Түнгі ғажайып

1

 
главная                                        вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18

 



 

Зядан Қожалымов

 

 

 

 

Түнгі ғажайып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014

УДК 821.512.122 

ББК 84 (5 Қаз)  

Қ      56  

 

                             

                                

                                 

 

 

            Қожалымов З.

Қ 56   Түнгі ғажайып. Тылсым дүние, әңгімелер, естеліктер т.б.

/ З. Қожалымов. – Алматы: Шалкөде, 2014. –  200-бет.

 

 

ISBN  978-601-7262-19-8 

 

Кітаптың авторы бұған дейін тылсым құпия сырлары мен халықтық шипагерлік  саласында жиырмадан астам кітаптар жазған белгілі мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы зерттеуші-ғалым, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі  – Зядан қажы Қожалымов. Жинақта автордың прозалық жанрдағы жазған тылсым құпия сырлары, ел ішіндегі естеліктері, өзі жөнінде, дала ғұламасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы жазылған спектаклі, радио сұхбаттық әңгімелері жеке ой-түйіндері т.б. еңбектері қамтылған.    

 

Кітап зерттеушілерге, халық емшілері мен көпшілік оқырман қауымға арналған.

                                                                    

                                                       

                                                                                   УДК 821.512.122 

                                                                                   ББК 84 (5 Қаз)   

 

 

 

ISBN 978-601-7262-19-8                                © Қожалымов З., 2014

                                                                          © «Шалкөде», 2014

Алғы сөз

 

Алла тағаланың әрбір пендесі Жаратушының ұдайы сынағында болғандықтан, оның тағдырнамасындағы жазылған тағдырлық өмір жолдарынан тылсым құпия күштерінің сынағы мен бақылауы арқылы өтетіні діни кітаптарда жазылған. Мен алғашқы балалық өмірімнен бастап күні бүгінге дейін әртүрлі сатылы сынақтардың жолдарынан, көлденең тартылған торлар мен қоршалған мейірімсіз қоршаулардан өтіп ғана қалмастан, ғарыштық жүйенің сатыларынан да өтіп келемін. Бұл айтқандарымды әркім әртүрлі түсінері анық. Кім не десе де өз құқы өзінде. Ширек ғасырдан аса уақытымды мен тылсым құпия сырларының ғажайып ғаламаттармен ұштастырып, ұлттық танымдық еңбектерді парапсихологиялық көзқараспен талдап, ұлттық психология мен философиялық таным негізінде ұсынып келемін. Бүгінгі ғаламдық даму жүйесінің өркендеуі мен жаңа технологияның дамуына байланысты адамзаттың ойлау жүйесі, танымдық қабілеті, саналық талдауы, ғарыштық жүйеге көзқарасы мен көрінбейтін тылсым дүниелердің әрекеттеріне деген танымдық талғамдары өзгере бастады. Мәңгілік өмір жоқ. Өмір жолдарымыздың түзу болмай қисық қыңыр болуы да бір Жаратушының құдіретінен болады. Сезімталдық жоғарғы қасиетке ие көріпкелдер, болжампаздар мен бақсы-балгерлер ғарыштық жүйенің кейбір өзгерістік әрекеттерімен телепатиялық байланыста болады. Телепатиялық хабар екіге бөлінеді: таза және таза емес немесе аралас. Періштелердің қолдауындағы байланыс таза түрде жетеді. Жын-шайтандардың көмегі арқылы алынатын телепатиялық байланыстар аралас немесе таза емес байланыс түріне жатады. Әрине, бүгінгі заманда жер бетіндегі адамдардың жоғары сезімталдық қасиетке иелілері өздерінің болжамдық тұжырымдамаларын ұсынуда. Бірақ, мұндай болжамдық тұжырымдамалардың адамға, ғылымға, қоғамға және жеке адамдарға қаншалықты пайда-зияны барын ешкім айта алмайды. Мұндай көзге көрінбейтін байланыс түрлерінің кейінгі кезде көбеюі қоғамдағы адамдардың діни көзқарасының жеткіліксіздігі мен әртүрлі сатылы даму жүйесінің бір қалыпты болмауынан сияқты көрінеді маған. Біздің өміріміздің тәуліктік әрбір сағаты ғажайыпқа толы. Адамның ішкі дүниесіндегі құпияның әлі толық ашылмағандығынан, сыртқы дүниедегі құпияны да толық түсіндіре алмаймыз. Осыған байланысты бұл еңбектің аты «Түнгі ғажайып» деп аталу себебі де жоғарыдағы себеп-салдарына байланысты болмақ. Егер асықпай мән беріп оқыған оқырман осы дүниемен о дүниенің ұқсастығын және арақатынасын түсінген болар еді. Ел іші – қазына. Небір қызықты әңгімелер мен шымшымалы сөздердің қарапайым халықтың ішінде дамығандығын бәрімізде білеміз. Сондықтан ауыл әзілдерін де еске сақтау, оған құрмет көрсету біздің парызымыз. Қазақ халқының ел тәуелсіздігіне дейін тарихқа енбеген, аттары аталмаған тұлғалар аз болмады. Солардың бірегейі XV ғасырда өмір сүрген даланың дарабозы, ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы қазақ ғылымының мақтанышына айналды. Адами талант Жаратушының берген сыйы болғандықтан, әр адамның өзіндік таным-талғамы және тұжырымы болады. Біз өміріміздің барлық уақытында ғажайып әлемнің ортасында өмір сүреміз. Түнгі демалу кезінде мидың демалуына байланысты жанның ғаламдық кеңістікті шарлауы бізге аян немесе түс сияқты сезіледі. Дегенмен, күндізгі ғажайыптық көріністерден гөрі түнгі мезгілдерде сезіну мен көріністі бақылауға болады. Мен де жеке танымым бойынша жазылған осы «Түнгі ғажайып» еңбегім өзінің оқырмандарын табады және ғарыштық жүйенің құпиясын білуге ықпал етеді деген ізгі ниетімді білдіремін.

Құрметпен автор

  

 

 

 I ТАРАУ

                                     

ТҮНГІ ҒАЖАЙЫП

 

 

 

 

Тағдыр  құпиясы                          

 

Кім ойлады осылай болады деп,                   

Бұл дүниеден көңілің қалады деп.           

О, Жаратқан тағдырды берсе осылай,       

Тағдырдың құпиясын ашайын кеп.       

                          

Аттансам аруақ болып ана жаққа,      

Көрген мен сезгенімді сұрап жатса,   

Бұл жақтағы адамдар әлек болып,           

Тылсым құпиясына қанықпаса...                    

                            

Ширек ғасыр өмірімді арнадым,  

Жамандыққа жоламадым, бармадым. 

О, тағдырым құтылмадым сынақтан,  

Орындалса болды игілікті арманым.

    

Кездейсоқтық па, әлде бір тылсым құпияның жаңа қырынан көрінуі ме мен естімеген, оқымаған, көрмеген көріністік құбылысқа тап болдым. Ежелден келе жатқан адам баласы тіршілік күні біткенде Жаратушының құдіретімен Жан (рух, аруақ) тәннен бөлініп шығып, ғарышқа самғайды деген нақ танымды қасиетті Құран аяттары негізінде сипатталады. Адам ұйықтағанда аян алады, бұл көбінесе пайғамбарлар мен сахабаларда және ұлы адамдарда кездесіпті дейді білгіштер? Бірақ, бұл да әлі ғылыми жағынан толық шешімін таппаған. Кейде адамдар  түс көргенде  осы мезгілде тән демалса ал, жан кеңістікке кетеді де әлемді шарлайды, өзі білетін немесе бейтаныс о дүниелік аруақтармен кездеседі, тілдеседі, аян алады т.б. нұсқаулар алады деп жатады. Сонда осы нақты дәлелі жоқ болжамдар адамзат баласын мыңдаған жылдар бойы иландырды, сендірді және тәубесіне келтіріп бас игізіп келеді. Сондай мистикалық құбылыстардың болғаны мен шындығы жөнінде әлем ғалымдары әлі де бір толық шешімін берген жоқ. Үнсіз. Неге үнсіз, бұған кім кінәлі, мықты болсаң шешімін тауып көр. Жараушы мен табиғат және адам құпиялары не үшін толық ашылмауда? XV ғасырда өмір сүрген француздің жұлдызшысы Мищель Нострадамус пен жақын жылдары о дүниелік болған болгариялық Ванга апайдың құпиялары әлемнің көптеген елдерінің көп салалы ғылымдарының ғалымдарының зерттеулеріне қарамастан, әлі нақты ғылыми тұжырымын таппағаны қалай?

Мәңгілік өмір жоқ. Өміріміз айтысқа, өсек-аяңға толы. О дүниеге кеткенде де артымыздан піші-пішілер келіп жатар. Бұны да өз уағында сезе жатармыз. Менің бата алған және оқытқан ұстазым болған жоқ. Мен Жаратқанның құдіретімен бір-ақ түнде емшілік қасиетін қабылдаған жанмын. Бұл жөнінде ширек ғасырға жуық жария етпедім, мақтанбадым. Бәрі құпия қала берді. Басқа емшілер сияқты жоғарыдағы орынның есігін ашпадым, жалбарынып жалынбадым. Осындай шешімімнің арқасында «Құтқарушыларға» құл болудан азат болдым. Соның нәтижесінде тылсым құпия сырларынан сыр шертетін он бестен аса кітаптың авторы атандым. Еңбегімнің алды әр елге жетсе, интернет арқылы жер шарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шарлағалы жеті  жылдан асты. Аяқ астынан, күтпеген жерден осындай қабілет берген, қорғаушы, бақылаушы және қуат берген Алла тағалаға басымды ием, шексіз қарыздармын. Халықтық тектік киелі тылсым сырлары құпиясын ашу парызыма жатады. Әр нәрсенің негізі ғылымға сүйенеді. XV ғасырдың дала ғұламасы, шипагер, менің рулас қоныстас бабам Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық медициналық көп салалы ғылымдарды қамтыған, теңдессіз  туындысын он бес жылдан бері философиялық және психологиялық ғылыми танымдық негізде зерттеудемін. Осының нәтижесінде «Шипагерлік дәстүрі және философиясы»  және орыс тілінде «Целительская традиция и философия» атты  ғылыми  монографиялық еңбегім ҚазҰУ «Философия тарихы және мәдениеті» кафедрасының ғылыми кеңесінің шешімімен баспадан шықты, өз оқырманын тапты (А. 2009).  Ғылыми еңбекте халықтық емшіліктің біздің дәуірімізге дейінгі жағдайы, шипагер баба Өтейбойдақ еңбегіне ғылыми талдау мен баға беру және осы уақыттағы халық емшілігінің бағыты мен болашағы қамтылған. Әрине, еңбектерімнің барлығы көп салалы ғалымдардың талқысынан кейін баспадан шыққан. Мен осы халық емшілігі жөнінде құр бос сөз қашан бітеді деп көп күттім. Бос сөз азаймады, керісінше халық емшілігінің абыройын төмендетуде. Емшілер жаман дейді, шетінен шарлатан дейді т.с.с. Дұрыс, сын болмай мін түзелмейді. Емшілердің бәрі жаман емес, арнайы терең білімді болмаса да адамгершілігі мен имандылығы жоғары барлары жетерлік. Тектік кие ол тұқымқуалайды. Ұстай, ұлықтай білсе емшіге бақ, ардақтай білмесе, кіші тозақ. Бұған қарап, сонау адамзат дәуірінің алғашқы қауымдық кезеңінде адамзаттың ұрпағының қалыпты тұлға болып өсуіне басшылық жасаған, денсаулығын бақылаған, бір ортаға басын біріктіріп қоғамдастырған, жаратушы Тәңірдің құпиялық тылсымын мойындатқан, адамдардың сөздік қорының, туыстық танымының оянуына және өмір сүру жолдарына жол көрсеткен бақсылар мен балгер, болжаушы мен көріпкел, т.б. ұрпақтарын неге сыйламасқа, әрине оның білімділерін. Мен енді ашық айтамын. Менің кім екенімді білмегендерге өкпем жоқ.  Мен басқа біреулер сияқты жанама атқа әуес емеспін. Мемлекетіміздің тәуелсіздігінің беріктігі мен халықтың амандығы үшін, мен өзімнің сақтандыру ойларымды ашық жариялық тұрғыдан халқыма жеткізуді азаматтық парызым деп санаймын. Қанатын жайып ұясын құрып алған секталардан кем түспейтін, ортамызда тайраңдаған, талай жанды зар қақсатқан неке қиғыштар мен «Аруақ телекомдар» және «Пархат», «Аққулар», «Ордалар» әрекеттері және жандарын шүберекке түйіп жүрген, қалтылдаған сырқат жандарды жүзден-бес жүзге дейін саптағы солдаттай тізіп алып шындығы және өтірігі аралас бата айтқыш, «Әулиелер кесенесіне» зиярат еткізгіштердің іс-әрекеттері бүгінде арам пиғылды діни секталардан кем түспейді. Адамның өзін-өзі аздыруы ма, жоқ қоғам кінәлі ме? Бұған болашақта баға беретін өмірдің өзі таразы. Әр адамның өмірі өлшеулі. Осы еңбекті жазуға ұзақ уақыт ойландым. Толғандым. Тәуекелге бел байладым. Бастадым да ойымдағыны ықшамдап аяқтадым. Халықтық шипагерлік туралы тамаша еңбектерді жазуға Алла тағала нәсіп етсе, оны да тағдырым орындатарына күманым жоғы анық.

                                    

Ғажайып әлем

                          

Бұдан бұрын да баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларда және теледидарда да емшілердің кейбірінің аруақтар әлемімен байланыста болғанын оқығанмын, көргенмін және естіп те жүрдім. Мұндай құбылыстардың қаншалықты шындыққа  жанасатындығы  жұмбақ күйінде болғандықтан, оған ешкімде көп мән бермегені анық. Бүгінгі ғылымның осы құпиялы  салаға әлі толық ене аламауының да, бір қиын шешімі жоқ аксиомалары көлденең тұрған темір тор сияқты сезіледі де тұрады маған. Дұрысына келгенде адамзаттың жаратылысынан бері қаншама ғасырлар өтсе де немесе тылсымның құпиялы сырлары неге бір жақты шешімін бермегеніне таңғаласың? Бүгінгі баспасөз беттерінің ұзақ жылғы материалдарын қарасаңыз, әр түрлі мамандық иелерінен ғалымдар, діни адамдар мен ел ішіндегі оқырмандар да аруақ (рух) туралы бірнеше томдық танымдық мақалаларын жазғанына куә боласын. Нақтылы шешім мен тұжырым әлі рух (аруақ) туралы толық мағлұмат берген емес. Адам баласының жер асты мен бетінің және аспан әлемінің сырын білгенімен, осы сөз еткен аруақ (рух) жөніндегі танымы өз нәтижесін бермейді, бұл өте орынды ойланатын нәрсе сияқты. Менде осы бір қызықты да күрделі тылсымның сынағының тікелей куәгері болғанымды өзімнің нақтылы сезім мен түсінігім бойынша оқырманға жеткізуге тәуекел еттім. Денсаулығымды тексертейін деген оймен жұбайым Түймекүлмен ақылдаса отырып, алғаш жеке меншік медициналық орталыққа барып екі күн емін алып жаттым. Үшінші күні жағдайым төмендеп, сол күні кеште Алматы қалалық медициналық жедел жәрдем мекемесіне жұбайым мен ұлым Мақсат алып келіп орналастырды. Жағдайым нашарлағанын кейін есімді толық жиғанда ғана біле бастадым.  Емі жақсы, система дегенді өкіртіп құюда. Қосымша уколдары мен дәрі-дәрмегі тағы да бар. Үш күн өтті. Мені дәрігердің айтуынша екі кісілік бөлмеге жалғыз жатқызды және емдеуші дәрігер кіші медициналық мамандарға менің жаныма ешкімді жатқызбауды өз көзімше қатал ескертті. Мен жұмыссыз, зейнеткер болып ем алудамын. Менің қоғамдық ұйымдар басшысы және ғылыми атақтарым кімге қажет дедім де, үнсіз жата бердім. Мұндай жатып емделетін медициналық мекемеге жиырма жылдан аса уақытта ғана емделуге келгенімді де, іштей есептеп те қойдым. Жанға шипа сыйлайтын бірінші Жаратушы болса, екіншісі таза білімді дәрігер екені ем барысында да байқалуда. Шипалы емді алған соң, тыныш демалу пайдалы болатын. Кеште болды, бөлмеде тыныштық басталды. Сонымен осы түнде байқалған және өзім жатқан бөлмеде кенеттен пайда болған аруақтар әлемінен сөз қозғайын. Мұндай құбылысты өзім де бірінші рет бастан кешірудемін. Сонымен бұл керемет  осылай басталған еді...

                                         

Керегедегі  ақ лента

   

Екі мың он бірінші жылдың қазан айының отызыншы жұлдызы. Түн. Тәулікте зымырап сәрсенбіден бейсенбіге ауып барады. Уақыт түнгі сағат он бірден аса бастады. Бөлмеде жалғыз жатырмын. Мұндайда ұйқы да келу қиын екен. Бөлмедегі  ауамен демалуға жүрек деген азамат риза болмай, бөлме терезесін ашып молдап ауа жұтып, жаным рахаттанғандай болды. Дала да тыныштық. Алғашқы қардың қырбағы да жер бетін ағарта бастапты. Аурухананың бөлмесінің төсегінде жалғыз өзім басымды құбылаға қаратып жатқанмын. Сағат тілі түнгі он екіге жақындаған болатын. Жарықты өшірдім. Енді дем алайын деп ұйқым келмесе де, бөлменің жарығын сөндіріп төсегіме қисайдым. Бір уақытта белгісіз күштің әсерінен қайтадан тұрып толық дәретімді алып, білген дұғамды оқыдым. Маған бір сезім әсері сен қырық бір түрлі ақ тілек тіле ден санамды қозғағандай болды. Тілегіңді жария етпейсің, хатқа түсірмейсің осыны есіңе сақта дегендей нұсқауды ұқтым. Биссіміллаһи ар рахмани ар рахимды  қайталай отырып еліме, халқыма, елбасыма, жанұям мен ұрпақтарыма және аруақтарға арнап бата жасап, Алла тағаладан қырық бір түрлі ақ тілегімді тілеп бетімді сипадым. Бір-ақ, осы қырық бір тілекті санай отырып, қалай аяқтағанымды өзім де байқамадым. Бір жақсылықтың боларын сезгендей, көңіл-күйімде көтеріліп шаттанғандай сезімде болдым. Көзімді жұмып ұйықтайын дегенімде, көзімнің жабығына қарамастан бүкіл денем арқылы бөлмеде пайда болған белгісіз кеңістікке ене бастадым. О, құдірет-ай десеңші, өзіме-өзім  сенбестей халде көзімді ашып жата бердім. Бір уақытта бөлменің іші  қоңыр түске бояла бастады.

 Тырыс деген әжептеуір дыбыс та естілді. Мән бермейін десем, түнгі тыныштықта ешқандай қимыл жоқ болатын. Қарсы керегеге қарасам еденнен бір метрдей жоғары қарай өсіп бара жатқан «ақ  ленталы»  жарық саулесі пайда болды. Жан-жағыма қарадым, іштен де және сырттан да бөлмеге түскен жарық жоқ. Бұл қалай деп тағы да аң-таң болдым. Алғаш биіктігі жиырма сантиметрдей, ені  жеті-сегіз сантиметрдей керегедегі ақ жарық үлкейе келе ұзындығы екі метрдей, ені отыз-отыз бес сантиметрдей болды. Ақ жарықтың астыңғы жағы қақ ортасынан бөлініп, ортасында ақ түсті сызық пайда болды. Адамның екі аяғына ұқсап барады. Тез арада адам бейнелі, үстіндегі дене киімі денесіне жабысқан бейнеге айналды. Мен басымды солға бұрсам толқынды теңіздің ағысын көрдім.  Содан...

 

 

 

В начало