Түнгі ғажайып | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 | ||
ТАМАДАЛЫҚ ТА ӨНЕР “Рухани және музыкалық шипагерлік” атты VII- Халықаралық конгресі (Астана, 24.07.2010 ж. сағат 19:30) «Меруерт» мейрамханасы БАНКЕТ Ақ ниетті, ақ жүзді ағайындар, Ежелден ел жұртына бағалылар. Шипагерлер конгресі дастарханына, Құшақ жайып қош келдіңіздер. Самалы Сарыарқаның сағымданды, Талайдың осы жерде бағы жанды. Елімнің ұрпағының басын қосып, Қазақтың ұлылары туын тікті! Топырағы қасиетті менің далам, Аты өзгерген Астана асыл қалам. Бұл-дағы белгісі ғой елдігімнің, Қауымға астаналық берем сәлем! Бүгінде баянды ұлтқа айналдық, Қасиетті, киелі жерге айналдық. Әлемдегі діндерді біріктірген, Құдайдың сүйікті құлы атандық. ЕуроОдағы қауіпсіздігі мен ынтымағын, Төріндегі басқаратын елі болдық. Нұрекеңнің еңбегін әлем танып, Нұрланған күн сәулелі елге айналдық. Әлемнің сұлулығын кескіндеген, Астана мақтанады көркіменен. Он жылдық тарихын атап өткен, Бас қалам Астанама қош келдіңдер! – деп осы жырлардың авторы Зядан қажы Қожалымов мырзаның терең тебіренісі міне, бүгін шындыққа айналды. Сырлары ашылмаған тылсым дүниенің құпиясы да ашылып, аттары жаңадан ел тарихына енген бабалармен қатар халықтық шипагерліктің әр саласы талданып ғылыми айналымға енді. Осының куәсі: Қауымын Зиядан қажы бастап келді, Үмітін еліміздің ақтап берді. Тылсымын бабалардың сырын ашып, Халқымның құдіретін әлем білді. Әрленіп гүлге оранды біздің дала, Астанам әлем білген әсем қала. Он тоғыз жыл өмірлі қауымдастық, Көрінген ғаламтордан жеке дара. Елемеді елімнің өнерлі үміттерін, Ұқпады өсиеттің біліп тегін. Киесіз, қасиетсіз ұлт десе де, Мықтының бұзып өттік бөгеттерін. Тәуелсіз дәстүрлі ел, сырын жиды, Өскен соң адами рух болып құнды. Өнері, ата-баба емшілікке, Заманның өркендетер күні туды. Шашуын жақсылықтың ақтарамыз. Басшыңыз Зядан қажыны жақтағансыз. Емшілер ұжымынан бірінші боп, Елбасы «Алғыс хатын» біз алғанбыз. Конгресс Алматы да бастау алды, Киелі рух шаңырағы аспандады. Қуанышпен бас қосып жетінші рет, Шаттықпен Астанада жалғасқаны. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласы халықтық шипагерліктің де өзіндік ғылымда алатын орны белгіленді. Осы жетістікке жету жолдарының қиындығына, қарсылық күштердің көптігіне қарамастан атадан балаға дарыған тектік киелі қасиеттің өркендеп, гүлденуіне осы конгресті ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті, Халық медицинасы және ғарыштыққуат Академиясының президенті, Алматы облысы, Райымбек ауданының “Құрметті азаматы”, халық емшілерінің «Құрметті басшысына» айналған: Сөйлеушілеудін тізімі: 1. Зядан қажы Қожалымов мырза мен Қожалымова Түймекүл ханымға сөз береміз. 2. Ғалымдар: Қайта оралды мұрасы халқымыздың, Өркендеуі басталды салтымыздың. Ғалым менен жазушы да қатысуда, Зерттеуге зейін салды құпиясын тылсымның, – деп сөз кезегін халық шипагерлігін ғылыми тілде зерттеп жүрген ғалымдарға сөз береміз: Астана қалалық әкімшілігінен, Нұр Отаннан, Бекен Тұрсын (Көкшетау), Кожирова Светлана, Өмірзақов Тұрсынбек, Жандар Керімбектің Ермаханы, Құрбанқожа Сансызбай (ҚТУ, Түркістан қ.), Ораз Қауғабай, Азат Мұсаұлы (Алматы), Сулейменова Дамет, Райхан Мәженқызы (Нұр Отан), Манаева Гүлнар (бәрі Астана). 3. Ардагерлер: Алдын бастап көшінің емшілердің, Құрметке бөленген апа-ата әкелерім. Алланың ақ жолында еңбек етіп, Ұрпағына қалдырар шежіре үлестерін. Молдабаев Кеңесбек, Молдабаева Башан, Қапышева Зұлғиза, Семетаева Бати, Ибраева Күмісжан, Сейтбаттал қажы, Вахитов Болат, Елеместегі Убайдулла қажы, Баймолла Зурихан, Майданов Әбдіхалық, Орынбекұлы Тұрсынбек, Шыңғысов Таубалды, Абуов Пайзбек. 4. Меймандар: Алыстан да жақыннан келді мейман, Жиналуымыз шапағаты бір Алладан. Ресей, Қытай, Орта Азия ғалымдары, Қазақтың қуанышын тең бөліскен. Затеев Александр (Ресей), Чу Джун Хуа (Қытай), Тұтқабаев Ералжан, Таджибаева Гулчехра (Өзбекстан), Аттакуров Мамыржан (Қырғызстан) және Қауымдастықтың Төралқа мүшелері мен аймақ басшылары: Тірек болып, сүйеу болып басшыға, Ақылымен көрінетін қауымға. Өркендеткен қауымдастық қызметін, Сөз береміз орынбасарлар басшыға. Бодров Александр Владимирович, Құрбанқожа Сансызбай, Кумаров Қабылкәрім, Сәрсенбай Жанболат, Туребеков Бахтыбай, Конгуева Сауле, Рысқұлова Аида. 5. Қауымдастықтың қажылары: Алладан жақсылық тілегендер, Шетінен дін ілімін меңгергендер. Жүректің мейірманды нұрын шашқан, Адал істі, ақ жарқын қажылар бар. Дәмеш қажы, Күляй қажы, Рымтай қажы, Құмарбек қажы, Қализа қажы, Төлеубиби қажы, Бибігүл қажы, Майра қажы, Рая қажы, Ажар қажы, Гүлмира қажы, Нажия қажы, Айқын қажы, Шарипа қажы, Мухитдин қажы, Үсен қажы, Жаңылсын қажы. 6. Филиал директорлары: Сөзімен де, ісімен де дәлелдеп, Міндеттерін атқаруда шеберлеп. Басқарудың стильін де біледі, Филиалдың басшылары тұр күлімдеп. Сәрсенбай Жанболат, Ермұханова Гүлпара, Нисамбаева Багиткуль, Анарбаев Талғат, Байғабылова Күлбаран, Тәжібаева Ғазиза, Байділдаева Ұлболсын, Қасымова Шарипа, Қалдыбаев Серік, Ахметова Бахыт, Блинова Алтина, Шакиржан Дауір, Қорғанбаева Майра, Бесембаев Құмарбек, Құмаров Қабылкарым, Серікбаева Айжамал, Құттыбаева Қализа, Байгулаков Асқар, Султанова Зульфия. Халық емшілері: 7. Емшіге бата жауған заман келді, Бір Алла төбемізден пана болды. Тылсым сырын меңгергендер, Шипагерлерге береміз кезекті енді. Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысы емшілеріне сөз беріледі. 8. Жан дауасын емшінің меңгергені. Жаны саудың – тәні сау көбейгені, Иманжүзді ақ ниет шипагердің, Жарқырасын жалынды еңбектері. Алматы облысы, Ақтау, Астана емшілеріне сөз беріледі. 9. Иманжүзді ақ ниет емшілерім, Өмірден өз орынынды еңшіледің. Шипаңның қүдіретімен сырқат жанға, Ем жасап сауыққанша көңшімедін. Атырау, Ақтөбе, БҚО облысы емшілеріне сөз беріледі. 10. Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстікті, Жалғастырған сезіммен көрегендерім. Алтай-Атырау арасын жалғастырып, Болжампаздық сырларын меңгергендерім. Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, облысы емшілеріне сөз беріледі. 11. Қатарынан үш рет той өткізген, Жылуымен жүрегіңді дір еткізген. Оңтүстік пен Жамбылдық емшілер де, Өзбек биін билеуді шебер білген. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысының емшілер қауымына сөз беріледі. 12. Тамада сөз соңында осы өлең мәтінін оқып, қауымды биге шақырып, банкетті аяқтайды. Әрленіп гүлге оранды біздің дала, Астанам элем білген әсем қала. Он тоғыз жыл өмірлі қауымдастық, Көрінген ғаламтордан жеке дара. Шашуын жақсылықтың ақтарғанда. Басшыңыз Зядан қажыны жақтағанда. Емшілер ұжымынан бірінші боп, Елбасы «Алғыс хатын» сіз алғанда. Конгресс Алматы да бастау алды, Киелі рух шаңырағы аспандады. Қуанышпен бас қосып жетінші рет, Шаттықпен Астанада басталғаны. Қазақта Өтейбойдақ дертті қуған, Ибн Сина іліміндей сертті болған. Ванга мен Нострадамустай даламыздың, Майқы би, пір Бекеттей ұлы болған. Көріпкел мен болжампаздық қасиетін, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім дәлелдеген. Қорқыт пен Қойлыбайдай бақсыларды, Әлемде мұсылманның көбі білген. Алланың орындалып аманаты, Талқандалды талайдың қамалдары. Қауымға қарсыласта аз болган жоқ, Шықпады ұжымның да жаман аты. Өтсе де қанша ғасыр қырғын-сүргін, Халқымның тарихына мойын бұрғын. Ежелден қазақ жері киелі аймақ, Дәстүрін ата-баба сақтап келген. Fарышқа, ғылым жетіп теңелгенде, Тәңірдің ауыр жүгін көтергенде, Он сегіз кітап жазған Зиядан басшың, Жасаған жоқтан барды көрегенге. Қауымда, көп еңбекпен тер төккелі, Ағымға қарсы жүзді, селт етпеді. Ақ жүрек адал ниет емшілердің, Тарихта жарқырасын еңбектері. Емшіге бата жауған заман болсын, Бір Алла төбемізден пана болсын. Тағы да амандықпен бас қосайық, Барлығы тілектестің аман болсын.
| ||