Түнгі ғажайып

16

 
главная                                        вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18

 




Қазақстан халық емшілері қауымдастығының  20 жылдық торқалы мерекесіне арналған кезекті VI Құрылтайы (Алматы, 23.07.2011 ж. сағат 19.00). 

«Алтын Қарғалы» санаториясының мейрамханасы

 

Б  А  Н  К  Е  Т

 

Ақ жүзді,  ақ ниетті, ағайындар,

Ежелден ел жұртына бағалылар.

Қауымдастық мерейтойы дастарханына,

Құшақ жайып, көңілді қош келдіңіздер.

 

Көңілді мейман менен шипагерім,

Сағынып ел ішінен келгендерім. 

Қазақта тәуелсіздік орнағалы,   

Сұрағандар көбейді емші жайын. 

Тылсым күш сырлары шеберлері,

Елінің де аталды-ау, кемеңгері, 

Халық ішінде аталған киелілер,  

Отаны тарихынан орын алды.  

                

Қауымдастықтың мерекесі аталғаны, 

Алланың бұлда жақсылық жасағаны.   

Құтты болсын торқалы тойларыңыз,               

Қазақстан халық емшілері ұжымында

Қауымдастығының 20 жылы аталғаны.

               

Нұрекеңнің нұрлы елі заманында,  

Тәубе деңдер бұғанда жеткеніңе.

Ата-баба рухына тағзым еткен, 

Елбасын Алланың елге бергеніне.  

 

Алматыда құрылған қауымдастық,

Мерейтойын атауда құтты мекенінде.

Республика қалаларына да қадам басып,

Халық емшілігінің биігінен көрінуде.

 

Біздің елді тәубе де, әлем білді,  

Еуро мен Мұсылман елі төрін берді. 

Елбасына қуат берсін Жаратушы,  

Биік болсын еліңнің мәртебесі.

 

Қауымдастықты қорғаған көреалмастан,

Зядан, Тұрсын басышыңмен емші қауым,

Құтты болсын тағы да мерейтойың,

Делегаттар мен меймандарым гүлденген,

Ырысты Алматыма қош келдіңіздер! – деген осы жырлардың авторы Зядан қажы Қожалымов мырзаның терең тебіренісі міне бүгін шындыққа айналды. Сырлары ашылмаған тылсым дүниенің құпиясы да ашылды, халық емшілігінің ғұлама бабалары ел тарихынан орын алды. Шипагерлік саласы ғылыми айналымға енді. Шипагерліктің жетістігін Біріккен Ұлттар Ұйымына дейін біле бастады. Ата-бабалардың киелі тектік қасиетінің «Өшкен оты жанды, жоғалған шипагерлік мұрасы қайтадан гүлдене бастады». Осының куәсі:   

Тәуелсіз елімізден теңдік құрдың,

Тылсым құпиясы сырын білдің.  

Көре алмайтын күндестер қиялына, 

Парасатты мәдениетті қарсы тұрдың. 

 

Зерттелді тылсымның сырлары да,

Еңбегің айналды оқырман жырларына.

Ғарыш, табиғат және адам құпиясы,  

Оқырманның айналды сүйікті құралына.

             

Халқымды киесіз деген «Ұлыларда»,  

Елемеді киелі күш сырларында.

Тәуелсіз ел тұсында сыры ашылды, 

Зядан қажы Қожалымов зерттеуінде.      

 

Өткізген конгрес пен форумдар да,   

Ғалымдар ұғынды құпия ғылымында. 

Өшкен оты киенің қайта жанды,  

Сый болсын о дүниелік бабалар рухына.

            

Елімде Нострадаумс пен Ванга да бар,  

Ел тарихы қойнынан шығып жатыр.  

Тани білсең бойыңдағы қасиетіңді,  

Жаратушы да сәулесін төгіп жатыр. 

           

Шежіресінде халқының жазылмаған, 

Ғұламалар төрінен орын алған. 

Жаһангер ғүламалар көшін бастап,  

Шипагер Өтейбойдақ  дараланған.  

 

Фараби мен Баласағұннан ілімденген,

Өтейбойдақ бабаң бар әлем білген.   

Бес жарым ғасыр уақыт өтсе-дағы,

Пәлсапалық бір сөзі де өзгермеген.

Мемлекетіміздің «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласы халықтық шипагерліктің де өзіндік ғылымда алатын орыны белгіленді. Қауымдастықтың қиын кезеңдерінде табандылық танытып, қарсыластардың мықтылығына қарамастан парасаттылық пен табандылығы нәтижесінде Қазақстан халық емшілері қауымдастығының қызметін өркендете отырып, осы мерейтойға жеткізген Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Халықаралық, Ресей және Қазақстанның халық медицинасы салаларының Академияларының академигі, мәдениеттанушы-ғалым, ақын-сазгер, Алматы облысы Райымбек ауданының «Құрметті азаматы», халық емшілерінің басшысына айналған:

Сөйлеушілердің тізімі:

1.Зядан қажы Қожалымов  мырза мен жұбайы Түймекүл ханымға сөз береміз.

2. Ғалымдар:

Шипагерлік ежелден дәстүрлі ілім,

Өйткені ол халыққа жақын ұғым.   

Медицина ғылымын қалаған Өтейбойдақ,

Екінші ибн Сина атанды, тәубе дегін.  

 

Қайта оралды мұрасы халқымыздың,

Өркендеуі басталды салтымыздың.

Ғалым менен жазушы да қатысуда,

Зерттеуге зейін салды құпиясын тылсымның, – деп сөз кезегін халық шипагерлігін ғылыми тілде зерттеп жүрген  ғалымдарға сөз береміз: Молдабеков Жақан, Жақанов Амангелді, Төлендиев Тұрарбек, Жасан Зекей, Әнуар Тарақ, Төреқұлов Тоқтабек, Нурахунова Рысхан (бәрі Алматы қаласы), Бекен Тұрсын (Көкшетау қаласы), Керімбектің Ермаханы, Құрбанқожа Сансызбай (Түркістан қаласы) барлығы жұбайларымен.

 

3. Ардагерлер:  Алдын бастап көшінің емшілердің,

Құрметке бөленген апа-аға әкелерім.

Алланың ақ жолында еңбек етіп,

Ұрпағына қалдырар шежіре үлестерін.

Молдабаев Кеңесбек, Молдабаева Башан, Семетаева Бати, Ибраева Күмісжан, Баймолла Зурихан, Файзуллаев Сәттібек, Файзуллаева Қызтумас, Калыкова Алия, Майданов Әбдіхалық, Садибеков Әділ, Абуов Пайзбек, Зейнолла Нұрғалиұлы, Мусаева Тамара, Рыбин Сергей, Какенов Құрманбай, Сағи Уатқан, Жолдасов Құдайберді, Әлжанов Ермаш, Салназаров Агзия, Досбалаева Мариям, Ботабеков Еркін.

 

4. Алыстан келген меймандар:

Алыстан да жақыннан келді мейман,

Жиналуымыз шапағаты бір Алладан.

Ресей, Қытай, Орта Азия ғалымдары,

Қазақтың қуанышын тең бөліскен.

Чу Джун Хуа, Анар Қыдырханқызы (ҚХР) Тұтқабаев Ералжан, Таджибаева Гулчехра (Өзбекстан), Кадыракунова Ашырхан (Қырғызстан) және Американдық «Алоэ өнімдері» компаниясының генералдары Шайдаевтар Бағлан мен Балжан.  

 

5. Өзіміздің меймандар:

Әкім, жазушы, журналист, заңгерде,

Өркендеуіне емшіліктің үлес қосты.

Үгіттеп баспасөз бұқаралық құралында,

Қауымдастықтың жетістігін бөліскен-ді.

Осындай ұлтының шипагерлігіне жанашырларға сөз береміз: Салиғазиев Әбдіманап пен Әділбеков Әбдібек (Қапшағай әкімшілігі мен прокуротурасы), Қоспанұлы Өскенбай, Маскеев Сабыр (ОҚО, еңбек ардагерлері) Ораз Қауғабай, Тілеухан Мәжени (Абай қоры), Әбназаров Үмбет, Данияр Төрехан, Иманбаева Алтын, Ертай Айғалиұлы, Ильяшов Төлеген, Байсақалова Нұржамал, Мұсаұлы Азат (бәрі жазушы, журналист, чиновниктер) жұбайларымен.

 

6. Тірек болып, сүйеу болып басшыға,

Ақылымен көрінетін қауымға.

Өркендеткен қауымдастық қызметін,

Сөз береміз орынбасарлар басшыға.

Қауымдастықтың Төралқа мүшелері: Құрбанқожа Сансызбай, Қумаров Қабылкарим, Жанболат Сәрсенбай, Бесембаев Құмарбек, Васильев Андрей.

 

7. Қауымдастықтың қажылары:

Алладан жақсылық тілегендер,

Шетінен дін ілімін меңгергендер.

Жүректің мейірманды нұрын шашқан,

Адал істі, ақ жарқын қажылар бар.

Ұбайдулла қажы, Кешубай қажы, Сейтбаттал қажы, Нәсілтай қажы, Амангелді қажы, Күляй қажы, Рымтай қажы, Құмарбек қажы, Қализа қажы, Майра қажы, Рая қажы, Ажар қажы, Гүлмира қажы, Нажия қажы, Шарипа қажы, Мухитдин қажы, Үсен қажы, Жаңылсын қажы, Қадірсіз қажы, Гүлдәрия қажы.

 

8. Филиал директорлары:

Сөзімен де, ісімен де дәлелдеп,

Міндеттерін атқаруда шеберлеп.

Басқарудың стилин де біледі,

Филиалдың басшылары тұр күлімдеп.

Ермуханова Гулпара (Атырау), Жанболат Сәрсенбай (Алматы облысы), Ахметова Бақыт (Ақмола), Нисамбаева Багиткуль (Қостанай), Анарбаев Талғат (ОҚО), Сералиев Балабек (Манғыстау), Қорғанбаева Майра (ШҚО), Бұзауова Алтынай (Жезқазған), Құттыбаева Қализа (Ақтөбе), Қасымова Шарипа (Шымкент), Блинова Алтина (Көкшетау), Бесембаев Құмарбек (Құлсары), Байділдаева Ұлболсын (Түркістан), Қалдыбаев Серік (Тараз), Шакиржан Дәуір (Қарағанды), Байғабылова Гүлбаран (Семей), Серікбаева Айжамал (Қызылорда), Байгулаков Асқар (Батыс аймақ).

 

9. Халық емшілері:

Емшінің толып жатыр ағымдары, 

Ұйымың жалғыз әлемге танылғаны.

Абройларыңды асқақтатты ел ішінде,   

Елбасының жолдаған «Алғыс хаты».   

 

Шипалық ауыр жүгін көтердіңдер,  

Қателігін басқаның кешірдіңдер.  

Емші деген атағың жарқырауда,  

Аманатын ата-бабаның өтедіңдер.  

Алматы қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы емшілеріне сөз береміз.

 

10. Жан дауасын емшінің меңгергені.  

Жаны саудың – тәні сау көбейгені,

Иманжүзді ақ ниет шипагердің,

Жарқырасын жалынды еңбектері.

Алматы облысы, Ақтау, Шығыс қазақстан облысы емшілеріне сөз береміз.

 

 

11. Иманжүзді ақ ниет  емшілерім,

Өмірден өз орынынды еңшіледің.

Шипаңның құдіретімен сырқат жанға,

Ем жасап сауыққанша көңшімедін.

Атырау, Астана, Ақмола облысы емшілеріне сөз беріледі.

 

12. Емшіге бата жауған заман келді,  

Бір Алла төбемізден пана болды.

Тылсым сырын да меңгергендер,

Шипагерлерге береміз кезекті енді.  

Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Петропавл, Павлодар  облысы емшілеріне сөз беріледі.

 

13. Өнерін қазақ пен өзбектің біріктірген,

Жігіттердің жүрегің дірілдеткен,

Оңтүстіктік емшілердің бәрі биші

Көкесі Қоспан Өскенбай бастап келген.

ОҚО мен Жамбыл облыстық емшілері қауымына сөз береміз.

 

14. Тамада сөз соңында осы өлең мәтінін оқып, қауымды биге шақырып, банкетті аяқтайды.

Әрленіп гүлге оранды біздің дала, 

Алматы біздер үшін әсем қала. 

Жиырма жылдық өмірлі қауымдастық, 

Көрінуде ғаламтордан  жеке  дара.    

             

Қауымдастық Алматыда құрылған-ды,

Киелі рух шаңырағы аспандады.

Қуанышпен бас қосып 20 жылда,

Қуанышпен Алматыда басталғаны.   

 

Қамтылмаған тақырып қалмады ғой,    

Жеті рет конгресте  аталды ғой.  

Майқы би, пір Бекет, Машһүр Жүсіп,  

Шәкәрім Қорқыт Ата, Қойлыбайда,

Тылсым ғылымында да танылды ғой.  

           

Бір қауым осыншалық еңбек етсе, 

Алланың ризалығына батқаны да.   

Көшіңіз тоқтамады алға жүрді,      

Көре алмас бөгіделер оғын атқанына.       

 

«Халық емі», «Шипа баян» газетін,    

Атанды бұл күндері үн қағазың.     

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін де, 

Тарихыңда көрінуде интернеттен.

 

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,  

Бабалар тілегі орындалуда ұрпағынан. 

Туған жердің киесі жатсынбайды,  

Абыройға ие болыңдар жан-жағыңнан.          

 

Еңбектері еленді емшінің ел ішінде, 

Сын көзбенен қарауда көп ісіңе. 

Иманың мен адалдығың алда болсын,    

Көпшілік мән береді сенің жүрісіңе.        

 

Көтердіңдер сынақтың ауыр жүгін, 

Бұлда сенің білсеңіз адамдығың.  

Жиырма жылдай күзетіп қауымыңды, 

Мақтан, аңсаған жемісіне жеңісіңнің.

         

Шашу шаш мерей тойға жеткеніңе,  

Бабалар сағынып осыны кетпеді ме?     

Бір Алла қорған болсын ұйымыңа, 

Кездестірген тағдырдың өткелінде.   

 

Алматы да құрылған қауымдастық, 

Мерейтойы көбейсін біз тілейік.     

Адал жүрек, ақ жарқын емшілерім,  

Қуанышпен амандықта кездесейік.      

 

Еске алғаның жақсы ғой өткеніңді,  

Танып білдің өзіңнің өткеліңді. 

Зиядан ақын жырларын тарту етті,  

Баяндап өткенің мен жеткеніңді.       

 

Алыс, жақын аймақтан келгендерім, 

Көтерілсін сендердің көңілдерің.    

Жыр маржаны төгілді сендер үшін, 

Жеңіл болсын алдағы өмірлерін.                                                                                   

      

Жаратқан қорғасын жамандықта,

Кездесейік сіздермен амандықта.  

Жалғассын сапарларда сәттіліктер,

Жориық тілектерді жақсылыққа.  

 

 

 

В начало