Түнгі ғажайып 4 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 | ||
ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛҒАН ӘЗІЛ Бұл әзіл оқиғасы өткен ғасырдың сексенінші жылдардың ортасында болған еді. Күз айы. Халық өздерінің мал азығын дайындау мен қыстық отындарын дайындауды аяқтап қалған кезең болатын. Ол кезде біз елде едік, білдей бір кәсіпорын мекемесінің бастығымын. Алматыға жолсапарына барайын деп дайындалу үшін үйге жұмыстан ертерек оралғанмын. Үйге аталас әпкеміздің жансерігі жездем Нүктебек келіп отыр екен. Амандасып болған соң дастархан басында екеуара әңгімеде қыза бастады. Тегінде қазақта жездесін жасы кішілері құрметпен қарап жақсы сыйлаған дәстүр барына менде түсіністікпен қарайтынмын. Жездем де маған қағытпа қалжыңын аямай, қамшысын да көтеріп қоятын әдетін ұдайы қайталап отыратын. Қандай жерде кездессең де ар ұятыңа қарамай қу тілімен осып-осып алатын әдеті бар-тын. Бұндайда саспа жезде менде сені сеспей қатыратын уақыт келеді деуші едім. Бұндайда алғашқы сөз таласының соңы сыйластықпен аяқталушы еді. Сөз арасында жездем бұйымтайын айтуында ұмытпапты. Біз сенің амандығыңды құдайдан тілеп келеміз, білдей судай жаңа техникасы көп бай мекеменің бастығысың, мен анау таудан Қабанды сайынан қарағай жығып қысқа отын дайындадым, соны ауылға жеткізуге бір машина бер деді. Менде қағытып немене сенбе мені қызметке қойған, бала кезде қарамаушы едің енді бастық болғанда туыста, жезде де көбейдіңдер деп қалжыңға сүйеп біраз сөз айттым. Жұбайым да қой ұят болады өз жездең ғой кімге бермеген техникаң деп мені сабырлыққа шақырды. Жездемде бір жақсылық күткендей үнсіз отыр. Мен де қуланып ой жезде немене сенің тілің күрмеліп қалғанба, енді үйіңе қайта бер деп жолсапарға кетуге жинала бастадым. Жұбайым қой үлкен кісіні ренжітпе, келген соң берем десеңде бір оң жауабыңды бер, көңілі қалмасын, осы сен қашан қалжыңыңды қоясың деп сөзін аяқтады. Мен де қазір ойланайын деп, жездеме тура қарасам қабағы салбырап кеткендей көрінді маған. Ау, жезде мынаған келісейік саған машина болады бір-ақ, бір шартым бар соны орында дедім. Ол тыңдап отыр, мен маған сенің отының қажет емес, менің үйімнің жылу жүйесі электр төгімен жылынады, оны өзің білесің, ана менің қарындасымның үйіне бір машина қарағай түсір деп әтей айттым да, егер бұны орындамасаң машина жоқ дедім. Жездем қарағай бермеймін дегені. Мен онда бермесең сені қарағай дайындап жатқаның да, ертеде сен тірідей құйрық майын кесіп алған Жәмила апаның қара қошқары мен көк қошқары сүзіп таудан құлатсын дедім де сөзімді аяқтап, жүруге дайындалдым. Жездем, ей, ей тоқта дегеніне қарамай Алматыға жолсапарына кеттім. Мен Алматыдан екі күннен кейін түнделетіп үйге оралдым. Жұбайым, үйде Жидехан әпкем жатыр, жездемнің көзіне бір нәрсе қошқар түстес елестеп, өзіне қарай сүзуге ыңғайланып ұмтылғанда қолындағы балтасымен бірге таудан үшып кетіпті, қалы мүшкіл, тамақ ішуден қалды, дәрігер Төкенде адам болары екі талай деді дегені. Осы сен қызықсың жезделеріңе бірдемені құрастырып айта саласың, анау күнгі сен айтқан қошқарларды көңіліне алып қалған ба, құлағанына қарағанда деп сөзін аяқтады да, жездең анау-мынау болып кетсе қайтесің, ертең ана дәрігермен ақылдаста әпкең үшін қамыңды жаса дегені. Аз ойланып тұрып, жездем өлмейді, ол ертең орнынан тұрады деп шорт айттым. Жұбайым не сен құдайсың ба, дегені. Мен онда сен тыңда жездем ертеде бау кеспе ұры болыпты. Оның жанында Қоғамбай жездемде болыпты. Екеуі бірігіп нағашы, қайынжұрт және көршілердің малдарын ұрлап біріне-бірі өткізеді екен. Бұл аз болғандай малын жоғатқандарға мынаны берсең малыңды тауып береміз деп аласасын алып, одан кейін тайып тұрады екен. Сөйтіп малынан және қосымша бергенінен айырылғандар ақыры күдерін үзып, бастан садаға деп қойыпты. Күндердің күнінде қос жездеміз Жәмила деген апамыздың қазақы тірі қойының ірі май құйрығын кесіп алыпты. О, тоба тірі құйрық майы ыстық қазанға турап салғанда, ыршылдап тұрмайды екен деп, бұл сұмдықты өз көзімен көргендердің айтқандарын бала кезде өз құлағыммен ағаларымнан талай рет естігенмін. Осы әңгіме есіме түсіп, жездеме айта салғамын. Оның ақыры не боларын қайдан білейін. Бүгінде ойласам жас кезіндегі істеген әрекеті шынында есіне түсіп, миына қатты әсер еткендей. Таң да атты. Жұмыстан бұрын Сарыжаз ауылдық ауруханасына соғып, жездемнің қалін білейін деп Бас дәрігер Төкенге жолықтым. Төкен жездеңнің бас сүйегі, денесінің көп жері таудан құлағанда қатты зақымданған. Қысқасы тасымалдауға жарамайды, тамақ іше алмайды, Адам болуы екі талай деп шорт айтты. Қамдансаңдар да артықтық етпес деп, тағы да сөзін жалғастырды. Жездем сөйлей алмайды, бұрынғы қалы жоқ, құр жаутеңдеп көзіне жас ала береді. Үйге келе жатырмын. Қатты ойландым. Үйге келдім. Әпкем жаутаңдап, Төкен не деде деді. Мен Төкен қалы нашар дейме, жағдай қиын болып тұр әпке дедім. Әпкем жылап жіберді. Мен бірден әпке жездеме ең ақырғы бір тәсілді ұсынамын, сіз соны орындайсыз ба дедім. Әпкем де орындаймын деді. Мен, сіз жездемнің жас кезінде ұры болғанын жақсы білесіз. Ал, бүгінде құр емес шығар. Қысқасы жездеме ұрлық малдың еті дауа болады, ол орнынан тұрады, жазылады дедім. Айтқаның келсін деп әпкем мен жұбайым жездеме апаратын асты дайындауға кірісті. Мен әпке ана жездеме мына малды түнде бауырым Алматыдан келе жатқанда айдаладан жүргіушісі ұстап алып, бұл далада қалса бәрібір қасқыр жеп қояды деп үйге алып келіпті. Мынау сол қойдың етінен жасалған тамақ, сен бұл ұрлық малдың етінен жасалған деп іш, ем болсын десе, көптен тамақ іше алмаған жездеме ғайыптан қабілет пайда болып, екі кесе тамақты ішіп қойыпты. Бір сағаттан соң ауруханаға барсам жездем ыржалақтап сөйлеп, орнынан тұрып жүр. Менде, жездеме ұрлық еті жақтыма ұрым, енді өлмейсің жазыласың, мен саған отыныңды әкелуге машина берем, қошқарлар бұдан былай сені сүзбейді деп, жұмысыма кеттім. Ол бетіне әр кіріп іштей ризалығын білдіргендей болды. Жездем біраз күннен кейін үйіне оралды, маған бас дәрігер таңғалып жүр. Жездемен қалжыңдасқан күндер айлап, жылдап жылжып жатты. Мен Алматыға қызмет бабымен ауысып, біраз уақыттан кейін жанұямды да Алматыға көшіруге елге бардым. Ажырасар аяқ үш күнге созылды. Біз көштік. Жездем де әпкем екеуі ат арбаларымен көштен қалмай келеді. Үлкен жол бойына жақын қыстақ олардың тұрақты қонысы болатын. Бізді шығарып салар жолда екеуінің жылағаны ширек ғасыр өтсе де, әлі көз алдымда сағымдай елес болуда. Бірер жылдан кейін елде әпкем о дүниелік болды да, жездем балаларымен Алматыға жақын Қызылту деген жерге қоныстанды. Жездем ана қауіптен кейін он бес жылдан кейін олда кейінгі қонысында о дүниеге аттанды. Ол маған кейінгі өмірімді ажалдан алып қалған сенің тамағың. Сен бүгін белгілі емшісің, сірә сенде сонда бір нәрсені жасырын болса да білгенсің бе деп, баяғы қалжыңына басушы еді. Серт пен сенімнің де ажалдан құтылуға себепкер болатынын енді сезгендейміз бе, қалай дейсіздер оқырман? АруақҚА АЙНАЛҒАН АДАМ Жирмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының екінші жартысынан кейін біздің елдің шаруашылықтарында басқарушы және есеп қызметкерлеріне жаз айларында түнгі уақытта қосымша егістікті суғарту әдепке айналдырған-ды. Партия айтты, болды өл немесе тіріл даланың жарық не қараңғысына қарамай жеке басқа бекітілген тапсырманы өз уағында орындау әркімге де парыз болатын. Осы бір түсініксіз тапсырманы орындауда бұрынғы Нарынқол ауданның Калинин атындағы (Сарыжаз ауылы) колхоздың басқармасының қызметкерлері де өз шаруашылықтарының бидай еккен егістігінен өздеріне бөлінген жерлеріне барып, күнделікті түнгі кәсіптеріне кірісетін. Сарыжаз ауылы да тау бөктеріне орналасқан, табиғаты сұлу тарихта аты ерекше аталатын Лабасы биігінің етегіндегі Алматы-Нарынқол асфальт жолының бойындағы елді мекен сұлулығымен ерекшелінетін. Мен жұбайым екеуміз осында жас маман ретінде қызметімізді бастадық, үйлі, ұрпақты болып сыйлы тұлғаға да айналдық. Бізде жас болсақ та ел қатарлы шаруа ұстауға да үйрене бастадық. Осы кезде мен өзімнен жасы аздау үлкендеу Абықан деген қойшымен танысып, ақыры отбасымызда жақсы араласатын болдық. Абықан мені көргенде жас баладай қуанатын. Көрісу ұзаққа созылса өзі үйге іздеп келетін. Тұрмысы алдынғы қатарлылардан саналатын. Абықан қызық жігіт еді. Мінезі өте шатақтау болатын. Қызып алса ешкімге бойсынбайтын әдетін сол қалпы ол өзімен бірге ана жаққа ала кетті. Абықанның бұндай дөйкі мінезді болуының да себебі, ол бір үйдің жалқы ұлы болып, өзі орта жастан асқанша кәрі әке, шешенің ерекше еркелетуінен болғанын көзбен көрдік. Сондықтан да халық оны еркетотай Абықан дейтін. Осы ерке баланың аруақ рөлінде сахнада ойнамаса да кең далада ойнағаны бүгінде еске түседі. Түспегендеші, Абықанның қылжақпас әрекетінен қысқа уақытта Шонжада орналасқан шегаралық әскери полк өзінің Нарынқол ауданындағы Қытай шекарасына жақын орналастырған бірнеше шекаралық роталары мен Сарыжаздағы үлкен жол бойына орналасқан тексеру бөлімшесін аяғынан тік тұрғызып әскери соғыс дайындығына келтіреді. Қолбасшылар қауіптіні ұстаңдар деген бұйрықтарында шығарып, өздері байланыс арқылы қатал бақылауға алады. Мұндай әскери қатал дайындықтың тез арада болуына, Сарыжаздағы әскери тексеру бөлімшесіне жақын жердегі үлкен бейіт жанында түнде егін суғарып жатқан, Калинин атындағы колхоздың мамандарының суыт хабары екен. Түн қараңғы. Таза тау самалы бетіңді аймалап жаның рахаттанғанда түнде жұмыс істеп жатқаныңды да сезбей де қаласың. Әркім өзіне бөлінген егістік алқабына тоғандағы суды жіберіп, егіннің су барған не бармаған жерін қолындағы қол фанармен немесе аспа шаммен бақылайтын. Сушының біреуі фанарының жарығына бір Адам бейнесінің көлеңкесі түскенін байқайды. Ақырын жан-жағына қараса бейіт жақта тұрған бір ашық денелі адам сүлбесін көреді. Бұл елес пе деп қайта қараса тапжылжымай сол қалпы үнсіз әлі тұрғанын көріп олар бір-біріне одан кейін, әскери тексеру бөліміне хабар береді. Оларда келіп көріп, өзінің жоғары басшыларына жағдайды баяндайды. Жоғарыдан бұйрық түсісімен сондағы әскери техниканың түнгі жарық беретін прожекторларын қосып, әлгі бейіттен тіріліп шықты деген жалаң денеліні қоршауға алады. Колхоз мамандары да кәлимасын айтып, сен кімсіңге басады. Бір уақытта көптен үнсіз тұрған аруаққа тіл бітеді. Оның даусын тез біле қойған оның жақын туысы, әрі колхоздың төрағасының орынбасары Кәкен аға тұрып ей, сен Абықансың ба, десе ия дегенде көптен бойларын қорқыныш билегендер сенер-сенбестерін білмей естерін жия бастайды. Әскери жедел дайындық тоқтатылады. Үстінде төменгі іш киімінен басқа ештеңесі жоқ тірі аруаққа айнаған оқиға трагедиясы осылай аяқталады. Бұның себебін білгенде Абықан жаңадан алған Нива көлігін біреуге айдатып жеке шаруасымен Алматыға келеді. Қайтарында сыраханаға кіреді де сонда бір адаммен танысады. Екеуі сыраға әбден тойып болғанда, әлгі бейтаныс өзіне қонаққа шақырады. Жол жөнекей екеуі жақсы тойлап, жақын досқа айналады. Ауылға оншақты шақырым жолдағы кішкене су бойына тоқтап, жағдайларын түзейміз деп, ақыры қызып төбелес басталады. Жүргізуші жан сауғалап ол өз жолына кетеді. Енді беймәлім мейманмен Абықанның төбелесі одан ары жалғасады. Ебін тауып бейтаныс адам оның Нивасын айдап Алматы қайдасың деп тайып тұрады. Абықанның киімі де бірге кетеді. Одан кейін ұйықтап қалған Абықан түнге қарай оянып, түн жамылып ауылға қарай тартқан кезі екен. Біздің елдің де ерке тотайы артына елі айтып жүретіндей осындай із қалдырғаны бүгінде еске түседі. ҚАҚПАНҒА ТҮСКЕН ДИРЕКТОР Алматының шығыс жағында бұрынғы Нарынқол ауданының шалкөдесінің тау бөктеріне орналасқан Тұзкөл деген жетпістей үйлері бар елді мекен орналасқан. Бұл ауыл қазір кішкентай ғана болғанымен, сонау жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жиырма-отызыншы жылдары аралығында Жаркент уезіне қарайтын «Құрман» болыстық немесе бүкіл Нарынқол аймағының орталығы болыпты. Ол кезде бұнда қандай мәдени құрылыстар болғаны да белгісіз. Әр заманның өзгерісі мен өркендеуіне қарай бұл жердегі елді мекен жойылу алдында қалыпты. Нарынқол өзінше аудан болып құрылғанда, бұл ауыл отызбес шақырымдай Сарыбастау ауылындағы Ленин атындағы колхоздың бөлімшесіне айнаған-ды. Орнында төрт бес үй қалған ауылға жиырмасыншы ғасырдың ортасында жан біте бастап, қоныстанушыларда көбейе бастаған. Сонымен Тұзкөл ауылы қайта гүлдене бастады. Алғаш жастар білім алатын бастауыш сынып ашылса кейін, ол сегіз жылдыққа айналғаны да өткен ғасырдың жетісінші жылдарының орта кезі болатын. Ауылды жерде атадан балаға жалғасқан «қалжың» дәстүрі бұл ауылда өте жақсы дамығанға ұқсаушы еді. Сол кездегі идеологияның қаталдығы ұлттық мұра мен дәстүрдің өркендеуіне қаншалықты тосқауыл болғанымен, мынандай таза қазақ ауылына онша әсері де болмаған. Аудан мен колхоз орталығынан шеткері орналасқан ауылға жол қатынасы да қиын болатын. Дегенмен, бұнда да қыруар жұмыстар тындырылып, жоғарыдан жақсы бағасын алып жатқанына талай куә да болғанбыз. Осындағы сегіз жылдық мектепте сол ауданның тумасы, мына кішкентай ауылға рулық жағынан алғанда «күйеу» жігіт саналатын адамгершілігі мол, білімді азамат директор болатын. Бұған дейінде талай мектептің басшысы болған тәжірибелі басшы оқушылардың тәртібіне мән беріп, олардың жат қылықтарға бармауын күндіз емес, түн жамылғанда бақылауды өз міндетіне алып жүргенін ауылдың қалжыңбастары да байқап жүреді. Жездесін бір сүріндіру үшін олар мектептің әртүрлі сыныптарының балаларының басын біріктіріп, бір үйге отырыстарын өткізетіндей әрекеттерге дайындайды. Оқушылар күндіз дүкеннен тіпті ішуге болмайтындарында сатып алып, отыратын үйлеріне таси бастайды. Кішкентай ауылдағы мына әрекет тұрғындардың көз алдында болып жатады. Бір тыңшы бұл әрекетті бұлжытпай мектеп директорына жеткізеді. Кеш болып, суық қыстың аязында дастархан басына жиналған оқушылар, өз отырыстарында ағаларының оларға міндеттеген бағдарламаларын бұлжытпай орындай бастайды. Дастарханда әртүрлі қойылған ішімдікті де алдарындағы шыны румкаларына құйып, өзара сөз сөйлеп рюмкаларын соғыстыра бастағандарын терезе сыртында қарап тұрған мектеп директоры сығалап көріп тұрғанды. Оқушылардың мына әрекеттеріне әбден ыза болған мектеп директоры ары-бері жүріп әбден тоңса керек. Ол не кете алмай немесе үйге батылы барып кіре де алмай әбден торығады. Терезеге бір жақындап сығалап қайта артқа шегініп, бұл әрекетін қайталап жүргенде аяғының астындағы бір қатты нәрсеге аяғы кіріп кеткенде, аяғын қысып қалған бұл зат қақпан екенін сезбей қалғанымен, шыңғырған даусының қалай шыққанында сезбей қалады. Бағанадан алыста сыртай аңдып тұрған ауыл азаматтары директор жезделерін қақпанның қаһарынан құтқарып алады. Осыдан кейін ұзақ уақыт аяғынан ақсаңдап жүрген директор бұдан былай, оқушыларды аңдығанын қояды. Шыныларға толтырылған суларды ішкен сол кездегі оқушыларда бұл күнде қырықтың қырқасынан асқан бір-бір үйдің отағасына айналып, ұрпақ сүйіп өз ортасының сыйлы азаматтарына айналған. Қалжыңбас ағалар мен «қақпанға түскен директорда» ортамыздан кеткелі де ондаған жылдар өткенімен, марқұмдардың арттарында қалдырған ұлттық қалжыңдары өз ғұмырын жалғастыра бермек. БАСТЫҚ ПЕН МОЛДА ӨТІРІК АЙТПАЙДЫ Бүгін аспан ерекше ашық, үп еткен желдің де дыбысы естілмейді. Лабасы тауының самалы баяу ғана денеңді аймалап өтеді. Жер бетінде жаз мезгілінің аяқталған кезі. Сарыжаз ауылының адамдары да қыс қамын ойлап жеке шаруаларына арнап шөбі мен жемін дайындауды аяқтайын деген уақыт болатын. Адамдар жаз бойы шабыстықтан шапқан шөптерін жинап, ауылдағы үйлеріне жеткізу үшін техника іздеп әрекет етуде. Үйге түскі асқа келгем. Үйде осы ауылдың бас имамы Бейсенбай аға отыр екен. Бұл кісі маған жақын туыс әрі апамның сіңлісімен отбасы құрған. Түскі астан кейін екеуміздің әңгімеміз жарасып біраз уақыт өткенінде сезбей қалыппын. Білдей мекеменің басшысы болған соң жұмыс орнына да соғу керек. Ол кезде заң қатал. Райком басшыларды бір қадам себепсіз сыртқа шығармайды. Алысқа ғана емес, аудан ішінде де жұмыспен кетсең міндетті түрде Райком мен ауаткомнің екінші басшыларына мен мына жерде болам деп хабарлау, барлық басшылардың міндетіне айналған. Менде үйден жұмысқа шығайын деп жатқанда, үйге аман саламы жоқ осы жердің жылқышысы әрі жезде болып келетін Қасабек кіріп келді. Ау, не болды саған асығып дедім. Молдакеңде өз қалжыңын аямады. Әншейінде тілі күрмеліп, аяғы шатасып жүретін жылқышы бірден, сенің сары машинаң менің шөбімді алып кетіпті дегені. Сонда номерін білесің бе машинаның немесе жүргізушісі кім десем, білмеймін дейді. Сонда қалайша машина өзі жүргізушісіз шөп басып алады, осы сен Қасабек жезде саумысың, бұл ауылда сен айтқандай оннан аса сары машина бар десемде көнбейді. Молдакеңде сөзге араласып, сен барда машинаның номерін біл десе де көнбейді. Болмаған соң ойыма сап етіп Нүктебек жездем түсе кеткені. Ішімнен қатты қуандым. Мен Қасабекке сен айтшы, осы сенің шөмелелерің қай жерде еді дедім. Құдай оңдап Қалпенбұлақта дегені. Ана мал қорасына жақын үлкен жол жағындағы кішкене өзектеме еді дегенім сол екен, жылқышы дәл тапттың дегені. Онда сенің шөбіңді алған адам Нүктебек болатын. Ол мал қорасы жанынан силис жасайтын үлкен шұңқыр қаздырғалы үш жылдай болды. Мүмкін білетінде шығарсың дедім. Сол Нүктебек әнеу күні маған мынау Қасабектің шөбінің шөмелелері, маған машинаңды бер, ана шұңқырға төгейін ол қайдан біледі деген. Содан мен ана Мұсаның баласы Нұрбосынға айтқамын көмек ет деп. Нүктебек осылай ана шұңқырды шөппен толтырады. Мен кеше Ақбейіттен екі машина тұз жібердім. Оны шөпке себеді. Одан кейін отарындағы жеті жүз қойды күніне ертелі-кеш силис үстінен айдап өтеді таптатып, одан кейін менің тракторыммен таптатады әбден піссін деп дедім. Мен кеше ұсталарға силисті шауып кесетін бес-алты балтаны дайындатып, қайратып қойдым дегенім сол екен, Қасабек бастыққа сенуге болады деп жөніне келе бастады. Молдакеңде қоштай кетті. Қасабектің өңі реңденіп үйден шыға жөнелді. Даусы анық естіліп барады бастық пен молдаға сенуге болады деген. Бұл уақытта күн намаздыгерден ауған кез. Қасабек салып ұрып орталық жолмен Нүктебек қайдасың деп келе жатса, колхоз басқармасы ғимараты алдында құдайы оңдап Нүктебекті көріп жанына жетіп барады. Екеуі туыс, жастары да қарайлас болатын. Аман сәлем жоқ, кекеш жезде, ұры жезденің жағасынан ала түседі. Нүктебекте шошып қалады. Әншейінде қой аузынан шөп алмайтын Қасабекке не болғанын түсінбейді. Ей, не болды саған десе былдырықтаған Қасабек: «Бастық өтірік айтпайды, молда өтірік айтпайды, сен жеті жүз қойды былай айдап, былай айдап...» деп, тағы да Нүктебектің жағасынан алғанда Нүктебектің жейдесінің түймелері быртылдап үзіле бастағанда, Нүктебекте Қасабекті қойып жібереді. Осы уақытта ол екеуінің ағалары, колхоздың төрағасының орынбасары Кәкен аға келіп қалып, екеуін екі жаққа ажыратып жібереді. Кәкең не болды сендерге десе, Қасабек баяғы «Бастық пен молда өтірік айтпайды, жеті жүз қойы...» – деп, жоғарыдағыны қайталайды. Басын шайқаған Кәкен аға бастығың мен молдаң кім демейме Қасабекке. Молда – Бейсенбай, бастық З... дейді. Сонда иманды болғыр Кәкен аға сықылықтап күліп, сен екеуіңе құрмандар жазаларыңды берген екен. Өздеріңде тыныш жүрмейсіңдер деп інілеріне ренжіп назын білдіріпті. Содан кейін жезделерімді көргенде ей, шөбіңді дауламайсың ба, деуші едім. Бізде өз уағында ашық ауыз, қалжыңбас жезделеріміздің талайын «Шымкентше» қатырғанбыз. Әзіл айтатын жезделер қатары азайып барады. Шіркін ауылдың мәдениетті әзілдері-ай! АУЫЛ ӘЗІЛДЕРІ Ел іші қашанда болса думанды ғой, шіркін! Сондықтан да болар дуалы және әзіл сөздерімен аттары тірлігінде-ақ, халық арасында сақталған сөз шеберлері аз болмаған. Жасымыздан бірге өскен, бірге жүрген есейе келе жақын сырластар болған шешен сөзді, күлдіргі шумақты төгіп жіберетін өзім өскен ортадағы кейбір ағайындардың айтқан әңгімелерін бүгінде еске аламын. Мәдени астананың шығысында жатқан таулы Нарынқол өңірінің Сарыжаз елді мекенінде бүгінде Албанның Алжанынан тараған өткен ғасырдың басында еліне жылқылы бай атанған, сол сұрқия заманның әсерінен сексеннен асқанда халық жауы атанған, қиыр шығысқа жер аударылған Өскенбай бабаның шөмшегіне дейінгі ұрпақтары тұрады. Өсіп-өркендеген ауыл. Біздің бабаларымыз ертеден Алжан ауылымен жайлауы бір, малы аралас және жүздеген жылдық құдалықтары жарасқан ел. Осы бабаның бел баласы Қуатбек құдамен көрші тұрдым. Бүгінде жасы сексеннің бел ортасынан асқан ауылдың құрметті ардагер ақсақалы. Ал Бегасіл Нұрпейісұлы Қуатбек құданың үлкен ағасы Нұрпейістің тұңғышы. Бегасіл негізінен Қуатбек құданың қолында туған баласындай өскен азамат еді. Қуатбек құданың түкірігі ұлы саналған, Бегасілге де шашыраған болуы мүмкін. Сондықтан да Бегасіл де кіші әкесі Қуатбектей шымшымалы күлдіргі сөздерге шебер болып өсті. Ал өз әкесі Нұрпейіс марқұм болса, қазақша айтқанда қой аузынан шөп алмайтын, өздігінен сөйлемейтін, өте байсалды жан еді. Ал Бегасілдің шешесі әпкеміз Рабиға Әлдибекқызы болса сөзге шебер, ер азаматтың атқара алмаған жұмыстарын атқара алатын, туысқаншыл адамгершілігі мол адам болатын. Рабиға әпкемнің менімен аталас әкесі Әлдибек Беркінбайұлы жасы жүзге таяп, о дүниеге аттанғанша сөзінен жаңылмады, өте байсалды, кемеңгер, адамгершілігі мол, ауқатты, еліне сыйлы жан болатын. Ал Беркімбай бабамыз өз заманында Нарынқолдың орталығы атанған Тұзкөл аймақтық Құрман руының биі болған. Бұл ата жөнінде Қазақстан Республикасының тарихи архивінде құжаттар сақталған. Бұл сонау 1841 жылдағы осы рудың Елікбайынан тарайтын, туыстарына ренжіп көрші елге ауған 25 үйді бастап кеткен, бүгінде әлемнің атақты күйшісі дәрежесі атанған Қожеке Назарұлы уақытымен дәлме-дәл келеді. Жақсының жақсылығын айт дегендей би бабаның шөбересі Жапар Смайылұлы Әлдибеков бүгінде заң ғылымдарының докторы, Дінмұхаммед Қонаев атындағы Университеттің профессоры және бірнеше ғылыми монографиялық оқулықтың авторы, ірі ғалым. Қысқасы Өскенбай бабаның да ұрпақтары бәрі бізге аталас рудан жиен болып келеді. Осыған қарағанда Қуатбек құдамен Бегасіл жиеннің де сөз шебері болуына ата жұрт пен нағашы жұрт қанынан тарады деуге толық негіз бар сияқты. Енді әкелі баланың әзілдерінен қысқаша үзінді ұсынуды жөн көрдік.
| ||