Научно теоретические материалы VI Международного конгресса

"КАЗАХСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЦЕЛИТЕЛЬ ОТЕЙБОЙДАК ТЛЕУКАБЫЛУЛЫ"

13

              На главную       Библиотека       1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17                 

                         На главную       Библиотека       1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17                

 

 

    

«Шипагерлік баянның» берері мол 

Нұрсланбай Кадырхан

Дәрігер.

ҚХР. Шәуешек қ. 

Кейінгі кезде қазақ елі тәуелсіздік алғалы ғылымда жаңа есімдер пайда бола бастады. Солардың ірілерінің бірегейінің бірі XV ғасырдың дала ойшылы, ғалым – шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Шипагердің «Шипагерлік баян» атты медициналық  еңбегі де бес ғасырдан кейін ғана Қытай елінің Текес деген жерінде Нұртай Түменбайұлы деген азамат арқылы таныдық, білдік, қуандық. Сондағы Үрімжілік қазақ ғалымдары бұл еңбекті 1994 жылы кітап етіп шығарды. Одан кейін екі жылдан соң қазақ елінің Алматы қаласында да баспадан шығарғаның естідік. Қараүзген шипагер Ө. Тілеуқабылұлының бұл еңбегін Қытайдағы қандастары ғана зерттеп қалмастан, өз отанындағы ғалымдарыдын да зерттей бастауы көрші елдегі біздерді де шаттандырды. Міне, енді осы ұлы баба жөнінде қазақ елінің Тараз қаласында Халықаралық конгресс өткізілетіндігін етігендетөбеміз көкке жеткендей болдық. Бүгінде «Шипагерлік баян» өз елімен қауышты.

Ө.Тілеуқабылұлы сол кездегі қазақтың тұңғыш ханы Әз Жәнібектің  емдік дарымдылық, аурудың жұғу себептері, тұқым тазалығы тағы басқадай сұрақтарына даналық тұрғыда іліми анықтамалармен нақтылы жауап бере  білген. Шипагер тұқым тазалығы мен нәрестенің денсаулығы оның әке – шешесінің туыстық жақындығына, некесінің ақтығына, экологиялық тазалыққа байланыстылығын дәлелдеп беріп хан сеніміне ене білуі, ұлтының болашақ ұрпағының адал және таза тұқымды болуының негізін қалады.  Мәселен, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына қарап хан Әз Жәнібек: «Жарайсың,  Қарабас! Басың нағыз алтын бас, тілің нағыз кауһартас екен. қараүзген шипагер екенсің» - деген бағасын береді. Хан Ө.Тілеуқабылұлына еңбегін жазу үшін, өзінің ақ ордасынан орын бөледі. Жеті-сегіз жылда шипагер еңбегін жазып біткенімен,  хан өліміне байланысты еңбегін көрсете алмаған. Оның «Шипагерлік баяны» ұрпақтан-ұрпаққа көшіріліп қадырылған, ең соңғы алтыншы көшірмесінің өртенуден қалған  мың беттен аса қолжазбасын алғаш баспаға дайындап шығаруға басшылық еткен, Шыңжаң ғылым–техника, денсаулық сақтау баспасы бас директорының орынбасары,  Ғалым – жазушы Хакім Әкімханұлы: «Мінеки, қадірлі оқырман қауым! Көңілдеріңізді көптен күпті қылған тарихи – ғылыми ұлы шығарма – «Шипагерлік баянның» қолымызға тиген көшірме нұсқасын өздеріңізге ұсынып отырмыз... Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Әл – Құзорданың мына кітапқа жазып кеткен көп – көп мағыналары мен бірқанша емдеу тәсілдері, шындығында, Еуропа ғылымның соңғы ғасырдағы табыстары қатарына жатады. Айталық, жүрек пен мидің қызметі, адам денесінің қан айналу жүйесі  XV111 –  ғасырдағы Да Винчи, В. Гарвейлерден бері ұзақ талас, экспериментті дәлелдеулерден өтіп ережеленген. Біздің бабамыз олардан үш ғасыр бұрын қой, түлкі сойып тәжірибе жасап жүріп-ақ, айтып тастаған болып шықты, т.б... Мейлі ол Еуропадағы Да Винчи мен Гарвей және Галилей болсын немесе Орта Азиядағы Әл-Фараби мен Өтейбойдақ т.б. болсын, тек табиғат, өмір шындығы жолында іздене алса болғаны, қалайда ғылыми пікір ұсына алады» - деген  пікірін білдіріп, еңбектің құндылығын оны алда ғылыми зерттеулер күтіп тұрғанына өз бағасын берген.

Ө. Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты медициналық еңбегі негізгі  «Қанықталғы», «Нарықталғы» және «Дарымдалғы»  үш бөлімдері бар. Бұл медициналық ғылымның толық негізіне сай жазылған. Шипагердің емдеу әдіс-тәсілдері де іліми негізде жазылған. Адами тәрбиелік және медициналық гигиеналық талаптық ұсыныстары да өте жоғары. Осыған байланысты Ө. Тілеуқаблұлының «Шипагерлік баянының» берері мол екендігін білдіреді.  

 

 

Воспитание в исламе

Нурахунова Рысхан

Доцент. КазНТУ.

г. Алматы. 

Ислам считает семью ответственной за детскую фит-ру (« чистую природу »). Он призывает родителей и учителей к ответу за всякое отклонение от этой природы. Эта идея подчеркивается хадисом, рассказанным Абу Хурай-рой (да будет доволен им Аллах!), в котором Пророк (мир ему!) говорит: «Каждый младенец рождается не иначе как в своем естественном состоянии, а (уже потом) его родители делают из него иудея, христианина или огнепоклонника».

Семья - это первоначальный воспитательный инкубатор, который или вдыхает жизнь в эту природу, или же убивает ее. Таким образом, Аллах считает правильным, чтобы его (ее) будущие родители избирали друг друга на правильных основаниях. Отец должен выбрать хорошую мать для своих детей, поскольку мать является хозяйкой дома, которой доверена важная задача. Она - фундамент всей семейной конструкции и источник счастья для членов семьи. Хорошая мать построит свой дом на твердых началах, наполнит его светом, воспитает хорошие манеры и привычки в своих детях и защитит их от дурного поведения и привычек. Подобным же образом, если мать плохая, она посеет семена испорченности в своих детях и поведет их по ложному пути. Вот почему существует так много хадисов, в которых Пророк (мир ему!) призывает будущих мужей выбирать себе лучших жен. Ад-Даракутни передает, что Аиша (да будет доволен ею Аллах!) рассказывала, как Пророк (мир ему!) учил: «Избирайте для своих детей хороших матерей». Амр б. аль-Ас (да будет доволен им Аллах!) также рассказывает, что Пророк (мир ему!) сказал: «Не женитесь на женщинах за их красоту, ибо она может стать причиной их гибели. И не женитесь на них за их деньги, ибо это может стать причиной их тиранства. Но женитесь на них за их приверженность вере. И некрасивая черная рабыня, придерживающаяся веры, лучше».

Говоря о правильном выборе жены и ее участии в воспитании детей, Абу-ль-Асвад ад-Дуали сказал своим детям: «Я хорошо обращался с вами, когда вы были маленькими, когда вы стали взрослыми и даже до вашего рождения». Они спросили: «Как же ты мог хорошо с нами обращаться до нашего рождения?» Он ответил: «Я выбрал для вас в матери скромную женщину». У мара б. аль-Хат-таб (да будет доволен им Аллах!) также спросили об обязанностях отца по отношению к своему ребенку, и он ответил: «Выбрать хорошую мать, наречь его хорошим именем и научить его Корану».

Подобно тому, как младенец нуждается в хорошей матери, пока находится в ее чреве, он также нуждается и в хорошем отце, который заботится одновременно и о нем, и о его матери. Поэтому на семье жены и на ее опекуне, который не должен выдавать женщину замуж за плохого супруга, лежит большая ответственность. Они должны быть уверены в том, что даже в эпоху ведущих к заблуждению доктрин и испорченных взглядов супруг сохранил благочестие.

Ислам не только призывает к правильному созданию мусульманской семьи, но и устанавливает справедливые правила взаимоотношений между супругами. Он описывает обязанности и права каждой из сторон и заставляет неукоснительно соблюдать их, чтобы обеспечить семье достойную жизнь в исламском понимании.

Ат-Табарани, со слов правдивых людей, рассказывает: «Сала-ма, кормилица сына пророка Ибрахима, сказала: «О, Посланник Аллаха! Ты обещаешь мужчинам много блага и ничего не обещаешь женщинам!» Он сказал: «Ты говоришь так по наущению своих подруг?» Она сказала: «Да. Они попросили меня это сказать». Он сказал: «Разве не достаточно одной из вас быть беременной, когда ее муж доволен ею, и получить награду, подобную награде постящегося и сражающегося во имя Аллаха? А когда она бывает охвачена родовыми муками, небесные и земные существа не ведают того непомерного блага, которое ожидает ее. И когда она рождает, она бывает вознаграждена (Аллахом) за каждую толику молока и за каждый глоток, сделанный ее ребенком. Если же она бодрствует ночью ради своего ребенка, она получает такое же вознаграждение, какое принимает человек, освобождающий семьдесят рабов во имя Аллаха» ».

Все вышеупомянутое рассматривается как психологическая подготовка для матерей. Что касается отцов, то ат-Табарани рассказывает, что Посланник Аллаха (мир ему!) сказал: «Если женщина рождает девочку, тогда Аллах, слава Ему, посылает (ей) Ангела, несущего с собой множество благодати и говорящего: «Слабая (женщина) вышла из слабой (женщины)». Тот, кто несет за нее ответственность, будет получать помощь до самого Судного дня». Имам Ахмад и аль-Баззар рассказывали, что Посланник Аллаха (мир ему!) сказал: «Тот, кто имеет трех дочерей и дает им образование, проявляет к ним мягкость и удовлетворяет их потребности, несомненно, достигнет Рая». Некоторые из Сподвижников спросили: «О, Посланник Аллаха! А как насчет двух дочерей?» Он ответил: «За две (дочери) так же». Тогда некоторые из Сподвижников подумали, что если бы они спросили про одну дочь, он (Посланник) дал бы такой же ответ.

Имам Муслим рассказывает про Абу Хорайру, что Посланник Аллаха сказал: «Ты можешь потратить динар ради дела Аллаха, динар для освобождения раба, динар, чтобы помочь бедняку, и динар на нужды своей семьи. И лучший динар будет тот, который ты потратишь на нужды своей семьи». Ат-Табарани достоверно сказывает в аль-Кабире (Большом сборнике хадисов), что Пророк (мир ему!) сказал: «Если отец смотрит на своего сына и остается доволен им, ему даруется награда, подобная той, как если бы он освободил раба».

Когда подобное чувство преобладает в сердце и направляет ум, тогда усилия отцов обращаются в чаяния, а их печаль - в радость. Из любви, понимания, честности и веры они спешат воспитать своих детей в эстетическом духе (будь то в отношении поступков, нравственных норм или чувств) с первых мгновений их жизни или даже раньше.

 

 

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы сырқат белгісі туралы 

Нұрмұханбет Бақыт

Шығыс-Тибет медицинасының дәрігері.

Алматы обл. Ұзынағаш. 

Жаһангер емші сырқаттың белгілері туралы үлкен мәселені көтереді. Оның түріне қарай көрністік белгілері бойынша анықтауға болатындығына жол көрсетеді. Мәселен, адамның денсаулығы жақсы, тұлға бітімі мінсіз болса, ол адам бас киімін алшасынан киіп, алшаңдап басып жүреді. Егер еркек па немесе  әйел ма, бас киімін құлақтарына баса кисе онда оның сырқатының белгісі: шаш жоғы немесе таз екендігін білдіреді. Аяқ киімі ортасынан қайқайса, башпайсыз не табаны төмен болғаны. Өз киімін өзі жыртса себебі: есірген, құтырған, есалаң, ашулы және кек алғыштықты білдіреді. Басын танып алса ауруы: бас сақинасы ұстау, зақымды жазымдық, запыран құсу т.б. Шипагер «Жақсы сөйлемелік жанға шырай бермек» - деп, өзің үшін өзгеге елпек бол. «Қорқақ болмай жүректі, батыл бол» - деп, батылдықтың да орны барын ескертеді. Егер шипагердің сөзіменен сомдасақ, қаптетік әйгіленістік аңғақтық бейім тек сөлдік, өзектік тұжырымдық аңғарымның қаптетік бейнеленім негізі ғана. Бірақ барлық аңғарымға аңғарулық басалқа бола алмайды. Өзектік өре тіпті де болмақ еместігі шарт.

Айқындылық мінсіз бітістік көземелік көмбе аталғылықтары: сары, қара, қараторы, аққұба, қызылшырайлы, шампаңсары. Өң-шырайлық болмағы шарттұғын. Көз еті, беті, қолы, шешінушілік бітістік тұтасқылық сарғаюлық, іреңі шүкірдей болса, оған тотығыңқылық қосылғылық айқындағылық болса, сарғайымдылық мүше өңқарлық, әсіресе құзыналық зағыпырн, мекендік байтақтық ырайлық құбылымдық, ұйқаштық өзгерімдік, бітістік тоғалық өзара араласымдылығы, сыйласымдылығы, жарасымдылығы ұштасым таппауынан туылғылық сырқат болмағы шарт.

Сарғаю: жұқалтаң, жылтырауық, көзі жанарлы болса, мүше наухалмалық сызына құзына, не ұшынымдық күйіктеніс, жеңілденулік, төрт мәнзілдік жарасымсыздық тудырғылық сызына құзына, не өткін сусақтық ұштасымсыздықтан әйгілем, орнауылдық ысқауыл.

Мүше ауғаздық емерме ме сүйемектік мүшелік шалғыншы: тырнақ көгерсе, өткін сызына мен әсіре құзыналық қатарламалық кеуделік деміктік болып, алдашылдық арбаулық қатер туылғылық болмақ.

Мүше ауғаздық емерме мен мүше сүймектік ұштасымдылығы, жарасымдылығы төтенше етене тіл алысымдық айырғызсыздыққа қыдыр болмақ.

Емереме қарайып, беті көшіп, тілініп, тырнақ көгеріп қышқылданса, қол-аяғы жылынбай суып әйгілімдік білдірсе, арқаулық, ширық әсіре түгілген, өткін әлсіремелік, қансыраулық, шөлсіреулік сырқат кеберсіме, шөлдеуліктік сөлсіздік, тұлғалық әйгіленімдік толықтық көрсеткілік білідргі.

Таңлақ қаптектік құрғауыл, шетпеуіл, теміреткі тақылеттілер болмақ.

Қызыл бөрткен көрініп, сипағанда болмашы кедіргілік білініс, сезіліс білдірсе, қышыма апсп.

Тұла бойы оттай қызса, қышымаса, шешек болмақ. Бөртіп қышып шықса, қасыған сайын ұлғайса, көбейсе, үй ішіне, қонжатқа жұқса, ешкіқотыр делінген сырқат.

Алапес қараниет, алалық құлықтағыларға шықпақ. Пенденің ниеттік алалығы сыртқа шықпағы әйгіленгілік. Соның үшін: «Мал аласы сыртына бітпек, адам аласы ішінен күткек», - делінбек шарт болмақ.

Тері бүрілімдік қатпарлық түйткілімі: семізден арықтаған, сүзек, сары сүзекте тұлғалық құрғамдықтан ұсақ қатпарлық болмақ. Бұл ажал шартын көрсеткілік.

Тершеңдік: сары адам терлеуік келмек. Мұны басқамен шатастырғылық  болса болмайды. Сол үшін: «Қара кісі терлегенше, сары пенде терлемек көрлегенше», - деп сөйлемелік арқау ширығы жазылыңқылық, тұлғалық ніл мен арқаулық ширық ұштассымсыздығы.

Ерекше жаралған тершең дерлік, терлемесе сырқаттағыш пенделер болмақ.

Ұйқылық тер немесе ұйқылық кер делінгілік. Ұйқымен келіп, шықпақ. Оянса, сезіліп жоқ болғышты болмақ. Бұл деміктік қысылғылық, жөтелгілік, жондама шаншулық орнауылдық, сумақы індеме, қатпалық қағырлық тер санағылық болмақ.

Қысулық тер: тер шықпай, арсы-күрсі боп, тер шығар алдында дірілдеу қалшылдаулық тер қысу болмақ.

Түккенелік түпкілік түк: шаш пенделік бітіс өң-әлпет шырайындық болмақ.

Шаш ағару – кәрілік белгісі. Жастардағы шаш ағару, күйік, әлсіремелік, сабырсыздық, күйгелектік тақылеттілер.

Шаш түспегі бала көтерулік, ұрғашылық қозымдық, арқау ширығы жазылыңқылық. Омырауындағы емшектік нәрестелік шашы қырылыңқылық, белдеулік көрілімдік кешектік әйгілім болмақ. Бет-әлпеттік түк мұздағанда тіркереюлік – деміктік қармауыл әлсіремелік.

Шаш селдірлік - әлсіремелік сарауыл, ғұламалық толғанымдық. Еркектердің кеуде, жонында түк болса, арқау ширығы күшемелі. Жонында түк, шаш текті шыққылар, жал тақылеттілер болса, батырлық, аңғалдық, нысаналы әулиелік. Ұрғашылар жонында, кеудесінде түк болса, батыр тұқымы, батыр ұл тумақ. Өзі де ержүрек болмақ т.б жалғаса береді.

Қазақ ұғымындағы бұндай сырқаттарды анықтау бүгінгі медициналық  көзқарастардан онша алшақтығы жоқтығын байқауға болады. Сондықтан да, дәрігерлер мен емшілер ұлы ғұламаның ғибратты ілімін үйренуді басты парызы еткені жөн.

 

 

Өлгенім тіріліп өшкенім  жанғанда 

Нұртай Түменбайұлы

«Шипагерлік баянның» соңғы мұрагері, дәрігер.

Қытай, Іле, Текес. 

            Ұлы бабам Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Әл-Құзорда жазған «Шипагерлік баян» кітабы басқанша ғасыр тығылып жатып, халқымен енді ғана бет көрісіп отыр. Мұны «Өлгенім тіріліп, өшкенім жанды» демей қайтіп тұра алармын.

Бұл «Шипагерлік баян» - әкем Түменбай Ыстанбайұлының 1952-жылы көшірткен нұсқасының 1968-жылы өртенгеннен қалғанын 1992-жылы мен қайта көшірген нұсқасы.

Мен ата-баба алдында, халық алдында осы бір мұраны көз қарашығымдавй қорғай алмағаныма ұятымнана әрі шарасыздықтан болғанына ашынамын.

Менің мекенім – Іле аймағының Текес ауданы. Менің әкем Түменбай емші әрі өнерпаз адам еді. Әкем 1958 жылы 8-айда Текес қалашығында қайтыс болардан 7 күн бұрын, жаздық каникулда өндіріске көмектесіп жүрген мені әлдекімнен шақыртып жіберіпті. Мен келген соң әкем маған дағардың жыртығына оралып тігілген, шылқылдаған май, төрт бұрыштау бір буманы қолыма ұстатты. Мен байыбына бара алмай аң-таң күйде қолыма алып: «Бұл немене?» - деп сұрадым. Әкем маған: - Балам осыны жақсы сақтап пайдалаңа алсаң, ешкімнен кем-қор болмайсың. Мұны мен өлгеннен кейін, оқуың біткеннен соң көр. Басқаға сездіртпе, туған ағаңа да айтпа, - деді.

Үйіміздің шығыс солтүстік жағындағы дөңнің шетінде дардай ақ тас бар еді, ел «Секітас» деп атайтын. Әкем соны нұсқап тұрып: «Күректі ал, қолыңдағыны сол тастың түбіне апарып көм, алдымен тастың бағытын туралап ал. Жақпарының бірін таңдап алып, екі арасын адамда, адым санын екіге бөліп, дәл ортасынан терең қазып көм. Бетіндегі шымын ойып алып жаныңа қой, топырағымен қолыңдағыны көміп болған соң үлкендеу тастан бетіне қойып, шымды оның үстіне жауып тастасаң, тастың шеті шығады. Сонда ғана әрқандай адам сезе алмайды. Өзің де жаңылмайсың», - деді. Мен, сол бойынша орындадым.

1964 – жылы 11-айда Іле медицина техникумын тауысқанда, бөліс орным Алтайдан шықты. Алтайға жүрер  алдында Текестегі ағам Орысбайдың үйіне бардым.  Бір күні таң атпай ерте тұрып, күрек алып, күн шықпай әлгіні қазып алып қарасам, шірімепті. Ашып көрсем, қазанджа басылған құран қабындай қызылкүрең түсті  қалың қатта қабы бар, екі елідей қалыңдықтағы кітап екен. Аты «Шипагерлік баян». Жазған адам Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бин ұлы жүз, бин Зарман, бин Албан, Әл-Құзорда деген кісі екен. Табылғаны қуанып, көңілім орнығып, асықпай көрейін деп, ешкімге көрсетпей сумкама салдым. Кейін оқып көрейін деп әкем Түменбай Ыстанбайұлы отызыншы ұрпақ мұрагер, мен отыз бірінші мұрагер екенмін. Ішінде, 1952 жылы көшірткенде жазылған уәсиатанамда: «Тұтас жаттап ал, ұлыңа тапсыр. Қызыңа тапсырма. Қатыңына сеніп кетпе. Сақ бол. Жан баласына көрсетпе. Айрылардай болсаң, көзін жой. Көшірсең салтырып болған соң көнесіне өртеп жібер. Бұл ата салтымыз», - делініпті. «Шипагерлік баян» сырты бір болғанымен, ішінде «Тектелгі» деген шежіре кітап та бар еді.

            «Шипагерлік баян» - жеті тәпсірден құтылған. Шипагерліктің өзіндік толық пәлсафасы бар, 1050 түрлі дәрі таныстыруы мен 4577 рецепті қамтыған көлемді дәрілік кітап болатын. Мені Алтай аймағы Буыршын ауданында, Буыршын ауданы Шаңжың гүңшысына (ауыл) жіберді.

Мен табым таза, тарихым таза, өзім жаңа оқу бітіріп келдім. Менен не мін табар дейсің деп ойлап, еш нәрсе кәперіме келтірмедім. Өте-мөте, зауфанға алынамын, кітаптарымды өртетіп аламын деп те ойламадым. «Өзім еуропаша орта дәрежелі техникум бітірген дәрігермін. Бұл дүние таныған ортақ ғылым, қазақта қанша ғылым бар ғой дейсің», - деп, «Шипагерлік баян» кітабын көзге ілмедім, жаттамадым. Тек әке өсиетін далада қалдырмайыншы деп, бірнеше рет оқып шықтым. Әкем маған бола қазақтың ескі тілінен осы күнгі қазақ тіліне аудартқан. Сонымен мен оқуға түскен 9 жасыманан бастап өле-өлгенше маған қазақтың ескі тілін үйреткен еді.

1968 жылы 6-айдың 16-сы күні  аяқ астынан маған зауфан көтерді. Ішінде оқулық бар, басқа пайдаланатын ханзуша, ұйғырша, қазақша материалдар мен әдеби кітаптардан жүзден астам кітапты жатағымның терезесінің алдында өртеді. Терезе ашық тұр, кітаптарыма ішім ашып, жалтақ-жалтақ қараймын. Өте-мөте «Шипагерлік баян» көзіме шоқша басылып барады. Кітаптардың үстінде жанып жатыр. Өртеушілер қазақша әдеби кітаптарға таласып бірін-бірі қуап кеткен еді. Ешкім көрінбеген соң, секіріп түсіп, «Шипагерлік баянын» ала салып, қайта жатаққа атылдым. Жазда от жағылмайтын там пештің оттығына тыға салып, апыл-ғұпыл терезені жаптым. «Ей не істеп жатырсың? – деген дауысқа мен: «Буржуазияның түтіні жатаққа кіріп кетпесін деп терезені жауып жатырмын», - деп жауап қайтардым.

Ол кезде зауфанға алынған мен түгіл, зауфаншы белсендінің күйік шеке кітап ұстап жүргенін біреудің көзі шалса, дереу зауфандап күренске тартады. Өлтіре соғады, өлтіруден де тайынбайды. Сондықтан тыққыштап, орай тауып, бір беттен, екі беттен жұмарлап жан қалтаға сала жүріп, жатақты бекітіп алып, көшіре жүріп, әке өсиеті бойынша күйік шекелерді оттың сыбағалы сый табағына тарттым.

Өзіміз «Ешкібас» атандырған бір ханзу жолдас бар еді, есімі фамилиясын ұмытып қалыппын, басқалар мүмкін білер. Сол сурет тартатын. Әкемнің қолтаңбасын көріп жүрейін  әрі 3-4 класста класс мұғалімі болып оқытқан ұстазым Кәтіптің қолымен жазылған уәсиатнамның  суретін қалдырайын деп, рәсімге алдырып сақтап қойдым. Ол ешкібас досымның айтқаны бойынша, айына 1 рет қара қағазын (пленка) да, жуғанын да ораған қағазды ауыстырып, дым алдырмай сақтап келдім.

Мен, шынын қуғанда, «Шипагерлік баян» қазақ халқының мақтанышы болады деп ойлағаным жоқ. Тек қана мұра ретінде ұстазым сабақ өтіп жатқандай сезілетіні болғандығы үшін ғана сақтағанмын. Тағы бір жақтан әке өсиеті бойынша қалған бөлегін өз иелігіме, ел игілігіне жаратсам ба деп қойғанмын.

Реформа дабылы қағылды. Халық мұраларын құтқару, жинау, реттеу, зерттеу бағытына сай 1990-жылы 30 тамыз күні Алтай аймағының уәли Қадыс (Қадыс Жәәбілұлы аймақты әкәмә  жолдас Алтай аймақтық қазақ доқтырханасының  бастығы Тұрсынбек арқылы мені шақыртып алып, мемлекет заңына сай Алтай аймақтық доқтырханасын құрғандықтарын, қазір пәлсафалық негізі жоқ екенін айтып, «Шипагерлік баян» кітабын халық игілігіне жаратуға ұсыныс етті. Мен мақұл болдым. Маған көшіріп жазуға 1 жыл уақыт берді. Өзім әрең танитын, асығыс жазылған қолжазбам бойынша бұрынғы қолжазбамды отқа жақтым. Менің көбірек ар көргенім, әке өсиетін орындамау  - адамгершіліктен шыққандық деу болды. Ойлап көрсем, әке өсиетін орындамау деген не? Әке өсиетін орындамау - әке өсиетін аяқ асты еткендік. Ал, менің «Шипагерлік баянын» қазақ халқының игілігіне жаратуым - әке өсиетін орындамау емес, қайта ескі көзқарастағы тар шеңберді бұзып, ғылымды бір отбасы үшін емес, күллі қазақтың игілігіне жарату, сол арқылы халыққа абырой алып беру және денсаулығына кепілдік етерлік орай тудыру, осындай қолайлылық жаратылса, әке өсиетін орындамағандық емес, қайта ойдағыдай  орындағандық болады деп сендім. Және де бабам Өтейбойдақ Әл-Құзорданың маңлай тұрлауында:

Қалмады ұрпақ, Өтейбойдақ аяндалды.

Мені өлтірмес «Шипалық баян» қалды.

Бұ да менің ұрпағым жөн білгенге,

Тілкімменен жалғасқан аян қалды, - деген еді. Бұл бабамның арманы еді. Ол орындалды. Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» деген баласы еліне қызмет етсін. Шырмап тастамай, еркіне жіберейік дегенге бел байладым. «Шипагерлік баян» туылғанына неше ғасыр болса, буылғанына да сонша ғасыр болды. Халқына нендей игілік жаратып берді? Қаншалық пайдасы тиді? Шынымды айтайын, жариялау ойым жоқ еді. Оның төрттен үш бөлегі жанып кетті. Қолдағы бар қалдығы да еліне еңбек сіңіріп, халқына мақтаныш болатындығы үшін тапсырдым.

 

 

Шипагер емінің шипалық сапасы 

Нысанбаева Ардақ

Халық медицинасының магистрі.

ОҚО. Сарыағаш. 

            Адамның сену және сенбеуі оның тікелей өзіне байланысты. Әр нәрсенің себеп салдары болады. Аурудың да өзіндік құпия себебі бар. Сондықтан, “Алланың шипасынан басқа шипа жоқ”. Емделуші де емшіге зор сеніммен келіп, өзінің Алла Тағаладан тілегін іштей тілеп келгенде ғана, ем қонымды болады.            Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадис шарифінде былай деген екен: Мұса (с.ғ.с.) айтыпты: “Ия, раббым, ауруды жаратқан ауруды сауықтырар кім?” – депті. Алла айтыпты: “Ол екеуінде жаратқан менмін”. Мұса (с.ғ.с.): Ол халде тәуіптік, дәрігерлікте  не мұқтаждық бар?” Алла тағала “Ол шипа үшін жаратқандарымның себептерін біледі, және құлдарыма береді. Мен де оларға бұл жолдан ырыздық, сауап беремін”, - деп бұйырды. Пайғамбар (с.ғ.с.): “Әй, Алланың құлдары, емделіңдер, емделулерің керек. Алланың жаратқан әр аурулары үшін міндетті бір шифа немесе дауа жаратты. Бірақ та дертте бір ғажайып , ол да бір ықтиярлықтан”. Ауру болған адам әлемдердің Раббысы Алла Тағала жәлжәләлуху хазіретерінің және оның елшісі болған Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) әміріне ұймақ, сөздеріне иланбақ.

Алла Тағала өзінің құлдарын сынау үшін әр түрлі аурулар мен қиыншылықтар және жоқшылықтарды сондай-ақ, моральдық, материалдық және психологиялық қысымдық тексерулерден өткізеді. Бұл сынақтарды дұрыс түсініп өзін-өзі сабырлыққа, төзімділікке және қайраттылыққа ұстай білген, одан құтылудың жолдарын таба білген адамдар ғана өз бақытына қайта оралады. Сондықтан, әрқашанда дұға жасап Алла Тағаладан жақсылық тілеген жөн. Дұға деген не? Алла Тағала хазіретінен жәрдем тілеу. Дұға дегеніміз шынайы көңілмен беріліп емделу жолы. Физикалық денедегі ауруды рухани дене арқылы  түзетуді дұға деп айтуға болады. Дұға деген аурудың көңілін көтеріп, органикалық рахаттықты пайда болдырады, солай тыныштық табады, ауру адамдардың жылдам жазылуына жәрдемдеседі. Дұғаның қабыл етілмегендігіне бір гәп бар. Сондықтан Алла Тағала құлдарының іс-әрекеттерін қаза және қадіріне байланысты қабыл етеді.

            Айша апамыз айтқан: “Мұхаммед (с.ғ.с.) ауырғанда өзіне Ықылас, Нас, Фалақ сүрелерін оқып, сол кезде ауырған жерін сол қолымен басатын”. Алла  Тағала айтқан:

            “Ауру менің тұзағым және тақырлық зыңданым . Оларға жақсы көретіндігімді білдіру үшін”. Қиыншылықтар олардың күнәларын өртейді. Осы хадистен көрсек ауру деген бір емтихан, сондықтан бұл емтиханда жетістікке жету үшін сабырлық  ету керек.

Басқа кісі үшін берілген бата, өзі үшін берілген батадан да үлкен әсер етеді. Бұл халде сырқат біреуге басқа біреуі бата бере алады. Бірақ бата беретін кісі төмендегі ережелерге бағынуы керек:

Ауыратын кісі сабырлық сақтап, төзімділік көрсетіп: “Құдайға шүкір, жақсы болып келе жатырмын”, - дегені дұрыс.

Ауруға барып жағдайын сұрау туралы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар айтқан: “Ауырған бір кісіні көруге барған адам аурудың үйінен өз үйіне жеткенше Алланың шуағының астында болады екен”. Ауруға бару сүннәт болады. Бірақ ауруға барғанда ұзақ отырмау керек. Ауыратын адамға бәрі жақсы екенін, жақын арада жазылатынын айту, сырқат жанын жайсаң, көңілін көтеріңкі ететінін ұмытпаған жөн.

Қысқасы, емшіге өзінің мәнсабын, байлығын, атағын және т.б. ерекшеліктерін айтуда емнің шипалығына қарсы әсері болатынын білген жөн.емшінің алдында емделушілердің барлығынаң дәрежесі бірдей болғандықтан да, оларды бөле қарағанды Алла Тағала да дұрыс көрмейді.

 

 

Медицина тарихының жаңа деректерді студенттерді

оқытуда қолдану туралы 

Нұрмұханбетова Рашида

м.ғ.к., доцент. ҚазМҰУ. 

Алматы қ.

Ұзақ жылдар бойы тарихымызды зерттеп жүрген ғылымдардың, жазушылардың тұжырымы бойынша әр уақыттың өзіне ғана тиесілі міндеті болады. Ол міндетті тек сол ұрпақ қана келістіріп атқара алуға тиісті. «Болашақ өткен тарихты қорыту» - деп білсек, онда қазіргі жастарымыздың алдында тұрған зор міндет. Тарихты ұстаз тұтып, ғұлама ғалымдарымыздың ұшқын атқан ой-толғамдарын санаға сіңгізіп, болашаққа қол жалғап жеткізу.

            Қазіргі кезеңде қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетінің тарихи кезеңдерге сәйкес қоғамдық-саяси, әлеуметтік, моральдық, этикалық, рухани байлығы зерттелуде. Сол рухани қазынамыздың бір саласы – қазақ халық медицинасы, оның даму жолдарындағы жетістіктері.

            Соңғы жылдары тұтас бір ұлттық емшілік тарихы жаңа деректермен толтырылуда. Осыған орай жоғары және арнайы медициналық оқу орындарында медицина тарихын оқытуда жаңа мағлұматтарды қолдану туралы айтқымыз келеді.

            Біріншіден, медицина тарихының даму жолдарында үлес қосқандардың хронологиялық тізбесін жасаған.

            Ғасырлар бойы қазіргі Қазақстан жерінде халық емшілері болғаны туралы біраз ғылыми еңбектер жарық көрді. Осылардың ішінде XIX-XV ғасырларда өмір сүрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» - атты кітабында шипагерлерді игермелік шамасы бойынша мынандай мамандық түрлеріне бөлген.

Халық медицинасындағы Орта ғасырдағы ауруларға емдік

көмегі бар мамандардың аталынулары

 

 

Саны

 

Шипагерлер

Ауруды емдеу қабілеті

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

 

Теңдеусіз шипагер

Қара үзген шипагер

Нағыз шипагер

Шипагер

 

Емші

Емкөс

Жарғышы

Қараемші

Қаншы

Тамыршы

Сынықшы

Орташы

Іш сипағыш

Көз қарақшы

Дарымдаулық шипагер

 

/емі жақсы шипагер/

- - -

- - -

- - -

- - -

- - -

- - -

- - -

- - -

- - -

- - -

- - -

- - -

 

 

- - -

- - -

- - -

 

 

 

Сонымен қатар қазақ еліндегі  Орта ғасырдағы болжамдық көмек көрсететін емшілерде болған.

 

Қазақ еліндегі Орта ғасыр болжамдық көмегі бар емшілердің аталынулары

 

Саны

 

Болжамалы шипагерлер

Ауруды емдеу қабілеті

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Әулие

Әнбие

Аяншы

Балгер

 

Бақсы

Жауырыншы

Болжағыш

Құмалақшы

Құшнаш

Ішірткіш

 

Болжаушы шипагер

- ,, -

- ,, -

- ,, -

- ,, -

- ,, -

- ,, -

- ,, -

- ,, -

- ,, -

- ,, -

- ,, -

- ,, -

 

 

 

 

 

Дарымдаулық шипагерлер науқасқа тікелей шипалық емдер жасап, дарымдап, ауырған адамның халін жеңілдетеді, ал кейбір жағдайларда мүлде сауықтырып та жіберетін болған.

Болжамалы шипагерлер келешекте не болатынын, ауруларға болжамдық ем-дом айтады және де жеңіл-желпі емдік шаралар көмегін көрсетеді. Емдері болжамдаулы төңірегінде болады деген. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» біздің халқымыздың тарихымыздың уақыт аралығындағы үзіліп кеткен байланыс көпірлерін қайта жалғастырып отыр. Ал біздің міндетміз медицина тарихының кезінде айырылып қалған білім бөлшектерін біріктіру, себебі қазіргі ресми медицина мен халық медицинасы әлі де бір-бірінен алшақтау. Негізінде бұлар біртұтас рухани қазынамыздың екі жартысы дей отырып Қазақстандағы медицина және денсаулық сақтау саласының даму жолдарының хронологиялық тізбесі жасалынды және ғұлама ғалымдарымыздың еңбектері келтірілді.

 

 

Халық емінің пайдасы

Парманов Халтұрсын

Дәрігер-емші. 

Алматы обл. Шамалған ст. 

            Емшілерге әртүрлі сырқатпен келетін жандар бір үміт пен ауруынан таза жазылуды арман етеді. Әсіресе көптеген адамдар себебінде білгісі келеді. Оның ішінде көз тигенде көз қуаты кетіп, әлсіреп, бей-жай бір халге түсіп, істеген ісінің қиюы қашады. Ал бала болса, қолды-аяққа тұрмай шырылдайды, шыңғырып жылай береді. Көз өтіп кетіп, дер кезінде емделмесе, баланың өліп кетуі де мүмкін. Көз тигеннің тағы бір белгісі адамның арқасында пайда болатын көкшіл сұр түсті жолақтар. Бұл жолақтар адамға қай жылы, қаншалықты мөлшерде тіл-көз тигенінен хабар беретін өзіндік барометрлер. Көп жағдайда оларды жай адамдар көре алмайды, емшілер ғана көреді.

            Көз тартатын көрікті жанға кез-келген адам: “Әдемісі-ай” деп сұқтана бір қараса соның өзі әлгі адамға кірне болып жұғады. Сақтанбай, алаңсыз жүрген жанның ту сыртынан тесіп өткен көздің уытынан жауырынның екі ортасында қалдырар теңбіл түстес жолақтар зардабы жылдар бойы адамға зиянын тигізіп, денсаулығын әлсірете береді.

            Көз тиген адамның ол жайлы білмеуі де мүмкін. Осындайдан сақтанып, жас балаға адамның назарын өзіне аудару үшін жалтырақ заттар тағып қоятыны сол себептен. Жарқыраған әдемі киім де сұқ көзден сақтап, көз тиюіне бөгет болады.

            Көз тию деген сөз-көз тиген адам міндетті түрде әлсіреп, ауырып қалады деген сөз емес. Бұл қараған адамға да байланысты. Қызғаншақ іші тар, аш көз адам ішіп-жеп қарағанда, адамның денесін қоршап тұрған биоөріс қабатын тесіп өтіп, бойындағы тіршілік қуатын сорып алады. Кейбір адамдардан сақтанып: “Байқаңдар, көзі өтіп кетеді” –деп жаңа туған жас сәбиді жасырып жататыны сондықтан. Ондайларды – вампирлер  - энерговампирлер (біреудің қуатын сорып алушы) ал, халық арасында дуагерлер деп те атайды.

            Көз тигізбеудің тағы бір амалы – адамға қарағанда не мақтағанда: “Тіфә, тіфә, тіфә тілім тасқа тисін” немесе “тіл-көзден аман болсын” – деп айтып отыруы керек. Мұнымен біз өз назарларымызды басқа жаққа аударамыз. Сондай-ақ, көпе-көрнеу көзіңізге мақтап тұрған жанға тіліңіздің ұшын тістеп, өз сөздерін іштей өзіне бағыттап тұруы да – сақтанудың бір жолы.

            Алайда біреу балаға тым қатты, сүйсіне қарап, керісінше өз қуатын оған беріп жіберуі мүмкін. Ал, әлсіз әлі қалыптаспаған мағзаның ол қуатты игере алмай, жазым болып кетуі де ғажап емес. Осы жәйітті де ескере жүрген жөн.

            Тамаққа тәбеті жақсы, толық балаларға таңдай қағып қарауға болмайды. Кейде емші сеансы кезінде жылдар бойы асқазанды “мекен” еткен тамақтың түйірі түсіп, ауру адам құлан-таза айығып кеткенінде білем. Сөйтсе, оның бала кезінде бір адамның. “мына баланың тәбетін-ай!” деген сөзінен ішіп отырған асы түйіліп, асқазанында тұрып қалған екен.

            Көз тигенді кетіру үшін ағашқа мақта орап, оны майға майлап, Құран аяттарын оқи тұрып: “Көш, көш!” деп ауруды үш қайтара айналдырып, адам аяғы баспайтын жерге лақтырып тастау керек. От, шырақ, әсіресе Құранның қасиетті сөздері кір қуатты (энергияны) аластап сорып әкетеді. Бұл аластау деп аталады. Ал шырақтың орнына тұз не күл алып, баланың бойынан жүргізіп шығуды ащылау деп атайды. Сондай-ақ ішірткі, бойтұмар да, көз тиюден сақтап, зиянды әсерін жойып жібереді. Тек қана оларды аяққа баспай, жерге тастамай, әжетханаға алып кірмей, ұқыптап сақтау керек. Біз, әрине көз тиюден сақтанудың, оған ем қолданудың халықтық тәжірибеде пайдаланып жүрген кейбір тәсілдерін ғана ортаға салып отырмыз. Сонымен қатар әрбір емшінің көз тигенді емдейтін өз әдісі тағы бар.

Ең жақсысы, әрине сақ жүріп, көз тигізбеуге тырысу. Ал көз тиген жағдайда жоғарыдағы амалдарды қолданған дұрыс.

            Үшкіру. Өзіміз нақтылы көріп, куә болған емдеудің бұл түрін көбінесе қарт діндар адамдар жасайды. Үшкіруді кейде “дем салу” дейді. Бұл ем әсіресе мұсылман дініне негізделген. Өйткені, ол Құран сөзін, аятты айту арқылы жүргізіледі. Үшкіруді немесе дем салуды көбінесе кешқұрым, науқастың әлі біткен шақта жүргізеді. Үшкіруші немесе дем салушы науқастың жанына отырып, оның жағдайын байқағанан кейін белгілі бір аятты сыбырлап оқып, аурудың бетіне үрлейді. Бұл, тынысы тарылып, демі біте бастағандай адамға дем бергендей болады. Кейбіреулердің түсінігінше Құран сөзі қасиетті сөз, сондықтан аятты оқып бетке үргенде бойға күш бітеді, еңсені басқан ауру мен уайым қайтады. Осылайша үшкіру емі хал үстінде жатқан адамның, егер ол әлі де есінен танбаған болса, көңіліне демеу болады, онда үміт отын тұтатады. Ол, тіптен науқастың туған-туысқандарына да әсер етіп, олардың да көңілін орнына түсіреді. Сырқат адамның кеселінен жазылып кетуі ықтимал деген сенімін күшейте түседі.

Қадірі өте жоғары халық емінің емдеуінің әдіс-тәсілдерін білу мен пайдалану барлық адамға пайдалы екенін ғылыми тұрғыда анықтап оң бағасын беруде. Мен өзімнің сырқат жандарды ауруынан емдеуімде көбіне халық емінің көп түрлерін пайдаланып әрі байытып келемін.