Түнгі ғажайып | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 | ||
«Халық емшілігінің өркендеуі және пайдалану жолдары» атты Республикалық форумы (Шымкент, 13.07.2012ж сағат 19.00) «Ақжол» мейрамханасы Жыл сайын қауымдастықтың атынан Конгрестер мен форумдар және конференциялар өткізіледі. Бұндай шаралардың жауапкершілігі де өте ауыр. Келегн меймандар мен емшілердің көңіл күйін көтеру үшін барлық бақылау мен жауапкершілікті, ұйымдастыруды басқаруды өзімнің міндетіме аламын. Жыиналыстағы күн тәртібімен бірге Банкеттегі тамаданың да сөйлейтін сөзіне дейін өзімнің жазуыма тура келеді. Сонымен... Сөйлеушілердің тізімі: Қайта оралды оңтүстіктің жеріне, Келді емшілер сәлем беріп еліне. Қасиетті бабалардың мекені, Түркістаның әйгілі ғой әлемге. Екінші рет Шымкентте бас қосқан, Ниеттерің қандай жақсы топтасқан. Құтты болсын форумдарың емшілер, Ілгерідегі жиындарыңмен жалғасқан. Арқалаған ауыр жүгін Алланың, Теріп жүрген несібесін жалғанның. Киелі жер, қасиетті Шым елі, Сәлем береді емші деген зор қауым! Жиырма жылдық қасірттен өткенде, Емшіліктің тағдырында шешкенде. Құтты болсын айтамыз бәріңізге, Жиырма бірінші жылыңа жеткеніңе. Ертедегі бабалар сыйға тартқан, Қасиетті ғой менің ұлы далам! Таныды бүкіл әлем біздің елді, Данышпан мен даналар ізі қалған! Елбасы бабалар рухын құрметтеуде, Емшілердің қорғалуда шипалығы. Бұрынғы ұмыттырған ауыр күнді, Нұры жаусын Алланың Нұрекеңе! Ширек ғасыр жүгі оңай болмады, Қара күштер тобыменен торлады. Қуанышы мен қасіреті бірдей боп, Емшілерде тылсым күшін қорғады. Қанша мықты болса-дағы жауларың, Күресуден жалықпадың, таймадың. Жасадыңдар тарихыңды нақтылап, Ата жауы дұшпаныңды да талдырдың. Алматыдан бастаған жиындарың Жалғасты Шымкент, Түркістан, Тараз, Астана, Алматы, Шымкент қаласында. Қамтылмаған тақырып қалмаған-ды, Шипагерлік ғылымы саласында. Ұлы емшісі қазақтың Өтейбойдақ, Ілімі мен білімі әлемге айғақ. Басшыңыз Зяданның зерттеуінде, Атанды ғылымда екінші ибн Сина. Емшіліктің саласының ғылымында, Басшыңның есімі де ғылымға қосылуда. Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы, Денсаулық ұйымыда еңбегін бағалауда. Бір Алла сақтасын жамандықтан, Кездестірсін осындай қуанышпен. Тілектері көпшілік қабыл болып, Көрісейік келер жолы амандықпен, – деп, адал жүрек жырын толғаған қауымдастық басшысы Қожалымовт Зядан қажы мен әлемдік емші, жұбайы Түймекүл ханымға сөз кезегін береміз. 2. Ғалымдар мен меймандарға: Тоғыз жылда тоғыз жиын өткізген, Ғаламшармен ілімдерін жеткізген. Өткені мен бүгінінде түгендеп, Жанашыр ғалымдарда көбейген. Білгендейсің досыңменен қасыңды, Тегі таза ғалымдардай досыңды. Халық емі өркендеуде бүгінде, Емшілікте ғылымға да қосылды. Болды ғой ғылымда да қиын өткелдерің, Ғалымдармен бірлесе ғылымға жеткендерің, Молдабеков Жақан, Керімбектің Ермаханы, Жарықбаев Құбығұл, Жақанов Амангелді, Бекен Тұрсын, Айтолқын Құлсариева, Мекемтас Мырзахмет, Жасан Зекей, Құрбанқожа Сансызбайлар көмегі ғой, Аллаға шүкір дегін! Шүкір дегін! Шүкір дегін, – дей келе аты аталған ғалымдар мен жұбайларына сөз береміз. 3. Меймандар: Туғанбаев Мырзабек, Әділбеков Әбдіберік, Анар Қыдырханқызы, Ералжан Тұтқабаев, Ахметов Абсаттар, Тінгишова Әлияға сөз беріледі. 4. Ардагерлер: Көшін бастап ақылшысы емшінің, Құрметтеген ұрпағымыз ардагерін елінің. Алланың ақ жолында еңбек етіп, Қалдырған ұрпағына мұраларын. Молдабаев Кеңесбек, Молдабаева Башан, Жетпісбаева Батима, Ибраева Күмісжан, Ботабеков Еркін. 5. Қауымдастықтың Төралқа мүшелері мен филиал басшылары: Қанат болып, тірек болып қауымға, Басшы болған бекітілген ұйымға. Қауымдастық қызметін дамытқан, Сөз береміз филиалдар басшысына. Кумаров Кабылкарым, Бесембаев Кумарбек қажы, Сәрсенбай Жанболат, Васильев Андрей, Туребеков Бахтыбай, Ермуханова Гүлпара, Каракушов Арстан, Құттыбаева Қализа қажы, Серікбаева Айжамал, Қасымова Шарипа, Анарбаев Талғат, Байділдаева Ұлбосын, Қалдыбаев Серік, Шакіржан Дәуір, Ахметова Бахыт, Қорғанбаева Майра қажы, Бұзауова Алтынай, Нисанбаева Багиткуль. 6. Халық емшілері: Бөлінуге де болмайды, жауың жейді, Қорқыт Ата, Пір Бекет, Қойлыбай бақсы, Ибн Сина, Құртқа баб, Әль-Фараби, Майқы би мен Мөңке би, Баласағүн Машһұр Жүсіп, Шәкәрім басқалары, Емшілік ғылымында да зерделенді. Сөз кезегі Алматы қаласы, Астана қаласы емшелеріне беріледі: 7. Елбасы Алғыс хатынан қуаттанған, Нәтижең көрінуде ғаламтордан. «Шипагерлік баяның» ұраның боп, Жетістігіңді жеткізіп ел шарлаған. Ұйымға жасалған заңсыз қысым, Ол жақсылық түсінсең оны да ұғын. Өлген мұра тіріліп оты жанса, Жауларымыз түсінді, соны білгін. Сөз кезегі Алматы облысы, Ақтөбе, Орал облыстары емшілеріне беріледі. 8. Бәрінде айтқан жақсы білгендіктен, Көрінуде емшілерде көрегендікпен. Ұзақ жылғы қасіретті артқа тастап, Жүздің жүйрігісіңдер озып келген. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облысы емшілеріне сөз кезегі беріледі. 9. Бабалардың киелі жолыменен, Үлкен кіші бәрінің жөнін білген. Ертедегі бақсы, емші даналардай, Емшілерде танылуда емдерімен. Сөз кезегі Қарағанды, Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстары емшілеріне беріледі. 10. Шипагер Өтейбойдақ бастап берген, Емшілерге аманатын тастап кеткен. Шипагерлік мұрасын сақтаңыздар, Дана сөз айтылмаған тектен-тектен. Думандатып той өткізген жыл сайын, Қуаныштары жалғасатын күн сайын. Өнер десе барлық ісін де алдағы, Қазақ пен өзбектің биінен қуаттанған – Оңтүстік Қазақстан облысының емшілеріне сөз беріледі. 11. Сөз аяқталды. Тамада өзінің жылы сөздерімен биді жалғастырады. Таныс қой тарихымнан жалпы маған, Келмейді ғой өмірге қайтіп адам. Жыл сайын басын қосқан қауымдастық, Өмірде күн нұрындай жарқылдаған. Алланың кереметіне таң қаласың, Әр қасиетті әр адамнан аңғарасың. Асан қайғы бабамыз жел маямен, Қазағымның болжаған бар даласын. Ғалым-емші қауымда мықты екен, Шипагерлік ілімін ғылым еткен. Берекесімен ерекшеленеді қазақ елі, Той думанға бөленген біздің мекен, – деп тамада өзінің әсем сөздерімен мереке тойының аяталуына дейін жалғастырады. «Халық емшілігінің емдеу жүйесінің болашағы» атты Халықаралық форумы (Түркістан, 14.09.2013ж сағат 19.00) «Иса-1» мейрамханасы БАНКЕТ Сөйлеушілердің тізімі: Қайта оралды оңтүстіктің жеріне, Келді емшілер сәлем беріп еліне. Қасиетті бабалардың мекені, Түркістаның әйгілі ғой әлемге. Қожа Ахмет бабамыздың мекені, Күллі әлемге кереметімен танылды. Түркілердің мекені де Түркістан, Қазақ елі мақтан етеді атыңды. Түркістанда екінші рет жиналды, Емшілердің орындалды арманы. Қадамы құтты болсын қауымның, Игі істері жүзеге ассын алдағы. Арқалаған ауыр жүгін Алланың, Теріп жүрген несібесін жалғанның. Киелі жер, қасиетті Түркістан, Сәлем береді емші деген зор қауым! Бабалардың құт мекен жерінде, Рухани байлығымыз өсуде. Емшілерге еркіндігін сыилаған, Рахмет Елбасымыз Нұрекеңе! Талай қысым, жасалды Қауымыңа, Қарсыласың да кетті бүгін жәйіна. Сынағынан Жаратушының өттіңдер, Ұғын, құқысыз қалды дұшпаныңда. Тәңірдің ауыр жүгін көтердіңдер, Дос пен жаудың арасын сезгенсіңдер. Емшілердің еңбегі де бағаланып, Елбасының Алғыс хатын иелендіңдер. Қуанғын жаманшылық кеткеніне, Жиырма екі жылыңа жеткеніңе. Жаңа заңға тәубе дегін емшілер, Бостандыққа бір жола жеткеніңе. Жаулардың қатігез жауыздығы, Жоя алмады киелі шаңырақты. Шеит етті вице-президенттерің, Мырзагелдиев пен Бодровты. Қауымды жоям деген қарсыласта, Болған еді қаншама жанталас та. Әділдік пен имандылық жемісі, Жеңіс берді ынтымағы қауымға. Ғаламшардан қауымың танылуда, Жақсылығы емшілердің аталуда. Басшыңыздың төрт кітабы енген-ді, Біріккен ұлттар ұйымының қорына. Алланың ризамыз біз несібесіне, Сенеміз қауымнан тыс кетпесіңе. Тағдырының құпиясын арқалаған, Басшың алғыс айтады емшісіне, – деп, адал жүрек жырын толғаған қауымдастық басшысы Қожалымовтар Зядан қажы мен әлемдік емші, жұбайы Түймекүл ханымға сөз кезегін береміз. 2. Ғалымдар мен меймандарға: Тоғыз жылда тоғыз жиын өткізген, Ғаламтормен ілімдерін жеткізген. Өткені мен бүгінінде түгендеп, Жанашыр ғалымдарда көбейген. Білгендейсің досыңменен қасыңды, Тегі таза ғалымдардай досыңды. Халық емі өркендеуде бүгінде, Емшілікте ғылымға да қосылды. Өткені мен бүгінгіні жинақтап, Ғалымдар да емші іліміне үнілген, – деп Молдабеков Жақан, Керімбектің Ермаханы, Жасан Зекей, Ораз Қауғабай, Зікірия Жандарбек, Мырзағалиұлы Өтеп, Малдыбаев Өткір, Құрбанқожа Сансызбай, ақын Манапов Әбдікәрімге жұбайларымен сөз береміз. 3. Құдайберген кең дала жеріміз бар, Дастарханы берекелі еліміз бар. Мейман күткен халықтың ұрпағымыз, Шетелдер мен елімізден келуде замандастар, - деп.... МЕЙМАНДАР: Акбаров Акжол жұбайымен (ОҚО), Анар Қыдырханқызы және Қабылқазы Бердыхан (ҚХР), Жанқуат Жолдас (Атырау), Әділбеков Әбдіберік (Алматы), Ералжан Тұтқабаев, Таджибаева Гулчехра, Бабамұратова Қайткүл (бәрі Өзбекстан), Сулайманова Мукарам (Қырғызстан) Исмаилов Ильхам (Украина), Кадыракунова Аширхан (Қырғызстан), Тінгишова Әлия (Ресей), Попелова Наталья (Украина), Исмаилов Али (Грузия), Исмаилов Аджар (Азербайджан) сөз беріледі. 4. Ардагерлер: Көшін бастап ақылшысы емшінің, Құрметтеген ұрпағымыз ардагерін елінің. Алланың ақ жолында еңбек етіп, Қалдырған ұрпағына мұраларын. Жетпісбаева Батима, Ботабеков Еркін, авакриева Ризвангуль, Ахмедова Лилия, Елемесов Убайдулла қажы, Зейнолла Нұрғалиұлы, Баймолла Зурихан, Қызайбаев Жұмаш, Сағи Уатқан, Сағымбеков Амангельді, Жұмағазиев Хамит, Казбеков Нуркан, Қадырғалиев Бекболат, Жолдасов Құбайберді, Әлжанов Ермаш, Маханов Әлқуат. 5. Қауымдастықтың Төралқа мүшелері мен филиал басшылары: Қанат болып, тірек болып қауымға, Басшы болған бекітілген ұйымға. Қауымдастық қызметін дамытқан, Сөз береміз филиалдар басшысына. Кумаров Кабылкарым, Бесембаев Кумарбек қажы, Сәрсенбай Жанболат, Васильев Андрей, Туребеков Бахтыбай, Ермуханова Гүлпара, Каракушов Арстан, Құттыбаева Қализа қажы, Анарбаев Талғат, Байділдаева Ұлбосын, Қалдыбаев Серік, Шакіржан Дәуір, Тусупбаев Асқар, Цоберг Сергей, Бұзауова Алтынай, Нисамбаева Багиткуль. 6. Халық емшілері: Бөлген жоқпыз, бөлмейміз даналарды, Өтейбойдақ атанды екінші ибн Сина. Қорқыт Ата, Пір Бекет, Әль-Фараби, Майқы би мен Мөңке би, Ибн Сина, Баласағұн, Машһұр Жүсіп, Шәкәрім, Қойлыбай бақсы тағы басқалары, Шипагерлік ілімінде дараланды, – дей келе сөз кезегі: Алматы қаласы, Ақтөбе облысы емшілеріне беріледі. 7. Елбасы Алғыс хатынан қуаттанған, Нәтижең көрінуде ғаламтордан. «Шипагерлік баяның» ұраның боп, Жетістігіңді жеткізіп ел шарлаған. Ұйымға жасалған заңсыз қысым, Ол жақсылық түсінсең оны да ұғын. Өлген мұра тіріліп оты жанса, Жауларымыз түсінді, соны білгін. Сөз кезегі Алматы облысы, Атырау облысы (Құлсары), емшілеріне беріледі. 8. Бәрінде айтқан жақсы білгендіктен, Көрінуде емшілерде көрегендікпен. Ұзақ жылғы қасіретті артқа тастап, Жүздің жүйрігісіңдер озып келген. Астана, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы емшілеріне сөз кезегі беріледі. 9. Бабалардың киелі жолыменен, Үлкен кіші бәрінің жөнін білген. Ертедегі бақсы, емші даналардай, Емшілерде танылуда емдерімен. Сөз кезегі Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстары емшілеріне беріледі. 10. Қауымды жоям деген қарсыласта, Болған еді қаншама жанталаста. Әділдік пен имандылық жемісі, Жеңіс берді ынтымағы қауымға. Сөз кезегі Шығыс Қазақстан, Қостанай, Манғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары емшілеріне беріледі. 11. Мейманқос қазақтың ұрпағымыз, Түркістандық ағайындарға ризамыз. Мейірманды азаматтар аман болсын. Бақтыбай, Талғат, Ұлбосын,Хаиролламыз! Өміріміз шаттықпен өтсін дейміз, Емшілер мақсатына жетсін дейміз. Қазақ пен өзбектің биін билеп, Емшілердің мәртебесі өссін дейміз. Оңтүстік Қазақстан облыстық емшілеріне сөз беріледі. 12. Сөз аяқталды. Тамада өзінің жылы сөздерімен биді жалғастырады. Таныс қой тарихымнан жалпы маған, Келмейді ғой өмірге қайтіп адам. Жыл сайын басын қосқан қауымдастық, Өмірде күн нұрындай жарқылдаған. Өміріміз шаттықпен өтсін дейміз, Емшілер мақсатына жетсін дейміз. Тілектерің жақсылыққа жалғассын, Елімізде мәртебеміз өссін дейміз. Бір Алла қуат берсін бәрімізге, Сәттілік сапар болсын бәріңізде. Амандықпен тағы да кездескенше, Жаратқан нұрын шашсын елімізге! – деп тамада өзінің әсем сөздерімен мереке тойының аяталуына дейін жалғастырады.
| ||