на общее восстановление организма, т.к. человек одно целое от корней волос до ногтей, и его нельзя рассматривать по отдельности. Во время восстоновления человека работает каждая клетка в его теле, пятнадцать километров т.е. триста шестьдесят два нерва, четыреста двадцать суставов и все лимфоузлы. Восстанавливаются инь-янь энергии, пять каналов: один средний по позвоночнику, два среднебоковых по парным органам, два боковых по одиночным органам. Все это работает самостоятельно, после чтения молитв, без прикосновения целителя, по воле пророка Мухаммада /с.ғ.с./ под единым взором Всевышнего. Ибо человек пришедший на молитвотерапию уже ищущий Бога в душе, идущий на шаг впереди других. Люди должны знать, что все любимы Всевышним. Ибо он для нас создал восемнадцать тысяч прекрасного, среди них молитвы через пророка Мухаммада /с.ғ.с./ . Эти молитвы пришли в этот мир почти пятнадцать веков тому назад, когда нас не было. И в одной из них он говорит: «Рабы мои, Божие! Для вас на землю спущу целителей, исцелившись будьте здоровы!». Из всего, что сказано в Коране, мы должны знать насколько мы любимы Творцом, насколько мы связаны между собой всем тем, что он создал для нас. Поэтому духовное целительство – это любовь к Всевышнему, его творению, любовь и сострадание к ближнему, и себе самому. И всему что нас окружает.
В духовном целительстве есть все науки – медицина, физика, химия, геометрия, астрология, парапсихология. Это особый мир и я в нем.
Ө. Тілеуқабылұлының емдеу ілімі – қазақ ұлттық емшілік өнерінің ең биік шыңы
Қалдыбаев Серік
ҚХЕҚ-ның Тараз қалалық филиалының директоры,
дәрігер-емші.
Тараз қ.
Ұлы Жаратушы бүкіл ғаламды алты күнде жаратып, адам баласы мен жан-жануарлар, құстар мен балықтар, түрлі жәндіктердің өмір сүруі үшін бар қажетті нәрсеолерді пайда қылыпты. Алла тағала байтақ Жерді мекен етуге Адам атаны және оның ұрпақтарын жаратты. Адам баласының Жерде еңбек етіп, тіршілік етуге, тынбай ізденіп, қорегін табуға жер асты байлықтарын ашып, игілігіне жаратуға, сол арада өсіп-өніп, ұрпақ жаюға дәрмен – қуат береді. Алла тағала бұл ғаламды адам ақылы жетпейтін ғажайып шеберлікпен, керемет жүйемен, нәзік те ғаламат есеппен жаратқан. Бұл ғалам жұмбаққа толы. Осы жұмбақты шешу үшін адам баласы жаратылғалы бері еңбектенеді, ізденеді. Ұлы Алла адам баласына ойлансын, ізденсін, білсін, тапсын, дүниенің құпиясын ашсын, жаңалықтар жаратсын, оны өмірінде, тұрмысында пайдалансын деп ақыл, парасат, талғам, ой, қайрат, жігер берген. Адам баласы ұдайы ізденеді, сол ізденудің арқасында неше түрлі ғылым түрлерін жаратты, әлем сырларын ашты. Дүниеде қаншама ұлт пен ұлыстар бар. Солардың арасынан аты әлемге мәшһүр талай ғұлама ойшылдар, талантты ғалымдар шыққан. Адамзат ойының алыптары – Аристотель, Сократ, Платон, Архимед, Конфуций, аль Фараби, Ибн Сина, Бируний, аль Хорезмий, Ұлықбек сияқты ғұлама ойшылдар – адамзат өркениетінің мақтанышы. Бұл ғалымдар түрлі ғылым салаларын зерттеп, ғажайып жаңалықтар ашып, артында өшпес мұра, із қалдырды. Сондай ұлы тұлғалардың бірі – қасиетті қазақ топырағының тумасы, төл перзентіміз, «Шипагерлік баян» кітабының авторы, белгілі емші, ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы.
XIV-XV ғасырларда жер жәннаты Жетісуда жасап, мазмұны терең, жан-жақты медициналық білім, ұғым түсінікке бай қолжазба еңбек жазғаны – еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін белгілі болып отыр.
Ғұлама өз бойындағы қабілет – қарымын, білім – танымын жетілдіре отырып, қазақ жерін аралап, дәлірек өсімдіктерді, шөптерді зерттеп, тани жүріп, адамдардың дертіне ем іздеген.
Ғұлама өз кітабында ғылымның түрлі салаларынан ақпарат береді. Бұл оның жан-жақты білім иесі екендігін айқындайды. Терең ойшыл бұл ғылыми рисалда тәнтану (анатомия), физиология, фармацевтикадан ғана мәлімет беріп қоймай, тіл, дін, діл, тарих, шежіре, даналық, жантану, ғарыш, әдет-ғұрып, заң сияқты ғылым түрлерінен аса құнды мәліметтер береді.
Көптеген дәрі-дәрмек түрлерін жасауды, түрлі дәрілік шөптерден, аң, жан-жануарлардың мүшелерінен, металл тектес, қоспалардан пайдаланған. Ауруларды емдеу жолдарын, дәріні қолдану тәсілдерін, түрлі адам ағзаларының атауларын жазып қалдыруы – оның табиғи дарынды емші екендігін көрсетеді.
Қазіргі медицина ғылымындағы біраз терминдердің ұлттық қазақи баламаларын ұлы ғұламаның кітабынан алуға болатынын көп ғалымдар мақұлдап отыр.
Бұл ғылыми мұра – қазақ халқының XV ғасырдың өзінде-ақ ұлттық емшілік өнерінің бастау алып, өркен жайғандығын дәлелдейді.
Халық арасынан Өтейбойдақ Тілеуқабылұлындай ғұлама дарын иесінің шығуы – халқымыз үшін, ғылымымыз үшін үлкен мақтаныш. Біз мұндай ғұламамен төбеміз көкке жеткенше мақтануымыз қажет. Шипагерлік ілімін кең насихаттауымыз тиіс.
Қазіргі ғалымдар бұл кітапты толық зерттеп, ғылыми түсініктемелерін жазып, зерттеп, ондағы айтылған ойларды, тұжырымдарды қазіргі ғылыми жетістіктермен толықтырып, ұлттық медицина ғылымының алытн арқауына, өркен жаяр өзеніне айналдыруымыз керек.
Бұл кітапты оқи отырып, «бізді көшпелі, ғылым-білімнен кенде қалған» деп ғайбаттайтын кейбір өзімшіл жұрттардың дақпыртына тосқауыл табылғанына кәдімгідей қуанасың. Рухың көтеріліп, мәртебең биіктеп, төбең көкке жеткендей болады.
Онда айтылған көп жайларды халық емшілігімен жете ұштастыра отырып, осы салада да терең, тұғырлы жұмыстарды қолға алған жөн.
Ұлы бабамыз жеке басының қамын ойламай, өз өмірін халқы үшін ғылым үшін құрбан еткен. Бұл – нағыз адамгершліктің, азаматтықтың биік үлгісі. Өз еңбегінде: «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ» деп жазған. Ғұлама ғалымның ел-жұрт, халық мүддесін жоғары қойғандығына іштей тәнті болмасыңа шараң жоқ. Туған топырағымыздан шығып, шипагерліктің іргетасын қалаған, ұлы емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың «Шипагерлік баян» еңбегі – ұлтымыздың мерейін асқақтататын, атын танытатын, өлмес, өшпес, таңғажайып мұра.
Көз тиюдің қауіптілігі
Қарабаева Рамзия
Халық медицинасының магистрі.
Шымкент қ.
Біздің халық көңіліне кір сақтамайтын кеңпейіл, ақжарқын, меймандос, қонақшыл әрі үстіне той- томалақ, ойын- сауыққа жақын жүреді. Міне, осындай көп адам бас қосатын жерге еңкейген кәріден бастап еңбектеген балаға дейін барады. “Сұғы бар адам”, “көзі бар кісі” қырықтың бірінен көздесетіні сөзсіз. Ондайда баланың бет-әлпетін көргісі келген адамды немесе болса ту сыртынан көзін қадап, таңырқай сөйлеген кісінің түр-түсін, аты жөнін, тұрағын сол мезетте біліп алған зиян емес. Егер балаға ол адамның көзі тиіп, тіл өтсе, ұзамай тұрғанда, өзіне ұшықтатып немесе үстіндегі киімнің етек- жеңінен кесіп алу керек те, соны түтетіп, баланың тұла бойын айналдыра аластап шығу керек. Бұл әрекеттен беті бері қарамаса, атағы ел- жұртқа аян емші-балгерге көрсетіп, дем салдырып, дұға оқыса тез қайтады.
Ата –бабаларымыз тіл-көз тиюді аса қатерлі, ем қонуы қиын деп ұққандықтан да атын тура айтудан қаймыққан. Көбіне “иттиген” деп астарлап қана сөз ететін болған. Түскен жерін үй орнындай ойып түсетін жайдың оғы тәрізді көз бен тіл, адам өңменінен өткенде, қос жауырынның ортасында алақандай қара дақ қалады. “ Жанары жасындай”, “ Тілі мірдің оғындай” деген теңеу осындай әсерге байланысты айтылған. Халқымыз тіл – көз тиген баланы қасқырдың дене мүшесімен ырымдап емдеген.
Қасқырдың бас сүйегі, жақ тістері, өті, тырнағы, кеңірдегі түрлі кеселге таптырмайтын дәрі. Тәуіптер бала бойындағы тіл, көзді, осы мүшелер арқылы үзілді –кеселді жойып отырған. Әуелі қасқырдың жақ тістерін суға салып қойып, иттиген баланы сол суға шомылдырған. Қасқыр – киелі аң, оның бас сүйектеріндегі қасиетті құрама дәрілер суға тарқап, бала денесінің барлық мүшесіне әсер етеді. Көз арқылы бойға енген биоқуатты тез ығыстыру маңдайға, әсіресе екі қастың ортасына өтін жақса, тіл – көздің өтімділігі тез қайтады. Ал, жас баланың бесігіне қасқырдың тырнағы, киелі құс- үкінің балақ жүнін іліп қойса, ол тіл, көз тиюден ада болады. Сондай – ақ, әркез аман сақтап жүреді. Жер жүзіндегі қандай халықты алыңыз, адам бойынан өрістейтін тіршілік энергиясы биоқуатқа үлкен сақтықпен қарауда. Нақтылап айтсақ, адамға көз тиюдің бүгінгі жастар қатерлі дерт екенін біле бермейді. Үкінің баласындай үлбіреген сәбилерін ел алдында ашық-шашық ұстап, балдай тілін, ерке қылған көпшілікке мақтаныш тұтады. Үйге келе – ақ мұрттай ұшқан сәбиін “суық тиді” деп емханаға апарады. Ал дәрігер жолдастар дене қызуы көтерілгенде көрсетілетін көмек – жәрдемді аямайды. Бірақ, “ көз – тиюдің” құпиясы дәрігердің ем- домына бағынбайды. Ең тиімдісі аузы дуалы діни адамдар мен халық емшілеріне қарату, солар айтқан ақыл – кеңеске жүгіну. Олар дұға оқып, дем салу арқылы бала бойына дарыған бөгде көздің биоқуатын кері қайтарады. Тіл –көзден болған дертті дер кезінде осылай ауыздықтамаса, өлімге ұшыратары сөзсіз...
Адам жұмыр жер иесі, табиғат сол адамзаттың киесі. Табиғат адамға сыйлаған құпия сыры мен асыл қасиеттері өте көп және шексіз. Адам болып жаратылған соң, ауырмайтын жан жоқ, бала да үлкен кісі де. Үлкен адамдар өзі ауырған жерін біліп ем іздейді. Жас бала болса оны айтып жеткізе алмайды ғой. Жас баланы тіл көзден аман ұстауға ата-бабаларымыз өте көп мән берген. Көбіне иттенген деп астарлап қана айтқан. Көз түскен жерін үй орнындай ойып түсетін жайдың оғы тәрізді көз бен тіл адам өнменінен өткенде қос жауырынның ортасында алақандай қара дақ немесе көз-сұқ қадалып тұрады. Халқымыз көз тиген баланы емшілерге барып дем салдырып ем-домдарын жаттатып жатады. Жас баланың бесігіне үкі тағып, оны көз тиюден сақтайды деп ырымдайды. Небір аузы дуалы емші апа-аталарымыз адам бойындағы қуат, оның сақтап қабілетін күшейтіп қорғаныс күш, бір амалы, тіфә-тіфә, тілім тасқа тіл көзден аман болсын» деп айту керек. Көз тигенді кетіру үшін ағашқа мақта орап, оны майға майлап, Құран аяттарын оқи отырып «көш, көш» деп ауруды үш қайтара айналдыра, адам аяғы баспайтын жерге тастау керек. От, шырақ әсіресе Құранның қасиетті сөздері кері қуатты аластап сорып әкетеді. Бұл әлі ғылымда дәлелденбегендіктен де, оның ғылыми емі де жоқ. Тек қана халықтық емдік жүйесі бойынша емдеумен жүзеге асуда. Осыған байланысты әр адам көз тиюден құтқарудың жолын жекелей іздестірсе артықтық етпейді.
Ө. Тілеуқабылұлы - ұлағатты ұстаз
Қазиева Қойсын
ҚХЕҚ-ның Батыс Қазақстан обл.
филиалының директоры.
Орал қ.
Атам қазақ арайлап атқан таңнан күн батқанға дейін кішісі «Ассалаймағалейкум» деп сәлем беріп, үлкені «Уағалейкум» деп бір-біріне «Алланың нұры жаусын» тілеп, мына жарық дүниенің сан ғасырын бастан өткеріп келе жатқан түркі тілді, ислам дінді, іргесі берік, ырғысы мол халық. «Әр заманның өзінің ғалымы, әр заманның өзінің құралы бар» деп Құран аятында айтылғандай, дініміздің мөлдір де тұнық қайнарынан еркін сусындап, халқына даналықпен, мейіріммен, сырлы да, нұрлы, сырбаз да сұлу іс-тіршілігмен, бүкіл болмысымен үлгі өнеге болып жүрген емшілік өнерінің асқан шебері, ұстазым академик Зиядан қажы Қожалымов туралы сыр шертпекпін.
«Исламды дін тұтқан, Мұхаммедті пір тұтқан», «Алланың құлымын, Мұхаммедтің үмбетімін, Шалдиярдың досымын» деп алдымен медреседе діни білім алып, терең біліммен іс-әрекет жасап жүрген жүрегінде иман кәлимасы берік орнаған ұстазым академик Зиядан қажы өзі басқарып отырған Қазақстан халық емшілері қауымдастығының алтын тұғыры бола білді. «Адамзатқа қызмет істеудің ең жоғарғысы – адамдарға рухани білім беру, имандылыққа жетелеу, жақсы істерге тарту», - деп хадисінде сүйікті пайғамбарымыз айтқандай, ислам діні әр адамның бойы мен ойын, тәні мен жанын ізгілікке, бірлікке, тазалыққа, пәктікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Тақуа ғалым академик Зиядан қажы жандүниесіндегі және рухындағы жарқыраған қасиеттермен ешқашан өшпейтін ғылыми еңбектерін жазды. Кімде кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым іздеушігнің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде ғалымға көктегілер, жердегілер тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді. Қарапайым мұсылманнан ғалымның артықшылығы, айдың басқа жұлдызөдан артықшылығындай. Әлбетте, ғұламалар пайғамбарлардың мұрагерлері, пайғамбарлар мұраға динар немесе дихрам қалдырған жоқ, ғылымды мұраға қалдырды. Кім де кім Пайғамбардың (с.ғ.с.) мирасын алса, мол үлесті алған болады деп Мұхаммед пайғамбарымыз хадисінде ғалым адамның алар орнының биік мекенің көрсеткен. Тағы бір хадисінде «Жер жүзіндегі ғылымдар жол т абады. Жұлдыздар сөнсе, жолаушылардың адасуы ықтимал , - деп құлшылық істеудің жеңіл, әрі оңай жолын айтсам – ол ойшылық және мәрт мінездік», «Адамның сұлулығы – оның сөйлеген сөзінен білінеді», «Дүниені тәрк ету тән мен жанды тыныштандырады», «Маңдайы жарқыраған, қол мен аяғында білезігі бар» деп әрдайым тахаратпен жүретін тақуа адамдардың жұмаққа бірінші шақырылатынын айтқан. Аллаһтың Елшісі қатты көңілі қалып, ренжіген адамына: «Мынаған сонша не болды?» Маңдайын шаң басқыр екен өзі» - дейді екен. Ал «Маңдайын шаң бассын» деген сөзі кез келген жерде жүріп, намаз оқып, маңдайы жерге тиіп жатсын деген тілегі екен.
1991 жылдың желтоқсан айының 22 жұлдызында құрылған Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті академик Зиядан қажы Қожалымов халқына қайырымдылық пен рухани сауықтыру қызметімен еліміздің ризашылығына бөленіп, халықтың батасын алып жүрген ұлағатты ұстаз. Аллаһтың елшісі, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын: «Қашан үмметім білімді үлкендерден алғандарында қайырлы болады, ал қашан оны кішкентайларынан алғанда, білім олардан кетеді» - деген. Осы қауымдастықта ата-бабадан текті қасиет қонған бүгінгі емшілер, бақсы-балгерлер, тәуіптер, сынықшылар, көріпкелдер т.б. өз қасиеттерін көрсетіп абыроймен еңбек етіп халыққа қызмет істеуде. Адалдықпен, көрегендікпен өзі басқарып отырған қауымдастықтың басшысы академик Зиядан қажы ата-бабаның киелі қасиеттерінің өшкен отын жақты, өлген өнерін тірілтіп, өзінің жан жақты білімділігін, дарындылығын дүние жүзіне мойындатты. Қазақ халық емшілігінің алтын қорына айналған XV ғасырдың ғұлама ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұылының «Шипагерлік Баян» еңбегңн зерттеп жүрген ғалымдардың бірі Зиядан қажы бес жарым ғасырдан кейін «өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды» деп осы еңбекке жоғары баға берді. Еліміздің гүлденген ел болуына «Шипагерлік баянның» мәнінің зор екенін дәлелдей айтты.
Алдымен емдер алдында «бисмилла» деп тамыр ұстап «менің қолым емес, Лұқман Хакімнің қолы» деп мың жасаған Лұқман Хакім ілімінен сусындап, тәлім алған Өтейбойдақ баба саналы ғұмырын ақырғы демі біткенше «Шипагерлік баянын» жазуға арнаған.
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ қайтса дәулет құралмаған.
Басыңа таудай ауыр қайғы түссе,
Несібі жазып қойған бір Алладан, - деп өмір сырын терең түсінген ғұлама ғалым Өтейбойдақ баба «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ.» деген көрегендік сөздерін артында қалдырған. «Шипагерлік баян» еңбегінде емдік шөптерден дәрі жасаудың жолдары, сондай-ақ, шипалық қасиеті бар асыл тастар, өсімдіктер, жануарлардың мүшелері, металлдар т.б. тізімі берілген. Даналық сөздері, өсиеттері де Отанды сүюге, дос-туыс, отбасың адалдыққа баулиды, «ақ жүр, адал сөйле, таза бол, сонда бақытқа жетесің» деп насихаттайды.
Ұстазым Зиядан қажыға және барлық емші әріптестеріме еңбектеріне табыс тілеймін. Сүйікті пайғамбарымыздың осы дүниеде салып кеткен сара жолымен жүріп, ал ахиретте оның шапағатына ие болуды Аллаһым бәрімізге нәсіп еткей.
Исцеляющая сила религии
Кандаурова Наталья Анатольевна
Мастер Рейки, космоэнергет
Президент Центра Духовного Развития, академик АНЦК
г. Алматы.
С древних времен люди во всех местах Земли обращали внимание на изменение состояния здоровья тела и души в местах энергетических источников, возле храмов и намоленных мест. И по сей день, люди совершают паломничества в Мекку, к пирамидам, к источникам, то есть в места энергетической силы. В течении 10 лет посещаю такие места и в Казахстане, и в других странах мира.
С гордостью хочу отметить, что Казахстан – это страна, которая насыщена такими местами: Арыстан-баба, Айша-биби, 40 ангелов, св. Анастасия, св. Савелий, Укаш-ата, Бес-ата и многие другие. Во время совершения такого путешествия происходит коррекция тонких тел человека, снимаются наложенные негативные программы.
Совместно с международной ассоциацией Фэн-шуй в Казахстане, под руководством Бодрова А. В., мы проводим серию экспериментов по изменению состояния людей после посещения энергетически сильных мест. Шли замеры по энергоканалам пациентов по методу доктора Фоля. Результаты нас приятно ошеломили. Шло мощное поднятие общей энергетики, снимались болевые ощущения, стабилизировалось давление, и в целом – изменение сознания и отношения к себе, к жизни. По возвращении домой начинают происходить изменения в жизни, о которых люди молились в течении путешествия и в местах энергетической силы.
Несмотря на бытующее мнение о том, что Хадж можно совершать только в Мекку и Медину, наша многолетняя практика подтвержденная научными специалистами, показывает, что те люди, которые могут себе позволить такую поездку, вполне могут совершать поездки по святым местам Казахстана и Средней Азии, которые тоже обладают энергией вполне сопоставимой с энергиями Мекки и Медины.
По моим наблюдениям, поездки по сильным энергетическим местам Казахстана и Средней Азии одинаково положительно влияют на людей, принадлежащих разным релегиозным концессиям. Не хотелось бы выглядеть создаетелем новых догматов, поэтому тема открыта для дискуссий. Ведь, как известно «В споре рождается истина».
Діни сенімнің берері мол
Қасымова Шарипа
ҚХЕҚ-ның Шымкент қалалық филиалының директоры.
ОҚО.
Алла Тағаланы тану ол әр мұсылманның иманының белгісі бүкіл он сегіз мың ғаламды жаратушы да, билеуші де немесе жоқтан бар әрі бардан жоқ ететін де Жаратушымыз. Алланың сөзі Құран Кәрімнің аяттарының күштері мен құдіреттерін білу әр адамды бақытқа жетелейді. Алланың ілімі дертке дауа, жанға шипа. Тек қана пайдалана білуде діни ілім, тазалық және зор сенім қажет. Мәселен, кімде-кім ерте тұрып «истиғфар-айтса, ол пенденің ризықсысы мол және өзі күнәдән пәк болады». Қабіріне, туған-туысы қабіріне баруы және намазды жамағатпен бірге оқимын деп мешітке бару өте жақсы. Сол секілді қатты келген ашуға ерік бермей шыдау, келген қазаға сабыр ету, Алла жолында шаһид болып, жан беру де өте жақсы. Күндіз дүние – мал деп жүгіріп түнде ұйқысын қимай ұйықтағандардан сақтаныңдар. Сондықтан салауат айтып, дұға қылса, Алла дұғасын қабыл қылмай қоймайды. Тек ол таза пенде болуы қажет Әлбетте, дұға жасап отырғанда тілі дұғада, көңілі дүниеде болса, онда ол дұға қабыл болмайды. Дұға тілек тілегенде адал тамақ ішу, таза киім кию, әрі дұғадан өзге дүние қамын ойламау шарт.
Намаздан соң кімде-кім құран оқыса, құранның әрбір әрпі үшін 100 сауап жазып, Алла 100 күнәсін кешіреді. Кімде-кім баласын құран оқитын қылса, онда мың қажы қылған сауапты, мың адамды тойдырған сауапты, мың құл азат еткен сауапты, мың рет дін үшін соғыс қылған сауапты береді.
Егер біреу кемтарға сырт киімін берсе, ол пенде ораза ұстап, намаз оқып, қанша сауап тапса, сондай сауапты сол киім тозып біткенше Алла киім бергенге береді.
Бір садаға бар – бірге-бір, бір садаға бар – біріне он, бір садақа бар – біріне- 70, бір садақа бар біріне – 70 мың, бір садақа бір-біріне Алладан басқа ешкім білмес, сансыз бірге бір садағасы зәлім пасықтарға берген беретін садақа-ілім талапкерге, ал санасызы – ғалымдарға, өлген аруақтарға берген садақа. Адам төрт түрлі болады. 1/ қайырымды, 2/ жомарт, 3/ саран, 4/ дүние қоңыз.
1/ Әлбетте, қайырымдылар басқа адамның қажетін береді, Жомарттар сақилық көрсетеді, ал Сараң ешкімге ешнәрсе бермейді, дүние қоңыздар болса, өзі де жемейді, басқаларға да таттырмайды.
Әрқашан қайырымдылық Алладан, Сараңдық пен дүние қоңыздық –Шайтаннан болады.
Адамдардың әрбір істеген іс-әрекеті, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі Алланың бақылауында. Емшіге Алла сыйын артық берген. Бұл жолды түсінбестен жаңылғандар қаншама.
Алланың құдіретіне таң қаласың. Алла нәсіп етіп Қазақстан халық қауымдастық президенті академик Қожалымов Зиядан қажы ағамыз дың арқасында, ел ішінде елеңбей жүрген емшілеріміздің еңбектері бағаланып кеңінен жол ашылып отыр.
Емшілерге айтарым Надан, білімсіз, қызғаншақ молдардан аулақ бол. Олар тура жолды бұзушылар. Азға қанағат қыл.
Еңбекті сүй. Тағамды адалынан же. Сонда жолың ашық болады. Арам жеп, арам іс істеу машақатты болады, оның нәтижесі бұл өмірде де, ол өмірде де өте қиын. Бұдан қаш сонда иманың қуат табады. Біреудің көңілін қалдырма, жолыңда кездесушіні – қуант. Әрдайым қарапайым болайық. Имандылықтың таразысы – ол жеке адамның парасаттылығының, мәдениеттілігінің, адамгершілігінің және тұлғалық қасиетінің басты көрсеткіші болғандықтан да, діни сенімімізді байытуды ұмытпаған жөн.
Қазақ емінің құдіреті
Қапышева Зұлғиза
Шығыс медицинасының магистрі, дәрігер.
Жамбыл облысы.
Жан-жақты білімді емші де, дәрігер де бізге өмір сүру үшін қажет. Бізге сеніп емделуге келген адамдардың сенімінен шығу керек. Жалбыз тікен (алтей). Бұл дәрілік шөп. Бұның емдік қасиеті өте жоғары. Өкпе, қолқа, жүрек, зәр, ұрық бездерін қалпына келтіретін бірден-бір емдік шөп. Құрамында 35 % қоймалжың заттар, 37 % крахмал, 10 %
Сахароза майлар бетвлен деген заттар бар. Алтей қан қысымын реттейтін бірден-бір емдік шөп.
Тас жарған (Бедренец). Қолқа, өкпе жұмысын жақсартады. Асқазан, ішек ауруларын, ұйқы бездерін, ауруды сездірмеу, жүйке тамырларын реттейтін емдік шөп. Құрамында табиғи дүбілдік т.б. Күрделі құрамымен емдік қасиетімен өте күрделі бола тұра белгісіз боп келген шөптердің қатарында.
Қоян шөп – ерекше тез ағзаға әсер ететінімен есте қалады. Буын ауруларын анемияны, суық тиген жерлерді тез емдейді. Құрамында С,В витаминдері , аспарга, каротин, сапониндер, кониферин, глюкозидтер бар. Осы қоян шөп тұралы мынандай аңыз бар. Бір ақсақ аңшы келе жатса, бір қоян тұра қашады. Аңщы дереу атады. Қоян құлап жатып, кеуде жағы тірі жатқаны байқалады. Бірақ шайнаңдап бірдеңе жеп жатыр екен. Бұл не жеп жатыр екен деп, жаңағы жерге келсе, қоян атып тұрып қашып кетеді. Содан қоян жеген шөпті әкеліп өзі де жесе, сөлі мол қышқыл шөп екен. Екі күннен кейін қол-аяғының ауырғаны қойып аяғы қақсамайтын болыпты.
Өгей шөп (мать и мачеха) - өкпе, сүйек, жүрек, асқазан, ішек ауруларына қарай қоспа дайындап пайдалану керек. Құрамында өте көп мөлшерде глюкозидтер бар. Эфир майлары, дүбілдік заттар, инсулин, ашытқы заттар, аскорбин, шырыш қышқылдары каротин бар. Бір пайғамбарымыз келе жатса емші кемпір елді емдеп жатыр екен дейді. Азып-тозып жол жүріп келе жатқан пайғамбарға қарамай, сіз былай тұрыңызшы деп, шапаны жалтылдап тұрған біреуді шақырыпты дейді. Сонда пайғамбар ашуланып, бай деген аз, жәй халық көп, сондықтан сен жай халыққа пайдаң жоқ болса, елдің бәріне пайдалы өгей шөп бол деп бата берген екен. Өгей шөптің екі түрлі болғаны содан екен.
Усарғалдақ – үнемі тері ауруларына пайдаланылады. Қышыма, теміреткі, сүйел, есекжем, желікпе деген түрлі тері ауруларына пайдаланылады. Құрамы: хелидокин, аротинин, холеритин деп аталатын алколойдтар, фаловойдтар, сапониндер, алма және лимон қышқылдары бар. Кейде жұқпалы ішек ауруларына пайдалана аласыз. Бұл улану барысында удың күшін қайтару үшін де пайдаланылады. Усарғалдақ арамшөп есебінде өседі. Кейде егіледі.
У десең де болады улайтұғын, Микробпен денеңде күреседі.
Тазалайды кіріңді су жумайтұғын. Ішектегі құртыңды түсіртеді.
Қотыр, бөрткен бәрін де емдеп жазады. Үш тамшы әрбір кезде қоса берсең.
Бұл бар жерде ауру тұрмайтұғын. Шашыңды әдемі ғып өсіреді.
Әмбебеп усарғалдақ біле білсең,
Қалампыр (гвоздика) – иісі өте нәзік шөп. Қалампырда иісті қасиетінен де басқа, ағза тазалайтын емдік қасиеті бар. Қазақ даласында кең тараған. Біздің ұлтта оны қасиетті дүние есебінде біледі. Жұмақтың шөбі деген де сөз бар. Насыбайға да, шайға да, суға да салған. Үнемі әрбір пайдаланатын затқа қоспа есебінде пайдаланған. Қалампырдың құрамы толық зерттеліп бітпегендіктен құрамын толық айта алмаймыз. Біз білетін құрамы мынандай: аскорбин, сапонин, ашытқылар, алколойдтар. Мүмкіндігі толық зерттеліп, өндіріске қойылмаған бұл шөп қазақ халқы үшін қасиетті болып есептеледі. Кеңінен қолданып бірақ өндіріске қойылмағаны өкінішті. Киелі болмаса неге құрамын зерттей алмаған деген ой келеді.
Тіршілік тамыры (Женьшень) - өте күрделі емдік қасиеті жоғары. Өсімдік женьшень атымен халықтар арасында таралған бұл өсімдік талай аңыздарға, ертегілерге өзек болған. Әсіресе, Тибет, Қытай жерлерінде кеңінен пайдаланылған. Қазақстанда Алтай, Зайсан тауларында кездеседі. Қазіргі заманда женьшень өсірумен айналысып жүрген кәсіпкерлер бар. Дәрілік өсімдікті өсіріп, баптап, емдік қасиетін зерттеп жүрген ғылыми қызметкерлер бар. Табиғатта өте аз кездесетін құрамы күрделі дәрілік шикізат.
Сондықтан халық дастандарында:
Тірі тамыр қаздырып, өлместің суын жасаттым,
Тұлпардың белін суытып, тартпасын да босаттым.
Осындай істер жасаттым, қамын ойлап жасақтың,
Шаршамай талмай жасағын белден-белге асатын.
Торсығына толтырып, өлместің суын бергенмін,
Қалт етпесін қолы деп көздегені мергеннің,
Шешімін тауып ерліктің жемісін ерге тергіздім.
Жаулап алған малдарды кедейлерге бергіздім – деген тұстары жорық кездерінде өте пайдасы тиген. Талай жорықтарда пайдасы тиген өсімдік екені және елдің бәрі сырын-қырын білгенін және қапысыз пайдаланып дәрілік міндетін атқарғанын дастандардан біліп отырмыз. Қазіргі ғылым-ілім дамыған кезде босаңсып, химиялық түйіршіктерге сүйеніп, керемет шипалы өсімдікті елеусіз қалдырғандаймыз. Сондықтан Алла жаратқан дүниені пайдалана білуіміз керек қой деп ойлаймын.
Емдік мәдениетінің үйлестігі
Қожалымова Түймекүл
Әлемдік емші, ҚР кәсіби халық емшісі,
Шығыс және халық медицинасының магистрі.
Алматы қаласы.
Емдеу мәдениетінің жоғары дәрежедегі үйлестігі мен ұтымдылығы халықтық шипагерлік дәстүрдің жетістігінің көрсеткіші болып есептеледі. Қазақ шипагерлері ертеден-ақ, санитарлық - гигиеналық дәстүрлерді ерекше сақтай білген. Бұл гигиеналық дәстүрді сақтамаудан әр түрлі аурулардың пайда болатыны, халықтың арасында оның тез тарап кету қаупі болатыны туралы олар қатал ескертіп отырған. Сондықтан да, ертеден әр бір жеке адам өзінің жеке басының, үйі мен мекен – жайының және ауласының тазалығына айрықша мән берген. Қазақтардың тазалық сақтау жөніндегі іс - қарекетін өз көзімен көрген орыс зерттеушісі А.Н. Краснов (1887) былай дейді: «Ең болмаса дұрыс үйлерде тұрмаса да, жұмасына бір рет шайынып, шомылу, киім – кешектерін жуу оларға тән».
Әсіресе жас сәбилер үшін өте қауіпті көз бен тіл тиюден қорғаныс жолдарын таба біліп қалмастан, одан сақтаудың емдік жолдарында меңгере білуі де емдеу мәдениетінің өзара үйлестігін білдіреді. Халықтың санитарлық - гигиеналық ұғымдары адамның әлем, өмір, табиғат, жан – жануар т.б. мәселелер жөнінде көзқарастарының өзгеріп артуына байланысты жаңарып, мәдени – тұрмыстық қызметі жақсара түсті. Кейінгі кезде «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық медициналық еңбегі арқылы, медицина ғылымы саласына қосқан зор үлесімен ғылым салаларын мойындатқан дала ойшылы, ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерлік емінің мәдени үлгісінің негізін ашқандығы, оның бұл жаңалықтары осы заманғы медицина ғылымының талаптарына ұқсас, сайкес әрі сабақтастығы барын аңғартады.
Бұл қазақтың медицина ғылымының емдеу мәдениетінің үлгісі осыдан бес жарым ғасыр бұрын қаланғандығын айқындай алады. Ғұламаның өзіндік жеке тұжырымдамаларындағы философиялық, психологиялық, медициналық ой талғамдарынан шипагерліктің ем жұйесінің мәдениеттілік стилдерін көптеп аңғаруға болады. Ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емдіктің мәдениетін көтеру тікелей шипагерге тәуелділігіне үлкен талап қоя білгендігін оның: «Шипагер сезімтал, көреген, адам мінезін жетік білетін тәлімгер – тәрбиеші болу керек» - деген ой толғамынан аңғаруға болады. Өтейбойдақ бабаның шипагерлер тобын дарымдаулық және болжампаздық шипагерлер деп екі топқа бөліп, олардың емінің дарымы мен болжамдылығы бойынша жиырмадан асық шипагердің түрін атауы, оның емдеу мәдениетіне қатал әрі жауапты қарап бағалағандығын көрсетеді. Шипагер ұлағатты мәтелдер мен мақалдарды да шипагерлік мәдениетін дамыуда: «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» және «Біреуді табалама «шоқ, шоқ» деп, басыңа келеді деп, шипагерлерге қана емес, жалпы адамға мәдениетті түрде түсіндіреді.
Бұл шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерлік өнерін ұлттық стилдік мәдениетінің негізіне толық ғылыми талаптарға сай бағыт берген философиялық ой иесі және дара тұлға екенін аңғартады. Шипагер Өтейбойдақ баба адамдарды жақсы сөйлеуге, бос сөз айтпауға, батыл мен елпек болуға, корқақ болмай жүректі болуға бағыт беріп, сілтеме жасайды. Шипагердің жақсылық соңында өнер шыңына шығаратынына сеніммен қарау, мәдениеттілікті сақтауға берген нұсқауы деуге болады. Шипагерлік саласындағы ең басты жауапкершілік шипагердің сөздік, ілімдік және мәдени байлығына байланысты, оның шипасы да емделушісіне қонымды болмақ. Шипалық емдеу әдіс – тәсілдерінің қай түрі болса да, емделушінің психологиялық мінез – құлқына, сырқатының түріне, сеніміне, шипагер тапсырмасын орындауына тікелей тәуелді екендігі ғылыми негізде дәлелденген. Адамның биоөрісінің өзгеріске ұшырауы оның дене мүшелерінің қуаттарының әлсіреп, сырқатқа душар болуымен аяқталады. Емдеу мәдениетінің басты көрсеткіші білімділік, сезімталдық, ұйымдастыру мен жауапкершілікке байланысты. Әрине адамның тіршілігінің қайнар бұлағы да, көзі де оның қуаттарының тепе – теңдікте болуы, денсаулықтың қалыптылығын қорғай алады. Шипагердің сапалы қызметі оның емдеу мәдениетінің үйлестігіне, емдеу әдіс – тәсілдеріне және ем алушының сеніміне тікелей байланысты екені де түсінікті.
Қазақ шипагерлігіне жауапкершілікпен қараған дала ойшылы, шипагер Өтейбойдақ баба: «Емшілік – қақалақтың өзін көрмей, мүйізін ғана көргендік. Шипагерлік атауы дұрыс. Өйткені шипа жазады, қонады, дариды, дару болады» - дегені оның ұлттық шипагерлердің білімділігіне, мәдениетіне, қабілетіне арнайы қарағанда ғана емдеу мәдениетін дамытуға болатынын аңғартады. Емдеу дәріден, дәріні қабылдау тәртібінен басталады. Шипагерлер дәрілік өсімдіктердің химиялық және биологиялық қасиеттерін анық білмесе де, жан – жануарлардың мүшелері мен металл – металлоидтардан да емдік дәрі - дәрмектерін жобалай қоспа түрінде жасады. Өлшем бірлігі де жобалық тұрпайы болды. Сырқатты адамға ауруын анықтаған соң шипалық емін жасаған қазақ шипагерлерінің әдіс – тәсілдерін, ХV ғасырда ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы нағыз ғылыми жүйеге қосты. Бұл жетістікті кейінгі ұрпақ бес ғасырдан аса білмеді, көрмеді, естімеді.
Шипагерлік қызметте шипагер мен науқас арасындағы екі жақты сенімділік пен түсіністік ғана емнің шипасының тез қонуын тездетеді. Бұл шипагерлік мәдениетінің үйлестігінің жетістігін білдіреді.