Научно теоретические материалы VI Международного конгресса
"КАЗАХСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЦЕЛИТЕЛЬ ОТЕЙБОЙДАК ТЛЕУКАБЫЛУЛЫ"
8
Ислам хақ дін
Елеместегі Убайдулла
ҚХЕҚ-ның діни кеңесшісі,
рухани емшілік магистрі.
Алматы обл, Шамалған ст.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, халыққа діни сенім бостандығы беріліп, сан миллиондаған мұсылманның асыл арманы орындалды. Осы тұста еліміз үшін Ислам дініне деген сауаттылық аса қажет болды. Өйткені, дін мен ата-баба, салт-дәстүріміз біте қайнасып кеткен. Қайсысы Исламдық, қайсысы ата-баба салт-дәстүрінің қағидасы екенін де ажырату қиынға түсті. Тіпті, қазақи ырымдардың өзі дін шарттары негізінде түсінік қалыптасып адам санасында көптеген адасушылықтар болды. Оның үстіне елімізге ағылған түрлі діндерді насихаттаушы топ секта өкілдері де аз емес еді. Осындай сананы улаған құрсаудан елді арашалай алатын жарқын жол, тек Ислам болды. Ислам хақ дін. Ешқандай бұрмалаушылықты қажет етпейді. Енді мінеки, уақыт өте келе бәрі де біртіндеп орнына келді. Жастарымыз Араб, Иран, Түркия сынды мұсылман елдерінде діни білімдерін жетілдіріп оқып қайтты. Олар елге білімдерін жетілдіріп имандылықты насихаттап Исламның хақтығын жеткізді. Қазақы «ырым-сыры» діннің қағидасы емес екенін де түсіндірді. «Алладан басқа тәңір жоқ екенін» адам санасына мықтап құйды.
Менде молда әрі діни насихатшы ретінде өмірдегі оқыған газет-журнал түрлі діни кітаптардан жиған-тергенімді ұрпағыма қалдыруды жөн көрдім. Исламды насихаттау, барша мұсылманның міндеті. Ауыз-екі айтқаннан гөрі, кітап етіп ұрпаққа қалдыру баға жетпес байлық болып саналмақ. Әуелі Алла разы болсын! Бұл ісімді мақтаныш ретінде емес, Алла алдындағы сауап жинау ісі деп түсінгендеріңізді қалаймын.
Құран сүрелерінің ең үлкені – көп мәселенің бетін ашып, түбегейлі түсіндірме беретін «Бақара» сүресі. Қиын да даулы болып келетін көптеген мәселелерге осы сүреде толық жауап айтылады. Аяттарға түсінік беріп, тәржімалау өте жауапты іс. Бір ғана мысал: Құранның бір сөзін дұрыс тәржімаламай, мағынасын өзгерткені үшін Хижраның 56- жылы Сирия ғұламасы Ибн- Рушид сөзді бұзушының тамағына 300 грамм қорғасын құйып өлтіргені белгілі.
Ислам дінінде ораза ұстау мен намаз оқу денсаулықтың кепілі. Қазіргі анатомия ілімдеріне, медиктердің ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарасақ, мойнымызға парыз етілген бес уақыт намаз өзіміз үшін екен.
Күніне бес уақыт отыру, тұру, иілу, оңға , солға мойынды бұру бұның бәрі өз денсаулығыңыз үшін жасалатын жаттығулармен тең. Ал, көпке уағыз айту үшін, әуелі өздері таза дін жолын ұстауы міндетті. Жасыратыны жоқ, намаз оқымайтын емшілерде кездесіп жатады. Олардың айтатын уәжі дәрігермін немесе өзім білемін дегенге саяды . Сондықтан намаз бен оразаның адам денсаулығына пайдасы орасан зор.
Адам өз денсаулығын сақтау үшін әуелі мұсылманшылыққа бет бұру. Сөйтіп, Пайғамбарымыз Мұхаммед \ с.ғ.с.\ -ның өсиеттеріне мойын ұсына отырып, өз- өмірін жақсартады. Ұрпақ сүйіп, ұрпақтарын жақсы тәрбиелейді. Отбасында тату-тәтті өмір сүреді. Осының барлығы адам денсаулығының мықты болуының ұйтқысы болатынын білгеніміз дұрыс. Қазақта «Алла деген арымас, Алласыз пенде жарымас» деген бар. Бекер айтылмаған ғой. Мейірімді рақымды Алла Тағаланың амалдары адам пенденің бар байлығы. Біз соны білгеніміз жөн. Ораза, намаз – денсаулық кепілі. Әуелі Алланың парызын орындасақ өмірге деген сүйіспеншілік содан басталады. Иә, Алланың рақымы, ақиқат жолы. Әйтпесе, ақыл алға тартады, шайтани ой кері тартады. Сөйтіп, алға жүрсең, ризыққа бөленесің, кері кетсең орға жығыласың. Мұндай жағдайда адам баласы көріп тұрып соқыр болуы, естіп тұрып керең болуы да ықтимал. Алланың ақ жолы құран. Құранда «Сүлеймен пайғамбар жындарды бағындырып мешіт салдырған» деген аят бар. «Әнбия» сүресінде Алла тағала мен Сүлеймен пайғамбарға желді бағындырттым деген. Оның отырған тағы Иемен деген қалаға дейін ұшып барған. Жәбірейіл періште келіп «менен көмек керек пе?» дегенде «жоқ менің халім бір Аллаға мәлім» деген. Содан ол отқа жанбай қойған. Ибраһим пайғамбарға Алла тағала жаны қысылғанда өзінен басқадан көмек сұрайма деген періштені әдейі жіберген. Бірақ ол бір Аллаға сиынған. Сонда Алла тағала отқа залалсыз бол деп өзінің қасиетті құлын құтқарған. Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) кәпірлер өлтіреміз деп үйін қоршап алғанда, Иасинді оқып, Алланың құдіретімен кәпірлердің көзін байлап, араларынан өтіп кеткен. Міне, сол қасиетті пайғамбарлар жақсылық қасиеттің бәрі бір Алладан, бізге сиынбаңдар деген. Алладан басқа тәңір жоқ деген. Сондықтан әрбір адам тек бір Аллаға сиынып өлілер үшін де тірілер үшін де, (тірілер де өледі) дұға қылып тазалық сақтап, халқына адал қызмет етіп, адамдарға тура жол сілтеп, «Ағузу биллаһи мина шайтани ражим» деп қуылған жын-шайтаннан аулақ боп, өзін-өзі ақыретке дайындап, қияметтен қорқуы керек.Сондықтан ешбір пайғамбар, әулие, менің аруағыма сиыныңдар, менің қабірімнің басына, түнеңдер, менің қабірімнің басына шырақшы қойыңдар деп өсиет айтпаған және Құранда да ол жоқ.
Алланың жолына ешкім бөгет бола алмайды. Біз жоғарыдағы ақиқатты көңілге тоқи отырып, дінімізді наситхаттаймыз. Халықты имандылыққа шақырамыз. Мақсатымыз Алланың рахымы, ақиқат жолы екенін адамдардың түйсігіне жеткізу. Еліміздегі жат әдеттерден арашалап, сондай шайтани қылықтарға тосқауыл қою. Сонда біздің еліміздің дені сау, жүрісі түзу, қуатты мемлекетке айналғанын көрген болар едік.
Діни сенім және ем
Жамбулова Фарида
Рухани-сауықтырушы.
ОҚО. Шұбар.
Әр адамның сенімі оның сырқатынан жазылуының басты көрсеткіші болып табылады. Алла Тағалаға деген сенім бар жерде жетістік де бар. Сенімсіздік ол жетістікке емес, кері кетуге әсер етуші қарсы күш болып табылады. Жаратушы алдындағы міндеттерімізді толық орындау үшін дене мен рухымызға кедергі болатын әр түрлі ауру – сырқауларымыздан қорғануға, денемізді таза ұстап, денсаулық сақтау қағидаларын біліп және оған сай әрекет етумен ғана қол жеткізе аламыз.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. хадис шарифінде “Қиямет күнінде адамнан әуелі денсаулығын қорғап- қорғамағандығы сұралады”- деген болатын.
Дініміздегі ғибадаттарда денсаулық негізіне өте сәйкестендірілген. Ғибадат ретінде орындалатын дәрет алу, бой дәретін алу үшін суға құйыну, бүтін денемізбен бірге тез кірленетін қол, бет, ауыз, мұрын, аяқ сияқты мүшелеріміздің әр уақытта тап –таза туруына кепілдік етеді.Жан тазалығы мен тән тазалығы, деніміздің саулығының кепілі. Ал денсаулық Алланың берген байлықтарының ұлысы. Бұл жөнініде Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. “Алладан ден саулық тілеңіздер. Өйткені ешбірімізге күшті иманнан кейін, денсаулықтай зор байлық берілмеген”- деп бұйырған. Ауруға шалдықпау үшін, денсаулық бұзатын әр қандай нәрселерден аулақ болу, науқасқа шалдығып қалған жағдайда дертке шипа, денге саулық іздеу, сауығу үшін немесе сауықтыру үшін барлық шараларды қолдану баршамыздың ең маңызды міндеттеріміз. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. хадис шариатінде “Алланың құлдары, емделіңіздер. Өйткені, Алла тағала емі болмаған еш бір ауру бермеген ”- деп бұйырған болса, Құран Кәрімде:- “Құраннан мүминдерге шипа және рахмет түсіреміз”-деген. Түрлі жұқпалы аурулардан сақтану, денсаулық қағидаларына толық бойсыну, денсаулығымызға нашар ықпал беретін дінде шектелген нәрселерді ішіп-жеуден сақтану. Харам істерден тыйылу. Мысалы, арақ, наша, қан төгу, өз өзіне қол жұмсау, доңыз етін жеу, құмар ойнау, зина істеу әрекеттерінен сақтану рухани саулықтылымыздың қорғаны, әрі нәпсімізге қарсы міндеттеріміз болып табылады.
Еліміздің дін қызметкерлері халықты білімі арқылы тура жолға шақырса, емші бойындағы қадір қасиетімен нәтижелі емі арқылы халықты тура жолға мүсіруде.Ем жүргізу барысында негізгі екі тазалыққа ерекше мән берілуде, бірінші рухани тазалық яғни жүрек тазалығы. Аллаға және Алланың құдіретіне деген сенім, екінші тән тазалығы яғни шарият үкіміне сай толық дәрет болуы.
Сөз жоқ, қасиетті Құран Кәрімге және Пайғамбарымыздың сүннетіне лайықты емдеу және емделу дұрыс амалдардан болып табылды. Себебі Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. өз хадис шарипінде “Әр бір дерттің, өзіне лайықты емі бар, егер сол дертке лайықты емі кезіксе, онда ол ауру Алланың рахматымен жазылар”- деген болатын. Егер медицина мен халық емінің түп – тамырына көз жүгіртетін болсақ, негізгі Исламнан екендігіне куәгер боламыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. және оның сахабаларының дертке шипа, денге саулық іздеу тұрғысындағы қасиетті ғылыми кітаптары өкінішке орай әлде толығымен қолымыз жетпей келуде. Әйтседе медицина емінің түп атасы болып саналатын Ислам ғалымы Әбу Әли Ибн Сина ғылыми еңбектерін мақтаныш ете аламыз.
Рухани емшінің мақсаты: халықты рухани тазалыққа шақыра отырып Ата – баба әдет ғұрпы мен салт дәстүрін жаңғырту, ұлтшылдығымды ұмытпау, медицина мен халық емшілігін ауыз бірлілікте ұстау және бұларға шипа табу да адамды ары қарай рухани тазару үшін мешіт, медреселерге жіберу болып табылады.
Аллаға деген сенім – денсаулықтың қалыптылығын сақтауға және өзгерген жағдайда бұрынғы қалпына келтіруге көмек етеді. Бұл тек қана діни сенім арқылы жүзеге асады.
Ізгіліктің ақ жолы
Жандоңғарова Нағипа
Шығыс медицинасының магистрі.
Ақтөбе қ.
Құран Кәрімде адамдарды Ислам дініне шақыру жолы: «Адамдарды Алланың жолына даналық пен жақсы үгіт арқылы шақыр, әрі олармен сыпайы сөйлес, ненің жақсы екенін білдіру үшін дауға да түс. Жолдан азғандарды да, тура жол тапқандарды да Алла өзі жақсы біледі» (нахыл сүресі, 125 айат), - деп белгіленген.
Ислам діні әлеуметтік тұрғыдан берік болуы үшін адамдарды үнемі дұрыс жолға бастап, бұрыстықтан тыйып отыру шарт. Ислам дініндегі мұсылмандар тек қана ізгілікті, қайырымды істер атқару керек. Жаман, зиянды, пайдасыз іс-әрекеттерге табиғи түрде қарсы болуы шарт. Адамдарды жамандықтан алдын ала сақтандырып адамдар арасында өріс табады. Сол үшін ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Сендерден кім де кім бір жамандықты көрсе, тілімен айтып өзгертсін. Ал егер оған да шамасы келмесе, оны жүрегімен жаман көрсін», - деген.
Адамзаттың рухы – ең негізгі асылы. Ал дене – рухтың қабы. Ол – заттық әлем, дүниеде тасымалдаушылық міндет атқарады. Негізінен денемен жасалған ғибадат-құлшылықтар, игілік-ізгіліктер, басқа да дұрыс ғамалдар рухтың тәрбиеленіп көркеюіне себепкер болады. Алла тағалаға құлшылық (зікір, шүкір, мақтау, пәктеудің) арқасында жүректің (ділінің) тазаруы мүмкін болады. Бұл тек Алланы еске алумен ғана орнығады. Өйткені Алланың барлығы мен бірлігін көңілде тани білетін адамның ғана жүрегі жай тапқан, орнықты келеді.
Ислам діні ғылым-білім үйренуді, ризық үшін адал еңбек етіп, кәсіп істеуді ғибадат деп бағалайды. Бұл дүние мен ахирет арасындағы тепе-теңдікті көз алдында ұстай отырып, екеуіне де тырысуды әмір ғылым іздеу әрбір ер, әйел мұсылманға парыз екендігін білідрген.
Туралық. Туралықтан айырылмау – ислам дінінің ең басты шарты. Алланың һүкімдерін орындауда адамдардың ешбір айырмашылығы есепке алынбаған. Мысалы, текті бір рудан шықққан әл-Асбетқызы Фатима ұрлық жасап қояды. Мұны шариғат бойынша жазаласа, құрайыш жұртына ауыр келетін болғандықтан, кешірім сұрауға Пайғамбар (с.ғ.с.) өте жақсы көретін Зайтұлы Османды өкіл етіп жібереді. Сонда Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендерден бұрынғылар осында айлықтарынан типыл болған. Олар текті біреу қылмыс істесе, оны жазалаған. Алла атымен ант етемін, Мұхаммедтің қызы Фатима ұрласа да сөзсіз қолын кесемін», - деген.
Хазірет! Әбубәкір алғаш Халифа болып сайланып, іске кірісер алдында мұсылмандарға: «Басқаның мойнындағы нашарлардың ақысын алып бергенге дейін жанымда сіздердің ең күштілеріңіз болады. Ал нақ сол күштілердің мойнындағы өзгелердің ақысын алып, иесіне бергенге дейін, ол жанымдағы ең нашарларыңыз болып есептеледі», - деген екен. Демек, Ислам діні бойынша барлық мұсылманның құқы бірдей. Әркім істеген жақсылығына қарай сауап, жаманшылыға қарай күнә табады.
Адам баласы жақсылық ниетпен және зор сеніммен таза иманы арқылы ізгіліктің ақ жолына жете алады. Ол үшін жоғары діни ілімнің қажеттілігі керектігін білген жөн.
Ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегі
медицина ғылымының тілінде
Жақанов Амангелді
м.ғ.д., профессор, ҚазМҰУ.
Алматы қаласы.
Жоғарғы білім беру жүйесіндегі жаңа талаптар, яғни мемлекеттік стандартқа сай мақсатты мамандар даярлау адамгершілік мәдениет жоғарғы, соған лайық, кәсіби бәсекелестікке қабілетті, білімді, зиялы мамандар шығаруды қамтамассыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Білім беруде оқулықтар, оқу құралдары сапасы жоғарғы деңгейде болуы нағыз мамандар даярлаудың бірден-бір кепілі.
Медицина саласында шығарылып, баспаға беріліп, әрі жарық көрмей жатқан қаншама еңбектер баршылық, олар барлық медицина жоғарғы оқу орындар ұжымдарына профессор-оқытушылар назарында болғанымен, әлі де өз мәнінде сапалылық дәрежесіне жетпей отыр.
Оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, терминдер, олардың аударылу сапасы кей жағдайда төл ана тілімізде түсініксіздеу, кейбіреулері сөзбе сөз аударылған, ал медициналық ғылыми тілдегі қолданыстар тіпті де сын көтермейді.
«Шипагерлік баян» кітабында, биология ғылымы саласын қамтитын көптеген тарауларында, анатом, физиолог, генетик, иммунолог, эпидемиолог, вирусолог т.б. медицина мамандарына қажет, осы уақытта көптеген аударма сөздерінің нағыз ана тіліміздегі баламалары келтірілген.
Осыдан бес ғасыр бұрын жарық көрген, ғасыр ғұламасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының бізге жеткен көшірмесі «Шипагерлік баян» еңбегі, адам ағзасында өмір тіршілігіндегі орнын зор білгірлікпен талдап, табиғи құбылыстардың әсеріменен анықтап жанжақты зерттеген.
«Шипагерлік баянда» нақтылы биологияның органикалық дүниенің даму тарихындағы негізгі қағидалары деп көрсетілмегенімен, генетикадағы гомозиготикалық, гетерозиготикалық, тұқым қуалау заңының кейбір тұжырымдары, ғұламаның заманындағы, өз зерттеулерінде бейнеленіп тұр. «Төрт атадан аспаған рулар арасынан қыз алысқандардың қаны азғанды көзім көрді Сондықтан жеті атадан әрі қыз алыспақ шарт. Отыз-қырық ата араласса ұрпақ ақылды болмақ. Сырт елден қыз алысса ұрпағы зейінді, өнерпаз, аңғарлы болмақ» - дейді ғұлама.
«Адамзаттың әр біреуіне, Алла жасырын бітістік тұлғасына қоймаға қойып қойған пенде өзіде білмейтін көмес, жасырын, бұғындалы қуат болмағы парыз» (134 бет) деп қазіргі ғылым салалары, генетикадағы ген, генофонд, биохимиядағы тәндегі қуаттың (АТФ, КРФ) түрлерінде жинақталуын, дәл тауып айтқандығы ғажап.
Туылма себепкерлер деп туа біткен кемтарлықтарды, олардан сырт көзге көрінбейтін ішкі ағзаларда да болатын, қуылма себепкерлер деп тұқым қуалайтын ауруларды ажыратып жаза отырып, гендік, хромосомалық аурулар жөнінде сілтеме жасай ма, яғни генотип дәрігерлер зерттеулеріне, лыпыма аңғақ-артерия, жылпыма аңғақ-вена, алал қан-артериялық арам қан – веналық қан, бөргек несеп шығару жолы, шырылма несеп деп мағұлмат беруі физиологтар мен анатомдарға ана тілдік ұғыммен ой салады.
Ұлы шипагер «Жақсы сөйлемек жанға шырай бермек» - деп, науқастың алдындағы жауапкершілікті сезініп, дәрігердің қарыз бен парыз жайында өнеге көрсетіп, деонтологиялық мәселе көтереді.
«Жаратылыстың бітістік тұлғадағы аңғақ бейімдер» - деп ағза конституцияларын жіктеу жасаған.
Кітаптың кейбір бөлімдерінде теріс біткен бала жөнінде, көлденең нәрестені дүниеге келтіруге қолданылған әдістері акушер-гинекологтарды бейжай қалдырмаса керек.
Мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, дене бітісіне қарай адамдарды 6 топқа бөліп, психология іліміне біраз мағлұмат өз тілімізде беріледі.
Алғаш адамды боршалау арқылы, көптеген анатомиялық атаулардың ана тілімізде берілуі, қазіргі салыстырмалы өзге тілдерден алынғаннан гөрі, өз өрісімізді, тіліміздің қолданыстағы маңызын кеңейтеді.
Осы жоғарыда айтылған, ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз еңбегіндегі көптеген мәліметтер оқу үрдісіне пайдаланып, оқу құралдар жазуда қолдануға тұрарлық.
Университеттің ректоры Т.Ә. Момыновтың бастауымен жақында өткізілген бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік Баян» еңбегіне арналған конференцияда, көптеген ғылыми медицина саласындағы мамандар сөйледі. Белгілі ғалым, ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Рақышев А.Р. өз сөзінде, көптеген анатомиялық атаулардың жаңа қолданыстарға тіпті үйлесімді екенін баса көрсетті.
Сондықтан, ғылым тілін жасаушы-атаулар (терминдер). Ұлттық ғылыми тілін қалыптастырудың негізгі ғылыми атауларды ұлт тілінде нақты бейнелеп, дәл сөйлеу оқырманға толық жетуі қажет.
Емшілік ел мұрасы
Жаңабаева Нағима
Халық емшісі.
Шымкент қ.
Ата-бабалардың тектік қасиеттерінің ішіндегі тылсым құпия сырларына толысы да әрі құпиясы әлі ашылмаған саласына емшілік дәстүрі жатады. Қазақ халқында ертеден жалғасып келе жатқан ерекше қасиет – ол біздің емдеу дәстүріміз. Осы емшілеріміздің қасиеттерінің арқасында әртүрлі аурудың алдын алып, сақтана білдік. Бұл бірінші Алланың арқасы, екінші өткен әулие бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған емшілік қасиетінің арқасында болса керек. Олай болса мен дәл қазіргі кезеңдегі емшімін, емшілер деген ұғымның бетін толық аша кеткім келіп отыр. Біздің ертедегі ата-бабаларымыздың арасында аса қасиетті ерекше жаралған, айтқаны айтқандай келетін, ал ем айтса сол сәтте ақ ауруды басып, асқындырмай жазып отырған кісілер болған. Бұл қасиеттерге ие жандардың ерекшеліктері бүгінде зерттеле бастады. Бұл қазақ емшілігі жүйесінің жаңадан тарихқа еніп, бұдан былай гүлденеріне толық негіз барлығынын дәлелі болмақ. Дәл қазір мен өзімді нағыз емші және рухани сауықтырушы ретінде жұмыс атқарып келемін. Менің де бабаларым да және әжелерімде осындай қасиеттер болған. Олар туралы халық аузында ауруға адам бермейді деген сөз қалған, әртүрлі емдік шөптердің қасиеттерін жақсы біліп, ауруларды шөппен емдеп отырған. Мен де сол бабам сияқты болмасам да өз білгенімді жаны қиналған жандарды сауықтыру саласында жаңа емдеу жүйесі бойынша емдеп келемін.
Халық медицинасының ұзақ тарихы бар. Сондықтан халық емі әртүрлі науқастармен күресу барысында кемелденіп келеді. Бүгінгі халық медицинасындағы мануалды емдеу, уқалап емдеу, лоңқамен емдеу, нүктелерді қырып емдеу барлық елдерге кеңінен таралған. Емдік нәтижесі жоғары. Әсіресе, мануалды емдеудің ерекшелігі жоғары. Ауруға диагноз қою да сауаттылықты талап етеді. Бұл салада емшілер әртүрлі ауруларға қажетті анықтаыун дұрыс табуы, оның сауаттылығын білдіреді. Бұл жерде дұрыс диагноз қою үшін емшінің арнайы емшілік ілімі мен рухани ілімі, жоғары білімі мол, тәжрибесі көп болу керек. Диагноз дұрыс болғаннан кейін ғана емді науқастардың жас мөлшеріне, денсаулық жағдайларына жан-жақтылы қарап, оның емдеу сатыларын және сеанстық санын анықтаған жөн. Емдеу дәрежесін теңшеп қоя білмесе, бәрі бір емнің өнімі жақсы болмайды. Диагноз қоюда әртүрлі әдіс-тәсілдерді биоэнергетикалық, тамыр ұстау өте маңызды. Тамыр ұстау арқылы науқастардың ішкі мүшелері жағдайын, ыстық-суығын негізінен білуге болады. Оған тілге қарау, көзге қарау, сұрау т.б. түрлерін бірлестіру арқылы аурудың толық диагнозын қоюға болады. Жазылмайтын ауру жоқ. Сондықтан да халқымыздың қанымен жалғасқан, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған емшіліктің қадірін біліп, оны дамыту мен ғылыми жағында өркендету ғалымдардың ғана емес, емшілердің де басты міндеті екендігін білген жөн.
Психологические и нейрофизиологические
факторы патологизации эмоций
Жолдасова Ж. А., Абетова А. А.
Кандидаты медицинских наук,
Республиканский психо-неврологический научный центр.
г. Алматы.
Человек, живя в сложном и постоянно меняющемся мире, обладает огромным репертуаром программ действий, которые он способен выполнять в различных ситуациях. Эти действия охватывают простые и сложные перцептивные функции (такие как оценка цвета или формы зрительного изображения), различные мыслительные операции (такие как арифметический счет или игра в шахматы), целенаправленные двигательные акты (такие как поворот головы в нужном направлении и передвижение шахматной фигурки). В каждый момент времени человек выбирает (селектирует) из всего этого огромного набора программ действий только те, которые наиболее адекватны в данной ситуации. Мозговые процессы, ответственные за этот выбор, обычно объединяются под названием процессы управления (в широком смысле) или селективное внимание и двигательная установка (в узком смысле). В исследованиях лаборатории Кропотова показано, что механизмы центрального контроля разделяются на процессы вовлечения в необходимое действие (инициация, селекция сенсорно-двигательно-когнитивного акта) и процессы подавления ненужного действия. Эти два механизма связаны с прямым и обратным путями в цепях, соединяющих кору, базальные ганглии, таламус и кору в сложную петлю обратной связи. Показано, что процессы вовлечения и подавления обнаруживаются в положительных компонентах вызванных потенциалов, регистрируемых с поверхности кожи головы, причем у детей с синдромом нарушения внимания и гиперактивностью компоненты вовлечения и подавления значимо уменьшены по амплитуде.
Есть такое понятие как тревожность. Каждый человек характеризуется в какой-то момент определенным ее уровнем, определяемым с помощью специального и довольно простого опросника. Условно можно разбить опрашиваемых на три группы: высокий уровень, средний и низкий. На уровне нейрофизиологии уровень активации нервной системы не всегда коррелирует с уровнем тревожности: в одной области уровень активации линейно коррелирует с уровнем тревожности. Зато в парагиппокампальной извилине слева активация минимальна при среднем уровне тревожности, а при его повышении или понижении она возрастает. Таким образом, налицо система из большого числа структур, причем каждое звено играет свою особую роль.
Ряд исследований в Институте мозга РФ показал, что и реакция целостного организма, и реакции отдельных структур модулируются, зависят от их состояния или, от уровня относительно стабильного функционирования (УОСФ). На основе этих исследований сформулированы представления о иерархическом принципе организации мозговых систем и о роли сверхмедленных процессов как управляющих состоянием мозговых структур. Обнаружено, что пространственное распределение УОСФ на больших территориях мозга и удержание относительной устойчивости состояния мозга обусловлено реципрокным уравновешиванием уровней относительно стабильного функционирования зон мозговых структур. Этот феномен работает таким образом, чтобы сохранить без существенных изменений текущее состояние структуры и ряда функционально связанных структур при возможности его локальных изменений в отдельных зонах.
При выполнении экстренных стереотипных видов деятельности (активация внимания, готовность к действию, мобилизация краткосрочной памяти) мозговые системы их обеспечения формируются из потенциально физиологически активных звеньев, т.е. готовых в конкретных условиях проявить эту активность. При этом, в зависимости от структуры деятельности, физиологическая активность звеньев систем развертывается в определенной временной последовательности с возможным появлением реакции сначала в динамике импульсной активности нейронов и ранних фазах вызванных потенциалов (ВП). Далее, отставлено во времени (латентный период – десятки и сотни мсек) могут возникать изменения поздних компонентов ВП, слабых по интенсивности (амплитудой десятки мкВ) сверхмедленных физиологических процессов секундного диапазона (СNV, типовые фазические изменения дзета-волн). Обнаружено, что звенья системы обеспечения экстренных стереотипных видов деятельности сохраняют физиологическую активность до тех пор, пока в связи с экзогенным или эндогенным воздействием не изменится их текущее состояние (УОСФ). Следует подчеркнуть, что изменение УОСФ зон мозговых структур в этих условиях влечет за собой исчезновение физиологической активности одних звеньев и, наоборот, проявлением физиологической активности других.
Психологическое определение эмоции – это состояния, связанные с оценкой значимости для индивида действующих на него факторов. Эмоции выражаются, прежде всего, в форме непосредственных переживаний удовлетворения или неудовлетворения его актуальных потребностей. Эмоции являются одним из главных регуляторов деятельности человека.
Кэрролл Э. Изард определяет базовые или фундаментальные эмоции: интереса, радости, удивления, печали, гнева, отвращения, презрения, страха, стыда, смущения (застенчивости), вины, и вводит следующие критерии, которые для них являются общими: они имеют отчетливые и специфические нервные субстраты; проявляею себя при помощи выразительной и специфической конфигурации мышечных движений лица (мимики); влекут за собой отчетливое и специфическое переживание, которое осознается человеком; возникли в результате эволюционно-биологических процессов; оказывают организующее и мотивирующее влияние на человека, служат его адаптации.
Каждая из фундаментальных эмоций имеет свои уникальные мотивационные и адаптивные функции, работает на человека, и то, что она делает обычно идет нам на пользу. Исключением из этого правила являются случаи, когда эмоция становится более интенсивной, чем того требует ситуация; – тогда она оказывает дезорганизующее, разрушительное воздействие. Но в целом эмоция все же несет в себе конструктивное начало.
Далее Изард отмечает, что функции конкретной эмоции можно анализировать на трех уровнях: выполняет специфически биологическую функцию, например, направляет поток крови и энергетические ресурсы от гладких мышц внутренних органов к мышцам, ответственным за движения, как это бывает при переживании человеком эмоции гнева; оказывает мотивирующее воздействие на индивида, организуя, направляя и побуждая его восприятие, мышление и поведение; выполняет социальную функцию. Сигнальный аспект жизненно важной системы взаимодействия человека с другими людьми складывается из его эмоциональных проявлений.
При нейрофизиологических исследованиях было обнаружено, что у эмоционально сбалансированного человека при развитии какой либо эмоции определенные сдвиги сверхмедленных физиологических процессов, определяемые по величине и знаку омега-потенциала в одних структурах, обычно сопровождаются противоположными по знаку изменениями этого показателя в других структурах. Этот механизм предотвращает запредельное развитие какой-то эмоции, сохраняет человека эмоционально уравновешенным и сбалансированным. При его нарушении развиваются тяжелые эмоциональные расстройства именно потому, что не работает механизм, позволяющий сдержать чрезмерное развитие определенной эмоции. В исследованиях импульсной активности (Медведев, Кроль) было показано, что даже при выполнении чрезвычайно монотонной деятельности при попытке полностью стабилизировать работу мозга происходят эндогенные самопроизвольные перестройки в работе его структур. Другими словами, даже при выполнении монотонной стереотипной психической деятельности система ее обеспечения непрерывно реорганизуется. Таким образом, можно сказать, что для выполнения задачи формируется как бы временный трудовой коллектив, который все время меняется, и все его члены, во-первых, тренированы для выполнения различных задач, а, во-вторых, регулярно имеют возможность передохнуть.
С точки зрения психологии существуют так называемые события-стрессоры. Возникновение стресса предполагает взаимодействие между организмом и средой. С одной стороны, стресс выступает как совокупность средовых воздействий и само понятие «стресс» относится к ситуациям (хронически существующим или повторяющимся), способным вызвать нарушения адаптации. А.М. Свядощ отмечает, что сила психотравмирующего воздействия определяется не физической интенсивностью сигнала, не количеством бит информации, которую он несет, а значимостью информации для данного индивидуума, т.е. зависит не от количественной, а от семантической стороны сообщения. Психической травмой обычно является не то, что обращено только в прошлое, а то, что угрожает будущему, порождает неопределенность ситуации и поэтому требует принятия решения, как быть в дальнейшем» (Свядощ А.М., 1982).
В последние десятилетия особое место в исследованиях головного мозга занимают нейроиммунные процессы. Сейчас известно, что многие нервные болезни связаны с неправильной работой иммунной системы. Нарушения иммунорегуляции часто приводят к возникновению тяжелых заболеваний головного мозга. Нервная и иммунная системы осуществляют свои защитные функции, находясь в тесном взаимодействии. Их объединяют общие принципы организации, общие молекулы-посредники, значимые для организма в целом регуляторные функции. Обнаруженные закономерности нейроиммунной реакции на чужеродный стимул позволили использовать полученные данные для диагностики и лечения ряда заболеваний головного мозга. Клиницисты и раньше отмечали, что, с одной стороны, разрушение или недоразвитие мозговых стуктур сопровождается иммунодефицитом, с другой стороны, первичные и вторичные иммунодефициты ведут к функциональным нарушениям или заболеваниям головного мозга. В развитии многих хронических болезней нервной системы гораздо большее значение, чем предполагалось, имеют инфекционно-вирусные и далее - иммунопатологические механизмы.
При учете особенностей состояний мозга и организма можно правильно делать выбор между альтернативными путями лечения. Интересно определение адаптационных возможностей человека: можно предсказать, насколько устойчив будет данный индивидуум при каком-либо воздействии, стрессе. Оказалось, что некоторые, даже молодые люди, уже исчерпали свои адаптационные возможности и даже умеренные нагрузки могут вызвать у них патологическую реакцию. Можно выявлять таких людей и вовремя оказывать им корректирующее лечение.
Для психотерапевта первый этап – это установление или кристаллизация реально существующей проблемы, далее психотерапевт переходит к следующему этапу – идентификации причины, которая, в свою очередь, находится еще «глубже». Этот этап соответствует глубинному «причинному» уровню. На этой стадии существующая проблема так же оценивается не как нечто самостоятельное и отдельное, а как следствие какой-то глубинной причины или нескольких причин («проблема как следствие причины»). Этап кристаллизации проблемы и идентификации причины определяет не одну, а несколько мишеней, которые подвергаются анализу. К этим мишеням относятся: личностные психосоциальные статусы пациента (ЛС); события, которые пациент определяет как стрессоры, «ранящие» один или несколько его ЛС; взаимоотношения со значимыми другими лицами (ЗДЛ), которые могут являться источником или «составляющей» события-стрессора (СС); эмоции, которые являются «ответом» какого- или каких-либо ЛС на различные СС и общение с ЗДЛ, а так же – результатом неудовлетворенных потребностей и нереализованных целей; потребности/мотивы (удовлетворенные и неудовлетворенные) и значимые цели (реализованные и нереализованные) личности (ПЦ).
Использованная литература:
Проблема исследования мозга / Книга к десятилетию института мозга человека / под ред. Медведева С. В., Институт мозга человека РАН.
Свядощ А.М. Неврозы – 1982г.
Сөнбейтін шырақ, қанбайтын бұлақ
Жолдасбеков Мырзатай
п.ғ.д., профессор.
Астана қ.
XV ғасырда жазылып, араға бес ғасыр салып, сағындырып жеткен, сөйтіп қолымызға тиген, бұрын-соңды қазақ тарихында болмаған ұлттық мәдениетіміздегі елеулі құбылыс, асыл кітап, қасиетті қазына, халық даналығының айғағы - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны».
Кітаптың авторы – ғұлама, қараүзген шипагер, жаһангер, тарихшы, этнограф, философ, ақын, астроном, биолог, химик, психолог, географ, ұстаз, этика, моральдың асқан білгірі.
Еңбек негізінен шипагерлік ғылымды баяндайды, өзге ғылыми тұжырымдар, ой-толғаныстар, мәліметтер сол шипагерлік баян негізінде мысал, тарих, аңыз, салт-сана ретінде айтылады. Кітапты оқып отырып жұмбақтардың сырын, өмірдің тайниктерін ашасыз, сол кездегі қазақ қоғамын көзбен көргендей боласыз; қазақ халқы ерте заманнан бері қарай өз тілінде жасаған аңыз-әңгімелер, әдеби-мәдени қазыналарға , оны жеткізген шежіре, шешен, ақын, даналардың есімне қанығасыз.
Шипагерліктің қараүзген алыбы және пірі Лұхман Хакімнің шәкірті Өтейбойдақ хан ордасында оның жан досы әйгілі Жиренше шешен алып келеді. Сыннан өткен Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Жәнібек ханның өмірімен «Шипагерлік Баянды» жазады.
. Шешек ел басына торғай қаққан тарыдай қырғын салған бір жылы ел қамы үшін күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған шипагер жар құлағы жастыққа тимей, тәжірибеден тәжірибені жасап жүріп, ақыры шешек суын табады. Табу жолы аса қарапайым: «Баланың шешек ірінің алып тананың шап терісін тіліп, қан шыққан соң жағады. Бір жұмадан соң, жұдырықтай болып томпаяды. Томпақты жарып, қамсек қурай қуысымен бүйрек қабына құйып, ағашты қаламдай үшкірлеп, шешек баланың білегіне жағып, жаққан жерді инемен сызып қойса болғаны. Қазіргі медицина бұл ғылымның атасы ағылшын шипагері Эдуард Женнер – ол 1796 жылы тұңғыш рет шешекке қарсы вакцина егіп, шешек бір шыққан адамға шықпайтынын дәлелдеген. Бізді таңқалдырған қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешекке қарсы бұл вакцинаны Эдуард Женнерден 350 жыл бұрын табады. Әз-Жәнібектің қазаққа жеті атасына дейін қыз алуға тыйым салған жарлығы да осы Өтейбойдақтың ақылмен жарияланған. «Төрт атадан аспаған рулар арасынан қыз алысқандардың қаны азғанды көзім көрді. Сондықтан жеті атадан әрі қыз алыспақ шарт. «Отыз-қырық ата араласса, ұрпақ ақылды болмақ. Сырт елден қыз алысса, ұрпағы зейінді, өнерпаз, аңғарлы» болмақ дейді ғұлама.
Қолжазбада кездесетін мақал-мәтелдердің кейбір үлгілері мынандай: мылқаудан басқаның бәрі сөйлейді, сабаз сайқалмаса, бұқа бұрылмас, жығылсаң, байтақ көтергілік, түйе берсе, түймек қысқарады, бата тимесе, қата тиеді, табалама – жолы тар, жайдақ деме – алды жар, күлген күле жетпек, екі салбырауын түре жетпек, мысқыл тимек қышқыл, түбі мүшкіл, астым десең, аспаққа асылмақсың, бәскіл болсаң, бәйгеге қосылмақсың.
«Шипагерлік баянда» жетіге тиіспеу, қырық бірге жұғыспау, он екіден айырылмау дейтін өнеге-өсиеттер бар. Мұнысы адам баласы орындауға тиісті шарт-заң тәрізді.
Шипагерлік Баяндағы сол кездегі қазақтың апта, ай, жыл атулары да ерекше назар аударған.
Апта Ай атаулары
Бақтал – сенбі Егеу – наурыз
Баттал – жексенбі Көктеу – көкек
Сақтал – дүйсенбі Мезгеу – мамыр
Қақтал – сейсенбі Көзгеу – маусым
Аттал – сәрсенбі Шілтеу – шілде
Ғаттал – бейсенбі Тамызық – тамыз
Мереке – жұма Дәндеу – мизам
Күйек - қараша
Қауыс – ықтырғы
Ығыс – желтоқсан
Қаңтар – қаңтар
Жыл атаулары
Сумақы – тышқан
Маңғаз – сиыр
Айбар – барыс
Секем – қоян
Сумаң – жылан
Тұлпар – жылқы
Иіртек – ұлу
Шопан – қой
Мешін – мешін
Айтақ – ит
Шақыраулық – тауық
Қорысқы – доңыз
Кітапта кездесетін өсімдік, жан-жануар аттары мен адам мүшелерінің анықтауларының өзі қазақ тілінің ол заманда-ақ қаншама бой болғандығын дәлелдейді. Өтейбойдақ адам мүшесін сыртқы он екі, ішкі он екі деп, жиырма төрт мүшенің әрқайсысын жіліктеп, жіктегенде соншама атауының бар екеніне, соған қарап байырғы қазақ тілінің бай екеніне қайран қаласың, мақтанасың да.
Шипагердің өзін: теңдессіз шипагер, нағыз шипагер, қараүзген шипагер, шипагер, емші, емкес, жарғышы, қараемші, қаншы, тамыршы, сынықшы, оташы, іш сипағыш, көзқарақшы, ішірткіші, бақсы, жауырыншы, бәлгер, құмалақшы, болжағыш, аяншы, құшнаш, әулие әнбие деп бөледі.
Осы келтірілген мысалдардың өзінен «Шипагерлік баянның» бүгінгі заманның дәрігерлері үшін армандаған университет, энциклопедия, ұстаз екендігін былай қойғанда, қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін, этнографиясын, астрономияны, биологияны зерттеушілер үшін теңдесі жоқ асыл қазына, құдайдың өзі көзімізге көрсетіп, қолымызға ұстатып отырған ұлы мұра екендігін дәлелдейді.
Аңызға айналған, қалың қазақтың көңілін күпті қылған тарихи ғылымнама, ұлы шығарма «Шипагерлік баян» жайында әзірге айтарымыз осы.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ тарихын, әсіресе осы уақытқа дейін ашылмаған кезеңді, оның оқиғаларын, сол уақыттың тарихи қайраткерлерін жазып қалдырған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектерінің құны өте зор.
Өкінішке орай сан ғасыр аман сақталып келген асыл қазына Қытайдағы мәдениет төңкерісі атты ланда өртке түседі. Жойқын қолжазбаның түпнұсқасының солай 1905 беті ғана қалады, арасындағы 3655 беті өртеніп, жойылып кетеді.
Егер «Шипагерлік баян» толық сақталып бұл заманға жеткенде, қазіргі нұсқасынан 7-8 есе көлемді болғандай екен.
Ұрпақтан-ұрпаққа көшіріліп, алдыңғысы өліп, соңғысы ұрпақ жалғайтын адам баласының дәл өз өмірі сияқты біздің заманымызға жеткен ұлы тәберік қолдан-қолға көшірілгендіктен, қолжазбаның өзгеріске ұшырағыны да сөзсіз. Соңында берілген тектелгі (шежіре) де соңғы заманның қоспасы тәрізді. Мұның жігін ажырату –ғалымдардың борышы.
«Шипагерлік баян» - әлем тудырған ғажайыптардың қатарынан орын алатын қазақ халқының даңқын арттыратын теңдесі жоқ ғылымнама, қазақ даналығының өлшеусіз биігі. Сондықтан да Шашты Әзиз аталған, қараүзген шипагер дана бабамыздың асыл мұрасын көрінгеннің ермегіне айналдырмай, өзі қылып алмай, мемлекет деңгейінде жан-жақты, байыпты терең зерттеп, халық игілігіне айналдыру, сөйтіп әлемге таныту – бүгінгі ұрпақтың бұлжымайтын міндеті.
Тән тазалығы – жан тазалығы
Жетпісбаева Батима
Халық емшісі.
Алматы обл., Ұзынағаш.
Тазалық мәселесіне қазақ халқы сонау ерте заманнан мән берген. Тіпті XV ғасырда қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының айтуы бойынша, сол заманның ханы Әз Жәнібек арнайы жарғысын жазған. Сондықтан да кез-келген орында тазалық болуы ол тән мен жан тазалығының негізіне себепкер болады. Исламның тазалық сүйгіш дін екені айқын. Ал тазалықтың өзі дәрет және ғұсылмен (шомылу) тығыз байланысты. Дәрет - әр уақыт орындалатын жеңіл жуыну тәртібі. Намаз оқитын адамдар, тіпті, дүзге отырғанда дәрет алады және несебін бір жеріне тамызбай, үсті басына шашыратпай топырақпен, таспен, сумен тазалайды. Бұны істінжә деп атайды.
Дәрет алғанда, қол білегі мен аяқ тобығын үш қайтара жуып, ауыз, мұрынды үш рет шайып тазалайды. Күнде бес рет дәрет алған кісінің айтылған мүшелері үш қайта он бес реттен жуылады. Кей жағдайда үш дәретпен де бес уақыт намаз оқуға болады. Және де дініміз тамақтың алды-артында қол жууды әмір етеді.
Ал енді ғұсыл құйынуға (шомылуға) келсек, мұсылмандардың аптасына бір рет шомылуы сүниәт, яғни пайғамбар салған жол. Бұдан басқа ер-әйелдің жақындасуынан кейін екеуіне де, сондай-ақ, түс көріп оянғанда бір дымқыл көрген ер, әйелге де шомылу парыз.
Және әйелдердің етеккірінен (һайз) немесе босанғаннан кейін (нифас) қан қай күні тиылса, сол күні шомылу парыз.
Сондықтан осы діни тұрғыдан рухани түрде денесі лас болып есептелгендіктен шомылмай тұрып адамның Құран ұстауына, мешітке кіруіне, намаз оқуына болмайды. Дәрет алған немесе шомылған адамдар әрі шариғат әмірін орындаған, әрі елеулі бір денсаулық қорғау жұмысын атқарған болады. Өйткені жиі жуынып, шомылу адамның терісіне тыстан әсер ететін құбылыстрадың алдын алады, тері көздерін ашады, өмірдң жалғасына себепші болады.
Жуынып, шомылу дененің ыстығын реттеп, қанды тазалап, айналасын жақсартады. Қорпектің қорытылуын жеңілдетіп, ызақорлықты басады, тамырдың қызметін жақсарта отырып, дене қуатының артуына көмектеседі. Сонымен бірге рухани жақтан да шаттық бағыштап, сана-сезімнің айқындалып, жүректің сергектенуіне септігін тигзеді. Ұйқының түзеліп, шаршаған мидың тынығуына жол ашады.
Әрине, тазалық тек қана денеге байланысты емес. Оның киімкешектің, ішіп-жемнің, үйдің, ауылдың, тіпті жалпы қоғамның тазалығына тығыз байланысты екенін естен шығармау керек. Сондықтан, дәретке, ғұсылға және жалпы айналаның тазалығына ерекше көңіл бөлу керек. Өйткені жалпы денсаулық дербес жекенің, сондай-ақ барша қоғамның тазалығымен қолға келеді.
Денсаулық зор байлық. Ол бірінші байлық. Сондықтан жеке, ұжымдық және қоғамдық орындарда артық кетпей, сыпайылықты сақтап исламдық қағидаларды ұстана білгенде ғана салауатты өмір салты қалыптасады. Тән тазарып оны басқарушы жанның да рухани тазалығы артады. Бұл қағиданы сақтау әр адамның басты міндеті болып саналады.
Инемен емдеудің ерекшелігі
Жасан Зекейұлы
м.ғ.д., профессор, академик.
«Жас-Ай» Шығыс Тибет медицинасы
орталығының бас директоры.
Алматы қ
Чжень-цзю, яғни ине шипасы - көне заманнан келе жатқан емнің түрі. Оның шыққан жері, тарау тарихы, даму жолдары туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар ауру адамдарды инемен емдеу алғаш Тибетте пайда болып, содан соң Қытайда кеңінен қолданылып, дамыған деп жорамалдайды. Енді біреулері бұл емнің шыққан жері Қытай десе, үшіншілері Жапон елі деген тұжырымға келеді.
Жыл санауымызға дейінгі III ғасырда Қытайда жарық көрген 18 томдық «Хуанди Нейцзин» атты медициналық трактатта инемен емдеу тәсілі жазылған екен. Сәл кешірек Қытайдың белгілі ғалымы Хуан Фум инемен емдеуге тікелей арналған 12 томнан құралған «Дон Цзин» атты еңбегін жазып шығарады. VI-XII ғасырлар аралығында Қытайда Чжень-цзю (инемен емдеу) тәсілі одан әрі дамып, ол әр түрлі аурудың емдеу жолы ретінде кеңінен қолданыла бастаған.
Аталған уақыт аралығында инемен емдеуге арналған көптеген ғылыми жазбалар жарыққа шыққан. Мысалы, 1026 жылы «Тун женьшу сюэ жень цзю» (Қола адамның нүктелерінің аталасы) атты көлемді еңбек жазылды. Ол кітапта науқасты емдеуге бағытталған ине қою нүктелері сипатталып, адам денесіне түсірілген болатын. Сол заманның белгілі ғалымы Ван Вени адамның қоладан жасалған мүсініне 600 инемен емдеу нүктелерін түсіріп, оларды емдеу барысында қалай табу керектігін анықтап көрсеткен. Бұл нүктелер 12 сызық бойына (меридианға) орналастырылған. Автордың ойынша, әр сызық адам денесінің шеткі (периферия) бөлігін ішкі ағзалармен байланыстырады. Сонымен, Чжен-цзю (инемен емдеу) тәсілі ғасырлар бойы дамып, толықтырылып, отырды. Біршама уақыт аралығында зерттеушілердің еңбектерінің арқасында 12 сызық 14-ке дейін көбейіп, небәрі 695 ем нүктелері анықталады. Айта кету керек, сол уақыттарда белгіленген нүктелердің көбі күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Нәтижесінде 1789 жылы «Чжень-цзю фән юань» (Чжен-цзю негіздері) атты көлемді еңбек жарық көрді.
Көп ғасырлық даму жолында инемен емдеу тәсілі және ол үшін қолданылатын заттардың түрі де, сапасы да өзгеріп отырды. Мәселен, ең алғаш инемен емдеу сүйектен, тастан жасалған құралдармен іске асырылса, кейіннен өндіріс өркендеуіне байланысты, олардың орнына темір, күміс, алтыннан жасалған инелер шығарыла бастады. Инелердің бұл түрлері аурудың түріне, табиғатына, барысына, тіпті ауру адамның шыққан тегіне, қоғамдағы орнына және олардың ауруларының түріне қарай қолданылатын болған. Мысалы: қабыну, ісіну және тоңаздану себептерінен туған ауруларды емдеу үшін көбіне күмістен жасалған ине қолданылса, дене ыстығы көтерілгенде, «қан азаю» кезінде темірден жасалған ине қолданылатын болған. Ал алтыннан жасалған инелер бай-шонжарларға, қоғамда ерекше орын алатын адамдарға қолданылған екен. (Хуато тарихынан Жаңа хуа)
Инемен емдеу Қытайдан тыс Шығыс елдерінде, соның ішінде Кореяда, Жапонияда, Монғолияда, Вьетнамда, Үнді және тағы басқа елдерде де кеңінен тарай бастады. Кореяның солтүстігінде тастан, сүйектен жасалған инелер табылған. Бұл елде иненің қолданылуы туралы алғашқы қолжазбалар жыл санауымызға дейінгі 561 жылдары пайда бола бастапты. Қазіргі заманда Кореяда инемен емдеу ұлттық заңмен бекітілген және университеттер жанында акупунтураны қолдана білетін мамандар дайындайтын арнайы колледждер бар.
Ресей дәрігерлерінің ішінде инемен емдеу тәсілін алғаш қолданған Санкт Петербург қаласындағы Медико-хирургиялық академияның профессоры П. Чаруковский еді. (1828)
Біздің заманымызда инемен емдеу тәсілінің даму тарихында Бейжің қаласында орналасқан Қытай медицинасының Орталық ғылыми-зерттеу институтының 1955 жылы ашылуы және сол институт жанында Чжень-цзю емдеу бөлімінің жұмыс істеуі ерекше орын алады деуге болады. Бұл мекемеде инемен емдеу тәсілі жан-жақты зерттеліп, көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді, сөйтіп, әлемге кеңінен таныла бастады. Солардың ішінде Чжу-Лянь жазып шығарған «Қазіргі замандағы Чжень-цзю емі» атты көлемді кітабын атап өту керек. Осы жылдары Қытайдың көптеген ауруханалары мен емханаларында және басқа медициналық мекемелерде инемен емдеу бөлімдері ашыла бастады.
1956 жылы кеңес өкіметінің бір топ дәрігерлері ҚХР-ға барып қайтқан соң, Чжень-цзю емін қолдану Ресейде қайтадан кеңінен тарай бастаған. Оған дәлел ретінде Кеңес өкіметі тарапынан шыққан біраз құжаттарды атап өтуге болады. Мысалы, 1959-1971 жылдары КСРО, ал 1973 жылы Ресей Денсаулық Сақтау Министрлігі ауру адамдарды емдеуге Чжень-цзю емін кеңінен қолдану туралы арнайы қаулылар шығарды. Бұл қаулылар инемен емдеу тәсілін медицинаның әр саласында қолдануға жол ашты. Емдеу жән зерттеу жұмысының нәтижелері сол жылдары шыққан еңбектерде жарық көрді. Мысалы, инені жүйке қызметі мен дем алу жүйесінің ауруларына, көз, зәр-жыныс жүйлерінің ауруларына хирургия саласында қолдану, асқазанның ойық жарасын емдеу туралы еңбектер бірінен соң бірі жариялана бастады. Ресейде, Украинада инемен емдеу туралы алғашқы ғылыми диссертациялар да жарық көре бастады. Сол кездегі клиникалық және тәжірибелік хирургия институтында инемен отадан (операция) соң пайда болатын ауру сезімін жою жолдарын және кейбір қызметтік бұзылу құбылыстарын емдеу нәтижелерін сауықтыруға арналған біраз ғылыми жұмыстар жүргізілді. Қазақстанда инемен әр түрлі ауруларды емдеу нәтижелерін зерттеуге арналған ғылыми жұмыстар тек өткен ғасырдың 70-жылдары жарық көре бастады.
Қазіргі кезде Қытайда және басқа елдерде ине қою арқылы ауруларды емдеу нәтижелерін сипаттайтын біраз еңбектер жарық көріп отыр. Мысалы, жүйке ауырсынуын (невралгия), жүйке қабынуын (неврит) емдеу «иненің жүйке ауруларына қолданылуы», беттің үштік жүйке ауруын емдеу, ұйқы қашуды, шала сал (парез) мен сал ауруын (паралич) емдеу, ас қорыту мүшелеріндегі аурулары: асқазан қабынуы, асқазан созылуы, асқазан түгі қырылуы, іш қатуы, ішек жолдары аурулары зәр-жыныс аурулары, қуық қабынуы, қуық безі қабынуы, дәретті қолдана алмау ауруы, аяқ буын аурулары (полиартит, остеохондроз), тромбофлебит, бронхиттер, аллергия, құлақ шуы, саңырауқұлақ және кейбір хирургиялық ауруларды емдеу»
Қазіргі кезде Шығыс медицинасында рефлекс арқылы шипаны (рефлексотерапия) инемен емдеуден де басқа түрлері қолданылып келеді. Олардың негізгі ұстанымдары: «қоздырғыш сыртта болғанымен, ем ішке қонады». Солардың ішінде күйдіру(цзю), нүктелік уқалау (саусақты чжень), цуботерапияны атап өтуге болады. Цзю тәсілі терінің белгілі жерлеріне кептірілген шөптерді жағып, күйдіруге негізделген. Бұл тәсілдің басты шарты күйдірген жердің терісі үлбіреу керек. Демек күйдірген жердің терісінде I-II дәрежелі күйік пайда болуы шарт. Жапонияда теріні күйдіру үшін «мокса» өсімдігін пайдаланады, (мокса, терапия), ал Қытайда жусан шөп оғы қолданылады.
Нүктелік уқалау немесе прессация, дененің белгілі нүктелерін басып уқалауға негізделген. Тәсілдің қарапайымдылығы сонда, оны әр түрлі науқастарды емдеу үшін кеңінен қолдануға болады. Рефлекс арқылы емдеудің бұл түрі Ресейде кеңінен қолданылады. Жапон мамандары рефлекс арқылы емнің жаңа түрі цуботерапияны ұсынды. Бұл тәсіл белгілі нүктені жұмыр басты зат (шарикпен) арқылы іске асырылады. Жұмыр басты зат тот баспайтын болаттан жасалады, оның диаметрі 1 мм-ге тең. Бұл емнің әсерін былай сипаттаған болатын: «кейбір нүктелерді саусақпен басқан кезде ине (чжень), немесе күйдіру (цзю) қолданғандай әсер туғыза алады»
Сырқаттарды емдеу барысында сыртты қоздыру тәсіліне ғалымдар көп көңіл бөліп, оны одан әрі жетілдіріп, дамыту жолдарын іздеу көзделіп отыр.